«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Белқарағай ауылдық округi тұрғындарының пiкiрiн ескере келе ШЕШЕМІН:
1. Белқарағай ауылындағы төменде көрсетілген көше атаулары:
1) Октябрь көшесі – «Саниязбек Жунусов атындағы» көшесіне;
2) Лесная көшесі – «Жасыл алаң» көшесіне;
3) Советская көшесі- «Құрмаш Иманбаев атындағы» көшесіне;
4) Новостройка көшесі – «Бейбітшілік» көшесіне өзгертілсін.
2. Согорное ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – «Достық» атауы;
№ 2 көшеге – «Бірлік» атауы.
3. Топқайың ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – «Қазақстан» атауы;
№ 2 көшеге – «Жастар» атауы;
№ 3 көшеге – «Самархан атындағы»;
№ 4 көшеге - «Асылбек Исабаев атындағы» атауы;
№ 5 көшеге – «Есімхан» атауы;
№ 6 көшеге – «Шанақ Ауғанбаев атындағы» атауы.
4. Өрнек ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулары берілсін:
№ 1 көшеге – «Болашақ» атауы;
№ 2 көшеге – «Ынтымақ» атауы.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Р. Жанузаковаға жүктелсiн.
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Ауылдық округ әкiмi Д. Қалибеков