Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 13-15 "Орал қаласында біржолғы талондардың құнын және жекелеген салық төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 4-9 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 мамырда № 7-1-233 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 10-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 23.01.2013 № 10-3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 422 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 67 баптарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласында біржолғы талондардың құнын және жекелеген салық төлем ставкаларын белгілеу туралы" 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 13-15 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-126 тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда "Жайық үні" газетінде және 2009 жылғы 29 қаңтарда, 2009 жылғы 5 ақпанда, 2009 жылғы 12 ақпанда "Пульс города" газетінде № 5, № 6, № 7 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 3 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Орал қалалық мәслихатының экономика, бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының
      кезекті 4-ші сессиясының
      төрағасы                         Е. Бақтияр
      Орал қалалық мәслихатының
      хатшысы                          А. Шыныбеков

Орал қалалық мәслихатының
2012 жылғы 12 сәуірдегі
№ 4-9 шешіміне қосымша

Айына салық салу бірлігіне
тіркелген бірыңғай жиынтық салық
ставкалары

Салық салу объектісінің атауы

Салық салу объектісінің бірлігі

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есеп көрсеткіш)

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

бір ойын автоматы

5

2

Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы


бір ойын автоматы

5

3

Ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютер

бір компьютер

4

4

Ойын жолы

бір ойын жолы

20

5

Карт

карт

8

6

Бильярд үстелі

бір бильярд үстелі

12

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады