2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 67 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 мамырда № 7-11-161 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 08.01.2013 № 4 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" № 274 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" № 326 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тасқала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу кезінде дәрi-дәрмектермен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Тасқала ауданының Ішкі Істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге жөнелтуі кезінде қоғамдық тәртіпті сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Ауылдық округ әкімдері қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Қ. Мусин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Батыс Қазақстан облысы
      Тасқала ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________А. Габдуллин
      06.04.2012 ж.

      "Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының шаруашылық
      жүргізу құқығындағы "Тасқала
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      кәсіпорны директоры
      _____________Г. Кенжешева
      06.04.2012 ж.

      "Батыс Қазақстан облысының
      Ішкі істер департаменті
      Тасқала ауданының Ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________С. Изимов
      06.04.2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады