Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2012.03.30 № 55 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдарда, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р. Карин
КЕЛІСІЛДІ:
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Бөкей ордасы
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Ә. У. Ғаббас
17.01.2012 ж.
Батыс Қазақстан облысының
білім басқармасы "№ 18
кәсіптік лицей" мемлекеттік
мекемесінің директоры
_____________А. Ш. Курумбаев
18.01.2012 ж.
2012 жылғы 17 қаңтардағы № 23
аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші
кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының
жалпы санының екі пайызы мөлшерінде жұмыс
орындарына квота белгіленген ұйымдар
1. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бөкей ордасы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2. Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 18 кәсіптік лицейі" мемлекеттік мекеме.