2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 66 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 17 мамырда № 7-4-132 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 21.01.2013 № 2 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңын, 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысының негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бөкей ордасы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу кезінде дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, медициналық және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Бөкей Ордасы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Р. Карин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Бөкей ордасы
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Ә. У. Ғаббас
      05.04.2012 ж.

      "Батыс Қазақстан облысы
      Бөкейорда ауданының Қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________Ю. В. Кауисов
      05.04.2012 ж.

      "Батыс Қазақстан облысының
      Ішкі істер департаменті
      Бөкей ордасы ауданының
      ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________І. С. Хайруллин
      05.04.2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады