Қаратал ауылдық округінің Қаратал, Бекет ауылдарына және Мақаншы ауылдық округінің Мақаншы ауылына, Биебау учаскесіне карантин режимін енгізе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 05 шілдедегі N 285 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 шілдеде N 2582 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 тамыздағы N 322 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2012.08.21 N 322 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекция бастығының 2012 жылдың 04 шілдедегі № 666 ұсынысының негізінде Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қаратал ауылдық округінің Қаратал, Бекет ауылдарында және Мақаншы ауылдық округінің Мақаншы ауылында, Биебау учаскесінде ірі қара малдар арасынан аусыл ауруы пайда болуына байланысты, карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағына ветеринарлық режим белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Садвакасовқа осы карантин іс шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Үржар ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы М. Ішкібаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
      4. Қаратал ауылдық округінің әкімі Б. Қасеновке және Мақаншы ауылдық округінің әкімі С. Қалиевке шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикізаттарын, өнімдерін дайындау және өткізу, еңбекті ұйымдастыру Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген ережелерін сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Байсабыровқа жүктелсін.
      6. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Үржар ауданының әкімі                      Б. Жанақов

      Келісілді:

      ҚР ауыл шаруашылық министрлігі
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Үржар аудандық аумақтық
      инспекциясы бастығы                        С. Садвакасов

      05 шілде 2012 жыл

      Үржар ауданының ішкі істер
      бөлімінің бастығы                          М. Ішкібаев

      05 шілде 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады