Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2012 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 3/25-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 08 мамырда N 5-13-128 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 мамырдағы N 117 хаты)

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Катонқарағай аудандық мәслихатының 30.05.2014 N 117 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 7-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2012 жылы ауданның ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      2. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Сессия төрағасы                            М. Бұлғынов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Д. Бралинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады