Үржар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 09 шілдедегі N 4-38/V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 30 шілдеде N 2617 тіркелді. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі N 24-253/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 15.04.2014 N 24-253/V (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандартын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Үржар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге, тұлғалардың санаттары № 1 қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Үржар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге, қажетті құжаттардың тізімі № 2 қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
 
 

      Сессия төрағасы,


      Үржар аудандық мәслихатының
      хатшысы

М. Бітімбаев


Үржар аудандық мәслихатының 
2012 жылғы 9 шілдедегі
№ 4-38/V шешіміне № 1 қосымша

Үржар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге тұлғалардың санаттары

      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен ардагерлері;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген басқа да санаттағы адамдар;
      4) жасына байланысты зейнеткерлер, сондай-ақ, ең төменгі зейнетақы мөлшерін алатын зейнеткерлер мен жалғыз басты зейнеткерлер;
      5) мүгедектер, оның ішінде, 18 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырған тұлғалар;
      6) бірге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендерді қосқанда), кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар отбасылар;
      7) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен, I, II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған және бұрын «Батыр ана» атағы берілген көп балалы аналар;
      8) балалар, оның ішінде жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері, облыс әкімінің гранты бойынша оқитын аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер;
      9) жан басына шаққандағы орташа табысы ең аз күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар (азаматтар);
      10) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтар;
      11) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар (өрт, топан су, бұршақ, жер сілкінісі, сел, қар көшкіні).
 


Үржар аудандық мәслихатының 
2012 жылғы 9 шілдедегі
№ 4-38/V шешіміне № 2 қосымша

Үржар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге қажетті құжаттарының тізімі

     Ескерту. 2 қосымшаға өзгеріс енгізілді – Үржар аудандық мәслихатының 07.06.2013 N 14-137/V (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі) шешімімен.
      1) әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) тұрғылықты жерін растайтын құжат;
     4) алынып тасталды - Үржар аудандық мәслихатының 07.06.2013 N 14-137/V шешімімен;
      5) өткен тоқсанның отбасы кірісі туралы анықтамалар;
      6) әлеуметтік көмекті алуға өтініш берушінің статусын бекітетін құжат;
      7) екінші деңгейдегі банктен есеп шотын дәлелдейтін құжат;
      8) өрт қауіпсіздігі қызметінен өрт туралы анықтама;
      9) тиісті уәкілетті органмен берілетін, қиын (төтенше) өмірлік жағдайдың басталуын растайтын акт;
      10) емделуге кеткен нақты қаржылық шығындарды анықтайтын құжаттар;
      11) ауылдық округтің учаскелік комиссиясымен берілген тұрмыс жағдайын тексеру актісі;
      12) туберкулез ауруларына туберкулезге қарсы диспансердің тізімі бойынша.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады