РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Катонқарағай ауылдық округi тұрғындарының пiкiрiн ескере келе, ШЕШЕМІН:
1. Катонқарағай ауылындағы көшелердің атаулары:
1) Пионерская көшесі - «Қажыбек Байғонақов атындағы» көшесіне;
2) Ленин көшесі – «Абай атындағы» көшесіне;
3) Абай көшесі - «Бауржан Момышұлы атындағы» көшесіне;
4) Пахомов көшесі - «Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы» көшесіне;
5) Садовая қиылысы - «Қайрат Құдабаев атындағы» қиылысына өзгертілсін.
2. Шыңғыстай ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін:
№ 1 көшеге - «Алтай» атауы;
№ 2 көшеге - «Қызылқайың» атауы;
№ 3 көшеге – «Бұқтырма» атауы;
№ 4 көшеге – «Көктерек» атауы;
№ 5 көшеге – «Құмарқан Баекин атындағы» атауы.
3. Қабырға ауылындағы атауы жоқ № 1 көшеге – «Бірлік» атауы берілсін.
4. Мойылды ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – «Отан» атауы;
№ 2 көшеге – «Ынтымақ» атауы.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман А. Кошеноваға жүктелсiн.
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Ауылдық округ әкiмi А. Балтабаев