Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 14.11.2013 № 14-11 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңақала аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 21-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-5-114 тіркелген, 2010 жылғы 1 мамырдағы "Жаңарған өңір" газетінде № 19 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2–тармақта:
2) тармақшадағы "Тыл еңбеккерлеріне" "3 000" деген сан "5 000" деген санмен ауыстырылсын;
"Бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына" "5 000" деген сан "10 000" деген санмен ауыстырылсын.
мына мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) соғысқа қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соларға теңестірілген адамдарға, санаторлық курорттық емделу алу үшін әлеуметтік көмек, бір жолғы – сауықтыру емделуге 10 күндік курсының ең төменгі төлемақы мөлшерінде".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Қайрлиев
Аудандық мәслихат хатшысы З. Сисенғали