Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 28.12.2012 № 238 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Ауылдық округ әкімдеріне азаматтарды әскери қызметке шақырған кезде азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Қаратөбе аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, керек-жарақтармен, медициналық және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Қаратөбе ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Умирзаковқа жүктелсін.
Аудан әкімі Н. Қарағойшин
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы, капитан
_____________Р. Мажитов
15.05.2012 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Қаратөбе
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________З. Мағзомов
15.05.2012 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
Ішкі істер департаменті
Қаратөбе ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы,
полиция майоры
_____________А. Сериков
15.05.2012 ж.