Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 28.03.2013 N 134 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14), 14-1), 14-3)тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес Тарбағатай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2012 жылғы 2 ақпандағы «Мүгедектер және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы» әкімдіктің № 36 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5-16-124 тіркелген, аудандық «Тарбағатай» газетінде 2012 жылғы 23 ақпандағы № 21-22 санында жарияланған) келесі өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Мүгедектер үшiн жұмыс орынының жалпы санының үш проценті мөлшерiнде, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн бір процент мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Жақаевқа жүктелсiн.
3. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкiмi Е. Текешов