Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 17.07.2013 № 251 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі жекелеген санаттағы азаматтар үшін барлық аудандық жұмыс берушілергі жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
мүгедектер үшін – жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін – бір процент мөлшерінде;
интернаттық ұйымдардың бітіруші кәмелетке толмағандар үшін – бір процент мөлшерінде.
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. М. Хайруллинге жүктелсін.
Аудан әкімі А. Имангалиев