Бөрлі аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 33-4 "Бөрлі ауданы бойынша 2012 жылға арналған салық ставкаларын және біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 3-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 мамырда № 7-3-130 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 8-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2012.12.14 № 8-5 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексіне, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі ауданы бойынша 2012 жылға арналған салық ставкаларын және біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 33-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-3-123 тіркелген, 2012 жылғы 1 ақпандағы "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде № 11 жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің 3 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  М. Пак
      Аудандық мәслихат хатшысы        А. Куликешев

Аудандық мәслихатының
2012 жылғы 18 сәуірдегі
№ 3-5 шешіміне қосымша

Аудандық мәслихатының
2011 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 33-4 шешіміне 3 қосымша

Базар аумағындағы дүңгіршектердегі,
стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған
блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда
тауарлар өткізу, жұмыстар орындау,
қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер
мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың
құны

Базарлардың атауы

Қызмет түрлері

Бір күнге біржолғы талондардың құны (теңге-
мен)

Орталық киім базары "Бестау"

1. Көлемі 2 шаршы метр бір сауда орнынан сату:



1) киім, аяқкиім, мата және басқа да материалдар

240

2) ойыншықтар, ыдыстар, перделер, парфюмерия, тюльдер

240

3) жүн және тері өнімдері, тұрмыстық машиналары және приборлар

240

Ақсай ауыл- шаруашылық көтерме және бөлшек сауда базары

1. Көлемі 2 шаршы метр бір сауда орнынан сату:



1) киім, аяқкиім, мата және басқа да материалдар

240

2) ойыншықтар, ыдыстар, перделер, парфюмерия, тюльдер

240

3) шаруашылық тауарлары

240

4) кілемдер және кілем өнімдері

240

5) шаруашылық, құрылыс тауарлары, тұрмыстық химия өнімдері, кеңсе тауарлары

240

6) жүн және тері өнімдері, бағалы металдардан жасалған зергерлік бұйымдар

240

2. Көлемі 2 шаршы метр бір сауда орнынан сату:



1) азық түлік өнімдері

360

2) балық өнімдері, шұжық өнімдері, ет өнімдері

570

3. Көлемі 2 шаршы метр болатын бір сауда орнынан сату:



1) ет сату

570

4. Азық түлік және басқа тауар өнімдерін контейнерден сату

370

5. Палаткалардағы сауда

370

6. Дайындалмаған сауда орындар орындағы сауда

150

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады