Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Сырым ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квотасы белгіленсін.
2. "Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ж. Ж. Батырниязовқа жүктелсiн.
Аудан әкімі | Е. Нысанғалиев |