2012 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 43 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 наурызда № 7-9-115 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 238 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 28.12.2012 № 238 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) 50 жастан асқан ерлер мен әйелдер;
      2) ұзақ уақыт жұмыс жасамаған азаматтар (бір жылдан астан).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Н. Қарағойшин 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады