Әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 маусымдағы N 42 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 шілдеде N 2592 тіркелді. Күші жойылды - Ұлан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы N 172 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлан аудандық мәслихатының 28.03.2014 N 172 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған. 

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 56789-баптарына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Ұлан аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген мынадай санаттары айқындалсын:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары және соларға теңестiрiлген адамдар;
      2) 1 және 2 топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
      3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;
      4) туберкулездің белсенді түрімен және онкологиялық ауыратын адамдар;
      5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
      6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма үш жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      7) Шығыс Қазақстан облысының жоғары оқу орындарында әкімнің гранты бойынша оқып жүрген аз қамтылған отбасыларынан шыққан жалпы білім беретін мектептерінің түлектері;
      8) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және I-II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;
      9) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар көп балалы отбасылар;
      10) Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқан тұлғалар;
      11) оралмандар;
      12) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
      13) толық емес отбасылар.
      2. Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі айқындалсын:
      1) әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      4) азаматтарды тіркеу кітабы;
      5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер тұрмыс жағдайын тексеру актiсi және отбасының әлеуметтiк картасы (тұрғылықты жерi бойынша учаскелiк комиссия мүшелерiмен жасалған);
      6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;
      7) тиісті уәкілетті орган беретін төтенше жағдайдың болғанын растайтын акті немесе өзге құжат;
      8) емделуге нақты қаржылық шығынды немесе алдағы қаржылық шығынды растайтын құжаттар (шот-калькуляция, шот-фактура, түбіртек), немесе өмірлік көрсеткіштері бойынша емделуге денсаулық сақтау органдарының жолдамасы.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                            С. Бельчуевский

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Н. Сейсембина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады