Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 тамыздағы N 698 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 қыркүйекте N 2650 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 03 желтоқсандағы N 403 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 03.12.2014 N 403 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына, 15, 16 баптарына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 21.11.2013 N 444 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
      2. Әлеуметтік көмек әрбір мүгедек балаға ай сайын 4,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ұсынылсын.
      3. Мынадай шарттар белгіленсін:
      1) мүгедек балаларға (мемлекеттің толық қамтуындағы мүгедек балалардан басқасына) әлеуметтік көмек отбасының табысына қатыссыз, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің біреуіне төленеді;
      2) әлеуметтік көмек өтініш берген айдан "Облыстың білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында бекітілген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
      3) әлеуметтік көмек төлемі қаржыландырудың түсуіне қарай өткен айға төленеді. Әлеуметтік көмек төлемін тоқтатуға әкеп соғатын (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың өлімі, мүгедектігін алып тастау) жағдайлар болса, тиісті жағдай болған айдан кейін төлем тоқтатылады.
      4. "Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Бабаева Г.Н.) әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.
      5. "Шемонаиха ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Суслякова О.П.) жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселесін шешсін.
      6. "Шемонаиха ауданының үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға берілетін материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 1453 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары В.И. Лонскийге жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі А. Тоқтаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады