Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 1 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 21 қаңтарда № 8287 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 447 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.07.2015 № 447 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Ә. Әбеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                           М. Орынханов

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 4 қаңтардағы  
№ 1 бұйрығымен      
бекітілген        

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

      1. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабы 38) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Нұсқаулық Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – «НЗМ» ДББҰ ПШО) дайындаған үшінші (базалық), екінші (негізгі), бірінші (ілгері) деңгейлердегі (бұдан әрі – Курстар) оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламаларының курстарына іріктеудің және қабылдаудың тәртібін белгілейді.
      3. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру – бұрыннан алған кәсіби білімін, үйрете білуі мен дағдысын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту формасы;
      2) сертификатталған тренер – Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесе отырып, «НЗМ» ДББҰ ПШО дайындаған деңгейлі бағдарламалар бойынша оқытудан өткен және Кембридж университетінің Халықаралық емтихан кеңесінің сертификатын алған педагог қызметкер.
      4. Курстарды Қазақстан Республикасының мынадай білім беру ұйымдары өткізеді:
      1) үшінші (базалық), екінші (негізгі), бірінші (ілгері) деңгейлердегі бағдарламалары бойынша – «НЗМ» ДББҰ ПШО және оның филиалдары;
      2) үшінші (базалық), екінші (негізгі) деңгейлердегі бағдарламалары бойынша – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Өрлеу» БАҰО» АҚ), және оның «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Республикалық білім беру жүйесі басшылығы мен ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру институты» филиалы;
      3) үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары.
      5. Бірінші (ілгері) деңгейдегі курстардың ұзақтығы кемінде 464 сағатты құрайды:
      1) аудиториялық оқыту – кемінде 200 сағат;
      2) мектептегі тәжірибе – кемінде 144 сағат;
      3) аудиториялық оқыту – кемінде 120 сағат.
      Екінші (негізгі) деңгейдегі курстардың ұзақтығы кемінде 440 сағатты құрайды:
      1) аудиториялық оқыту – кемінде 160 сағат;
      2) мектептегі тәжірибе – кемінде 120 сағат;
      3) аудиториялық оқыту – кемінде 160 сағат.
      Үшінші (базалық) деңгейдегі курстардың ұзақтығы кемінде 416 сағатты құрайды:
      1) аудиториялық оқыту – кемінде 160 сағат;
      2) мектептегі тәжірибе – кемінде 96 сағат;
      3) аудиториялық оқыту – кемінде 160 сағат.
      6. Курстың бір академиялық сағаты 45 минутты құрайды.
      7. Курсты тиісті деңгей бойынша Кембридж университеті сарапшыларының қатысуымен «НЗМ» ДББҰ ПШО даярлаған сертификатталған тренерлер жүргізеді.
      8. Сертификатталған тренерлер құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның тізімдері мен «НЗМ» ДББҰ тізімі негізінде құрылады.
      9. Курсқа оқуға үміткер педагог кадрларға осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген талаптар белгіленеді.
      10. Курсқа оқуға үміткер педагог қызметкер білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініші;
      2) осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттыру курсына сауалнама;
      3) жекебас куәлігінің көшірмесі;
      4) жұмыс орнынан лауазымы мен педагогикалық жұмыс өтілі көрсетілген анықтама;
      5) оқу мен қоғамдық өмірдегі табыстарын айғақтайтын грамота, дипломдардың, сертификаттар мен басқа да құжаттардың (егер олар бар болса) көшірмелері.
      11. Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі:
      1) жыл сайын 20 қыркүйекке дейін осы Нұсқаулықтың 11-тармағында көрсетілгендей, Курста оқуға үміткер педагог қызметкерлердің өтініштерін қарайды;
      2) жыл сайын 1 қазанға дейін осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасындағы нысанға сәйкес біліктілікті арттыру курстарына педагог кадрларды жолдау туралы Хаттама (бұдан әрі – Хаттама) рәсімделіп, педагог кадрларды курсқа жолдау туралы шешімді аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарына келісуге ұсынады.
      12. Аудандық (қалалық) білім беру бөлімі Хаттаманы жыл сайын 1 қарашаға дейін қарайды және хаттамамен рәсімделген тыңдаушылардың тізімдерін Осы Нұсқаулықтың 14-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім беру ұйымдарын қоспай, облыстық және Астана мен Алматы қалаларының білім беру басқармаларына бекітуге жолдайды.
      13. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім беру басқармалары жыл сайын 15 қарашаға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға білім алушылардың бекітілген тізімін жолдайды.
      14. Білім беру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 30 қарашаға дейін Курста оқуға үміткер педагог кадрлардың тізімдерін (бұдан әрі – Тізім) бекітеді және оны «НЗМ» ДББҰ ПШО-ға және «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ға (бұдан әрі – Ұйымдар) жолдайды:
      1) облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім беру басқармалары бекіткен Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары;
      2) білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі бекіткен орта білім беретін республикалық жалпы білім беру ұйымдары;
      3) «НЗМ» ДББҰ бекіткен Назарбаев Зияткерлік мектептері.
      15. Ұйымдар кезекті күнтізбелік жылдың басында Курстарды өткізуді бастайды.
      16. Курсқа тыңдаушыларды тіркеу Тізімдер негізінде Ұйымдардың бірінші басшыларының бұйрығымен рәсімделеді.
      17. Курста оқудан өту кезеңінде тыңдаушыларға тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджетте қарастырылған қаражат көлемінде Стипендия төленеді.
      18. Стипендия төлеу үшін негіздеме Курсқа тіркеу туралы Ұйымның бұйрығы болып табылады.
      19. «НЗМ» ДББҰ ПШО мен оның филиалдары үшін стипендия мөлшерін «НЗМ» БДДҰ Қамқоршылық кеңесі бекітеді.
      20. «Өрлеу» БАҰО» АҚ мен оның филиалдары үшін стипендия мөлшерін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Директорлар кеңесі бекітеді.
      21. Стипендия төлеу шарттарын Ұйым дербес бекітеді.
      22. Курстарды аяқтауы бойынша «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық өлшемдер орталығы (бұдан әрі – «НЗМ» ДББҰ ПӨО) білім алушыларға қорытынды бағалауды:
      1) Курста оқу кезеңінде дайындалған портфолио;
      2) қашықтықтан оқыту кезеңінде Ұйымда өткізілген сабақтар негізінде дайындалған таныстырылымдар;
      3) тестілеу түрінде біліктілік емтиханын тапсыруды (жазбаша түрде) жүргізеді.
      23. Қорытынды бағалаудың нәтижесі бойынша «НЗМ» ДББҰ ПӨО сертификаттауға ұсынылған тыңдаушылардың тізімін белгілейді және оны Ұйымға жолдайды.
      24. Курстан өткен және біліктілік емтихандарын жақсы тапсырған тыңдаушыларға Ұйымдар тиісті деңгейдегі бағдарламалар бойынша сертификаттар береді:
      1) осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысанда үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша;
      2) осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес нысанда екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша;
      3) осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес нысанда бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша.
      25. Сертификат бағдарламаның тиісті деңгейі берілгендігін растайды және берілген күнінен бастап 5 жыл бойы қолданысқа енеді. Көрсетілген мерзімнің өтуі бойынша білім алушы қайталау Курсынан өтпей-ақ «НЗМ» ДББҰ ПӨО-ға біліктілік емтиханын тапсыру жолымен бағдарлама деңгейін растайды.
      26. Сертификатқа Курсты өткізген Ұйымның басшысы қол қояды.
      27. Сертификат ала алмаған Курстың тыңдаушыларына мынадай мүмкіндіктер беріледі:
      1) өз қаражаты есебінен біліктілік емтихандарын қайта тапсыруға, бірақ қайталау Курстарынан өту бір жылда бір реттен артық емес;
      2) белгілі себептерге байланысты растайтын құжаттарын ұсына отырып, үзілген Курстарды аяқтауға.
      28. Оқудан шығарылған тыңдаушыларға Ұйым басшысының бұйрығына сәйкес және Ұйым құрған Курста білім алушылардың өтінімі мен арыз-шағымдарын қарау жөніндегі Комиссия шешімімен Ұйымға келтірілген шығындарды өтеу жүргізіледі.

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру    
жөніндегі нұсқаулыққа    
1-қосымша           

Біліктілікті арттыру курсына жіберілетін педагог кадрларға қойылатын
ТАЛАПТАР

Үшінші (базалық) деңгей

Талаптар

1

Педагогикалық өтілі үш жылдан кем емес жоғары педагогикалық білім, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес техникалық және кәсіптік (орта кәсіптік) білім

2

Мектептік, аудандық (қалалық) деңгейдегі кәсіби конкурстарға қатысу нәтижелері

3

Мектептік, аудандық (қалалық) деңгейдегі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың жеңімпаздарын, жүлдегерлерін (қатысушылар есебінен) дайындау

4

Оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық әдістемелерді білу және қолдану

5

Аудандық (қалалық) конференциялар, семинарлар, форумдар және т.б. өткізу және дайындық барысында жұмыс тәжірибесін тарату (басылымдар, жинақтар, құралдар, ұсынымдар, көрме материалдары)

6

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) саласындағы: MS Windows, MS Office, Internet, соның ішінде электрондық поштаның базалық білімін игеру

Екінші (негізгі) деңгей

Талаптар

1

Педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары педагогикалық білім, педагогикалық өтілі жеті жылдан кем емес техникалық және кәсіптік (орта кәсіптік) білім

2

Аудандық (қалалық), облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстарға қатысу нәтижелері

3

Аудандық (қалалық), облыстық деңгейдегі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың жеңімпаздарын, жүлдегерлерін (қатысушылар есебінен) дайындау

4

Оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық әдістерді білу және қолдану

5

Әдістемелік құралдарды және оқу бағдарламаларын әзірлеу немесе әзірлеуге қатысу

6

Облыстық (республикалық) конференциялар, семинарлар, форумдар және т.б. дайындау және өткізу барысында жұмыс тәжірибесін тарату (басылымдар, жинақтар, құралдар, ұсынымдар, көрме материалдары)

7

АКТ технологияларын, MS Windows, MS Office, электрондық пошта, интернет сервистері саласындағы білімдерді меңгеру

Бірінші (ілгері) деңгей


Талаптар

1.

Педагогикалық өтілі жеті жылдан кем емес жоғары педагогикалық білім, педагогикалық өтілі тоғыз жылдан кем емес техникалық және кәсіптік білім (орта кәсіптік)

2.

Аудандық (қалалық), облыстық, республикалық (халықаралық) деңгейдегі кәсіби конкурстарға қатысу

3.

Аудандық (қалалық), облыстық, республикалық (халықаралық) деңгейдегі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың жеңімпаздарын, жүлдегерлерін дайындаушылар

4.

Оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық әдістемелер мен педагогикалық технологияларды қолдану

5.

Әдістемелік құралдар мен оқу бағдарламаларын әзірлеу немесе әзірлеуге қатысу

6.

Педагогикалық басылымдардағы жарияланымдар

7.

Республикалық (халықаралық) конференциялар, семинарлар, форумдар және т.б. дайындау және өткізу барысында жұмыс тәжірибесін тарату (басылымдар, жинақтар, құралдар, ұсынымдар, көрме материалдары)

8.

Жас педагогтер үшін тәлімгер болып табылатын аудандық, облыстық (қалалық), халықаралық деңгейдегі оқыту семинарларын, тренингтер өткізу

9.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, MS Office, электрондық пошта, Internet қызметі саласындағы білімді озық пайдаланушы деңгейінде меңгеру. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жеткілікті жоғары деңгейдегі функционалдық сауаттылығының бар болуы, кәсіби, әлеуметтік және жеке міндеттерді шешу үшін білім беру қызметінде АКТ негізді қолдану

      Ескерту: ұсынылған талаптарға сай болу, ол мысалы мынадай құжаттармен бекітілуі мүмкін: ұсыным хаттар, сараптамалық қорытындылар, алқа органдарының шешімдері, өткізілген ашық сабақтарды талдау және бағалаудың материалдары мен нәтижелері, тәжірибені қорыту бойынша материалдар, қатысушылардың жетістіктері мен прогрестерін растайтын құжаттамалар, сауалнама жүргізудің және бақылаудың нәтижелері, әдістемелік бірлестіктермен, сонымен қатар ғылыми, пәндік, бос уақыттағы үйірмелер басшылары растайтын материалдар.

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру    
жөніндегі нұсқаулыққа    
2-қосымша          

нысан

                                           Оқу орнының басшысына
                                           аты-жөні, тегі
                                           Тегі _____________________
                                           Аты ______________________
                                           Әкесінің аты _____________
                                           Лауазымы _________________

ӨТІНІШ

      Мен, ________________________________ Қазақстан Республикасының
                    аты-жөні, тегі
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру аясындағы ______________
тілінде оқытылатын .......топта деңгейлік бағдарлама бойынша ________
деңгейдегі курсқа қатысу үшін менің кандидатурамды қарастыруыңызды
сұраймын.

      ______________________

      «____» _______________

                  (қолы)                         (өтініш берген күні)

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру    
жөніндегі нұсқаулыққа    
3-қосымша          

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру курстарына қатысу
САУАЛНАМАСЫ

Аты-жөні, тегі


Туған күні, айы, жылы


Лауазымы


Білімі


Біліктілік санаты
(жарамдылық мерзімі)


Жалпы еңбек өтілі


Педагогикалық еңбек өтілі


Курстарда оқу тілі


Ақпараттық технологияларды меңгеруі


Жарияланымдары
(тақырыптары)


Тұратын мекенжайы


Байланыс телефондары


e-mail


Алдындағы біліктілік арттыру курстары

Курс түрлері және тақырыбы

Өткізілген орны

Курстың ұзақтығы













Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру    
жөніндегі нұсқаулыққа    
4-қосымша          

                               Аудандық (қалалық) білім беру бөліміне

Біліктілікті арттыру курсына педагог кадрларды жіберу туралы
ХАТТАМА

      Педагогикалық кеңестің 20__ жылғы «___» ______________ № ______
шешіміне сәйкес _____________________________________________________
                              (жолдаушы ұйымның атауы)
      _____ деңгейдегі бағдарлама бойынша 201__ жылғы ________ бастап
__________________ аралығындағы мерзімге біліктілікті арттыру курсына
_____________________________________________________________________
      (Қосымша білім беретін оқу бағдарламасын жүзеге асыратын
                            мекеменің атауы)
_____________________________________________________ жолдама береді.
                 (аты-жөні толығымен)

_______________________________________________  ____________________
           Жіберетін ұйымның басшысы                (Қолы) МО Күні
_______________________________________________  ____________________
Аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің басшысы     (Қолы) МО Күні
_______________________________________________  ____________________
     Облыстық, Астана және Алматы қалалары          (Қолы) МО Күні
      білім беру басқармаларының басшысы

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру    
жөніндегі нұсқаулыққа    
5-қосымша          

нысан

      ПЕДАГОГ                   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
      КАДРЛАРДЫҢ                   БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
      БІЛІКТІЛІГІН                   МИНИСТРЛІГІ
      АРТТЫРУ                  МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ
      ДЕҢГЕЙЛІ                         И НАУКИ
      БАҒДАРЛАМАЛАРЫ             РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
                    УРОВНЕВЫЕ
                    ПРОГРАММЫ
                    ПОВЫШЕНИЯ
                    КВАЛИФИКАЦИИ
                    ПЕДАГОГИЧЕСКИХ
                    КАДРОВ

СЕРТИФИКАТ
_______________________________

Қазақстан Республикасы педагог
кадрларының біліктілігін
арттырудың деңгейлі
бағдарламалары аясында үшінші
(базалық) деңгей бағдарламасы
бойынша мұғалімдерді оқыту
курстарын аяқтады

окончил(а) курсы обучения
учителей по программе третьего
(базового) уровня в рамках
уровневых программ повышения
квалификации педагогических
кадров Республики Казахстан

Ұйымның атауы _______________________________________________________
Наименование организации

Ұйымның жетешісі ____________________________________________________
Руководитель организации
                                                           Ш № 000000
                                                           III
Берілген күні: 20__ ж. “__” _______ Дата выдачи: “__” _______ 20__ г.

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру    
жөніндегі нұсқаулыққа    
6-қосымша          

нысан

      ПЕДАГОГ                   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
      КАДРЛАРДЫҢ                   БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
      БІЛІКТІЛІГІН                   МИНИСТРЛІГІ
      АРТТЫРУ                  МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ
      ДЕҢГЕЙЛІ                         И НАУКИ
      БАҒДАРЛАМАЛАРЫ             РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
                    УРОВНЕВЫЕ
                    ПРОГРАММЫ
                    ПОВЫШЕНИЯ
                    КВАЛИФИКАЦИИ
                    ПЕДАГОГИЧЕСКИХ
                    КАДРОВ

СЕРТИФИКАТ
_______________________________

Қазақстан Республикасы педагог
кадрларының біліктілігін
арттырудың деңгейлі
бағдарламалары аясында екінші
(негізгі) деңгей бағдарламасы
бойынша мұғалімдерді оқыту
курстарын аяқтады

окончил (а) курсы обучения
учителей по программе второго
(основного) уровня в рамках
уровневых программ повышения
квалификации педагогических
кадров Республики Казахстан

Ұйымның атауы _______________________________________________________
Наименование организации

Ұйымның жетешісі ____________________________________________________
Руководитель организации
                                                          II № 000000
                                                          II
Берілген күні: 20__ ж. “__” _______ Дата выдачи: “__” _______ 20__ г.

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру    
жөніндегі нұсқаулыққа    
7-қосымша          

нысан

      ПЕДАГОГ                   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
      КАДРЛАРДЫҢ                   БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
      БІЛІКТІЛІГІН                   МИНИСТРЛІГІ
      АРТТЫРУ                  МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ
      ДЕҢГЕЙЛІ                         И НАУКИ
      БАҒДАРЛАМАЛАРЫ             РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
                    УРОВНЕВЫЕ
                    ПРОГРАММЫ
                    ПОВЫШЕНИЯ
                    КВАЛИФИКАЦИИ
                    ПЕДАГОГИЧЕСКИХ
                    КАДРОВ

СЕРТИФИКАТ
_______________________________

Қазақстан Республикасы педагог
кадрларының біліктілігін
арттырудың деңгейлі
бағдарламалары аясында бірінші
(ілгері) деңгей бағдарламасы
бойынша мұғалімдерді оқыту
курстарын аяқтады

окончил (а) курсы обучения
учителей по программе первого
(продвинутого) уровня в рамках
уровневых программ повышения
квалификации педагогических
кадров Республики Казахстан

Ұйымның атауы _______________________________________________________
Наименование организации

Ұйымның жетешісі ____________________________________________________
Руководитель организации
                                                           I № 000000
                                                           I
Берілген күні: 20__ ж. “__” _______ Дата выдачи: “__” _______ 20__ г.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады