Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің 10.12.2013 N 1 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Үржар ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің 2012.11.20 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылдың 18 маусымдағы № 589 ұсынысы негізінде Елтай ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Елтай ауылдық округінде ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Үржар ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің 2012.11.20 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы М.Ақбаевқа осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Елтай ауылдық округінің бас маманы А. Нупбаев сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Елтай ауылдық округінің әкімі Т. Тойчубеков
Келісілді:
Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылық Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Үржар
аудандық аумақтық инспекциясының
мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық
инспекторы М. Ақбаев
21 тамыз 2012 ж.