2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 59 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 8 мамырда № 7-6-140 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 29 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 01.02.2013 № 29 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" және 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскери шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай - ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Ауылдық округ әкімдеріне азаматтарды әскери қызметке шақырған кезде азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жәнібек аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу кезінде дәрi-дәрмекпен, керек - жарақтармен, медициналық және шаруашылық мүлкiмен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Жәнібек ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлiмдерге жөнелтiлуi кезiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақырудың нәтижесі туралы қорытынды ақпаратты 2012 жылдың 31 шілдесінде және 2012 жылдың 31 желтоқсанында тапсыру ұсынылсын.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      7. Осы қаулының орындау барысы аудан әкімінің орынбасары Р. С. Қарашинге жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Б. Есенғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Батыс Қазақстан облысының
      Ішкі істер департаменті
      Жәнібек ауданының ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы,
      полиция полковнигі
      _____________Ерғалиев Төлеуғали Лұқпанұлы
      30.03.2012 ж.

      "Батыс Қазақстан облысы
      Жәнібек ауданның Қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы, майор
      _____________Мағзомов Арман Төлепұлы
      30.03.2012 ж.

      "Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының Жәнібек
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Мұсағалиев Тимур Қапезұлы
      30.03.2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады