РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере келе ШЕШЕМІН:
1. Теректі ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
«Коммунистическая», «Лесная» көшелері – «Бөгенбай батыр» атындағы көшеге;
«Первомайская» көшесі - «Бірлік» көшесіне;
«Новостройка», «Тельман» көшелері - «Шәмші Қалдаяқов» атындағы көшеге;
«Школьная» көшесі – «Мұқағали Мақатаев» атындағы көшеге;
«Береговая» көшесі – «Қасым Аманжолов» атындағы көшеге;
«Советская» көшесі – «Ақсуат» көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Б. Тоқтаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Селолық округ әкімі Г. Акшабаева