Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 28.12.2012 № 238 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, Қаратөбе ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаратөбе ауданы бойынша 2012 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылсын.
2. "Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Қаратөбе ауданының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін.
Аудан әкімі Н. Қарағойшин