Теректі ауданында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 2-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 8 мамырда № 7-12-121 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 қазандағы № 16-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 22.10.2013 № 16-3 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Теректі ауданында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 50 000 (елу мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысында қаза болған тұлғалардың қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) – 10 000 (он мың) теңге;
      жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге – 10 000 (он мың) теңге;
      Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге – 10 000 (он мың) теңге;
      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 10 000 (он мың) теңге;
      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болып қалған адамдарға – 10 000 (он мың) теңге;
      ақталған жаппай саяси қуғын – сүргін құрбандарына – 10 000 (он мың) теңге;
      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына - 10 000 (он мың) теңге;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 10 000 (он мың) теңге;
      қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 5 000 (бес мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерімен наградталған адамдарға – 5 000 (бес мың) теңге;
      қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – 10 000 (он мың) теңге;
      қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне – 10 000 (он мың) теңге;
      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 10 000 (он мың) теңге;
      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына – 10 000 (он мың) теңге;
      1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда – 3 000 (үш мың) теңге;
      2) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға Балаларды қорғау күніне – 5 000 (бес мың) теңге;
      3) 100 жасқа толған және одан асқан азаматтарға туған күніне біржолғы көмек – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде жатқан және есепте тұрған онкологиялық, туберкулез ауруымен ауратын азаматтарға, емделу үшін біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) өртке, тасқын суға немесе басқа да табиғи және техногендік маңызы бар апаттардың зардабын шеккен азаматтарға өтініштері бойынша, біржолғы – тиісті аудандық комиссия белгіленген мөлшерде;
      6) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға, "Алтын алқамен" марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналарға санаторлық – курорттық емделу үшін біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) аз қамтылған, жалпы аурудан І, ІІ топ мүгедектеріне жан басына шаққанда орташа табысы облыс бойынша бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары емес отбасыларына қымбат дәрі-дәрмек немесе ем жүргізу үшін аймақтық емхананың дәрігерлік комиссиясының қорытындысы берілген жағдайда біржолғы емделу үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) жан басына шаққанда табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасыларға, азаматтың қайтыс болған кезіндегі материалдық көмек тиісті қаржылық жылға белгіленген 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, егер жерлеуге арналған бірреттік ақыны азаматтың қайтыс болған кезінен бастап 6 ай аспаған болса төленеді;
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшалау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болып қалған адамдарға, Ауғанстандағы соғысында әскери қызметін өткеру кезінде мүгедек болып қалған адамдарға, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған фашистік концлагерде болған бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарға, Ұлы Отан соғысында қаза болған тұлғалардың қайталап некеге отырмаған зайыптарына біржолғы емделу үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      2. Теректі аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 28 маусымдағы № 39-3 "Теректі ауданында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (2011 жылғы 18 шілдедегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-12-110 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 22 шілдедегі, "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінде № 30 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  Ш. Т. Шотанов
      Аудандық мәслихат хатшысы        Ә. Ж. Нургалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады