Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 07.03.2013 № 67 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесi қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгіленген квота бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарына жiберу жөнінде шараларды алсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Қ. Мусин