Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 28.03.2013 N 134 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14), 14-1) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-2), 5-5) тармақшаларына сәйкес, мүгедектер және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында Тарбағатай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мүгедектер үшiн жұмыс орынының жалпы санының үш проценті мөлшерiнде, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн бір процент мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2012.12.27 № 389 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Әзімхановқа жүктелсiн.
3. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкiмi Е. Текешов