Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 03.01.2013 № 15 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Ауылдық (селолық) округ әкімдеріне азаматтарды әскери қызметке шақырған кезде азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бөрлі аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу кезінде дәрi-дәрмекпен, керек-жарақтармен медициналық және шаруашылық мүлкiмен қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Бөрлі ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлiмдерге жөнелтiлуi кезiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Сидыққа жүктелсін.
Аудан әкімі М. Тусупкалиев
КЕЛІСІЛДІ:
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі, денсаулық сақтау
басқармасының "Бөрлі аудандық
орталық ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының директоры
_____________Алдангаров Алтай Аскарович
Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы, майор
_____________Кенжегалиев Нурбулат Утепович
Батыс Қазақстан облысы
Ішкі істер департаментінің
Бөрлі ауданының ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы, полиция полковнигі
_____________Наурзалиев Нургали Мергенович