Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 27.09.2012 № 2412 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңының 5 бабының 3 тармағының 3 тармақшасына және "Орал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 9-8 ұсынбасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін.
2. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары А. Құттұмұрат-ұлына жүктелсін.
Қала әкімі Б. Шәкімов
Қала әкімдігінің
2012 жылғы 29 наурыздағы
№ 663 қаулысына қосымша
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті
сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы
өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының
басталуы мен аяқталуының оңтайлы
мерзімдері
№ |
Өсімдік шаруашылықтарының атауы |
Бірінші табиғи-климаттық аймақта (құрғақшылық-далалық) егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімі |
|
басталуы |
аяқталуы |
||
1 |
Жаздық бидай |
15.05.12 |
25.05.12 |
2 |
Күздік бидай |
20.08.12 |
10.09.12 |
3 |
Күздік қара бидай |
05.08.12 |
20.08.12 |
4 |
Арпа, сұлы |
05.05.12 |
10.05.12 |
5 |
Тары |
15.05.12 |
25.05.12 |
6 |
Ноқат |
10.05.12 |
15.05.12 |
7 |
Күнбағыс |
10.05.12 |
15.05.12 |
8 |
Көп жылдық шөптер |
05.05.12 |
08.05.12 |
9 |
Судан шөбі |
15.05.12 |
20.05.12 |
10 |
Картоп |
10.05.12 |
05.06.12 |
11 |
Көкөніс |
15.05.12 |
15.06.12 |