Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 21-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 29 сәуірде № 7-5-114 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 қарашадағы № 14-11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 14.11.2013 № 14-11 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігінің ұсынысын қарай отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жаңақала ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайын берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері төмендегідей белгіленсін:
      1) Азық-түлік тағамдарының қымбаттауына байланысты 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленген кедейлік шегінен төмен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
      2) Жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына әскер қатарына соңғы шақырылған тұлғаларға 2,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) Бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасына 1 000 теңге көлемінде;
      5) Ауғанстандағы кеңес әскери құрамында қызмет көрсеткен жараланып, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрын КСР Одағының ордендерімен, медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге 2 000 теңге көлемінде;
      6) "Капустин-Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аймақтарда тұратын бала жасынан мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және І топ мүгедектеріне 2 еселенген айлық есептік көрсеткіш, ІІ топ мүгедектеріне 1,5 айлық есептік көрсеткіш, ІІІ топтағы мүгедектерге 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      2. Азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек, ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына және аз қамтылған тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның (әрі қарай комиссия) шешімі негізінде берілетін төмендегі түрлері:
      1) Шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін жағдайда:
      1.1 емделу үшін, онкологиялық және туберкулездік ауруларды емдеу және басқа қиын жағдайларда төлем комиссия белгілеген мөлшерде жылына бір рет;
      1.2 отбасының бір мүшесі қаза болған жағдайда жерлеу рәсіміне берілетін бір жолдық әлеуметтік көмек, жағдайы төмен отбасыларға және жұмыссыздар есебінде тұрған отбасылық анықтамаға қарап 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Жеңіс күніне орай бір жолғы берілетін төлем:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерге - 50 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге - 10 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысына мүгедектеріне теңестірілгендерге -10 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне - 10 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысына қатысқан, оралып қайтыс болған жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне - 5 000 теңге;
      Тыл еңбеккерлеріне - 5 000 теңге;
      1941-1945 жылдары тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген еңбек ардагерлеріне - 3 000 теңге;
      Бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына - 5 000 теңге.
      3) соғысқа қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соларға теңестірілген адамдарға, санаторлық курорттық емделу алу үшін әлеуметтік көмек, бір жолғы – сауықтыру емделуге 10 күндік курсының ең төменгі төлемақы мөлшерінде.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихаттың 2012.06.08 № 3-2 Шешімімен.
      3. Әлеуметтік көмектің көлемі әр нақты оқиғада жергілікті бюджеттен бөлінген санаттарына қаражат көлеміне сәйкес, Жаңақала аудандық мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссиямен анықталады.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Сессия төрайымы                  А. Шүкірғалиева
      Аудандық мәслихат хатшысы        Р. Саматов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады