Бөкей ордасы ауданы бойынша 2012 жылға нысаналы топтар үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 87 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 мамырда № 7-4-133 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 21.01.2013 № 2 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бөкей ордасы ауданы бойынша 2012 жылға нысаналы топтар үшiн әлеуметтiк жұмыс орындары уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылсын.
      2. "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi және "Бөкей ордасы ауданының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Кайырғалиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Р. Карин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады