Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2012.12.19 N 410 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына сәйкес Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкпекті ауданының Көкпекті селолық округінің Шәріптоғай ауылында мүйізді ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағына ветеринариялық режим белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясына (Мұқашев С.Н.), Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Көкпекті ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Г.Қ. Абдрасулова), аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне (Теміржанов М.Қ.) шектеу қойылған шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Көкпекті ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Г.Қ. Абдрасулова) (келісімі бойынша) жеке және заңды тұлғалармен міндетті санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың орындалуын ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді ұсынылсын.
4. Көкпекті селолық округінің әкімі (Бектасов Р.А.) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамалық актілерімен белгіленген ережелерді сақтай отырып, тәртіп орнатылған аумаққа ауыл шаруашылық малдарын аумаққа кіргізу және аумақтан шығаруды, мал өнімдерінің шикізатынан дайындалған өнімдерді дайындау мен сатуды, еңбекті ұйымдастыру мен басқа да әкімшілік–шаруашылық шараларды жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылсын.
5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Рамиль Нығметжанұлы Сағандықовқа жүктелсін.
Көкпекті ауданының әкімі Д. Мусин
КЕЛІСІЛДІ:
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау
және қадағалау комитетінің Көкпекті
аудандық аумақтық инспекциясының
бастығы С. Мұқашев
2012 жылғы 07 қыркүйек
ҚР ДСМ МСЭҚК ШҚО
бойынша Департаментінің
Көкпекті ауданы бойынша
МСЭҚ басқармасының бастығы Г. Абдрасулова
2012 жылғы 07 қыркүйек