Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 11.12.2014 № 11 шешімімен.
Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 15.05.2014 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2012 жылғы 5 қарашадағы № 165 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округінің аумағында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс–шаралары белгіленсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 15.05.2014 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақбұлақ селолық округі әкімі аппаратының бас маманы-мал дәрігері Б. Қодароваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі С. Уржанов