Теректі ауданында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 маусымдағы N 39-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 18 шілдеде N 7-12-110 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі N 2-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихаттың 2012.04.12 N 2-3 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Теректі ауданында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) мемлекеттік мереке Жеңіс Күніне:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 50 000 (елу мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысында қаза болған тұлғалардың қайта некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) – 25 000 (жиырма бес мың) теңге;
      жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге – 10 000 (он мың) теңге;
      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға – 10 000 (он мың) теңге;
      ақталған саяси қуғын – сүргін құрбандарына – 10 000 (он мың) теңге;
      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза болған (қайтыс болған) әскери қызметшілер отбасыларына - 3 000 (үш мың) теңге;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 10 000 (он мың) теңге;
      қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа да себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) - 5 000 (бес мың) теңге;
      соғыс жылдарында тылда еңбек еткен, ордендермен және медальдармен наградталған азаматтарға – 3 000 (үш мың) теңге;
      2) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға Балаларды қорғау күніне – 5 000 (бес мың) теңге;
      3) 100 жасқа толған және одан асқан азаматтарға туған күніне біржолғы көмек – 10 айлық есептік көрсеткіш;
      4) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде жатқан және есепте тұрған онкологиялық, туберкулезбен ауратын азаматтарға, табысына қарамастан біржолғы - 15 айлық есептік көрсеткіш;
      5) өртке, тасқын суға немесе басқа да табиғи және техногендік маңызы бар апаттардың зардабын шеккен азаматтарға өтініштері бойынша, біржолғы - тиісті аудандық комиссия белгіленген мөлшерде;
      6) "Алтын алқа" белгісімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналарға санаториялық – курорттық емделу үшін біржолғы - 25 айлық есептік көрсеткіш;
      7) жан басына шаққанда орташа табысы облыс бойынша бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары емес отбасыларына біржолғы емделу үшін - 10 айлық есептік көрсеткіш;
      8) күнкөріс деңгейінен төмен орта жанды кірісі бар азамат қайтыс болған жағдайда, оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға, жерлеуге берілетін біржолғы төлемақы, өтініш азамат қайтыс болғаннан кейін алты айдан кешіктірілмей берілген болса, азамат қайтыс болған сәтте тиісті қаржы жылына белгіленген кездегі 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге берілетін біржолғы төлем төленеді.
      2. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Теректі аудандық мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 28-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-12-89 тіркелген, 2010 жылғы 21 мамырдағы "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінің N 21 нөмірінде жарияланған);
      2) Теректі аудандық мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 3 тамыздағы N 31-3 шешіміне толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-12-96 тіркелген, 2010 жылғы 21 тамыздағы "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінің N 35 нөмірінде жарияланған).
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  С. Мәдиев
      Аудандық мәслихат хатшысы        М. Төлегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады