2012 жылы жасы он жетiге толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесiне тiркеудi ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің 2012 жылғы 17 қантардағы N 01 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 03 ақпанда N 5-16-121 тіркелді. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі N 05 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімінің 2012.04.27 N 05 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, ШЕШЕМІН:
      1. «Тарбағатай ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнiң шақыру учаскесiнде тiркеуге алынатын жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында тiркеуге алу жүргiзiлсiн және ұйымдастырсын.
      2. Ауылдық округтердiң әкiмдерiне әскерге шақыру жасына дейінгілерді тiркеуге ұйымдастырылуын және уақытында келуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi денсаулық сақтау басқармасының «Тарбағатай ауданының № 1 медициналық бiрлестiгi» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (Д. Итбаев):
      1) медициналық комиссия құрамын маман-дәрiгерлермен, орта дәрiгерлiк мамандармен, қажеттi жабдықтармен, құрал-саймандармен және дәрi-дәрмектермен жасақтау;
      2) әскерге шақыру жасына дейінгілерді клиникалық тексеру және емдеу үшiн ауданның медициналық мекемелерiнде қажеттi төсек-орын санының бөлiнуiн қамтамасыз ету;
      3) тiркеуге алу аяқталғаннан кейiн әскерге шақыру жасына дейінгілерді емдеу үшiн маман-дәрiгерлердi тағайындау;
      4) әскерге шақыру жасына дейінгілерді емдеу және медициналық куәландыруды өткiзетiн емдеу мекемесiнiң базасын анықтау ұсынылсын.
      4. «Тарбағатай ауданының iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне (Ш. Айтқазин) тіркеу жұмысы кезеңiнде шақыру учаскесiнде қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз ету, тiркеуден бас тартқан азаматтарды iздестiру және шақыру учаскесiне жеткiзуге көмек көрсету ұсынылсын.
      5. «Тарбағатай ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттік мекемесі (А. Қарабиев – келiсiм бойынша) және «Тарбағатай ауданының бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесі (Е. Абсалямов) тiркеуге алу кезеңiнде әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшiн кандидаттарды iрiктеуді жүргiзсін.
      6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Әзімхановқа жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
      Аудан әкiмi                                Е. Текешов
 
      КЕЛІСІЛДІ:
 
      «Тарбағатай ауданының қорғаныс
      iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А. Қарабиев

      16 қаңтар 2012 жыл
 
      «Тарбағатай ауданының iшкi iстер
      бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің
      бастығы                                    Ш. Айтқазин

      16 қаңтар 2012 жыл
 
      Шығыс Қазақстан облысының
      әкiмдiгi денсаулық сақтау
      басқармасының «Тарбағатай
      ауданының № 1 медициналық
      бiрлестiгi» коммуналдық
      мемлекеттік қазыналық
      кәсіпорнының директоры                     Д. Итбаев

      16 қаңтар 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады