Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (45-шығарылым) бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 9 қаңтардағы № 13-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 қаңтарда № 8298 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 490 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.12.2020 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (45-шығарылым) бекітілсін.

      2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Вице-министрi Е.Қ. Егембердіге жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

С. Әбденов


  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2013 жылғы 9 қаңтардағы
№ 13-ө-м бұйрығымен бекітілген

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (45-шығарылым)
1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (45-шығарылым) "Жеңіл өнеркәсіп өндірістерінің жалпы кәсіптері", "Былғары және тері шикізаты өндірісі", "Былғары аяқ киім өндірісі", "Былғары өндірісі", "Былғары галантерея өндірісі", "Қайыс-ер бұйымдары өндірісі", "Былғарыдан техникалық бұйымдар жасау өндірісі", "Қыл-щетка өндірісі", "Тері илеу-экстракты өндірісі" бөлімдерінен тұрады.

      2. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігі бойынша белгіленді.

      3. Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар.

      4. "Жұмыс сипаттамасы" бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың сипаттамасын қамтиды.

      5. "Білуге тиіс" бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.

      6. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажет болған жағдайларда, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға орындалу күрделілігі бойынша сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады және бекіте алады.

      7. "Жұмыс сипаттамасы" бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.

      8. "Білуге тиіс" бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережелерін, орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды, жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін, өндірістік дабылдатқышты, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

      9. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында саналмаған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.

      10. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмыстарды тарификациялаған және жұмысшылардың біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

      11. Қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

      12. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар жеті разрядтық тарифтік кестеге орай әзірленді.

      13. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш (қосымша) көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

      14. "Жеңіл өнеркәсіп өндірістерінің жалпы кәсіптері", "Былғары және тері шикізаты өндірісі", "Былғары аяқ киім өндірісі", "Былғары өндірісі", "Былғары галантерея өндірісі", "Қайыс-ер бұйымдары өндірісі", "Былғарыдан техникалық бұйымдар жасау өндірісі", "Қыл-щетка өндірісі", "Тері илеу-экстракты өндірісі" бөлімдерінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2004 жылғы редакциясында берілген.

2-бөлім. Жеңіл өнеркәсіп өндірістерінің жалпы кәсіптері

      1. Май шыжғыру аппаратшысы

      Параграф 1. Май шыжғыру аппаратшысы, 3-разряд

      15. Жұмыс сипаттамасы:

      шелқабаттан тон және тері кесінділерінен, қиықтан және басқа өндіріс қалдықтарынан шикі майды шыжғыру және пісіру арқылы алу технологиялық процесін жүргізу;

      пісіру аппараттарына шикі майды немесе өндіріс қалдықтарын тасымалдау, салу;

      пісіру қазандары мен аппараттарына қажетті қойыртпада күкірт қышқылы мен суды құю;

      технологиялық тәртіпке сәйкес қиынды мен басқа қалдықтарды пісіру;

      пісіру қазандары мен аппараттардың қызуын реттеу, қажетті материалдарды мөлшерлеу;

      шикі майды алу, жуып шаю және күбілер мен бөшкелерге түсіру;

      техникалық майды тұздау;

      пісіру аппараттарынан шыжықтарды кетіру;

      шикі майды өткізу алаңшасына тасымалдау;

      бөшкелерді таңбалау;

      техникалық май шығымының есебін жүргізу;

      жүнді жуып шаю және оны пісіру қазандары мен аппараттарынан түсіру, сығу, кептіру және буып түю;

      пісіру қазандары мен аппараттарын тазалау.

      16. Білуге тиіс:

      пісіру қазандары мен аппараттарының құрылысын, оларды пайдалану ережелерін, пісіру қазандары мен аппараттарын тазалау тәсілдерін, шикі майды пісіру мен шыжғырудың технологиялық режимінің параметрлерін, тері және тон қиындылары мен басқа қалдықтардың түрлерін, техникалық май шығымының нормаларын және шикі майдың сапасын сипаттайтын көрсеткіштерді.

      2. Майсыздандыру аппаратшысы

      Параграф 1. Майсыздандыру аппаратшысы, 3-разряд

      17. Жұмыс сипаттамасы:

      техникалық талаптарға сәйкес ванналарда қылшық пен қыл түйіндерін жуғыш құралдармен, бензинмен, күкірт қышқылы және басқа химиялық материалдармен майсыздандыру мен бейтараптандырудың технологиялық процесін жүргізу;

      қылшық пен қылды салу және түсіру, белгіленген концентрация мен температурадағы майсыздандыру ерітінділерін әзірлеу және құю.

      18. Білуге тиіс:

      қылшықты, қылды майсыздандырудың технологиялық процесін жүргізу ережелерін, қылшық пен қылдың қасиеттерін: майсыздандырудың технологиялық режимін, майсыздандыру материалдарының шығыс нормаларын, майсыздандырудан соң жартылай фабрикаттарға қойылатын талаптарды, қызмет ету жабдығының әрекет ету принципі мен техникалық пайдалану ережелерін.

      Параграф 2. Майсыздандыру аппаратшысы, 4-разряд

      19. Жұмыс сипаттамасы:

      техникалық талаптарға сәйкес сода, бензин, керосин, скипидар, органикалық еріткіштер мен басқа материалдар сынды әр түрлі заттарды қолдану арқылы арнаулы аппараттарда майсыздандыру ерітінділерімен былғары шикізатын, шикі теріні, жартылай фабрикаттарды, былғары матаны және терілердің жамылғы түгін майсыздандырудың технологиялық процесін жүргізу;

      операцияларды орындауға шикізатты, жартылай фабрикаттарды және аппараттарды дайындау;

      майсыздандыру мен жуу ерітінділерін мөлшерлеу;

      кейіннен қолдану үшін пайдаланылған ерітінділерді айдау;

      қолданылатын жабдықтың жұмысын бақылау;

      технологиялық тәртіпке сәйкес майсыздандыру процесін реттеу;

      жартылай фабрикаттардың түсіруге дайындығын анықтау;

      тасымалдау және стеллаждарға жартылай фабрикаттарды қаттап қою.

      20. Білуге тиіс:

      арнаулы аппараттарда былғары шикізатын, шикі теріні, жартылай фабрикаттарды, былғары матасын, аң терілерінің жамылғы түгін майсыздандыру процесінің технологиясын, былғары матасының, жамылғы түктің, майсыздандыру материалдарының құрылымы мен қасиеттерін, майсыздандыру ерітінділерін әзірлеу рецептурасын, майсыздандырудан соң жартылай фабрикаттардың даярлығын анықтау тәсілдерін, қолданылатын жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының, коммуникацияның құрылысы мен техникалық пайдалану ережелерін және арнаулы аппараттардың жұмысшы сыйымдылықтарының жөнділігі мен пайдаланылуын бақылау әдістерін, арнаулы аппараттарда шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және ерітінділердің айналу жылдамдығын реттеу ережелерін, материалдарды майсыздандыру үшін қолданылатын және өңделетін жартылай фабрикаттарды тасымалдау ережелері мен тәсілдерін.

      Параграф 3. Майсыздандыру аппаратшысы, 5-разряд

      21. Жұмыс сипаттамасы:

      өндіріс технологиясына сәйкес бензинмен, уайт-спиритпен және басқа белсенді еріткіштермен арнаулы аппараттарда былғары мен теріден істелген жартылай фабрикаттарды майсыздандырудың технологиялық процесін жүргізу;

      технологиялық режимге сәйкес майсыздандыру процесін реттеу, экстракцияны (майды сілтісіздендіру) органикалық еріткіштер рекуперациясын және бу-ауа үрлеуін көрсетілген жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің майлылық дәрежесіне байланысты алмастыру.

      22. Білуге тиіс:

      арнаулы аппараттарда былғары және теріден жасалған жартылай фабрикаттарды майсыздандыру процесінің технологиясын, майсыздандыру материалдарының қасиеттері мен олардың шығыс нормаларын, майсыздандыру аппараттарының, қолданылатын көмекші жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының, арматура мен коммуникацияның құрылысы мен оларды пайдалану және реттеу ережелерін.

      3. Былғары жартылай фабрикаттар мен үлбір терілерін жұмсарту аппаратшысы

      Параграф 1. Былғары жартылай фабрикаттар мен үлбір терілерін жұмсарту аппаратшысы, 2-разряд

      23. Жұмыс сипаттамасы:

      барабанда немесе езгіште үлбір терілерін, қайыс, күдері, былғары терілерін, қиынды мен кесікті жұмсарту мен бөлудің технологиялық процестерін жүргізу;

      жұмыс орнына жартылай фабрикаттарды тасымалдау;

      барабанға немесе езгішке тері, былғары мен материалдарды салу, оларды түсіру және төсеу;

      қызмет ету жабдығын іске қосу және тоқтату.

      24. Білуге тиіс:

      былғары жартылай фабрикаттар мен терілерді барабан немесе езгіште жұмсарту, бөлу ережелері, тәсілдері мен жолдарын, тері, былғары түрлері мен олардың қолданылу мақсаттарын, барабан мен езгіштің құрылысы мен пайдалану ережелерін, қолданылатын материалдардың қасиеттерін.

      Параграф 2. Былғары жартылай фабрикаттар мен үлбір терілерін жұмсарту аппаратшысы, 3-разряд

      25. Жұмыс сипаттамасы:

      барабан-жартылай автоматтарда қайыс, күдері, былғары терілерін, қиынды, кесіндіні жұмсарту, бөлу технологиялық процестерін жүргізу;

      салу кезінде терінің ылғалдығын, қаттылығын, салмағы мен мөлшерін анықтау;

      технологиялық процесті жүргізудің терілерді өңдеу және барабандардың айналу уақыты, берілетін ауаның ылғалдығы, температурасы, көлемі сынды қажетті параметрлерін қамтамасыз ету үшін барабандардың автоматикалық жүйелерін жөндеу және реттеу;

      барабан-жартылай автоматтардың жұмысын, автоматтық режимде химиялық материалдарды мөлшерлеуді бақылау;

      келесі операцияда өңдеуге бөлудің сапасы мен терінің әзірлігін анықтау;

      велюрді сұрыптау және екінші бояуға өндірістік партияларды жинақтау.

      26. Білуге тиіс:

      теріні жұмсарту, оны барабан-жартылай автоматтарда бөлу технологиясын, жұмсартуға дейінгі және одан кейінгі былғарының сапасына қойылатын талаптарды, былғары жартылай фабрикаттар мен терілерді жұмсарту, бөлу технологиялық режимінің параметрлерін, бөлу, жұмсартудан соң былғарының даярлығын анықтау тәсілдерін, былғарының болуы мүмкін кемістіктерін, автоматикалық режимде жұмыс істейтін барабандардың әрекет ету принципін, барабандардың автоматикалық жүйесін жөндеу, реттеу ережелерін, велюрді сұрыптау және екінші бояуға партияларды жинақтау ережелерін.

      4. Шел желімін әзірлеу аппаратшысы

      Параграф 1. Шел желімін әзірлеу аппаратшысы, 4-разряд

      27. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес пісіру аппараттарында кесінді мен шелден желімді пісіру (дайындау) технологиялық процесін жүргізу;

      шел мен кесіндіні дайындау, сұрыптау, кесу жұмыстарын орындау, оларды күлдеуге күбілерге, баркастарға немесе аппараттарға салу;

      шел мен кесіндіні күлдеу, жуып шаю және күлсіздендіру процестерін жүргізу;

      аппараттарға желімді пісіру үшін дайындалған шел мен кесіндіні салу;

      аппараттарда белгіленген концентрация мен тұтқырлыққа дейін желім сорпасын пісіру және булау;

      пісіру және булау процестерінің әр түрлі сатыларында температураны реттеу;

      сорпаны пісіру процесінде майды (тоң майды) алу;

      арнаулы қалыптарға дайын желім сорпасын бөліп құю;

      жанышқыш және басқа кептіргіштерде сорпадан плитка, ұсақталған, қабыршақты және ұнтақ түрінде құрғақ желім алу;

      даяр шел желімін сорттау, таңбалау, салмағын өлшеу;

      әрбір өндірістік партияның шығуына қарай зертханалық талдауға сынама тапсыру;

      қоймаға даяр желімді тапсыру;

      қолданылатын жабдықты реттеу, жөндеу және оған қызмет көрсету;

      мұқалған пышақтарды алу және қайралғандарын шелкескішке орнату;

      колибрлі пышақ барабанына пышақтар қыспасын реттеу;

      аппараттарды, қалыптарды және торларды желімнен тазалау;

      торларды жөндеу.

      28. Білуге тиіс:

      шел желімін пісіру технологиялық процесін, шел желіміне қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды, қолданылатын жабдықтың құрылысын, оны техникалық пайдалану мен реттеу ережелерін, шел желімін сорттау, буып түю, таңбалау ережелерін, пісіру аппараттарын, қалыптарды, торларды желімнен тазарту тәсілдерін.

      Параграф 2. Шел желімін әзірлеу аппаратшысы, 5-разряд

      29. Жұмыс сипаттамасы:

      техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарға сәйкес айналымы бар вакуумдық булау қондырғысында әр түрлі шикізаттан шел желімін әзірлеу технологиялық процесін жүргізу;

      желімді пісіру үшін шикізатты дайындау, шел желімін әзірлеу үшін компоненттерді рецептуралық есептеу;

      күлдеу үшін күбілерге, барабандарға немесе аппараттарға салу;

      күлдеу, шаю, күлсіздендіру процесін жүргізу;

      пісіру аппараттарына желімді пісіру үшін дайындалған шикізатты салу;

      вакуумдық аппараттарда сорпалардың концентрациялану процесін жүргізу, олардың герметикалдығын және оларда вакуум жасалуын тексеру;

      сорпалардың келіп түсу процесі мен олардың концентрациялануын бақылау және өлшеу құралдарының көрсеткіштеріне қарай бақылау және реттеу;

      температураны, бу, су берілуін, вакуум күйін бақылау және реттеу;

      шел желімінің әзірлігін анықтау;

      сорпаларды пісіру процесінде майды алу;

      кептіргіштерде сорпадан құрғақ желім алу;

      кептірудің температуралық режимін, құрғақ желімнің концентрациясын, қалыңдығын, кептіргіштің ауа тазартқыш құрылғыларының жұмысын бақылау және өлшеу құралдары бойынша бақылау және реттеу;

      дайын шел желімін сорттау, буып түю, салмағын өлшеу;

      шел желімінің әрбір өндірістік тобының шығуына қарай зертханалық талдауға сынама тапсыру, даяр желімді қоймаға тапсыру;

      қолданылатын жабдықты реттеу, жөндеу және оған қызмет көрсету;

      пісіру аппараттарын, қалыптар мен торларды желімнен тазарту;

      торларды жөндеу.

      30. Білуге тиіс:

      қызмет ету жабдығы мен қолданылатын бақылау және өлшеу құралдарының құрылысы мен әрекет ету принципін, шел желімін пісіру технологиялық процесін және оның параметрлерін бақылау тәсілдерін, шел желіміне қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды, шел желімін сұрыптау, буып түю және таңбалау ережелерін, пісіру аппараттарын, қалыптарды, торларды тазалау тәсілдерін, вакуумдық қондырғыларды техникалық пайдалану ережелерін.

      5. Бұйымдар бөлшектері мен фурнитураны қоюшы

      Параграф 1. Бұйымдар бөлшектері мен фурнитураны қоюшы, 1-разряд

      31. Жұмыс сипаттамасы:

      арнаулы машиналарда немесе қолмен бұйымдарға бөлшектерді, әр түрлі сәндік әшекейлерді, фурнитураны қою;

      жұптап теріп алынған дайындама мен аяқ киімді тиісті үлгі, өлшем мен толықтықтағы тартпа және өңдеу қалыптарына кигізу;

      өкше машинасына шегелерді төгу.

      32. Білуге тиіс:

      фурнитура мен бұйымдардың бөлшектерін қою тәсілдерін, бұйымдар бөлшектерінің, аяқ киім дайындамасының, қалыптардың түрлерін, үлгілерін және өлшемдерін, фурнитура мен әшекейлердің түрлерін, олардың орналасу орындарын, қолданылатын жабдықты пайдалану ережелерін.

      33. Жұмыс үлгілері:

      1) антабкалар – бұйымдарға қондыру;

      2) түзеткіштер – туфлилерге қондыру;

      3) тоғалы ілмектер – былғарыға қолдан өткізу;

      4) биялай мен қолғаптар үшін астарлар – түзеткішті іріктеумен, түзеткіштерге астар мен үстін кигізумен және тігістерді қиыстырумен қою;

      5) астарлар және басқа бөлшектер – бұйымның үстіне қатысты дұрыс орналасуын сақтай отырып, желімдеусіз және астарларды жазумен бұйымдарға қондыру;

      6) тоғалар – ілмектерге қолдан өткізу;

      7) түймелер – былғарыға қолмен қадау;

      8) белдіктер - төсетектердің тесіктеріне, муфтылы қапсырмаларға және айылбасқа;

      9) сәндік әшекейлер: жолақтар, ұстағыштар және басқалар – бөлшектер теліктеріне қою (тартқылау);

      10) фурнитура – қайыс-ер бұйымдарына қондыру;

      11) хольнитендер – бұйымдарға қолдан қондыру;

      12) металл шегелер – табанға қондыру;

      13) бастырмалар – бұйымдарға қондыру.

      Параграф 2. Бұйымдар бөлшектері мен фурнитураны қоюшы, 2-разряд

      34. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында немесе қолмен жазу және тегістеумен, желім жағумен, бұйымдарға желімдеп жабыстырумен бірге бөлшектерді, фурнитураны, астарларды қою.

      35. Білуге тиіс:

      қою, жазу, тегістеу, желім жағу тәсілдерін және бұйымдарға бөлшектерді желімдеп жабыстыруды, берцыларға шығыршықтар мен ілгектерді қоюға техникалық шарттарды, бөлшектерді жұмсарту, илеу, желімдеу және кептіру технологиялық режимдерін, бөлшектерді қондырғанда қолданылатын желімдер мен материалдардың қасиеттерін, гуж бен қамыттың нөмірлерін, қызмет ету машинасын пайдалану ережелерін.

      36. Жұмыс үлгілері:

      1) шығыршықтар және ілгектер – берцыларға қолмен қою;

      2) сәндік әшекейлер – ыстық әдіспен қою;

      3) қалыптанғандардан басқа аяқ киім сірісі мен қатты ұш бөлігі астының барлық түрлері – правилде жазумен аяқ киім дайындамасына қою және текспен бекіту;

      4) гранитоль сірілер – оларды алдын ала жұмсартып және күнге қақтағаннан соң аяқ киім дайындамасына қондыру;

      5) ұлтанша және басқа бөлшектер – желім жағумен, желімдеп жабыстырумен, жазумен және тегістеумен бұйымдарға қондыру;

      6) мофорин және гранитоль ұш бөлік астылары – алдын ала жұмсарту мен күнге қақтаудан соң аяқ киім дайындамасына қондыру;

      7) түймелер – машинада қадау;

      8) белдіктер – өту, селдір дайындаманың тесіктеріне кіргізу;

      9) хольнитендер – машинада бұйымдарға қондыру.

      Параграф 3. Бұйымдар бөлшектері мен фурнитураны қоюшы, 3-разряд

      37. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киім дайындамасына қалыпталған және жартылай қалыпталған бөлшектерді қолмен, дайындама берцыларына фурнитураны – арнаулы машиналарда қондыру;

      бақылау лекалолары бойынша оларды хольнитендермен бекіту арқылы аяқ киім дайындамасы бөлшектерін құрастыру;

      қаптал таяныштың тұрған қалпын, қызмет ету машиналарының бұйымдарды беру қадамын реттеу.

      38. Білуге тиіс:

      аяқ киім дайындамасына қалыпталған және жартылай қалыпталған бөлшектерді, қызмет ету машиналарында дайындама берцыларына фурнитураны қондыру тәсілдерін, аяқ киім бөлшектерін құрастыруға қойылатын технологиялық талаптарды, бөлшектер мен дайындамалардың түрлерін, конфигурациясын, өлшемдерін, фурнитура түрлерін, оның орналасу орындарын, аяқ киімнің сірісі мен ұш бөлігі астының үлгілері мен өлшемдерін, қызмет ету машиналарын пайдалану және реттеу ережелерін.

      39. Жұмыс үлгілері:

      1) шығыршықтар және ілгектер – машинада аяқ киім дайындамасының берцыларына қондыру;

      2) құлақбаулар – бүктелген ұшын жапқыштың тесігіне біркелкі қоюмен қамыт қысқышына және қамыт қысқышы ойықтарына, оның бөліктерін бекіте отырып тарту;

      3) қалыптанған және қалыптанбаған сірісі мен ұш бөлігі асты – аяқ киім дайындамасына қондыру;

      4) белдік жұлық – өкшелік, айылбастық және белкөтерме белдіктермен.

      6. Бөлшектердің қалыңдығы мен жартылай фабрикаттарды тегістеуші

      Параграф 1. Бөлшектердің қалыңдығы мен жартылай фабрикаттарды тегістеуші, 2-разряд

      40. Жұмыс сипаттамасы:

      делюжкалардың, қатты былғары бөлшектерінің қалыңдығын арнаулы машиналарда немесе қолмен тегістеу, киіз бөлшектерін тегістеу;

      тіліндінің қажетті қалыңдығын орнату және оны екіге тілу процесінде ұдайы тексеру.

      41. Білуге тиіс:

      тегістеу ережелерін және қатты былғары мен киіздің қасиеттерін, бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың түрлері мен өлшемдерін, қатты былғары мен киізге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, қызмет ету машиналарын пайдалану және реттеу ережелерін.

      Параграф 2. Бөлшектердің қалыңдығы мен жартылай фабрикаттарды тегістеуші, 3-разряд

      42. Жұмыс сипаттамасы:

      арнаулы машиналарда немесе қолмен жұмсақ былғары бөлшектерінің қалыңдығын тегістеу және резеңкелік тілімшелерді, делюжкаларды және олардың бөлшектерін екіге тілу;

      тіліндінің қажетті қалыңдығын белгілеу және оны екіге тілу процесінде ұдайы тексеру;

      қызмет ету машиналарын жөндеу.

      43. Білуге тиіс:

      тегістеу ережелерін және жұмсақ былғарының қасиеттерін, бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың түрлерін, үлгісін, өлшемін, жұмсақ былғары мен резеңкелік тілімшелерге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, қызмет ету машиналарын пайдалану және жөндеу ережелерін.

      7. Бөлшектерді кесуші

      Параграф 1. Бөлшектерді кесуші, 3-разряд

      44. Жұмыс сипаттамасы:

      престерде жасанды былғары кесіндісінен фанерадан, фибрадан, қабықтан, қатырма қағаздан, арнаулы қатырма қағаздан, қағаздан, целлулоидтан, резеңке қоспасы мен басқа материалдардан түрі, фасоны, өлшемі, саны бойынша бөлшектерді кесу кезінде материалдарды ұтымды пайдалануды, бөлшектердің комплектілігін, берілген аудан мен сұлбада таза және тегіс кесікті қамтамасыз ете отырып кесу;

      әр түрлі материалдардан ойыншықтардың бөлшектерін кесу.

      45. Білуге тиіс:

      бөлшектерді кесу ережелерін, бөлшектерді кесу үшін қолданылатын материалдардың қасиеттерін, кесілетін бөлшектердің, бұйымдардың түрлерін, фасондарын, өлшемдерін, қолданылатын жабдықты пайдалану ережелерін.

      Параграф 2. Бөлшектерді кесуші, 4-разряд

      46. Жұмыс сипаттамасы:

      престерде қайыс-ер бұйымдары және былғары галантерея бұйымдары үшін қатты былғарыдан бөлшектерді, резеңке тілімшелерден, гранитоль, эластикалық, термоиілімді және басқа материалдардан аяқ киімнің төменгі бөлігінің бөлшектерін кесу;

      машинада қайып тігілген және желімделген аяқ киімнің бортшалары үшін етікті, бәтеңкені және гранитольді көмкеру үшін тоқыма және жасанды материалдарды бөлшектеп кесу;

      белгіленген енде қиықты кесу үшін машинаны реттеу;

      кіші және орта престерде фасонына, көлеміне, санына қарай техникалық бұйымдардың бөлшектерін кесу.

      47. Білуге тиіс:

      бөлшектерді кесу ережелерін, қолданылатын материалдардың пайдалану нормаларын, ұтымды пішудің жүйесі мен әдістерін, пайдаланылатын материалдар мен кесілген бөлшектерге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, қолданылатын жабдықты пайдалану және реттеу ережелерін.

      Параграф 3. Бөлшектерді кесуші, 5-разряд

      48. Жұмыс сипаттамасы:

      престерде жағашықтан, етектен, шошқа терісінен, жылқы ұлтанынан аяқ киімнің төменгі бөлігінің бөлшектерін, тоқыма төсемінен аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектерін, техникалық бұйымдар бөлшектерін түрі, фасоны, өлшемі, саны бойынша кесу;

      қолданылатын жабдықты жөндеу.

      49. Білуге тиіс:

      жағашықтан, етектен, шошқа терісінен, жылқы ұлтанынан, аяқ киімінің төменгі бөлігінің бөлшектерін кесу ережелерін, аяқ киімнің төменгі бөлігіне қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, тоқыма төсемінен бөлшектерді кесу әдістерін, қызмет ету жабдығын жөндеу және ұсақ ақауларды жою тәсілдерін.

      Параграф 4. Бөлшектерді кесуші, 6-разряд

      50. Жұмыс сипаттамасы:

      престерде жонарқадан, былғары мен жартылай былғарыдан түрі, фасоны, өлшемі, саны бойынша аяқ киімнің төменгі бөлігінің бөлшектерін кесу.

      51. Білуге тиіс:

      терліктен, былғары мен жартылай былғарыдан бөлшектерді кесу ережелерін, топографиялық учаскелер бойынша терінің қасиеттерін, ақауларын, тығыздығы мен қалыңдығын, бөлшектерді ұтымды пішу әдістерін, былғарыға және аяқ киімнің төменгі бөлігіне қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, биіктігі, қайралғаны бойынша кескіш пышақтарды, сақтандырғыш күнқағарлардың жөнділігін тексеру ережелерін.

      8. Бөлшектер мен материалдарды қосарлаушы

      Параграф 1. Бөлшектер мен материалдарды қосарлаушы, 1-разряд

      52. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында бөлме аяқ киімі үшін бәйкі қатырма қағазы ұлтарақтарын қосарлау.

      53. Білуге тиіс:

      бөлшектер мен материалдарды қосарлау технологиясы мен ережелерін, аяқ киім ассортиментін, қызмет ету машинасын пайдалану ережелерін.

      Параграф 2. Бөлшектер мен материалдарды қосарлаушы, 3-разряд

      54. Жұмыс сипаттамасы:

      желім қабыршығын жағумен үлбір пішімі бөлшектерін немесе тілімдерін мақта-мата кездемесімен қосарлау;

      еріткішпен мехтың терілік арқауын және матаны, орама материалдарды-синтетикалық былғарыны, жасанды былғарыны желім қабыршығы жағылған матамен, термоиілімді негізден жасалған ұлтаншамен, ұлтанша аралықпен былғары пішім бөлшектерін, ұлтанша аралық пен үстіңгі бөлік бөлшектерін, тоқыма ұлтаншасы мен үстіңгі бөлігі бар аяқ ұшының астын механикалық тәсілмен өңдеу;

      мата бөлшектерін жазу және қосарланушылық процесінде оларды айыру, жағу мен жабыстыра желімдеуді бақылау, тасымалдау;

      қосарланатын бөлшектер мен тілімдерді преске төсеу және оларды сығымдау;

      қосарланған материалды орамға шиыршықтау, таңбалау және буып түю;

      тоқыма және синтетикалық материалдардан аппликация жасау, түрлі-түсті термикалық жапсырмалар-тоқыма материалдарынан жасалған аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне шаблондар бойынша сығымдау арқылы желімдеу.

      55. Білуге тиіс:

      материалдарды, бөлшектерді, негізді теріні қосарлау технологиясы мен ережелерін, қосарлану материалдарының, еріткіштердің және желімнің шығыс нормаларын, еріткіштермен жұмыс істеу ережелерін, қолданылатын жабдықтың құрылысы мен техникалық пайдалану ережелерін.

      9. Лекалоларды әзірлеуші

      Параграф 1. Лекалоларды әзірлеуші, 3-разряд

      56. Жұмыс сипаттамасы:

      шаблон бойынша қатырма қағаздан, фибрадан, фанерадан, қаңылтыр және басқа материалдардан қызмет ету машинасында немесе қолмен лекалоларды әзірлеу;

      лекалоларды метал лентамен жиектеу немесе қаңылтырмен қаптау;

      бөлшектерді құрастыру кезінде бағдар ретінде лекалоларға нүкте, сызық, кертпе түсіру;

      лекалоларға фасонды, өлшемді, толықтықты, көлемді және басқа деректемелерді қойып шығу;

      градир-машинада лекалоларды сериялы түрде жасау: бастапқы лекалоны машинада бекіту, масштабтық механизмнің ені мен ұзындығын ретке келтіру, бастапқы лекалоны құрсау штифтімен айналдыра орау;

      жасалған лекалоларды тексеру.

      57. Білуге тиіс:

      лекалоларды дайындау және таңбалау ережелерін, бөлшектердің түрін, фасонын, моделін, өлшемін, пішінін, қолданылатын материалдардың қасиеттерін, жинақтағы лекалолар санын, қызмет ету машинасын пайдалану және реттеу ережелерін.

      10. Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды өлшеуші

      Параграф 1. Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды өлшеуші, 2-разряд

      58. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары және үлбір шикізатының, жасанды былғары тілімшелерінің, техникалық негіздердің ауданы мен қалыңдығын, техникалық қайыстың ұзындығын планшетпен, қалыңдық өлшеуішпен және басқа құралдармен өлшеуді бір мезгілде таңбалаумен, орын ауыстырумен және стеллаждарға қаттап жинаумен жүргізу;

      эталондар бойынша планшеттің, қалыңдық өлшегіштің көрсетулерінің дұрыстығын тексеру;

      былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды өлшеу нәтижелерін жазу;

      штамптарды тазалау.

      59. Білуге тиіс:

      былғары мен үлбір шикізатының, жасанды былғары тілімдерінің, техникалық негіздердің ауданы мен қалыңдығын өлшеу ережелерін, өлшеу кестелері мен аспаптарын қолдану ережелерін, былғары және үлбір шикізаты мен материалдардың түрлерін, былғары және үлбір шикізатының ұзындығы, ені мен қалыңдығын өлшеудің стандартты нүктелерін, өлшеу нәтижелерін жазу үшін құжаттаманы жүргізу ережелерін, қалыңдық өлшегіштің, планшеттің және басқа қолданылатын аспаптардың құрылысын.

      Параграф 2. Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды өлшеуші, 3-разряд

      60. Жұмыс сипаттамасы:

      планиметрмен және өлшеу машинасында даяр былғарының, иленген және боялған үлбір терілерінің, тілімшелерінің ауданы мен қалыңдығын өлшеу;

      эталондар бойынша өлшеу машинасының, планиметрдің көрсетулерін мерзімдік бақылау;

      өлшеу машинасының жұмысын бақылау.

      61. Білуге тиіс:

      планиметрмен және өлшеу машинасында дайын былғарының, иленген және боялған үлбір терілерінің, тілімшелерінің ауданы мен қалыңдығын өлшеу ережелерін, дайын былғарының, үлбір терілерінің, тілімшелерінің түрлерін, дайын былғарының ұзындығын, ені мен қалыңдығын өлшеудің стандартты нүктелерін, өлшеу машинасы және планиметрдің құрылысы мен пайдалану ережелерін, өлшеу машинасының, планиметрдің көрсетулерінің болуы мүмкін ауытқуларының себептерін және оларды жою тәсілдерін.

      Параграф 3. Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды өлшеуші, 4-разряд

      62. Жұмыс сипаттамасы:

      транспортерге төсеумен электрондық машинада дайын былғарының ауданы мен қалыңдығын өлшеу;

      эталондар бойынша машина көрсетулерінің дұрыстығын тексеру.

      63. Білуге тиіс:

      электрондық машинада дайын былғарының ауданы мен қалыңдығын өлшеу ережелерін, электрондық машинаның құрылысы мен пайдалану ережелерін, электрондық машина көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру тәсілдерін.

      Параграф 4. Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды өлшеуші, 5-разряд

      64. Жұмыс сипаттамасы:

      компьютер жадына енгізу және дисплей арқылы шығару құрылғысына өлшенетін былғары партиясы жөнінде ағымдағы ақпаратты беру үшін қажетті экранмен, басып шығару құрылғысымен, клавиатурамен жабдықталған электрондық машинада дайын былғарының ауданы мен қалыңдығын өлшеу;

      баспа таспасын ауыстыру, машинаны жөндеу, күйге келтіру және реттеу;

      былғары түріне сәйкес автосалғышты күйге келтіру және реттеу;

      эталондар бойынша машина көрсетулерінің дұрыстығын тексеру;

      кейіннен партияларға буып түю үшін тасымалдаумен пакеттерге автосалғышпен былғарыны комплектілеу, пакеттерді орап байлау, жасақталған партиялардың есебін алу.

      65. Білуге тиіс:

      дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, электрондық машинада дайын былғарының ауданы мен көлемін өлшеу ережелерін, арнаулы эталонмен электрондық машина көрсетулерінің дұрыстығын тексеру тәсілдерін, жасақталған партиялардың есебін алу үшін компьютерді пайдалану ережелерін.

      11. Реңші

      Параграф 1. Реңші, 5-разряд

      66. Жұмыс сипаттамасы:

      колерлерді жасау;

      рецептура мен технологиялық карталарға сәйкес грунтты, аппретураны, жалтырақты, органикалық сұйылтқыш пен еріткіштерді, нитроэмаль ерітінділерін, казеиндік, акрильдік және басқа жаба бояуларды дербес әзірлеу;

      жұмыс орнына қолданылатын материалдарды тасымалдау;

      пигмент пасталары мен еріткіштерді араластырғышқа салу;

      пигмент пасталары мен еріткіштерді араластырғышқа салу;

      сынаманы іріктеп алу және эталондарға сәйкестендіріп колерлердің түсі мен реңкін жеткізу;

      сынама бояуды орындау;

      дайындалған аппретураны, жалтырақты және басқа жаба бояуларды, сондай-ақ еріткіштерді өндіріске жіберу;

      шығыс болатын бояғыштар мен қолданылатын материалдардың есебін жүргізу.

      67. Білуге тиіс:

      реңкті және колерді жасау тәсілдерін, құрамдардың рецептурасын, бояғыштардың, сұйылтқыштар мен еріткіштердің қасиеттері мен шығыс нормаларын, олардың өзара әрекеттесуін, былғарының қасиеттері мен құылымын, былғарыны жаба бояуға, аппретуралауға және жалтыратуға қойылатын техникалық талаптарды, қолданылатын материалдардың шығысын есепке алу тәртібін, араластырғышқа пасталар мен еріткіштерді салу ережелерін, сынаманы іріктеп алу әдістерін, есепке алу құжаттамасын жүргізу ережелерін.

      12. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды жасақтаушы

      Параграф 1. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды жасақтаушы, 1-разряд

      68. Жұмыс сипаттамасы:

      қалыптарды, үстіңгі бөліктің, ұлтаншаның және аяқ киімнің төменгі бөлігінің бөлшектерін жұптарға қалыңдығы, түсі, өлшемі, фасоны, биіктігі, жүріс бетіндегі суреті (резеңке табандардың) бойынша жасақтау, іріктеу, тасымалдау құрылғыларында қайтадан салу кезінде бөлшектер мен бұйымдарды жіберу және алу;

      биркаларды іріктеу және оларды дайындамаларға бекіту;

      дайындаманың, аяқ киімнің үстіңгі және төменгі бөлік бөлшектерін байлау, есептеу.

      69. Білуге тиіс:

      аяқ киім және дайындама бөліктерін жұптаудың іріктеу және жасақтау ережелерін, тігу бұйымдарының ассортиментін, бөлшектердің, дайындаманың және қалыптардың түрін, фасонын, өлшемдерін, қалыптардың сапасына қойылатын талаптарды.

      70. Жұмыс үлгілері:

      1) үстіңгі бөліктің бөлшектері мен аяқ киім үшін ұлтаншалар - қайып тігу алдында жұптарға жасақтау;

      2) дайындамалар – аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің нөмірлері бойынша жұптау;

      3) өкшелер – аяқ киімнің фасоны, өлшемі, түсі және биіктігі бойынша іріктеу;

      4) қалыптар – қосу кестесіне сәйкес фасоны, өлшемі және толықтығы бойынша іріктеу, бөліп салу, ақауы бар қалыптарды іріктеу;

      5) табандар – жасақтау және жұптарға іріктеу.

      Параграф 2. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды жасақтаушы, 2-разряд

      71. Жұмыс сипаттамасы:

      жартылай фабрикаттарды, пішімді және дайын өнім бұйымдарының бөлшектерін өндірістік партияларға жасақтау, оларды есептеу және бумаларға байлау, жазба белгілерді рәсімдеу, оларды желімдеп жапсыру және бумаларға салу;

      дайын өнімге ілеспе құжаттаманы жасау мен рәсімдеу және оны белгіленген орынға тасымалдау;

      былғарының қиып пішілетін партияларының жасақталуы, пішуге былғарының жіберілуі, ағындардан пішімдердің қабылдануы, құрастыру цехтарына беру үшін беріліс серияларының жасақталуы сәйкес келетін өндірістік құжаттарды даярлау және іріктеу;

      есеп жүргізу және фабрика зертханасы мен диспетчерлігіне ақпарат беру үшін былғарының барлық түрлерінің, сорттары мен санаттарының түгел болуын бақылау (пішу карталары, пішу ведомостері, тауарлық билеттер, партиондық билеттер);

      өндірістік құжаттарға пішілетін материалдар атаулары мен олардың сорттарын, түрі, саны, өлшемі бойынша аяқ киім бөлшектерін пішу тапсырмаларын, сондай-ақ пішу түрі бойынша материалдардың шығыс нормаларын енгізу; 5 модельге дейін жартылай фабрикаттарды, бөлшектер мен тігу бұйымдарын түрі, фасоны, түсі, толықтығы, өлшемі және басқа белгілері бойынша іріктеу және өндіріске жіберу, сондай-ақ аяқ киімнің қалыптарын ауысымдық тапсырма кестесіне сай фасоны, өлшемі, толықтығы бойынша конвейер ағынына жіберу, конвейерден дайын өнімді, жартылай фабрикаттар мен үлбір терілерін алу;

      өндіріске жіберілген бөлшектердің, жартылай фабрикаттардың және конвейерден алынған дайын өнімнің санына есеп жүргізу;

      дайын өнімнің жеке есебін жүргізу.

      72. Білуге тиіс:

      бөлшектерді, жартылай фабрикаттарды және бұйымдарды жасақтау ережелерін, жасақтау топтарына қойылатын техникалық шарттарды, пішілетін материалдардың түрлері мен сорттарын, бұйым бірлігіне жұмсалатын материалдардың шығыс нормаларын, түрі және сорты бойынша материалдарды пайдалану нормаларын, өндіріске сериялық жіберуді қамтамасыз ету үшін пішілетін материалдардың партияларын іріктеу ережелерін, тігілетін бұйымдардың ассортиментін, фасонын, өлшемін, толықтығын, жинақтағы бөлшектер немесе бұйымдар мен жартылай фабрикаттардың партиядағы санын, бұйымдардағы бөлшектердің орналасу сызбасы мен олардың бекітілу тәртібін, сорттылықты анықтау ережелерін, өнімнің және орындаушылардың сапа көрсеткішінің қабылданған белгілерін, бөлшектер мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды, құрастыру цехтарына беріліс серияларын жіберудің тәуліктік кестелерін, белгіленген құжаттаманы және жіберілген және алынып тасталған бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың есебін жүргізу ережелерін, шартты жасақтау белгілерін.

      73. Жұмыс үлгілері:

      1) көркемдік бояу жаққыштар үшін пластмассадан, құрсаудан және түйіннен бояу жаққыш саптарына сына – жасақтау;

      2) щеткалы бұйымдардың гарнитуралары – арнаулы фурнитураны қолдану арқылы құрастырумен жасақтау;

      3) дайын өнім – қыл-щетка өндірісінде өлшемі және сорты бойынша партияларды жасақтау;

      4) пішім бөлшектері мен былғары галантерея өндірісінің жартылай фабрикаттары – түрі, моделі, түсі және өлшемі бойынша жасақтау;

      5) аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің және ұлтаншаның пішімі, аяқ киімнің төменгі бөлігінің бөлшектері, дайындамалар – түрі, материалы, түсі, фасоны, өлшемі және толықтығы бойынша жасақтау;

      6) пішім және қайыс-ер бұйымдарының бөлшектері – түрі, материалы, түсі бойынша жасақтау;

      7) щетка бұйымдарының қалыптарына қаптама, еден сүрткіш щеткаларына баулар – жасақтау;

      8) қақпақтар – желімдеу және щеткаға бекіту;

      9) былғары жартылай фабрикаттар - технологиялық карталарға сәйкес мақсатына және басқа белгілеріне қарай өндірістік партияларға жасақтау;

      10) бояу жаққыштарға арналған сап пен қақпақтар, щетка қалыптарына қақпақтар – іріктеп алу;

      11) үлбір терілері мен үлбір кесіндісі – өндірістік сорттау белгілері, сорты, ақаулары, өлшемі бойынша сұрыптау.

      Параграф 3. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды жасақтаушы, 3-разряд

      74. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттар мен технологиялық карталарға сәйкес былғары, аяқ киім, былғары галантереялық және қайыс-ер бұйымдары сынды дайын өнімдерді, сондай-ақ үлбір шикізаты мен жартылай фабрикаттарды есептеумен және байлаумен қоса белгіленген шамадағы өткізу партияларына жасақтау;

      бір мезгілде 5 үлгіден (фасоннан) астам тігу бұйымдарын дайындау кезінде бөлшектерді, пішімді және жартылай фабрикаттарды іріктеу және жіберу; Ілеспе құжаттар бойынша бөлшектердің, бұйымдардың, пішімдердің, жартылай фабрикаттардың, көмекші материалдардың санын тексеру;

      жасақталған партияларға құжаттарды рәсімдеу, белгіленген деректемелермен техникалық карталарды, төлқұжаттарды, калькуляциялық және прейскуранттық талондарды дайындау және толтыру;

      жасақталған партиялардың есебін жүргізу, қоймаға дайын өнімді тасымалдау.

      75. Білуге тиіс:

      жартылай фабрикаттарды, үлбір шикізатын және дайын өнімді жасақтау ережелерін, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдердің ассортиментін, дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, өткізу партиясының белгіленген шамасын, тері өлшемдерін өлшеу тәсілдерін, жасақталатын шикізат пен терілердің сипаттамасын, олардың мақсатын, өндіріске және нарядтар бойынша пішу цехтарына жіберу үшін жасақтау тәртібін, терінің шығыс нормаларын, белгіленген құжаттаманы толтыру бойынша нұсқаулықты және оны толтыру барысында арнаулы аспаптарды пайдалану ережелерін, жасақтаудың шартты белгілерін, өндіріске бөлшектерді, пішімді және жартылай фабрикаттарды жіберуге қойылатын техникалық талаптарды, даярланатын бұйымдарды өңдеудің технологиялық бірізділігін, транспортер құрылысын және оның қозғалыс жылдамдығын реттеу тәсілдерін.

      76. Жұмыс үлгілері:

      1) дайын былғары мен сыздықтар – түрі, сорты, салмағы, ауданы және басқа көрсеткіштер бойынша бумаларға жасақтау;

      2) былғары галантереялық бұйымдар – түрі, артикулы, өлшемі, түсі және сорты бойынша жасақтау;

      3) аяқ киім - артикулы, сорты, фасоны, өлшемі, толықтығы бойынша жасақтау;

      4) тері тілімшелер – өлшемі, фасоны бойынша жасақтау;

      5) қайыс-ер өндірісі өнімі – түрі, артикулы және сорты бойынша жасақтау;

      6) сортталған үлбір шикізаты, жартылай фабрикаттар мен терілер – терілердің алынған топтарынан бұйымдардың шығымын айқындаумен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес жасақтау;

      7) полиэтиленнен жасалған ерлер қалыптары - фасоны, өлшемі, толықтығы бойынша іріктеу.

      13. Былғары және үлбір шикізатын консервілеуші

      Параграф 1. Былғары және үлбір шикізатын консервілеуші, 2-разряд

      77. Жұмыс сипаттамасы:

      шелді консервілеу және қайта консервілеу;

      антисептиктерді қолданумен консервілеуші қоспаны жасау.

      78. Білуге тиіс:

      шелді консервілеу тәсілдерін және былғары мен үлбір шикізатын салу ережелерін, консервілеуші материалдар мен антисептиктердің қасиеттерін, антисептиктерді қолдана отырып консервілеуші қоспаны жасаудың тәсілдерін, былғары және үлбір шикізатының түрлерін.

      Параграф 2. Былғары және үлбір шикізатын консервілеуші, 3-разряд

      79. Жұмыс сипаттамасы:

      технологиялық картаға сәйкес құрғақ консервировкалардың (құрғақтұзды, тұщы-құрғақ) былғары және үлбір шикізатын консервілеу және қайта консервілеу;

      уақытша және ұзақ сақтау үшін әрбір терінің штабельдерге қалап қоюға жарамдылығын анықтау;

      сақтауға жіберілетін шикізаттың: сапасын, ылғалдығын, күйе көбелектің тірі түрлерінің, тері тесердің, қысыр сабақтың, зеңнің жоқтығын тексеру;

      термометрлері бар астаушаларды қатарлап қою;

      кептіргіштерде ылғалданған шикізатты құрғату;

      партиондық және жүк трафареттерін рәсімдеу.

      80. Білуге тиіс:

      құрғақ консервілеудің былғары және үлбір шикізатын консервілеу тәсілдерін, құрғақ консервілеу терілерін сақтауға қою тәсілдерін, әрбір терінің массасын, бүтіндей пакеттің массасы мен көлемін есепке ала отырып, шикізаттың түріне байланысты буып түю тәсілдерін, консервіленген шикізаттың күйін органолептикалық айқындау, консервілейтін материалдардың химиялық қасиеттерін, құрғақ консервілеудің ақаулары, оның дайын былғарының сапасына әсері, партиондық және жүк трафареттерін рәсімдеу ережелерін.

      Параграф 3. Былғары және үлбір шикізатын консервілеуші, 4-разряд

      81. Жұмыс сипаттамасы:

      қолданыстағы әдістемеге сәйкес ылғалды тұзды консервілеудің былғары және үлбір шикізатын консервілеу және қайта консервілеу;

      сақтауға қойылатын шикізаттың сапасын, консервілеу ақауларының, бұзылу белгілерінің (шіріп көгеру, қызарушылық, жылпылдақ болу, аммиак иісі) болмауын, кеуіп кеткен, ластанған, үйілген терілердің болмауын бақылау;

      сақтауға жинақталған және жөнелтуге буып түйілген былғары және тондық-терілік шикізатты есепке алу.

      82. Білуге тиіс:

      ылғалды тұзды консервілеудің былғары және үлбір шикізатын консервілеу тәсілдерін, ылғалды тұзды консервілеудің былғары шикізатын салу тәсілдерін (алжапқыштық, кардондық жартылай кардондық, қайырылған шетімен, тұзсыз және басқа), ылғалды тұзды консервілеудің ақаулары, олардың дайын былғарының сапасына әсері, сақтауға жинақталған және жөнелтуге буып түйілген былғары және тондық-терілік шикізаттың есебін жүргізу ережелерін.

      14. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды бақылаушы

      Параграф 1. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды бақылаушы, 2-разряд

      83. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес тоқымадан және былғары алмастырғыштан жасалған аяқ киімнің үстіңгі және төменгі бөліктері бөлшектерінің сапасын бақылау;

      жартылай фабрикаттарды өңдеу сапасын тексеру, жартылай фабрикаттарда анықталған ақауларды белгілеу, оларды көрсету және белгіленген тәртіпте жою;

      ұсақ ақаулары түзетуге жіберілген бұйымдардың қайтарылуын есепке алуды жүргізу.

      84. Білуге тиіс:

      тоқымадан және былғары алмастырғыштан жасалған аяқ киімнің үстіңгі және төменгі бөліктеріне қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, олардың түрі, фасоны мен жартылай фабрикаттардың өлшемдерін, аяқ киімнің үстіңгі және төменгі бөліктерінің бөлшектерін кесу және өңдеу операцияларының орындалуына қойылатын талаптарды, жартылай фабрикаттардағы ұсақ ақаулардың пайда болу себептері мен оларды жою тәсілдерін, бақыланатын бұйымдар, жартылай фабрикаттар мен материалдарды есепке алуды жүргізу.

      Параграф 2. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды бақылаушы, 3-разряд

      85. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес сорттылығын анықтаумен қоса тоқыма материалдары мен былғары алмастырғыштардың, былғары және жартылай фабрикаттар бөлшектерінің, сондай-ақ дайын өнімнің сапасын бақылау;

      бақылау және өлшеу құралдары мен инструментті қолдану арқылы пайдаланылатын шикізат пен жартылай фабрикаттардың өңделу сапасын тексеру, жартылай фабрикаттардағы анықталған ақауларды белгілеу, оларды көрсету және белгіленген тәртіпте жою;

      жұмысты орындаушылар бойынша қайта жасауға жіберілген бұйымдардың қайтарылуының жеке есебін жүргізу.

      86. Білуге тиіс:

      пайдаланылатын шикізат, материалдар мен дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, бақыланатын жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдердің артикулын, түрін, фасоны мен өлшемдерін, шикізат пен жартылай фабрикаттарды өңдеуді орындауға қойылатын талаптарды, бақыланатын бұйымдар, жартылай фабрикаттар мен материалдар ақауларының пайда болу себептерін, оларды анықтау және жою тәсілдерін, сорттылықты анықтау ережелерін, қолданылатын бақылау және өлшеу құралдары мен инструментінің мақсатын және оларды пайдалану ережелерін.

      87. Жұмыс үлгілері:

      1) былғарыдан жасалған аяқ киімнің үстіңгі және төменгі бөліктерінің бөлшектері - сапасын бақылау;

      2) былғары галантерея бұйымдарының бөлшектері – сапасын бақылау;

      3) жегу әбзелінің, ер-тұрманның, адам керек-жарағының (қамыт, жастықша, қамыт жапқышы жүген, шілия, делбе және басқа) бөлшектері – сапасын бақылау;

      4) аяқ киім дайындамасы – сапасын бақылау;

      5) тоқыма материалдары және былғары алмастырғыш – сапасын бақылау;

      6) жеңіл аяқ киім, шеркей, сандал - сапасын бақылау және сорттылығын анықтау;

      7) техникалық бұйымдардың жартылай фабрикаттары – сапасын бақылау;

      8) сағат, белбеу, жол қайыстары – сапасын бақылау және сорттылығын анықтау;

      9) қарапайым щеткалар - сапасын бақылау және сорттылығын анықтау.

      Параграф 3. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды бақылаушы, 4-разряд

      88. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес былғары материалдары мен дайын өнімдердің сапасы мен сорттылығын анықтаудың дұрыстығын бақылау;

      шикізат пен жартылай фабрикаттарды өңдеудің технологиялық режимдерін сақтау ережелерін, ақаулардың пайда болу себептерін анықтау және оларды жою үшін шаралар қолдану;

      себептері мен жарамсыздық түрлерін анықтаумен қоса жартылай фабрикаттарды жарамсыздыққа шығару және оларды қайта жасауға жіберу;

      материалдардың, дайын өнімдердің анықталған ақауларын белгілеу және сорттылығын анықтау;

      орындаушылар бойынша бақыланатын бұйымдардың ақауларын есепке алу, жарамсыздыққа шығару актісін жасау.

      89. Білуге тиіс:

      бақыланатын шикізат пен дайын өнімдерге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, материалдарды, дайын өнімдерді қабылдау, жарамсыздыққа шығару және олардың сорттылығын анықтау ережелері мен тәсілдерін, дайын өнімдердің ассортименті мен өндіру технологиясын, бақыланатын өндіріс учаскесінің операцияларын орындауға қойылатын талаптарды, шикізатты өңдеу барысында ақаулардың пайда болу себептерін және оларды анықтау мен жою тәсілдерін, операциялар бойынша өндірістік ақаулардың қолданыстағы шектерін және оларды есепке алу тәртібін, дайын өнімдердің сапасына жеке ақаулардың әсерін, пайдаланылатын бақылау және өлшеу құралдары мен инструменттің құрылысын, бақылау қабылдау-тапсыру құжаттамасын рәсімдеудің ережелері мен тәртібін.

      90. Жұмыс үлгілері:

      1) былғары материалдары – сапасын бақылау және сорттылықты анықтаудың дұрыстығы;

      2) үстіңгі бөлігі тоқыма және былғары алмастырғыштан жасалған, жеңіл аяқ киім, шәркей, сандалдан басқа, аяқ киім – сапасын бақылау және сорттылықты анықтау;

      3) былғары галантерея өндірісінің (сағат, белбеу және жол қайыстарынан басқа), қайыс-ер бұйымдары өндірісінің (жегу әбзелі, қамыт, ер, адамның керек-жарақ бұйымдары) өнімі – сапасын бақылау және сорттылығын анықтау;

      4) былғарыдан техникалық бұйымдар өндірісінің өнімі - сапасын бақылау және сорттылығын анықтау;

      5) қыл-щетка өндірісінің өнімі (қарапайым щеткалардан басқа) – сапасын бақылау және сорттылығын анықтау.

      Параграф 4. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды бақылаушы, 5-разряд

      91. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес былғары үстіңгі бөлігі бар дайын аяқ киімнің (жеңіл аяқ киім, шеркей, сандалдан басқа) сапасы мен сорттылығын анықтауды бақылау;

      бақыланатын дайын өнімнің сортын анықтау және бұйымдарға бақылаушының нөмірлерін қойып шығу;

      бақыланатын бұйымдарға қабылдау-тапсыру құжаттамасын толтыру.

      92. Білуге тиіс:

      былғары аяқ киімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, шығарылатын өнімнің ассортиментін, бақыланатын учаскеде өнім өндіру технологиясын, бақыланатын операцияларды орындаудың ұтымды тәсілдері мен ережелерін, ақауларды бағалау және дайын бұйымдардың сорттылығын анықтау ережелерін, пайдаланылатын бақылау және өлшеу құралдары мен инструменттің құрылысы мен оларды қолдану ережелерін, бақылау қабылдау-тапсыру құжаттамасын рәсімдеудің ережелері мен тәртібін.

      15. Шелдеуші

      Параграф 1. Шелдеуші, 2-разряд

      93. Жұмыс сипаттамасы:

      шелдеу, басқыны жою мақсатында терілерді қылы бойынша шелдеу машиналарында бөлу;

      өңделетін терілердің қалыңдығы мен түріне байланысты тасымалдаушы, қысушы және пышақты біліктерінің арасындағы саңылауларды реттеу;

      машина мен қолданылатын инструменттің пышақтарын қайрау.

      94. Білуге тиіс:

      шелдеу машинасында терілерді шелдеу, оның біліктерін реттеу тәсілдерін, шелдеу машинасы мен қолданылатын инструменттің пышақтарын қайрау ережелерін, былғары шикізатының түрлерін.

      Параграф 2. Шелдеуші, 4-разряд

      95. Жұмыс сипаттамасы:

      шелдеу, тұщы-құрғақ және құрғақ-тұзды консервіленетін терілерді, оларды жақсы суландыру мақсатында бөлу;

      шелдеу машиналарында тері асты жасушасы қабатын, майды, ет кесіктерін және тағы да басқаларды кетіру мақсатында анағұрлым жоғары біліктілігі бар шелдеушінің басшылығымен шикізатты және ірі қара малдың көнін шелдеу, машинада шелдеу кезінде шикізатқа немесе көнге өткізілген терінің шеткі учаскелерінен (етегінен, жағасынан, кекілден және табандардан) шелді кетіру мақсатында қиылуға, жұлынуға, тілікке жол бермей көнді қолдан шелдеу, тері бүтіндігін аяқ-қолдың үзілуінсіз, тесіксіз, кертпесіз, үзбей сақтай отырып, тері асты май қабатын кетіру және қыл тамырларын жалаңаштамай қолмен қапсырмада, шаберде, дискілі пышақта немесе шелдеу машинасында үлбір терілерінің ұсақ түрлерін шелдеу;

      шелдеуге былғары шикізатының, көннің және үлбір терілерінің ұсақ түрлерінің дайындық дәрежесін және жоюға жататын тері асты май қабатының қалыңдығын анықтау;

      өңделген терілер немесе жарғақты штабельге қалау;

      машинаны жөндеуге қатысу, өңделетін терілердің түрі және қалыңдығына байланысты біліктер арасындағы саңылауды реттеу, пышақты білік пен инструментті қайрау.

      96. Білуге тиіс:

      шелдеу машинасында және қолмен қапсырмада, шаберде, дискілі пышақта шелдеу тәсілдерін, былғары шикізатының түрлері мен оның мақсатын, ұсақ түрдегі терілердің ассортиментін, шикізат пен жарғақтың шелдеуге даярлық дәрежесін және жоюға жататын тері асты май қабатының қалыңдығын, пайдалы аудан шығымын және терілердің тұтынушылық бағалығын, терілер ақауларының пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін, шелдеу машинасын техникалық пайдалану және реттеу ережелерін, шелдеу машинасы мен қолданылатын инструменттің пышақты біліктерін қайрау тәсілдерін, қайрау үшін абразивтік қайрақтарды іріктеп алу.

      Ескертпе. Терілердің ұсақ түрлеріне, мамық жүнді аң терісінен басқа, келесі ұсақ кеміргіштердің терілері жатады, ақсары тышқанның, су және қамба егеуқұйрығының, сониполчтың, алақоржынның, цокор (бұзаубастың), құмтышқанның, көртышқан және шақылдақ тышқан, сарышұнақтың барлық түрлерінің (дала саршұнағынан басқа), көр тышқанның терілері. Терілердің басқа түрлеріне мыналар жатады: үй қояны терілерінің орта түрлері, үй мысығының, жылбысынның, лямканың, серкештің, қаратамақ торғайдың, саксактың, суырдың, иттің терілері, мамық жүнді аң терісі, терінің қаракөл елтірілік түрлері, теңіз жануарының терісі, тондық қой терісі.

      Параграф 3. Шелдеуші, 5-разряд

      97. Жұмыс сипаттамасы:

      шелдеу машинасында тері асты клетчаткасын, майды, ет кесіктерін және тағы да басқа, жою мақсатында былғары, мех, тон шикізаты мен жарғақтың барлық түрлерін шелдеу;

      тері асты май қабатын кетірумен және тері бүтіндігін аяқ-қолдың үзілуінсіз, тесіксіз, кертпесіз, тері тканінің кесілуінсіз және қыл тамырларын жалаңаштамай сақтаумен қоса пышақты білік астында терінің орта және ірі түрлерінің, сондай-ақ тиіннің, ақ тышқанның, мехтық және тондық қой терісінің біртіндеп қозғалуымен топографиялық учаскелер бойынша шелдеу;

      машина механизмдері мен өлшеу құралдарының жұмысын бақылау;

      машинаны жөндеу;

      қайрақ шарығын алмастыру.

      98. Білуге тиіс:

      шелдеу машинасында былғарылық, мехтың, тондық, шикізат пен жарғақты шелдеудің ұтымды тәсілдерін, шикізаттың, жарғақтың, пішім элементтерінің, үлбір терісі тканінің түкті жабынының құрылымдық ерекшеліктері мен қасиеттерін, үлбір терілерінің тұтынушылық бағалығын, үлбір терілері ақауларының пайда болу себептері мен оны жою тәсілдерін, шелдеу машинасын жөндеу және қайрау шарығын ауыстыру ережелерін.

      Параграф 4. Шелдеуші, 6-разряд

      99. Жұмыс сипаттамасы:

      терінің бүтіндігін аяқ-қолдың үзілуінсіз, тесіксіз, кертпесіз, тері қабатының қиылуынсыз және қыл тамырларын жалаңаштамай сақтай отырып, мамық жүнді аң терісінен (тиін мен ақ тышқаннан басқа), қаракөл елтірісі түрлерінен және теңіз жануарының терісінен тері асты май қабатын шелдеу машинасында немесе қолмен жою жолымен шелдеу;

      сужетекпен және пышақты білікті автоматты қайраумен жарақтандырылған шелдеу машинасында қой терісін, былғары шикізатын шелдеу;

      басқару тетігінен қайрау құрылғысының жұмысын басқару;

      машина механизмдерін бөлшектеу, түзету, құрастыру және жөндеу;

      пышақты біліктің өз уақытында және сапалы қайралуын бақылау.

      100. Білуге тиіс:

      шелдеу машинасында аң терісін, қаракөл елтірісі түрлерінің және теңіз жануарының терілерін шелдеу тәсілдерін, мамық жүнді аң терісінің, қаракөл елтерісі түрлерінің және теңіз жануары терілерінің ассортиментін, шелдеу үшін тері дайындауға қойылатын талаптарды, шелдеу машинасының құрылысын.

      16. Бұйымдарды толтырушы

      Параграф 1. Бұйымдарды толтырушы, 3-разряд

      101. Жұмыс сипаттамасы:

      берілген пішіні мен салмағын сақтай отырып, бұйымдардың барлық ауданы бойынша қыл мен жүнді біркелкі бөлумен бірге жай және орта күрделіліктегі былғары галантерея мен қайыс-ер бұйымдарын қыл және жүнмен толтыру;

      әрбір сырудың астына бекіткіштерді салып бұйымдарды қабу.

      102. Білуге тиіс:

      бұйымдары қыл және жүнмен толтыру тәсілдерін, бөлшектер мен бұйымдардың түрлері мен мақсатын, толтырылатын бұйымдар мен олардың бөшектеріне қойылатын техникалық шарттарды, бұйымдарды толтыру ақауларының пайда болу себептерін, олардың алдын алу және жою тәсілдерін, біз, ине және жіптің нөмірлерін.

      103. Жұмыс үлгілері:

      1) жүктер;

      2) спорт ойындарының ойыншылары үшін көкірекшелер;

      3) спорт ойындарының ойыншылары үшін шынтаққаптар;

      4) тұғырықтар;

      5) ердің қапталының жастығы;

      6) ер-тұрман;

      7) велосипед және мотоцикл шлемдері.

      Параграф 2. Бұйымдарды толтырушы, 4-разряд

      104. Жұмыс сипаттамасы:

      қажетті пішіні мен салмағын сақтай отырып, қылды біркелкі бөліп салумен қатар күрделі былғары галантереялық бұйымдарды қылмен толтыру.

      105. Білуге тиіс:

      толтыру әдістерін, бұйымдар мен олардың бөлшектерінің түрлері мен мақсатын, толтырылатын бұйымдар мен бөлшектерге қойылатын техникалық шарттарды, бұйымдарды толтыру үшін қолданылатын материалдардың қасиеттерін.

      106. Жұмыс үлгілері:

      1) боксші табаны мен маскасы;

      2) спорт ойындарының ойыншылары үшін боксші қолғаптары;

      3) хоккей шлемдері;

      4) қақпашылар үшін хоккей қалқаншалары.

      17. Материалдарды төсеуші

      Параграф 1. Материалдарды төсеуші, 2-разряд

      107. Жұмыс сипаттамасы:

      берілген ұзындық бойынша қолданылатын машина көмегімен немесе қолмен бірнеше қабаттап үстелде матаны, былғары алмастырғышты, төсегіш қатырма қағазын, гранитольді, мофоринді және басқа материалдарды төсеу;

      қабаттарды тыртыстырмай, жылжытпай және қиғаштамай бекіту;

      мақсаты, түрі, түсі, реңкі, әрлеуі және ені бойынша іріктеу;

      төселген материалдардың жалпы ұзындығын есептеу және есептеу нәтижелерін төсеніштің үстіңгі қабатына жазу.

      108. Білуге тиіс:

      төсеу тәсілдерін, төселінетін материалдардың түрлерін, пішудің белгілі бір түрлері үшін іріктеу ережелерін, материалдар ақауларын, пішілетін материалдарға байланысты төсеніштегі қабаттар санын, қолданылатын машинаның құрылысы мен пайдалану ережелерін.

      18. Бөлшектерді, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды өңдеуші

      Параграф 1. Бөлшектерді, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды өңдеуші, 1-разряд

      109. Жұмыс сипаттамасы:

      қыртыстамай, жиырмай, қисатпай және материалды бүлдірмей бірқалыпты сызықты сақтай отырып, белгіленген енде лекалолар бойынша немесе лекалоларсыз қызмет ету машинасында немесе қолмен бүктеу жолымен бұйымдар бөлшектерінің шеттерін өңдеу;

      бақылау шаблондарына бөлшектер сұлбасының дәл сәйкестігін сақтай отырып, шеттерінің берік желімделуін қамтамасыз ету;

      май қоспаларын әзірлеу және жағу немесе май қоспасына батыру жолымен бөлшектерді майлау.

      110. Білуге тиіс:

      бұйымдарды және оның бөлшектерін өңдеу ережелерін, былғарылық және басқа материалдардың қасиеттерін, бұйымдар мен оның бөлшектерінің түрін, фасонын, өлшемдері мен пішінін, май қоспаларын әзірлеу ережелерін.

      111. Жұмыс үлгілері:

      1) ішкі бұйымдардың бөлшектері – шеттерін бүктеу;

      2) жіптер – май қоспасын сіңіру;

      3) артқы белдіктер – жоғарғы шетін бүктеу;

      4) метал фурнитура – маймен жағу;

      5) сағат бауының астары – эмульсиямен жабылған.

      Параграф 2. Бөлшектерді, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды өңдеуші, 2-разряд

      112. Жұмыс сипаттамасы:

      кейіннен қолмен ысқылап жағумен және шеттерін бүктеумен қоса жағу немесе май қоспасына батыру жолымен бұйымдар мен олардың бөлшектерін май қоспасымен өңдеу, бөлшектер шетінің қалыңдығын кемейту, қызмет ету машинасында немесе қолмен жалпақ пішіндегі бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың барлық үстіңгі бетін қатпарлау;

      қатпарлау бетінің белгіленген тереңдігі мен енін қамтамасыз ету;

      техникалық шарттарға сәйкес бөлшектерге қажетті пішін мен қалыңдықты беру;

      барлық кезеңінде жұлқымай, кеспей және былғарының беткі қабатын бүлдірмей бірқалыпты түсіруді қамтамасыз ете отырып, белгіленген ені мен қалыңдығына машинаны реттеу.

      113. Білуге тиіс:

      бөлшектерді, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды өңдеуге қойылатын технологиялық талаптарды, май қоспасымен өңдеу, қатты былғары және үлбір бөлшектерінің шетін өңдеу тәсілдерін, бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың үстіңгі бетін қатпарлау әдістерін, қатты былғары, тері пішімі мен кесіндінің физикалық, механикалық қасиеттерін, түсірілген шетінің ені мен қалыңдығын, май қоспаларын дайындау рецептурасын, қызмет ету машинасын пайдалану және реттеу ережелерін, ыстық әдіспен бөлшектердің шетін бүктеу кезінде – тоғынның қызу температурасын реттеу тәсілдерін.

      114. Жұмыс үлгілері:

      1) былғарыдан жасалған бөлшектер – ыстық әдіспен шетін бүктеу;

      2) қатты былғарыдан жасалған бөлшектер – шетінің қалыңдығының кемеюі;

      3) тері пішімінің бөлшектері – шетінен түкті жабынды кетіру;

      4) былғарылық астар – шетін бүктеу;

      5) былғары галантерея бұйымдары - тік сызықты сұлбалар бөлшектерінің шеттерін бүктеу.

      Май қоспасымен өңдеу:

      1) аяқ киім бөлшектері;

      2) былғары галантереялық, техникалық және қайыс-ер бұйымдары мен бөлшектері.

      Қатпарлау:

      1) былғары галантереялық бұйымдар;

      2) сірісі;

      3) былғары табандар;

      4) сәнді сыздықсыз резеңке табандар;

      5) желімделген табандар – шетін өңдеу;

      6) резеңке тілімшелер;

      7) сыздықтар;

      8) ұлтарақтар.

      Параграф 3. Бөлшектерді, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды өңдеуші, 3-разряд

      115. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі сұлбадағы сыртқы бөлшектердің шеттерін бүктеу жолымен өңдеу, жұмсақ материалдардан жасалған бұйымдар бөлшектерінің шетінің қалыңдығының кемеюі, аяқ киімнің үстіңгі бөлігі үшін табиғи және жасанды былғары бөлшектерін және көлемдік пішіндегі бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың барлық бетін қатпарлау, қызмет ету машинасында немесе қолмен бөлшектердің желіммен жағылған шеттерінен желім қабықшасын түсіру, ыстық қалыптау тәсілімен сыртқы бөлшектердің шеттерін өңдеу.

      116. Білуге тиіс:

      күрделі сұлбадағы бөлшектердің шеттерін бүгу тәсілдерін, көлемдік пішіндегі бөлшектер мен жартылай фабрикаттарды шершеваттау тәсілдерін, жұмсақ материалдан жасалған бөлшектерді өңдеуге қойылатын талаптарды, ыстық қалыптаудан технологиялық режимі мен тәсілдерін, былғары галантереялық және қайыс-ер бұйымдарын құрастыру ережелерін.

      117. Жұмыс үлгілері:

      1) аяқ киім бөлшектері – күрделі сұлбадағы сыртқы бөлшектердің шеттерін бүгу;

      2) бұйымдар бөлшектері – ыстық қалыптау тәсілімен шеттерін бүгу;

      3) жұмсақ материалдардан жасалған бұйымдардың бөлшектері - шеттерінің қалыңдығының кемеюі;

      4) модельдік аяқ киімнің былғары ұлтаншасы - шеттерін бүгу;

      5) былғары галантерея және қайыс-ер бұйымдары - күрделі сұлбадағы бөлшектердің шеттерін, оларды бір мезгілде құрастырумен бірге, бүгу.

      Қатпарлау:

      1) былғарыдан жасалған техникалық бұйымдардың бөлшектері;

      2) пластмасса өкшелер;

      3) өкше қаптамасы;

      4) сәндік сыздықтар мен бүйірлері бар резеңке табандар;

      5) айналдырма сыздықтар.

      Параграф 4. Бөлшектерді, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды өңдеуші, 4-разряд

      118. Жұмыс сипаттамасы:

      желім-ерітпені автоматты берумен және бір мезгілде жиектемені немесе жіпті бүгістің астына төсеумен қызмет ету машинасында күрделі пішіндегі сыртқы бөлшектердің шеттерін бүгу жолымен өңдеу, кейінгі анағұрлым берік желімдеу үшін кедір-бұдырлы бетті жасау мақсатында өткізусіз және қырын бұзбастан машинада бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың шеттерінен беткі қабатын түсіру, қабаттау, қалыңдығын кеңейту және шеттерін теңестіру;

      жартылай автоматты линияда бумадағы табанды өңдеу (ортасына дәл келтіру, фрезерлеу, шаңнан тазалау, лактау, кескіндеу, таңбалау, желім жағу);

      өңдеудің берілген технологиялық параметрлері: табанның өлшемі, қалыптың фасоны, сол және оң жарты жұптарды өңдеу бойынша машинаны күйге келтіру;

      бумаларға табандарды іріктеу және өңдеуге жіберу;

      машинаға лакты, желімді құю;

      қысушы және айналма копирлерді ауыстыру, ұлтандардың өлшемі бойынша кескіндеуші білікшелерді алмастыру, таңбалау кезінде сандық белгілерді ауыстыру;

      белгілі бір нүктелерде ұлтанның қалыңдығын, лак, желім жағылуының біркелкілігін тексеру;

      машинаның жеке түйін-тетіктерін жөндеуге және реттеуге қатысу.

      119. Білуге тиіс:

      қызмет ету машинасының құрылысын, оны пайдалану және берілген технологиялық параметрлерге сәйкес күйге келтіру ережелерін, бөлшектер мен жартылай фабрикаттарды өңдеу тәсілдерін, бөлшектердің өлшемі мен фасонын және оларға сәйкес келетін көшірмелерді, ұлтанға қойылатын мемлекеттік стандарттарды, табан қалыңдығын индикаторлармен өлшеу ережелерін, қызу температурасын және желім-ерітпенің қасиеттерін.

      120. Жұмыс үлгілері:

      1) полиуретандық табандар – жүрмейтін жағы мен тартпа жиегінің шеттерін машинада қатпарлау;

      2) бумадағы табандар – жартылай автоматты желіде өңдеу.

      Параграф 5. Бөлшектерді, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды өңдеуші, 5-разряд

      121. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киімнің үстіңгі бөлігін ұлтанмен анағұрлым берік желімдеу және желімдік біріктірудің суға төзімділігін арттыру үшін бұдырлы бетті жасау мақсатында із қырынан 0,5-1,0 сантиметр (бұдан әрі – см) қашықтықта жиектің барлық ауданы бойынша қызмет ету машинасында бүрмеленген рояльдық сымнан жасалған щеткалармен аяқ киім дайындамасының тартпа жиегі шеттерінен беткі қабатын түсіру жолымен өңдеу.

      122. Білуге тиіс:

      қызмет ету машинасының құрылысын, оны пайдалану және күйге келтіру ережелерін, әр түрлі аяқ киімдердің тартпа жиегін өңдеудің тәсілдерін, щеткаларды қайрау ережелерін.

      19. Былғары және үлбір шикізатын өңдеуші

      Параграф 1. Былғары және үлбір шикізатын өңдеуші, 2-разряд

      123. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында өңдегеннен кейін қылшықты қолмен жинау жолымен шошқа терілерін өңдеу;

      жиналған қылшықтарды рамаларға тамырларымен бір жаққа қарай қою.

      124. Білуге тиіс:

      қылшықты қолдан жинау жолымен шошқа терісін өңдеу және жиналған қылшықтарды рамаларға қою.

      Параграф 2. Былғары және үлбір шикізатын өңдеуші, 3-разряд

      125. Жұмыс сипаттамасы:

      қой терісі мен ешкі терісін (жоталы) жүнді қолмен жинау жолымен, қызмет ету машинасында қылшықты жинау жолымен шошқа терісін, қой-үлбір шикізатынан қылды (жүнді) – қолмен электрмен қырқатын аппаратпен өңдеу;

      теріні тасымалдау және стеллаждарға қою;

      жүннен бөтен қоспаларды жою;

      түрі және түсі бойынша жүнді сұрыптау.

      126. Білуге тиіс:

      жүнді, қылшықты өңдеу (жинау) тәсілдерін, жүнді және қылшықты өңдеуге (жинауға) терілердің дайындық дәрежесін, жүн мен қылшық шығымының техникалық шарттары мен нормативтерін, қызмет ету машинасының және электрмен қырқатын аппарат механизмдерінің әрекет ету принципін.

      Параграф 3. Былғары және үлбір шикізатын өңдеуші, 4-разряд

      127. Жұмыс сипаттамасы:

      анағұрлым жоғары біліктілігі бар былғары және үлбір шикізатын өңдеушінің басшылығымен қызмет ету машинасында былғарылық шикізат пен қой терісінің барлық түрлерін қылды жинау жолымен өңдеу;

      өңделетін терілердің түрі мен қалыңдығына байланысты біліктер арасындағы саңылауды реттеу;

      қылдың (жүннің) толық алынуы мен машина жұмысын бақылау, оның жөндеуіне қатысу.

      128. Білуге тиіс: қызмет ету машинасында қылды (жүнді) өңдеу (жинау) технологиясын, былғарылық шикізаттың түрлерін, қылды (жүнді) өңдеу (жинау) операцияларын жүргізуге терілердің дайындығын анықтау әдістерін, қызмет ету машинасының құрылысын, оны пайдалану және реттеу ережелерін.

      Параграф 4. Былғары және үлбір шикізатын өңдеуші, 5-разряд

      129. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында қылды бір жерге жинау жолымен былғары және үлбір шикізатының барлық түрлерін өңдеу, өңделетін шикізаттың түрі мен қалыңдығына байланысты машинаны жөндеу;

      пышақтарды қайрау.

      130. Білуге тиіс:

      қызмет ету машинасында былғары және үлбір шикізатының барлық түрлерінен қыл мен жүнді өңдеудің (жинаудың) технологиялық процесін жүргізудің ережелерін, түкті жабын мен тері қабатының құрылымы мен қасиеттерін, өңделетін шикізаттың ақауларының пайда болу себептері мен оларды жою ережелерін, қызмет ету машинасын жөндеу ережелерін, пышақтарды қайрау тәсілдерін.

      20. Материалдарды кесуші

      Параграф 1. Материалдарды кесуші, 1-разряд

      131. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында немесе қолмен кебелер мен бұдырларды, материалдың артығын, желімдеуден кейін екіқабатты бөлшектердің шеттерін, аяқ киім, қайыс-ер бұйымдарында оларды бекіте отырып, жіптің ұштарын кесу;

      техникалық шарттарға сәйкес машинада немесе қолмен бөлшектерді тілу;

      пышақтарды қайрау.

      132. Білуге тиіс:

      кесу, материалдың жіп ұштарын бекіту тәсілдерін, бөлшектердің, бұйымдардың, жартылай фабрикаттардың түрін, фасонын, өлшемдерін, пышақтарды қайрау тәсілдерін.

      133. Жұмыс үлгілері:

      1) геленкалар - өкше бөлігінде кесу;

      2) аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектері мен ұлтаншалар – шетін кесу;

      3) сандал дайындамасы - өкше бөлігінде тартпа жиекті кесу;

      4) сірісі - кесу;

      5) аяқ киімге бекітілмеген өкшелер – алдыңғы беті мен жүзінің артығын кесу;

      6) табандар мен фликтерде құрсаудың (кранецтердің) ұштары – кесу;

      7) жіп ұштары – бекітумен кесу;

      8) табандар – кебені, өкше бөлігіндегі бұдырларды кесу;

      9) қырдан шығып тұрған әдіп – кесу;

      10) былғары ұлтанша – жоғарғы жиек бойынша кесу;

      11) сандалет ұш бөлігінің асты – қалтамен бірге кесу;

      12) төсемшелер - өкше бөлігіндегі кесу;

      13) сыздықтар – ұшын, жоғарғы жиекті, қолмен бекітумен жіп ұштарын кесу, аяқ ұшы бөлігін кесу;

      14) айдау қайыстары – жіптер мен талшықтарды қырқумен ұштарын кесу;

      15) ұлтарақтар - өкше бөлігінде кесу;

      16) сыздықты ұлтарақтар – мата артығын қолдан кесу, аяқ ұшы мен өкше бөліктерін тілу;

      17) жиектеме – жоғарғы жиек бойынша кесу.

      Параграф 2. Материалдарды кесуші, 2-разряд

      134. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында немесе қолмен тіліндінің шеттерін, аяқ киім, былғары галантереялық және қайыс-ер бұйымдарының бөлшектеріндегі материалдың артығын, желімделген бөлшектер мен кебелердің тегіс емес шеттерін қолмен кесу;

      оларға белгілі бір пішін беру үшін арнаулы аспаптардың немесе машинаның көмегімен бұйымдардың бөлшектерін кесу, ою және қию;

      лекалоларды іріктеу, оларды бөлшектер сұлбасына жайып қою;

      пышақтарды қайрау.

      135. Білуге тиіс:

      жарғақ пен тіліндіні, құрастырудан кейінгі бөлшектердегі материалдың артығын кесу тәсілдерін, ұлтанды кесу тәсілдерін, лекалолардың түрі, өлшемі мен мақсатын, белдіктер мен бөлшектердің жиектерін кесу ережелерін, қызмет ету машинасының әрекет ету принципін, пышақтарды қайрау ережелерін, жиектерді кесу үшін арнаулы аспаптарды қолдану ережелерін.

      136. Жұмыс үлгілері:

      1) аяқ киімнің үстіңгі бөлігі мен ұлтаншасы – сыртқы және ішкі тігістері және алдының мойын тігістері бойынша кесу;

      2) қатты былғары сірілер – артығын кесу;

      3) өкшелер және аяқ киімге бекітілген нәлдер – фронтты кесу;

      4) өкшелер, сына тәрізді өкшелер және бөлшектер – шұңқыр, арықшалар ою;

      5) табандар – шетін кесу, жүріс бетінде науаны ою;

      6) периметр бойынша бүйір жағынан аяқ киім табаны – кесу;

      7) былғары табан – кесу;

      8) ернемектік ұлтаншалар, жағалар, манжеттер – қолмен кесу;

      9) сыздықтар – науаны ою;

      10) белдіктер – ұштарын, ұштары мен жиектерінің бұрыштарын кесу;

      11) тілінді – былғары өндірісі үшін жарамсызын сорттап шығарумен қолмен кесу;

      12) сыздықты ұлтарақтар – машинада мата артығын кесу, науаны кесу;

      13) қусыру және басқа бөлшектер – ұштарын кесу;

      14) унтылар – терінің артығын тартпа жиегі және үлбір шұлығының, тартпа жиегінің шеттері бойынша кесу;

      15) аяқ киімдер үшін тоқыма қаптар – артығын кесу;

      16) сыздықты тігістер – кесу.

      Параграф 3. Материалдарды кесуші, 3-разряд

      137. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында, қолмен пышақпен немесе пневматикалық қайшылармен бөлшектер пішімінің артығын кесу;

      бұйымдар бөлшектерінің шеттерін кесу, ою, қию;

      машинаны реттеу және жөндеу;

      пышақтар мен пневматикалық қайшыларды алмастыру және қайрау.

      138. Білуге тиіс:

      бөлшектердің шеттерін кесуге, оюға, қиюға, тілуге қойылатын техникалық шарттарды, қолданылатын жабдықты реттеу және жөндеу тәсілдерін, пышақтар мен пневматикалық қайшыларды қайрау ережелерін.

      139. Жұмыс үлгілері:

      1) киіз – кесу;

      2) техникалық бұйымдар бөлшектері (жағалар, манжеттер, ернемектік ұлтаншалар және басқалар) – белгілеумен кесу;

      3) дайын бұйымдар, бөлшектер – қайып тігілген жиектің артығын кесу;

      4) аяқ киімге бекітілген табандар – артығын кесу;

      5) аяқ киімге арналған деректемелер үшін кеуек табанды алаңшалар, өкше бөлігі, дайындаманың ұш бөлігіндегі қыртыстар – табанның шеттері мен крокуль бөлігін кесу, резина қоспасын тығыздау;

      6) сыздықты ұлтарақтар – бүйір жағынан кесу;

      7) аяқ киімнің тартпа жиегінің артығы – кесу.

      Параграф 4. Материалдарды кесуші, 4-разряд

      140. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында, қолмен пышақпен немесе пневматикалық қайшылармен былғарылық жартылай фабрикаттар мен дайын былғарының шеттерін кесу;

      бекітудің сандалдық әдісі кезінде машинада былғары табанның (төсетек) шеттерін бір мезгілде былғары табандағы кесіктерді бітеумен бірге кесу;

      былғарылық жартылай фабрикатты, дайын былғарыны арбашаларға, түбіне салу немесе кептіргіштердің бақандарына ілу;

      машинаны реттеу және жөндеу;

      пышақтар мен пневматикалық қайшыларды ауыстыру және қайрау.

      141. Білуге тиіс:

      былғарылық жартылай фабрикаттың, дайын былғарының былғары табанның (подложка) шеттерін кесуге және былғары табандағы (подложка) тесіктерді бітеуге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, қолданылатын жабдықты реттеу және жөндеу тәсілдерін, пышақтар мен пневматикалық қайшыларды қайрау ережелерін.

      21. Шикізатты ресімдеуші

      Параграф 1. Шикізатты ресімдеуші, 2-разряд

      142. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары, үлбір және тондық қой терісі шикізатын тері илейтін дискілі пышақпен немесе белгіленген орындардағы шалғымен және кесу сызықтары бойынша кесу - ресімдеу;

      шелдеуден соң тері сұлбасы бойынша бахроманы кесу, қаракөлді – дұрыс симметриялық пішін берумен сұлба бойынша ресімдеу;

      терілерді сөгу (кесу);

      мүйіздерді, тұяқтарды, навалды, ет және май кесіктерін жою.

      143. Білуге тиіс:

      өңделетін шикізатты жағалатып қоюдың ұтымды әдістері мен тәсілдерін, былғары, үлбір және тондық қой терісі шикізатының ассортименті мен топографиясын, шикізат пен терілерді кесу сызықтарын, дискілік пышақтың құрылысын, пышақ пен шалғыны ауыстыру және қайрау ережелерін.

      22. Конвейер желісінің операторы

      Параграф 1. Конвейер желісінің операторы, 4-разряд

      144. Жұмыс сипаттамасы:

      ағындық желіде пішу үшін былғары мен үлбір терілерін, бөлшектер мен бұйымдарды өңдеу мен құрастыру үшін – жартылай фабрикаттар мен көмекші материалдарды беру процесін басқару тетігінен жүргізу;

      өңдеудің технологиялық режиміне сәйкес бұйымдар бөлшектерінің комплектіленген партиясын жұмыс орындарына жіберу, орындаушылардан бөлшектердің өңделген партияларын қабылдау, технологиялық операциялардың орындалу сапасын тексеру және оларды технологиялық бірізділік бойынша бөлу;

      іске қосу картасын толтыру;

      әрбір орындаушы бойынша өңделген жартылай фабрикаттардың, материалдардың және бұйымдардың санын есептеуді жүргізу.

      145. Білуге тиіс:

      конвейер желісінің тетігін басқару және реттеу ережелерін, басқару тетігінде белгі беру лампочкалары мен басу түймелерінің орналасуын, былғары мен үлбір терілерінің ассортиментін, бұйымдардың түрін, фасонын, моделін, өлшемін, әрбір модельдің комплектілігін, өңделетін бөлшектер мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды, еңбектің ұйымдастырылуы мен бөлінісін, орындаушылардың біліктілігін, ағындық желідегі жұмыс кезінде операцияларды қоса атқару мүмкіншіліктерін, орындаушылар бойынша жоспарланатын және нақты өнімді, есепке алу құжаттамасын жүргізу ережелерін.

      23. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды әрлеуші

      Параграф 1. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды әрлеуші, 1-разряд

      146. Жұмыс сипаттамасы:

      каландрлар мен престерде бөлшектердің бетінде әшекей мен қырларды бедерлеу жолымен бұйымдардың бөлшектерін әрлеу. Жалтырақты алумен суретті түсіру;

      өрнектеудің технологиялық режимін сақтау;

      қызмет ету машинасында немесе қолмен бөлшектер мен бұйымдарды бұдырлау, сызықпен түрлеу, фурнитура мен бұйымдарды сүртіп тазарту, қолмен немесе престе материалдарды, бөлшектер мен бұйымдарды жазу;

      алдын ала жасалған белгілеуге немесе шектеу сызғыштары мен тіреуіштердің көмегімен машинада немесе қолмен бөлшектерде тесіктерді тесу;

      қайыс қусырумен тігілген бұйымдар мен бөлшектерді тігістерді жару (қағу) жолымен әрлеу;

      құлақбаудың шеттерін қыспақтап бүгу және балғамен қағу;

      бұрыштар бойынша бүгумен сөмке ботанын ұзындық бойы жинау;

      бүгілген жерді балғамен қағып тастау;

      ершіктің горттарының жиектеріне, белкөтермеге, делбеге, шылбырға және басқа бұйымдарға белдіктердің ұшындағы ойындының көмегімен "жұлқуға" түйіндеп байлау, қамытбаудың ұшындағы түйінді байлау;

      бұйымдардың тұтқалары мен шеттерін қолмен орап тоқу;

      орап тоқуды дайындау және тесікке салу, ұштарын бекіту;

      бөлшектердің шеттерін (бүйір жағын) бояумен бояу, оларды кептіру;

      тігіске ерітілген балауызды қолмен жағу, ыстық бұрумен тігістерді үтіктеу;

      бауларды түйіндеп бекітумен шығырдың белгіленген санына дайындама мен дайын аяқ киімді қолмен байлау;

      тоғаны ілгектеу, дайындаманы түймелеу, тоғаны, сылдырма ілгекті, түймелерді ағыту немесе берцыларды қысып буатын жіптерді кесумен аяқ киімнің бауын шешу;

      әрлеудің технологиялық режимдерін сақтау.

      147. Білуге тиіс:

      бұйымдардың тұтқалары мен шеттерін өру тәсілдерін, тігістерді қағу ережелерін, қайыс қусырудың қасиеттерін, құлақбау мен сөмкелерге қойылатын мемлекеттік стандарттарды, тоқыма қайыс бұйымдарына қойылатын техникалық шарттарды, бөлшектер мен бұйымдардың түрін, үлгісі мен өлшемдерін, қолданылатын материалдардың қасиеттерін, балауыз бен бұрып жылыту температурасын, бөлшектер мен бұйымдарды бұдырлау, сызықпен түрлеу тәсілдерін, дайын аяқ киім мен дайындаманы қолмен байлау, бұйымдарды өңдеу сапасына қойылатын талаптарды, қолданылатын жабдықты пайдалану ережелерін.

      148. Жұмыс үлгілері:

      Өру:

      1) бұйымдар шеттерін (әмиян, шилан, кішкене әмиян және басқалар) – бір таспаға;

      2) тұтқалар – үш, төрт таспаға.

      Тесіктерді тесу:

      1) фурнитураны бекіту, бүркеншікті шегені, топсаны, тоғаны, хольнитен құлақтарын, ілгекті салу ұшін бұйымдар бөлшектері;

      2) жартылай ұлтарақтар;

      3) төсемдер;

      4) белбеу, сағат белдіктері және басқалар;

      5) ұлтарақтар.

      Кішкене тістер мен бұрыштарды таяқтау:

      1) сірісі;

      2) ұлтарақ;

      3) штаферка;

      4) тілше.

      Өрнектеу:

      1) өкше;

      2) табан.

      Параграф 2. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материлдарды әрлеуші, 2-разряд

      149. Жұмыс сипаттамасы:

      бөлшектердегі суреттердің дұрыс орналасуын және жұлып алмай, кебесіз таза кесікті сақтай отырып, тігіс машинасында немесе престе белгіленген сызықтар бойынша суреттерді тесу жолымен бұйымдар бөлшектерін әрлеу;

      каландрлар мен престерде материалда және бұйымдар бөлшектерінде суретті бедерлеу;

      престерде жалтырақты алумен суретті түсіру;

      температураны, ұстау уақытын және басқа параметрлерді реттеу;

      бөлшектердің шетін (бүйір жағын) бояумен бояу;

      бояудан соң бөлшектерді кептіру;

      жасанды былғарыдан жасалған дайын бұйымдарды, белбеу, сағат және жол белдіктерін әрлеу, бөлшектер мен бұйымдарды әр түрлі бояулармен, аппретуралармен және лактармен бояу, аппретуралау, лактау;

      тоқыма қайыс бұйымдарын әрлеу;

      қызмет ету машинасында немесе қолмен тоқылған қайыс бұйымдарында түйіндеп байлау;

      түйін ұшын түзеу, шырғалау және кесу, түйінге қажетті пішін беру;

      жұлып алмай, бөлшектерді бүлдірмей, тегіс жылтыр бетті қамтамасыз етумен ажарлау шарығында жапсырмалардың, шайбалар мен түйіндердің шығып тұрған ұштары мен шеттерін тегістеу (тазарту) жолымен ердің қапталын әрлеу;

      қашауыш станокта жонғыш түрпімен және жонғышпен таралғы тесіктерін ойғаннан соң оларды тазалау;

      кебені, ердің қапталының қатпарларындағы бұдырларды тазалау;

      қолмен түту, тегістеу, ажарлау жолымен өсімдік талшығынан, қылшықтан, жөкеден және мамық жүннің барлық түрлерінен, қылшық пен қылдан жасалған бояу жаққыштар мен щеткаларды әрлеу;

      қызмет ету машинасында немесе қолмен техникалық шарттарға сәйкес щеткалардың қыл бөлігін кесу;

      түйіннен қырқылған уыс қылды бөлу, оны түбірге жіберу, қолмен кептіргеннен соң қылшық түйіні мен қалдықтарды тегістеу;

      қызмет ету машинасында немесе қолмен аяқ киімнің үстіңгі және төменгі бөліктерін жылтырату;

      бөлшектердегі кесіктерді, ұсақ кемістіктерді бітеу;

      тесіксіз және саңылаусыз бұйымдар бөлшектеріндегі тіліктерді табанды бекітетін жіптерді бүлдірмей ашу және жабу;

      ілгектер мен тоғаны бүлдірмей және аяқ киімді өзгертпей қызмет ету машинасында дайын аяқ киім мен дайындаманы байлау;

      қызмет ету машинасында немесе арнаулы аспаптардың көмегімен қолмен аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектері мен ұлтаншаны біріктіретін қайып тігілген тігістерді, аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің былғары бөлшектеріндегі, ұлтаншадағы, өкше қаптамасындағы, платформадағы (сынадағы) қыртыстар мен әжімдерді – тупикпен немесе үтікпен, тартылған аяқ киімнің тартпа жиегін – машинаның дірілдеткіш білікшесімен табанның тартпа жиегінің бүкіл периметрін нақтылай отырып, қызмет ету машинасында тыртысу мен қыртыстарды жоюмен қоса жазу.

      150. Білуге тиіс:

      бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды әрлеудің технологиялық режимдерін, тоқылған қайыс бұйымдарды әрлеу ережелерін, бұйымдардың тұтқалары мен шеттерін өру тәсілдерін, қызмет ету машинасында дайын аяқ киім мен дайындаманы байлау ережелерін, бөлшектер жасалған материалдардың қасиеттерін, өңделетін бөлшектер мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды, ердің қапталы өрелерінің өлшемін, температуралық әсерлерге жаба қабықшаның, жалтырақтың және аппретураның төзімділік дәрежесін, қолданылатын бояулардың, аппретуралардың, лактардың, желімдердің қасиеттерін, жуып шаю материалдарының химиялық құрамын, боялатын бұйымдармен түстес бояуларды іріктеу тәсілдерін, қолданылатын жабдықтың әрекет ету принципін, оны пайдалану мен реттеу ережелерін.

      151. Жұмыс үлгілері:

      1) бұйымдар бөлшектері – белгіленген сызықтар бойынша престе, тігін машинасында суреттерді тесу;

      2) техникалық бұйымдар бөлшектері – сызбаға сәйкес тесіктерді тесу;

      3) былғары галантерея бұйымдары (белдіктер және басқа) – бедерлеумен және жалтырақты алумен суретті түсіру;

      4) аяқ киім, былғары галантерея, қайыс-ер, қыл-щетка бұйымдары – бояу, аппретуралау, лактау;

      5) былғары галантерея бұйымдары – орап тоқу;

      6) бұйымдардың шеттері (әмиян, шилан, кішкентай әмиян және басқа) – екі және одан көп таспаларға тоқу;

      7) сырмалы, сыздықты және басқа аяқ киімдердің ұлтаны – жүріс жағында тіліктерді ашу және жабу;

      8) ұлтандар – жіппен бекіту үшін тілінген барлық беттің жиектерін нығыздау;

      9) полиуретандық ұлтандар – бекіткен соң қолмен саңылауларды бітеу;

      10) сыздықтар – ыстық инструментпен оларды жапсырумен ұштарын бітеу;

      11) тұтқалар мен белдіктер – бес және одан көп таспаларға өру;

      12) сыздықты ұлтарақтар – тік жағдайға ерінді көтеру;

      13) жаққыштың түп жағы, қыл бумасы – түбіт пен жеке қылшықтарды үйту;

      14) сым – муфель пештерінде күйдіру.

      Параграф 3. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды әрлеуші, 3-разряд

      152. Жұмыс сипаттамасы:

      тесіктердің арасындағы бірдей қашықтықты, бөлшектердің шетінен белгіленген қашықтықты, тесіктердің симметриялық орналасуын сақтай отырып, алдын ала белгілеусіз қызмет ету машинасында тесіктерді тесу жолымен бұйымдарды әрлеу, бояуды, лакты, желімді жағу жолымен дайын қайыс-ер бұйымдарын, адам жарағының бұйымдарын әрлеу;

      қызмет ету машинасында немесе қолмен тігістерді түзеу, жазу, көмкеру, желім ерітіндісін жағу, тегістеп жазу, бұдырлау;

      олардың бетін түту, кесу және қырқу жолымен, көркемдік бояу жаққыштардан басқа, щетка бұйымдары мен бояу жаққыш түйіндерінің барлық түрлерін әрлеу, қызмет ету машинасында щетка мен жаққыштан бекітілмеген талшықты кетіру;

      қыл немесе қылшықтың ұшын кеспестен жаққыштың шығыңқы бекітілмеген қылшықтарын ұстарамен бүрмелеу, сорудан соң қылшықты, қылды тегістеу;

      бөлшектер мен суреттердің сұлбасы бойынша машинада трафареттерді тесу;

      жылтырату – дөңгелек пен әшекейді домалатып және домалатпай ұлтан кесігіне анық кескін мен жылтырақ беру, былғарының бетіне иілімділік және былғарының үстіңгі бетіне азғантай тегіс жылтырақ беру үшін, барқыт пен немесе фетрмен қапталған барқыт дөңгелектерінде жұмсақ былғарыны жылтырату, былғары тінін нығыздау, былғарының бетіне жылтырақ беру және аппретура қабықшасының суға төзімділігін арттыру мақсатында машинада былғарыны жылтырату, өңделетін былғары жартылай фабрикаттың түріне байланысты машинаны реттеу және жөндеу, белбеу, сағат және жол белдіктерінен басқа, табиғи былғарыдан жасалған бұйымдарда дақтарды, жырылғанды, кесікті және басқа беттің басқа да ақауларын бояу;

      бөлшектер мен бұйымдарды бояу, лактау, тонировкалау, аппретуралау;

      белгілі бір концентрациядағы бояуларды, аппретураларды, лактарды жасау және іріктеу;

      бұйымдарды кептіру, силиконды матрицаларда бөлшектер мен бұйымдарда суретті бедерлеу.

      153. Білуге тиіс:

      бөлшектерді, бұйымдарды әрлеу әдістері мен тәсілдерін, терінің топографиясын, былғарыны жаба бояудың қасиеттерін, қажетті негіздегі, түстегі және реңдегі бояуларды іріктеу тәсілдерін және олардың қасиеттерін, фумельдер мен олардың қызу температурасын іріктеп алу ережелерін, қылшық пен қылға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, қолданылатын жабдықтың құрылысын, оны пайдалану және реттеу ережелерін, әр түрлі материалдан (агат, яшма, әйнек және басқа) жасалған жылтыратқыш білікшелердің қасиеттерін.

      154. Жұмыс үлгілері:

      1) берцы – жасырын ілгектерді қою үшін тесіктерді тесу;

      2) бұйымдар бөлшектері – суреттерді тесу;

      3) бұйымдар – суреттерді өңдеу;

      4) бөлшектер мен суреттердің сұлбасы бойынша қызмет ету машинасында трафареттерді тесу.

      Бояу:

      1) бөлшектер мен бұйымдар – шприц-аппараттың көмегімен;

      2) бұйымдардың бөлшектері – қолмен көркем бояу;

      3) аяқ киім (киілген) - ескі жабынды алдын ала жуып шаюмен, беткі ақауларын бітеу және грунтты жағумен, аяқ киімнің үстіңгі бөлігін біркелкі бояумен, ұлтан кесігін, нәлді және өкшені әрлеумен.

      Ағарту.

      Тіс щеткалары, ұстара жаққышы және басқа бұйымдар үшін қылшық.

      Жылтырату:

      1) барлық түрдегі өкшелер – ыстық фумельмен;

      2) модельдік аяқ киім ұлтанының кесігі – ыстық әдіспен.

      Суреттерді бедерлеу:

      1) аяқ киім бөлшектері;

      2) бұйымдардың былғары бөлшектері.

      Тонировкалау.

      Қатардағы аяқ киім – атаулас аяқ киімнің бөлшектерінде және жартылай жұптардың екеуінде суреттің симметриялы орналасуын қамтамасыз етумен.

      Бүрмелеу.

      Үстіңгі бөліктің бөлшектері.

      Параграф 4. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды әрлеуші, 4-разряд

      155. Жұмыс сипаттамасы:

      мамық жүнді теріден, көркемдік бояу жаққыштардан басқа түту, дайын жаққыштарды әлсіз бекітілген қылдардан тазалау жолымен аяқ киімді, табиғи мехтың барлық түрлерінен жасалған үлбір бұйымдарын әрлеу;

      тазарту, қалыптарда тегіс емес, кедір-бұдырды тегістеу;

      ажарлау станогында немесе қолмен егеумен кебелерді алу;

      бұйымдарды жасау процесінде жоғалған материал бетінің алғашқы түрін өңдеу, аппретуралау, үтіктеу, тоннировкалау және механикалық пен химиялық тәсілдермен ластануды жою жолымен қалпына келтіру;

      түсі және қалыңдығы бойынша беттің біркелкілігін, тері илеу жұмыстарының сапасын тексеру, түкті жабынды тесу, тарау және тегістеу, тегіс емес қылдар мен жіптерді қырқу, әрлемені іріктеу, даярлау және бекіту;

      жаба бояуға, бұйымдардың үстіңгі бөлігінің түсі мен реңіне байланысты бояу мен аппретураларды жасау және іріктеу.

      156. Білуге тиіс:

      бұйымдарды әрлеу бойынша операцияларды орындаудың тәсілдері мен әдістерін, әрленетін бұйымдарға қойылатын техникалық шарттарды, былғарыны жаба бояудың қасиеттерін, жуып шаю құралдарының қасиеттері мен химиялық құрамын, бояғыш заттар мен аппретураларды кептірудің технологиялық режимін, әрлеудің әр түрлі түрі үшін аспаптар мен инструментті пайдаланудың тәсілдерін, ажарлау станогының құрылысын және оны реттеу ережелерін.

      157. Жұмыс үлгілері:

      1) үстіңгі бөлігі тоқымадан және былғары алмастырғыштан жасалған модельдік аяқ киім – әрлеу;

      2) былғары үстіңгі бөлігі бар модельдік аяқ киім – тоннировкалау.

      Параграф 5. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды әрлеуші, 5-разряд

      158. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары үстіңгі бөлігі бар модельдік аяқ киімді, мамық жүнді аң терісінен жасалған үлбір бұйымдарды әрлеу, түсі мен қалыңдығы бойынша бұйымдар бетінің біркелкілігін, тері илеу жұмыстарының сапасын тексеру, түкті жабынды тесу, тарау және тегістеу, тегіс емес қылдар мен жіптерді қырқу, әрлемені іріктеу, даярлау және бекіту, ұлтанның және өкшенің жүріс және бүйір беттерінде, сыздықта әшекей сызықтарын бедерлеу.

      159. Білуге тиіс:

      жасалатын бұйымдарды әрлеу бойынша орындалатын операцияларының тәсілдері мен әдістерін, аяқ киім материалдарының қасиеттерін, бұйымдардың бүлінуінің пайда болу себептерін және жою тәсілдерін, жасалатын бұйымдарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды.

      24. Сығушы

      Параграф 1. Сығушы, 2-разряд

      160. Жұмыс сипаттамасы:

      центрифугада қой терісінен, үлбір терілерінен, жуылған зауыт жүнінен, щетка және жаққыш бұйымдарынан ылғалды сығу;

      салудың салмақ нормаларына сәйкес қолмен центрифуга барабанына салу және барабанның шеткі тұстарына сығылатын шикізатты біркелкі бөлу;

      сығылған үлбір терілерін түсіру және таяныштарға немесе штабельдеп төсеу;

      жұмыс аяқталған соң центрифуганы сумен жуып шаю.

      161. Білуге тиіс:

      центрифуганың жұмыс істеу принципін және оны пайдалану ережелерін, жартылай фабрикаттардың түрлерін, цетрифугаға салудың салмақ нормаларын, үлбір терілерін түсіру және төсеу ережелерін.

      Параграф 2. Сығушы, 3-разряд

      162. Жұмыс сипаттамасы:

      үзілбей және ажыратпай бір мезгілде олардың ауданын жазумен, созумен және сәйкесінше ылғалдаумен гидропрестерде немесе сығу машиналарында қой терісінен, үлбір терілерінен ылғалды сығу;

      сығу машинасының қысымын, біліктердің қызуын және терілердің қалыңдығына сәйкес пышақты және беру біліктерінің арасындағы саңылауды реттеу;

      жайылған күйде түкті жабынын жоғары қаратып, теріні беруші білігіне беру және механизмнің көмегімен біліктердің арасындағы саңылауға бағыттау;

      үлбір терілерінің дайындығын анықтау және оларды түсіру.

      163. Білуге тиіс:

      гидропресс пен сығу машинасының құрылысы мен жұмыс істеу принципін, тері тінінің және түкті жабынның құрылымы мен қасиеттерін, жартылай фабрикаттардың ассортиментін, сығуға дейін және одан кейін мехтық және тондық қой терісінің, үлбір терілерінің ылғалдылық нормаларын, гидропрестерде сығу кезінде – техникалық талаптарға сәйкес қысымды реттеу ережелерін.

      Параграф 3. Сығушы, 4-разряд

      164. Жұмыс сипаттамасы:

      реверсивтік жүйемен жарақталған сығу-жуып шаю машинасында бір мезгілде жуып және навалдан, ластан, репь пен консервілеуші заттардан тазалаумен үлбір терілерінің түкті жабынын сығу;

      түкті жабынды жуып шаю үшін ластану дәрежесіне байланысты ерітіндіні беруді реттеу;

      сығуды жүргізу үшін терілердің дайындық дәрежесін анықтау, машинаның жұмысын бақылау;

      транспортерге терілерді жайып төсеу;

      өңделетін терілердің түрі мен қалыңдығына, сондай-ақ түкті жабынның биіктігі мен оның тері тінімен байланыс беріктігіне байланысты тасымалдаушы, қысушы және пышақты біліктердің арасындағы қысымды реттеу;

      тасымалдаушы, қысушы және пышақты біліктердің қозғалыс жылдамдығын реттеу;

      сығуды, жуып шаюды және үлбір терілерінің түкті жабынын тазарту сапасын бақылау.

      165. Білуге тиіс:

      үлбір терілерінің түкті жабынын сығуды, жуып шаюды және тазартуды орындау ережелері мен тәсілдерін, түкті жабын мен тері тінінің құрылымы мен қасиеттерін, сығудан кейінгі үлбір терілерінің ылғалдылық нормаларын, сығу және жуып шаю машинасының құрылысын, оны пайдалану, реттеу, жөндеу және түзетуді өткізудің ережелерін.

      25. Бұйымдарды тігуші

      Параграф 1. Бұйымдарды тігуші, 1-разряд

      166. Жұмыс сипаттамасы:

      бұйымдардың элементтерін тігу бойынша жұмыстарды қолмен орындау: ілгекті торлау, түймелерді қадау, қолғаптар мен биялайларды жұптап біріктіру, жіптердің ұштарын бекіту, бастырманы үстемелеп және қыспақтап жіптермен біріктіру;

      технологиялық талаптарға сәйкес инені, аспаптарды, инструментті қолданумен немесе оларсыз қарапайым қайыс-ер бұйымдары мен адам жарағының бұйымдарын, қайыс және аршылмаған қусыру бөлшектерін тігу бойынша операцияларды орындау.

      167. Білуге тиіс:

      бұйымдардың түрлерін, бұйымдар элементтерін қолмен тігу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдері мен ережелерін, инелер мен жіптердің нөмірлерін, оларды пайдалану ережелерін, орындалатын операцияға және тігін сапасына қойылатын талаптарды, бұйымдарды тігу кезінде ақаулардың пайда болу себептерін, олардың алдын алу және жою тәсілдерін.

      168. Жұмыс үлгілері:

      Қолмен тігу:

      1) Қамыт киіз жастығының белдігіне ілгектер, тоғалар;

      2) Кекілдірікке астарлар;

      3) Шалбар және шинель белдіктеріне, жүгендерге, өмілдірікке, жүк және біріктіруші белдіктерге, терілік жапқыштарға тоғалар;

      4) Қайыс бау үшін киізді көктеу.

      Параграф 2. Бұйымдарды тігуші, 2-разряд

      169. Жұмыс сипаттамасы:

      тігін машинасында қарапайым бұйымдарды немесе бұйымдардың элементтерін тігу бойынша операцияларды орындау: кездемеден жасалған қолғаптарды, құжаттар мен кітаптар үшін мұқабаларды (кәдесыйдан басқа), шабадандар үшін қаптарды, жүк белдіктерін, жиектеме бөлшектерін, мамықшаны, бастырманы, гортты, жегу затын, былғары бұрыштарды, кедерді бұйымдардың барлық түрі үшін тұтқаларды, ұстағыштарды, әйелдер сөмкесі үшін портмоне мен әмиянды, айналар үшін футлярды, сылдырма ілгегіне ұштықтарды қайып тігу;

      бұйымдардың барлық түрлері үшін астарды, сөмкелер үшін қалтаны, бөлгіштерді, аралықты, түбін және басқа ішкі бөлшектер мен элементтерді тігу, сөмкелердің ішкі бөлшектері мен элементтерін қоса қайып тігу, үстінен қайып тігу, қайып тігу, көмкеру, торлау;

      жоғарғы шек бойынша сөмкелерді, әмияндарды және басқа бұйымдарды торлау;

      машинада ілгекті торлау, түймелерді қадау, қолғаптар мен биялайларды жұптап біріктіру;

      қолғаптарға, биялайларға, жұмсақ қалталарға резеңкені қайып тігу;

      қолмен ойыншы қалқаншасына киізді үстінен тігу, алдын ала бізбен түйреумен бұйымдарды бір инелеп қусыру;

      әр түрлі үлгідегі және сыныптағы тігін жабдығында немесе қолмен жіп тігістерімен бөлшектерді, бұйымдарды біріктіру әдісімен орта күрделіліктегі қайыс-ер бұйымдарын, адам жарағының бұйымдарын, жүк бөліктерін және брезент пен шатырлық матадан жасалған басқа бұйымдарды тігу бойынша операцияларды орындау; Жалпақ тері, резеңке, кендір, жүн, мақта-мата жетек қайысы мен ені 100 миллиметр (бұдан әрі - мм) дейінгі транспортер таспаларын, сондай-ақ желімдеуді қажет етпейтін дөңгелек, былғары белдіктерді қусыру, сырмалау, желімдеу және бекіту;

      технология талаптарына сәйкес сыруды үзбей және бос өткізбей жібі тартылған түзу тігісті, қабу жиілігі мен бөлшектердің жиектен қашықтығын қамтамасыз ету;

      машинаны реттеу;

      техникалық шарттарға сәйкес белдіктің қажетті ені, тығыздығы мен қалыңдығын алу мақсатында қайыс белдікті отырғызу және қусыру.

      170. Білуге тиіс:

      тігін машиналарының әрекет ету принципін, оларды пайдалану және реттеу ережелерін, бұйымдарды тігу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдерін және оларға қойылатын талаптарды, материалға, сортқа қойылатын техникалық шарттарды, қусыру, желімдеу, біріктіру кезінде қолданылатын материалдардың қасиеттерін, бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды, пайдаланылатын бақылау және өлшеу құралдары мен инструментті қолдану ережелері мен мақсатын, әр түрлі бұйымдарды тігуге қойылатын нормативтерді, белдіктер мен қусыруға қойылатын техникалық шарттарды.

      171. Жұмыс үлгілері:

      Қолмен тігу:

      1) ердің барлық бөлшектеріне делбелер, жүк қайыстары, горттар мен жегуліктер, делбелерге горттар мен жегуліктер, қайыстарға тоғасы мен бастырмасымен бірге горттар мен жегуліктер, қамыт жастықтарына жапқыштың ұштары, отырғыштарға күнқағарлар, артиллериялық жегу әбзелдеріне бүйір жапқыштары, табан ағаштар, балдақтар және клеванттар, пасса қайыстарына карабиндер, револьвер бауына карабиндер мен ілмектер, лейцтер, қанжыға, делбе ұштықтары, ноқта, өмілдіріктер, саптамалар, металл каркастар бөлігінде былғары қаптамалар, жастық қаптамалары, құлама қайыстарға жартылай шығыршықтар, шылбыр, подлавка қайыстарына тоғалар, ауыл шаруашылық жекпе қайыстары, мойын қайыстарына тоғалар мен шығыршықтар, ауыздықтар, ер жастықтары, ер қапталы қабаттарына астарлар, қысқа иық қайыстарына тоғалар, муфталарға жартылай шығыршықтар, қайыстарға клапандары мен қозғалмайтын бастырмалары бар тоғалар, жекпе қайыстар, арчакқа тебінгілер, жүгендер, чумбурлар, тапанша кобурасының корпусына бастырмалар, бөлшектер мен бұйымдарға бастырмалар, терліктерге балақ баулар, көшпелі және ауыл шаруашылық қамыттар - тігу;

      2) тері жапқыштары (алдыңғы және артқы бөліктер) – жиектеу;

      3) қамыт, ауыл шаруашылық жастықтарының алдыңғы және артқы біліктері - көктеу;

      4) жапқыштардың бұрыштары және корпустың түбі – тігу.

      Машинамен тігу:

      1) жүк бөлшектеріне горттар, жүк корпустарына ілмектер, корпустарға арқа жастықтар - жапсырып тігу;

      2) каркастарға горттар, жегуліктер, жүк шабадандарына тұтқалар - қайып тігу;

      3) адам жарағы бөлшектерінің жоғарғы шеті, алдыңғы шеттің жапқыштары – әдіптеу;

      4) арқа жастықтары, май шелекке қаптар - тігу;

      5) жастық қаптары және жүк шабадандарына тұтқалар – қайып тігу.

      Параграф 3. Бұйымдарды тігуші, 3-разряд

      172. Жұмыс сипаттамасы:

      тігін машиналарымен орташа күрделіліктегі бұйымдар мен бұйымдар элементтерін тігу бойынша жұмыстарды орындау, табиғи және жасанды былғарыдан жасалған қолғаптар (қолғапқа жапсырманы қайып тігуден басқа), сағаттың белбеулік қайыстарын, портмоне, шилан, әмиандар, көзілдірікке, кілттерге, тарақтарға қаптар, фотоаппараттар үшін жеңіл конструкциядағы қаптар, құжаттар мен кәдесый кітаптарына мұқабалар, бүрмеленген бокс қолғаптары;

      сөмкелерді, портфельдерді, папкілерді, аспалы сөмкелерді, карта салғыштарды тігу;

      жоғарғы бөліктің құрамдас бөлшектерін қайып тігу және қайыптамау, бұйымдардың сыртқы бөлшектері мен элементтерін әдіптеу және көмкеру;

      бақылау белгілеуінсіз бұйымдардың ішкі жағынан кедер мен сылдырма ілгекті, резеңкені қолғаптар мен биялайларға қайып тігу, Цупферлерді, клапандарды, иніштерді, қайыстарды және басқа сыртқы бөлшектерді қайып тігу, кедерді бір мезгілде төсеусіз ботанды, сынашықтарды, фальдтарды, жақтарымен қоса түпті қайып тігу (бүру), бұйымдарға орташық пен аралықты қайып тігу;

      сөмкелердің, папкілердің, портфельдердің, аспалы сөмкелердің, қолғаптар мен биялайлардың манжеттерінің, фибра қосымшаларының, хоккей шолақ дамбалдарының шетін әдіптеу және көмкеру;

      қымтаулы тігісті, бүрмені, әшекей сызықтарын, дөңес бедерлерді тігу, бізді түйреумен екі инелеп бұйымдарды қусыру, сигналдық жалаушалардың қаптарына түпті қайып тігу;

      машинамен тігілмейтін учаскелерді тігіп бітіру және бізді түйреумен екі инелеп бұйымдарды қусыру кезінде машина тігістерін бекіту;

      әр түрлі үлгідегі және сыныптағы тігін жабдығында немесе инелерді, аспаптарды, инструментті қолдана отырып қолмен жіп тігістерімен бөлшектерді, бұйымдарды біріктіру әдісімен қайыс-ер бұйымдарын, адамның керек-жарақ бұйымдарын, жүк бөліктерін және брезент пен шатырлық матадан жасалған басқа бұйымдарды тігу бойынша күрделі операцияларды орындау;

      жалпақ тері, резеңке, кендір, жүн, мақта-мата жетек қайысы мен ені 100 мм жоғары транспортер таспаларын, сондай-ақ желімдеуді қажет ететін дөңгелек, былғары белдіктерді қусыру, сырмалау, желімдеу және бекіту;

      технология талаптарына сәйкес сыруды үзбей және бос өткізбей жібі тартылған түзу тігісті, қабу жиілігі мен бөлшектердің жиектен қашықтығын қамтамасыз ету;

      тігін машинасында бірнеше қабаттап бойлата немесе фигуралы тігіспен техникалық бұйымдарды тігу және қусыру;

      техникалық шарттарға сәйкес қайыс белдіктерді отырғызу, қайыс пен қусырманың қажетті енін, тығыздығы мен қалыңдығын алу мақсатында машинамен қусыру;

      отырғызу шығыршықтарын реттеу;

      машинаны реттеу және жөндеу.

      173. Білуге тиіс:

      тігін машиналары мен жабдығының, оның ішінде былғары галантерея өндірісі үшін арнаулы тігін машиналарының құрылысын, оларды техникалық пайдалану, реттеу және жөндеу ережелерін, арнаулы аспаптардың құрылысын, оларды қолдану ережелерін, орташа күрделіліктегі бұйымдарды тігу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдерін, тігін машинасы арқылы қайыстарды өткізу бірізділігін, қайыстар мен қусыруға қойылатын техникалық шарттарды, технология және бекітілген үлгілерге сәйкес фигуралық тігулерді орындау тәсілдерін, дайын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды.

      174. Жұмыс үлгілері:

      Қолмен тігу:

      1) қанаттарға бенфуторлар, горттар, тері жапқыштарын, қамыт кранецтері, ноқталар, өмілдіріктер, жапсырмалар, жүк жегу ноқталары, айыл жүгендері, таралғы, жүк және жекпе қайыстары, көлік қайыстары, отырғыштар, алдыңғы және артқы жүктердің артпалы дорбалары, жабу айылдары, жүгендер, белкөтермелер, чумбурлар, сүйреуші және негізгі шілиялар, шілиялар - тігу;

      2) шабаданның киіз біліктері – тігу және қаптау;

      3) шығу ер жастықтарына жапқыштар, қамыттың алдыңғы біліктеріне жапқыштар, адам керек-жарағының қайыстарына клапандары бар белбеу тоғалары, шабадан түбінің аралықтары, әр түрлі белдіктерге тоғалар, корпустарға аспа қайыстар – жапсыра тігу;

      4) артиллериялық жегу әбзелдерінің біліктері – былғары және металл таяныштар мен планкалар – киізбен, ауыл шаруашылық қайыстары - орап тігу;

      5) корпус қырлары мен шабаданның жапқышын – көмкерме;

      6) шабадан корпусы жапқышының қырлары – көктеу;

      7) шабадан бұрыштары – қусыру;

      8) шабадан каркасының бұрыштары – бекіту;

      9) ердің қамыт жастықтары мен киіз бөлшектері – дайындама.

      Тігін машинасымен тігу:

      1) бүйір жапқыштары мен қамыт жастықтарының жапқышы, артпалы дорба ботандары, қанаттарға бенфуторлар, делбелерге горттар мен ұштықтар, офицер және казак ерінің және шығу жегу әбзелінің әр түрлі қайыс бөлшектері, терлік жапқыштарына жегуліктер, терлік жапқыштар, офицер ерінің алдыңғы және артқы жүктерінің қабы, алдыңғы жүктің (тең), артиллериялық жегу әбзелі жастықтарына жапқыштар, қамыт бұраулары, тачанкалық жекпе қайыстарына муфталар, ноқталар, тығыздамалар, өмілдіріктер, жүген жапсырмалары, жүгендер, таралғылар, лейцтерге тоғалар мен горттар, айылдар, пристругалар, артпалы дорбалар, жорық терліктер, үлкен және кіші жастықтар (облямовкалар), мойын жастықтары, кішкене жастықтар, ауыл шаруашылық жегу әбзелінің жекпе қайыстары, подперсьялар, иық жастықтары, жүк қайыстары, тырнақтар үшін қайыстар, айылдарға біріктіру қайыстары, көлік қайыстары, адам керек-жарағының пассалық қайыстары, дала сөмкесі және полеткалар толықтай, жүгендер, қамыт жастықтары, чумбурлар, белкөтермелер, шілиялар, белбеулер, қайыстар, қамыт жапқышына булықтар – тігу;

      2) бұйымдардың жоғарғы бөлігі – әдіптеу;

      3) былғарымен қамыт айналымдары – қаптау;

      4) дала сөмкелерінің астарлары, бұйымдарға тоға және бастырмалармен ілгекті горттар мен жегуліктер, арнаулы машинада жүк корпустарына каркастар, қамыт жастықтарына сыналар мен облямовкалар, резеңкелерге ілмектер, сөмке жақтарына корпустар мен жапқыштар, қамыттың алдыңғы біліктеріне жапқыштар, тасушы ілгектер, белдіктерге тоғалар, фигуралық тігісі бар белбеу қайыстарына қайылған тігіс және клапандары бар тоғалар, ілгекті горттары бар патрон қораптары және кобур жақтарына жапқыштар, иық қайыстар – қайып тігу;

      5) ауыл шаруашылық жегу әбзелінің әр түрлі қайыстық бөлшектері, табан ағаштар, құрама жапқыштар, тізеқаптарға шығыршықтар, бүйір жапқыштарының клапандары, таға қапшықтары, қамыт қапшығына қаптамалар, ершіктер, ершіктер горттары, кішкене тоғалар мен қанжығаларға ілгектер, алдыңғы сөмкелер, артқы және орта жақтар, артқы жақтары бар жапқыштар, кобура корпустары, бөлшектер, үстеме және аралықтағы әр түрлі өлшемдегі бастырмалар, жабу айылдары – қайып тігу;

      6) адам керек-жарағының бөлшектері – жиектеу;

      7) шабаданның корпусы мен жапқыштары – қырларын жиектеу;

      8) қайыстарға тоғалар мен шығыршықтар, қайыстарға ілмектер, қайып тігілген белдіктер, қамыт жастықтарының бұрыштары, терліктерге жапқыштардың бұрыштары, жапқыштардың бұрыштары – тігу;

      9) киізге ер қаптамасы, шарнирге ер жапқыштары, аралық қабатқа қайыстар, топсаға резеңкелер – қайып тігу;

      10) қамытбаулар мен қайыстар – есу.

      Параграф 4. Бұйымдарды тігуші, 4-разряд

      175. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машиналарында күрделі бұйымдарды тігу бойынша жұмыстарды орындау, бір мезгілде кедерді төсеумен немесе тігістерді көмкерумен қолғаптарды (жолма жолдан басқа), сөмкелерді, портфельдерді, балет қорапшаларын, папкілерді, аспалы сөмкелерді, шабадандар мен аспалы сөмкелерді - бұрышын тігетін машиналарда, шабадандарды қол, колонкалық машиналарда және таяныш тіреулері бар машиналарда;

      табиғи және жасанды былғарыдан жасалған қолғапқа жапсырманы қайып тігу;

      тігін машинасында спорт бұйымдарын тігу: қалқаншаларды, қақпашы үшін иықбаулар мен көкірекшелерді, шынтаққапты, боксшы маскаларын, велошлем мен хоккей шлемдерін, мақта-мата мотокостюмдерін, хоккей шолақ дамбалдарын, велошабандоздар, мотошабандоздар үшін қолғаптарды, снаряд қолғаптарын, боксшы грушаларын, қорғау қалқандарын;

      ойыншы қалқаншаларына чашка мен басқа бөлшектерді қайып тігу;

      спорттық бұйымдарды қолмен тігу: қаптар мен спорт доптарын, боксшы нәктерін, қорғау қалқандарын, қақпашы қолғаптарын;

      денталық әдіспен қолғаптарды қолмен тігу;

      қаптар мен спорттық доптардың тігілмейтін учаскелерін қолмен тігіп бітіру;

      әр түрлі үлгідегі және кластағы тігін жабдығында немесе инені, бізді, аспаптарды, инструментті қолданумен қолмен жіптік тігістермен шикі қусырумен былғары мен киізден жасалған қайыс-ер бұйымдарын, адам керек-жарағы бұйымдарын тігу бойынша аса күрделі операцияларды орындау, технология талаптарына сәйкес сыруды үзбей және бос өткізбей жібі тартылған түзу тігісті, ине шаншым жиілігі мен тігіс пен бөлшектердің арасындағы қашықтықтықты қамтамасыз ету;

      қолданылатын машиналарды, жабдықты және аспаптарды реттеу және жөндеу.

      176. Білуге тиіс:

      әр түрлі мақсаттағы тігін машиналарының құрылысын, техникалық пайдалану ережелерін, әр түрлі қалыңдықтағы материалдарды тігуге тігін машиналарын реттеу және жөндеу тәсілдерін, күрделі бұйымдарды, оның ішінде спорттық және қайыс-ер бұйымдарын тігу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдерін.

      177. Жұмыс үлгілері:

      Тігін машинасында тігу:

      1) қаптау түбі, отырғыштарға күнқағарлар, жүк қамытының жапқышы, офицер керек-жарағының муфталары, артиллериялық жегу әбзелінің көкірек және мойын жастықтары, рота барабандары үшін қайыстар, бір мезгілде серіппені қою және қайыстарды біріктірумен қаптар, револьвер баулары мен желбей – тігу;

      2) адам керек-жарағының бөлшектері – қол машиналарында тігу;

      3) рота барабандары үшін қайыстарға төсегі бар горттар, оқаны, бетінен қорапша мен ілгекті, қаламдар және белгілеу таянышы үшін тығыздамалар, корпусқа қалта ұяшықтары бар аралық қабаттарды, целлулоид пластиналарын планшеткалардың ботанына, файларға, корпусқа сүмбілі бастырмаларын – қайып тігу;

      4) астарлар, кобуралар, қысқа қорапшалары және қылшықты аспа бау үшін шашақтары бар (ұзын және иықтық) қайыстар – қайып тігу;

      5) рюкзактарға горттар, жегуліктер, қалталар, клапандар – қайып тігу;

      6) бір мезгілде жіптерді қоюмен рюкзактардың жоғарғы бөлігі – әдіптеу;

      7) тегіс машиналарда қалталардың бедері – қайып тігу.

      Қолмен тігу:

      1) жүк қамыты жастықтарына жапқыштар – тігу;

      2) түзу, ауыл шаруашылық ер жапқыштары мен киіз жастықтар - тігу.

      Параграф 5. Бұйымдарды тігуші, 5-разряд

      178. Жұмыс сипаттамасы:

      аса күрделі бұйымдарды тігу бойынша жұмыстарды орындау: қолғаптарды – қайып тігу машиналарында, қатты конструкциядағы футлярларды - бұрыштарды тігетін машиналарда, шабадандар мен аспалы сөмкелерді – бір мезгілде тігістерді көмкеру мен бұрыштарды тігетін машиналарда;

      тігін машиналарында спорт бұйымдарын тігу: былғары мото костюмдерін, боксшы табандарын, ойыншы, семсершілердің, қақпашының және боксшының қолғаптарын;

      қылмен толтырғаннан кейін ойыншы қолғабының жұмыр бөлігі мен қаптал тігістерін қайып тігу;

      шынтаққаптарға чашканы, ағытпалы қоныш пен амортизаторларды - ойыншының қалқаншаларына қайып тігу;

      қаптаманы және спорт доптарын тігін машинасында, қаптама мен фигуралы пішіндегі доптарды – қолмен тігу.

      179. Білуге тиіс:

      тігін машиналарының құрылысын, техникалық пайдалану ережелерін және реттеу тәсілдерін, аса күрделі бұйымдарды тігу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдерін.

      Параграф 6. Бұйымдарды тігуші, 6-разряд

      180. Жұмыс сипаттамасы:

      арнаулы тігін машиналарында және қолмен қаптаманы және ерекше мақсаттағы фигуралы пішіндегі спорт доптарын тігу.

      181. Білуге тиіс:

      ерекше мақсаттағы бұйымдарды тігу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдерін, арнаулы тігін машиналарының құрылысын, техникалық пайдалану ережелерін және реттеу тәсілдерін.

      26. Материалдарды, жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдарды қабылдаушы

      Параграф 1. Материалдарды, жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдарды қабылдаушы, 2-разряд

      182. Жұмыс сипаттамасы:

      ілеспе құжаттарға сәйкес тасымалдаумен және белгіленген құжаттама бойынша материалдарды қабылдап тапсыру бойынша қажетті есепке алуды жүргізумен қатар саны, салмағы, сапасы (сорттылығы) үлгісі, өлшемі бойынша негізгі және көмекші материалдарды, жартылай фабрикаттардың, аяқ киімнің үстіңгі бөлігі мен ұлтаншаның бөлшектерін қабылдау және тапсыру;

      өңдеуге тарату және оларды есепке алуды жүргізумен қатар жартылай фабрикаттарды, материалдар мен дайын бұйымдарды қабылдау;

      саны мен сапасы бойынша былғары зауыттарында цехтан цехқа жартылай фабрикаттарды, жүн мен қылшықты қабылдап-тапсыру. Қабылданатын жартылай фабрикаттарды, материалдар мен бұйымдарды тақтап қою.

      183. Білуге тиіс:

      негізгі және көмекші материалдардың, жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдардың, жүннің, қылшықтың түрлерін және оларды қабылдау мен тапсыру ережелерін, дайын бұйымдардың ассортиментін, үлгісін, моделін және есепке алу құжаттамасын жүргізудің ережелерін.

      Параграф 2. Материалдарды, жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдарды қабылдаушы, 3-разряд

      184. Жұмыс сипаттамасы:

      оларды тасымалдаумен, жинап қоюмен және қайта салумен қатар түрі, ассортименті, сорты, саны, ауданы (метражы), салмағы бойынша дайын бұйымдар мен былғары шикізатын, былғары жартылай фабрикаттарды, үлбір шикізаты мен үлбір терілерін қабылдау және тапсыру;

      қабылданатын бұйымдар мен материалдарға ілеспе құжаттардың сәйкестігін тексеру, оларды қабылдау мен тапсыруды қажетті құжаттармен рәсімдеу;

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес таңбалау мен буып түюдің дұрыстығын тексеру;

      консервілеу күйі мен жорашылдыққа байланысты салмақ шегерімі мен үстемесін есепке алумен қатар былғары шикізат зауыттары мен базаларында қабылдау-сорттау кезінде әрбір терінің таза салмағын (таза салмағы) анықтау;

      әрбір терінің салмақ тобын анықтау;

      былғары мен тондық және мехтық шикізаттың түрі, сорты, салмағы, ауданы, жүнділігі бойынша қабылдау өлшемдерін жазуды жүргізу;

      таңбалау үшін әрбір терінің индексін анықтау;

      әрбір топ бойынша өлшемдерді есептеу, негізгі ақауларды (тірі кезінде, түсіру, сақтау кезінде) есепке алу;

      таразы жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.

      185. Білуге тиіс:

      материалдарды, жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдарды қабылдау және тапсыру ережелерін, үлбір терілерін, былғарының, былғары жартылай фабрикаттарының, дайын бұйымдардың ассортиментін, былғары және үлбір шикізатының түрлерін, шикізаттың әрбір түрі мен тобын сипаттайтын салмағы мен өлшемдерін, өлшеудің ережелері мен дәлдігін, ақаулардың атаулары мен олардың сипаттамасын, терілерді консервілеу тәсілдерін, олардың сапасын (сорттылығын) бағалау үшін техникалық шарттарды, консервілеу тәсілдерінің әр түріндегі терілердің салмағын қайта есептеу коэффициенттерін, былғары шикізатын таңбалау ережелерін, былғары және үлбір шикізатын төлқұжаттаудың индекстік жүйесін, былғары мен үлбір шикізатының құжаттарын рәсімдеу және оларды буып түю ережелерін, мал дәрігерлік және санитарлық қадағалаудың негізгі ережелерін, тиеу және түсіру аспаптарының құрылысын, әр түрлі жүйедегі таразылар мен оларды қолдану ережелерін, таразылар жұмысындағы ұсақ ақауларды жою тәсілдерін.

      27. Бөлшектер мен материалдарды белгілеуші

      Параграф 1. Бөлшектер мен материалдарды белгілеуші, 1-разряд

      186. Жұмыс сипаттамасы:

      оларды ары қарай құрастыру кезінде әшекей сызықтарын, сондай-ақ бұйымдар бөлшектеріндегі нүктелерді (бағдарларды) лекалолар немесе шаблондар бойынша белгілеу;

      аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектерін тақтап жинау және қызмет ету машинасында немесе қолмен қабаттарды жылжытпай, шаблондағы тесіктер арқылы оларды түйреп тесу;

      бөлшектерді белгінің ұзына бойғы сызығымен ортаға дәл келтіру және бүгу.

      187. Білуге тиіс:

      бөлшектердің түрін, үлгісін, өлшемін және оларға сәйкес келетін лекалоларды немесе шаблондарды қолдану ережелерін, бөлшектерді белгілеудің тәсілдері мен орындарын.

      Параграф 2. Бөлшектер мен материалдарды белгілеуші, 2-разряд

      188. Жұмыс сипаттамасы:

      тоқыма материалдары мен былғары алмастырғыштарды трафарет бойынша, дайындаманы құрастыру үшін әшекей сызықтары мен нүктелерді (бағдарларды) бедерлеу әдісімен престерде белгілеу;

      белгіленетін материалдың түрі мен еніне сәйкес трафареттерді іріктеу;

      төсемнің жоғарғы қабатына трафаретті жаю және жылжытпай, қисайтпай бояумен, бормен бөлшектердің сызбасын төсемнің үстіңгі қабатына түсіру.

      189. Білуге тиіс:

      бөлшектер мен материалдарды белгілеу тәсілдерін, белгіленетін материалдың түрі мен еніне сәйкес трафареттерді іріктеу, қолданылатын жабдықтың құрылысын және оны пайдалану ережелерін.

      Параграф 3. Бөлшектер мен материалдарды белгілеуші, 3-разряд

      190. Жұмыс сипаттамасы:

      тоқыма материалдарын, былғары алмастырғыштарды, сондай-ақ техникалық бұйымдар үшін былғарыны трафаретсіз белгілеу, олардың тығыз орналасуын белгілеудің жапсарлас сызықтарының арасындағы қажетті қашықтықтығы, негізі және бекіту тетіктері бойынша бөлшектердің дұрыс орналасуын, белгіленген пішіннің жинақтылығы мен оның сан мен сапа бойынша тапсырмаға сәйкес келуін қамтамасыз етумен бірге материалдар төсемінің жоғарғы қабатында лекалоларды орналастыру, материалдарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.

      191. Білуге тиіс:

      лекалоларды ұтымды таратудың тәсілдері мен техникалық шарттарын және материалдарды пайдалану нормаларын, бөлшектердің түрін, үлгісін, өлшемін және оларға сәйкес лекалоларды, белгіленетін пішімнің жинағындағы бөлшектер санын, белгіленетін тоқыма материалдарының, былғары мен былғары алмастырғыштардың қасиеттерін.

      28. Материалдарды пішуші

      Параграф 1. Материалдарды пішуші, 2-разряд

      192. Жұмыс сипаттамасы:

      арнаулы аспаптардың көмегімен пішу және кесу машиналарында немесе қолмен алдын ала белгілеу арқылы қарапайым бөлшектер мен бұйымдарға материалдарды қиып пішу;

      сапасы, түсі, қалыңдығы, сорты және текстурасы бойынша пішілетін материалдарды іріктеу;

      пішілетін материалдарды неғұрлым үнемді пайдалануды, пішім сапасын, таза, тегіс қиықты қамтамасыз ету;

      пішу және кесу машиналарында кескіш инструмент пен шектегіштерді алмастыру және қайрау;

      арнаулы аспаптарды реттеу және жөндеу;

      өлшемі және түрлері бойынша кесіп пішілген бөлшектерді бумаларға немесе арнаулы қораптарға салу.

      193. Білуге тиіс:

      материалдарды пішудің ұтымды әдістері мен тәсілдерін, материалдар мен пішілген бөлшектер және бұйымдарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, материалдарды пайдалану нормаларын, қиып пішілетін бөлшектердің атаулары мен мақсатын, қызмет ету жабдығының әрекет ету қағидатын.

      194. Жұмыс үлгілері:

      1) қағаз – былғары галантерея бұйымдарының бөлшектеріне қиып пішу;

      2) қатырма қағаз – тілдік музыкалық аспаптарының үлбір камераларының дайындамасына қиып пішу;

      3) жасанды былғарылар – тілдік музыкалық аспаптардың камераларының дайындамасына қиып пішу;

      4) жасанды былғарылар - музыкалық аспаптар футлярының дайындамасына қиып пішу;

      5) табиғи былғарылар - тілдік музыкалық аспаптардың бау дайындамасына қиып пішу;

      6) былғарылар – бауларға қиып пішу;

      7) қайыс былғары, былғары алмастырғыш және тоқыма материалдары – алдын ала белгілеусіз делюжкаларға қиып пішу;

      8) қайыс былғары – қусыруға қиып пішу;

      9) коленкор – шаблондар бойынша футлярдың бөлшектеріне өңдеу, тесу және қиып пішу;

      10) былғары немесе былғары алмастырғыштардың кесіндісі – астардың, әрлеудің, бекітпенің, простилканың бөлшектеріне, техникалық және былғары галантерея бұйымдарының ұсақ бөлшектеріне қиып пішу;

      11) былғары материалдар - белгіленген ұзындық пен ендегі тігіске, бауларға, құрсауға, белдікшелерге қиып пішу;

      12) пенополиуретандық паропласттар, тін негізіндегі көбіктенген ақсөлдер, көбік кеуекті резеңке – тілдік музыкалық аспаптардың аралық қабатына қиып пішу;

      13) белдіктер – аралыққа қиып пішу;

      14) маталар – борин дайындамасына, тор және механизмдердің аралық қабатына, тілдік музыкалық аспаптардың қайыстарына қиып пішу;

      15) маталар және былғары алмастырғыштар – делюжкаларға алдын ала белгіленген сызықтар бойынша, диагональ бойынша қиып пішу;

      16) маталар – жиектемеге қиып пішу.

      Параграф 2. Материалдарды пішуші, 3-разряд

      195. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету престерінде, станоктарында, машиналарында немесе қолмен алдын ала белгілеу бойынша аяқ киімдік, былғары галантереялық, қайыс-ер бұйымдарын, музыкалық аспаптардың бөлшектерін, сызбалар және берілген өлшемдер бойынша станоктарда музыкалық аспаптардың күрделі бөлшектері үшін ағаштың бағалы түрінің шпонына орташа күрделіліктегі бөлшектерге материалдарды қиып пішу;

      қалыңдығы, сапасы, топографиялық учаскелер бойынша пішім элементтерін сұрыптау;

      үтіктеу, альбомдарға белгілеу, музыкалық аспаптардың ойық клапандарына қажетті серпімділікті беру үшін лайка жолақтарын тегістеу.

      196. Білуге тиіс:

      материалдарды пішу ережелерін, қызмет ету жабдығының және қолданылатын бақылау және өлшеу инструментінің құрылысы мен оларды пайдалану ережелерін, пішілетін материалдардың қасиеттері мен мақсатын, пішілетін материалдар мен кесіп пішілген бөлшектерге қойылатын мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттарды, пішілетін бөлшектердің түрін, мақсатын, үлгісін және өлшемдерін, комплектіде пішілетін материалдардың санын.

      197. Жұмыс үлгілері:

      1) киіз – ер, қамыт, жегу, адам керек-жарағының бөлшектеріне, польстерге, клавишті музыкалық аспаптардың фенгер және фигуралы фильцтарына пішу;

      2) былғарыдан делюжкалар – былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар үшін белдіктер мен жолақтарға пішу;

      3) қатырма қағаз, коленкор, ледерин, қағаз – жөнделген станоктарда, қатырма қағаз бен қағазды қиятын машиналарды немесе шаблондар, лекалолар мен аспаптар бойынша қолмен футляр бөлшектеріне қиып пішу;

      4) табиғи былғары – пианино контрфенгерлеріне қиып пішу;

      5) былғары – жұмысшы қолғаптары мен биялайлардың үстіңгі бөлігінің бөлшектеріне, әр түрлі белдіктерге, балалар сөмкесіне тұтқалардың қаптамасына, қолғап орамалына, белдіктер мен орап тоқудың делюжкаларына қиып пішу;

      6) былғары және былғары алмастырғыштардың кесіндісі – престе аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектеріне қиып пішу;

      7) поролон – қиып пішу;

      8) қайыс отырғызылған белдіктер – оларды жинақтаумен бірге бұйымдардың бөлшектеріне қолмен пішу;

      9) былғары – сыздықтар мен былғары цилиндрлер үшін цилиндр мен шеңберге қиып пішу;

      10) тоқыма материалдары мен былғары алмастырғыштар – аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектері мен ұлтаншасына, былғары галантереялық және қайыс-ер бұйымдарының бөлшектеріне қиып пішу;

      11) капсюльдік шұға – капсюльдер мен музыкалық аспаптардың клавиштерінің дайындамасына қиып пішу;

      12) фанера – шертпелі музыкалық аспаптардың талшықтарына, былғары галантереялық бұйымдардың бөлшектеріне қиып пішу.

      Параграф 3. Материалдарды пішуші, 4-разряд

      198. Жұмыс сипаттамасы:

      престермен, электрлік пішу пышағымен, арамен немесе қолмен алдын ала белгілеусіз орташа күрделіліктегі бөлшектерге материалдарды пішу;

      тоқыма материалдарының негізі және бекіту тетігі бойынша модельдердің дұрыс бөлінуін сақтау;

      пішу сызбасын таңдау;

      бөлшектер шығымының есебін шығару;

      артикулды, фасонды, өлшемді, басқа деректемелерді қойып шығу;

      кескіштердің ауданы мен сұлбасы, пішімнің жинақтылығы мен жұптылығы бойынша бөлшектердің дәл сәйкес келуін қамтамасыз ету;

      футлярдың сыртқы және ішкі әрлемесімен үйлескен түрде асхана күмісінің, хрусталь мен зергерлік бұйымдардың пішіні мен әрлемесіне сәйкес әрлеме материалын түсі және реңкі бойынша іріктеу;

      қолданылатын жабдықты жөндеу.

      199. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтың құрылысын, оны пайдалану және жөндеу ережелерін, материалда кескіштер мен лекалоларды ұтымды орналастыру жүйесін, жоғары күрделіліктегі футлярларды жасау технологиясын.

      200. Жұмыс үлгілері:

      1) киіз – ер, қамыт, жегу әбзелі бөлшектеріне, адам керек-жарағының бөлшектерін лекалолар бойынша пішу;

      2) былғары – балет қорапшаларының, несессерлердің, папкілердің, портфельдердің, қолғаптардың, барлық түрдегі сөмкелердің (балалардікінен басқа), әмиянның, портмоненің, шиланның, құжаттар мен кітап мұқабаларының, шылым сауыттарының, әр түрлі футлярлардың (дүрбі, кино және фотоаппараттар мен музыкалық аспаптардың футлярларынан басқа) бөлшектеріне қиып пішу;

      3) былғарылар – астарлар, тілімшелер, ұшсыз белдікшелер бөлшектері мен хром муфталарының дайындамасына, бөлгіш және айдау қайыстарына, гантиндерге қайып пішу;

      4) тоқыма материалдары мен былғары алмастырғыштар – үстіңгі бөліктің бөлшектеріне, астарына, аяқ киімнің аралық бөлшектеріне (простилкалар, түйіндер, бүйір жақтар, аяқ ұш асты, өкше асты және басқа) және былғары галантерея мен қайыс-ер бұйымдарының бөлшектеріне қиып пішу;

      5) үлбір – астарлар мен әрлеменің бөлшектеріне қиып пішу;

      6) жібек, жартылай барқыт, барқыт, түптеу, күдері маталар - футлярлардың сыртқы және ішкі әрлемесінің, бөлшектеріне, көрме зат асты мен кез келген күрделіліктегі футлярлардың тіреуіштеріне қиып пішу.

      Параграф 4. Материалдарды пішуші, 5-разряд

      201. Жұмыс сипаттамасы:

      былғарыны анағұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз етумен бірге күрделі аяқ киім, былғары галантереялық, қайыс-ер және басқа бұйымдардың бөлшектеріне престе немесе қолмен топографиялық учаскелер бойынша былғарыны қиып пішу;

      қалыңдығы, сапасы және топографиялық учаскелер бойынша былғары пішімінің элементтерін сұрыптау, олардың мақсатын анықтау;

      былғарының созылымдылық бағытына қатысты модельдердің дұрыс орналасуын сақтау;

      пішімнің жинақтылығы мен жұптылығын, таза және тегіс қиықты, кескіштердің ауданы мен сұлбасы бойынша бөлшектердің дәл сәйкес келуін қамтамасыз ету;

      футлярды пішу және әрлеу үшін шаблондар мен аспаптарды жасау;

      қолданылатын жабдықты жөндеу.

      202. Білуге тиіс:

      пішілетін материалдардың қасиетін, мақсатын және сыныптамасын, пішілетін материалдар мен пішілген бөлшектерге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, бөлшектер мен бұйымдардың түрін, мақсатын, үлгісін, өлшемін, жинақтағы бөлшектер санын, пішілетін материалда кескіштер мен лекалоны ұтымды орналастырудың тәсілдерін, материалдарды пайдалану нормаларын, футлярдағы бөлшектерді құрастыру, футлярдың әрлеме материалдарын іріктеу ережелерін, қолданылатын жабдықтың құрылысын, оны пайдалану және жөндеу ережелерін.

      203. Жұмыс үлгілері:

      1) былғары – аяқ киім ұлтаншасының бөліктеріне, супинаторлық жартылай ұлтарақтарға, былғары галантереялық бұйымдарға қиып пішу;

      2) былғары – орамалға, қолғаптарға, дүрбі, музыкалық аспаптар, кино және фотоаппараттар футлярына және спорт бұйымдарының бөлшектеріне қиып пішу;

      3) хром, юфть, жартылай қақталған былғары – қайыс-ер бұйымдары мен адам керек-жарағы бұйымдарының бөлшектеріне қиып пішу;

      4) қайыс былғары - қайыстар мен құлақбауларға қолмен пішу;

      5) былғары – былғары пішімін дәл шақтау және әрлеумен бірге күрделі пішіндегі және әр түрлі конфигурациядағы футлярлардың бөлшектеріне қиып пішу;

      6) жонарқалар, жағалар, етектер - есу жеңдерінің дайындамасына, техникалық бұйымдар үшін шеңбер мен секторларына қиып пішу;

      7) иленген материалдар мен былғары алмастырғыштар - аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектеріне, ұлтаншасына, аралық бөлшектеріне қиып пішу;

      8) тоқыма қосарланған материалдар - аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектері мен ұлтаншасына, былғары галантерея және қайыс-ер бұйымдарының бөлшектеріне қиып пішу.

      Параграф 5. Материалдарды пішуші, 6-разряд

      204. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киімнің жұбы үшін жинақтап қызмет ету пресінде немесе қолмен аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектеріне былғарыны қиып пішу;

      тері созылымдылығының бағытына қатысты модельдердің дұрыс орналасуын сақтау;

      былғары материалдарын ұтымды пайдалануды, таза және тегіс қиюды, кескіштердің ауданы мен сұлбасы бойынша бөлшектердің дәл сәйкестігін, жұптағы бөлшектердің бірдей қалыңдығы мен тығыздығын, бөлшектердегі былғарының біркелкі бояуы мен бедерін қамтамасыз ету.

      205. Білуге тиіс:

      қызмет ету престерінің құрылысын, оларды пайдалану және жөндеу ережелерін, пішілетін былғары материалдарының қасиеттері мен мақсатын, аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектері мен материалдарына қойылатын мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттарды, пішілген бөлшектерге арналған аяқ киімнің түрлерін, мақсатын, үлгісін және өлшемін, берілген үлгіде және түрде аяқ киім жинағындағы бөлшектер санын, пішілетін былғарыда кескіштерді ұтымды орналастыру тәсілдерін, былғары материалдарын пайдалану нормаларын.

      Параграф 6. Материалдарды пішуші, 7-разряд

      206. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киімнің жұбы үшін жинақтап престе немесе қолмен модельдік аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектеріне былғарыны қиып пішу;

      Терінің созылымдылық бағытына қатысты бөлшектерді дұрыс орналастыруды сақтау;

      әр түрлі түрлермен әрленген былғары материалдарын ұтымды пайдалануды, таза және тегіс қиюды, кескіштердің ауданы мен сұлбасы бойынша бөлшектердің дәл сәйкестігін, жұптағы бөлшектердің бірдей қалыңдығы мен тығыздығын, бөлшектердегі былғарының біркелкі бояуы мен бедерін қамтамасыз ету.

      207. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтың құрылысын, оны пайдалану және жөндеу ережелерін, пішілетін былғары материалдардың қасиеттері мен мақсатын, пішілетін материалдарға және модельдік аяқ киімнің бөлшектеріне қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, берілген фасон мен түрдегі аяқ киім жинағындағы бөлшектер санын, пішілетін былғарыда кескіштерді ұтымды орналастыру тәсілдерін, былғары материалдарын пайдалану нормаларын.

      29. Үлбір мен киізді арамен кесуші

      Параграф 1. Үлбір мен киізді арамен кесуші, 3-разряд

      208. Жұмыс сипаттамасы:

      екіге тілу машинасында қажетті қалыңдықта киізді кесіп екіге бөлу;

      киіздің сызықтық өлшемдері мен оның қалыңдығын мерзімдік тексеру;

      машинадан шығатын тіліндіні қабылдау және оны белгіленген тәртіпте жинап қою;

      машина жұмысын реттеу;

      таспалық пышақтарды қайрау және алмастыру.

      209. Білуге тиіс:

      қызмет ету машиналарын пайдалану және реттеу ережелерін, киіз түрлерін, дайын киіздің сапасына қойылатын талаптарды, киізді арамен кесудің технологиялық режимін.

      Параграф 2. Үлбір мен киізді арамен кесуші, 5-разряд

      210. Жұмыс сипаттамасы:

      екіге тілу машинасында терілердің былғары тінін арамен екі қабатқа тілу, былғары тінінің қалыңдығына байланысты арамен кесудің қажетті қалыңдығына машинаны реттеу және жөндеу;

      машинаның таспа пышақтарының астына терілерді жайып беру және арамен кесудің дәлдігін бақылау.

      211. Білуге тиіс:

      терілердің былғары тінінің құрылысын, былғары тінін кесу нормаларын, былғарыны өңдеудің болуы мүмкін ақауларын және олардың алдын алу және жою тәсілдерін, терілердің қалыңдығын анықтау ережелерін, екіге тілу машинасының құрылысын, оны жөндеу және реттеу ережелерін, таспалық пышақты қайрау және ауыстыру тәсілдерін.

      30. Рамаларға былғары мен қой терісін созушы

      Параграф 1. Рамаларға былғары мен қой терісін созушы, 3-разряд

      212. Жұмыс сипаттамасы:

      тілінді мен кесіндіні рамаларда біркелкі созу және оларды қысқыштардың, дөңесшелердің, шегелердің көмегімен немесе жапсырмамен әйнекке, фанераға және тағы да басқаға бекіту;

      жұмыс орнына тіліндіні, кесіндіні және желімді беру;

      тілімшелерден желімді жуып шаю, былғарыға желімді жағу;

      тілінді мен кесіндінің барлық ауданын жазу;

      рамаларды бекіту, оларды кептіргіштерге салу және одан шығару;

      рамалардан тілінді мен кесіндіні түсіру және оларды жинап қою;

      кептіргіштерде температура мен ауа алмасуын реттеу.

      213. Білуге тиіс:

      рамаларда тілінді мен кесіндіні созу тәсілдерін, былғарының қасиеттерін, өңдеуге дейін және одан соң былғары мен тіліндінің физикалық және механикалық көрсеткіштерін, кептірудің технологиялық режимін реттеу ережелерін, кептіру құрылғыларын пайдалану ережелерін.

      Параграф 2. Рамаларға былғары мен қой терісін созушы, 4-разряд

      214. Жұмыс сипаттамасы:

      жиырылуға, табандар мен былғарының шеткі учаскелерінің нашар керілуіне жол бермей қажетті керілісті сақтай отырып, жыртпай және үзбей ең үлкен пайдалы ауданды алу үшін рамаларда былғары және қой терісінің ортасынан периметрге қарай бағытта былғары және қой терісін біркелкі созу және оларды қысқыштардың, дөңесшелердің, шегелердің немесе әйнекке, фанераға және тағы да басқаға желімдеу көмегімен оларды бекіту;

      механикалық жылжымалы құрылғымен раманы терілерімен жылжыту;

      жұмыс орнына былғары мен қой терілерін беру;

      кептіргішке рамаларды былғарымен немесе қой терісімен салу, кептірудің технологиялық режимін бақылау және реттеу;

      былғарының дайындық дәрежесін анықтау, рамаларға былғары мен қой терісін салу және одан қолмен түсіру.

      215. Білуге тиіс:

      рамаларда былғары мен қой терісін созудың ережелері мен ұтымды тәсілдерін, созуға былғары мен қой терісінің даярлығына қойылатын талаптарды, жақсы сапаны және былғарының пайдалы ауданының қажетті шығымын қамтамасыз ету үшін былғарының, қой терісінің созу мүмкіндігінің дәрежесін, кептірудің технологиялық режимін реттеу тәсілдерін және былғары мен қой терісінің даярлық дәрежесін анықтау, рамалар мен кептіргіштердің құрылысын.

      Параграф 3. Рамаларға былғары мен қой терісін созушы, 5-разряд

      216. Жұмыс сипаттамасы:

      контактілі – вакуумдық және рамалық жартылай автоматты кептіргіштерде оларды қысқыштармен бекітумен және рамаға жинап қоюмен бірге былғарыны біркелкі созу және кептіру;

      басқару тетігінен кептіргішке раманы терілерімен жылжыту және ауыстыру;

      желімдеуге былғарыны дайындау, қосымша ылғалдау, ортасы бойынша жая бөлігін кесу;

      кептіргіштерге буды, сығымдалған ауаны, суды жіберу үшін вентильдерді ашу;

      қыздыру плиталарының ауданын максимал пайдалану үшін металл тілімшелерге желімделетін былғарыны ұтымды орналастыру;

      оларды циклялармен барлық аудан бойынша ажыратумен бірге ең үлкен созылымдылық бағытында қыздырылатын плитаның бетіне былғарыны желімдеу;

      қақпақтарды ашуды, жабуды және қыздыру камераларының орын ауыстыруын басқару тетігінен басқару;

      былғарыны өңдеу технологиясына сәйкес кептірудің қажетті режимін (қысымды, температураны, ұстау уақытын) күйге келтіру және бақылау мен өлшеу құралдары бойынша қадағалау.

      217. Білуге тиіс:

      былғарыны созу мен кептірудің технологиялық режимін, тері топографиясын, қолданылатын жабдықтың және бақылау-өлшегіш құралдарының құрылысын, температураны, қысымды, теріні созуды және кептіру ұзақтығын орнату және бақылау ережелерін.

      31. Материалдар мен бұйымдарды кесуші

      Параграф 1. Материалдар мен бұйымдарды кесуші, 1-разряд

      218. Жұмыс сипаттамасы:

      дискілі пышақпен немесе қолмен қайшы көмегімен материалдарды кесу.

      219. Білуге тиіс:

      материалдар мен бұйымдарды кесу әдістері мен тәсілдерін, кесуге түсетін материалдарға қойылатын талаптарды, қағаз бен қатырма қағаздың сорттары мен сапасын, теңгерімдік және гильотиндік қайшылардың құрылысын.

      220. Жұмыс үлгілері:

      1) қағаз – қағаз сапасын бақылау мен ақау парақтарды жарамсыздыққа шығарумен бірге үлбір және тілдік музыкалық аспаптардың тысқабы үшін дайындамаларға кесу;

      2) мақта – аралық қабатқа кесу;

      3) мамық жүнді аң терісі құйрығының қылы – кесу;

      4) табиғи және жасанды былғарының делюжкалары мен кесіндісі – белдіктер мен шырмауларға және басқа бөлшектерге кесу;

      5) қатырма қағаз, қағаз – сапасын бақылау мен ақаулы парақтарды жарамсыздыққа шығарумен бірге белдіктерге, аралық қабатқа, қораптарға кесу;

      6) жабағыланып қалған қыл – кесу;

      7) жиектеме, жіп, арқан – белгіленген ұзындықтағы кесінділерге кесу.

      Параграф 2. Материалдар мен бұйымдарды кесуші, 2-разряд

      221. Жұмыс сипаттамасы:

      кейіннен оларды түту және түйіндерге қолмен байлаумен бірге белгіленген өлшеммен ұзына бойы қылды, синтетикалық және басқа түрдегі талшықтарды кесу;

      механикалық қайшыларда тегіс және бүрмеленген сымды кесу;

      мамық жүнді аң терісі құйрықтарынан қылды электр машинкасымен кесу;

      кейіннен жинақтаумен дискілі машинада табиғи және жасанды былғарының делюжкаларын, қабықшаны кесу.

      222. Білуге тиіс:

      материалдар мен бұйымдарды кесудің ережелері мен тәсілдерін және олардың ассортиментін, материалдарды кесу кезіндегі ұзындыққа қойылатын шектерді, делюжкалардың берілген еніне дискілі машинаны реттеу ережелерін.

      Параграф 3. Материалдар мен бұйымдарды кесуші, 3-разряд

      223. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету станогында қайыс теріні белдіктерге, тері түтікшелерін ұшсыз белдікшелерге немесе муфташаларға белгіленген дәлдіктегі берілген өлшем бойынша кесу;

      былғары белдіктерді, оларға ұзына бойы дөңгелек кесікті берумен қатар кесу;

      пышақтарды орнату және алмастыру.

      224. Білуге тиіс:

      материалдар мен бұйымдарды кесу ережелері мен тәсілдерін, қызмет ету станогының құрылысын және оны реттеу ережелерін, жасалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды.

      32. Бөлшектер мен бұйымдарды жинаушы

      Параграф 1. Бөлшектер мен бұйымдарды жинаушы, 1-разряд

      225. Жұмыс сипаттамасы:

      желімді, мастикті, балауызды, жылтыратып өңдеу майын жағу әдісімен бөлшектер мен бұйымдарды құрастыру бойынша дайындық жұмыстарын орындау;

      желімдеу және желімдеп жабыстыру, тартпа жиектің белгіленген енін, бүгілудің анық сызықтары мен қажетті пішінді қамтамасыз ету.

      226. Білуге тиіс:

      жағу, бөлшектерді желімдеу және бекіту ережелерін, бөлшектердің, фурнитураның түрін, үлгісін, өлшемі мен мақсатын, желімдеу материалдарының қасиеттерін, жасалатын бөлшектердің сапасына қойылатын талаптарды.

      227. Жұмыс үлгілері:

      1) ұлтарақ – дайын аяқ киімге салу (желімді жақпай);

      2) аяқ киім дайындамасы – дайындаманың үстіңгі бөлігіне қорғаныш қабықшасын жағу;

      3) қалыптар – майды, парафинді, талькті жағу;

      4) табандар мен өкшелер – жылтыратып өңдеу майын немесе балауызды жағу;

      5) ұлтан – кесікке балауызды қолмен жағу.

      Желімдеу және желімдеп жабыстыру.

      Өкшеастылар.

      Желімді жағу:

      1) бүгу және бүру үшін дайындама бөлшектері;

      2) созу үшін аяқ киім ұшы мен бочоктардың бөлшектері;

      3) фликтер;

      4) доппель аяқ киімінің ұш бөлігі мен қаптама;

      5) простилкалар;

      6) дайындамадағы ұшасты;

      7) сыздықтар, сыздықтардың ұшы;

      8) сыздықты аяқ киімнің ізі;

      9) бөлшектерді көмкеру үшін жиектеме.

      Жағу және желімдеу:

      1) қайыс-ер бұйымдарының бөлшектері;

      2) футорға сыналар;

      3) аяқ киім бөлшектеріне желімдіккішкене таспалар;

      4) астараралықтар, қапталдықтар, құрсаулар, сыздық ұшының аралық шығырастылары, ілгекастылар, бекітпелер, жиектеме, тартпа және дайындаманың басқа бөлшектері;

      5) ұлтарақтарға мата;

      6) былғары, жасанды былғары мен мата бөлшектеріне поролон, қатырма қағаз, киіз, мақта, қағаз және басқа материалдар.

      Желімдеу:

      1) әр түрлі үлгідегі қуыршақ аяқ киімі – желіммен немесе шегелермен материалды бекітумен қатар, желім жағумен қағаз және тоқымамен қаптау, мақта немесе поролонды төсеумен желімдеу;

      2) қатырма қағаз бөлшектері;

      3) ұлтарақтар.

      Даяр дайындаманың үстіңгі бөлігіне желімдеу:

      1) бүйір жақтар;

      2) астарлар.

      Параграф 2. Бөлшектер мен бұйымдарды жинаушы, 2-разряд

      228. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында немесе қолмен жазумен, бөлшектерді ысқылаумен, бетін жазып тегістеумен және берік желімдеуді қамтамасыз етумен қатар желімді жағу әдісімен бөлшектер мен бұйымдарды құрастыру бойынша қарапайым жұмыстарды орындау;

      материалдар мен желімді іріктеу;

      кептіргішке бөлшектерді салу және оларды түсіру.

      229. Білуге тиіс:

      жағу және бөлшектерді желімдеу ережелерін, қолданылатын материалдар мен желімнің қасиеттері мен мақсатын, бөлшектер мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды, қызмет ету машиналарының құрылысын, оларды пайдалану және реттеу ережелерін.

      230. Жұмыс үлгілері:

      1) ұлтарақ, сірі, өкше, өкше ляписі, өкше қаптамасы, өкше платформасының (сынаның) қаптамасы – желімді жағу;

      2) ұлтан – кесікке ерітілген балауызды жағу;

      3) аяқ киімнің ізі – ыстық қарамайды жағу;

      4) ұлтарақ пен жартылай ұлтарақтар – дайын аяқ киімге желімдеу.

      Желімді жағу және желімдеу.

      1) кесінді етіп ұлтаншаға берцылар;

      2) былғарылық техникалық бұйымдардың бөлшектері;

      3) сірі, аяқ ұшы, етік алдына ұлтарақтар;

      4) аяқ киім дайындамасының бүйір жақ бетіне резеңке орамы;

      5) тартпа аяқ киімнің ізіне тоқыма простилкалар.

      Желімдеу, қаптау.

      1) ұлтарақ сыздығының ерні – машинада жиектеумен;

      2) қатырма қағаздық жүк бөлшектері – тоқымамен;

      3) ұлтарақтар, платформалар (сыналар) – барлық периметр бойынша жиектемемен немесе былғарымен.

      Іштен және сырттан желімдеу.

      Қатты конструкциялы қайыс-ер бұйымдары.

      Желімдеу:

      1) бөлшектердің шетін ыстық тәсілмен;

      2) әр түрлі материалдардан қайыс-ер бөлшектері мен бұйымдары.

      Параграф 3. Бөлшектер мен бұйымдарды жинаушы, 3-разряд

      231. Жұмыс сипаттамасы:

      желімдеу және желімдеп жабыстыру әдісімен бөлшектерді, бұйымдарды және күрделі сұлбадағы бұйымдар элементтерін: престе немесе қолмен аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің және былғарыдан жасалған техникалық бұйымдардың бөлшектерін құрастыру бойынша орташа күрделіліктегі жұмыстарды орындау;

      даяр бұйымдар мен бөлшектерді дестелеп жинау.

      232. Білуге тиіс:

      бөлшектер мен бұйымдарды желімдеу және желімдеп жабыстыруға қойылатын талаптарды, қолданылатын желімнің рецептурасын, сапасын, қасиеттерін, шоғырландыруды, шығыс нормаларын, қызмет ету пресінің құрылысын, оның қызмет ету және реттеу ережелерін.

      233. Жұмыс үлгілері:

      Желімді жағу.

      Тартпа жиектер, ұлтандар (подложкалар), ұлтан кесіктері.

      Желімді жағу және желімдеу:

      1) аяқ киімнің ізіне бекітудің барлық түрлерінің дайындамасы;

      2) шеттері бүгілген ұлтаншаға берцылар;

      3) былғары ұлтаншасына аяқ киім көлемдік дайындамасының үсті;

      4) гарнитуралар, әшекейлер және басқа фигуралы бөлшектер;

      5) машинада былғары білікшелі ұлтанға әшекейлік, ысытылған сыздықтар;

      6) оны бүрмелеумен былғарыға резеңке;

      7) берцыларға жұлықтар.

      Желімдеу:

      1) шеңберлер;

      2) тілімшелер;

      3) аралық қабаттар;

      4) белдіктер;

      5) аяқ киімнің сыздықтары;

      6) агрегаттар үшін резеңке;

      7) есу жеңдері;

      8) ажарлауыш төсем.

      Жинау.

      Амортизаторлар, бастар, қайыстар, тойтармалы қайыстар, тартпа.

      Параграф 4. Бөлшектер мен бұйымдарды жинаушы, 4-разряд

      234. Жұмыс сипаттамасы:

      сызбаларға және технологиялық карталарға сәйкес қолмен немесе престе желімдеу әдісімен былғарыдан жасалған техникалық бұйымдардың аса күрделі бөлшектерін жинау бойынша күрделі жұмыстарды орындау.

      235. Білуге тиіс:

      жинау әдістерін, былғарыдан жасалған техникалық бұйымдардың бөлшектерін желімдеуге дайындау тәсілдерін, жасалатын техникалық бұйымдардың сызбаларын оқу ережелерін, қолданылатын желімнің қасиеттері мен шоғырлануы және оның шығыс нормасын, қызмет ету жабдығының құрылысын және оны техникалық пайдалану ережелерін.

      236. Жұмыс үлгілері:

      1) буферлер, гонкалар, қамыттар – жинау, бекіту;

      2) муфталар – желімдеу;

      3) бөлгіш белдікшелер - өлшемін алу, желімдеу, жинау;

      4) есу жеңдері – желімдеу, қайып тігу және тазартумен жинау.

      33. Жоғарғы жылдамдықтағы ток құрылғыларында дәнекерлеуші

      Параграф 1. Жоғарғы жылдамдықтағы ток құрылғыларында дәнекерлеуші, 2-разряд

      237. Жұмыс сипаттамасы:

      Жоғарғы жылдамдықтағы ток (бұдан әрі - ЖЖТ) құрылғыларында полиамидтік былғары алмастырғыштар мен қабықшадан жасалған бөлшектер мен бұйымдарды дәнекерлеу және бедерлеу;

      белгіленген штамп – электродтарды орнату, құрылғы жұмысын бақылау, түсіру, түрі және түсі бойынша бөлшектерді іріктеу, дайын бұйымдарды жинап қою.

      238. Білуге тиіс:

      ЖЖТ құрылғыларында дәнекерлеу тәсілдерін, былғары алмастырғыштар мен пластиктердің түрі және қасиеттерін, бөлшектер мен бұйымдарды дәнекерлеу және бедерлеудің технологиялық режимдерін, ЖЖТ құрылғысын пайдалану ережелерін.

      Параграф 2. ЖЖТ құрылғыларында дәнекерлеуші, 3-разряд

      239. Жұмыс сипаттамасы:

      ЖЖТ құрылғыларында бір мезгілде пішумен қоса бөлшектер мен бұйымдарды жазықтық дәнекерлеу;

      бұйымдар мен әшекей элементтерін ерітіп жабыстыру;

      бөлшектердегі әрлеу сызықтары мен суреттерін тексеру;

      құрылғыларда дәнекерлеу үшін электродтар мен аспаптарды дайындау және орнату.

      240. Білуге тиіс:

      ЖЖТ құрылғыларында дәнекерлеудің технологиялық режимдерін, материал мен жұмыс түріне байланысты дәнекерлеудің технологиялық режимдерін реттеу әдістерін, дәнекерленетін материалдардың қасиеттерін, ЖЖТ құрылғыларында дәнекерлеуді орындауға қойылатын техникалық талаптарды, ЖЖТ қондырғыларын пайдалану ережелерін.

      Параграф 3. ЖЖТ құрылғыларында дәнекерлеуші, 4-разряд

      241. Жұмыс сипаттамасы:

      ЖЖТ құрылғыларында көлемді пішіндегі бұйымдарды дәнекерлеу;

      бұйымдарды көлемді дәнекерлеу үшін арнаулы аспаптарды дайындау және орнату, аспаптарға бұйымдарды салу;

      дәнекерлеудің технологиялық режимдерін бақылау және реттеу.

      242. Білуге тиіс:

      материал мен жұмыс түріне байланысты дәнекерлеудің технологиялық режимін, дәнекерленетін материалдардың қасиеттерін, ЖЖТ құрылғыларындағы дәнекерлеуге және дәнекерленген бұйымдарға қойылатын техникалық талаптарды, қолданылатын жабдықтың пайдалану ережелерін.

      34. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы

      Параграф 1. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы, 1-разряд

      243. Жұмыс сипаттамасы:

      ары қарай өндірісте пайдалану үшін және өткізу үшін жеке топтарға түрі, өлшемі, түсі, ұзындығы, жарамдылық дәрежесі бойынша материалдарды, жартылай фабрикаттар мен өндіріс қалдықтарын сорттау.

      244. Білуге тиіс:

      бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттау ережелерін, оларға қойылатын мемлекеттік стандарттарды.

      245. Жұмыс үлгілері:

      1) жасанды былғарының кесіндісі - түсі, түрі, жарамдылығы бойынша өндірісте ары қарай пайдалану үшін, былғары галантерея өндірісінде өткізу үшін топтар бойынша сорттау;

      2) былғары кесіндісі – түсі, түрі, жарамдылығы бойынша өндірісте ары қарай қолдану үшін, былғары галантереялық және аяқ киім өндірістерінде өткізу үшін топтар бойынша сорттау;

      3) былғары алмастырғыштардан кесінді және қысқа - қайыс-ер өндірісінде сорттау;

      4) қылшықтың, қылдың және мамық жүнді қыл-қыбырдың қалдықтары – қыл-щетка өндірісінде ашық реңдегі қылшық түйіндерінен қара қылды пинцетпен немесе қолмен пышақпен іріктеу, сорттау;

      5) белдіктер – техникалық бұйымдар өндірісінде ұзындығы бойынша сорттау;

      6) тор – аяқ киім және былғары галантерея өндірісінде ұсақ кесіндіні ірісінен кесу және бөлу;

      7) жіп – қыл-щетка өндірісінде іріктеу және домалақтарға орау.

      Параграф 2. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы, 2-разряд

      246. Жұмыс сипаттамасы:

      мақсаты, түрі, түсі, ені, сорты, өлшемі бойынша тоқыма материалдарын, жасанды былғарыны, былғары кесіндісін, қайыс-ер бұйымдарын, жүнді, қылды сорттау;

      стеллаждар немесе түптеріне бұйымдарды, материалдарды жинап қою;

      тапсырмаға сәйкес өндірістік партияларды іріктеу;

      белгіленген құжаттаманы толтыру.

      247. Білуге тиіс:

      былғарыны, тоқыма материалдарының, жасанды былғарының, қылдың қасиеттерін және олардың бұйымдардың түрі мен модельдері бойынша мақсатын, өндірістік партияларды іріктеудің ережелерін, белгіленген құжаттаманы толтырудың тәртібін.

      248. Жұмыс үлгілері:

      1) жылқының және сиырдың қылы – түрі, түсі, ұзындығы бойынша сорттау;

      2) былғары кесіндісі – былғарыдан техникалық бұйымдар жасау өндірісінде өлшемі мен мақсаты бойынша сорттау;

      3) тоқыма материалдары, жасанды былғары – мақсаты, түрі, түсі, ені, сорты бойынша сорттау;

      4) қыл тұтамы – түбірді түбірге қою, қоспалардан тазарту, түйіндерге байлау;

      5) былғары, шылбыр (тауарлық), жүріс қайыстары – түрі, өлшемі, қусырып тігу бойынша сорттау;

      6) қамытбаулар, құлақбаулар – нөмірлері бойынша сорттау;

      7) жүн – үлбір өндірісінде түрлері бойынша сорттау.

      Параграф 3. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы, 3-разряд

      249. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға сәйкес түрі, түсі, өлшемі, мақсаты, тығыздығы және басқа көрсеткіштері бойынша жүнді, қылшықты, қылды, үлбір кесіндісін, өсімдік тері илеу–экстрактылы шикізатты, қайыстарды, щеткаларды, бояу жаққыштарды сорттау, сорттылықты, ақауларды, жарамсыздықты есепке алу;

      қылшықтардың қатар орналасуын сақтай отырып, буманың флажок бөлігінде түбірімен орналасқан, бумаларға жинап қойылған қылшықтарды, тамырларды, қылшық-айналымдарды қолмен немесе қызмет ету машинасында металл тарақпен тегістеуге дейінгі және одан кейінгі сорттау, түбірлік және флажоктық бөліктерді қылшықтың ұсақ қылдарының бытысуынан қылшық бумасын түбір мен флажокқа көп реттік түйістірумен бірге тазарту;

      қылшықты алдын ала, бірінші және екінші сорттау;

      қызмет ету машинасында немесе қолмен жылқы қылын ұзындығы бойынша сорттау, қылшық пен қылды ұзындығы бойынша сұрыптау, машина дискісіне салынатын қылшық бумаларының санын есептеу және кейінгі қажетті өлшемге машинаны реттеумен бірге созу кезіндегі бастапқы максималды өлшемді анықтау;

      іріктеу, түйістіру, тегістеу және өлшемдері бойынша созылған қылшықты бумаларға байлау, оларды қораптарға жинап қою.

      250. Білуге тиіс:

      материалдар мен жартылай фабрикаттарды сорттау ережелерін, жүнге, қылшыққа, қылға, үлбір кесіндісіне, қайыстарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, жүннің, қылшықтың, қылдың, үлбір кесіндісінің, өсімдік негізіндегі тері илеу-экстрактылы шикізатының түрлерін, қасиеттерін, сапасын және іріктеу мен жинап қою ережелерін, дайын бумадағы аударылған қылшықтарды анықтау әдістерін, бумадағы белгіленген өлшемнен қысқа қылшық пен қылдың рұқсат етілетін мөлшерін, қызмет ету машинасының әрекет ету қағидатын және оны реттеу ережелерін.

      251. Жұмыс үлгілері:

      1) тиіннің, ешкінің қылы және мамық жүн қылының басқа түрлері – бөгде қоспаларды жоюмен, қыл тұтамын түбірімен түбірге жинап қоюмен қоса түрі, түсі, ұзындығы бойынша сорттау, бумаларға байлау;

      2) үлбір кесіндісі – түрлері бойынша сорттау;

      3) қайыстар – мақсаты, тығыздығы, қалыңдығы, түсі бойынша сорттау;

      4) емен, үйеңкі, шырша және басқа шикізат – стандартты емес шикізатты жарамсыздыққа шығарумен және шикізатты қатарлар мен вагонеткаларға тасымалдау үшін тақтап жинаумен қоса сорттау;

      5) жүн, қылшық – бөгде қоспаларды жоюмен, қылшықты бүгілген жерімен жалаушаны жалаушаға жинап қоюмен қоса түрі, түсі, өлшемі бойынша сорттау, тамырға түйістіру;

      6) щеткалар мен бояу жаққыштар – жеке бекітілмеген және шығыңқы талшықтарды жоюмен қоса мақсаты бойынша сорттау.

      Параграф 4. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы, 4-разряд

      252. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес өндірістік мақсат, түрі, сорты, қалыңдығы, тығыздығы, өлшемі және басқа көрсеткіштері бойынша былғары галантерея, қайыс-ер және үлбір өндірістерінде былғарылық материалдарды, былғары жартылай фабрикаттарды, ұсақ және орта түрдегі (мамық жүнді аң терісінен басқа) үлбір терілерін сорттау;

      былғары галантерея және қайыс-ер өндірістерінде келіп түсетін былғары материалдарының сортталу сапасын тексеру;

      қызмет ету машинасында немесе қолмен ешкі, борсық және жұмсақ қылдың басқа түрлерін ұзындығы бойынша сорттау, қылшықты ұзындығы бойынша сорттау;

      бұйымдар, материалдар партияларын өндірістік мақсат және басқа көрсеткіштер бойынша жинақтау;

      белгіленген есепке алу құжаттамасын жүргізу.

      253. Білуге тиіс:

      қасиеттерін, сортталатын шикізатқа, жартылай фабрикаттарға, материалдарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, бұйымдар, материалдар партияларын өндірістік мақсат және басқа көрсеткіштер бойынша комплектілеу ережелерін, сынамаларды іріктеу әдістерін, белгіленген құжаттаманы жүргізу және рәсімдеу тәртібін, қызмет ету машинасының құрылысын және оны жөндеу ережелерін.

      254. Жұмыс үлгілері:

      1) былғары материалдар – мақсаты, сорты, қалыңдығы, тығыздығы, түсі және басқа көрсеткіштер бойынша сорттау, былғары галантерея, қайыс-ер және үлбір өндірісінде – сапасын бақылау;

      2) мехты қой терісі және ұсақ және орта түрдегі терілер тоны (көртышқанның, су және қамба егеуқұйрықтарының, сарышұнақтың, сони-полчктің, бұзаубастың, қосаяқтың, көртышқанның, шақылдақтың, ақсары тышқанның, үй қоянының, үй мысығының, жылбысынның, лямканың, серкештің, қаратамақ торғайдың, сак-сактың, суырдың, иттің терілері) – түкті жабынның сипаты, тері тінінің қалыңдығы, сорты, өлшемі, сорттылығын анықтаумен қоса ақаулығы бойынша сорттау;

      3) белдіктер үшін былғары кесінділер – сорттау, қалыңдығы және сапасы бойынша іріктеу;

      4) былғары жартылай фабрикаттар – сапасы, мақсаты және басқа көрсеткіштер бойынша сорттау;

      5) қылшық шикізаты, қыл жартылай фабрикаты – сапасы, саны бойынша сорттау, сынамаларды іріктеу.

      Параграф 5. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы, 5-разряд

      255. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес сапасы, қалыңдығы ауданы, түсі, өндірістік мақсаты және басқа көрсеткіштер бойынша дайын былғарыны, былғары материалдарын, былғары және үлбір жартылай фабрикатын сорттау;

      аяқ киім өндірісінде келіп түсетін былғары материалдарын сорттау дұрыстығын, сапасын және олардың таңбалануын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру.

      256. Білуге тиіс:

      сортталатын бұйымдарға, жартылай фабрикаттар мен материалдарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, былғары сорттылығын анықтаудың тәсілдері мен әдістерін, дайын өнімнің кемістіктерін, олардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін.

      257. Кәсіптік орта білім талап етіледі.

      258. Жұмыс үлгілері:

      1) дайын былғары - сапасы, қалыңдығы, ауданы бойынша сорттау (сорттылығын белгілеу);

      2) былғарылық материалдар мен былғарылық жартылай фабрикаттар – мақсаты, тығыздығы, қалыңдығы, түсі және басқа көрсеткіштер бойынша сорттау және іріктеу;

      3) жонарқалар, жағалықтар, етектер, бүтін техникалық былғарылар – сорты және мақсатты тағайындалымы бойынша сорттау;

      4) мамық жүнді аң терісінің, қаракөл елтірісі түрлерінің және теңіз жануарының терілері (құндыздың, барыстың, борсықтың, тиіннің, қасқырдың, кәмшаттың, су тышқанның, ақ тышқанның, сусардың, кидустың, қарсақтың, жабайы мысықтың, аққұлақтың, қабыланның, түлкінің, қаракүзеннің, су тышқанының, ондатраның, ақ түлкінің, россомаханың, сілеусіннің, сарғыш күзеннің, бұлғынның, жолбарыстың, харзаның, голяктың, клямның, қаракөлшінің, қаракөлдің, муврдың, елтірінің, тиіннің, теңіз камшатының, теңіз мысығының, нерпаның және басқалардың) – сорттылығын анықтаумен қоса түкті жабынның сипаты, тері тканінің қалыңдығы, өлшемі, ақаулары және өндірістік мақсаты бойынша сорттау;

      5) ұсақ және орта түрдегі терілер, үлбір және тондық қой терісі – прейскуранттар бойынша сорттау және бағалау.

      Параграф 6. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы, 6-разряд

      259. Жұмыс сипаттамасы:

      иленген және боялған мамық жүнді аң терісін, қаракөл елтірісі түрлерін, теңіз жануарының терісін және терілердің санамаланған түрлерінен мех бұйымдарын және дайын былғарыны сорттау және бағалау, экспорт үшін мамық жүнді және үлбір терілерін даярлау және жинақтау;

      мамық жүнді және үлбір жартылай фабрикаты және дайын үлбір мен былғары өнімі бағалануының, сортталуының дұрыстығын тексеру;

      былғарыны сорттаудың және жинақтаудың дұрыстығын тексеру;

      сорты бойынша дайын бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды есепке алуды жүргізу.

      260. Білуге тиіс:

      дайын былғарыға, теріге және олардан жасалған бұйымдарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, мамық жүнді аң терісі мен қаракөл елтірісі түрлерін, теңіз жануары терісін және олардан жасалған үлбір бұйымдарын бағалау әдістерін, дайын үлбір және былғары өнімінің ақауларын, оларды анықтау және жою тәсілдерін, дайын былғарыны, мамық жүнді аң мен қаракөл елтірісі түрлерін, теңіз жануарының терілерін және үлбір бұйымдарын сорттау мен комплектілеудің дұрыстығын тексеру тәсілдерін.

      261. Кәсіптік орта білім талап етіледі.

      35. Былғары мен аң терісі шикізаттарын сорттаушы

      Параграф 1. Былғары мен аң терісі шикізаттарын сорттаушы, 4-разряд

      262. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары және мех шикізатын анағұрлым жоғары біліктілігі бар былғары және аң терісі шикізатын сорттаушының басшылығымен сорттау;

      терілердің қалыңдығын өлшеу және анықтау, терілердің дайын бөліктерін анықтау, жартылай пакеттерге терілерді салу және таразыға қою, терілерді таңбалау және оларды транспортерге беру;

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес түрі, сорты, салмағы, ауданы, мақсаты және басқа көрсеткіштері бойынша былғары шикізатын өндірістік партияларға жинақтау және сорттау;

      партиондық биркаларды жасау және рәсімдеу;

      былғары шикізатының жинақталған партияларын есепке алуды жүргізу.

      263. Білуге тиіс:

      былғары және үлбір шикізатын сорттау әдістерін, былғары зауыттарына тапсыру үшін өндірістік партияларды жинақтауға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, былғары және мех шикізатына қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, бақылау әдістерін, былғары және тондық шикізаттың түрлерін, консервілеу тәсілдерін, былғары және тондық шикізаттың кемістіктерін, олардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін, былғары және аң терісі шикізатына қабылдап-өткізу құжаттамасын рәсімдеу және жүргізу ережелерін.

      Параграф 2. Былғары мен аң терісі шикізаттарын сорттаушы, 5-разряд

      264. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары, ұсақ және орта түрдегі аң терісі шикізатын (көртышқанның, су және қамба егеуқұйрықтарының, сарышұнақтың, сони-полчіктің, бұзаубастың, қосаяқтың, көртышқанның, шақылдақтың, ақсары тышқанның, үй қоянының, үй мысығының, жылбысынның, лямканың, серкештің, қатамақтың, сак-сактың, суырдың, иттің терілері), мамық жүнді аң терісінен басқа, сапасы (сорты), салмағы, ауданы, жынысы, жотасы, сыныбы, ақауы, жүнділігі және консервілеу тәсілдері бойынша сорттау;

      белгіленген мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарда көрсетілген белгілер бойынша сапасын (сорттылығын), мақсатты тағайындалымы бойынша оны жинақтаудың дұрыстығын бағалау арқылы былғары және үлбір шикізатын қабылдау;

      былғары және мамық жүнді аң терісі шикізатын өндірістік партияларға жинақтау мен оны өндіріске тапсыру;

      былғары және үлбір шикізатын қабылдап-өткізуге қажетті құжаттарды рәсімдеу.

      265. Білуге тиіс:

      былғары, ұсақ және орта түрдегі мех шикізатын (мамық жүндіден басқа) бағалау және сорттау ережелерін, мақсатты тағайындалым бойынша өндірістік партиялардың сапасын (сорттылығын) бағалауға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, былғары және үлбір шикізатының сапасына қойылатын талаптарды, оның кемістіктерін және өңдеу ақауларын анықтау тәсілдерін, былғары және мехтық шикізатты сақтау және тасымалдау бойынша мал дәрігерлік және санитарлық қадағалаудың негізгі ережелерін.

      Параграф 3. Былғары мен аң терісі шикізаттарын сорттаушы, 6-разряд

      266. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес сапасы (сорттылығы), салмағы, ауданы, жынысы, жотасы, сыныбы, ақауы, жүнділігі мен консервілеу тәсілі бойынша аң терісі және тондық қой терісін, мамық жүнді және аң терісінің шикізатты, қаракөл елтірісі түрлерін, теңіз жануарының түрлерін бағалау және сорттау;

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес былғары шикізатын, тондық аң терісі және қой терісін сорттау мен жинақтау дұрыстығын тексеру;

      консервілеу күйі мен жорашылдыққа байланысты былғары және аң терісінің шикізаттың салмағына қойылатын салмақтық шегерім мен үстемені анықтау, оның кемістіктерінің және жарамсыздығының пайда болу себептерін айқындау, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды қайта жасау мүмкіндігін анықтау;

      былғары және аң терісі шикізатының сортталған партиясына тауарлық сипаттаманы жасау;

      былғары және аң терісі шикізатын өңдеудің технологиялық режимін сақтауды бақылау.

      267. Білуге тиіс:

      былғары мен мамық жүнді - аң терісі шикізатына, мамық жүнді тері мен қаракөл елтірісі түрлерінің шикізатына, теңіз жануарының терісіне, аң терісі және тондық қой терісіне қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, қолданылатын бақылау және өлшеу құралдары мен жабдықтың құрылысын және оларды пайдалану ережелерін, былғары мен мамық жүнді - аң терісі шикізаттың, теңіз жануары терісінің түрлерін және оларды алғашқы өңдеу технологиясын, былғары және аң терісі шикізатының сапасын бағалау бойынша нормативтік техникалық құжаттаманы, сапаны бақылау әдістерін, былғары мен мамық жүнді - аң терісі шикізатының өндірістік партияларын сақтау ережелерін, шикізаттың және былғары - аң терісі шикізатының өндірістік кемістіктерін және оларды айқындау мен жою тәсілдерін.

      268. Кәсіптік орта білім талап етіледі.

      36. Аппретураларды, эмульсиялар мен лактарды жасаушы

      Параграф 1. Аппретураларды, эмульсиялар мен лактарды жасаушы, 3-разряд

      269. Жұмыс сипаттамасы:

      белгіленген рецептура бойынша желімді, бояуларды, лактарды, аппретураларды, эмульсияларды жасау (дайындау) және балауызды даярлау;

      мөлшерлеу, ұнтақтау, араластырғыштарға салу, бастапқы материалдарды араластыру, алынған қоспаны езіп пісіру;

      бұйымға бояуды сынама жағуды орындау және бояу түсін эталондарға дейін жеткізу;

      алынған қоспаның әзірлігін анықтау.

      270. Білуге тиіс:

      желімнің, бояулардың, лактардың, аппретуралардың, эмульсиялардың, балауыздың рецептурасын, оларды жасау үшін қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттерін, жеке құрамдас бөліктері мен дайын ерітінділердің, желімнің, бояулардың, лактардың, аппретуралардың жарамдылығының сыртқы белгілерін, қолданылатын жабдық пен бақылау және өлшеу құралдарының құрылысын және оларды пайдалану ережелерін.

      37. Химиялық ерітінділерді жасаушы

      Параграф 1. Химиялық ерітінділерді жасаушы, 3-разряд

      271. Жұмыс сипаттамасы:

      рецептураға сәйкес ас тұзының, әк сүтінің, қоспалардың, эмульсиялардың күрделі емес химиялық ерітінділерін жасау;

      қоймадан химикаттарды алу;

      бастапқы материалдарды мөлшерлеу, еріту және араластыру, өткізілетін талдаулардың және ерітінділердің, қоспалар мен эмульсиялардың физикалық және химиялық параметрлерін есептеу негізінде түзету және оларды тұндырғыштарға, жиғыштар мен аппараттарға айдап жіберу.

      272. Білуге тиіс:

      ерітінділерді жасаудың рецептурасын, қолданылатын бастапқы материалдардың қасиеттерін, қызмет ету аппараттарына бастапқы материалдарды салу тәртібін, қолданылатын жабдық пен бақылау және өлшеу құралдарының әрекет ету қағидатын және оларды пайдалану ережелерін.

      Параграф 2. Химиялық ерітінділерді жасаушы, 4-разряд

      273. Жұмыс сипаттамасы:

      рецептураға сәйкес күлді, күлсіздендіру және жұмсарту сұйықтықтарының, лаксыздандыратын қоспалардың, пикельдік, бейтараптық және бояу ерітінділерінің, тері илейтін сөлдердің, май қоспалары мен эмульсияларының, полиуретандық қоспалардың, люстралық, формалиндік, импрегнирдік, майсыздандыру және басқа ұқсас ерітінділердің, қоспалардың, эмульсиялардың күрделі химиялық ерітінділерін жасау;

      қызмет ету аппараттарының механизмдері мен химиялық ерітінділерді жасаудың, араластырғыштар реакторларының технологиялық режимін реттеу;

      өндірістік құжаттаманы жүргізу.

      274. Білуге тиіс:

      күрделі химиялық ерітінділерді әзірлеудің рецептурасын, тәртібін және технологиялық режимін, ерітінділердің, қоспалардың, эмульсиялардың физикалық және химиялық параметрлерін түзету әдістерін, химиялық станцияларда ерітінділерді әзірлеу және оларды тұтыну орындарына механикаландырылған түрдегі беру тәртібін, қолданылатын жабдықты пайдалану және реттеу ережелерін.

      38. Былғары және үлбір шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сүргілеуші

      Параграф 1. Былғары және үлбір шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сүргілеуші, 4-разряд

      275. Жұмыс сипаттамасы:

      дайын өнімге қойылған мемлекеттік стандарттар немесе техникалық шарттармен бекітілген белгілі бір қалыңдыққа дейін барлық аудан бойынша оларды тегістеу және тері асты қабатына кертпей және жұлып алмай түзу, тегіс бетті беру мақсатында шошқа терісінен майды сүргілеу машиналарында, дискілі пышақтарда немесе қолмен былғарыдан жасалған аяқ киім, былғары галантереялық, қайыс-ер және техникалық бұйымдардың бөлшектерін сүргілеу бойынша қарапайым және орташа күрделіліктегі жұмыстарды орындау;

      сүргілеудің қажетті қалыңдығына сүргілеу машиналарын реттеу, сүргілеуден соң қалыңдық өлшегіштің көмегімен былғарының қалыңдығын өлшеу;

      пышақтарды мерзімдік қайрау.

      276. Білуге тиіс:

      былғары және мех шикізат пен жартылай фабрикаттарды сүргілеу ережелерін, шошқа терісі топографиясының ерекшеліктерін, дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, тері тінінің қасиеттерін, сүргілеу машиналарының құрылысын, оларды реттеу және пышақтарды қайрау ережелерін.

      Параграф 2. Былғары және үлбір шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сүргілеуші, 5-разряд

      277. Жұмыс сипаттамасы:

      дайын өнімге қойылған мемлекеттік стандарттар немесе техникалық шарттармен бекітілген белгілі бір қалыңдыққа дейін барлық аудан бойынша оларды тегістеу және тері асты қабатына кертпей және жұлып алмай түзу, тегіс бетті беру мақсатында дискілі пышақтарда, сүргілеу машиналарында аң терілерінің тері тінін (қымбат бағалылардан басқа), жонарқаны, шикізатқа жағалықты, етектің жағалықтырын, иленген түрдегі кесіндіні, дайын өнімді сүргілеу бойынша күрделі жұмыстарды орындау;

      қайрау пышақтарын орнату;

      сүргілеу машиналарын жөндеуге қатысу.

      278. Білуге тиіс:

      сүргілеудің ұтымды тәсілдерін және былғары және мех шикізаты мен жартылай фабрикаттардың әр түрлі түрлерінің топографиясының ерекшеліктерін, дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, былғары және үлбір шикізаты түкті жабынының қасиеттерін, сүргілеу машиналарының әрекет ету қағидатын, оны пайдалану және жөндеу, қайрақ тастарын орнату ережелерін.

      Параграф 3. Былғары және үлбір шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сүргілеуші, 6-разряд

      279. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілерінің (бұлғынның, сусардың, қаракүзеннің, құндыздың, түлкінің, қаракөлдің, ақ түлкінің, теңіз мысығының, кәмшаттың) қымбат бағалы түрлерінің былғары шикізаты мен жартылай фабрикаттарды, иленген түрдегі бүтін терінің, жонарқаның, жағалықтың барлық түрлерін сүргілеу машиналарында сүргілеу бойынша аса күрделі жұмыстарды орындау;

      сүргілеудің қажетті қалыңдығына машиналарды реттеу, оларды жөндеу.

      280. Білуге тиіс:

      былғары шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сүргілеудің ұтымды тәсілдерін, дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, былғары және үлбір шикізатының, жартылай фабрикаттардың қалыңдығының белгіленген шамаларын, сүргілеу машиналарын күйге келтіру және жөндеу ережелерін.

      39. Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептіруші

      Параграф 1. Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептіруші, 1-разряд

      281. Жұмыс сипаттамасы:

      механикалық кептіру құрылғыларында қылшықты, қылды, олардың қалдықтарын, ширатылуды, жуылған жүнді, дайын аяқ киімді, былғары галантереялық, қайыс-ер, техникалық және қыл-щетка бұйымдарын, бұйымдар бөлшектерін, жартылай фабрикаттар мен мех бас киімдерін кептіру процесін жүргізу;

      кептіру камераларына тиеу және одан түсіру.

      282. Білуге тиіс:

      механикалық кептіру құрылғыларында шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептіру ережелерін, кептіруден соң жартылай фабрикаттар мен бұйымдардың әзірлігін анықтау әдістерін.

      Параграф 2. Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептіруші, 2-разряд

      283. Жұмыс сипаттамасы:

      камералық кептіргіштерде қылшықты, қылды, олардың қалдықтарын, ширатылуды, жуылған жүнді, дайын аяқ киімді, былғары галантереялық, қайыс-ер, техникалық және қыл-щетка бұйымдарын, бұйымдар бөлшектерін, жартылай фабрикаттар мен мех бас киімдерін кептіру процесін жүргізу;

      технологиялық талаптарға сәйкес бақылау және өлшеу құралдарының көрсетуі бойынша бу мен ауаны жіберуді, температура мен ауаның салыстырмалы ылғалдығын реттеу;

      моторлардың, вентиляторлардың, калориферлердің, бу құбырының жұмысын және жартылай фабрикаттар мен бұйымдардың механикалық берілуін бақылау.

      284. Білуге тиіс:

      камералық кептіргіштерде шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептірудің технологиялық режимін, қылшықтың, қылдың, жүннің, былғары материалдарының, дайын бұйымдардың қасиеттерін, камералық кептіргіштердің құрылысын және олардың жұмысын реттеу ережелерін, қолданылатын бақылау және өлшеу құралдарының мақсатын және оларды пайдалану ережелерін.

      Параграф 3. Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептіруші, 3-разряд

      285. Жұмыс сипаттамасы:

      радиациялық кептіргіштерде қылшықты, қылды, олардың қалдықтарын, ширатылуды, жуылған жүнді, дайын аяқ киімді, былғары галантереялық, қайыс-ер, техникалық және қыл-щетка бұйымдарын, бұйымдар бөлшектері мен мех бас киімдерін, былғары және үлбір терілерін кептіру процесін жүргізу;

      кептіруден соң былғары және үлбір терілерін, қылшықты, қылды, жүнді және жартылай фабрикаттарды тіркемелерге жинап қою.

      286. Білуге тиіс:

      шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептіру тәсілдерін, радиациялық кептіргіштердің, коммуникациялардың, қолданылатын бақылау және өлшеу құралдарының құрылысын, былғарының, үлбір терілерінің, қылшықтың, қылдың, жүннің қасиеттерін, кептірудің технологиялық режимін және радиациялық кептіргіштердің жұмысын реттеу ережелерін.

      Параграф 4. Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептіруші, 5-разряд

      287. Жұмыс сипаттамасы:

      Былғарыны кептіруші ағындық жартылай автоматтық қондырғыда кептіру процесін жүргізу;

      сығу жабдығының, ажыратқыш машинаның, кептіру қондырғысының, пневматикалық қайшылардың, бақылау және өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының жұмысын бақылау;

      дистанциялық жүйенің көмегімен кептіру рамаларының қозғалыс жылдамдығын, кептіргіштегі ауаны, теріні кептіру уақытын, кептіру бөліктері бойынша температуралық және ылғалдылық режимін реттеу;

      рамаларға желімді беруді, желімді сүзуді, кептіру рамаларын жууды күйге келтіру;

      қызмет ету жабдығын жөндеу және оның жұмысындағы бұзылуларды жою;

      өңделген тері санын есепке алу.

      288. Білуге тиіс:

      кептіру жартылай автоматты қондырғының жабдығын, басқару тетігінің, қолданылатын бақылау және өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының құрылысын, әрекет ету қағидатын, оларды күйге келтіру, жөндеу және реттеу ережелерін, тері тінінің түрлері мен құрылымын, жартылай фабрикаттарды сығу, ажырату, кептіру, кесу процестерінің технологиялық сызбасын, желімнің шығыс нормаларын және оның сапасын, тері ылғалдығын анықтау әдістерін, қолданылатын жабдықтың бұзылуларының пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін.

      40. Бұйымдарды түсіруші

      Параграф 1. Бұйымдарды түсіруші, 2-разряд

      289. Жұмыс сипаттамасы:

      кептіруден соң сөмке ботанының талшығын металл қалыптардан түсіру;

      кептіруден соң ағаш қалыптардан ер отырғышын түсіру.

      290. Білуге тиіс:

      қалыптардан бұйымдарды түсіру ережелерін, талшықтарды түсіру тәсілдерін, кептіруден соң бұйымдардың дайындығын анықтау әдістерін, ат әбзелдерін жасаудың және оны атқа қиюластыру әдістерін, бұйым сапасына қойылатын талаптарды.

      Параграф 2. Бұйымдарды түсіруші, 3-разряд

      291. Жұмыс сипаттамасы:

      қайрақтан иіру жеңдерін түсіру, шегелерді кетіру және бүлдірмей қайрақтан жеңнің жабысқан бөлігін бөліп тастау;

      түсірілген бұйымдарды дестелеп жинау.

      292. Білуге тиіс:

      қайрақтан иіру жеңдерін түсіру ережелерін, бұйымдар сапасына қойылатын талаптарды, бұйымдарды жинап қою тәсілдерін.

      41. Теріні тартушы

      Параграф 1. Теріні тартушы, 3-разряд

      293. Жұмыс сипаттамасы:

      талшықтарды механикалық бөлу және теріге қажетті жұмсақтықты, иілімділікті беру үшін созу және кергіш-жұмсартқыш машинасында немесе қолмен күдеріні, лайканы, қолғап былғарысын, кесіндіні, қайыс теріні созу және жұмсарту;

      терінің түрі және дайындығына байланысты білікшелер мен топтамаларды орнату және реттеу, оларды тасымалдау.

      294. Білуге тиіс:

      күдеріні, лайканы, қолғап терілерін, кесіндіні, қайыс терілерін созу және жұмсарту тәсілдерін, тері топографиясын, терінің жеке бөліктерінің физикалық және химиялық қасиеттерін және оларды қажетті өңдеу дәрежесін, кергіш және жұмсарту машинасының тарту табандары бастарын реттеу тәсілдерін.

      Параграф 2. Теріні тартушы, 4-разряд

      295. Жұмыс сипаттамасы:

      талшықтарды механикалық бөлу, теріге қажетті жұмсақтық беру және оның ауданын ұлғайту мақсатында жұмсарту және өтетін және өтпейтін үлгідегі керу - жұмсарту машинасында терілерді (күдері, лайка, қолғап терісі, кесінді, қайыс теріден басқа) созу;

      өтілмейтін машинада тарту табандарының бастары мен топтамалардың арасындағы саңылауды реттеу;

      алдыңғы және артқы плиталардың кіру тереңдігін, тасымалдаушы төсемдердің параллельдігі мен керіліс дәрежесін, өтетін машиналарда транспортерлер қозғалысының жылдамдығын реттеу;

      теріні созу дұрыстығын және қызмет ету машинасы механизмдерінің жұмысын бақылау;

      таяныштарға, тіркемелерге немесе түптеріне жартылай фабрикаттарды төсеу;

      транспортерді ұсақ жөндеу.

      296. Білуге тиіс:

      теріні созу тәсілдерін, созуға дейін және одан кейін оған қойылатын талаптарды, терінің өндірістік кемістіктерін және оларды жою тәсілдерін, жұмсарту мен өтетін және өтпейтін үлгідегі кергіш және жұмсартқыш машиналардың құрылысын, қызмет ету машиналары мен транспортерді реттеу және пайдалану ережелерін.

      42. Былғарылық, аң терісі бөлшектері мен бұйымдарды ылғалдаушы

      Параграф 1. Былғары, аң терісі бөлшектері мен бұйымдарды ылғалдаушы, 1-разряд

      297. Жұмыс сипаттамасы:

      сумен ылғалдау қондырғыларында немесе тампонның, губканың, щетканың, жаққыштың көмегімен қолмен аң терісі бөлшектерін, түсімін, кесіндіні, аяқ киімнің бөлшектерін, былғары галантерея, қайыс-ер және теріден жасалған техникалық бұйымдарды, аяқ киімнің дайындамасы мен тігістерін ылғалдау және күнге қақтау;

      ылғалдаудан соң терілерді есептеу.

      298. Білуге тиіс:

      тері бөлшектерін, түсімін, кесіндіні, аяқ киімнің бөлшектерін, былғары галантерея, қайыс-ер және теріден жасалған техникалық бұйымдарды ылғалдау және күнге қақтау тәсілдерін, ылғалдау операциясын орындау кезінде былғары, үлбір бөлшектері мен бұйымдарының ақауларын жою тәсілдерін.

      Параграф 2. Былғарылық, аң терісі бөлшектері мен бұйымдарды ылғалдаушы, 2-разряд

      299. Жұмыс сипаттамасы:

      күнге қақтаумен қоса гидропульттің, бүріккіштің, тампонның, губканың, щетканың көмегімен сумен терілерді ылғалдау, тері тініне бояу, эмульсия ерітінділерін бүріккішпен және щеткамен жағу жолымен үлбір терілері мен бұйымдарын ылғалдау;

      ерітінділер мен эмульсияларды әзірлеу;

      ылғалдың біркелкі бөлініп таралуы үшін былғары мен үлбір терілерін дестелеп жинау.

      300. Білуге тиіс:

      ылғалдау, күнге қақтау және ерітінділер мен эмульсияларды жасау ережелерін, ылғалдың біркелкі бөлініп таралуы үшін былғары мен үлбір терілерін дестелеп жинау тәсілдерін.

      Параграф 3. Былғары, аң терісі бөлшектері мен бұйымдарды ылғалдаушы, 3-разряд

      301. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары мен үлбір жартылай фабрикаттарын ылғалдау камераларында, ванналарда, дымқыл ағаш үгінділерінде, оларды салумен және жинап қоюмен қоса ылғалдау, ылғалданған былғары және үлбір шикізаттарын алу мен түсіру, арнаулы ылғандандыру камерасында бу және ауа қоспасымен аяқ киімнің дайындамасы мен бөлшектерін ылғалдау;

      ылғалдау камераларына бу, су мен ауаның келуін бақылау және өлшеу құралдары бойынша реттеу;

      ванналарда ылғалдайтын ерітінділерді әзірлеу.

      302. Білуге тиіс:

      былғары және үлбір жартылай фабрикаттарын ылғалдаудың технологиялық режимін, ылғалдаудан соң жартылай фабрикаттарға қойылатын талаптарды, ылғалдайтын ерітінділерді әзірлеу рецептурасын, бақылау және өлшеу құралдары бойынша ылғалдау камераларын реттеу мен қызмет көрсету ережелерін.

      Параграф 4. Былғары, аң терісі бөлшектері мен бұйымдарды ылғалдаушы, 4-разряд

      303. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары және үлбір жартылай фабрикаттарын өтетін үлгідегі ылғалдау машиналарында және басқару тетігімен жарақтандырылған ылғалдау камераларында ылғалдау;

      ылғалдаудың технологиялық режимін транспортердің қозғалыс жылдамдығын, берілетін судың мөлшері мен температурасын, желімді жуу үшін былғары жартылай фабрикаттарына алдыңғы және артқы щеткаларын қысу мен саңылау шамасын, бу, су, ауаның келіп түсуін реттеу жолымен орнату;

      ылғалдау камерасының басқару тетігі бойынша қызмет көрсету;

      ылғалданған жартылай фабрикаттарды органолептикалық бақылау;

      былғарыны су өткізбейтін материалдармен жабу.

      304. Білуге тиіс:

      өтетін үлгідегі ылғалдау машиналары мен ылғалдау камераларында былғары және үлбір жартылай фабрикаттарын ылғалдау технологиясын, ылғалдауға дейін және одан кейін былғары және үлбір жартылай фабрикаттарының сапасына қойылатын талаптарды, өтетін үлгідегі ылғалдау машиналарының және ылғалдау камералараның құрылысын және оларды пайдалану ережелерін, ылғалданған былғары және үлбір жартылай фабрикаттарын органолептикалық бақылау әдістерін.

      43. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы

      Параграф 1. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 1-разряд

      305. Жұмыс сипаттамасы:

      тегістеу, жазу, бұйымның бұрыштары мен тігістерін шырғалау, өң бетін немесе терісін айналдыру жолымен қызмет ету машинасында, электрмен қыздырылатын тегістеуіштер немесе арнаулы аспаптардың көмегімен қолмен бөлшектер мен бұйымдарды қалыптау;

      бөлшектерге, бұйымдарға, қажетті пішінді беру;

      тегістеуіштерді қыздыру температурасын реттеу.

      306. Білуге тиіс:

      бөлшектер мен бұйымдарды қалыптау ережелерін, қалыптанатын бөлшектер, бұйымдар жасалған материалдардың қасиеттерін, бөлшектердің, бұйымдардың түрін, үлгісін және өлшемдерін, аяқ киімнің дайындамасында сірінің орналасуын, қызмет ету жабдығын пайдалану және тегістеуіштердің қызу температурасын реттеу ережелерін.

      307. Жұмыс үлгілері:

      1) сыздықты ұлтарақтың ерні, ұлтарақтың ерніне бекітілген сыздық – машинада шырғалау, тегістеу–түзету;

      2) аяқ киім дайындамасы өкше бөлігінің қыры – балғамен қолмен қағу, өкшені отырғызу ақауларын жою;

      3) жұмсақ материалдардан жасалған бөлшектер мен бұйымдар – бұрап шығару және қолмен қалыптау;

      4) аяқ киімнің төменгі бөлігінің тері бөлшектері (табан, ұлтарақ, сына) – балғамен қағу;

      5) ортопедиялық аяқ киімнің қатты бөлшектері – престерде қалыптау;

      6) аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің дайындамасы – сіріні желімдеуге дейін және одан кейін өкше бөлігін машинада жазу;

      7) спорт доптарының камералары мен қабы – жұмсарту, олардан ауаны қысып шығару;

      8) қолғаптар – қолғаптың бармақтарын пресс астына қою;

      9) сандал аяқ киімінің сыздықтары – сыздықтардың ұшын біреуін екіншісіне (шырғалаумен қоса) және дайындаманың тартпа жиегіне (табанды қайып тіккеннен соң) қысу;

      10) қолғаптар – правилдерде қалыптау, пресс астына қою.

      Параграф 2. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 2-разряд

      308. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында матрицалардың көмегімен, престерде қыздырумен және қыздырусыз, сондай-ақ қолмен рамкаларда, қалыптарда бөлшектер мен бұйымдарды қалыптау;

      бөлшектерге парафинді немесе машина майын жағу;

      бөлшектерге қажетті пішінді беру;

      қалыптанған бөлшектердің тұрақтылығын және қалыптанған бөлшектің кескінін қалыптың кескініне дәл сәйкестігін қамтамасыз ету;

      бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимін сақтау;

      бөлшектер мен бұйымдарда әжімдер мен қыртыстардың пайда болуының алдын алу;

      бөлшектер мен бұйымдарды белгіленген ылғалдылыққа дейін кептіру.

      309. Білуге тиіс:

      бөлшектер мен бұйымдарды қалыптауды орындаудың технологиясын, дайын бұйымдарға қойылатын техникалық шарттарды, бөлшектер мен бұйымдар жасалған материалдардың қасиеттерін, бөлшектердің түрін, үлгісі мен өлшемдерін, оларға сәйкес келетін матрицаларды, қалыптарды, рамкаларды, бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимін, қолданылатын жабдық пен жарақты пайдалану және реттеу ережелерін.

      310. Жұмыс үлгілері:

      1) бөлшектер (қалталар, клапандар, сыналар, тұтқалар, жақтар, бұрыштар, әшекейлік бүрмелер) және былғары галантерея бұйымдары – электрмен қыздырылмайтын машиналарда немесе қолмен қалыптау және бұрап шығару;

      2) аяқ киімнің бөлшектері (бөлшектер мен дайындамалардағы сірі мен ұшастылар) – машинада қалыптау;

      3) қатты материалдардан жасалған бөлшектер мен бұйымдар – машинада немесе қолмен терісін немесе өң бетін айналдыру;

      4) жұмсақ материалдардан жасалған бөлшектер - машинада теріс немесе өң бетін айналдыру;

      5) аяқ киімнің төменгі бөлігінің бөлшектері – машинада матрицалардың көмегімен немесе қолмен қалыптау;

      6) аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің дайындамасы – айналдырумен және астар жағына оны бүгумен қоса көмкермені шырғалау, дайындаманың бүйір жақ қырларын және тартпа жиегін балғамен қағу;

      7) доппель және сандал әдістерімен бекітілген аяқ киім – созу және оны табанға тығыз қысумен бірге дайындаманың тартпа жиегін пластиналармен сығу;

      8) былғары үстіңгі бөлігі бар аяқ киім – ыстық ауамен қалыптау;

      9) айналма аяқ киім – қалыптарда қалыптау;

      10) былғары қолғаптар – машинада немесе қолмен теріс немесе өң бетін айналдыру;

      11) тартылған аяқ киімнің ізі – машинада өкше және ұш бөліктерін қалыптау, тартпа тексті бір мезгілде бүгумен қатар аяқ киім ізінің қырларын түйіндерде және переймаларда қағу;

      12) сыздықты ұлтарақтар – машинада аяқ киімнің сыздығы бойынша жасанды ерін мен тігістерді қалыптау.

      Параграф 3. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 3-разряд

      311. Жұмыс сипаттамасы:

      ыстық матрицалардың көмегімен престерде, ыстық тегістеуіштерде, гидравликалық престерде металл шаблондардың, қысу қалыптарының көмегімен машинада немесе қолмен бөлшектер мен бұйымдарды қалыптау;

      бөлшектерге, олар жасалған материал мен тігістерді бүлдірмей, қажетті пішінді беру;

      бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимін сақтау және оны реттеу;

      материалды қисайтпай және күйдірмей, қалыптанған бөлшектердің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

      қолданылатын жабдықты дайындау: бөлшектердің фасоны мен өлшемдеріне сәйкес қалыптарды, металл шаблондарды, тегістеуіштерді іріктеу;

      пресс–қалыптарға бөлшектерді, бұйымдарды салу және қалыптау аяқталған соң түсіру;

      пресс–қалыптарды бөлшектеу.

      312. Білуге тиіс:

      бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимі мен әдістерін, қалыптанатын бөлшектер мен бұйымдардың түрлерін, конструкциясын, өлшемдерін және оларға сәйкес келетін матрицаларды, шаблондарды, тегістеуіштерді бөлшектер мен бұйымдар жасалған материалдардың қасиеттерін, қолданылатын жабдықты пайдалану ережелерін.

      313. Жұмыс үлгілері:

      1) етіктің қоныштары – тігістерді бүлдірмей және оларды шырғалаумен ыстық тегістеуіштерде тегістеп жазумен қоса машинада немесе арнаулы аспаптардың көмегімен қолмен айналдыру;

      2) былғары галантерея бұйымдарының бөлшектері (шабадандардың корпустары, жапқыштары, қатырма қағаз дайындамалары) – престерде немесе металл қалыптарда қолмен немесе рамкаларда қалыптау;

      3) қайыс-ер бұйымдарының бөлшектері – ыстық тәсілмен матрицалардың көмегімен престе немесе қолмен қалыптау;

      4) үй және гимнастикалық туфлилердің дайындамасы – машинада немесе арнаулы аспаптардың көмегімен қолмен айналдыру және қалыптау;

      5) модельдік аяқ киімнің дайындамасы – машинада өкше бөлігін қалыптау;

      6) былғары және былғары қатырма қағаз сірілер – металл шаблондар мен қысу қалыптарының көмегімен қалыптау;

      7) құрастырылған былғары өкшелер – металл шаблондар мен қысу қалыптарының көмегімен қалыптау;

      8) аяқ киім - өкшені орнату және өкше бөлігіндегі тартпа жиектің қырына анықтық беру үшін өкше бөлікті алдын ала қалыптау;

      9) қолғаптар – электрмен қыздырылатын тегістеуіштерде оларға алдын ала парафин немесе машина майын жағумен қоса қалыптау;

      10) былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар (тілімшелер, белдіктер, мақта тазалау машиналарының білікшелері үшін дискілер және басқалар) – гидравликалық престерде және қолмен белгілі бір температурада бұйымдар дайындамаларына әр түрлі заттарды сіңіру және іріктеумен қоса қалыптау.

      Параграф 4. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 4-разряд

      314. Жұмыс сипаттамасы:

      технологиялық режимге сәйкес престер мен қалыптарда бөлшектерді, бұйымдарды қалыптау;

      престі әзірлеу, қалыптарды іріктеу, будың қысымы мен плиталардың температурасын бақылау;

      қалыптарды бөлшектеу;

      аяқ киім жұлқысының үстіңгі бөлігін, термостатта оны қыздырумен бірге, алдын ала қалыптау;

      сәйкес келетін үлгі мен өлшемдегі қалыптарға аяқ киім дайындамасын кигізу;

      қисайтпай және тігістерді бүлдірмей, қалыпта дайындаманың қажетті орналасуын, дайындама материалын қажетті созуды қамтамасыз ету, дайындамаға аяқ киім қалыбының үлгісін беру, тексті қағу.

      315. Білуге тиіс:

      бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимін, оны реттеу тәсілдерін, дайындамалар мен бұйымдардың, қалыптардың түрін, үлгісін, конструкциясын және өлшемдерін, бөлшектер мен бұйымдар жасалған материалдардың қасиеттерін, бөлшектер мен бұйымдарды қалыптауға қойылатын талаптарды, қолданылатын жарақтың түрлері мен мақсатын, қолданылатын жабдықты техникалық пайдалану ережелерін.

      316. Жұмыс үлгілері:

      1) аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің термоиілімді сірісімен, қойылған ұшасты және сірімен бірге дайындамасы – қалыптау;

      2) тартпа және тігу-желімдеп бекіту әдістерінсіз аяқ киім дайындамасы – қалыпта қалыптау;

      3) былғары және былғары қатырма қағаз сірілері – жартылай автоматта және автоматта қалыптау;

      4) тартпа жиек және аяқ киімнің бүйір жақ қыры - "Анклепф" машинасында қағу;

      5) юфть аяқ киімі – машинада аяқ ұшы мен өкшені қалыптау;

      6) былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар (сыналар, бастырмалар, жағалар, манжеттер, қамыттар) – гидравликалық престерде немесе қолмен суда белгілі бір температурада бұйымдар дайындамаларына әр түрлі заттарды сіңіру және іріктеумен қоса қалыптау;

      7) тубустар және футлярлардың басқа бөлшектері – престерде қалыптау.

      Параграф 5. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 5-разряд

      317. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киім дайындамасын және былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар бөлшектерін престерде немесе қалыптарда қалыптау;

      олардың пуансонға тығыз жатуын қамтамасыз етумен бірге дайындаманың тартпа әдібі мен сіріні сақтаумен қоса аяқ киімнің дайындамасын пуансонға орнату, оларды пуансонға қатысты ортаға дәлдеу;

      қалыпты престеу және гелендік бөлікті қалыптау;

      бір мезгілде шершеваттаумен қоса аяқ киімнің ұшы мен өкше бөліктерін, ПЛКО желісінде жасалатын аяқ киімнің өкше бөлігін (ПЛКО - аяқ киімге арналған қалып), ортопедиялық аяқ киім бөлшектерін қалыпта қалыптау, бөлшектерді тарту және оларды қалыпқа бекіту, бөлшектерге қажетті пішінді беру үшін қалыпта ұстау;

      қалыптанған бөлшектердің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

      белгілі бір температурада былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар дайындамаларына әр түрлі заттарды сіңіру және іріктеу;

      қалыптарды іріктеу, оларды преске орнату;

      будың қысымын және плиталардың температурасын бақылау;

      пресс–формаға бұйымдарды салу және қалыптау аяқталған соң оларды түсіру;

      пресс-қалыптарды бөлшектеу.

      318. Білуге тиіс:

      бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимін, қалыптанатын бөлшектер мен бұйымдардың түрін, өлшемін, конструкциясын, олар жасалған материалдардың қасиеттерін, қолданылатын жабдықтың құрылысын және оны пайдалану ережелерін.

      319. Жұмыс үлгілері:

      1) былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар (сыналар, бастырмалар, манжеттер, жағалар, тілімшелер, қайыстар, қамыттар, мақта тазалау машиналары білікшелерінің дискілері) – престер-жартылай автоматтарда, ыстық және суық штамптарда, майды қолданумен қолмен қалыптау;

      2) қалыптанған түйіндер мен бөлшектерден жасалған аяқ киім – сірілер мен аяқ ұштылар қойылған дайындаманың өкше және ұш бөліктерін қалыптау.

      44. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тазалаушы

      Параграф 1. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тазалаушы, 1-разряд

      320. Жұмыс сипаттамасы:

      былғарыны шаңнан щеткамен, тампонмен немесе матамен қолмен тазалау, аяқ киімнің төменгі бөлігінің бөлшектерін, дайындама мен дайын аяқ киімді, қалыптарды шаңнан, ластан, желім қалдықтарынан жуу құралдарын қолданумен не оларсыз қызмет ету машинасында немесе щеткамен не болмаса шұғамен қолмен тазалау, дайын үлбір терілері мен бұйымдарын тарамай және қырықпай щеткалы немесе пневматикалық машинада, оның бүтіндігін сақтаумен қоса түкті жабынға тазалықты, шашыраңқылықты беру үшін шаң мен ағаш үгінділерін қағу жолымен үлбір терілері мен бұйымдарын қолмен тазалау;

      қызмет ету машинасында немесе инструменттің көмегімен қолмен ұлтарақтан және тартылған аяқ киімнің тартпа жиегінен шегені, қапсырма шегені, тарақшаларды, тексті жою, етік пен жартылай етіктің сірісінен тексті, саптама шегелердің қырларын түзулеу.

      321. Білуге тиіс:

      былғарыны тазалау бойынша жұмыстарды орындау ережелерін, шегелерді, қапсырма шегелерді, тарақшаларды, тексті жою тәсілдерін, қолмен үлбір терілерін шаңнан қағу тәсілдерін, қолданылатын жабдықты пайдалану ережелерін.

      Параграф 2. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тазалаушы, 2-разряд

      322. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында немесе қолмен терілерді күдерінің түктерін көтерумен және шаң мен ағаш үгінділерін жоюмен, дайын үлбір терілерін ұрғылау, пневматикалық немесе щеткалық машиналарда терілерді машинаға жайылған түрінде берумен қоса тазалау және әр түрлі бағытта көпреттік жылжыту мен оларды өңдеу, шегелердің, винттердің, қапсырма шегелердің, шпилькалардың қайырылмаған ұштарын бүгу, кесу немесе жою жолымен ұлтарақтардың, табандардың, шолақ ұлтаншалардың, өкшелердің беттерін өңдеу;

      етіктер мен юфттің ішін шегелермен қағу;

      машинада тері тіні жағынан мехтық қағу, тегіс емес қылды қырқумен, түтумен және бұйымдардың түкті жабынын қолмен щеткамен тегістеп жазумен қоса мех және тондық қой терісі бұйымдарының түкті жабынын тазалау және тарау.

      323. Білуге тиіс:

      бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тазалау бойынша жұмыстарды орындау ережелерін, өңдеуге дейін және одан кейін жартылай фабрикаттар мен бұйымдарға қойылатын техникалық талаптарды, мех және тондық қой терісі бұйымдарының тері тіні мен түкті жабынның құрылымын, мех және тондық қой терісі бұйымдарының түкті жабынын тарау тәсілдерін, қызмет ету машиналарының құрылысын, оларды пайдалану ережелерін.

      Параграф 3. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тазалаушы, 3-разряд

      324. Жұмыс сипаттамасы:

      мотовариатормен жарақтандырылған щеткалы шаңсыздандыратын машинада түкті көтерумен немесе онсыз былғары жартылай фабрикатты тазалау және шаңсыздандыру;

      таспалы транспортерге терілерді жайып беру;

      транспортер қозғалысының жылдамдығын, щетка біліктерінің айналуын, щеткалы машинаның таспалы транспортері мен щетка біліктері арасындағы саңылауды жартылай фабрикаттың қалыңдығына байланысты реттеу;

      машина жұмысының оңтайлы режимін таңдау: сору вентиляциясының қуаттылығын, шаңсыздандыру бастарына берілетін ауа қысымын;

      созып кигізетін транспортер таспаларын реттеу;

      ауаның өтуі үшін үстіңгі және төменгі тесіктерді, ауа сүзгісін, щеткаларды тазалау;

      сору қысымын және ауа беруді реттеу.

      325. Білуге тиіс:

      былғары жартылай фабрикатты тазалау бойынша жұмыстарды орындау ережелерін, өңдеуге дейін және одан кейін жартылай фабрикатқа қойылатын талаптарды, щеткалы шаңсыздандыру машиналарының құрылысын, оларды пайдалану, күйге келтіру, жөндеу ережелерін.

      45. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды ажарлаушы

      Параграф 1. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды ажарлаушы, 2-разряд

      326. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киімнің төменгі бөлігінің қарапайым бөлшектерін, ұсақ үлбір терілерінің былғары тінін қызмет ету машинасында, шабер станогында немесе қолмен тегістеу, тазалау.

      327. Білуге тиіс:

      аяқ киімнің төменгі бөлігінің қарапайым бөлшектерін, үлбір терілерін тегістеу тәсілдерін, тері тіні мен түкті жабынның құрылымы мен қасиеттерін, ажарлауға келіп түсетін үлбір терілері мен аяқ киімнің бөлшектеріне қойылатын талаптарды, ажарлау тәсілдерін, қызмет ету машинасы мен шабер станогын пайдалану ережелерін.

      Параграф 2. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды ажарлаушы, 3-разряд

      328. Жұмыс сипаттамасы:

      терілерді, орташа түрдегі мех қой терісінің және ірі үлбір терілерінің тері тінін, аяқ киімнің төменгі бөлігінің орташа күрделіліктегі бөлшектерін, былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар мен бөлшектерді техникалық шарттар мен орындау технологиясына сәйкес қызмет ету машинасында, ажарлауыш шарығында немесе қолмен тегістеу, тазарту;

      ажарлауыш шарықтар мен қағазды іріктеу, машина біліктерін қаптау.

      329. Білуге тиіс:

      бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды ажарлау және тазарту ережелерін, өңделетін терілердің топографиясын, қызмет ету машинасы мен аспаптарды пайдалану ережелерін, ажарлауыш шарықтарын іріктеу және біліктерді қаптау ережелерін.

      330. Жұмыс үлгілері:

      1) бөлшектер және техникалық бұйымдар – машинада немесе қолмен ажарлау;

      2) өкше, сірі, ұш асты – машинада тегістеу;

      3) орта құрастырма былғары өкшелер – машинада тегістеу;

      4) унт сыналары – машинада тегістеу;

      5) былғары жартылай фабрикаттар – машинада тері асты қабаты бойынша тегістеу;

      6) табанның кесіктері – машинада тегістеу;

      7) түсіруден соң желімдік табандардың гелендік крокульдік бөліктері – машинада тегістеу;

      8) үлбір терілері – бөлшектеу машинасында немесе ажарлауыш шарығында тегістеу, тазарту.

      Параграф 3. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды ажарлаушы, 4-разряд

      331. Жұмыс сипаттамасы:

      былғарының өң бетін, тіліндіні, қымбат бағалы үлбір терілерінің тері тінін қызмет ету машинасында, қапсырмада, шаберде, пемзамен қолмен тегістеу;

      лак былғары өндірісінде былғарыға жағылған және кептірілген грунт қабатын немесе лакты тегістеу;

      былғары мен терілерді беру және ажарлауыш немесе пышақ біліктерінің астында оларды біртіндеп жылжыту;

      ажарлауыш–шаңсыздандыру машинасынан терілерді түсіру және тегістеу;

      былғарылардың, терілердің қалыңдығына және беткі кемістіктер мен бүлінулердің тереңдігіне байланысты біліктердің арасындағы саңылауды реттеу;

      абразивтік таспаларды іріктеу және ауыстыру, қапсырманы туралау.

      332. Білуге тиіс:

      бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тегістеу технологиясын, қызмет ету машинасы мен аспаптардың құрылысын, оларды реттеу ережелерін, өңдеуге келіп түсетін жартылай фабрикаттар мен бұйымдарға қойылатын талаптарды, түрпілі таспаларды, пышақтарды алмастыру және пышақтарды қайрау ережелерін, қапсырманы туралау тәсілдерін.

      333. Жұмыс үлгілері:

      1) жасанды беті бар былғарыны немесе велюрді алуға арналған тері, тілінді – қызмет ету машинасында өң бетін тегістеу;

      2) грунт қабаты немесе лак жағылған және кептірілген былғары - пемзамен тегістеу;

      3) мехтың қымбат бағалы түрлерінің тері тіні: түлкінің, сусардың, ақ түлкінің, қаракүзеннің, бұлғынның, елтірінің, қаракөлдің, қаракөлшінің, тиіннің, су тышқанның, ондатраның, колоноктың, ақ тышқанның, құндыздың, дала құндызының, тондық қой терісінің, теңіз жануарының терілері – қызмет ету машинасында, қапсырмада, шаберде;

      4) ажарлауыш–шаңсыздандыру машинасында қой терісінің тері тіні – тегістеу.

      Параграф 4. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды ажарлаушы, 5-разряд

      334. Жұмыс сипаттамасы:

      өтетін ажарлауыш – шаңсыздандыру машинасында біріктіргіш транспортер мен автоқойғышпен бір жинақта терілерді, ажарлауыш–шаңсыздандыру агрегат–жартылай автоматта терінің өң беті мен тері асты қабатын жасанды беті бар былғарыны және тері шикізатының барлық түрлерінен велюрді алу үшін шикізат пен өндірістік кемістіктерді жоюмен қоса ажарлау;

      агрегат үстелінде теріні жазу мен жинау және біліктер арасындағы саңылауға теріні салу;

      ажарлау технологиялық процесін жүргізудің қажетті параметрлерін қамтамасыз ету үшін басқару тетігінен агрегатты күйге келтіру және жөндеу: қысу білігі мен ажарлау барабанының арасындағы саңылауды орнатуды, қысу және ажарлауыш біліктер ұштарының арасындағы саңылаудың ауыстыру шамасын немесе паралельдігін, шаңнан тазалаудағы ауаның қысымын және ажарлауыш қағазының керілісін, ажарлауыш барабанына теріні беру жылдамдығын және басқа;

      агрегаттың жұмысын бақылау және қадағалау;

      транспортердің жылдамдығына және тері ұзындығына сәйкес өтетін машина механизмдерін күйге келтіру және реттеу.

      335. Білуге тиіс:

      ажарлауыш–шаңсыздандыру агрегатта біліктер арасындағы саңылауға терілерді салу ережелерін, былғары шикізатының өндірістік кемістіктерін, ажарлауыш–шаңсыздандыру агрегатының, басқару тетігінің және ажарлауыш–шаңсыздандыру машинасының жұмыс қағидатын, оны күйге келтіру және жөндеу ережелерін, түрпілі материалдардың түрлері мен қасиеттерін.

      336. Жұмыс үлгілері:

      1) қой терісінен велюрді алу үшін ажарлаушы–шаңсыздандыру машинасында қой терісінің терісін – тегістеу.

3-бөлім. Былғары және тері шикізаты өндірісі

      46. Су-химиялық өңдеу аппаратшысы

      Параграф 1. Су-химиялық өңдеу аппаратшысы, 4-разряд

      337. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету аппараттарында былғары шикізатын жібіту, суландыру және жуып шаю технологиялық процесін жүргізу;

      шикізатты, ерітінділерді, химикаттарды, материалдарды тасымалдау;

      қолданылатын жабдықтың жөнділігін және оның жұмысқа дайындығын тексеру;

      барабанда тұщы-құрғақ және құрғақ-тұзды былғары шикізатын шаю және бөлшектеу бойынша дайындық жұмыстарын орындау;

      қолмен немесе станокта терілерде тесіктерді ою және тесу;

      қайта жинау және электроворотпен түсіру кезінде терілерді төсеу және үздіксіз таспаларға байлау, рамаларға ілу немесе кеспектер мен барабандарға салу кезінде тиейтін бункерлерге жинап қою;

      өткір ерітінділерді, антисептиктерді жасау, оларды аппараттарға құю;

      қыздыру және жұмысшы сұйықтықтарын нығайту;

      механикаландырылған тәсілмен шикізатты аппараттарға салу және одан түсіру;

      температуралық режимді және аппараттардың айналу жылдамдығын реттеу, ерітінділерді ағызып жіберу.

      338. Білуге тиіс:

      былғары шикізатын су-химиялық өңдеу өндірісінің технлогиясын, қолданылатын өткірлеушілердің қасиеттерін, жібіту процесінде терілерді суландыру дәрежесін анықтау тәсілдерін, қызмет ету аппараттарының құрылысын, олардың айналу жылдамдығын және температуралық режимін реттеу тәсілдерін, қолданылатын көтеру-көлік механизмдерін пайдалану ережелерін.

      47. Тері илеу аппаратшысы

      Параграф 1. Тері илеу аппаратшысы, 4-разряд

      339. Жұмыс сипаттамасы:

      анағұрлым жоғары біліктілігі бар тері илеу аппаратшысының басшылығымен аппараттарда технологиялық карталарға сәйкес шикі теріні илеу, сондай-ақ пикельдеу және хромдау технологиялық процесін жүргізу;

      алаңшаларға, вагонеткаларға, стеллаждарға терілерді тиеу, түсіру және төсеу;

      жасалған және пайдаланылған химиялық ерітінділерді айдап жіберу үшін жабдықты дайындау, оларды аппараттар мен жиғыштарға құю және айдап жіберу, технологиялық процесті бақылау;

      газдарды шығару және аппараттардан пайдаланылған ерітінділерді ағызып жіберу.

      340. Білуге тиіс:

      тері илеу, пикельдеу, хромдау технологиялық процестерін жүргізу ережелерін, былғары шикізатының түрлерін, аппараттарға жартылай фабрикаттарды салу нормаларын, қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттерін және олардың өзара әрекеттесуін, аппараттар мен жиғыштарға химиялық ерітінділерді құю және айдап жіберу ережелерін, қызмет ету аппараттарының, бақылау және өлшеу құралдарының құрылысын, әрекет ету қағидатын және сөлдік, су, бу мен ауа коммуникацияларының сызбасын, қолданылатын көтеру-көлік құрылғыларын пайдалану ережелерін.

      Параграф 2. Тері илеу аппаратшысы, 5-разряд

      341. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары жартылай фабрикатын алу мақсатында аппараттарда шикі теріні илеу, пикельдеу, хромдау технологиялық процестерін жүргізу;

      пикельдік және хромдық ерітінділерді жасау, химиялық материалдарды, илеу экстрактілері мен сөлдерді мөлшерлеу;

      жасалған және пайдаланылған илеу сөлдерін айдап жіберу үшін жабдықты таңдау;

      температуралық режимді бақылау, талдаулар мен есептеулердің негізінде шикі теріні өңдеу процесінде жұмыс ерітінділерінің технологиялық көрсеткіштерін түзету;

      жұмыс ерітінділерінің, жартылай фабрикаттарының, пайдаланылған сөлдердің сынамаларын іріктеу және пикельдеу, хромдау процесінде және илеу мен шаюдан соң түсіру алдында жартылай фабрикаттардың дайындық дәрежесін анықтау.

      342. Білуге тиіс:

      илеу, пикельдеу, хромдау технологиялық процестерін жүргізу ережелерін, терінің топографиясы мен қасиеттерін, шикі теріні өңдеу процесінде сынамаларды іріктеу мен талдауларды алу, болуы мүмкін ақауларды жою әдістерін, қызмет ету жабдығын, бақылау және өлшеу құралдарын пайдалану және реттеу ережелерін.

      Параграф 3. Тері илеу аппаратшысы, 6-разряд

      343. Жұмыс сипаттамасы:

      басқару тетігінен барабан-автоматтарда шикі теріні илеу, пикельдеу және хромдау технологиялық процестерін жүргізу;

      басқару тетігіне бағдарламалы перфокарталарды орнату және автоматты режимде жұмыс істеу үшін барабандарды іске қосу;

      тері илеу технологиялық процесінің барысын, химиялық материалдарды мөлшерлеуді, барабандардың жұмысын басқару тетігінен бақылау;

      перфокарталардың өту дұрыстығын, аппараттардың жұмысын байқау;

      бақылау және өлшеу, реттеу, белгі беруші құралдарды орнату және олардың көрсетуі бойынша технологиялық процестердің барысын бақылау;

      барабандардың айналу жылдамдығын, жұмыс сұйықтықтарының көлемі мен температурасын мөлшерлеуді, жартылай фабрикаттарды өңдеу уақытын (технологиялық процестер бойынша), ерітінділерді, химикаттарды беру (айдап жіберу) және пайдаланылған сұйықтықтарды ағызып жіберу уақытын реттеу;

      жұмыс циклі аяқталған соң перфокарталарды босату, Бақылау картасына сәйкес сынамаларды іріктеу;

      барабандардан жартылай фабрикаттарды түсіру.

      344. Білуге тиіс:

      автоматты режимде тері илеу, хромдау, пикельдеу технологиялық процестерін жүргізу ережелерін, терілердің топографиясын, былғары шикізатының түрлерін, қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттерін, жасалған және пайдаланылған жұмыс сұйықтықтарының технологиялық көрсеткіштерін, сынамаларды іріктеу әдістерін, былғары жартылай фабрикаттарының болуы мүмкін ақауларын және оларды жою тәсілдерін, қызмет ету жабдығын, басқару тетігін, автоматика жүйелерін, бақылау және өлшеу құралдарын пайдалану және реттеу ережелерін, берілген бағдарламасы бар перфокарталарды қолдану тәсілдерін және мақсатын.

      48. Күлдеу аппаратшысы

      Параграф 1. Күлдеу аппаратшысы, 4-разряд

      345. Жұмыс сипаттамасы:

      аппараттарда терілерді немесе көнді күлдеудің технологиялық процесін қылды толық және оңай жою үшін терінің барлық ауданы бойынша оны босаңсыту, сондай-ақ шикі терінің күлділігіне, ісінуіне және серпімділігіне жету мақсатында жүргізу;

      күлді сұйықтықтарды жасау, аппараттарға оларды айдап жіберу және олардан айдап шығару;

      өткірлеуші ерітінділерді дайындау, оларды мөлшерлеу және аппараттарға жіберу;

      күлдеу сұйықтықтарын тасымалдау үшін сорғыларды, құбырларды, бу құбырларын дайындау;

      күлдеуге терілерді немесе көнді салу, көнді мешкей күлдеуге салу және терілерді немесе көнді аппараттардан түсіру;

      күлдеу процесінде жұмыс ерітінділерінің технологиялық көрсеткіштерінің өзгеруін байқау және оларды талдаулар мен есептеулердің негізінде түзету;

      қылды бір жерге жинау үшін терілердің дайындық дәрежесін анықтау;

      қозғалмайтын аппаратурада сығылған ауамен, бұлғауыштармен және тағы да басқа жұмыс ерітінділерін араластыру;

      терілер мен көнді аппараттарға механикаландырылған тиеу және одан түсіру кезінде дайындық жұмыстарын жүргізу (үздіксіз таспаларға терілерді байлау, рамаларға ілу, тиейтін бункерлерге салу және тағы да басқа);

      аспалы барабандар мен шнек аппараттарынан түсірген соң терілерді немесе көнді төсеу.

      346. Білуге тиіс:

      күлдеу процесін жүргізу ережелерін, былғары шикізаттың түрлерін, қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттерін, қылдарды жоюға терілер дайындығының белгілерін, қызмет ету жабдығының бақылау және өлшеу құралдарының құрылысын, әрекет ету қағидатын, оларды пайдалану ережелерін, көтеру-көлік құрылғыларын пайдалану ережелерін.

      Параграф 2. Күлдеу аппаратшысы, 5-разряд

      347. Жұмыс сипаттамасы:

      басқару тетігінен барабан-автоматтарда терілерді немесе көнді жібіту, күлдеу технологиялық процестерін жүргізу;

      басқару тетігіне бағдарламалы перфокарталарды орнату және автоматты режимде жұмыс істеу үшін барабандарды қосу;

      технологиялық процестердің барысын, химиялық материалдарды мөлшерлеуді, барабандардың жұмысын басқару тетігінен бақылау;

      бақылау және өлшеу, реттеу, белгі беретін құралдарды орнату және технологиялық процестердің барысы жөніндегі олардың көрсетуін байқау;

      барабандар мен аппараттардың айналу жылдамдығын, күлдеу сұйықтығы ерітінділерінің және судың көлемін мөлшерлеуді, су мен күлдеу сұйықтығының температурасын, су мен күлдеу сұйықтығын құю уақытын, регенерация және күлшікті қайтадан пайдалану үшін пайдаланылған сұйықтықтарды құбырларға немесе қабылдағышқа ағызып жіберу уақытын реттеу;

      өңдеу топтамасы аяқталған соң перфокарталарды босату;

      бақылау картасына сәйкес сынамаларды іріктеу;

      барабандардан көнді түсіру.

      348. Білуге тиіс:

      автоматты режимде жібіту және күлдеу технологиялық процестерін жүргізу ережелерін, былғары шикізатының түрлерін және оны консервілеу әдістерін, жібіту және күлдеу технологиялық процестерін бақылау әдістерін, қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттерін және олармен жұмыс істеу ережелерін, дайындалған және пайдаланылған жұмыс сұйықтықтарының технологиялық көрсеткіштерін, сынамаларды іріктеу әдістерін, қызмет ету жабдығын, басқару тетігін, автоматика жүйелерін, бақылау және өлшеу құралдарын пайдалану және реттеу ережелерін, берілген бағдарламасы бар перфокарталарды қолдану тәсілдерін және олардың мақсатын.

      49. Күлсіздендіру, жұмсарту аппаратшысы

      Параграф 1. Күлсіздендіру, жұмсарту аппаратшысы, 4-разряд

      349. Жұмыс сипаттамасы:

      анағұрлым жоғары біліктілігі бар күлсіздендіру, жұмсарту аппаратшысының басшылығымен көннен әкті ішінара немесе толық жою, ал жоғарғы теріні өңдеу кезінде – коллагенді босаңсыту және талшықаралық затты жою мақсатында аппараттарда күлсіздендіру, жұмсарту, күлденген көнді жуып шаю технологиялық процесін жүргізу;

      жұмыс және пайдаланылған сұйықтықтарды тасымалдау үшін сорғыларды, құбырларды дайындау, құбырлардың вентилдерін, аппараттардағы клапандарды ашу және жабу;

      аппараттарға көнді салу және оны технологиялық процесс аяқталған соң түсіру;

      көнді механикаландырылған тиеу және түсіру кезінде дайындық жұмыстарын жүргізу (рамаларға ілу, тиеу бункерлеріне салу және тағы да басқа);

      аппараттан түсірген соң көнді төсеу.

      350. Білуге тиіс:

      күлсіздендіру, жұмсарту технологиялық процестерін жүргізу ережелерін, көннің және қолданылатын материалдардың қасиеттерін, қызмет ету аппараттарының, бақылау және өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс қағидатын, көтеру-көлік құрылғыларын пайдалану ережелерін.

      Параграф 2. Күлсіздендіру, жұмсарту аппаратшысы, 5-разряд

      351. Жұмыс сипаттамасы:

      көннен әкті ішінара немесе толық жою, ал жоғарғы теріні өңдеу кезінде – коллагенді босаңсыту және талшықаралық затты жою мақсатында баркастарда, барабандарда және басқа аппараттарда күлсіздендіру, жұмсарту, күлденген көнді жуып шаю технологиялық процестерін жүргізу;

      аппараттарда жұмыс ерітінділерін жасау;

      есептеулер және жүргізілген талдаулардың деректері негізінде ерітінділерді түзету (концентрацияны, сұйықтық коэффициентін, температураны және басқа параметрлерді);

      технологиялық процестердің барысын бақылау және олардың аяқталуын анықтау;

      күлсіздендіру, жұмсарту процестерін жүргізу кезінде жұмыс ерітінділерінің, жартылай фабрикаттардың сынамаларын іріктеу.

      352. Білуге тиіс:

      күлденген көнді күлсіздендіру, жұмсарту, жуып шаю процестерін жүргізудің технологиясын, талдаулардың түрлерін, оларды жүргізу және сынамаларды іріктеу әдістерін (технологиялық процестер бойынша), көнді күлсіздендіру және жұмсарту процестерінің аяқталуын анықтау тәсілдерін және оның белгілерін, қолданылатын индикаторлардың (метилрот, фенолфталеин және басқалар) мақсатын, көнді өңдеудің болуы мүмкін ақауларын және оларды жою тәсілдерін, қолданылатын жабдықты, бақылау және өлшеу құралдарын пайдалану және реттеу ережелерін.

50. Теріні бояу және майлау аппаратшысы

      Параграф 1. Теріні бояу және майлау аппаратшысы, 5-разряд

      353. Жұмыс сипаттамасы:

      басқару тетігінен барабан-автоматтарда теріні бояу, майлау, бейтараптау, илеу технологиялық процестерін жүргізу;

      басқару тетігіне бағдарламалы перфокарталарды орнату және автоматты режимде жұмыс істеу үшін барабандарды қосу;

      технологиялық процестердің барысын, химиялық материалдарды мөлшерлеуді, барабандардың жұмысын басқару тетігінен бақылау;

      бақылау және өлшеу, реттеу, белгі беретін құралдарды орнату және технологиялық процестердің барысы жөніндегі олардың көрсетулерін байқау;

      технологиялық процестерді жүргізу кезінде терілерді өңдеу уақытын реттеу, су және ерітінділерді берудің уақыты мен көлемін, пайдаланылған сұйықтықтарды ағызып жіберуді;

      өңдеу циклі аяқталған соң перфокарталарды босату;

      бақылау картасына сәйкес сынамаларды іріктеу;

      терілерді барабандардан кассеталарға түсіру.

      354. Білуге тиіс:

      автоматты режимде терілерді бояу, майлау, бейтараптау, илеу процестерін жүргізу технологиясын, былғары жартылай фабрикаттарының ассортиментін, орындалатын технологиялық процестерді бақылау әдістерін, қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттерін, оларды пайдалану ережелерін, материалдарды ауыстыру мүмкіндіктерін, дайындалған және пайдаланылған жұмыс сұйықтықтарының технологиялық көрсеткіштерін, сынамаларды іріктеу әдістерін, қызмет ету жабдығын, басқару тетігін, бақылау және өлшеу құралдарын, автоматика құралдарын пайдалану және реттеу ережелерін, берілген бағдарламасы бар перфокарталарды қолдану тәсілдерін және оның мақсатын.

      51. Тері илеу экстрактілерін әзірлеу аппаратшысы

      Параграф 1. Тері илеу экстрактілерін әзірлеу аппаратшысы, 4-разряд

      355. Жұмыс сипаттамасы:

      ашық аппараттар мен қысымдалған аппараттарда синтетикалық және өсімдік илеу материалдарынан жасалған тері илеу экстрактілерін әзірлеудің технологиялық процесін жүргізу;

      белгіленген тығыздыққа дейін тері илеу экстрактілерін еріту;

      тері илеу экстрактілерін әзірлеу процесінде аппараттарда сұйықтықтың температурасы мен деңгейін реттеу;

      дайындығын анықтау және жүргізілетін талдаулар негізінде әзірленген тері илеу экстрактілерінің химиялық және физикалық көрсеткіштерін түзету;

      әзірленген тері илеу экстрактісін тұндырғыштар мен жиғыштарға айдап жіберу.

      356. Білуге тиіс:

      қызмет ету аппараттарында тері илеу экстрактілерін әзірлеу технологиясы мен ережелерін, қызмет ету жабдығының, бақылау және өлшеу құралдарының, сорғылар мен коммуникациялардың құрылысын, оларды пайдалану ережелерін, қысымдалған аппараттарға қызмет көрсету ережелерін, тері илеу экстрактісінің дайындығын анықтау әдістерін.

      Параграф 2. Тері илеу экстрактілерін әзірлеу аппаратшысы, 5-разряд

      357. Жұмыс сипаттамасы:

      арнаулы аппараттарда бастапқы материалдардан тері илеу экстрактілерін әзірлеудің технологиялық процесін жүргізу;

      бастапқы материалдарды мөлшерлеу, араластыру;

      хром тұздарын қайта қалпына келтіру процесінде аппараттарда сұйықтықтың деңгейі мен температурасын бақылау және реттеу;

      сынамаларды іріктеу нәтижесінде алынған зертханалық талдаулардың негізінде хром экстрактісінің дайындығын анықтау;

      хром экстрактісінің химиялық көрсеткіштерін түзету;

      әзірленген экстрактіні пайдалану орнына беру;

      пайдаланылған хром сөлдерінен алынған хром тотығы гидратын тұндыру;

      тұнбаны бөліп алу, вакуумдық барабандар мен басқа сүзгілерде тұнбаны құрғату және сүзгілеу;

      күкірт қышқылы ерітіндісінде құрғатылған тұнбаны еріту;

      шығыс материалдарының есебін жүргізу

      358. Білуге тиіс:

      хром тері илеу экстрактісін әзірлеудің технологиялық режимі мен рецептурасын, хром тұздарын қайта қалпына келтіру процесін орындаудың тәртібін, хром экстрактісін пісіру процесінде химиялық заттардың өзара әрекеттесуін, арнаулы аппараттарды, қызмет көрсету бақылау және өлшеу құралдарын, сорғыларды және коммуникацияларды реттеу ережелерін, шығыс материалдарының есебін жүргізу ережелерін.

      52. Лак әзірлеу аппаратшысы

      Параграф 1. Лак әзірлеу аппаратшысы, 6-разряд

      359. Жұмыс сипаттамасы:

      арнаулы аппараттарда былғары үшін лак әзірлеудің (пісірудің) технологиялық процесін жүргізу;

      жабық сыйымдылықтарда қажетті химиялық материалдарды сүзу, тұндыру, араластыру және ұстау жолымен дайындау;

      еріткіштердің ортасында реакцияға түсетін компоненттерді араластыру;

      технологиялық процесті реттеу және жүргізілетін талдаулардың деректері негізінде пісіру процесінде лактың физикалық және химиялық көрсеткіштерін түзету;

      лактың даярлығын анықтау;

      лакты тұндырғыштар мен жиғыштарға айдап жіберу.

      360. Білуге тиіс:

      пісірудің технологиялық режимін және лак дайындығының белгілерін, лак әзірлеудің рецептурасын, лакты әзірлеу үшін арнаулы ақпаратқа материалдарды салу тәртібін, олардың өзара әрекеттесуін, улы, тез жанатын материалдарды қолдану ережелерін, сынамаларды іріктеу тәртібін және лакты әзірлеу процесінің технологиялық режимін түзету әдістерін, қызмет ету жабдығының, бақылау және өлшеу құралдарының, сорғылардың, коммуникациялардың құрылысы мен реттеу ережелерін.

      53. Былғарылық коллагенді қалдықтардан өнім өндіру аппаратшысы

      Параграф 1. Былғарылық коллагенді қалдықтардан өнім өндіру аппаратшысы, 6-разряд

      361. Жұмыс сипаттамасы:

      нәруыздық гидролизат және оның негізінде хроммен илеудің былғарылық коллагенді қалдықтарынан өнімді көп фазалық технологиялық топтаманы жабық үлгідегі аппараттарда (қысымды қазандар, вакуумдық қазандар), автоматты басқарылатын жабық үлгідегі аппараттарда, үздіксіз әрекеттегі желілерде өндіру процесін жүргізу;

      қазандардың, вакуум-сорғылардың, сүзгі-сорғылардың, сепараторлардың, бұлғауыштардың жұмысының технологиялық режимін, жылу аппараттарына будың берілуін реттеу;

      шикізатты салудың кестесін, технологиялық топтама режимдерін және химреагенттермен (күйдіргіш сілтілер, қышқылдар, хромның сілтілік және қышқылдық қосылыстары) жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау;

      шикізатты кесумен, коллагеннің гидролизімен, фазалардың бөлінуімен, гидролизатты сүзгіден өткізумен, сепараторлаумен, консервілеумен және булаумен қысым астында шикізатты гидротермиялық өңдеу процесін жүргізу;

      хром малмасын қышқылдық рекуперациялаумен қоса хром шламын түсіру;

      технологиялық желі жабдығын тазалау, жуып шаю, зарарсыздандыру;

      механизмдерді майлау;

      автосусабын үшін компоненттерді әзірлеу;

      соңғы тазарту және өнімді бөлшектеп өлшеп қою;

      технологиялық журналда жазбаларды жүргізу.

      362. Білуге тиіс:

      қызмет көрсету жабдығының конструкциясын, қысым астында жұмыс істейтін құрылғыларға қызмет көрсету ережелерін, бу, ауа және су коммуникацияларын басқару ережелері мен схемасын, бақылау және өлшеу құралдарын пайдалану ережелерін, шикізаттың түрлері мен қасиеттерін, қолданылатын химреагенттердің қасиеттерін, өндірілетін өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттарды.

      54. Шелді, жүнді, қылшық пен қылды жуып шаю аппаратшысы

      Параграф 1. Шелді, жүнді, қылшық пен қылды жуып шаю аппаратшысы, 3-разряд

      363. Жұмыс сипаттамасы:

      технологияға сәйкес жуу аппараттарында шелді, жүнді, қылшықты, қылды жуып шаю технологиялық процесін жүргізу;

      жуу ерітінділерін жасау, аппараттарға жуылған қылды, шелді, жүн мен қылшықты салу және түсіру;

      жуып шаю процесін реттеу, технологиялық картаға сәйкес суды және химиялық реагенттерді қосу.

      364. Білуге тиіс:

      шелді, жүнді, қылшықты, қылды шаюдың технологиялық режимін, химиялық реагенттерді, олардың қасиеттері мен өзара әрекеттесуін, жуу аппаратына бастапқы материалдарды салу тәртібін, қолданылатын жабдық пен коммуникацияның құрылысын, қызмет ету және реттеу ережелерін.

      55. Аппретурашы

      Параграф 1. Аппретурашы, 2-разряд

      365. Жұмыс сипаттамасы:

      агрегатта терілерді аппретуралау;

      аппретураланған терілерді түсіру және жинау, тасымалдау, агрегаттың кішкентай бактеріне аппретураны құю;

      сүрту, тері бетін қолмен майсыздандыру;

      агрегатты жөндеуге қатысу.

      366. Білуге тиіс:

      терілерді аппретуралау, сүрту, майсыздандыру тәсілдерін, аппретураланған терілерді жинап қоюдың ережелерін, қызмет көрсету агрегатын пайдалану ережелерін.

      Параграф 2. Аппретурашы, 3-разряд

      367. Жұмыс сипаттамасы:

      тасымалдау таспасына былғарыны салумен қызмет көрсету агрегатына немесе тампонмен, щеткамен қолмен былғарыны эмульсиямен, жалтырақпен, бекіткішпен, түссіз лакпен аппретуралау;

      агрегатта аппретуралаудың технологиялық режимін сақтау (құрамы, концентрация, тұтқырлық, аппретураның температурасы, ауа қысымы, тасымалдаушы таспа қозғалысының жылдамдығы және басқалар);

      былғарының бетіне грунтты ылғал түрде немесе желім ерітіндісін бахтармаға бүріккішпен қолмен жағу;

      өңделген теріні кептіруге ілу және кептіруден соң оларды түсіру;

      бүріккіштердің форсункаларын реттеу;

      агрегатты жөндеуге қатысу.

      368. Білуге тиіс:

      терінің әрбір түрін қызмет көрсету агрегатында және бүріккішпен, тампонмен, щеткамен, қолмен аппретуралау тәсілдерін, аппретура жабындарының қасиеттерін, қызмет көрсету агрегатының, бүріккіштің әрекет ету қағидатын, оларды реттеу және жөндеу ережелерін.

      Параграф 3. Аппретурашы, 4-разряд

      369. Жұмыс сипаттамасы:

      терінің өң бетін аппретуралармен (эмульсиямен, грунтпен, жалтырақпен, бекіткішпен, түссіз лакпен, бояумен), қолмен бүріккішпен аппретуралау;

      аппретуралаудың технологиялық режимін сақтау (құрамы, концентрация, аппретураның тұтқырлығы мен температурасы, қабықшаның қалыңдығы және басқалар);

      аппретуралаудың сапасын және бүріккіштегі ауаның қысымын бақылау, бүріккіштің форсункасын тазалау;

      аппретураланған терілерді кептіру үшін ілу және белгіленген тәртіпте жинап қоюмен бірге кептіруден соң оларды түсіру.

      370. Білуге тиіс:

      теріге аппретураны қолмен бүріккішпен жағудың ұтымды тәсілдерін, аппретуралаудың технологиялық режимін сақтаудың тәсілдерін, бүріккіш пен кептіргіштерді пайдалану ережелерін, бүріккіштің форсункаларындағы қысымды реттеу тәсілдерін.

      Параграф 3. Аппретурашы, 5-разряд

      371. Жұмыс сипаттамасы:

      "МАП, МАФ" үлгісіндегі және оған ұқсас агрегаттарда былғарыны аппретуралау;

      технология талаптарына сәйкес аппретуралаудың технологиялық режимінің сақталуын бақылау (құрамы, концентрация, тұтқырлық, аппретураның температурасы, былғарыға оны жағудың тәсілі мен тәртібін, қабықшаның қалыңдығы және басқалар);

      қызмет көрсету жабдығының, бақылау және өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының жұмысын бақылау;

      аппретуралау процесін реттеу: ауа қысымын, жартылай фабрикаттардың түріне байланысты әр түрлі аппретуралардың шығысын, пигматронның жұмысын, бояу бүріккіштердің айналуын, кептіру камераларының температуралық режимін, таспалық транспортердің қозғалыс жылдамдығын және басқалар;

      автоматика құралдарын күйге келтіру, жабдықты жөндеу;

      сынама бояуды орындау, үлгімен салыстыру, түсті түзету;

      өңделген былғарының санын есепке алу;

      жабдықты ағымдағы жөндеуге қатысу.

      372. Білуге тиіс:

      қызмет көрсету агрегаттарында былғарыны аппретуралау процесінің технологиясын, өңделетін терілердің түрлерін, аппретуралардың қасиеттерін және олардың шығыс нормаларын, аппретуралардың түсін түзету тәсілдерін, қызмет көрсету жабдығын, бақылау және өлшеу құралдарын жөндеу және реттеу ережелерін, автоматика құралдарын күйге келтіру ережелерін.

      373. Жұмыс үлгілері:

      Аппретуралау-ракляның көмегімен бояуды жағу үшін және автоқойғышпен бір жинақта өтетін машинада, гравирленген цилиндр бойынша бояуды тарататын кеуілжір орнату, бояуды беру үшін пневмосорғының жұмысын реттеу. Оларды тазалау және жуып шаю кезінде қайта айналып жүру жүйесінің бояу құбырларын бөлшектеу және жинау. Қызмет көрсету және автоқойғышты жөндеу.

      56. Былғары және үлбір шикізаты мен көнді төсеуші

      Параграф 1. Былғары және үлбір шикізаты мен көнді төсеуші, 2-разряд

      374. Жұмыс сипаттамасы:

      жеңіл және орташа шошқа терілерін, оларды кейіннен өңдеу кезінде, машина немесе қол операцияларын орындаудан бұрын төсеу;

      былғары шикізатының теңдерін тасымалдау, тең биркаларын кесу және бумаларды шешу;

      шикізаттан тұзды қағу машинасында немесе қолмен ылғалтұзды шикізатты тұздан тазарту;

      шикізат түрлері және консервілеу тәсілдері бойынша сорттау тіркемелеріне, строптар мен поддондарға терілерді төсеу;

      шешілген теңдердің, бумалардың және ондағы терілердің санын есептеу.

      375. Білуге тиіс:

      жеңіл және орташа шошқа терілерін төсеу ережелерін, былғары шикізатының түрлерін, консервілеу, буып түю, таңбалау, шешу, тұзды қағу тәсілдерін, шикізаттан тұзды қағу машинасының жұмыс қағидатын.

      Параграф 2. Былғары және үлбір шикізаты мен көнді төсеуші, 3-разряд

      376. Жұмыс сипаттамасы:

      ұсақ және ірі былғары шикізатын, ауыр шошқа терілерін, оларды кейіннен өңдеу кезінде машинада немесе қолмен операцияларды орындау алдында төсеу;

      шикізаттан тұзды қағу машинасының жұмысын реттеу.

      377. Білуге тиіс:

      шикізаттың түрлері және консервілеу тәсілдері бойынша ұсақ және ірі былғары шикізатын, ауыр шошқа терілерін төсеу тәсілдерін, шикізаттан тұзды қағу машинасының жұмысын реттеу ережелерін.

      57. Терілерді майлаушы

      Параграф 1. Терілерді майлаушы, 3-разряд

      378. Жұмыс сипаттамасы:

      үстелге терілерді жаюмен бірге оларды қолмен майлау технологиялық процесін жүргізу;

      қолмен терілерге толтырғыштарды енгізу;

      теріден жасалған техникалық бұйымдарды майлау;

      майлау қоспаларын жасау және оларды жұмыс орнына тасымалдау.

      379. Білуге тиіс:

      терілерді майлау және толтыру процестерін орындау ережелерін, майлау қоспаларының қасиеттерін және олардың терімен өзара әрекеттесуін.

      Параграф 2. Терілерді майлаушы, 4-разряд

      380. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет көрсету аппараттарында және машиналарда терілерді майлау және толтыру технологиялық процестерін жүргізу;

      майлау және толтыру қоспаларын құю;

      терілерді таяныштарға, алаңшаларға және тағы да басқа жаюмен қоса оларды салу және түсіру;

      майлау қоспаларының температурасы мен қосылымын, сұйықтық коэффициентін, температураны және технологиялық процестің басқа параметрлерін түзету;

      оларды түсіру алдында терілердің дайындығын анықтау;

      майланған терілерді сумен шаю.

      381. Білуге тиіс:

      қызмет көрсету жабдығында теріні майлауды жүргізу технологиясын, терілердің түрлері мен ассортиментін, терілерді майлау және толтыру процесінің технологиялық параметрлерін түзету тәсілдерін, терілердің дайындығын түсіру алдында анықтау әдістерін, олардың сапасына қойылатын талаптарды, терілерді салу, түсіру және жаю ережелерін, қызмет көрсету жабдығын және коммуникацияларды пайдалану ережелерін.

      58. Техникалық былғары мен жонарқа терісін қыздырушы

      Параграф 1. Техникалық былғары мен жонарқа терісін қыздырушы, 4-разряд

      382. Жұмыс сипаттамасы:

      жонарқаны суару процесін жүргізу;

      ерітілген қоспалары бар ваннаны әзірлеу;

      ыстық қоспасы бар ваннаға жонарқаны батыру және оны технологиялық талаптарға сәйкес суару, ванналардан жонарқаны көтеру және оны кептіргіштерге ілу, ваннада және кептіргіштерде температураны реттеу.

      383. Білуге тиіс:

      жонарқаны суарудың технологиялық режимін, терілердің қасиеттерін, сіңдіруші қоспалардың еру температурасын реттеу тәсілдерін және оларды әзірлеу тәртібін, ерітілген қоспалары бар ванна және кептіргіштердің құрылысы мен пайдалану ережелерін.

      59. Шикізат пен жартылай фабрикатттарды бақылаушы

      Параграф 1. Шикізат пен жартылай фабрикатттарды бақылаушы, 4-разряд

      384. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес бүтін терілерді, хромдық және қызыл емендік әдістермен иленген жартылай терілерді сүргілеу операциясынан басқа, бақыланатын өндірістік процестің әр түрлі сатыларында операцияларды жүргізу кезінде былғары шикізаты мен жартылай фабрикаттарды өңдеу сапасын бақылау;

      шикізат пен жартылай фабрикаттарды өңдеудің технологиялық режимінің сақталуын операцияаралық бақылау;

      ақаулардың пайда болу себептерін анықтаумен қоса шикізат пен жартылай фабрикаттарды жарамсыздыққа шығару және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

      бақылау және өлшеу құралдарын қолданудың дұрыстығын тексеру;

      бақылау-өткізу құжаттамасын жасау.

      385. Білуге тиіс:

      былғары шикізаты мен жартылай фабрикаттардың ассортиментін, оларға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, технологиялық операцияларды орындау кезінде өндірістік ақаулардың қолданыстағы шектерін және оларды есепке алу тәртібін, қызмет көрсету учаскесінде бақыланатын операцияларды орындаудың технологиясы мен ережелерін, бақылау және өлшеу құралдарының және инструменттің құрылысы мен қолдану ережелерін, бақылау-өткізу құжаттамасын рәсімдеу ережелері мен тәртібін.

      Параграф 2. Шикізат пен жартылай фабрикатттарды бақылаушы, 5-разряд

      386. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға сәйкес бүтін терілерді, хромдық және қызыл емендік әдістермен иленген жартылай терілерді сүргілеу технологиялық операциясының сапасын бақылау, сүргілеудің технологиялық режимін сақтаудың дұрыстығын тексеру;

      тері ақауларының пайда болу себептерін анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

      былғары шикізаты мен жартылай фабрикаттарды органолептикалық бақылау;

      бақылау қабылдауының құжаттамасын рәсімдеу.

      387. Білуге тиіс:

      бақыланатын былғары шикізаты мен жартылай фабрикаттарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, бақыланатын технологиялық операцияларды орындаудың ұтымды тәсілдері мен әдістерін, технологиялық операцияларды орындау кезінде ақаулардың пайда болу себептері мен түрлерін, оларды жою тәсілдерін, былғары шикізаты мен жартылай фабрикаттарды органолептикалық бақылаудың әдістерін, былғары шикізаты мен жартылай фабрикаттарды бақылау бойынша құжаттарды рәсімдеудің ережелері мен тәртібін.

      388. Кәсіптік орта білім талап етіледі.

      60. Терілерді бояушы

      Параграф 1. Терілерді бояушы, 4-разряд

      389. Жұмыс сипаттамасы:

      техникалық талаптарға сәйкес қызмет көрсету аппараттарында бояу, бейтараптау, майлау және жуып шаю технологиялық процестерін жүргізу;

      химиялық заттар мен майлардың жұмыс ерітінділерін жасау, оларды аппараттарда мөлшерлеу, аппараттарға терілерді салу және оларды таяныштарға, алаңшаларға және тағы да басқа төсеумен қоса түсіру;

      жуып шаю, бейтараптау, бояу және майлау процесінде жұмыс ерітінділері мен жартылай фабрикаттардың технологиялық көрсеткіштерінің өзгеруін бақылау және оларды түзету;

      өңдеу процесінде және аппараттардан терілерді түсірудің алдында жартылай фабрикаттардың дайындық дәрежесін анықтау.

      390. Білуге тиіс:

      бояу, майлау технологиялық процестерін және дайындық операцияларын жүргізудің ережелерін, тері мен қолданылатын химиялық заттардың қасиеттерін, олардың өзара әрекеттесуін, тері өңдеудің болуы мүмкін ақауларын, олардың алдын алу шаралары мен жою тәсілдерін, қызмет көрсету жабдығы мен коммуникациялардың құрылысын және оларды пайдалану ережелерін.

      61. Терілерді лактаушы

      Параграф 1. Терілерді лактаушы, 5-разряд

      391. Жұмыс сипаттамасы:

      бетіне айнадай жылтырақ беру мақсатында шашатын машинада терілерді лактау;

      лактауға терілерді дайындау, оларды рамаларға керу, терінің бетін шаңнан тазарту, майсыздандыру төсеме бояу жағу;

      кептіргіштерге терілерімен бірге рамаларды орнату;

      лакты тасымалдау, сүзгіден өткізу және шашатын машинаның шығыс сыйымдылығына құю;

      лак шашатын машинаның жұмысын және лактың берілуін бақылау, лак шашатын машинаны реттеу және жөндеу;

      кептіру қондырғысында терілерді кептірудің технологиялық режимін реттеу;

      кептіру процесінде лакталған терілердің дайындығын анықтау, рамалардан терілерді түсіру және дестелеп жинау;

      терінің жасанды бетін жасау үшін полиуретандық қабықшалы былғары жартылай фабрикатын қосарлау;

      матрицаларды даярлау және оларды төсеме бояуға дайындау;

      қосарлауға былғары жартылай фабрикатының жарамдылығын тексеру және оны дайындау;

      бүріккіш камераларында матрицаға полиуретандық қабықшаны жағу;

      полиуретанды матрицаға былғары жартылай фабрикатын жазумен қоса төсеу;

      берілген қосылымдағы, тұтқырлықтағы, температурадағы полиуретандық қоспалардың берілуін, матрицалардың берілу жылдамдығын және басқаларды бақылау;

      матрицалардан терілерді түсіру және оларды полимеризациялау үшін кептіргіштерге ілу;

      тозған матрицалардағы полиуретандық қабықшаны қалпына келтіру.

      392. Білуге тиіс:

      терілерді лактаудың, полиуретанды қабықшалы былғары жартылай фабрикаттарын қосарлаудың ережелерін, тәсілдері мен әдістерін, лактаумен қосарлауға жіберілетін жартылай фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптарды, төсеме бояудың, лак пен полиуретандық қоспалардың қасиеттерін, лакталған, қосарланған терілерді кептірудің технологиялық режимін және олардың дайындық белгілерін, лакталған және қосарланған терілерге қойылатын мемлекеттік стандарттарды, техникалық шарттарды, лакталған және қосарланған терілердің дайындығын анықтау әдістерін, қызмет көрсету жабдығының құрылысын, әрекет ету қағидаты мен реттеу ережелерін.

      62. Екіге тілу машинасының машинисі

      Параграф 1. Екіге тілу машинасының машинисі, 3-разряд

      393. Жұмыс сипаттамасы:

      екіге тілу машинасынан терінің, жарғақтың немесе жартылай фабрикаттардың өтуі кезінде кедір-бұдырлы біліктердің астынан беткі (жоғарғы) тіліндіні біркелкі созу;

      белгіленген тәртіпте беткі тіліндіні қою;

      машина механизмдерін бөлшектеуге, жөндеуге және құрастыруға қатысу.

      394. Білуге тиіс:

      екіге тілу машинасының құрылысын, оны пайдалану және оған күтім жасау ережелерін.

      Параграф 2. Екіге тілу машинасының машинисі, 4-разряд

      395. Жұмыс сипаттамасы:

      анағұрлым жоғары біліктілігі бар екіге тілу машинасы машинисінің басшылығымен ылғал және құрғақ түрде екіге тілу машинасында шикі терінің барлық түрлері мен иленген жартылай фабрикаттарды арамен кесу арқылы екіге тілу;

      машинаға терілерді салу және беру, қыртыстарға, беткі тіліндінің ақауларына (жұлып алу, кесу және басқа бүлінулер) жол бермей, олардың өту дұрыстығын бақылау;

      машинаны бөлшектеуге, жөндеуге, құрастыруға қатысу.

      396. Білуге тиіс:

      тері топографиясын, былғары жартылай фабрикаттарын арамен кесу арқылы екіге тілу ережелерін, екіге тілу машинасына былғары жартылай фабрикаттарын беру тәсілдерін, екіге тілу машинасының құрылысы мен пайдалану ережелерін, екіге тілу машинасын бөлшектеуді, жөндеуді және құрастыруды орындау ережелерін.

      Параграф 3. Екіге тілу машинасының машинисі, 5-разряд

      397. Жұмыс сипаттамасы:

      ылғал және құрғақ түрде екіге тілу машинасында шикі терінің барлық түрлері мен иленген жартылай фабрикаттарды арамен кесу арқылы екіге тілу;

      техникалық талаптарға сәйкес беткі тіліндінің қажетті қалыңдығын анықтау, арамен кесу барысында оны мерзімдік тексеру;

      қыртыстардың, жұлып алуды, кесуді және беткі тіліндінің басқа бүлінулерін болдырмай машинаға жартылай фабрикаттарда беруді реттеу;

      машина жұмысының процесінде таспалық пышақтарды қайрау, түрпі қайрақтарды іріктеу және оларды қайрайтын аппараттарға орнату;

      машина желілері мен механизмдерін бөлшектеу, құрастыру;

      машинаны дұрыстау мен жөндеуге қатысу.

      398. Білуге тиіс:

      шикі теріні, былғары жартылай фабрикаттарды арамен кесу арқылы екіге тілу және шикі теріден дайын өнімге дейінгі өндірістің негізгі сатылары бойынша олардың қалыңдығын өзгерту ережелерін, беткі тілінді шығымының техникалық шарттары мен нормативтерін, екіге тілу машинасының тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, құрастыру, реттеу, жөндеу тәсілдері мен ережелерін.

      Параграф 4. Екіге тілу машинасының машинисі, 6-разряд

      399. Жұмыс сипаттамасы:

      қажетті қалыңдықта былғары жартылай фабрикатын арамен кесу үшін екіге тілу машинасын күйге келтірумен қоса ылғал және құрғақ түрде шикі терінің барлық түрлері мен иленген жартылай фабрикатты арамен кесу;

      машина механизмдерін бөлшектеу, дұрыстау, құрастыру және жөндеу.

      400. Білуге тиіс:

      шикі теріні, жартылай фабрикаттарды арамен кесу арқылы екіге тілу әдістерін, екіге тілу машинасының механизмдерін бөлшектеу, құрастыру, жөндеудің ұтымды әдістерін, екіге тілудің қажетті қалыңдығы бойынша екіге тілу машинасын күйге келтірудің ережелерін.

      401. Жұмыс үлгілері:

      автоқойғышпен бір жинақта жұмыс істейтін электрондық екіге тілу машинасында екіге тілу, екіге тілу бағдарламасын іріктеу, жартылай фабрикаттарды ортаға дәлдеу, екіге тілу машинасының механизмдерін бөлшектеу, дұрыстау, құрастыру және жөндеу, автоқойғышқа қызмет көрсету және оны жөндеу.

      63. Сығу жабдығының машинисі

      Параграф 1. Сығу жабдығының машинисі, 3-разряд

      402. Жұмыс сипаттамасы:

      бір мезгілде терілерді шешумен бірге престерде және білікті машиналарда терілерден ылғалды сығу, терілерді машинаның біліктеріне немесе преске төсеу;

      қысымды және өңделетін терілердің түріне және қалыңдығына байланысты біліктердің арасындағы саңылауды реттеу;

      престі тоқтату және терілерді түсіру;

      сығылған терілерді төсеу.

      403. Білуге тиіс:

      престер мен білікті машиналарда терілерді сығу ережелерін, тері тінінің құрылымы мен қасиеттерін, сығуға дейін және одан кейін ылғалдылық нормаларын, қысымды және біліктер арасындағы саңылауды реттеу ережелерін, пресс пен білікті машина механизмдерінің құрылысы мен әрекет ету қағидатын.

      Параграф 2. Сығу жабдығының машинисі, 4-разряд

      404. Жұмыс сипаттамасы:

      өтетін сығу машинасында терілерден ылғалды сығу, оның жұмысын байқау және бақылау;

      маншонды майсыздандыру құраммен өңдеу;

      сығудан соң терілердің ылғалдылығын органолептикалық анықтау;

      машинаны жөндеу;

      маншонды жуып шаю үшін ыстық суы бар вентильді ашу және жабу;

      маншонды жөндеу мен ауыстыруға қатысу.

      405. Білуге тиіс:

      өтетін сығу машинасында теріні сығу ережелерін, теріні сығу технологиялық процесінің барысын бақылау және реттеу ережелерін, сығу машинасы тораптарын жөндеу, дұрыстау ережелерін, маншонды ауыстыру тәсілдерін.

      Параграф 3. Сығу жабдығының машинисі, 5-разряд

      406. Жұмыс сипаттамасы:

      теріден ылғалды жою, қыртыстарды, әжімдерді кетіру және тері ауданын ұлғайту мақсатында білікті машинада теріні сығу және езу;

      реверстік механизммен терінің шеткі учаскелерін және табандарын өңдеу, сығу және езу операцияларын өткізуге терінің дайындығын анықтау;

      машинаның жұмысын байқау және бақылау;

      сығу үшін фетр және резеңкеленген біліктердің арасындағы қысымды, өңделетін терілердің түрі және қалыңдығына байланысты езу үшін пышақты және резеңкеленген біліктердің арасындағы саңылауды реттеу;

      вакуумдық кептіргішке беру үшін өңделген терілерді таспалық транспортерлерге салу;

      фетрлі білікке су беруді реттеу;

      майсыздандырушы құраммен фетрлі жеңді өңдеу;

      фетрлік жеңді жөндеу мен ауыстыруға қатысу;

      машинаны реттеу және жөндеу.

      407. Білуге тиіс:

      терілерді сығу және езу технологиялық операцияларын жүргізудің ережелері мен тәсілдерін, олардың құрылымы мен қасиеттерін, сығуға дейін және одан кейін терілердің ылғалдылық нормаларын, терілерді езу сапасына қойылатын талаптарды, терілерді өңдеу ақауларын және оларды жою әдістерін, білікті машинасының құрылысын, оны пайдалану, реттеу және жөндеу мен дұрыстауды жүргізудің ережелерін.

      64. Қыл жинау қоспасымен терілерді өңдеуші

      Параграф 1. Қыл жинау қоспасымен терілерді өңдеуші, 3-разряд

      408. Жұмыс сипаттамасы:

      терінің өзеңімен қылдың байланысын әлсірету үшін қыл жинау қоспасымен терінің бахтармасын қолмен өңдеу;

      қыл жинау қоспасын жасау және оны кішкентай бактерге құю;

      қыл жинау қоспасын қолмен жағу үшін терілерді төсеу және оларды белгіленген биіктікте қатарлап жинау.

      409. Білуге тиіс:

      қыл жинау қоспасымен терілерді өңдеу тәсілдерін, қыл жинау қоспасының құрамы мен қасиеттерін, терілерді төсеу және қатарлап жинау ережелерін.

      Параграф 2. Қыл жинау қоспасымен терілерді өңдеуші, 4-разряд

      410. Жұмыс сипаттамасы:

      терінің өзеңімен қылдың байланысын әлсірету үшін қыл жинау қоспасымен терінің бахтармасын жағу агрегатында өңдеу;

      терілерді агрегаттың тасымалдау таспасына салу, оның жұмысын бақылау;

      қыл жинау қоспасының бүріккіштеріне ауаның қысымын реттеу және теріге жағылған қыл жинау қоспасының жеткілікті мөлшері мен біркелкілігін бақылау;

      агрегатты жөндеу;

      қыл жинау қоспасы бүріккіштерінің форсункаларын тазалау.

      411. Білуге тиіс:

      қыл жинау қоспасы мен теріні өңдеу (жағу) технологиясын, қыл құрылысының ерекшеліктерін және оның өзеңде жату тереңдігін, жағу агрегатының, қолданылатын бақылау және өлшеу құралдарының құрылысы мен әрекет ету қағидатын, жағу агрегатының және бүріккіштер форсункаларын тазалаудың жөндеу, реттеу ережелерін.

      65. Жібіту және күлдеу, илеу және бояу және майлау цехтарында шикізатты, жартылай фабрикаттарды, химиялық материалдар мен өндіріс қалдықтарын тасушы

      Параграф 1. Жібіту және күлдеу, илеу және бояу және майлау цехтарында шикізатты, жартылай фабрикаттарды, химиялық материалдар мен өндіріс қалдықтарын тасушы, 3-разряд

      412. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары өндірісінің жібіту және күлдеу, илеу, бояу және майлау цехтарында қол тіркемелерінде, қол арбаларда, вагонеткаларда былғары шикізатын, жартылай фабрикаттарды, химиялық материалдарды, өндіріс қалдықтарын тасымалдаумен байланысты көмекші жұмыстарды орындау.

      413. Білуге тиіс:

      былғары шикізатының, жартылай фабрикаттардың, илегіш және химиялық материалдардың түрлерін, олардың қасиеттерін, тасымалдау ережелері мен тәртібін.

      66. Терілерді престеуші

      Параграф 1. Терілерді престеуші, 2-разряд

      414. Жұмыс сипаттамасы:

      қолмен немесе аспаптардың көмегімен теріге суретті престеп-күйдіру;

      терілерді қолмен үтіктеу;

      жартылай фабрикаттарды тасымалдау.

      415. Білуге тиіс:

      қолмен теріге суретті престеп-күйдіру тәсілдерін, терілерді үтіктеу және жартылай фабрикаттарды тасымалдау ережелерін.

      Параграф 2. Терілерді престеуші, 3-разряд

      416. Жұмыс сипаттамасы:

      тері бетін тегістеу және онда жабынды бекіту мақсатында теріні престеу немесе престерде қыздыру плиталарымен терінің беткі жағына бедерлерді ою;

      терінің түрі мен жаба бояуға байланысты температураны, қысымды және ұстау уақытын реттеу.

      417. Білуге тиіс:

      теріні престеу тәсілдерін, терілер мен жабынның қасиеттерін, жоғары температура мен қысымның әсерімен олардың өзгеруін, престеуге дейін және одан кейін былғары жартылай фабрикатына қойылатын талаптарды, қызмет көрсету жабдығын реттеу ережелерін, оның әрекет ету қағидатын.

      Параграф 3. Терілерді престеуші, 4-разряд

      418. Жұмыс сипаттамасы:

      терілерді престеу немесе пресс-жартылай автоматтарда бедерді өрнектеу (тілу);

      теріні престеуді жүргізудің қажетті параметрлерін қамтамасыз ету үшін автоматты жүйелер мен бақылау және өлшеу құралдарын күйге келтіру және жөндеу, плиталардың температурасын, қысым астында терілерді ұстау уақытын және басқа;

      престің плиталарына терілерді төсеу;

      престің, автоматты жүйелердің, бақылау және өлшеу құралдарының жұмысын бақылау;

      престеуден соң терілерді түсіру, оларды қадақтарға ілу, қағаз қабаттары мен қайта салумен қоса таяныштарға немесе тіркемелерге салу.

      419. Білуге тиіс:

      пресс-жартылай автоматтарда терілерді престеудің тәсілдерін, терілерді престеу технологиясын, терілерді престеу кемістіктерін және оларды жою тәсілдерін, қызмет көрсету пресінің, автоматты жүйелердің, бақылау және өлшеу құралдарының құрылысын, оларды күйге келтіру және жөндеу ережелерін.

      67. Терілерді жұқартушы

      Параграф 1. Терілерді жұқартушы, 3-разряд

      420. Жұмыс сипаттамасы:

      транспортер таспасынан терілерді алумен қоса өтетін катоктармен терілерді жұқарту;

      өтетін катоктар роликтерінің теріге қысымын реттеуге қатысу және оның жұмысын бақылау.

      421. Білуге тиіс:

      өтетін катоктармен теріні жұқарту ережелерін, жұқартуға дейін және одан кейін былғары жартылай фабрикаттарына қойылатын талаптарды, терілерді жұқартатын өтетін катоктардың құрылысы мен әрекет ету қағидатын.

      Параграф 2. Терілерді жұқартушы, 4-разряд

      422. Жұмыс сипаттамасы:

      қыртыстарды, дақтарды терінің беткі жағында болдырмай, мүлтіксіз өтетін таптауыштың транспортеріне терілердің бетін жоғары қаратып төсеумен қоса теріні нығыздау және оған қажетті қаттылықты беру мақсатында өтетін таптауыштарда терілерді жұқарту;

      таптауыш роликтерінің теріге қысымын реттеу.

      423. Білуге тиіс:

      дайын теріні тағайындауды ескере отырып, өтпелі таптауыштармен теріні жұқарту тәсілдерін, өтпелі таптауыштарды техникалық пайдалану және таптауыш роликтердің теріге қысымын реттеу ережелерін.

      Параграф 3. Терілерді жұқартушы, 5-разряд

      424. Жұмыс сипаттамасы:

      гидравликалық өтпейтін таптауыштарда теріні нығыздау және оған қажетті қаттылықты, төзімділікті, жалтырақты беру мақсатында терілерді жұқарту;

      үстел плитасына беткі жағын жоғары қаратып терілерді төсеу және оларды учаскелер бойынша жұқарту;

      жұқарту роликтерінің теріге қысымын оның мақсатына сәйкес реттеу;

      таптауыштың басқару тетігінде орналасқан бақылау және өлшеу құралдарын байқау.

      425. Білуге тиіс:

      дайын теріні тағайындауды ескере отырып, гидравликалық өтпейтін таптауыштарда жұқартудың технологиялық режимін, гидравликалық өтпейтін таптауыштар мен бақылау және өлшеу құралдарының құрылысын, оларды жөндеу ережелерін.

      68. Терілерді езуші

      Параграф 1. Терілерді езуші, 3-разряд

      426. Жұмыс сипаттамасы:

      көп столды машиналар мен сүргілеу үлгісіндегі машиналарда терілерді езу;

      қыртыстарды, әжімдерді жою және ауданын ұлғайту мақсатында терінің табандары мен шеткі учаскелерін өңдеу;

      езу операциясын өткізуге терінің дайындық дәрежесін анықтау.

      427. Білуге тиіс:

      көп столды машиналар мен сүргілеуші үлгісіндегі машиналарда терілерді езу әдістерін, тері өңдеудің болуы мүмкін ақауларды (сыдыру, жыру, нашар езу, ажырау, үзілу), оларды анықтау және жою тәсілдерін, қолданылатын машиналарды реттеу және пайдалану ережелерін.

      Параграф 2. Терілерді езуші, 4-разряд

      428. Жұмыс сипаттамасы:

      білігі бар машиналарда және циклялармен қолмен юфть пен шевроны (ешкі былғарысын) қыртыстарды, әжімдерді жою және ауданын ұлғайту мақсатында езу;

      біліктер арасындағы саңылауды, қыздырылатын біліктің температурасын реттеу;

      өңделген жартылай фабрикатты төсеу;

      цикляларды түзету.

      429. Білуге тиіс:

      білігі бар машиналарда теріні, циклялармен қолмен юфть пен шевроны (ешкі былғарысын), өңделген былғарылық жартылай фабрикаттарды төсеу ережелерін, білігі бар машиналардың құрылысын, оларды реттеу және жөндеу ережелерін, цикляларды түзету тәсілдерін.

      Параграф 3. Терілерді езуші, 5-разряд

      430. Жұмыс сипаттамасы:

      қыртыстарды, қатпарларды жою және ауданын ұлғайту мақсатында барабанды машиналарда терілерді езу;

      өңделетін терілердің қалыңдығы мен түріне байланысты пышақты және тірек барабандарының арасындағы саңылауды реттеу.

      431. Білуге тиіс:

      барабанды машиналарда терілерді езу ережелерін, барабанды машиналардың құрылысын, оларды реттеу және пайдалану ережелерін.

      69. Былғары шикізатын пішуші

      Параграф 1. Былғары шикізатын пішуші, 2-разряд

      432. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғарғы былғары шикізатын пішушінің басшылығымен мемлекеттік стандарттың талаптарына сәйкес шошқа немесе жылқы терілерін пішу (крупондау);

      үстелге терілерді, көнді, жартылай фабрикаттарды, былғарыны төсеу;

      жота сызығы бойынша шошқа терісінің жая бөлігін кесу;

      терілер пішімінің элементтерін таңбалау және жинап қою.

      433. Білуге тиіс:

      шошқа немесе жылқы терілерін пішу (крупондау) ережелерін, былғары шикізатының түрлерін, крупондауға, былғары пішімінің элементтеріне және оларды крупондау үшін қаттауға қойылатын талаптарды.

      Параграф 2. Былғары шикізатын пішуші, 3-разряд

      434. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары былғары шикізатын пішушінің басшылығымен жартылай фабрикаттарды, көнді, ірі қара малдың терісін крупондарға (жонарқаға), жағашықтарға, етекке және пішімнің басқа элементтеріне пішу (крупондау).

      435. Білуге тиіс:

      жартылай фабрикаттарды, көнді, ірі қара малдың терілерін пішу (крупондау) ережелерін.

      Параграф 3. Былғары шикізатын пішуші, 4-разряд

      436. Жұмыс сипаттамасы:

      шошқа немесе жылқы терілерін пішу (крупондау);

      мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттар мен терінің құрылысына сәйкес пішім элементтерінің шекарасын анықтау;

      терінің желатинін, белкозинін әзірлеу үшін көн тіліндісін мақсаты бойынша пішу;

      инструментті қайрау және түзулеу.

      437. Білуге тиіс:

      шошқа немесе жылқы терілерін пішу (крупондау) әдістерін, тері топографиясын, ірі былғары шикізатын пішуге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, мақсаты бойынша көн тіліндісін пішу ережелерін, қолданылатын инструментті қайрау және түзету ережелерін.

      Параграф 4. Былғарылық шикізатты пішуші, 5-разряд

      438. Жұмыс сипаттамасы:

      жартылай фабрикаттарды, көнді, ірі қара малдың терілерін крупондарға (жонарқаға), жағашықтарға, етекке және пішімнің басқа элементтеріне пішу (крупондау);

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес ірі былғарылық шикізатты сұлбалау, артқы табандардың шабу буындары мен желпеуіш тәрізді бөліктердің күс тәрізді шығыңқыларын жою.

      439. Білуге тиіс:

      ірі қара мал терілерін пішудің ұтымды әдістерін және сұлбалау ережелерін, тері топографиясын, ірі былғарылық шикізатты сұлбалауға қойылатын мемлекеттік стандарттарды, техникалық шарттарды, инструментті қайрау және түзету тәсілдерін.

      70. Тұзтері бетін тазалаушы

      Параграф 1. Тұзтері бетін тазалаушы, 4-разряд

      440. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары тұзтері бетін тазалаушының басшылығымен былғары шикізатының ірі түрлері тұзтерісінің бет жағын қызмет көрсететін машинада, былғары шикізатының барлық түрлерін науада қолмен тазалау;

      өңдеу тұзтерісінің қалыңдығы мен түріне қарай біліктер арасындағы саңылауларды және су құйылысын реттеуге және баптауға қатысу, машинаның, аспаптың пышақ білігін қайрау.

      441. Білуге тиіс:

      қызмет көрсететін машинада және қолмен тұзтері бетін тазалау ережелері мен әдістері, былғары шикізатының түрлері, қызмет көрсететін машина механизмдерінің жұмыс қағидаты және құрылысы, қолданылатын аспапты қайрау ережесі.

      Параграф 2. Тұзтері бетін тазалаушы, 5-разряд

      442. Жұмыс сипаттамасы:

      шөгінді мен эпидермис қалдықтары толық жойылғанға дейін қызмет көрсететін машинада былғары шикізаттың барлық түрлері тұзтерісінің бет жағын тазалау;

      кірді сығып алу;

      машинаны жөндеу, су құйылысын және өнделетін тұзтерінің қалыңдығына және түріне қарай біліктер арасындағы саңылауларды реттеу.

      443. Білуге тиіс:

      тұзтері бетін тазалау технологиясы, тұзтеріні тазалау кезінде ақаулардың пайда болу себептері, олардың алдын алу және жою тәсілдері, қызмет көрсететін машинаны жөндеу және реттеу ережесі, құрылысы.

4-бөлім. Былғары аяқ киім өндірісі

      71. Былғары материалдарды жаншушы

      Параграф 1. Былғары материалдарды жаншушы, 2-разряд

      444. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары материалдары мен былғарыдан жасалған бөлшектерді тығыздау мақсатында жаншымада жаншу;

      былғары материалдың қалыңдығына байланысты қызмет көрсететін машина біліктерінің арасындағы қашықтықты реттеу.

      445. Білуге тиіс:

      жаншып қақтауға түсетін былғары материалдарының қасиеттері, қызмет көрсететін машинаны реттеу ережесі.

      72. Аяқ киімді керуші

      Параграф 1. Аяқ киімді керуші, 1-разряд

      446. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киімді сандал дайындамасын қалыпқа орнату және орналасуын түзету арқылы керу, күлшіннің талап етілетін биіктігі мен тұмсық бөлігінің ұзындығын қамтамасыз ете отырып, өкше және тұмсық бөлігіндегі үстінің керілген жиегін төсенішке немесе ұлтанға жабыстыру.

      447. Білуге тиіс:

      аяқ киімді керу тәсілдері, аяқ-киім дайындамасын қалыпқа орналастыру ережесі.

      Параграф 2. Аяқ киімді керуші, 2-разряд

      448. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киімді машинамен немесе қолмен дайындаманың өкшелік бөлігін қалыпқа орнату арқылы керу:

      дайындаманың жиегін ұлтарағымен бірге қалыптың өкшелік бөлігіне керіп кигізу, дайындаманың сыртқы артқы қайысының (жігінің) қалыптың домалақтанған тұмсық бөлігінің ортасында орналасуы, дайындаманы ұлтараққа бекіту;

      астарды керу;

      ұлтарақты салу: ылғалдандыру, оны машинаға салу, лекалды салу, ұлтарақты лекалға бекіту, орнына орналастыру және машинадан алу;

      дайындама астарының қажетті керілуін қамтамасыз ету;

      аяқ-киім дайындамасы бөлшектерінің, керілген жиек енінің, текстердің, қапсырмалар мен шегелердің арасында белгіленген қашықтықтың қалыпта орналасуы.

      449. Білуге тиіс:

      аяқ киімді керу ережесі, дайындамалар мен қалыптың түрлері, фасоны мен өлшемдері, аяқ-киім дайындамалары жасалған материалдардың түрлері мен қасиеттері, қызмет көрсететін машинаның мақсаты мен жұмыс қағидаты.

      Параграф 3. Аяқ киімді керуші, 3-разряд

      450. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киімді кебістердің, гимнастикалық және үй туфлилерінің дайындамаларын, аяқ киімге арналған ұлтандарды бекітудің жиектік әдісімен қалыпқа керу арқылы қызмет көрсететін машинамен немесе қолмен керу;

      аяқ киімдердің барлық түрлерінің дайындамаларын алдын ала керу;

      дайындаманың тұмсық бөлігін үстел үстіне қоятын қысқыштармен ұзына бойлық бағытта тарту, оны машинаның қысқышымен тарту, дайындаманы қалыпта дұрыс орналастыру, тұмсық-бума бөлігінің керілген жиегін ұлтараққа бекіту;

      үстіңгі материал мен дайындама астарының қажетті керілуін, әрбір жарты жұпта дайындама бөлшектерінің қалыпта симметриялы және әрбір жұпта бірдей орналасуын қамтамасыз ету.

      451. Білуге тиіс:

      аяқ киімді керу ережесі, дайындамалар жасалған материалдардың түрлері мен қасиеттері, аяқ киімді керу кезінде технологиялық операцияларды орындаудың нормативтері, қызмет көрсететін машинаның құрылысы және пайдалану ережесі.

      Параграф 4. Аяқ киімді керуші, 4-разряд

      452. Жұмыс сипаттамасы:

      тұғыры (ішпегі) және өкшесінің аяқ киімнің табанына бекітудің тігу-жапсыру әдісімен тартуды, аяқ киім дайындамаларын, кебістерді, гимнастикалық және үй туфлилерін айналдыру үшін, сандалдарды қапсырма шегелермен, аяқ киімдердің сәндік және ортопедиялық түрлерінен басқа, барлық түрлерінің тұмсықтарын машинамен немесе қолмен, қатты былғарыны қолмен тұмсықты керу, аяқ киім дайындамасын айналдырып немесе тұмсық-бума бөлігін баумен тарту, баудың ұштарын бекіту және керілген жиектерді жымдастыру;

      қол қысқышпен тартпаның жиегін, материалдарды жыртпай және бөлшектерді бекітетін тігістерін бүлдірмей тарту, тартпаның жиектерін тұғырға (ішпекке) бүгу, тартпаның жиектерін текспен бекіту;

      дайындаманың тұмсық және бума бөліктерін тарту: қол қысқышпен тұмсық, бума және өкше бөлігінің үстін және астарын тарту;

      дайындаманың қалыпта орналасуын реттеу, оның артқы жікте (қайыстағы), бума мен бүйірде ұлтараққа бекіту.

      453. Білуге тиіс:

      аяқ-киімді керу ережесі, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, аяқ-киімді керу кезінде технологиялық операцияларды орындаудың нормативтері, дайындамалар мен қалыптардың түрлері, фасоны, өлшемдері, қызмет көрсететін машинаны пайдалану және реттеу ережесі.

      Параграф 5. Аяқ киімді керуші, 5-разряд

      454. Жұмыс сипаттамасы:

      күнделікті аяқ киімнің, кебістердің, спорттық және үй туфлилерінің тұмсық-бума бөліктерін қызмет көрсететін машинамен керу;

      қол қысқышпен өкше, бума және бүйір бөлігі дайындамасының үстін және астарын тарту, дайындаманың қалыпта орналасуын реттеу, оның артқы жікте (қайыстағы), бума мен бүйірде ұлтараққа бекіту;

      күнделікті, сәндік және ортопедиялық аяқ киімнің өкшесін, бүйірлерін термопластикалық желімді автоматты түрде жіберетін машинада керу;

      артқы сыртқы қайысты алдын ала орнатып, кебістерден, гимнастикалық және үй тифлилерінен басқа аяқ киімдердің барлық түрлерінің дайындамасын керу;

      үстіңгі материал мен дайындама астарының қажетті керілуін, әрбір жарты жұпта дайындама бөлшектерінің қалыпта симметриялы және әрбір жұпта бірдей орналасуын қамтамасыз ету;

      қолданылатын жабдықты баптау.

      455. Білуге тиіс:

      аяқ киімді керу ережесі, дайындамалар жасалған материалдардың түрлері мен қасиеттері, дайындамалар мен қалыптардың түрлері, фасоны, өлшемдері, аяқ киімді керу кезінде технологиялық операцияларды орындаудың нормативтері, қызмет көрсететін машинаны баптау ережесі.

      456. Жұмыс үлгілері:

      юфтік аяқ киімінің өкше және өкшелік бөлігін керу.

      Параграф 6. Аяқ киімді керуші, 6-разряд

      457. Жұмыс сипаттамасы:

      кебістерден, гимнастикалық және үй туфлилерінен басқа, аяқ киімдердің барлық түрлерінің дайындамаларын алдын, тұмсық-бума бөлігін қызмет көрсететін машинада немесе қолмен айналдыра керу;/

      аяқ киімдердің барлық түрлерінің дайындамаларын алдын ала орнатпай, қалыпта керу;

      дайындаманы қалыпқа түпкілікті орнату және керілген жиегін ұлтараққа бекіту;

      қолданылатын жабдықты баптау және реттеу.

      458. Білуге тиіс:

      аяқ киімді керу ережесі, дайындамалар, аяқ киімді керу кезінде технологиялық операцияларды орындаудың нормативтері, қызмет көрсететін машинаның ұсақ ақаулықтарын жою тәсілдері.

      459. Жұмыс үлгілері:/

      сәндік аяқ киімінің өкше және өкшелік бөлігін бір мезгілде көру.

      73. Матрицалардың үлгісін жасаушы

      Параграф 1. Матрицалардың үлгісін жасаушы, 5-разряд

      460. Жұмыс сипаттамасы:

      силикон матрицаларын құю үшін аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындамалары үлгісін жасау:

      тігін машинасымен аяқ киімнің табиғи, жасанды және синтетикалық былғарыдан жасалған үстіңгі бөлігін дайындаманың ішкі бөліктерімен қосу, сәндік сызықтар, жолақтар мен перфорациялар тігу, дайындама контурын картонға салу, үлгі мен картонға түйіршіктер мен қою түйірлерсіз желім жағу;

      дайындаманы кептіру және картонға жабыстыру, үлгіні қалыңдығы бойынша түзету, пластилинді жиегі мен перфорацияға жабыстыру;

      машинаны реттеу, баптау және майлау.

      461. Білуге тиіс:

      аяқ киімнің үсті дайындамасы мен матрицаның үлгісін жасаудың технологиялық процесі, оларды жасау үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері, матрица үлгілерін дайындаған кезде технологиялық операцияларды орындаудың нормативтері, қолданылатын ине мен жіптердің нөмірлері, қолданылатын желімнің түрлері мен қасиеттері, тігін машинасының құрылысы, реттеу және баптау әдістері.

      74. Қалыптың үлгісін жасаушы

      Параграф 1. Қалыптың үлгісін жасаушы, 4-разряд

      462. Жұмыс сипаттамасы:

      гипстен ортопедиялық аяқ киімге арналған қалып (көшірме бедер) жасау: гипс ерітіндісін дайындау, марля-гипс негативін дайындау, оған гипс ерітіндісін құю, гипс қалыпты (көшірме бедерді) дәрігердің тапсырыста көрсеткен табанның формасы мен өлшемін сақтай отырып өңдеу.

      463. Білуге тиіс:

      гипс қалыпты (көшірме бедерді) дайындау және өңдеу технологиясы, табан анатомиясы, табанның деформациялануы және кесілуінің түрлері, қолданылатын материалдардың қасиеттері.

      Параграф 2. Қалыптың үлгісін жасаушы, 5-разряд

      464. Жұмыс сипаттамасы:

      ортопедиялық және жеке тапсырыспен жасалатын аяқ киімге арналған қалыпты ағаштан жасау, тапсырыста көрсетілген табанның конфигурациясы мен өлшемдеріне сәйкес қалыпты таңдау және сәйкестендіру, қалыптың көлемін кішірейту немесе үлкейту;

      дәрігердің тапсырыста көрсеткен тапсырыс беруші аяғының өлшемі мен көлем өлшемдерін сақтай отырып, ортопедиялық қалыпты таңдау және сәйкестендіру;

      қатты бөлшектерді тығын түрінде блоктау, тығынды сәйкестендіру және жабыстыру.

      465. Білуге тиіс:

      қалыптың құрылымы мен жасаудың технологиясы, ағаш түрлері, оның сапасына қойылатын талаптар.

      75. Ортопедиялық аяқ киімнің үлгісін жасаушы

      Параграф 1. Ортопедиялық аяқ киімнің үлгісін жасаушы, 5-разряд

      466. Жұмыс сипаттамасы:

      ортопедиялық аяқ киімнің үстіне арналған үлгілерді әзірлеу, дәрігердің тапсырыста көрсеткен өлшемдеріне сәйкес жасалған ортопедиялық қалыптан эскиз алу;

      үстіңгі пішімнің және астардың бөлшектеріне қағаздан жасалған үлгілерді пішу.

      Білуге тиіс:

      табан анатомиясы, табанның деформациялануы және кесілуінің түрлері, ортопедиялық аяқ-киім дайындамасының үлгісін құру технологиясы, аяқ киімінің үстіне және астарына арналған бөлшектерін пішу кезінде жіберу нормалары.

      76. Жеке аяқ киімдерді тігу жөніндегі аяқ киім шебері

      Параграф 1. Жеке аяқ киімдерді тігу жөніндегі аяқ киім шебері, 4-разряд

      468. Жұмыс сипаттамасы:

      үлгі-модельдер, жеке тапсырыстар бойынша әр түрлі материалдардан табанды бекітудің барлық түрлері мен әдістерін қолданып, етік, қысқа қонышты етік, бәтеңке, қысқа қонышты бәтеңке, туфли, сандал, спорт, үй аяқ киімі, кебіс және басқа да күнделікті аяқ киім жасау.

      469. Білуге тиіс:

      спорт, үй аяқ киімін тігудің технологиялық процесі, спорт, үй аяқ киімі және басқа да күнделікті аяқ киім жасаудың сапасына қойылатын талаптар, аяқ киімдерді жасау кезінде қолданылатын материалдардың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары.

      Параграф 2. Жеке аяқ киімдерді тігу жөніндегі аяқ киім шебері, 5-разряд

      470. Жұмыс сипаттамасы:

      үлгі-модельдер, жеке тапсырыстар және тапсырыс берушінің эскизі бойынша әртүрлі материалдардан табанды бекітудің барлық түрлері мен әдістерін қолданып, етік, қысқа қонышты етік, бәтеңке, қысқа қонышты бәтеңке, туфли, сандал және басқа сәнді аяқ киімді жасау.

      471. Білуге тиіс:

      сәнді аяқ киім тігудің технологиялық процесі, сәнді аяқ киім жасаудың сапасына қойылатын талаптар, сәнді аяқ киімдерді жасау кезінде қолданылатын материалдардың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары.

      Параграф 3. Жеке аяқ киімдерді тігу жөніндегі аяқ киім шебері, 6-разряд

      472. Жұмыс сипаттамасы:

      әр түрлі және бекіту әдістері әртүрлі дайындамалар мен аяқ киімдердің тәжірибелік үлгілерін суретшілердің эскиздері және жеке тапсырыстар бойынша жасау;

      дайындамалардың үлгілерін суретші-модельер және инженер-технологтың басшылығымен құрылымдық және технологиялық пысықтау;

      технологиялық процесте тәжірибелік үлгілерді жасау бойынша эксперимент жүргізу;

      өндірісте аяқ киімдердің жаңа үлгілерін жасауға және игеруге қатысу.

      473. Білуге тиіс:

      дайындамалар мен аяқ киімді тігу бойынша операцияларды жасау ережесі, қолданылатын материалдарға мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары.

      77. Ортопедиялық аяқ киім тігу жөніндегі аяқ киім шебері

      Параграф 1. Ортопедиялық аяқ киім тігу жөніндегі аяқ киім шебері, 1-разряд

      474. Жұмыс сипаттамасы:

      ластану мен жылтырауды жою мақсатымен жартылай ұлтарақтың беткі жағын, ортопедиялық салынатын супинаторды қышқылмен өңдеу.

      475. Білуге тиіс:

      ортопедиялық аяқ киімнің беткі жағын өндеу шаралары, қышқылмен жұмыс істеу ережесі.

      Параграф 2. Ортопедиялық аяқ киім тігу жөніндегі аяқ киім шебері, 3-разряд

      476. Жұмыс сипаттамасы:

      ұлтарақты ылғалдандыру, кептіру, ортопедиялық қалып бойынша қалыптау, оларды өңдеу:

      ұлтарақтың ернін машинамен кесу және оны тік етіп көтеру, ұлтарақ пен жаймаға желім жағу, ұлтараққа кенеп жабыстыру, ұлтарақтың ернін тегістеу, кенептің артық жерлерін кесу;

      ортопедиялық супинаторларды құрастыру:

      резина жапсырмаларды супинаторлық жартылай ұлтарақтар бойынша таңдау, резина жартылай ұлтарақтарды нығыздауышта супинаторлық жартылай ұлтарақтарға жабыстыру, дайын супинаторды тоқымамен қаптау, ұлтараққа супинатор немесе пронатор бекіту.

      477. Білуге тиіс:

      табанның деформация сипатына байланысты ортопедиялық аяқ киім бөлшектерін жинау және өңдеу тәсілдері, супинаторлардың өлшемдері мен мақсаты, қолданылатын материалдар мен бөлшектердің сапасына қойылатын талаптар, қызмет көрсететін машинаны пайдалану ережесі.

      Параграф 3. Ортопедиялық аяқ киім тігу жөніндегі аяқ киім шебері, 4-разряд

      478. Жұмыс сипаттамасы:

      ортопедиялық аяқ киім өкшесінің орналасуы: фликтердің қажетті көлемін таңдау, оларды өзара бекіту, өкшеге медициналық тағайындауға сәйкес қажетті өлшем мен форма беру, өкшені біржақты және екіжақты металл шинаға кесіп келтіру, сәйкестендіру.

      479. Білуге тиіс:

      өкшені орнату ережесі, өкшені құрастыру технологиясы, табанның деформациялануы мен кесілуінің түрлері, табанның деформация сипатына байланысты өкшені орнату кезінде медициналық тағайындауды орындау тәсілдері.

      Параграф 4. Ортопедиялық аяқ киім тігу жөніндегі аяқ киім шебері, 5-разряд

      480. Жұмыс сипаттамасы:

      орындық, тізе асты, бағана, сырғыма және басқа да осы сияқты протездік-аяқ киім бұйымдарын машинамен немесе қолмен жасау;

      ауру адамның жеке ерекшеліктері мен сезу қабілетіне сәйкес дайын ортопедиялық аяқ киімдерді сәйкестендіру: тығын ішпегін, супинаторды, пронаторды, ұзын бойына және көлденең жинақтарын ұлғайту немесе кішірейту.

      481. Білуге тиіс:

      протездік-аяқ киім бұйымдарын тігу технологиясы, қолданылатын материалдардың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары, табанның деформациялануы мен кесілуінің түрлері, қызмет көрсететін машинаны пайдалану ережесі.

      78. Аяқ киім жөндеу бойынша аяқ киім шебері

      Параграф 1. Аяқ киім жөндеу бойынша аяқ киім шебері, 2-разряд

      482. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары аяқ киімді шағын жөндеу: жиектерін, шеттерін табанына немесе нәлге, ұлтанның, конькиге арналған пластиналардың қалған бөліктерін бекіту және тағы да басқа киізден жасалған аяқ киімді (жамау, табандау және тағы да басқа), резинадан жасалған аяқ киімді резинаға арналған немесе басқа да арнайы желімдерді пайдалана отырып тозған бөліктерін ауыстыру арқылы шағын жөндеу;

      аяқ киімнің дайындамаларын жіктері бойынша жекелеген бөлшектерге пішу және тігістерді аяқ киімнің жоғарғы бөлігін кеспей және бүлдірмей пішу арқылы күлшінін пышақпен кесу, бөлшектерді жіптердің қалдықтарынан тазалау, аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің алынған бөліктерін кейіннен қолдануға жарамдыларын таңдай отырып сұрыптау.

      483. Білуге тиіс:

      аяқ киімді шағын жөндеу технологиясы, қолданылатын материалдардың қасиеттері мен сапасы, аяқ киім үстін қолдану тәсілдері.

      Параграф 2. Аяқ киім жөндеу бойынша аяқ киім шебері, 3-разряд

      484. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары аяқ киімнің, ерлер мен әйелдердің сәнді аяқ киімдерінен басқа, барлық түрлерін орташа жөндеу;

      аяқ киімнің табанын дайындау және жаңа ұлтан, өкше, табан салу, ескі өкшені супинаторын (қажет болған жағдайда) ауыстыру арқылы нығайту, ескі табанды бекіту, сыздығын тігу, өкшесін ұзарта отырып, табанын бекіту, табанның крокулді бөлігін нығайту немесе ауыстыру, профилактикалық ұлтанды бекіту;

      жаңа аяқ киімді қалыпқа керу;

      жазғы аяқ киімнің бауларын ұзарту немесе қысқарту;

      былғары аяқ киімнің үстіңгі бөлігін жөндеу (тігу): аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне жамау салу немесе тігу, ішкі күлшін қою, астарын жөндеу, аяқ киімнің үстіңгі бөліктерінің жыртылған жерлерін тігу, "молния" сыдырмасын тігу;

      резина аяқ киімді жөндеу;

      киізден және фетрден жасалған аяқ киімге жаңа табан тігу;

      дайын аяқ киім мен дайындаманың ақаулықтарын жою;

      аяқ киімнің үстіңгі және төменгі бөліктерін кеспей және бүлдірмей бөлшектеу, өкшені металл жиектерден алып тастау, тозған ұлтанды, өкшені, табанды, астарды, өкшелікті станокпен немесе қолмен бөлшектерді бүлдіріп алмай алып тастау, дайындаманың керілген жиегін ұлтарақтан ажырату және ұлтарақты кесу, табанның бөлшектерін текс пен шегелерден тазалау және оны кейіннен пайдалану үшін сұрыптау.

      485. Білуге тиіс:

      бөлшектерді ажыратпай және бұзбай аяқ киімді бөлшектеудің тиімді тәсілдері, аяқ киімді жөндеу технологиясы, табанды бекіту әдістері, аяқ киім бөлшектерінің құрылысы, мақсаты, қолданылатын материалдардың сапасы мен қасиеттері, қалыптардың түрлері, фасоны мен өлшемдері, қолданыстағы жабдықтың құрылысы және онымен жұмыс істеу ережесі.

      Параграф 3. Аяқ киім жөндеу бойынша аяқ киім шебері, 4-разряд

      486. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары аяқ киімді толық тартпаған жағдайда жаңа жұлық тіге отырып, мынадай жұмыстар кешенін орындай отырып жөндеу: аяқ киімнің тозған үстіңгі және төменгі бөліктерін алып тастау, аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне жаңа жұлық тігу, тұмсық және переймалық бөліктерін керу, ұлтанды, өкшені бекіту, аяқ киімнің үстін және табанын өңдеу және тағы да басқа;

      ерлер мен әйелдердің сәнді аяқ киімдерінің барлық түрлерін жұмыс кешенін орындай отырып орташа жөндеу: аяқ киімнің табанын дайындау, жаңа ұлтан салу, өкшесін ауыстыру, өкшені аяқ киімнің фасоны мен өлшеміне сәйкес келтіру, өкшені қаптау, өкше ляписін аяқ киімнің өкше бөлігіне сәйкестендіру, өкшені нығайту, нәл салу, аяқ киімді өңдеу және тағы да басқа;

      аяқ киімді жөндеуге дайындау (аяқ киімді жөндеу кезінде еңбек бөлінісі арқылы): табанның ұлтандық бөлігін алып тастау, оны бумасының бойымен кесу, табанның қалған бөлігінің қалыңдығын жұқарту, ескі төсемді алып тастау және оны жаңасымен ауыстыру;

      өкшені немесе нәлді алып тастау, аяқ киімінің табанын тегістеу, өңдеу және жаңа жарты ұлтарақ салу, аяқ киімнің үстін ішінара керу, сыздығын, жиегін ауыстыру немесе бекіту.

      487. Білуге тиіс:

      аяқ киімді жөндеу технологиясы, аяқ киімнің табанын бекіту тәсілдері, қолданылатын материалдардың сапасы мен қасиеттері, қалыптардың түрлері, фасоны мен өлшемдері, қолданылатын жабдықтың құрылысы және онымен жұмыс істеу ережесі.

      Параграф 4. Аяқ киім жөндеу бойынша аяқ киім шебері, 5-разряд

      488. Жұмыс сипаттамасы:

      бастарын (алдын) ауыстыра отырып және жұмыстардың толық кешенін орындай отырып етікті күрделі жөндеу: аяқ киімнің тозған үстіңгі және төменгі бөліктерін алып тастау, жаңа бөліктерді пішу, басын (алдын) етіктің қонышына тігу, ішкі тұмсығын, күлшіндері мен ұлтарақтарын қою және бекіту, етікті айналдыра керу, табаны мен өкшесін бекіту, аяқ киімнің үстіңгі және төменгі бөліктерін өңдеу;

      былғары аяқ киімді жұлығын тігіп және толық кере отырып, күрделі жөндеу;

      аяқ киімді оның күлшіндері мен табанын ауыстыра отырып, толық көру;

      фетр және киіз аяқ киімді жұмыстардың толық кешенін орындай отырып күрделі жөндеу: былғары жұлығы мен күлшінін тігу, былғары, жасанды былғарыдан, резинадан (ыстық вулканизация әдісінен басқа) және басқа да жасанды материалдардан жасалған ұлтанды бекіту, өкшені бекіту, үстіңгі және төменгі бөліктерін өңдеу және аяқ киімнің осы түрін жөндеуге байланысты басқа да жұмыстарды орындау.

      489. Білуге тиіс:

      аяқ киімді жөндеу технологиясы, аяқ киімнің табанын бекіту тәсілдері, қолданылатын материалдардың сапасы мен қасиеттері, қалыптардың түрлері, фасоны мен өлшемдері, қолданылатын жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі.

      79. Ұлтанды өңдеуші

      Параграф 1. Ұлтанды өңдеуші, 1-разряд

      490. Жұмыс сипаттамасы:

      резина табандарды және ондағы кесіктерді өңдеу, керілген жиектерді бензинмен және тағы да басқа өңдеу, термоэластопласт табанды қолмен химиялық өңдеу.

      491. Білуге тиіс:

      табанды өңдеу тәсілдері, оңай жанатын заттармен жұмыс істеу ережесі.

      Параграф 2. Ұлтанды өңдеуші, 2-разряд

      492. Жұмыс сипаттамасы:

      қыздырылған резина табандарды қойылтылған күкірт қышқылымен, хлорлы темірмен машинада немесе қолмен өңдеу, оларды химикаттармен өңдегеннен кейін жуу және кептіру.

      493. Білуге тиіс:

      резеңке табандарды өңдеу тәсілдері, оларды қыздыру температурасы, қолданылатын химиялық материалдар, күкірт қышқылының күштілігін ареометрдің көмегімен анықтау тәсілдері және өңделген табандардың дайындығын айқындау тәсілдері, қызмет көрсететін машинаны пайдалану ережесі.

      80. Пішу жабдығының операторы

      Параграф 1. Пішу жабдығының операторы, 5-разряд

      494. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киімнің бөлшектерін жасауға арналған орама материалдарды нығыздауыш автоматта төсеу және жаю жұмыстарын орындау;

      пышағы бар пластиналарды таңдау және оларды нығыздауыштың кареткасына салу;

      нығыздауыштың автомат құрылғысына бағдарламаны орнату, оның машинаның жады блогындағы бағдарламамен, орнатылған пышақтар мен төсемнің ұзындығына сәйкестігін тексеру, пышақтардың жарамдылығын тексеру;

      автоматты құрылғыны іске қосу арқылы материал төсемін әперу;

      төсемдердің орналасуын реттеу;

      пішу бөлшектерін алу.

      495. Білуге тиіс:

      нығыздауыш автоматты пайдалану ережесі, автоматты бағдарламалық құрылғының жұмыс қағидаты (нығыздауыш жадысының блогы), автоматты іске қосу және сөндіру жүйесі, шағын ақаулықтарды жою тәсілдері, пішудің сапасы мен жинақталуына қойылатын талаптар, пішілуге тиіс аяқ киімдердің түрлері мен өлшемдері, пышақтарды орналастырудың тиімді жүйесі, қолданылатын материалдарды пайдалану нормалары.

      81. Аяқ киім қалыптарын жөндеуші

      Параграф 1. Аяқ киім қалыптарын жөндеуші, 2-разряд

      496. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киім қалыптарында бұрғылау станогының көмегімен саңылау бұрғылау және ақаулы тығындарды ауыстыру.

      497. Білуге тиіс:

      қалыптарда саңылау бұрғылау ережесі, қалыптардағы саңылаулардың орналасуы мен өлшемдері, бұрғылау станогының құрылысы мен пайдалану ережесі.

      Параграф 2. Аяқ киім қалыптарын жөндеуші, 3-разряд

      498. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киім қалыптарындағы және етікке арналған түзеткіштердегі ұсақ ақаулықтар мен кінәраттарды қажетті формалар мен өлшемдерді сақтай отырып жою, жарылған және қопарылған жерлерін бітеу.

      499. Білуге тиіс:

      аяқ киім қалыптары мен етікке арналған түзеткіштердің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары, қалыптар мен түзеткіштерді жасау және жөндеу үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері, қалыптың түрлері, фасоны, өлшемдері мен толықтығы және олардың белгіленуі.

      Параграф 3. Аяқ киім қалыптарын жөндеуші, 4-разряд

      500. Жұмыс сипаттамасы:

      қалыптардың тұмсық бөлігін қалпына келтіру және ұзарту;

      металл пластинасын, жіктерін, жоғарғы алаңы мен тығынын ауыстыру;

      қалыптың фасоны мен өлшемін сақтай отырып, оның сыдырмасын ауыстыру және жөндеу.

      501. Білуге тиіс:

      әртүрлі қимада қалыптардың формасы мен профилі, толықтықты және қалыптағы өлшемдерді белгілеу жүйесі, ағашты бұрғылау станогында өңдеу ережесі.

      82. Аяқ киімді құрастырушы

      Параграф 1. Аяқ киімді құрастырушы, 1-разряд

      502. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киімді қызмет көрсететін машинада немесе қолмен құрастыру бойынша дайындау операцияларын жүргізу;

      аяқ киімнің ішіне ішпекті арнайы құрылғымен немесе ойғыштың көмегімен қолмен орнату, енгізу және алу, ішпектің шетін ұлтараққа тығыздап қысу;

      пластмасса өкшелерді, ішпектен жасалған өкшелерді және вулканизацияланбаған резинадан жасалған қаптаманы құрастыру;

      ағаш өкшенің тесіктерін бұрғылау.

      503. Білуге тиіс:

      аяқ киімді құрастыру бойынша дайындау операцияларды орындау ережесі, аяқ киімнің, бөлшектер мен қалыптардың түрлері, фасондары мен өлшемдері, қызмет көрсететін машинада жұмыс істеу тәсілдері.

      504. Жұмыс үлгілері:

      Бөлшектерді салу:

      1) табанның өкше бөлігіне, өкшеге нәл;

      2) табанға ұлтанды.

      Бекіту:

      1) резина өкше (сыртынан қосымша бекіту);

      2) сыздықтың ұштарын ұлтараққа;

      3) қалыпқа көтергіш қайыстарды;

      4) тоқыма қаптаманы ұлтарақтың ерніне.

      Желім қабатты қыздыру:

      1) керілген жиек;

      2) өкше;

      3) табан.

      Параграф 2. Аяқ киімді құрастырушы, 2-разряд

      505. Жұмыс сипаттамасы:

      дайындама бөлшектерін әртүрлі типті және әртүрлі сыныпты тігін жабдығында жіппен тігу арқылы біріктіре отырып, аяқ киімнің үстін құрастыру бойынша қарапайым операцияларды орындау;

      бөлшектің шетінен тартылған жіппен технология талаптарына сәйкес тік сызықты үзілусіз және тартпасыз, бөлшектердің шетінен қаюлары мен араларының жиілігін, салынатын немесе бекітілетін бөлшектердің не олардың шеттері арасында тегіс қашықтықты, олардың симметриялық орналасуын қамтамасыз ету, технологияның талаптарына сәйкес олардың арасында және табан мен ұлтарақ шетінен белгіленген қашықтықты сақтау;

      ұлтарақты қолмен жапсыра тігу, сәндік аяқ киімнің өкшелік бөлігін тігу;

      қатардағы аяқ киімнің ағаш және капрон өкшелерін былғарымен, жасанды былғарымен, тоқымамен және басқа материалдармен қаптау;

      аяқ киім астының бөлшектерін құрастыру: табан етегі бар ұлтанды, табаны бар шолақ ұлтан, ұлтарағы бар өкше астылық, күлшіннің қатты және жұмсақ қабаты, ұлтарақ пен жарты ұлтарақтың былғары және картон қабаттары, фликтен жасалған былғары өкшелер, футбол тікенектері, тұғырлар (ішпектер) және аяқ киім астының басқа бөлшектері;

      бөлшек контурын немесе олардың шеттері арасындағы белгіленген қашықтықты біріктіруін қамтамасыз ету, қағу, желімдеу немесе жылжытпай және қиғаштамай нығыздау арқылы бөлшектерді жалғау;

      машинаны реттеу.

      506. Білуге тиіс:

      аяқ киімнің үстін, астын құрастыру бойынша қарапайым операцияларды орындау ережесі, аяқ киімнің астын бекіту әдістері, дайындамаларды жасау үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері, бөлшектерді жалғау үшін материалдар мен фурнитуралардың түрлері, аяқ киім асты бөлшектерінің өлшемдері мен фасондары, қолданылатын ине мен жіптердің нөмірлері, аяқ киімді құрастыру бойынша технологиялық операцияларды орындаудың нормативтері, қызмет көрсететін жабдықтың пайдалану және реттеу ережесі, нығыздаудың технологиялық режимі.

      507. Жұмыс үлгілері:

      Ызбамен, былғары жолақтары немесе жасанды былғары жолақтарымен тігу:

      1) бөлмеде және үйде киетін аяқ киім дайындамалары;

      2) ұлтарақтың жиегі;

      3) тұғыр (ішпектер);

      4) астар;

      5) тілі.

      Белгілеу:

      1) дайындама бөлшектерінің жиектері;

      2) дайындамалардағы ілмектер.

      Жапсырып тігу:

      1) жиектерін жұлыққа;

      2) сандал, шөлке, спорт және үй туфлилерінің күлшіндерін дайындамаға;

      3) қатардағы аяқ киім қоныштарының артқы жіктері бойынша бекіту;

      4) етіктің үстін айналдыру үшін жоғарғы сыздығы бойынша астарға;

      5) қатты күлшіндер мен тұмсықтарға арналған қалташықтарды дайындамаларға;

      6) қалташықтарды етіктің астарына;

      7) клапандарды жұлыққа;

      8) үлбірді қонышқа;

      9) блок асты заттарын астарға;

      10) астарды (төменгі) етіктің ұлтарағы мен қонышына;

      11) айылбасты дайындамаға;

      12) резинаны қонышқа, жұлықтарға;

      13) ішкі қайыстарды астарға;

      14) ішкі қайыстарды (төменгі бөлігі) қалталарға;

      15) қайыстарды барлық түрлі дайындамаларға алған тігу, алдын ала жабыстыру, сондай-ақ екінші және кейінгі тігістер арқылы;

      16) көтеру қайыстарын дайындамаларға;

      17) ұлтарақтарды дайындаманың қалталарына;

      18) құлақтарын етіктің астарына;

      19) белдік ұстағыш пен құлақты етіктің үстіне;

      20) штаферканы астарға;

      21) тілдерін дайындамаларға.

      Жеке тігу:

      1) ызба сала отырып тоқымадан жасалған үстіңгі бөлшек;

      2) белдікке арналған таспа;

      3) астардың тач тігістері.

      Бірге тігу:

      1) күлшіндер;

      2) қоныштың төменгі алдыңғы жиектері;

      3) айылбастары бар ілмектер;

      4) гранитол және мофорин тұмсықтар;

      5) тоқыма астар;

      6) алмалы-салмалы ұлтарақ.

      Тігіс:

      1) белгілер бойынша күрделі емес контурлы жолақ;

      2) белгілер бойынша күрделі емес контурлы күлшіндер мен басқа да бөлшектер;

      3) қонышты бекіту;

      4) етіктің, қонышы қысқа етіктің клапанды сыздығы, спорт және үй туфлиінің сыздығы;

      5) имитациялық ұйық;

      6) қуыршақтардың аяқ киімі;

      7) астары;

      8) ұлтарақ (тұғыр) өлшемінің өн бойына бір тігіспен және ортасына фигуралық тігіспен тартылған сызық;

      9) жылытылған ұлтарақ;

      10) трафареттер;

      11) аяқ киім жылытқышы;

      12) қаптамасы;

      13) үлкен жұлықтарды екінші сызықпен тігілген көлденең тігістері.

      Салу және алдын ала бекіту:

      1) табанның өкше бөлігіне сыналы түрлі өкшелер;

      2) аяқ киімнің табанына тұғырлар (ішпектер);

      3) аяқ киімнің табанына немесе қалыпқа, доппель, доппель-желімді және сандалды бекіту әдістерінен басқа табан және табан етегі.

      Бекіту:

      1) өкшеліктер, супинаторлар, төсемелер, металл пластиналар, өкшеге арналған таяныштар;

      2) ұлтараққа арналған жасанды ерін;

      3) рант ұлтарағы мен ұлтарақтың ерніне дайындаманың созылған жиегі;

      4) өкшенің нәлі;

      5) пресстегі нәл және нығыздау;

      6) желімдегі аяқ киім табанының тұмсық бөлігі;

      7) қалыптардың ұлтарақтары.

      Қаптама:

      1) қатардағы аяқ киімнің ағаш және капрон өкшелері;

      2) ұлтарақтар.

      Параграф 3. Аяқ киімді құрастырушы, 3-разряд

      508. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киімнің үстін дайындама бөлшектерін әртүрлі сыныпты және типті тігін жабдығында жіппен тігу арқылы құрастыру бойынша күрделілігі орташа операцияларды және аяқ киімді қызмет көрсетілетін машинада немесе қолмен құрастыру бойынша операцияларды орындау;

      өлшеу, қиыстырып келтіру, бөлектерді бекіту;

      құю және ыстық вулканизация әдісімен аяқ киім табанының бөлектерін жасау;

      құю және вулканизация технолгиялық режимдерін бақылау, пресс-қалыптар мен қалыптар өлшемдерінің бөлектердің көлеміне сәйкес келуін қамтамасыз ету;

      байқап құю жүргізу;

      дайын өнімдерді пресс-қалыптардан түсіру;

      сәнді аяқ киімнің ағаш және капрон өкшелерін былғарымен, жасанды терімен, матамен және басқа материалдармен қаптау;

      металл тиектері мен металл пластиналары бар ұлтанды құрастыру, аяқ киімнің мақсаты мен өлшеміне байланысты металл тиектерді таңдау, оларды ұлтанға бекіту, металл пластиналарды ұлтанға бекіту;

      қалыпты баулардан жасалған аяқ киімдерге арналған ұлтарағы бар дайындамалардың бауларын құрастыру және бекіту;

      рантты табанның өн бойына, ал декоративтік рантты алдын ала өңделген табанға шегенің, түйреуіштердің, жіптің көмегімен машинада немесе қолмен бекіту;

      машина жұмысындағы шағын ақаулықтарды жою.

      509. Білуге тиіс:

      аяқ киімнің үстін құрастыру бойынша күрделілігі орташа операцияларды орындау әдістері мен тәсілдері, аяқ киімнің табанын құрастыру ережесі мен әдістері, құю және вулканизация технологиясы, пресс-қалыптар мен қалыптардың өлшемдері, құрастыруға келетін бөлектердің өлшемдері мен мақсаты, шығарылатын өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары, жабдықтарды пайдалану және реттеу ережесі, жабдықтардың тораптары мен тетіктерінің ұсақ ақаулықтарын жою тәсілдері.

      510. Жұмыс үлгілері:

      1) аяқ киім үстінің бөлшектерін ызбамен немесе былғары, жасанды былғары жолақтармен тігу;

      2) дайындамалардың тач тігістері мен аяқ киімнің, тоқымадан тоқылғаннан басқа барлық түрлерінің мойындысын пішу;

      3) жартылай жұлықтардың құрамдас бөліктерін көлденең тігіспен, бірінші тігіспен алдын ала жапсырмасыз тігу;

      4) жігі бар, сәндік жапсырмалары, бизиктері бар аяқ киімнің барлық түрлерінің, жігі, сәндік жапсырмалары, бизиктері жоқ етік қоныштарының дайындамалары бөлшектерінің жиектерін қайып тігу.

      Жапсырып тігу:

      1) көлемді жұлықтың мокасин жапсырмасы;

      2) аяқ киімдердің барлық түрлерінің дайындамаларына алдын ала жапсырылған, сондай-ақ екінші және кейінгі тігістері бар гарнитуралар мен әшекейлер;

      3) үй туфлиінің бүйір тігістерін бір уақытта сөге отырып, дайындамаға айналдыра салынған күлшіндер;

      4) күлшіндерді аяқ киімнің барлық түрлерінің дайындамаларына алдын ала жапсыра отырып бірінші тігіспен, сондай-ақ екінші және кейінгі тігістермен тігу;

      5) үлгі аяқ киім қонышының артқы тігісі бойынша біржақты бекіту;

      6) етіктің тобығы мен қонышына сыдырма салу;

      7) қонышы қысқа етіктерге бітеу клапандарды тігу;

      8) тұмсықты аяқ киімдердің барлық түрлерінің дайындамаларына алдын ала жапсыра отырып бірінші тігіспен, сондай-ақ екінші және кейінгі тігістермен тігу;

      9) аяқ киімдердің барлық түрлерінің дайындамаларына өңдеу;

      10) артқы бау етік астарының ішкі және төменгі бөлігін жасырын тігіспен қонышқа тігу;

      11) артқы және алдыңғы сыртқы бауларды барлық түрлі дайындамаларға екінші және кейінгі тігістермен тігу;

      12) жұлықтарды аяқ киімдердің барлық түрлерінің дайындамаларына алдын ала жапсыра отырып бірінші тігіспен, сондай-ақ екінші және кейінгі тігістермен тігу;

      13) кебістердің жұлықтарын, спорт және үй туфлилерінің жұлықтарын қонышқа тігу.

      Тігу:

      1) күрделі контурлардың гарнитурасы;

      2) бәтеңке, қонышы қысқа бәтеңке, туфли, сандал, сандалет, жалаңаяқ киетін аяқ киім жиектерін былғарыдан жасалған астарын кеспей тігу;

      3) тұмсығын бір уақыттағы перфорациямен көп қатарлы тігіспен ігу;

      4) күрделі контурларды өңдеу;

      5) жасырын тігісі бар ішкі артқы белдік;

      6) күрделі контурлы әшекейлер.

      Вулканизация:

      1) жиек, қаптал;

      2) нәл.

      Құю:

      1) өкше;

      2) нәл.

      Қаптау.

      Сәнді аяқ киімнің ағаш және капрон өкшелері.

      Мыналарды:

      1) төсемені дайындамаға бекіту;

      2) алдын ала жапсырып, өкшені шегемен бекіту;

      3) табанның крокуль бөлігін өкшенің алдына бекіту;

      4) нәлді аяқ киімнің өкше тұсына желіммен престе бекіту;

      5) металл пластинаны тиекті ұлтанға бекіту;

      6) ұлтанды, сына тәрізді өкшенің табанын замокқа бекіту;

      7) астарды қатты тұмсықты ұлтараққа бекіту;

      8) табанның өкше бөлігін дайындамаға бекіту;

      9) тікендерді футбол бәтеңкесінің табанына бекіту;

      10) қонышты аяқ киімнің тұмсық және өкшелік бөлігінде монолит резинадан жасалған қалыпты табан.

      Бөлшектерді:

      1) төсемені, табанды доппель, доппельді-желімді және сандалды бекіту әдістерімен бекітілген аяқ киімнің ізіне салу;

      2) желім жағылған өкшені табанды өкшеге қиыстырмай-ақ аяқ киімнің өкше бөлігіне салу.

      Параграф 4. Аяқ киімді құрастырушы, 4-разряд

      511. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киімнің үстін дайындама бөлшектерін әртүрлі сыныпты және типті тігін жабдығында жіппен тігу арқылы құрастыру бойынша күрделі операцияларды және аяқ киімді қызмет көрсетілетін машинада немесе қолмен құрастыру бойынша күрделі операцияларды орындау;

      бір бөлшектердің екінші бөлшектерге қатысты материалдарын бүлдірмей, дұрыс орналасуын қамтамасыз ету;

      құю және ыстық вулканизацияға арналған жабдықтарды дайындау, қызмет көрсету және реттеу, пресс-қалыптар мен қалыптардың өлшемдерінің аяқ киім өлшеміне сәйкес келуін қамтамасыз ету;

      машинаны реттеу және баптау.

      512. Білуге тиіс:

      аяқ киімнің үстін құрастыру бойынша күрделі операцияларды орындау әдіс-тәсілдері, жартылай дайын өнімдер мен қолданылатын қосалқы материалдардың сапасына қойылатын талаптар, вулканизациялық массаны балқыту температурасы, қалыптар мен пресс-қалыптардың өлшемдері, аяқ киім түржиыны, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, оны пайдалану және реттеу ережесі.

      513. Жұмыс үлгілері:

      Қосып тігу:

      1) гарнитураны аяқ киімдердің барлық түрлерінің дайындамаларына алдын ала жапсыра отырып бірінші тігіспен тігу;

      2) күлшінді аяқ киімдердің барлық түрлерінің дайындамаларына алдын ала жапсыра отырып бірінші тігіспен тігу;

      3) тұмсығын аяқ киімдердің барлық түрлерінің дайындамаларына алдын ала жапсырусыз бірінші тігіспен тігу;

      4) тұғыр (ішпек) мен өкшені тігілген-желімделген аяқ киімнің дайындамасына қаптау;

      5) табанды айналдырылған аяқ киімнің дайындамаларына;

      6) сыздықты дайындамаға;

      7) сыздықты керілген жиекке көлемді дайындаманың өн бойына тігу;

      8) артқы және алдыңғы сыртқы бауларды аяқ киімдердің барлық түрлерінің дайындамаларына алдын ала жапсырусыз бірінші тігіспен тігу;

      9) жалаңаяқ киетін аяқ киімнің, туфлидің, сандалдың жұлығын бауын тіге отырып, бірінші және кейінгі тігістермен тігу;

      10) ұлтарақты керілген жиек өлшемінің өн бойымен дайындамаларға немесе дайындаманың тұмсық және өкше бөліктеріне тігу;

      11) әшекейлерді аяқ киімдердің барлық түрлерінің дайындамаларына алдын ала жапсырусыз бірінші тігіспен тігу.

      Тігіс:

      1) сәнді аяқ киімнің, туфли мен күрделі контурлы қонышы қысқа бәтеңкенің қонышын жоғарғы жиегі бойынша және айналдырылған астарын тігу;

      2) етік пен қонышы қысқа етіктердің қатты күлшіндерін екінші және кейінгі тігістермен тігу;

      3) бәтеңке, қонышы қысқа бәтеңке, туфли, сандал, сандалет, жалаңаяқ киетін аяқ киім жиектерін былғарыдан жасалған астарын кеспей тігу;

      4) күрделі емес контурлы дайындамалардың бөлшектеріндегі сәнді сызықтарын алдын ала белгілемей, күрделі контурлы дайындамалардың бөлшектеріне және шығыңқы бедерлерге белгілер бойынша тігу;

      5) бәтеңке, қонышы қысқа бәтеңке, туфли, қонышы қысқа етіктердің жұлықтарын және етіктердің алдын екінші және кейінгі тігістермен тігу;

      6) машинада және қолмен мокасин тігіс;

      7) аяқ киімнің мата дайындамаларын жиектеу таспасымен тігу.

      Құю:

      1) ұлтарақ;

      2) әшекейлі өкше ретінде жасалған өкше;

      3) бір түсті бөлшектерді мәнерлеу үшін силикон матрицалар;

      4) тұтас қалыпты аяқ киім (табаны мен өкшесін бекіту).

      Мыналарды:

      1) өкшені аяқ киімнің өкше бөлігіне престе желіммен бекіту;

      2) өкшені аяқ киімнің өкшелік бөлігіне алдын ала бұрандамен немесе шегемен бекітпей-ақ бекіту;

      3) табанды өкшеге қиыстырып келтіре отырып, аяқ киімнің өкше бөлігіне өкшені бекіту;

      4) резина жиектерін дайындамаға бекіту;

      5) табанды аяқ киімнің сыртқы дайындамасына бекіту;

      6) табанды жиектеу әдісімен бекітілген аяқ киімнің дайындамасына былғары баумен бекіту;

      7) табанды қолмен өңдей отырып, қолдан жасалған сәнді аяқ киімнің ізіне (салу) бекіту (қайып тігу, жұмсарту, крокуль бөлігін бекіту, крокульді кесу);

      8) табан, өкше және артқы сыртқы қайыс – ыстық вулканизация әдісі;

      9) қонышты аяқ киімнің тұмсық бөлігіндегі былғары табан.

      Параграф 5. Аяқ киімді құрастырушы, 5-разряд

      514. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киімнің үстін құрастыру бойынша аса күрделі операцияларды орындау, дайындамаларды еңбек бөлінісінсіз, дайындамаларды әртүрлі сыныпты және типті тігін жабдықтарында жіппен тігу әдісі арқылы құрастыру, аяқ киімді құрастыру бойынша күрделі операцияларды қызмет көрсетілетін машинада немесе қолмен орындау;

      салынатын және бекітілетін бөлшектердің контурларының үйлесуін немесе олардың арасындағы және табанның жиегінен өкшеге дейінгі қашықтықтың тең болуын қамтамасыз ету;

      жеке тапсырыспен жасалатын аяқ киімге арналған ағаш өкшені жасау, өкшеге қажетті қалып пен көлем беру;

      машина мен жабдықтарды реттеу және баптау.

      515. Білуге тиіс:

      аяқ киім дайындамасының үстін еңбек бөлінісінсіз жасаудың технологиялық процесі, кейіннен өңдемей, дайындамалардың бөлшектерін құрастырудың әдіс-тәсілдері, жеке тапсырыспен жасалатын аяқ киімге арналған ағаш өкшені жасау тәсілдері, аяқ киімнің дайындамаларын жасау үшін пайдаланатын материалдардың мемлекеттік стандарттары мен оларға қойылатын техникалық талаптар, өкшелердің қалыбына қойылатын техникалық талаптар, ағаш түрлері, олардың қасиеттері мен кемшіліктері, аяқ киімді құю әдісімен құрастырған кезде компоненттердің мөлшер рецептурасы, аяқ киімді құрастырудың аса күрделі технологиялық операцияларын орындаудың нормативтері, қызмет көрсетілетін машиналар мен жабдықтардың құрылысы, оларды пайдалану ережесі, реттеу және жөндеу.

      516. Жұмыс үлгілері:

      Қосып тігу:

      1) етіктер мен қонышы қысқа етіктердің қатты күлшіндерін бірінші тігіспен тігу;

      2) алдын ала көтермесін жабыстырмай, етіктің алдын бірін және екінші тігіспен тігу;

      3) алдын ала көтермесін жабыстырып, қонышты етіктің алдын бірінші тігіспен тігу;

      4) жұлықты қонышқа және қонышты бәтеңкенің, жабық туфли мен қонышы қысқа етіктің, сәнді аяқ киімнің жұлығына, күрделі контурлы жұлық бөлшектерін алдын ала жапсырусыз бірінші тігіспен тігу.

      Дайындамаларды еңбек бөлінісінсіз құрастыру:

      1) сәндік аяқ киім;

      2) ортопедиялық аяқ киім.

      Сәнді сызықтарды дайындама бөлшектеріне үш және төрт инелі машинамен тігу.

      Құю:

      1) көп түсті бөлшектерге өрнек салуға арналған силикон матрицалар;

      2) аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің дайындамасына табан мен өкшені құю.

      Бекіту:

      1) дайындаманы табанға өріп бекіту;

      2) сыналы былғары өкше (тау шаңғысына арналған аяқ киім);

      3) табанды аяқ киімнің астына престе желіммен бекіту;

      4) рантты ұлтараққа қапсырма шегемен бекіту (рантты-тігілген, рантты-қапсырма шегемен бекітілген аяқ киім);

      5) қонышты аяқ киімнің байламдық немесе өкшелік бөліктеріне былғары табанды бекіту;

      6) табан, өкше – жиегін қыса отырып, тігісті-престі вулканизациялау әдісі.

      Параграф 6. Аяқ киімді құрастырушы, 6-разряд

      517. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киімді қызмет көрсететін машинамен немесе қолмен құрастыру бойынша күрделі операцияларды орындау;

      бекіту: табанды дайындамаларға және ұлтараққа, шолақ ұлтанды табанға бізөкше, бұранда және шегелі бекіту әдісі, престе аяқ киімнің табанына рантаның бүкіл периметрі бойынша желіммен жапсырылған табан;

      табанға сәнді шегелермен жұлықтарды бекіту;

      машина мен жабдықты реттеу, жөндеу.

      518. Білуге тиіс:

      аяқ киімді құрастыру тәсілдері мен әдістері, оның технологиялық нормативтері, қызмет көрсететін машина мен жабдықтың құрылысы, пайдалану, реттеу және жөндеу ережесі, құрылысы.

      Параграф 7. Аяқ киімді құрастырушы, 7-разряд

      519. Жұмыс сипаттамасы:

      рантты, доппельді, тігісті және сандалды бекіту әдісімен тартылған аяқ киімге табанды, табан етегін және табанның бірінші қабатын қосып тігу жолымен аяқ киімді құрастыру бойынша аса күрделі операцияларды орындау, қызмет көрсететін машинада рант ұлтарағының ерніне рантты жапсыра тігу;

      тегіс тігісті және тігістің белгіленген жиілігін қамтамасыз ету;

      машинаны реттеу және жөндеу.

      520. Білуге тиіс:

      аяқ киімді құрастыру тәсілдері мен әдістері, аяқ киімді құрастыру бойынша операцияларды жасаудың технологиялық режимдері мен нормативтері, қызмет көрсететін машинаның құрылысы, реттеу, жөндеу және ұсақ ақаулықтарды жою ережесі.

      83. Аяқ киімді қалыптан алушы

      Параграф 1. Аяқ киімді қалыптан алушы, 1-разряд

      521. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киімді өңдеу қалыптарынан, керу пластиналарынан зақымдамай және майыстырмай алу, босаған қалыптарды фасоны мен өлшемдері бойынша сөрелерге, конвейерлерге немесе арбаға салу.

      522. Білуге тиіс:

      аяқ киімді өңдеу қалыптарынан алу ережесі, аяқ киімнің үсті мен табаны материалдарының қасиеттері, қалыптардың өлшемдері мен фасоны.

      Параграф 2. Аяқ киімді қалыптан алушы, 2-разряд

      523. Жұмыс сипаттамасы:

      етік, бәтеңке және қонышы қысқа бәтеңкеден басқа аяқ киімдердің барлық түрлерін түзеткіштері мен керу қалыптарынан етікті зақымдамай және майыстырмай алу, босаған қалыптарды фасоны мен өлшемдері бойынша сөрелерге, конвейерлерге немесе арбаға салу.

      524. Білуге тиіс:

      етік, бәтеңке және қонышы қысқа бәтеңкеден басқа барлық етіктерді түзеткіштерден және аяқ киімді керу қалыптарынан алу ережесі, аяқ киімнің үсті мен табаны материалдарының қасиеттері, қалыптардың өлшемдері мен фасоны.

      Параграф 3. Аяқ киімді қалыптан алушы, 3-разряд

      525. Жұмыс сипаттамасы:

      етік, бәтеңке және қонышы қысқа бәтеңкені керу қалыптарынан зақымдамай және майыстырмай алу, босаған қалыптарды фасоны мен өлшемдері бойынша сөрелерге, конвейерлерге немесе арбаға салу.

      526. Білуге тиіс:

      етік, бәтеңке және қонышы қысқа бәтеңкені керу қалыптарынан алу ережесі, аяқ киімнің үсті мен табаны материалдарының қасиеттері, қалыптардың өлшемдері мен фасоны.

      84. Аяқ киімді жоңғылаушы

      Параграф 1. Аяқ киімді жоңғылаушы, 2-разряд

      527. Жұмыс сипаттамасы:

      өкшелікті, өкшенің жиектерін пышақпен жону, өкшеге (ляписке) ойық жасау;

      аяқ киім табанының артық жерлерін бүлдіріп алмай машинамен немесе арнайы жоңғылардың көмегімен қолмен алып тастау;

      бөлшектерге қажетті қалып беру.

      528. Білуге тиіс:

      аяқ киімдерді жоңғылау ережесі және тәсілдері, жоңғылауға түсетін бөлшектер мен аяқ киімнің жартылай дайын өнімдеріне қойылатын талаптар.

      Параграф 2. Аяқ киімді жоңғылаушы, 3-разряд

      529. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет көрсететін машинада аяқ киімге бекітілмеген нәлді, ұлтарақтарды, табанды жоңғылау, қатардағы аяқ киім табанының өкше, өкшелік бөлігін кесу тәртібі.

      530. Білуге тиіс:

      аяқ киімдердің бөлшектерін жоңғылау тәсілдері, қолданылатын жоңғылардың нөмірлері мен түрлері, аяқ киімді жоңғылауға қойылатын талаптар, қызмет көрсететін машинаның құрылысы мен жұмыс қағидаты.

      Параграф 3. Аяқ киімді жоңғылаушы, 4-разряд

      531. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет көрсететін машинада орташа және аласа өкшені жону, нәлі бар қалыпталған табанның өкше бөлігін, унты сыздықтарын, табанды жиектерін жасай отырып кесу, жону-сәнді аяқ киімнің крокуль және өкшелік бөліктеріндегі табанды түзету.

      532. Білуге тиіс:

      аяқ киімнің бөлшектерін жону ережесі, қолданылатын жонғышты ауыстыру тәсілдері, аяқ киімді жоңғылауға қойылатын талаптар, қызмет көрсететін машинаны пайдалану ережесі.

      Параграф 4. Аяқ киімді жоңғылаушы, 5-разряд

      533. Жұмыс сипаттамасы:

      табанды өн бойымен жоңғылау-түзету, жеңіл аяқ киім мен кебістердің табанын кесуді қызмет көрсететін машинамен жоңғылау;

      қызмет көрсететін машина жұмысын реттеу.

      534. Білуге тиіс:

      аяқ киімді жону ережесі, қызмет көрсететін машинаны реттеу әдістері.

      Параграф 5. Аяқ киімді жоңғылаушы, 6-разряд

      535. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киімдердің, жеңіл аяқ киімдер мен кебістерден басқа барлық түрлерінің резина табандары мен жасанды былғарыдан жасалған табандар кесіктерін қызмет көрсететін машинада жону;

      нәлі бар резина табандардың өкше бөліктерінің кесіктерін жону;

      машинаны реттеу және баптау.

      536. Білуге тиіс:

      аяқ киімдерді жону ережесі, дайын аяқ киімнің сапасына қойылатын талаптар, қызмет көрсететін машинаны реттеу және баптау ережесі.

      Параграф 6. Аяқ киімді жоңғылаушы, 7-разряд

      537. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқ киімдердің барлық түрлерінің былғары табандары кесіктерін, бекітудің сыздық жапсыру әдісімен жасалған тері төсемелі табан кесіктерін, өкшелі былғары төсемелер кесіктерін қызмет көрсететін машинада жону;

      машинаны реттеу және баптау.

      538. Білуге тиіс:

      аяқ киімді жону ережесі, дайын аяқ киімнің сапасына қойылатын талаптар, қызмет көрсететін машинаны реттеу және баптау ережесі.

5-бөлім. Үлбір өндірісі

      85. Су-химиялық өңдеу аппаратшысы

      Параграф 1. Су-химиялық өңдеу аппаратшысы, 4-разряд

      539. Жұмыс сипаттамасы:

      теріні күбіде, баркаста, барабанда технологияға сәйкес жібіту-ылғалдандыру;

      теріні, ерітіндіні, химикаттар мен материалды тасымалдау;

      жабдықтың сумен және химиялық өңдеу жүргізуге даярлығын және жарамдылығын тексеру;

      жұмыс ерітінділерін жасау, мөлшерлеу, аппараттарға құю, қыздыру, күшейту;

      температуралық режимді және терінің ерітіндіде қозғалу жылдамдығын реттеу;

      техникалық талаптарға сәйкес сумен және химиялық өңдеудің технологиялық режимін сақтау;

      жібіту процесінің аяқталу уақытын айқындау, ерітіндіні ағызу және теріні аппараттан алу.

      540. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және техникалық пайдалану, майлау және тазалау ережесі, аң-мал терісі шикізатының түрлері, сумен және химиялық өңдеу технологиясы, былғары талшығы мен терінің жүн қабатының қасиеттері мен құрылымы, аң-мал шикізатын консервілеу тәсілдері, ылғалдандыру сапасына қойылатын талаптар, химикаттар мен ерітіндінің құрамы мен концентрациясы, аң-мал шикізатын салу нормасы және аппаратқа ерітіндіні құю нормасы, аң-мал шикізатын сумен және химиялық өңдеу циклінің ұзақтығы, температуралық режим және оны реттеу тәсілдері.

      86. Тері илеу аппаратшысы

      Параграф 1. Тері илеу аппаратшысы, 4-разряд

      541. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті тері илеу аппаратшысы басшылығымен қызмет көрсететін аппараттарда технологияға сәйкес аң-мал терілерін пикельдеу, илеу, бейтараптандыру, жуу технологиялық процестерін жүргізу;

      теріні аппараттарға қолмен немесе механикаландырылған тәсілмен салу және алу;

      ерітіндіні құю үшін жабдықты дайындау;

      өңделген ерітіндіні аппараттан ағызу;

      тері илеудің технологиялық процесін бақылау.

      542. Білуге тиіс:

      аң-мал терілерін пикельдеу, илеу, бейтараптандыру, жуу технологиялық процестерін жүргізу ережесі, аң-мал терісі шикізатының түрлері, қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттері және олардың өзара әрекеті, қызмет көрсететін аппараттардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, көтеру-тасымалдау құрылғыларының жұмыс істеу қағидаты және оларды пайдалану ережесі.

      Параграф 2. Тері илеу аппаратшысы, 5-разряд

      543. Жұмыс сипаттамасы:

      технологияға сәйкес қызмет көрсететін аппараттарда аң-мал терілерін пикельдеу, илеу, бейтараптандыру, жуу, илеу-майлау, пикельдеу-майлау технологиялық процестерін жүргізу;

      илеу операциясын өткізу үшін аппараттардың, химиялық ерітінділердің дайындығын тексеру;

      химиялық ерітінділерді жасау;

      химиялық материалдарды мөлшерлеу, жылыту, ерітінділерді күшейту;

      теріні аппараттарға қолмен немесе механикаландырылған тәсілмен салу;

      температуралық режимді бақылау, талдау мен есептер негізінде жұмыс ерітіндісін түзету;

      жұмыс ерітіндісінің, жартылай дайын өнімнің сынамаларын алу және тері дайындығының дәрежесін анықтау;

      терілерді аппараттардан алу.

      544. Білуге тиіс:

      пикельдеу, илеу, бейтараптандыру, жуу, илеу-майлау, пикельдеу-майлау технологиялық процестерін жүргізу ережесі, аң-мал терісі шикізатының түрлері, талдау әдістері, талдау өткізу үшін сынамалар алу әдістері, химиялық материалдар шығының нормалары, аң-мал терілерін өңдеудің ықтимал ақаулықтары, қызмет көрсететін аппараттардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құбырлардың пайдалану және реттеу ережесі.

      87. Тегістеу аппаратшысы

      Параграф 1. Тегістеу аппаратшысы, 3-разряд

      545. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір және тонға арналған қой терісінің ұсақ және орташа түрлерін (бағалы аң терісі және қаракөл-елтіріден басқа) тегістеу барабанында ылғалдандырылған ағаш үгінділердің көмегімен технология талаптарына сәйкес тегістеу-жазу және теріні кейіннен торлы барабанда қағу;

      икемді, жұмсақ былғары және шаң-тозаңнан, май қалдықтары мен бояудың бөлшектерінен тазартылған, таза, құрғақ және сусылдақ түк қабатын алу мақсатында теріні құрамды барабанда бірлесіп өңдеу-кептіру, ылғал үгінділермен тегістеу-жазу, жүктеме түсірмей қағу немесе тиісті аппараттарда гидротермиялық өңдеу;

      тері мен үгіндіні тасымалдау;

      жартылай дайын өнімдердің, барабандар мен аппараттардың операция орындау үшін даярлығын тексеру;

      барабандар мен тиісті аппараттарға салу және одан алу.

      546. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және техникалық пайдалану ережесі, үлбір жартылай дайын өнімдерінің түржиыны, теріні қарапайым және бірге өңдеу режимі, ағаш үгінділердің сапасына қойылатын талаптар.

      Параграф 2. Тегістеу аппаратшысы, 4-разряд

      547. Жұмыс сипаттамасы:

      бағалы аң терісі және қаракөл-елтіріні, теңіз аңы терісін вакуум-барабанда, құрамды барабанда, тегістеу барабанында ылғалдандырылу дәрежесі әртүрлі ағаш үгінділердің көмегімен технологиялық процесс талаптарына сәйкес тегістеу-жазу және икемді, жұмсақ былғары және шаң-тозаңнан, май қалдықтары мен бояудың бөлшектерінен тазартылған, таза, құрғақ және сусылдақ түк қабатын алу мақсатында теріні кейіннен торлы барабанда қағу;

      вакуум-барабандардың, желдеткіш құрылғылардың, бу жіберу құрылғылары жұмысының ылғалдық-температуралық режимін реттеу;

      өңдеудің аяқталуын, терінің кесілуін, түкті қабатының ұйысуы мен оралуын, терінің шөгуін айқындау;

      тегістеу-жазу процесін жүргізу сапасын бақылау.

      548. Білуге тиіс:

      вакуум-барабанның, құрамды тегістеу және сілкілеу барабандарының құрылысы, механизмдер жұмысы мен ылғал-температуралық режимді реттеу, аң-мал терісі жартылай дайын өнімнің түржиыны, жартылай дайын өнімнің қасиеттері, ағаш үгінділері мен бу-ауа қоспасын мөлшерлеу тәсілдері.

      88. Тон құрағын пісіруші

      Параграф 1. Тон құрағын пісіруші, 3-разряд

      549. Жұмыс сипаттамасы:

      тон және үлбір құрағын және басқа да қалдықтарды технологиялық режимге сәйкес пісіру;

      тон және үлбір құрағын, қиындылар мен өндірістің басқа да қалдықтарын жұмыс орнына тасымалдау;

      оларды пісіру қазандықтары мен аппараттарға салу, су және күкірт қышқылын құю, қажетті концентрациялы ерітінді жасау;

      жүнді жуу және аппарат пен қазандықтардан алу, сығу, кептіру, оны бумаларға орау немесе қаптарға салу;

      пісіру қазандықтары мен аппараттарын тазалау.

      550. Білуге тиіс:

      пісіру қазандықтары мен аппараттардың құрылысы мен техникалық пайдалану ережесі, тон және үлбір құрағының түрлері, тон және үлбір құрағын және басқа өндіріс қалдықтарын пісірудің технологиялық режимінің өлшемдері, қызмет көрсететін жабдықты тазалау тәсілдері мен мерзімділігі.

      89. Тері илеу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы

      Параграф 1. Тері илеу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 3-разряд

      551. Жұмыс сипаттамасы:

      тері илеу өндірісінде жұмыстарды орындау сапасын шаблон бойынша жиектегеннен кейін, ұсақ терілердің (бағалы аң терісінен басқа) ақаулықтары мен қолдан жасағанды жойғаннан кейін бақылау;

      бақыланатын үлбір шикізаты мен терілердің кінәраттарын бағалау және есеп жүргізу.

      552. Білуге тиіс:

      орындалатын технологиялық операцияларды бақылау әдістері мен тәсілдері, ұсақ терілердің мемлекеттік стандарты мен техникалық шарттары, өңдеу кезінде кінәраттардың пайда болу себептері және олардың алдын алу және жою бойынша шаралар, үлбір шикізаты мен терілердің ақаулықтарын есепке алу тәртібі.

      Параграф 2. Тері илеу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 4-разряд

      553. Жұмыс сипаттамасы:

      тері илеу өндірісінде жұмыстарды орындау сапасын ұсақ және орташа аң терілерін (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтіріден басқа) бұйымның етегіне пішкеннен кейін, қой терісін жағаға, үлбір құрақты бұйым мен әшекейлеуге, тиіннің терісін жекелеген бөлшектерге пішкеннен кейін, орташа терілер мен теңіз аңы терілерін, тиін мен қаракөл терілерінен басқа терілерді қолдан жасау және ақаулықтарын жоюдан кейін, қой терісінің шап терісі мен қырқылған жерлерін құрақпен өңдеуден кейін бақылау;

      бақыланатын үлбір шикізаты мен терілердің кінәраттарды анықтап, оларды жою бойынша шараларды қабылдау және есепке алу.

      554. Білуге тиіс:

      орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдіс-тәсілдері, орташа терілер мен теңіз аңы терісінің мемлекеттік стандарты мен техникалық шарттары, бақыланатын операциялардың сапасын тексеру ережесі, өңдеу кезінде кінәраттардың пайда болу себептері және олардың алдын алу және жою бойынша шаралар, ақаулықтарды есепке алу тәртібі.

      Параграф 3. Тері илеу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 5-разряд

      555. Жұмыс сипаттамасы:

      тері илеу өндірісінде жұмыстарды орындау сапасын теріні бұйымдарға, үлбірге, пластиналар мен үлбірге, пластиналарды ұсақ және орташа аң терілеріне (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтіріден басқа), үлбір мен тонға арналған қой терісін бұйымдарға пішкеннен кейін, бұйымның етегіне пішкеннен кейін, тиін мен қаракөл терілерін қолдан жасағаннан кейін бақылау;

      ұсақ және орта түрлерінің (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтіріден басқа) терілерінің жинап-бүктеудің бұйымдарға сапасын бақылау;

      үлбір шикізаты мен терілердің кінәраттарын анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

      есеп жүргізу құжаттамасын жүргізу.

      556. Білуге тиіс:

      орындалатын операциялардың бақылау әдіс-тәсілдері, бақыланатын бұйымдар түржиынының мемлекеттік стандарты мен техникалық шарттары, бақыланатын операциялардың сапасын тексеру ережесі, өңдеу кезінде кінәраттардың пайда болу себептері және олардың алдын алу және жою бойынша шаралар, есепке алу тәртібі.

      Параграф 4. Тері илеу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 6-разряд

      557. Жұмыс сипаттамасы:

      тері илеу өндірісінде жұмыстарды орындау сапасын бағалы аң терісін қаракөл-елтіріге теңіз аңы терісін бұйымдарға, пластиналар мен үлбірге, тері мен пластиналарды бұйымдарға пішкеннен кейін, тарқатуға, аударуға және басқа да күрделі әдістермен пішкеннен кейін, бұйымдарды, үлбір мен пластиналарды жинап-бүктеуден кейін бақылау;

      кінәраттарды анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

      есеп құжаттамасын жүргізу.

      558. Білуге тиіс:

      орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдіс-тәсілдері, бақыланатын бұйымдар түржиынының мемлекеттік стандарты мен техникалық шарттары, бақыланатын операциялардың сапасын тексеру ережесі, өңдеу кезінде кінәраттардың пайда болу себептері және олардың алдын алу және жою бойынша шаралар, ақаулықтарды есепке алу тәртібі.

      559. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      90. Шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы

      Параграф 1. Шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 2-разряд

      560. Жұмыс сипаттамасы:

      шикізаттық-бояу өндірісінде ұсақ терілерді (бағалы аң терілерінен басқа) технологиялық картаға, нұсқаулықтар мен техникалық шарттарға сәйкес бөліп, тегістегеннен кейін өңдеу сапасын бақылау;

      кінәраттардың пайда болу себептерін айқындау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

      кінәраттарды баллдық бағалау және оларды орындаушылар бойынша есепке алу.

      561. Білуге тиіс:

      орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдіс-тәсілдері, терілерді өңдеу сапасына қойылатын талаптар, ұсақ терілердің түржиыны, өңдеу кінәраттарын баллдық бағалау, кінәраттардың пайда болу себептерін айқындау және оларды жою бойынша шаралар.

      Параграф 2. Шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 3-разряд

      562. Жұмыс сипаттамасы:

      шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір және тонға арналған қой терісінің жүнін технологиялық картаға, нұсқаулықтар мен техникалық шарттарға сәйкес, орташа терілердің (бағалы аң терілері мен қаракөл-елтіріден басқа), теңіз аңы терісін, үлбір және тонға арналған қой терісінің жүнін қырқу, ажырату, үлбір және тонға арналған қой терісінің жиегін кергеннен, теңіз аңы терісін ажыратып, тегістегеннен кейін шикізат етіп өңдеу сапасын бақылау;

      кінәраттардың пайда болу себептерін айқындау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау, өңдеу кінәраттарын баллдық бағалау және оларды есепке алу.

      563. Білуге тиіс:

      орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдіс-тәсілдері, аң-мал терілерінің түржиыны, олардың сапасына қойылатын талаптар, үлбір шикізатын өңдеу кінәраттарын баллдық бағалау ережесі, кінәраттардың пайда болу себептері және оларды жою бойынша шаралар.

      Параграф 3. Шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 4-разряд

      564. Жұмыс сипаттамасы:

      шикізаттық-бояу өндірісінде ұсақ терілерді (бағалы аң терілерінен басқа) технологиялық картаға, нұсқаулықтар мен техникалық шарттарға сәйкес құрғақ терілердің жүн қабатын шелдеуден кейін, құрғақ терілердің жүнін қырыққаннан кейін, бағалы аң терілері мен қаракөл-елтіріні, теңіз аңы терісін машинамен немесе қолмен ажыратқаннан кейін өңдеу сапасын, сондай-ақ температураның әсерімен формалин ерітіндісінде немесе басқа да химиялық заттармен өңделген терінің сапасын бақылау, бағалы аң терілері мен қаракөл-елтіріні, теңіз аңы терісін, үлбір және тонға арналған қой терісін тегістеу сапасын бақылау;

      кінәраттардың пайда болу себептерін айқындау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

      кінәраттарды баллдық бағалау және оларды есепке алу.

      565. Білуге тиіс:

      орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдіс-тәсілдері, аң-мал терілерінің түржиыны, олардың сапасына қойылатын талаптар, үлбір шикізатын өңдеу кінәраттарын баллдық бағалау ережесі, олардың алдын алу шаралар және жою тәсілдері, шикізаттық-бояу өндірісінің технологиялық схемасы.

      Параграф 4. Шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 5-разряд

      566. Жұмыс сипаттамасы:

      шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір және тонға арналған қой терісін, орташа терілерді (бағалы аң терілері мен қаракөл-елтіріден басқа), сондай-ақ тиін, ақкіс терілерін шелдеуден кейін өңдеу сапасын бақылау;

      шикізат пен жартылай дайын өнімдерді өңдеудің технологиялық режимін сақтау дұрыстығын тексеру;

      кінәраттардың пайда болу себептерін айқындау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

      есепке алу құжаттамасын жүргізу және бақылау нәтижесін жазу.

      567. Білуге тиіс:

      орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдіс-тәсілдері, аң-мал терілерінің түржиыны, олардың сапасына қойылатын талаптар, үлбір шикізатын өңдеу кінәраттарын баллдық бағалау ережесі, олардың алдын алу шаралар және жою тәсілдері, шикізаттық-бояу өндірісінде сапасын бақылау нәтижесін жазуға арналған құжаттаманы толтыру ережесі.

      Параграф 5. Шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 6-разряд

      568. Жұмыс сипаттамасы:

      шикізаттық-бояу өндірісінде бағалы аң терілері мен қаракөл-елтіріні, теңіз аңы терісін шелдеуден кейін өңдеу сапасын бақылау;

      шикізат пен жартылай дайын өнімдерді өңдеудің технологиялық режимін сақтау дұрыстығын тексеру;

      кінәраттардың пайда болу себептерін айқындау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

      есепке алу құжаттамасын жүргізу және бақылау нәтижесін жазу.

      569. Білуге тиіс:

      орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдіс-тәсілдері, бағалы аң-мал терілерінің түржиыны, өңдеу кінәраттарын баллдық бағалау, олардың алдын алу шаралар және жою тәсілдері, сапасын бақылау нәтижесін жазуға арналған құжаттаманы толтыру ережесі, шикізаттық-бояу өндірісінің технологиялық схемасы.

      570. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      91. Үлбір мен тонға арналған қой терісін бояушы

      Параграф 1. Үлбір мен тонға арналған қой терісін бояушы, 4-разряд

      571. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір мен тонға арналған қой терісін өңдеу технологиясына сәйкес әртүрлі аппараттардағы астауларға батырып салу арқылы бояу;

      бояу ерітіндісін үлбір түрі мен имитацияға сәйкес терінің жүн қабатына машинамен немесе щетканың көмегімен қолмен біркелкі жағу, жүн қабатын кірлетпей, терінің былғары қабатының өн бойынша пигменттелген пленкалы қабатты біркелкі жағу;

      ерітіндіні жасау, мөлшерлеу, қыздыру, құю, теріні аппараттарға салу, өңделген ерітіндіні ыдыстарға құю және оны сұйықтықты өңдеуге арналған жабдықтарға жіберу;

      теріні, бұйымдарды, материалдар мен химикатты тасымалдау;

      боялған тері мен бұйымдарды қатарлап үю;

      жұмыс кезінде бояудың машинаға берілуін реттеу;

      температуралық режим мен технологиялық процестердің ұзақтығын бақылау;

      терінің даярлық дәрежесін айқындау, оларды аппараттан алу.

      572. Білуге тиіс:

      машина мен құрылғының құрылысы, аппараттардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы және олармен жұмыс істеу ережесі, машиналар мен жабдықтарды техникалық пайдалану ережесі, үлбірді аналинмен және басқа да бояғыштармен бояу технологиялық процесі, бояғыштардың жүн мен теріге тигізетін әсері, бояғыштарды пайдалану ережесі, теріні бояуға дайындау мен бояу сапасына қойылатын талаптар, бояғыштардың, химикаттар мен басқа да материалдардың жұмсалу нормасы, суретке, терінің жүнінің имитациясы мен сипатына байланысты аналин мен басқа да бояғыштарды жағудың әдіс-тәсілдері, теріні аппараттарға салу нормасы, процесс режимі, химикаттарды мөлшерлеу нормасы, ерітінді концентрациясы, теріні машинада бояуға дейін және одан кейін салу.

      Параграф 2. Үлбір мен тонға арналған қой терісін бояушы, 5-разряд

      573. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір түріне, қажетті сурет түріне, имитация, түсі мен реңкіне сәйкес бояу ерітіндісін терінің, пластина мен үлбір жиектердің жүн қабатының белгілі бір тереңдігіне қалам, жаққыш, шприцаппараттың щеткасы мен аэрографтық және трафареттік бояуға арналған машинаның көмегімен жағу арқылы бояу;

      бояу ерітінділерін әдістеме мен нұсқаулыққа сәйкес дайындау және жасау;

      бояу сапасын бақылау.

      574. Білуге тиіс:

      үлбір терілердің түрлері, технологиялық процесс және үлбір тері мен имитацияға сәйкес бояу сапасына қойылатын талаптар, тері мен бұйымдардың жүн қабатына қажетті суреттерді салу тәсілі, бояу ерітіндісін жасау рецептурасы және оларды дайындау тәсілдері, бояғыштар мен басқа да материалдарды жұмсау нормасы.

      92. Қой терісін екіге жіктеу жартылай автомат желісінің машинисі

      Параграф 1. Қой терісін екіге жіктеу жартылай автомат желісінің машинисі, 3-разряд

      575. Жұмыс сипаттамасы:

      желімдеу ерітіндісін жағу процесін жүргізу және жасанды негізде былғары жасаған кезде жүн қабатын қой терісін екіге жіктеу жартылай автомат желісінде жағу процесін жүргізу;

      жүн қабатын жабыстыру сапасын бақылау;

      ақаулықтардың алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдау;

      екіге жіктеу аппаратын орнату және баптау жұмыстарына қатысу.

      576. Білуге тиіс:

      жартылай автомат желілердің механизмдерін пайдалану ережесі және өзара әрекеттесуі, желімдеу ерітіндісінің қасиеттері, былғары талшығының, қой терісінің жүн қабатының құрылысы мен қасиеттері, жүн қабатын жабыстыру сапасына қойылатын талаптар.

      Параграф 2. Қой терісін екіге жіктеу жартылай автомат желісінің машинисі, 4-разряд

      577. Жұмыс сипаттамасы:

      қой терісін екіге жіктеу жартылай автомат желісінде жасанды негізде үлбір жасаған кезде жүн қабатын екіге жіктеу (кесу);

      жартылай автомат желісі механизмдерінің жұмысын тексеру, желіні баптау және оны пайдалану кезінде ақаулықтарды жою жұмыстарына қатысу.

      578. Білуге тиіс:

      жартылай автомат желілердің құрылысы және оны пайдалану ережесі, былғары талшығының және қой терісінің жүн қабатының құрылысы мен қасиеттері.

      93. Жуу машинасының машинисі

      Параграф 1. Жуу машинасының машинисі, 2-разряд

      579. Жұмыс сипаттамасы:

      шикізат пен жартылай дайын өнімдерді аппаратта жуу;

      бағалы аң-мал шикізатын аппаратқа салу және одан алу;

      шикізатты жуу және сығу үшін машинаға әперу.

      580. Білуге тиіс:

      аппараттардың мақсаты мен жұмыс қағидаты, бағалы аң-мал шикізатының түрлері.

      Параграф 2. Жуу машинасының машинисі, 4-разряд

      581. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терінің жүн қабатын доғал пышақты шелдеу машинасында және аппараттарда үйілме, репье, кір мен консервілеуші заттарды алып тастау мақсатында жуу;

      технологияға сәйкес жуу ерітінділерін дайындау;

      тасымалдаушы, қысқыш және пышақ біліктері арасындағы саңылауды өңделетін терінің түрлері мен қалыңдығына, сондай-ақ жүн қабатының биіктігі мен оның былғары талшығымен байланысының беріктігіне байланысты реттеу.

      582. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін машина мен жабдықтардың құрылысы мен пайдалану ережесі, бағалы аң-мал терісі шикізатының түрлері, олардың мақсаты, былғары талшығы мен жүн қабатының қасиеттері мен құрылысы, жуу және сығудың ерекшелігі және олардың сапасына қойылатын талаптар.

      94. Ажырату машинасының машинисі

      Параграф 1. Ажырату машинасының машинисі, 4-разряд

      583. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір және тонға арналған қой терісінің былғары талшығын және теңіз аңы терісін тілмей, кеспей машинада ажырату (жабу);

      машина мен жартылай дайын өнімнің операцияны орындауға даярлығын тексеру;

      теріні машинаға әперу және салу және оны өңдеу әдістемесінің технологиялық талаптарына сәйкес түзету;

      машинаның жұмысын, ажырату (жабу) сапасын бақылау.

      584. Білуге тиіс:

      машинаның жұмыс механизмдерінің құрылысы мен өзара әрекеттесуі және техникалық пайдалану ережесі, машинаны реттеу ережесі, үлбір терілердің түрлері, өңдеу әдістемесі, былғары талшығы мен жүн қабатының қасиеттері мен құрылысы, тері топографиясы мен қалыбы, теріні ажырату (жабу) алдында оның сапасына және өңдеу сапасына қойылатын талаптар.

      95. Шел мен түкті жуушы

      Параграф 1. Шел мен түкті жуушы, 2-разряд

      585. Жұмыс сипаттамасы:

      шел мен түкті барктарда, күбіде және басқа да аппараттарда жуу;

      оларды салу және алу;

      жуу ерітінділерін жасау және оларды аппараттарға әперуді реттеу.

      586. Білуге тиіс:

      жабдықтардың құрылысы және оны техникалық пайдалану ережесі, шел мен түкті жуу әдістемесі, шел мен түкті өңдеу сапасына қойылатын талаптар.

      96. Үлбір терілерді өңдеуші

      Параграф 1. Үлбір терілерді өңдеуші, 2-разряд

      587. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілерді пикельдеу, илеу, майлау және басқа да ерітінділерді былғары талшығының өн бойынша жүнін кірлетпей, қолмен немесе жағу машинасымен біркелкі жағу арқылы өңдеу;

      машинаның операцияларды орындауға даярлығын және аспирациялық құралдың жұмысқа жарамдылығын тексеру;

      теріні үстелге төсемеге немесе машинаның тасымалдаушы механизміне беру және теріні жұмыс білігінің астына балқытылған күйінде салу;

      өңдеу сапасын бақылау және ақаулықтардың алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдау;

      терінің даярлығын анықтау және оларды жаққаннан кейін үлбір және тонға арналған қой терісінің жиектеріне белгіленген тәртіппен қаттап үю.

      588. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтың мақсаты мен жұмыс қағидаты, үлбір терілердің түржиыны, былғары талшығы мен жүн қабатының қасиеттері мен құрылысы, ерітінділердің құрамы, қасиеттері, мөлшерлемесі, мақсаты мен олармен жұмыс жүргізу ережесі, теріні өңдеуге дайындауға қойылатын талаптар.

      97. Үлбір терілерді әрлеуші

      Параграф 1. Үлбір терілерді әрлеуші, 2-разряд

      589. Жұмыс сипаттамасы:

      ұсақ терілердің (бағалы аң терісінен басқа) былғары талшықтарын шалғыда, қапсырма шегеде, машинада ажырату-қопсыту, үлбір терілерді біркелкі жағу арқылы өңдеу, былғары талшыққа икемділік пен жұмсақтық беру үшін кеспей, тілмей және кертпей, шымшымай жазу және тазалау;

      терілердің қопсытуға, машиналардың операцияларды орындауға даярлығын және аспирациялық құрылғының жұмысқа жарамдылығын тексеру;

      үлбір терілерді үстелге төсемеге қою немесе машинаның тасымалдаушы механизміне салу, теріні жұмыс білігінің астына балқытылған күйінде салу.

      590. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтың мақсаты мен жұмыс қағидаты, үлбір терілердің түржиыны, былғары талшығы мен жүн қабатының қасиеттері мен құрылысы, ерітінділердің құрамы, қасиеттері, мөлшерлемесі, мақсаты мен олармен жұмыс жүргізу ережесі, үлбір теріні өңдеуге дайындауға қойылатын талаптар.

      Параграф 2. Үлбір терілерді әрлеуші, 3-разряд

      591. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілерді терінің жүн қабатына бедерлі суреттерді арнайы электр құрылғыларында күйдіру арқылы, люстрлеу, формалин және басқа да химиялық ерітінділерді терінің жүн қабатына қолмен немесе жағу машинасында жағу арқылы өңдеу;

      машинада ажырату және керу;

      орташа терілер (бағалы аң терісі, қаракөл-елтіріден басқа) мен теңіз аңы терісінің былғары талшықтарын ажырату-қопсыту, былғары талшыққа икемділік пен жұмсақтық беру үшін кеспеу, тілмей және кертпей, шымшымай жазу және тазалау;

      жуып, сыққаннан кейін кесу немесе жүн қырқу машиналарында үлбір және тонға арналған қой терісінің жүн қабатын белгіленген биіктік бойынша, тілмей, түк қалдырмай және теріні жыртпай шикізат етіп қырқу-шабу;

      машинаның кесуші және тасымалдаушы механизмдерінің арасындағы саңылаудың тиісті көлемін және қой терісін әперу жылдамдығын белгілеу;

      қой терісін өн бойын түзете отырып, тасымалдауыштың төсемесіне әперу;

      қой терісінің жүнін жасанды түрде бұйралай отырып және сол сәтте бұйра жүнді нығыздауышпен бекіте отырып, түкті күйдірмей және былғары талшығын пісірмей (шалыстырмай) қаракөл ретінде жасау;

      терінің жүн қабатына арнайы ерітіндіні щетканың көмегімен қолмен белгіленген тереңдікте өн бойына біркелкі етіп жағу;

      ерітіндіні жағу сапасын бақылау және терінің жүн қабатына белгіленген тереңдікке өту сапасын, оның өн бойына жағылған жақпаның қарқындылығы мен біркелкілігін және былғары талшығының ерітіндімен былғанбауын бақылау.

      592. Білуге тиіс:

      жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесі, былғары талшығы мен жүн қабатын өңдеу технологиясы мен тәсілдері, үлбір теріні өңдеу сапасына қойылатын талаптар.

      Параграф 3. Үлбір терілерді әрлеуші, 4-разряд

      593. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терінің өңделетін жерлерінде қатты ұйысқан және киізденген жүні бар үлбір және тонға арналған қой терісінің, бағалы аң терісі мен қаракөл-елтіріні, теңіз аңы терісінің жүн қабатын қопсыту мақсатында ажырату машинасында ажырату арқылы үлбір терілерді өңдеу;

      үлбір және тонға арналған қой терісіне, бағалы аң терісі мен қаракөл-елтіріге, теңіз аңы терісіне икемділік пен жұмсақтық беру үшін оның былғары талшықтарын шалғыда, қапсырма шегеде, машинада кеспей, тілмей және кертпей, шымшымай жазу және тазалау;

      үлбір терілерді бөлу машинасының пышақ білігіне әперу және салу, өңдеу технологиясына сәйкес оларды бөлу кезінде әр түрлі бағытта бірнеше рет ауыстыру;

      түтікті шымшымай, кертпей және тері шеттерін тілмей жүн қабатының үсті тегіс болуы үшін үлбір терілердің құрғақ жүн қабатын белгіленген биіктік бойынша қырқу машинасында қырқу;

      өңделетін үлбір жартылай дайын өнімнің түріне және қалыңдығына қарай пышақ және беруші механизм арасында қажетті саңылауды реттеу;

      үлбір терілерді жүн жағымен қырқу машинасы тасымалдағышының төсемесіне әперу, өн бойын түзете отырып пышақ білігіне жіберу;

      терінің жүн қабатынан қылшықтарды былғары талшықтан қолмен немесе машинамен жұлу арқылы немесе түбітін бүлдірмей тегіс, жібек етіп алу үшін түбіне дейін жұлу;

      өңделетін терінің қалыңдығы мен басқа да қасиеттеріне байланысты машинаның металл, бедерлі, резина біліктерінің арасындағы саңылауды реттеу;

      операцияны өткізуге және өн бойындағы жүн қабатын өңдеу сапасына бақылау жасау;

      автоматты қайрақпен және лента-кескішті тарту мен созуды автоматты реттегішпен жабдықталған жүн қырыққыш машинада шикі қой терісін қырқу;

      жүн қырыққыш машина жұмысының тиісті параметрлерін таңдау: соратын желдетпенің қуаттылығы, кескіш-лентаны қайрау бұрышын, тасымалдағыш лентасы қозғалысының жылдамдығын, жүн қабатын қырқу биіктігін, пышақ және әперу механизмі арасындағы саңылауды реттеу;

      үлбір терілердің жүн қабатын қырқу сапасын бақылау.

      594. Білуге тиіс:

      өңдеу машиналардың әртүрлі түрлерінің құрылысы және оларды пайдалану және реттеу ережесі, өңдеу операциясына үлбір теріні дайындау үшін оған қойылатын талаптар, үлбір терілерді өңдеу операциясының кейінгі технологиялық операцияларды орындау сапасына тигізетін әсері.

      Параграф 4. Үлбір терілерді әрлеуші, 5-разряд

      595. Жұмыс сипаттамасы:

      терінің жүн қабатынан қылшықтарды былғары талшықтан қолмен немесе машинамен жұлу арқылы немесе түбітін бүлдірмей тегіс, жібек етіп алу үшін түбіне дейін жартылай жұлынған қылшықтарды қалдырмай, жұлу;

      өңделетін терінің қалыңдығы мен басқа да қасиеттеріне байланысты машинаның металл, бедерлі, резина біліктерінің арасындағы саңылауды реттеу;

      үстінде щетка мен әртүрлі бұрыштарда кескіштер орналастырылған пышақ біліктердің көмегімен қой терісін созу, созу-жұмсату;

      реверстеу механизмімен үлбір терілерді бірнеше рет алмастыру;

      созу-жұмсарту машинасының пышақ және тасымалдаушы механизмі мен қой терісін әперу жылдамдығы арасында тиісті саңылау жасау;

      қой терісін қырқу (тегістеу) машинасында тегістеу, қырқу;

      пышақ білігінің айналу жылдамдығын және тасымалдағыштың қозғалыс жылдамдығын басқару пультында реттеу;

      жылжымайтын пышақтың көлденең және тік жазықтықта алмасуын реттеу, әперетін және жіберетін тасымалдағыштардың ленталарын керу;

      технологиялық процестерді өткізу сапасына бақылау жасау;

      жабдықты баптау.

      596. Білуге тиіс:

      жабдықтардың құрылысы және баптау ережесі, пышақты және басқа да құралдарды пайдалану ережесі, жүн қабатының құрылысы және қылшық пен түбіт түтіктің айырмашылық белгілері, жартылай дайын өнімдер мен өңдеу сапасына қойылатын талаптар, жүн қабатын өңдеудің әдіс-тәсілдері.

      98. Шикізат, тері илеу-бояу және формалин цехтарында шикізатты, жартылай дайын өнімдерді, химиялық материалдар мен өндіріс қалдықтарын жеткізуші

      Параграф 1. Шикізат, тері илеу-бояу және формалин цехтарында шикізатты, жартылай дайын өнімдерді, химиялық материалдар мен өндіріс қалдықтарын жеткізуші, 3-разряд

      597. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір шикізатын, тері илеу-бояу және формалин цехтарында шикізатты, жартылай дайын өнімдерді, химиялық материалдар мен өндіріс қалдықтарын қол арбада, вагонеткада тасымалдауға қатысты қосалқы жұмыстарды орындау.

      598. Білуге тиіс:

      шикізаттың, жартылай дайын өнімдердің, химиялық материалдардың түрлері мен қасиеттері, тасымалдау ережесі.

      99. Үлбір терілер мен бұйым пішімдерін түзетуші

      Параграф 1. Үлбір терілер мен бұйым пішімдерін түзетуші, 1-разряд

      599. Жұмыс сипаттамасы:

      теріні ешбір құралсыз қолмен түзету;

      терінің былғары талшықтарын ені мен ұзындығына қолмен керу (жазу және керу).

      600. Білуге тиіс:

      терінің қалыбы мен топографиясы, жазу және керу тәсілдері.

      Параграф 2. Үлбір терілер мен бұйым пішімдерін түзетуші, 2-разряд

      601. Жұмыс сипаттамасы:

      оралып алынған терілерді, пішімдерді бумен жібіту;

      трубкамен алынған терілерді арнайы түзеткіштерде түзету;

      теріні былғары жағына немесе жүн жақ бетіне айналдыру, үлбір тері мен бұйымдарды рамадан алу, илеу жіктерін түзету;

      рамаларды кептіргіштерге салу, кептіру камераларындағы кептірудің технологиялық режимі мен температурасын бақылау;

      рамаларды кептіргіштерден шығару.

      602. Білуге тиіс:

      түзеткіштер мен рамалардың құрылысы және оларды пайдалану ережесі, терінің қалыбы мен топографиясы, түзету және керу тәсілдері, теріні рамада түзету жұмыстарын орындау тәртібі мен тәсілдері, әртүрлі үлбір терілерді рамада керу дәрежесі, үлбір терілерді кептіру режимі және олардың даярлық дәрежесі, әртүрлі үлбір терілерге түзеткеннен кейін қойылатын талаптар.

      Параграф 3. Үлбір терілер мен бұйым пішімдерін түзетуші, 3-разряд

      603. Жұмыс сипаттамасы:

      терінің былғары талшықтарын ені мен ұзындығына қолмен немесе арнайы құрылғылардың, механикалық түзеткіштердің көмегімен түзету (керу), үлбір терілерді жағылған контур бойынша қысқышпен, шеге немесе түйреуіштермен бекіту арқылы рамада кере отырып, түзету, көлемін ұлғайту мақсатында теріні машинада түзету, ашытылған қаракөлді кептіру үшін және симметриялы қалып беру үшін оны контуры мен көлемі бойынша түзете отырып жаю.

      604. Білуге тиіс:

      машиналардың, механикалық түзеткіштер мен кептіру камераларының құрылысы және оларды пайдалану ережесі, түзету және керу ережесі,терілерді рамада түзету бойынша жұмыстарды орындау тәртібі мен тәсілдері, әртүрлі үлбір терілерін рамада керу дәрежесі, үлбір терілердің кептіру режимі және олардың даярлық дәрежесі, ашытылған шикі қаракөлді жазу және түзету сапасына қойылатын талаптар.

      Параграф 4. Үлбір терілер мен бұйым пішімдерін түзетуші, 4-разряд

      605. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір пішімдері мен үлбір терілерді пішу алдында рамаларда технологиялық талаптарға сәйкес, тері мен бұйымдарды қажетті қалыпқа сәйкес және қатарды дұрыс орналастыра отырып, қысқыштар, шегелер мен түйреуіштермен бекіту арқылы белгіленген контур бойынша түзету;

      арнайы түзеткіштерде қалыптау әдісімен жасалған жағаларды түзету;

      бұйымдарды лекалалар бойынша контур рамаларына салу.

      606. Білуге тиіс:

      рамалардың, механикалық түзеткіштер мен кептіру камераларының құрылысы және оларды пайдалану ережесі, үлбір түріне, лекаланың фасоны мен өлшеміне байланысты бұйымның пішімдерін түзету үшін жағасы мен бұйымдардың (қалыптау әдісімен жасалған) пішімдерін түзету жұмыстарын орындау тәртібі мен тәсілдері, әртүрлі үлбір терілері мен бұйымдардың пішімдерін кептіру режимі және олардың даярлық дәрежесі.

      100. Нығыздаушы

      Параграф 1. Нығыздаушы, 2-разряд

      607. Жұмыс сипаттамасы:

      жүн мен тоқыма және басқа да материалдардың қалдықтарын баулар мен теңдерге қол немесе механикалық нығыздауыштармен нығыздау.

      608. Білуге тиіс:

      нығыздауыштың құрылысы мен пайдалану ережесі, үлбір тері мен жүнді баулар мен теңдерге нығыздауға қойылатын талаптар.

      101. Шикізат орамын ашушы

      Параграф 1. Шикізат орамын ашушы, 2-разряд

      609. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір шикізатының теңдері мен байламдарын қолмен ашу, терінің тұзын кетіру, биркаларды кесу, теріні үлбір шикізатының түрі бойынша және өңдеу әдістемесіне сәйкес қатарлап және сөрелерге төсеу және үю;

      жүн қабаты мен былғары талшықтарында зиянкестердің болуын анықтау;

      шикізат пен жартылай дайын өнімдердің айрықшалыққа сәйкестігін тексеру;

      орау материалдарын белгіленген тәртіппен жинау және салу.

      610. Білуге тиіс:

      үлбір және тонға арналған қой терісі шикізатын және жартылай дайын өнімнің орамын жазу, теріні үлбір шикізатының түрі бойынша қатарлап және сөрелерге төсеу және үю тәртібі.

      102. Үлбір теріні тараушы

      Параграф 1. Үлбір теріні тараушы, 2-разряд

      611. Жұмыс сипаттамасы:

      жүн қабатындағы үгінділерді, шаңды, тік оралған, ұйысқан және жабысып қалған түктерді алып тастау және жүн қабатының тұтастығын (жұлынып қалған жерлерсіз) сақтай отырып, жүн қабатына талшықтардың табиғи орналасуын қамтамасыз ету мақсатында үлбір және тонға арналған терілердің, ұсақ және орташа (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтіріден басқа) терілердің жүн қабатын машинамен немесе арнайы тарақтардың, кардоленттердің және тағы да басқа көмегімен тарау;

      теріні машинаға салу, жүн қабатының таралу сапасын бақылау;

      машинаны тазалау.

      612. Білуге тиіс:

      қызмет көрсететін машина механизмдерінің жұмыс қағидаты, майлау және тазалау ережесі және мерзімділігі, терінің жүн қабаты мен былғары талшықтарының құрылысы, үлбір терілердің өндірістің мақсаты, тарауға дайындау және оның сапасына қойылатын талаптар, тарау ақаулықтарының кейінгі технологиялық операцияларды орындау сапасына тигізетін әсері.

      Параграф 2. Үлбір теріні тараушы, 3-разряд

      613. Жұмыс сипаттамасы:

      жүн қабатындағы үгінділерді, шаңды, тік оралған, ұйысқан және жабысып қалған түктерді алып тастау және жүн қабатының тұтастығын сақтай отырып, жүн қабатына талшықтардың табиғи орналасуын қамтамасыз ету мақсатында бағалы аң терісі мен теңіз аңы терісінің жүн қабатын машинамен немесе арнайы тарақтардың, кардоленттердің және тағы да басқа көмегімен тарау;

      үлбір терілердің жүн қабатын тарау сапасын бақылау;

      машинаны тазалау.

      614. Білуге тиіс:

      машинаның құрылысы мен техникалық пайдалану ережесі, аң-мал терісі жартылай дайын өнімдерінің жүн қабаты мен былғары талшықтарының құрылысы, үлбір терілердің өндірістің мақсаты, тарауға дайындау және оның сапасына қойылатын талаптар, тарау ақаулықтарының кейінгі операцияларды орындау сапасына тигізетін әсері.

      Параграф 3. Үлбір теріні тараушы, 4-разряд

      615. Жұмыс сипаттамасы:

      жүн қабатындағы үгінділерді, шаңды, тік оралған, ұйысқан және жабысып қалған түктерді алып тастау және жүн қабатының тұтастығын сақтай отырып, жүн қабатына талшықтардың табиғи орналасуын қамтамасыз ету мақсатында, кард білігінің автоматты тазалағыш құрылғысымен және тараудың тереңдігін автоматты өзгерісі бар қызметімен жабдықталған кардтық тарау машинасында терілердің жүн қабатын тарау процесін жүргізу;

      жартылай дайын өнімді конвейерге салу;

      белдікті, әперетін және жіберетін конвейерлердің торларын, жартылай дайын өнімнің жүн қабатын тарау тереңдігін, кардолентаны керу;

      кард білігін қалдықтардан мезгіл-мезгіл тазалау;

      жартылай дайын өнімнің қалыңдығына, оның сапалық сипаттамасына қарай конвейер қозғалысының, кард білігінің айналу жылдамдығын, тасымалдаушы біліктердің жылдамдығын реттеу;

      үлбір терілердің жүн қабатын тарау сапасын бақылау.

      616. Білуге тиіс:

      үлбір жартылай дайын өнімді тарау процесін орындау ережесі мен тәсілдері, жартылай дайын өнімді тарауға дейін және кейін қойылатын техникалық шарттар, кардтық тарау машинасының құрылысы, пайдалану және баптау ережесі.

      103. Илеуші-жинаушы

      Параграф 1. Илеуші-жинаушы, 4-разряд

      617. Жұмыс сипаттамасы:

      түсі, реңі, жүн қабатының ұзындығы, қалыңдығы мен суреті, былғары талшығының сипатына қарай біртектес ұсақ және орташа терілерден (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен басқа), тонға арналған қой терісінен талаптар мен үлбірді жұмсау нормаларына сәйкес жағаларды жинақтап-реттеу;

      тері құрақтардан жүн қабатының және былғары талшығының түсі, реңкі, қалыңдығы, сипатына қарай лекала мен сызбалар бойынша сұрыптау, жинақтап-реттеу, пішімдегі терінің орнын білдіретін белгі салу.

      618. Білуге тиіс:

      үлбір бұйымдардың түржиыны, ұсақ және орташа терілер (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен басқа) және тонға арналған қой терісі, терілердің жүн қабатының сипаты мен топографиясы, тонға арналған қой терісінен жасалған бұйымдарды, ұсақ және орташа терілерді және тері құрақтарын жинақтап-реттеуге қойылатын техникалық талаптар, теріні жұмсау нормалары, тері пішімінің сапасына қойылатын талаптар.

      Параграф 2. Илеуші-жинаушы, 5-разряд

      619. Жұмыс сипаттамасы:

      түсі, реңі, жүн қабатының ұзындығы, қалыңдығы мен суреті, былғары талшығының сипатына, қатар санына қарай біртектес ұсақ және орташа терілерден (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен басқа), үлбір және тонға арналған қой терісінен, құйрық, аяқ, тиін терісі бөліктерінен (жон арқасынан басқа) техникалық талаптар мен үлбірді жұмсау нормаларына сәйкес бұйымдарды, үлбір, жолақтарды жинақтап-реттеу;

      үлбірде, жолақтар мен бұйымдарда терінің сызбаларға сәйкес орналасуы, пішімдегі терінің орнын білдіретін белгі салу.

      620. Білуге тиіс:

      үлбір және тонға арналған қой терісінің әртүрлі терілерін, құйрығы, аяғы, тиін терісінің бөліктерінен (жон арқасынан басқа) жасалған үлбір бұйымдардың түржиыны, бұйымдардың жиын-ретіне, үлбір мен жолақтарға қойылатын техникалық талаптар, тиімді орналастыру.

      Параграф 3. Илеуші-жинаушы, 6-разряд

      621. Жұмыс сипаттамасы:

      түсі, реңі, жүн қабатының ұзындығы мен қалыңдығы мен суреті, былғары талшығының сипатына, қатар санына қарай біртектес бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен, теңіз аңы терілерінен техникалық талаптар мен үлбірді жұмсау нормаларына сәйкес бұйымдарды, үлбір, пластиналарды жинақтап-реттеу;

      үлбірде, жолақтар мен бұйымдарда терінің сызбаларға сәйкес орналасуы;

      терілерді лекала мен сызбалардың қалыбы бойынша кесу, пішімдегі терінің орнын білдіретін белгі салу.

      622. Білуге тиіс:

      аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен, теңіз аңы терілерінен жасалған үлбір бұйымдардың түржиыны, бұйымдардың жиын-ретіне, аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен, теңіз аңы терілерінен жасалған үлбір мен жолақтарға қойылатын техникалық талаптар, техникалық шарттар, пайдалы ауданын барынша көп пайдаланған кезде тиімді орналастыру әдістері.

      104. Илеуші-пішуші

      Параграф 1. Илеуші-пішуші, 2-разряд

      623. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілердің шап терісі бөліктері мен жиектерін алып тастау;

      құйрық, бас, құлақ шеміршектерін кесу және тазалау.

      624. Білуге тиіс:

      теріні пішу ережесі, үлбір түрлері, әртүрлі үлбірлердің терісінің топографиясы, шаблон бойынша пішу, үлбір терілерді кесу және тазалау тәсілдері.

      Параграф 2. Илеуші-пішуші, 3-разряд

      625. Жұмыс сипаттамасы:

      шаблон бойынша пішу, кінәраттарын жою және шағын топты (бағалы аң терісінен басқа) терілердің жетіспейтін бөліктері бар терілерге арналған жапсырмалар мен қосымшаларды таңдау;

      жиналған терілердің саны мен сапасын тексеру;

      кінәраттарды жою, орташа, бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінің аяқ тұсын кесу;

      лекала, техникалық талаптарға, үлбір жартылай дайын өнімін пайдаланудың белгіленген нормаларына сәйкес үлбірді ойыншықтардың бөлшектеріне пішу.

      626. Білуге тиіс:

      әр түрлі үлбірді ойыншықтардың бөлшектеріне пішу әдістері, үлбір ойыншықтардың түржиыны, жүн қабаты мен былғары талшықтарының сипаты мен топографиясы, ұсақ терілердің кінәраттарын жою тәсілдері.

      Параграф 3. Илеуші-пішуші, 4-разряд

      627. Жұмыс сипаттамасы:

      жиналған терілердің саны мен сапасын тексеруден кейін, лекала, техникалық талаптарға, үлбір жартылай дайын өнімін пайдаланудың белгіленген нормаларына сәйкес ұсақ және орташа терілерді (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен басқа) бұйымдардың етегіне, тонға арналған қой терісін – жағаға, үлбір құрағын – бұйымдар мен жиектерге, тиіннің терісін – жекелеген бөліктерге: арқаға, басына, жамбасына, шабына, бүйіріне пішу;

      жетіспейтін бөлшектері бар терілерге арналған жапсырмалар мен қосымшаларды таңдау және орташа терілерде және теңіз аңы терісіндегі кінәраттарды жою, тонға арналған қой терісінің шап терісін, қырқылған жерлерін жапсырмалармен өңдеу;

      көлемін барынша толық пайдалану үшін теріні ені мен ұзындығына түзету;

      құрақтардан жасалған үлбір бұйымдарын және үлбір мен қой терісінен жасалған бұйымдардың етегін, ұсақ және орташа терілерді (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен басқа) қолмен өңдеу, бұйымдардың борттарын, етегін, астарын, ойындысын қырқу және тізіп орау;

      жүн қабатының және былғары талшығының жағынан бұйымдарды қарау, илеу жұмыстарының сапасын тексеру, қию, қосу және қолмен тіреу арқылы кінәраттарды анықтау және жою;

      қырқу, қию, тарау және жүн қабатына қажетті пішін беру;

      былғары талшық жағынан тігістерді түзету.

      628. Білуге тиіс:

      ұсақ және орташа терілерді пішу әдістері және кінәраттарды жою тәсілдері, үлбір бұйымдарының түржиыны, дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар, үлбірді жұмсау және пайдалану нормасы, жүн қабаты мен былғары талшықтарының сипаты мен топографиясы, тері мен қосымшаларды былғары талшығының биіктігі, реңі, түсі, суреті және қалыңдығы бойынша қосу, үлбір бұйымдардың борттарын, етегін, астарын, ойындысын қырқу-тізіп орау тәсілдері, үлбір пішімдеріне қойылатын техникалық талаптар.

      Параграф 4. Илеуші-пішуші, 5-разряд

      629. Жұмыс сипаттамасы:

      жиналған терілердің саны мен сапасын тексеруден кейін, ұсақ және орташа терілерді (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен басқа) бұйымдарға, үлбірге, пластиналарға, сондай-ақ үлбір мен пластинадан жасалған бұйымдарға пішу;

      сызбаларға, лекалаға, техникалық талаптарға, үлбір жартылай дайын өнімін пайдаланудың белгіленген нормаларына сәйкес үлбір және тонға арналған қой терісін бұйымдарға пішу, тиін мен қаракөл терілерінің жетіспейтін бөліктері бар терілерге арналған жапсырмалар мен қосымшаларды таңдау, сондай-ақ құйрық пен аяқтан жасалатын бұйымдарды пішу;

      кінәраттарды анықтау және тілу, жапсыру, қосу және сынаны босату арқылы жою;

      ұсақ және орташа терілерден горжет, жамылғы киім, палантин және жартылай жамылғы киім жасау;

      басын ресімдеу және өңдеу (көз қою, құлақ тігу, мұрын жасау және тағы да басқа);

      күрделі әдіспен пішу – қажет болған жағдайда босату;

      илеу-тігу өндірісінің барлық операцияларын орындау кезінде қалқанда түзету, теріні лекала контуры бойынша кесу және жұмыс үшін қажетті машиналарды, құрылғылар мен құралдарды пайдалана отырып, жүн қабатын тазалау;

      дайын пішімдердің сапасын тексеру, кінәраттарды жою;

      үлбір бұйымдарын және үлбір мен қой терісінен жасалған пішімдерін, ұсақ және орташа терілерді (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен басқа) өңдеу, қырқу-тізіп орау;

      қырқу, қию, тарау және жүн қабатына қажетті пішін беру;

      былғары талшық жағынан тігістерді түзету.

      630. Білуге тиіс:

      ұсақ және орташа терілерді пішу әдістері, кінәраттарды жою және түзету тәсілдері, бұйымдардың белгіленген өлшемдері мен фасондарына сәйкес лекала бойынша қырқу-тізіп орау тәсілдері, пішім сапасы мен дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар, үлбірді жұмсау және пайдалану нормасы, пайдалы ауданын толық пайдаланған кезде тиімді жаю және пішу, машина, құрылғылар мен құралдар механизмдерінің құрылысы мен жұмысы.

      Параграф 5. Илеуші-пішуші, 6-разряд

      631. Жұмыс сипаттамасы:

      жиналған терілердің саны мен сапасын тексеруден кейін бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерін бұйымдарға, үлбірге, пластиналарға, сондай-ақ үлбір мен пластинадан жасалған бұйымдарға пішу;

      аудару және жүн қабатының бір теріден екіншісіне баяу ауысуын қамтамасыз ететін басқа да әдістермен пішу және жазу, теріні бұйымдрда әртүрлі тәсілдермен орналастыру;

      қалыптау әдісі арқылы түзетуді пайдалана отырып, бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен жаға жасауға арналған теріні пішу;

      өндіріске шығару үшін үлбір бұйымдарының жаңа модельдері мен үлгілерін, сондай-ақ қаракөл-елтірі терілерінен және теңіз аңы терісінен горжет, жамылғы киім, палантин және жартылай жамылғы киім жасау;

      үлбір бұйымдарының және бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі және теңіз аңы терілерінен жасалған пішімдерді өңдеу, қырқу-тізіп орау;

      қию, қосу және тіреу арқылы кінәраттарды анықтау және жою, жүн қабатына қажетті пішін беру мақсатымен тарау;

      былғары талшық жағынан тігістерді түзету.

      632. Білуге тиіс:

      күрделі пішу әдістері: босату, аудару және тағы да басқа, шығарылатын үлбір өнімдерінің түржиыны, пішім сапасы мен дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар, кінәраттарды жою тәсілдері, үлбірді жұмсау және пайдалану нормасы, тиімді жаю, бөлшектерді ағында өңдеудің техникалық шарттары мен жүйелілігі, бұйымдардың белгіленген өлшемдері мен фасондарына сәйкес лекала бойынша қырқу-тізіп орау тәсілдері.

      Параграф 6. Илеуші-пішуші, 7-разряд

      633. Жұмыс сипаттамасы:

      бағалы аң терісінің әртүрлі түрінен, қаракөлден, қой терісінен, былғарыдан, жасанды былғарыдан жасалған үлбір пішімдерін сынама үлгілер мен үлгі-эталон жасау үшін жаю;

      әртүрлі өлшемді топтардан жаймалардың әртүрлі түрлерін жасау;

      терінің жиектерін түсі, жүнінің ұзындығы мен қалыңдығы бойынша таңдау, жиектерін өңдеу, түзету.

      634. Білуге тиіс:

      күрделі пішу әдістері: босату, аудару және тағы да басқа, шығарылатын үлбір өнімдерінің түржиыны, пішім сапасы мен дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар, кінәраттарды жою тәсілдері, үлбірді жұмсау және пайдалану нормасы, тиімді жаю, бөлшектерді ағында өңдеудің техникалық шарттары мен жүйелілігі.

      105. Үлбір терілерді термоөңдеуші

      Параграф 1. Үлбір терілерді термоөңдеуші, 2-разряд

      635. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір пішімдердің жүн қабатының жылтырлығын қалпына келтіру және оны сол күйінде сақтау мақсатында оны ашық типті тегістеу машинасында тегістеу;

      тегістеу білігін қыздыру температурасын реттеу, машина жұмысын және тегістеу сапасын бақылау;

      тегістеу алдында пішімнің жүн қабатына люстрлеу ерітіндісін жағу.

      636. Білуге тиіс:

      тегістеу машинасының жұмыс механизмдерінің жұмыс қағидаты мен өзара әрекеттесуі, жүн қабатын өңдеу сапасына қойылатын талаптар, пішімнің жүн қабатына люстрлеу ерітіндісін жағу тәсілдері және жүн қабатын күйдірмей тегістеу тәсілдері.

      Параграф 2. Үлбір терілерді термоөңдеуші, 4-разряд

      637. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілерді люстрлеуден кейін, жүн қабатын жылтыр ету және түктерін түзету мақсатында – былғары талшықтарын күйдірмей (қыздырмай), пісірмей және тартпай, тегістеу білігінің астында әртүрлі бағытта үнемі қозғай отырып, ашық типті тегістеу машинасында тегістеу;

      үлбір терілерді люстрлеу ерітіндісін жаққаннан кейін тегістеуге дайындау;

      қыздыру және температураны реттеу;

      үлбір терілерді машинаның әперу механизміне жүн жақ бетін жоғары қаратып төсемеге салу, түзету, тегістеу білігінің астына жіберу, пластификация және түктерін тарту арқылы тегістеу;

      үлбір терілердің барлық жүн қабатына люстрлеу ерітіндісін жағу сапасын және тегістеу сапасын бақылау;

      үлбір терілерін сөреге немесе конвейерлерге салу;

      тегістеу машинасының жұмыс механизмдерін баптау, реттеу, майлау және тазалау.

      638. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін машинаның құрылысы және баптау тәсілдері, тегістеу білігінің температуралық режимін реттеу ережесі, люстрлеу ерітіндісінің қасиеттері, технологиялық операцияларды орындау тәсілдері, үлбір терілердің жүн қабаты мен тері талшықтарының құрылысы, тегістеу сапасына қойылатын техникалық талаптар.

      Параграф 3. Үлбір терілерді термоөңдеуші, 5-разряд

      639. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілерді формалинмен, хром тұзымен және басқа да химиялық заттармен өңдегеннен кейін, жүн қабатын жылтыр ету және түктерін түзету мақсатында – былғары талшықтарын күйдірмей (қыздырмай), пісірмей және жұлмай, тегістеу білігінің астында әртүрлі бағытта біртіндеп қозғай отырып, тегістеу машинасында тегістеу;

      үлбір терілерді формалинмен, хром тұзымен және басқа да химиялық заттармен өңдегеннен кейін тегістеуге дайындау;

      қыздыру және температураны реттеу;

      үлбір терілерді машинаның әперу механизміне жүн жақ бетін жоғары қаратып төсемеге салу, түзету, тегістеу білігінің астына жіберу және түкті тартылған күйі сақтау мақсатында тегістеу;

      үлбір терілердің барлық жүн қабатын формалинмен, хром тұзымен және басқа да химиялық заттармен өңдеу сапасын және тегістеу сапасын бақылау;

      үлбір терілерін сөреге немесе конвейерлерге салу;

      тегістеу машинасының жұмыс механизмдерін баптау, реттеу, майлау және тазалау.

      640. Білуге тиіс:

      әртүрлі типті тегістеу машиналарының құрылысы, температуралық режимін реттеу ережесі, үлбір терілердің жүн қабаты (түгінің ұзындығы әркелкі) мен тері талшықтарының құрылысы, формалин, хром тұзы және басқа да химиялық заттардың қасиеттері, формалинмен, хром тұзымен және басқа да химиялық заттармен өңдеуден кейін тегістеу сапасына қойылатын техникалық талаптар, тегістеу машинасының жұмыс механизмдерін реттеу ережесі, оларды тазалау және майлау мерзімділігі.

      106. Үлбір терілерді бензинмен тазалаушы,

      Параграф 1. Үлбір терілерді бензинмен тазалаушы, 1-разряд

      641. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілердің жүн қабаты мен тері талшықтарын бензинмен тазалау және майсыздандыру.

      642. Білуге тиіс:

      үлбір терілерді тазалау ережесі, үлбір терілерді бензинмен тазалау сапасына қойылатын талаптар.

      107. Шикізаттық-бояу және тері илеу цехтарында тігінші

      Параграф 1. Шикізаттық-бояу және тері илеу цехтарында тігінші, 1-разряд

      643. Жұмыс сипаттамасы:

      алдыңғы технологиялық операцияларда жыртылған шикі терілерді илеу тігінімен белгіленген техникалық талаптарға сәйкес қолмен тігу, операцияны орындау сапасын бақылау.

      644. Білуге тиіс:

      үлбір түрлері, шикі терілерді тігу тәсілдері, үлбірлердің жекелеген түрлеріне арналған жіп пен инелердің нөмірі, тігіс жиілігі мен жіптің тартылуы, шикі теріні тігуге қойылатын техникалық талаптар.

      Параграф 2. Шикізаттық-бояу және тері илеу цехтарында тігінші, 2-разряд

      645. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілерді шикізаттық-бояу цехтарында машинамен кесілген жерлерін тігу, түктерді қысқышпен немесе түк салғышпен мұқият сала отырып, терінің жиектерін тікпеу, кермеу, түктерді тігіске қоспай, үлбірдің әртүрлі түрлеріне белгіленген биіктік пен тігіс жиілігін сақтай отырып, қосымшаны тігу;

      технологиялық операцияларды орындау сапасын бақылау.

      646. Білуге тиіс:

      машинаның құрылысы, пайдалану ережесі, тігіс жиілігі мен жіптің тартылуын реттеу, қолданылатын құралдар мен құрылғылар, оларды пайдалану ережесі, үлбір терілердің түрлері, үлбір терілерді шикізаттық-бояу өндірісінде тігу тәсілдері, үлбірлердің әртүрлі түрлеріне арналған жіп пен инелердің нөмірі, теріні машинамен тігуге қойылатын техникалық талаптар.

      Параграф 3. Шикізаттық-бояу және тері илеу цехтарында тігінші, 3-разряд

      647. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілердің бөліктерін пішім бұйымдарына машинамен түктерді қысқышпен немесе түк салғышпен мұқият сала отырып, терінің жиектерін тікпеу, кермеу, түктерді тігіске қоспай, үлбірдің әртүрлі түрлеріне белгіленген биіктік пен тігіс жиілігін сақтай отырып, қосу;

      технологиялық операцияларды орындау сапасын тексеру.

      648. Білуге тиіс:

      машинаның, қолданылатын құралдар мен құрылғылардың құрылысы, оларды пайдалану ережесі, үлбір түрлері және тігілетін бұйымдардың түржиыны, бұйымды үлбір құрақтарынан жасау тәсілдері, бұйымдарды үлбір құрақтан машинамен тігуге қойылатын техникалық талаптар, ине-жіптердің нөмірлері, тігіс жиілігі мен жіптің тартылуын реттеу.

      Параграф 4. Шикізаттық-бояу және тері илеу цехтарында тігінші, 4-разряд

      649. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір қаракөл мен клямнан басқа барлық терілерінен жасалған үлбір пішім бөлшектерін белгіленген технологиялық талаптарға сәйкес қолмен илеу тігісімен қосу;

      үлбір пішім бөліктерін машинада қосу, үлбір терілерді түктерді қысқышпен немесе түк салғышпен мұқият сала отырып, терінің жиектерін тікпеу, кермеу, түктерді тігіске қоспай, үлбірдің әртүрлі түрлеріне белгіленген биіктік пен тігіс жиілігін сақтай отырып, тігу, жамылғы киімге, жартылай жамылғы киімге, жағаға технология мен техникалық талаптарға сәйкес машинамен астар тігу.

      650. Білуге тиіс:

      машинаның, қолданылатын құралдар мен құрылғылардың құрылысы, оларды пайдалану ережесі, үлбір түрлері және тігілетін бұйымдардың түржиыны, пішудің әртүрлі әдістері қолданылған кезде үлбір пішімдерді қосу тәсілдері, тері мен бөлшектердің бұйымдарда орналасу тәртібі, үлбір пішімдерді қосу технологиясы және оған қойылатын техникалық талаптар, кінәраттардың түрлері және олардың алдын алу және жою тәсілдері.

      Параграф 5. Шикізаттық-бояу және тері илеу цехтарында тігінші, 5-разряд

      651. Жұмыс сипаттамасы:

      қаракөл мен клямнан жасалған үлбір пішім бөлшектерін белгіленген технологиялық талаптарға сәйкес қолмен илеу тігісімен қосу;

      күрделі әдістермен пішілген: тісіне (егеуіне), сынаны босата, жібере отырып пішілген үлбір пішім бөліктерін технология мен техникалық талаптарға сәйкес кабинада, белгіленген илеу-пішу тәртібімен, үлбір терілерді түктерді қысқышпен немесе түк салғышпен мұқият сала отырып, үлбірдің әртүрлі түрлеріне белгіленген биіктік пен тігіс жиілігін сақтай отырып, қосу.

      652. Білуге тиіс:

      машинаның, қолданылатын құралдар мен құрылғылардың құрылысы, оларды пайдалану ережесі, күрделі әдістермен пішілетін үлбір бұйымдардың түржиыны, үлбір түрлері, пішудің әртүрлі әдістері қолданылған кезде үлбір пішімдерді қосу тәсілдері.

      108. Үлбір терілерді тақырлаушы

      Параграф 1. Үлбір терілерді тақырлаушы, 5-разряд

      653. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілердің қылқанды жүндерін қырқу арқылы үлбір терілерді қажетті биіктік бойынша машинада жұлу немесе терінің тұтастығын сақтай отырып, түбітін бүлдірмей түбіне дейін жұлу;

      теріні машинаның тасымалдауышына жайып салу және терінің барлық өлшемдері бойынша оны түйреуішпен тасымалдауыштың төсеміне бекіту;

      тасымалдаушы таспаның иілген жері мен стационар пышақтың орналасу параллельдігін тексеру;

      қылқан жүнді жұмыс білігімен кесу тазалығын алдын ала тексеру;

      машинаның аспирациялық құрылғысындағы ауаны сору қуатын реттеу;

      өңдеу сапасын тексеру;

      қылқанды жүнді қырқу тереңдігі, сапасы мен тазалығын бақылау.

      654. Білуге тиіс:

      машинаның жұмыс механизмдерінің құрылысы және өзара әрекеттесуі, оны техникалық пайдалану, реттеу, майлау және тазалау ережесі, үлбір терілерді тақырлаушы ережесі, үлбір терілердің түрлері, жүн қабатының құрылыс, терілерді дайындауға және тақырлау сапасына қойылатын талаптар.

6-бөлім. Галантереялық былғары өндірісі

      109. Биялай былғарысын керуші

      Параграф 1. Биялай былғарысын керуші, 3-разряд

      655. Жұмыс сипаттамасы:

      биялай былғарысын машинада немесе қолмен керу-созу;

      былғарыны тексеру, кінәраттарын белгілеу, былғарыны ұзын бойына ең аз созылымдылықты, ал көлденең бағытта – ең көп созылымдылықты қамтамасыз ететіндей барынша созу, былғарының шеткі аудандарын созу.

      656. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтың жұмыс қағидаты, пайдалану және реттеу ережесі, былғары мен оның топографиялық бөліктерінің қасиеттері, былғарыны өңдеу ақаулықтары, олардың пайда болу себептері, алдын алу және жою тәсілдері, пішілетін бұйымдардың өлшемдері, былғары мен бөлшектердің созылымдылығының бағыты, операцияларды орындау тәсілдері мен жүйелілігі, былғары мен бөлшектер сапасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары.

      110. Галантереялық былғары бұйымдарына сурет салушы

      Параграф 1. Галантереялық былғары бұйымдарына сурет салушы, 2-разряд

      657. Жұмыс сипаттамасы:

      желім ерітіндісін торлы шаблонмен жағу арқылы галантереялық былғары бұйымдар мен бөлшектерге сурет салу-түктендіру;

      шаблондарды таңдау, шаблонның тазалығы мен жұмысқа жарамдылығын тексеру;

      торлы шаблонды шаблон контуры мен бөлшектердің немесе бұйымдардың контурларымен дәлме-дәл сәйкес келтіре отырып салу;

      желімді тегіс қабатпен еш жерді қалдырмай, қоюлатпай және ағызбай жағу;

      шаблондарды жуу және кептіру;

      аппликация жасау.

      658. Білуге тиіс:

      галантереялық былғары бұйымдар мен бөлшектерге сурет салу тәсілдері, сурет салынатын галантереялық былғары бұйымдардың түрлері, галантереялық былғары бұйымдарда және бөлшектерде сурет салынатын жерлер, қолданылатын желім ерітіндісінің қасиеттері, галантереялық былғары бұйымдарға сурет салу ақаулықтарының пайда болу себептері, олардың алдын алу және жою тәсілдері.

      Параграф 2. Галантереялық былғары бұйымдарына сурет салушы, 3-разряд

      659. Жұмыс сипаттамасы:

      суретті торлы шаблон немесе клишенің көмегімен бояумен салу арқылы галантереялық былғары бұйымдарға және бөлшектерге сурет салу-түктеу;

      бөлшектер мен бұйымдарға "мақпал суреттерді" электростатикалық өрісте салу;

      шаблон, клише және бояу таңдау;

      шаблондар мен клишелердің тазалығы мен жұмысқа жарамдылығын тексеру;

      шаблонды орнату немесе клишені шаблон не клише контурын бөлшектердің немесе бұйымдардың контурларымен дәлме-дәл сәйкес келтіре отырып салу;

      түк таңдау және оны орнату бункеріне салу;

      бақылау-өлшеу аспаптарын тексеру, электростатикалық өрістің қажетті өлшемдерін орнату және оны жұмыс барысында бақылау;

      түкті жіберуді реттеу, бөлшектер мен бұйымдарды шаңсорғышпен тазалау және кептіру, шаблондар мен клишені ауыстыру.

      660. Білуге тиіс:

      галантереялық былғары бұйымдарды және бөлшектерді электростатикалық өрісте өңдеу ережесі мен технологиялық режимі, бояулардың түрлері, қасиеттері мен таңдау тәсілдері, қолданылатын жабдықтарды техникалық пайдалану және реттеу ережесі.

      Параграф 3. Галантереялық былғары бұйымдарына сурет салушы, 4-разряд

      661. Жұмыс сипаттамасы:

      айқын суретті, түстердің және түстердің реңктерінің дұрыс үйлесімін қамтамасыз ете отырып, галантереялық былғары бұйымдар мен бөлшектерге бедері бойынша бояу арқылы қолмен сурет салу;

      тиісті реңкті бояуларды таңдау.

      662. Білуге тиіс:

      сурет салу тәсілдері, сурет композициясының негіздері, түрлі-түсті суреттерді салу тәсілдері, бояулардың қасиеттері және оларды таңдау тәсілдері.

      111. Галантереялық былғары бұйымдарын жөндеуші

      Параграф 1. Галантереялық былғары бұйымдарын жөндеуші, 3-разряд

      663. Жұмыс сипаттамасы:

      тігін машинасының бөлшектерін ауыстырмай, галантереялық былғары бұйымдарды жөндеу;

      нығыздауыштар мен құрылғылардың фурнитураларын ауыстыру;

      қайталама және қосымша тігістер салу;

      бұйымдарды өңдеу.

      664. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтардың құрылысы, техникалық пайдалану және реттеу ережесі, жөнделетін бұйымдардың түрлері мен мақсаты, дайын галантереялық былғары бұйымның сапасына қойылатын талаптар, галантереялық былғары бұйымдарды өңдеу ақаулықтары, пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері, галантереялық былғары бұйымдарды жөндеу тәсілдері мен жүйелілігі, галантереялық былғары бұйымдардың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары.

      Параграф 2. Галантереялық былғары бұйымдарын жөндеуші, 4-разряд

      665. Жұмыс сипаттамасы:

      тігін машинасының бөлшектерін ауыстыра отырып, галантереялық былғары бұйымдарды жөндеу;

      бөлшектерді ауыстыруға дайындау (шеттерін босату, желім жағу, бүгу);

      бұйымдарды өңдеу.

      666. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтардың техникалық пайдалану және реттеу ережесі, жөнделетін галантереялық былғары бұйымдардың құрылысы, галантереялық былғары бұйымдардың өңдеу ақаулықтары, пайда болу себептері және жою тәсілдері, галантереялық былғары бұйымдар мен ауыстырылатын бөлшектерге қойылатын талаптар, қолданылатын материалдардың қасиеттері.

      112. Галантереялық былғары бұйымдарын құрастырушы

      Параграф 1. Галантереялық былғары бұйымдарын құрастырушы, 1-разряд

      667. Жұмыс сипаттамасы:

      машинада немесе қолмен галантереялық былғары бұйымдарды желіммен құрастыру және фурнитураны бекіту бойынша қарапайым жұмыстарын орындау.

      668. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтардың техникалық пайдалану және реттеу ережесі, қолданылатын құралының, желім мен фурнитураның, галантереялық былғары бұйымдардың және бөлшектердің түрлері мен мақсаты, қарапайым құрастыру жұмыстарына қойылатын талаптар және орындау тәсілдері, галантереялық былғары бұйымдарды өңдеу ақаулықтары, пайда болу себептері және олардың алдын алу және жою тәсілдері.

      669. Жұмыс үлгілері:

      1) бұйымның ішкі бөлшектері мен элементтері, чемоданның ағаш рамасы - бекіту;

      2) мақта немесе поролон – қаптау алдында төсеу;

      3) картон, қағаз және басқа да материалдардан жасалған бөлшектер – бөлшектерге жабыстыру;

      4) тойтарма шеге, штатив гайкалар, сағат бауы мен белбеуге арналған қайыс – бекіту;

      5) заттар (маникюрлеуде қолданылатын жабдықтар) - несессер сауытына салу;

      6) аралықтар, қалталар және басқа да бөлшектер – жабыстыру;

      7) тұтқа – жарты сақинаға салу;

      8) рамалар, тұтқалар, картон бөлшектер – қаптау.

      Параграф 2. Галантереялық былғары бұйымдарын құрастырушы, 2-разряд

      670. Жұмыс сипаттамасы:

      машинада немесе қолмен бұйымдардың бөлшектерін құрастыру бойынша күрделілігі орташа жұмыстарын орындау.

      671. Білуге тиіс:

      күрделілігі орташа технологиялық жабдықтар мен құралдардың түрі мен мақсаты, қызмет көрсетілетін жабдықтардың мақсаты мен жұмыс қағидаты, күрделілігі орташа құрастыру жұмыстарына қойылатын техникалық талаптар және орындау тәсілдері, бақылау-өлшеу құрылғыларының мақсаты мен қолданылу шарттары.

      672. Жұмыс үлгілері:

      1) рамадан басқа барлық түрлі сыдырмалар – орнату;

      2) жолға шыққанда ұстайтын және қатты құрылымды бұйымдар – іші-сыртын желімдеу;

      3) металл пластиналар (рамалар) – салу, ию, және ұштарын бекіту;

      4) сыртқы бөлшектер - фурнитураның көмегімен немесе ыстық күйінде бекіту;

      5) сақина етіп біріктірілген кедір-бұдыры белбеулер - чемоданның түбіне тарту;

      6) чемодан, балет қобдишаларға, портфельдер мен аспалы сөмкелерге арналған тұтқалар – дайындау және құрастыру;

      7) сөмкеге тағатын сыдырмалар – баптау;

      8) чемоданның бұрыштары, ілгектері, қапсырмалары, люверстері, блоктары, тойтармалары, карабиндері, пукельдері, металл әшекейлері, рамалары мен кранцтері – бұйымдарға бекіту;

      9) сағат бауы мен белбеу - фурнитураның көмегімен құрастыру;

      10) сағат бауы – бауын тарту;

      11) галантереялық былғары бұйымдардың бөлшектеріне ішпек.

      Параграф 3. Галантереялық былғары бұйымдарын құрастырушы, 3-разряд

      673. Жұмыс сипаттамасы:

      машинада немесе қолмен желім, фурнитура, былғары ұстау көмегімен галантереялық былғары бұйымдарды және бөлшектерді құрастыру бойынша күрделі жұмыстарды орындау.

      674. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен техникалық пайдалану ережесі, фурнитураны қолдану құрылысы мен тәсілдері, күрделі құрастыру жұмыстарына қойылатын техникалық талаптар және орындау тәсілдері.

      675. Жұмыс үлгілері:

      1) ботан немесе ботанның бөлігі - чемоданның корпусы мен қақпағына тарту, чемоданға салу;

      2) сыдырма, тұтқа ұстағыштар, тұтқа және басқа да фурнитура – кейіннен тойтармасын ала отырып оны тойтарма шегемен бекіту;

      3) дүрбі, фотоаппарат, музыкалық аспаптарға арналған сауыттардың қаңқасы – дайындау;

      4) чемодандар мен балет қобдишалардың корпустары, қақпақтар - дайындау;

      5) әмиян мен балалардың сөмкесіне арналған рамалық сыдырмалар – орнату;

      6) сөмкенің, портфельдің, аспалы сөмкенің, папканың ботанды, сыналы, түбі бар қабырғалары, корпусты чемодандардың қақпақтары мен бүйір қабырғалары - желім, фурнитура, былғары ұстау көмегімен құрастыру;

      7) аралық - әмиян мен балалардың сөмкесіне арналған металл рамаға раманы қыса отырып бекіту;

      8) сөмкелер, папкалар, портфельдер мен басқа да бұйымдар – картонға керу, үстіңгі жиегін бүгу;

      9) фанера ботандар – дайындау және құрастыру.

      Параграф 4. Галантереялық былғары бұйымдарын құрастырушы, 4-разряд

      676. Жұмыс сипаттамасы:

      машинада немесе қолмен галантереялық былғары бұйымдарды құрастыру бойынша аса күрделі жұмыстарды орындау.

      677. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен техникалық пайдалану ережесі, аса күрделі құрастыру жұмыстарды орындау тәсілдері, қолданылатын технологиялық жабдықтар мен құралдардың түрлері мен мақсаты.

      678. Жұмыс үлгілері:

      1) көп қабатты ботандар – таспа материалды шаблонға орау;

      2) рамалы сыдырмалар - әмиян мен балалардың сөмкесінен басқа барлық бұйымдарға орнату;

      3) аралық - әмиян мен балалардың сөмкесінен басқа бұйымдардың металл рамаларына орнату.

      113. Қаптама сауытшы

      Параграф 1. Қаптама сауытшы, 1-разряд

      679. Жұмыс сипаттамасы:

      дайындық жұмыстарын орындау: картон сыздықты қағазбен және коленкормен жабыстыру, бүйір қабырғалардың құндақтарын картон негізді қаптама сауыттарға құрастыру.

      680. Білуге тиіс:

      қағаз, коленкор мен картонның сапасы мен қасиеттері, қолданылатын желімнің түрлері, бөлшектер жасалатын қаптама сауыттардың түржиыны, өңдеу материалдарының бетіне желім қоспасын жағу тәсілдері.

      Параграф 2. Қаптама сауытшы, 2-разряд

      681. Жұмыс сипаттамасы:

      фанера немесе картон негізді қарапайым қаптама сауыттарды жасау;

      қаптама сауыттың картон негізін айналдыру немесе қақпақ дайындамасы мен қаптама сауыттың корпусын жетілдіре отырып, бүйір қабырғаның дайындамаларынан жинақтау әдісімен құрастыру;

      сыртқы және ішкі фаскаларды алу;

      қолмен тазалай отырып, тегістеп сылау;

      қаптама сауыттың сыртын бояу, суретті өңдеу, штрихтеу;

      қаптама сауыттың бүйір қабырғасына арналған картон дайындамаларды жабыстыру;

      парақ немесе дайындама картонды жабыстыру;

      қаптама сауыттың фанера, металл немесе картон ұстағыштарын құрастыру;

      сақина, сырға, түйреуіштерге арналған қаптама сауыттың сыртын және барлық сауыттардың ішін қағазбен өңдеу;

      қақпақты корпусқа жұмсақ бекіту;

      металл шарнирлер мен сыдырмаларды қолмен құрастыру.

      682. Білуге тиіс:

      сырты қағазбен немесе қағаздағы ледеринмен қапталған сауыт жасаудың технологиялық процесі, жабдықтар мен құрылғылардың мақсаты және қолдану тәсілдері, желімдердің түрлері және желім ерітінділері мен мастиканы дайындау ережесі.

      Параграф 3. Қаптама сауытшы, 3-разряд

      683. Жұмыс сипаттамасы:

      фанера немесе картон негізді күрделілігі орташа қаптама сауыттарды, өлшемдерін шаблон немесе өлшеу құралдарының көмегімен тексере отырып жасау. Фанера негізді бүйір қабырға дайындамаларынан түбін қақпаққа және қаптама сауыттың корпусына жабыстыра отырып, құрастыру;

      негізін түзету: қаптама сауыттың фанера негізінің жазықтығын, көлденең және тік қырларын сылап түзету;

      станокта тазалай отырып, тегістеп сылау;

      қаптама сауыттың сыртын матадағы ледеринмен, жартылай барқытпен және қағазбен өңдеу, қақпағына салатын жастықшаны дайындау және салу, жібекпен және барқытпен немесе оларды алмастырғыштармен өңделген, қарапайым жеке құрастырылған тұғыр-ұстағыштары бар ішпегін дайындау және оны қаптама сауыттың корпусына орнату;

      фольганы пайдалана отырып фирма таңбасын басу, әртүрлі суреттерді қағазға, былғарыға, жібекке және басқа да материалдарға ыстық тәсілмен нығыздауыштарда, құрылғылармен немесе қолмен салу;

      металл шарнирлер мен сыдырманы нығыздауышта немесе қолмен бекіту.

      684. Білуге тиіс:

      қаптама сауыт жасаудың технологиялық процесі, жабдықтардың, құрылғылар мен құралдардың құрылысы және пайдалану ережесі;

      қолданылатын материалдардың техникалық шарттары, желімнің, сылақтың құрамы мен рецептурасы, күрделі емес сызбаларды оқу ережесі.

      Параграф 4. Қаптама сауытшы, 4-разряд

      685. Жұмыс сипаттамасы:

      музыкалық аспаптарға, дүрбілерге, кино және фотоаппараттарға, бір, екі, үш, алты және он екі адамдық ас ішетін құралдарға, жоғары көркемдік бұйымдарға арналған көрмеге қоятын тұғырларға, блокноттарға, бюварларға арналған күрделі, іші-сырты былғарымен, күдерімен, барқытпен және жібекпен немесе оларды алмастырғыштармен қапталған қаптама сауыттарды жасау;

      кесілген ағаш дайындамаларды немесе фанерды бүйір қабырғаның негізіне және түбіне арнап кесу, негіздің көлденең қырларын және оның кесіндісін қақпаққа және корпусқа арнап өңдеу;

      ағаштың әртүрлі тұқымы мен фанерадан лакталған және жылтыратылған қаптама сауыт жасау;

      жоғары көркемдік зергерлік бұйымдарға арналған қаптама сауыттарды үлгілер бойынша жасау және корпусына әртүрлі пішінді ішпектерді салу;

      астары мен үлбірін қалыпқа тарту, артық жерлерін кесу, түбін салу. Спирт және сілті политра, бояу сияқты мастика жасау.

      686. Білуге тиіс:

      қаптама сауыт жасаудың технологиялық процесі;

      қолданылатын жабдықтардың құрылысы мен техникалық пайдалану ережесі;

      ағаш тұқымы мен ағаштың негізгі қасиеттері, олардың ақаулықтары және бұйымдардың сапасына тигізетін әсері;

      өңдеу материалдардың мақсаты мен қасиеттері, лактау, жылтырату, фанерлеудің тәсілдері.

      Параграф 5. Қаптама сауытшы, 5-разряд

      687. Жұмыс сипаттамасы:

      көрмеге қоятын тұғырлардың, бюварлардың аса күрделі жаңа модельдерін жасау, ас ішетін күміс, хрусталь бұйымдарға, шарап және ликер ішетін құралдарға, 4-8 ыдысы бар шай және кофе ішуге арналған жинаққа және бірегей және жоғары көркемдік зергерлік бұйымдарға арналған қаптама сауыттарды үлгі, эскиз, сызбалар бойынша қолмен жасау;

      жеке тәртіппен орындауды талап ететін, қаптама сауыттар мен қобдилардың іші-сыртын өңдеу үшін өңдеу материалдарын таңдау.

      688. Білуге тиіс:

      қаптама сауыт жасаудың технологиялық процесі, өңдеу материалдарының мақсаты мен қасиеттері;

      бұйымдарды қаптама сауыттарға салу ережесі, өңдеу материалдарын таңдау, сызбаларды оқу ережесі.

7-бөлім. Қайыс ер-тұрман өндірісі

      114. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын дайындаушы

      Параграф 1. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын дайындаушы, 1-разряд

      689. Жұмыс сипаттамасы:

      белгілі бір ұзындықты, қалыңдықты, тығыз ширатпаны (қамыт пен қамыттың төсемесіне арналған сабан білік) қолмен жасау. Ширатпаны капрон жіппен тарту.

      690. Білуге тиіс:

      ширатпа жасау тәсілдері, ширатпаның формасы мен өлшемдері, қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар;

      қайыс ер-тұрман бұйымдардың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары.

      Параграф 2. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын дайындаушы, 2-разряд

      691. Жұмыс сипаттамасы:

      сабан айналғыш пен киіз төсемені қолмен дайындау;

      поливинилхлорид (бұдан әрі - ПВХ) немесе жөке таспасымен тарту, айналғыштың жоғарғы жиектерін бекіту;

      айналғышты соққылау.

      692. Білуге тиіс:

      қайыс ер-тұрман бұйымдарды және бөлшектерді тарту және бекіту тәсілдері, айналғыштың формасы мен өлшемдері;

      ортасында және шеттерінен тартудың диаметрін сақтай отырып қайыс ер-тұрман бұйымдардың арту тығыздығы.

      115. Бөлшектерді бекітуші

      Параграф 1. Бөлшектерді бекітуші, 1-разряд

      693. Жұмыс сипаттамасы:

      металл фурнитура, былғары және басқа да бөлшектерді тойтарма шегемен, хольнитендермен, кнопкалармен, планкамен, басұштармен машинада немесе қолмен бекіту, жіптің ұштарын ілмектерін түю арқылы бекіту.

      694. Білуге тиіс:

      металл фурнитураны, былғары және басқа бөлшектерді бекіту, жіптердің ұштарын түю және ілмек байлау жерлері мен ережелері, бөлшектерді бекітуге қойылатын талаптар, фурнитураға қойылатын техникалық талаптар, олардың түрлері мен мақсаты, бөлшектерді бекітуге арналған құралдарды пайдалану ережелері.

      Параграф 2. Бөлшектерді бекітуші, 2-разряд

      695. Жұмыс сипаттамасы:

      таспалы және доғалы қаптаманы ер тоқымның қабына, қанжығасын қос аттық қамытқа, далалық офицер сөмкесінің фурнитурасын, бөлшектерін ер тоқым қаңқасына тойтарма шегемен бекіту;

      тұтқаларды, металл рамаларды, бұрыштары мен басқа да бөлшектерін жүкке, бөлшектерді ер тоқым қаңқасына, бұрыштары мен фурнитурасын чемоданға тойтарма шегемен бекіту;

      бекіту жерлеріндегі, ат жегу әбзелдеріндегі, ер тоқымдағы машинамен тігілген тігістерді жіппен, иленбеген құлақбаумен бұйымның бастарын бірнеше бұрамға бұрап машинамен немесе қолмен тігу.

      696. Білуге тиіс:

      бекітудің технологиялық операцияларын орындауға;

      тігу сапасына қойылатын талаптар;

      машинамен тігілген тігістерді бекіту ережесі, біз, ине, жіптердің нөмірлері, қолданылатын жабдықтың мақсаты.

      Параграф 3. Бөлшектерді бекітуші, 3-разряд

      697. Жұмыс сипаттамасы:

      қанжығаны арба қамытының қысқышына қанжығадағы гайканы машинамен немесе қолмен бұрай отырып, бекіту;

      каркастарды жүк чемодандарына қою және оларды тойтарма шегемен бекіту;

      қанжыға болттарын қамыт қаптың бүйір бөлігіндегі және қысқыштағы саңылау арқылы өткізу. Гайканы бұрау, қамытты қысқышқа шегемен, чемодан мен бөлшектердің бұрыштарын, жоғары өрмелеушілердің белдіктерінің бөлшектерін тойтарма шегемен бекіту.

      698. Білуге тиіс:

      шегені қағу ережесі мен орны, шегелердің сапасы және олардың мемлекеттік стандартқа сәйкестігі;

      қолданылатын жабдықтың құрылысы және оны пайдалану ережесі.

      Параграф 4. Бөлшектерді бекітуші, 4-разряд

      699. Жұмыс сипаттамасы:

      қамыт төсемені қысқышқа машинамен немесе қолмен сала отырып, қамыт төсемесін қысқышқа шегемен бекіту;

      ердің қастарын қаптал қатарларына, ұяшыққа үш бұрышты планка орната отырып, бекіту.

      700. Білуге тиіс:

      қаптал өлшемдері, қаптал ерінің қасы мен үш бұрышты планканы орнататын жер;

      олардың орналасуының симметриялылығы, белгілеу орындары, қолданылатын жабдықты реттеу ережесі.

      116. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы

      Параграф 1. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы, 1-разряд

      701. Жұмыс сипаттамасы:

      қайыс ілмектерді, далалық сөмкелерді құрастыру, қайыс құрақты алдыңғы теңнің кобурасына және ат қоржынға кигізу, терлік қақпағының розеткасын құрақпен орау, жүгенді, тоқымның подперсьесін құрастыру, жұптап таңдау. Қамыттың тамақ бауын кептіру алдында оны рамаға керу және бекіту;

      құраққа розетка өткізу арқылы қайыс құрақты ер тоқым терлігі арқылы өткізу;

      құрақты қамыттың қаптамасының алдыңғы жиегіндегі саңылаудан өткізу;

      қондырылған белдіктер мен күрделі құлақбауларды тік сызықты қалып беру үшін ұзын бойы бойынша түзету;

      баулар мен құлақбауларды бума етіп байлау.

      702. Білуге тиіс:

      қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастыру тәсілдері, қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырудың технологиялық операцияларын орындау ережесі;

      қайыс ер-тұрман бұйымдардың құрамына кіретін бөлшектердің жиынтығы, бұйымдардың өлшемдері.

      Параграф 2. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы, 2-разряд

      703. Жұмыс сипаттамасы:

      жегін және ауыл шаруашылық тоқымды құрастыру, дайын қайыс ер-тұрман бұйымдардың бауларын, күнделікті далалық офицерлік жабдықтарды өру және горттың, айылдың көмегімен оларды дайын өнім етіп біріктіру, белдіктерді техникалық шарттарға сәйкес тігу;

      қажетті қалып бере отырып, ызбаны тоқымның қапталына тарту;

      бұрғылау станогында тірек үшін қысқыштан саңылау бұрғылау;

      шпеньді қысқышқа салу, бауларды бұрау және ұштарын шегемен бекіту;

      қамыттың тамақ бауы мен белдіктерді арнайы құрылғымен тегіс орналасуын және бұрандалардың тығыз жымдасуын қамтамасыз ете отырып, қамыттың тамақ бауы мен белдіктерді бұрау арқылы бұйралау;

      қысқыш мүйіздерінің саңылауларын төсемемен бекіту;

      қайыс бауды қысқышта тесу;

      қамыттың тамақ бауын қамыттың қысқышына бекіту;

      қысқыштың төменгі мүйіздерін орау және тамақ баудың бос ұшын тарту;

      былғары клапанды қамыттың төсемесіне тігу;

      киіз күнқағарды бекіту;

      қайыстан қолмен қамшы өру;

      қамыттың қанжығасын және ердің қасының басын өру;

      сабан айналманы, қайыс бауды, сөмкенің ботанын былғарыны алдын ала дымқылдатып, былғарымен қаптау;

      қатпарларды, бүрмелерді тегістеу;

      қапталатын материалдарды қалыптағы бөлшектерге жіппен, арқанмен байлау.

      704. Білуге тиіс:

      қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастыру тәсілдері, бөлшектерді бекіту орындары, дәнекер бауын бұрау ережесі;

      қамыттың, саңылаулар мен бұрғылардың өлшемдері, саңылауларды бітеу, тартып қаптау ережесі;

      былғарыны жұмсартудың технологиялық режимі, құрастырудың технологиялық операцияларын орындауға және қайыс ер-тұрман бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;

      жабдықты пайдалану ережесі.

      Параграф 3. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы, 3-разряд

      705. Жұмыс сипаттамасы:

      ердің қасының көмегімен жегін және артиллериялық қамыттар мен тоқымдарды, қаптал етегін құрастыру;

      қапталдың қасын құрсаулау, құрсаулаудың шығып тұрған жиектерін және тойтарма шегелерді қолмен немесе тегістеу дөңгелегімен тазалау;

      бірнеше қайыс бауды бір бұйым етіп бір баудың ұшын екінші баудың тілінген басы арқылы өткізе отырып және оны қажетті қалыпқа салып түйіп байлап, өру;

      қамытты қаптамамен тартып қаптау; қатпарлары мен бұдырларын ағаш құралмен тегістеп жазу;

      қысқыштағы қаптаманың ұштарын шегемен тесу;

      бұйымдардың талап етілетін қалыбын, қаптамасының тығыз жабысуын және берік жабысуын қамтамасыз ету;

      тегіс тартпаның тығыздығын қамтамасыз ете отырып, қапталды қайыс құрақпен құрылғыда талшықтау;

      сүргі мен тебінгіні қапталдың етегіне қайыс баумен, тігісін тығыздап тарта отырып байлау;

      фигуралық орналастыра отырып, бау арқылы қанатшаларын тесу;

      тамақ бауды машинамен өру.

      706. Білуге тиіс:

      қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастыру және қайыс бауларды өру тәсілдері;

      қайыс баудың беріктігіне, бұйымның сапасы мен сыртқы түріне қойылатын талаптар;

      бұйымдардың техникалық талаптары, былғарының қасиеттері, талшықтау және жабдықты пайдалану ережесі.

      Параграф 4. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы, 4-разряд

      707. Жұмыс сипаттамасы:

      бірнеше қайыс бауды бұйым етіп бір баудың ұштарын екінші баудың қос тілігі арқылы өткізе отырып, оған жегу және ер тоқым бұйымдарында өрме түйіннің қалыбын бере отырып, түйін етіп түйіп өру арқылы құрастыру;

      қапталды құрастыру және оны тор (лекала) бойына – қапталдың сөресі мен ердің қасын таяқтарға келтіру (түзету);

      қаптал қастарын бекіту орындарын шаблон бойынша белгілеу;

      қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастыру сапасын бақылау;

      қамыт төсемесін, ердің тоқымын алдын ала ылғалдандыра отырып былғарымен, жасанды былғарымен, киізбен қаптау;

      қатпарларды, бүрмелерді тегістеу.

      708. Білуге тиіс:

      қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастыру тәсілдері, қамыт төсемесін, ердің тоқымын қаптау ережесі;

      қайыс ер-тұрман бұйымдарға кіретін бөлшектерді құрастыру.

      Параграф 5. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы, 5-разряд

      709. Жұмыс сипаттамасы:

      ер тұрманды құрастыру;

      ер тоқымның қапталы мен ер тоқымның отырғышын алдын ала ылғалдандыра отырып, былғарымен қаптау, қатпарлар мен бүктемелерді түзету (тегістеу);

      былғары қаптамалардың жиектерін қалыптау және бітеу.

      710. Білуге тиіс:

      қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастыру тәсілдері, қапталды, ер тоқым мен тоқымның отырғышын қаптау ережесі;

      қайыс ер-тұрман бұйымдардың техникалық шарттары, қайыс ер-тұрман бұйымдардың түрлері;

      қапталатын бөлшектердің қалыптары мен өлшемдері, қолданылатын қосалқы материалдардың түрлері.

8-бөлім. Былғарыдан жасалған техникалық бұйымдардың өндірісі

      117. Бұдырлау машинасының машинисі

      Параграф 1. Бұдырлау машинасының машинисі, 4-разряд

      711. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары және резеңке кептіру жеңдеріне бұдыр және белгілі бір тереңдікте және қашықтықта муфтаны бұдырлау машинасында салу;

      бұйымның өлшемдеріне байланысты тістегершіктерді орнату;

      орнақты баптау, пышақтарын қайрау және түзету;

      бұдырлау станогының біліктеріне кептіру жеңдерін кигізу және түсіру.

      712. Білуге тиіс:

      өңделетін бұйымның сапасына қойылатын талаптар, бұдырлау тәсілдері;

      ақаулықтардың пайда болу себептері мен оларды жою тәсілдері;

      жабдықтарды техникалық пайдалану және баптау ережесі.

      118. Былғары жолақтарды керуші

      Параграф 1. Былғары жолақтарды керуші, 4-разряд

      713. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары жолақтарды рамаларда, жыртпай және бүкпей, ұзындығы бойынша біркелкі керу;

      рамаларды кептіру үшін салу;

      кептіру камерасындағы температура мен ауа алмасуды реттеу;

      кептірудің аяқталуын айқындау және былғары жолақтарды рамадан алу;

      былғары жолақтарды ұзындығы бойынша сұрыптау.

      714. Білуге тиіс:

      былғары жолақтарды керудің ережесі мен тиімді тәсілдері;

      былғарының қасиеттері, былғарыны керуге қойылатын талаптар;

      кептірудің температуралық режимі;

      былғары жолақтарды керу мен кептірудің дайын бұйымдардың сапасына тигізетін әсері.

9-бөлім. Қыл-щетка өндірісі

      119. Қыл мен жүнді пісіруші

      Параграф 1. Қыл мен жүнді пісіруші, 3-разряд

      715. Жұмыс сипаттамасы:

      қыл мен жүнді қызмет көрсететін қазан мен аппаратта пісірудің технологиялық процесін жүргізу;

      бума етіп байланған қыл мен жүнді, сондай-ақ бұралған жүнді суы бар қазанға салу;

      пісіру барысында майсыздандыру үшін белгілі бір концентрациялы ерітіндіні дайындау және қазанға құю;

      қыл мен жүнді түсіру және вагонетка мен арбаға салу.

      716. Білуге тиіс:

      қыл мен жүнді пісірудің технологиялық режимі, қыл мен жүннің дайындығын анықтау тәсілдері, жартылай дайын өнімдердің қасиеттері, қолданылатын жабдықтар мен коммуникацияның құрылысы.

      120. Щетка бұйымдарын бояушы

      Параграф 2. Щетка бұйымдарын бояушы, 3-разряд

      717. Жұмыс сипаттамасы:

      щетка бұйымдарының қалыптарын желім ерітіндісімен бояу;

      желім дайындау;

      бұйымды кейіннен кептіру камераларына немесе тасымалдауышқа енгізе отырып, жаққыш бумасының кесілген жеріне желім немесе шайыр құю;

      технологияға сәйкес кептіру процесін жүргізу.

      718. Білуге тиіс:

      қыл-щетка бұйымдарын бояу тәсілдері, желім дайындаудың және мөлшерлеудің технологиялық режимі;

      щетка бұйымдарын кептірудің технологиялық режимі;

      кептіру камераларының құрылысы, олардың жұмысын реттеу ережесі, қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты және пайдалану ережесі.

      121. Қыл-щетка бұйымдарын жасаушы

      Параграф 1. Қыл-щетка бұйымдарын жасаушы, 1-разряд

      719. Жұмыс сипаттамасы:

      мектеп желім жаққыштарына арналған жаққыштың басын жасау;

      жаққыш бумаларын жасау үшін өлшемдері бойынша қыл, жүн, жасанды және өсімдік талшықтарын дайындау;

      бауды жоғарғы қақпақтың щеткаларына қалыптарға қолмен бекіту;

      қыл-щетка бұйымдардың ағаш бөліктеріне біркелкі етіп желім жағу және жабыстыру, бұйымдағы саңылауларды желімдеу;

      сымды тоттан тегістеу терісімен тазалау;

      сымды немесе шпагат жіпті орамаға машинамен немесе қолмен орау.

      720. Білуге тиіс:

      мектеп және желім жаққыштарына арналған қыл, жүн және талшықты дайындау тәсілдері;

      мектеп және желім жаққыштарына, желім сапасына қойылатын талаптар;

      қыл-щетка бұйымдарын дайындау технологиясы;

      дайын қыл-щетка бұйымдарына қойылатын техникалық шарттар.

      Параграф 2. Қыл-щетка бұйымдарын жасаушы, 2-разряд

      721. Жұмыс сипаттамасы:

      қатты түктен (борсықтың қылы мен түгінен) және тиін жүнінен № 1-7 сурет салатын жаққыштарды жасау;

      дөңгелек, тегіс және дөңес жаққыштарға арналған жаққыш бумаларын жасау үшін талшықтарды дайындау;

      қылды немесе синтетикалық талшықты төсеу, қыл мен жүннің қалдығы қоспасынан ширату машинасында жіп есу;

      механикалық тәсілмен немесе қолмен әртүрлі жаққыштардың құрсауындағы тұтқаны, ерштің сабын, тегістеу тұтқасының тығынын, әртүрлі щеткалардың жапсырмасын бекіту;

      қарапайым құрылымды тұрмыстық мақсаттағы щетканы қолмен қондыру (бума диаметрі 2,5 мм астам).

      722. Білуге тиіс:

      сурет салатын жаққышты жасау үшін қыл мен талшықты дайындау тәсілдері;

      әртүрлі жаққыштарға арналған қыл мен жүннің қасиеттері;

      мақсаты мен өлшемдері, шикізатты жұмсау нормасы, жаққыш пен щетка сапасына қойылатын талаптар, қолданылатын жабдықтың мақсаты.

      Параграф 3. Қыл-щетка бұйымдарын жасаушы, 3-разряд

      723. Жұмыс сипаттамасы:

      № 8-16 сурет салатын жаққыштардың бастарын қатты талшықтардан және тиін жүнінен, № 1-6 – жұмсақ жүннен (тиін жүнінен басқа) жасау;

      сақал алу, сырлау, сақина, филен жаққыштарға және тұтқаларға арналған жаққыш буманы таңдау және жасау. Қарапайым құрылымды өндірістік мақсаттағы әртүрлі щеткаларды (тұтас планка, сегментті және диаметрі 40 мм астам сақиналар типті) және бума диаметрі 2,5 мм қоса алғандағы тұрмыстық щеткаларды қолмен орнату. Жаққыштардың тығындарына тұтқаларды орнату. № 14-30 жаққыштың металл тығындарын құрылғының көмегімен басу.

      Сақал алуға арналған алған, ватерлік жаққыштардың сырлау білікшелерін өру. Ерш жасау. Сымның дайындамасын станок пен ілгектің басына тірелгенге дейін орнату. Қылды немесе синтетикалық жүнді төсеу, ершты ширату.

      724. Білуге тиіс:

      жаққыштарды, ерштерді және сырлау білікшелерін жасауға қойылатын талаптар, бума жасау үшін жұмсалатын қыл мен жүнді, талшықты жұмсау нормасы, қолданылатын жабдықты реттеу ережесі.

      Параграф 4. Қыл-щетка бұйымдарын жасаушы, 4-разряд

      725. Жұмыс сипаттамасы:

      № 18-24 сурет салатын жаққыштардың бастарын қатты талшықтардан және тиін жүнінен, № 7-16 жаққыштарды жұмсақ жүннен (тиін жүнінен басқа) жасау;

      флейц жаққыштарын жасау үшін талшық дайындау;

      әртүрлі талшықтардан жасалған әртүрлі щеткалар мен жаққыштарды және сымдарды өндірістік мақсаттағы щетка бұйымдарының (буманың жұмыс бөлігінің диаметрі 50 мм, ұзындығы 500 мм дейінгі щеткалардың барлық түрлерінің) қалыбына бума орнату және бұрғылау-бума орнату станоктарында орналастыру;

      қолданылатын жабдықты реттеу, ударниктерді ауыстыру.

      726. Білуге тиіс:

      қыл-щетка бұйымдарын жасау тәсілдері;

      жаққыштар мен щетка бұйымдарын жасауға қойылатын талаптар;

      қолданылатын жабдықты реттеу ережесі.

      Параграф 5. Қыл-щетка бұйымдарын жасаушы, 5-разряд

      727. Жұмыс сипаттамасы:

      № 14-24 сурет салатын жаққыштардың бастарын жұмсақ жүннен (тиін жүнінен басқа), сурет салатын флейц жаққыштарын (фарфор-фаянс өндірісіне арналған) қолмен немесе автоматта жасау;

      жаққыштардың аталған түрлеріне жаққыш бума жасау үшін талшық дайындау. Күрделі құрылымды, өндірістік мақсаттағы щетка бұйымдарының (буманың жұмыс бөлігінің диаметрі 50 мм астам, ұзындығы 500 мм астам щеткалардың барлық түрлерінің) қалыптарына бума орнату станогында бумаларды орнату;

      күрделі құрылымды, өндірістік мақсаттағы щетка бұйымдарын (щетка роликтерін, бумаларының диаметрі 2,0 мм дейінгі щеткалардың барлық түрлерін) қолмен орнату (қалыптағы буманы бекіту);

      қолданылатын жабдықты баптау.

      728. Білуге тиіс:

      қыл-щетка бұйымдарын жасау тәсілдері;

      жаққыштар мен щетка бұйымдарын жасауға қойылатын талаптар;

      қолданылатын жабдықты баптау ережесі.

      122. Жүнді бояушы

      Параграф 1. Жүнді бояушы, 3-разряд

      729. Жұмыс сипаттамасы:

      жүнді және оны алмастырғыштарды әртүрлі бояғыштармен чанда, астауда, бактарда бояу;

      бояудың технологиялық режимін бақылау;

      бояу ерітіндісін дайындау;

      жартылай дайын өнімдерді салу және түсіру.

      730. Білуге тиіс:

      жүнді және алмастырғыштарды бояу процесінің технологиялық режимі;

      бояу ерітінділерін дайындау рецептурасы, бояудың қасиеттері.

      123. Қыл таспаларды тарқату жөніндегі машинист

      Параграф 1. Қыл таспаларды тарқату жөніндегі машинист, 2-разряд

      731. Жұмыс сипаттамасы:

      кептірілген және түзуленген қылды машинада тарқату;

      кептірілген және түзуленген қыл оралған өзекті машинадан алу;

      жуылған қыл оралған өзекті машинаға орнату;

      шпагатты шөлмекке байлау, тарқатылған қылды тасымалдауыштан алу және жәшікке салу;

      машинаның жұмысын бақылау;

      машинаны реттеу.

      732. Білуге тиіс:

      қылды өңдеу сапасына қойылатын талаптар;

      машинаның құрылысы мен реттеу ережесі.

      124. Тарау және араластыру машинасының машинисі

      Параграф 1. Тарау және араластыру машинасының машинисі, 3-разряд

      733. Жұмыс сипаттамасы:

      құрғақ қыл мен жүннің барлық түрлерін, қыл мен шаштың қалдықтарын машинада тарау және талшықтарын жазу процесін жүргізу;

      бастапқы шикізатты тасымалдауышқа немесе машинаның арту воронкасына біркелкі қабат етіп, параллель орналасуын сақтай отырып салу;

      тасымалдауыштан алу, түбіршегіне итере отырып, бума етіп байлау;

      машина мен оның механизмдерінің жұмысын бақылау;

      машина механизмдерін реттеу.

      734. Білуге тиіс:

      машинаның мақсаты, өңделетін шикізатқа қойылатын талаптар, өңдеу режимдері.

      Параграф 2. Тарау және араластыру машинасының машинисі, 4-разряд

      735. Жұмыс сипаттамасы:

      қыл-щетка бұйымдарын жасау үшін ұсақ қылшықтарды алып тастай отырып, түсі, жалауша бөлігінің қалыңдығы мен қаттылығы бойынша біртекті қоспа алғанға дейін аң терісінің жүні мен ешкі қылшығын араластыру процесін жүргізу;

      қылды дайындау және машина тасымалдауышына төсеу, оны араластыру;

      тасымалдауыштан араластырылған қылды алу және жәшіктерге салу немесе бумаларға түю;

      араластыру процесінің барысын бақылау.

      736. Білуге тиіс:

      жабдықтың жұмысын реттеу ережесі, дайындалатын жартылай дайын өнімге қойылатын талаптар, өңдеу режимдері.

      Параграф 3. Тарау және араластыру машинасының машинисі, 5-разряд

      737. Жұмыс сипаттамасы:

      сурет салатын жаққыш жасау үшін біртекті қоспа алғанға дейін қылды, аң терісінің жүні мен ешкі қылшығын араластыру процесін жүргізу;

      жабдықты баптау.

      738. Білуге тиіс:

      жабдықты баптау ережесі;

      дайындалатын жартылай дайын өнімге қойылатын талаптар;

      өңдеу режимдері.

      125. Қыл мен жүнді жуушы

      Параграф 1. Қыл мен жүнді жуушы, 3-разряд

      739. Жұмыс сипаттамасы:

      қыл мен жүнді ыстық суда жуғыш ерітінділердің көмегімен арнайы машинада, чанда, астаулар мен аппаратта технологияға сәйкес жуу;

      температуралық режимді бақылау, қалдық майлылықтың нормаланған пайызын қамтамасыз ете отырып, жуу сапасын тексеру;

      қыл мен шашты бейтараптандыру үшін қышқыл ерітіндісі бар ыдысқа салу және кейіннен таза суда жуу.

      740. Білуге тиіс:

      қыл мен жүнді жуу және бейтараптандырудың технологиялық режимі;

      қыл мен жүннің қасиеттері, жуу сапасының кейінгі технологиялық операцияларға тигізетін әсері;

      аппараттардың құрылысы және олардың жұмысын реттеу.

      126. Қалдықтарды бөлуші

      Параграф 1. Қалдықтарды бөлуші, 2-разряд

      741. Жұмыс сипаттамасы:

      механикалық қоспаларын алып тастау үшін қыл шикізатын, қыл мен жүннің қалдықтарын бөлу;

      қыл мен жүннің қалдықтарын біртекті қоспа болғанға дейін бөлу және басқа да машиналарда немесе қолмен араластыру.

      742. Білуге тиіс:

      машинаның құрылысы және реттеу ережесі, қалдықтарды бөлу сапасына қойылатын талаптар;

      қыл мен жүннің қалдықтарын араластыру кезінде компоненттерінің арасалмағы.

      127. Қыл мен жүнді термоөңдеуші

      Параграф 1. Қыл мен жүнді термоөңдеуші, 4-разряд

      743. Жұмыс сипаттамасы:

      қыл мен жүннің әртүрлі түрлерін термоөңдеу, қыл мен жүннің бумасын қаңылтыр табаға салу және термиялық пешке кіргізу;

      бумаларды араластыру, термиялық өңдеудің технологиялық режимін реттеу;

      қыл мен жүнді термиялық пештен шығару.

      744. Білуге тиіс:

      өңделетін талшықтарға және қылға қойылатын талаптар;

      қыл мен жүннің әртүрлі түрлерін термоөңдеудің технологиялық режимдері;

      термикалық пештердің құрылысы және оларды реттеу ережесі.

      128. Қыл мен жүн бумасын буып-түюші

      Параграф 1. Қыл мен жүн бумасын буып-түюші, 3-разряд

      745. Жұмыс сипаттамасы:

      қылды, жүнді және синтетикалық талшықты белгіленген өлшемді бумаларға буып-түю;

      бума жасау үшін қажетті талшықты мөлшерлеу, қылды картон сақиналарға нығыздау;

      іріктелген қылды тарау, шпагатпен байлау, машинамен қырқу, талшықты бекіту қағазымен орау.

      746. Білуге тиіс:

      қыл мен жүннің бумаларын буып-түю және орау тәсілдері;

      қыл мен жүнге қойылатын талаптар;

      машинаның құрылысы мен пайдалану ережесі.

      Параграф 2. Қыл мен жүн бумасын буып-түюші, 4-разряд

      747. Жұмыс сипаттамасы:

      дайын қыл мен жүнді экспорттау үшін мемлекеттік стандартқа сәйкес түрлері, өлшемдері (ұзындығы) және түсі бойынша жеке-жеке буып-түю;

      бума жасау үшін қажетті талшықты мөлшерлеу, қылды картон сақиналарға нығыздау;

      іріктелген қылды тарау, шпагатпен байлау, машинамен қырқу.

      748. Білуге тиіс:

      қыл мен жүн бумаларын буып-түю және орау тәсілдері, қыл мен жүнге қойылатын талаптар;

      дайын қыл мен жүннің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары, машинаның құрылысы мен пайдалану ережесі.

10-бөлім. Малма-экстракті өндірісі

      129. Сұйық өнім алуға арналған буландыру аппаратының аппаратшысы

      Параграф 1. Сұйық өнім алуға арналған буландыру аппаратының аппаратшысы, 5-разряд

      749. Жұмыс сипаттамасы:

      атмосфералық қысымнан жоғары қысыммен немесе вакуум астында жұмыс істейтін көп корпусты буландыру аппараттарында қыздырып, сұйық ерітіндіні ішінара бу күйіне аудару арқылы концентраттау мақсатында диффузиялық сөлді көп рет буландыру технологиялық процесін жүргізу;

      буландыру процесін бақылау-өлшеу аспаптары мен құрылғыларының көрсеткіштері бойынша бақылау, экстрактіні корпустың бу кеңістігіне аударуды, конденсаттың түсі пен барометриялық суды бақылау;

      бу, сөл және су коммуникацияларында ауа шүмектері мен бұрандалары арқылы буландыру процесін жүргізу;

      қолданыстағы әдістемелер мен стандарттарға сәйкес диффузиондық сөл мен сұйық экстрактінің тығыздығы үшін үнемі сынамаларды іріктеу;

      технологиялық процесс барысы туралы өндірістік журналға жазу;

      қолданылатын жабдыққа қызмет көрсету, оны жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау, жөндеу жұмыстарын орындауға қатысу.

      750. Білуге тиіс:

      аппараттарда сұйық өнім алудың технологиялық процесі;

      қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық схемасы;

      буландыру әдістемесі, процесті реттеу ережесі мен тәсілдері, сынамаларды іріктеу ережесі;

      жұмыс нұсқаулығында көзделген талдауларды жүргізу әдістемесі;

      негізгі және қосымша жабдықтың құрылысы, жұмыс қағидаты;

      бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және оларды пайдалану ережесі;

      жарты өнімдердің және дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар;

      қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды пайдалану ережесі;

      дыбыс және жарық сигнализациясын басқару ережесі.

      130. Қатты өнім алуға арналған буландыру аппаратының аппаратшысы

      Параграф 1. Қатты өнім алуға арналған буландыру аппаратының аппаратшысы, 4-разряд

      751. Жұмыс сипаттамасы:

      қатты өнімді: әртүрлі жүйелердің буландыру аппараттарында өсімдік және синтетикалық малманы алудың технологиялық процесін жүргізу;

      бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен буландырудың технологиялық процесін;

      айырғыштағы және вакуум-камерадағы сұйық өнімнің деңгейін, қыздыру буының қысымын, айырғыштағы қысымды немесе сұйылтқыштарды, өнімді салқындатудың технологиялық режимін;

      аппарат жұмысының температуралық режимін, су өлшеуіш ыдысындағы конденсат деңгейін, газ соруды бақылау;

      сұйық өнімнің плунжерлік сорғы арқылы берілуін, буландыру колонкасының бу қыздырушы қысымын, бос бұранданың көмегімен конденсат деңгейін, газ сорудың көмегімен конденсацияланбайтын газды алып тастауды реттеу;

      дайын өнімнің ылғалдылығын түрі бойынша және ұстап көріп, сондай-ақ экстракті ағынының бетінде қалыптасатын пленканың түсі бойынша айқындау;

      қатты өнімді тараға салу үшін қаптарды нығайту;

      малта өлшеуді және тараны таңбалауды бақылау;

      қолданылатын жабдықтарға қызмет көрсету;

      технологиялық процестің барысы туралы өндірістік журналға жазу;

      жабдықты ұзақ уақыт бойы тоқтатуға, жөндеуге және тазалауға дайындау.

      752. Білуге тиіс:

      буландыру аппараттарда қатты экстракті алудың технологиялық процесі, процесті реттеу ережесі;

      негізгі және қосымша жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, жұмыс қағидаты;

      қысыммен жұмыс істейтін буландыру аппараттары мен құбырларды пайдалану ережесі;

      буландыру аппараты жұмысының ықтимал ақаулығының себептері және олардың алдын алу, жою тәсілдері;

      буландыру аппараттарын ұзақ уақыт бойы тоқтатуға және тазалауға дайындау ережесі;

      дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

      131. Конденсаторшы-аппаратшы

      Параграф 1. Конденсаторшы-аппаратшы, 5-разряд

      753. Жұмыс сипаттамасы:

      коллоидтік қасиеттері мен белгілі бір молекулярлық салмағы бар малма заттарын алу үшін химиялық қоспаларды конденсациялаудың технологиялық процесін жүргізу;

      омегасульфирлеу;

      мөлшерлі компоненттерді есептеу, оларды салуға дайындау, конденсаторға компоненттерді біртіндеп салу;

      бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесті реттеу;

      орта реакциясын бақылау, сынамаларды іріктеу, қажетті реагенттерді есеп бойынша қосу;

      реакцияның аяқталу сәтін белгілеу;

      қоспаны бейтараптандыру, диспергілеу, тотықтандыру;

      технологиялық процестің барысы туралы өндірістік журналға жазу;

      қолданылатын жабдыққа қызмет көрсету және оны ұсақ жөндеу.

      754. Білуге тиіс:

      химиялық қоспаларды конденсаттаудың технологиялық процесі;

      қолданылатын реагенттердің және реакция өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттері;

      салынатын компоненттердің санын есептеу әдістемесі, шикізат пен жартылай дайын өнімдерге қойылатын талаптар;

      ортаның реакциясын бақылау және реакцияның аяқталуын анықтау әдістері, сынамаларды іріктеу ережесі;

      талдау жасау әдістері;

      қоспаны бейтараптандыру, диспергілеу, тотықтандыру технологиясы, конденсаттау сапасына қойылатын талаптар;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың, арматура мен коммуникациялардың құрылысы;

      жұмыс қағидаты, жабдық жұмысының ықтимал ақаулығының себептері және оларды жою тәсілдері;

      бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және пайдалану ережесі.

      132. Бейтараптандырушы-аппаратшы

      Параграф 1. Бейтараптандырушы-аппаратшы, 3-разряд

      755. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары бейтараптандырушы-аппаратшының басшылығымен малтаны ащы сілтімен синтездеу әдістемесіне сәйкес конденсаттау өнімін бейтараптандырудың технологиялық процесін жүргізу;

      шикізатты, материалдарды дайындау және аппаратқа салу, температуралық режимді, қысымды сақтау, қоспаны уақыт бойынша ұстау, химиялық заттарды мөлшерлеу, оларды аппаратқа салу жылдамдығы;

      қоспаны араластыру және қыздыру;

      процесті бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша реттеу;

      орта реакциясын бақылау, бейтараптандырудан кейін қышқылдығын тексеру үшін сынамаларды іріктеу, қажетті реагенттерді есеп бойынша қосу;

      реакцияның аяқталу сәтін белгілеу;

      қолданылатын жабдыққа қызмет көрсету;

      технологиялық процесс барысы туралы өндірістік журналға жазу.

      756. Білуге тиіс:

      конденсация өнімін бейтараптандырудың технологиялық процесі;

      шикізаттың, материалдардың, дайын өнімдердің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері;

      сынамаларды іріктеу ережесі, негізгі және қосымша жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының және автоматика құралдарының құрылысы;

      жұмыс қағидаты мен пайдалану ережесі;

      жабдық жұмысының ықтимал ақаулығының себептері және оларды жою тәсілдері.

      Параграф 2. Бейтараптандырушы-аппаратшы, 4-разряд

      757. Жұмыс сипаттамасы:

      конденсацияланған сульфомассаны бейтараптандырудың технологиялық процесін жүргізу;

      бейтараптандырушы ерітіндіні дайындау;

      компоненттерді аппаратқа бірінен соң бірін салу: аммиак, несепнәр, уротропин, күкірт қышқылы;

      бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесті реттеу.

      758. Білуге тиіс:

      сульфомассаны бейтараптандырудың технологиялық процесі;

      аппараттарға салынатын компоненттер мен алынатын дайын өнімнің физикалық және химиялық қасиеттері;

      негізгі және көмекші жабдықтарды пайдалану ережесі.

      Параграф 3. Бейтараптандырушы-аппаратшы, 5-разряд

      759. Жұмыс сипаттамасы:

      нафталиносульфоқышқылын, диопидифенилсульфон шайырына диспергілеу өнімін бейтараптандырудың технологиялық процесін жүргізу;

      синтанның жекелеген маркаларын өндіру кезінде диспергілеу және конденсаттаудың технологиялық процесін жүргізу;

      салынатын компоненттердің: кальцийленген соданың, несепнәрдің, уротропиннің және тағы басқа да мөлшерін есептеу;

      олардан бейтараптандырушы ерітінділерді дайындау, оларды кейіннен реакциялық аппараттарға біртіндеп салу;

      бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесті реттеу;

      орта реакциясын бақылау, бейтараптандырудан кейін қышқылдығын талдау үшін сынамаларды іріктеу;

      реакцияның аяқталу сәтін белгілеу;

      технологиялық процестің барысы туралы өндірістік журналға жазу.

      760. Білуге тиіс:

      өнімді бейтараптандырудың технологиялық процесі, бейтараптандырушы ерітінділерді дайындау тәсілдері;

      салынатын компоненттердің мөлшерін есептеу әдістері, сынамаларды іріктеу ережесі;

      негізгі және қосымша жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының және автоматика құралдарының, арматура мен коммуникациялардың құрылысы;

      жұмыс қағидаты мен пайдалану ережесі;

      жабдық жұмысының ықтимал ақаулығының себептері және оларды жою тәсілдері.

      133. Сульфирлеуші-аппаратшы

      Параграф 1. Сульфирлеуші-аппаратшы, 5-разряд

      761. Жұмыс сипаттамасы:

      синтетикалық малта өндірісінде сульфирлеудің технологиялық процесін жүргізу;

      реакторды (сульфураторды) балқытылатын химиялық материалдарды қабылдауға дайындау, сульфомассаны араластыру, температураны реттеу;

      сынамаларды іріктеу және талдау жүргізу, талдау нәтижелері мен өнімнің сыртқы түрі бойынша реакцияның аяқталу сәтін анықтау;

      сульфомассаны сульфуратордан конденсаторға ауа қысымымен итеру;

      шикізат пен қышқылды есептеу;

      қолданылатын жабдыққа қызмет көрсету, оның ақаулықтарын жою, жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау;

      технологиялық процестің барысы туралы өндірістік журналға жазу.

      762. Білуге тиіс:

      сульфирлеудің технологиялық процесі, шикізаттың, қосалқы материалдардың, дайын өнімдердің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері;

      шикізат пен дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар, салынатын шикізаттың, қышқылдың мөлшерін есептеу әдістемесі;

      сынамаларды іріктеу ережесі, талдау жүргізу әдістері, жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, жұмыс қағидаты мен пайдалану ережесі;

      жабдық жұмысының ықтимал ақаулығының себептері және оларды жою тәсілдері;

      жабдықты жөндеуге дайындау тәсілдері және оны жөндеуден қабылдау ережесі.

      134. Сульфиттеуші-аппаратшы

      Параграф 2. Сульфиттеуші-аппаратшы, 4-разряд

      763. Жұмыс сипаттамасы:

      сульфиттеудің технологиялық процесін жүргізу;

      аммоний бисульфитін цистернадан резервуарларға, резервуарлардан диффузионды станцияның аралық багына сақтау үшін айдау;

      аммоний бисульфитін аралық бактан өсімдік малта өндірісіндегі белгіленген нормалар бойынша дозатор арқылы диффузорларға жіберу;

      технологиялық процесті аммоний бисульфиті мен қысылған ауаны айдау жөніндегі құбырдың бұрандалары, монтежю бұрандалары, сондай-ақ қысылған ауаны жіберу клапаны, атмосферамен араластыру клапанын және монтежю қалтқысы арқылы реттеу, аммоний бисульфитінің аралық бактан дозатор (монтежю) арқылы диффузорға түсуін реттеу;

      монтежюде орналасқан шәкілі бар су өлшеуіш шынысы бойынша диффузорға берілетін бисульфит мөлшерін айқындау;

      қысыммен жұмыс істейтін цистерналарға, резервуарларға, аралық бакқа, монтежюге, құбырлар мен коммуникацияларға қызмет көрсету;

      ағызу коммуникациясын, бекіту арматурасын, сорғыларды жөндеу.

      764. Білуге тиіс:

      сульфиттеудің технологиялық процесі, химиялық шикізаттың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері;

      экстрактілеу процесінің мәні, қолданылатын химиялық материалдарды жұмсау нормасы;

      қысыммен жұмыс істейтін реакторлардың, ыдыстардың, құбырлар мен коммуникациялардың;

      қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы және жұмыс қағидаты.

      135. Кептіру құрылғысының аппаратшысы

      Параграф 1. Кептіру құрылғысының аппаратшысы, 4-разряд

      765. Жұмыс сипаттамасы:

      кептіріп-тозаңдандыру құрылғыларында кептіру әдісімен ұнтақ тәрізді өсімдік және синтетикалық малманы алу процесін жүргізу;

      сұйық экстракті мен синтанның тозаңдандырғыш құрылғыға түсуін, бақылау-өлшеу аспабының көрсеткіштері бойынша кептіру мен қысымның температуралық режимін реттеу;

      сұйық малманы жұмсау нормасын сақтау;

      құрғақ ұнтақ тәрізді экстрактінің діріл елегіне берілуін бақылау;

      тараны құрғақ экстрактіні салу үшін дайындау, тараға салу және қоймаға тапсыру;

      құрғақ экстрактінің шығуының есебін технологиялық журналға жазу;

      жабдықты үнемі тазалау және жуу, оны жөндеуге қатысу.

      766. Білуге тиіс:

      кептірудің технологиялық процесі;

      сұйық және құрғақ малма өндірісінің технологиясы, өсімдік және синтетикалық малманың физикалық-химиялық қасиеттері, сұйық және құрғақ малманың сапасына қойылатын талаптар, сұйық малманы, буды, электр энергиясын жұмсау нормасы, тараға салу және орау ережесі;

      тозаңдандыру құрылғысының құрылысы және жұмыс істеу қағидаты;

      бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, діріл елегі мен сорғыны пайдалану ережесі;

      жабдықты тазалау және жуу ережесі;

      жылу техникасының негіздері.

      136. Таннидтерді экстрагирлеу аппаратшысы

      Параграф 1. Таннидтерді экстрагирлеу аппаратшысы, 3-разряд

      767. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары таннидтерді экстрагирлеу аппаратшысының басшылығымен диффузорға ұсақталған малма материалын салудың технологиялық процесін жүргізу;

      диффузордың жоғарғы люктерін қолмен немесе пневмоцилиндрдің көмегімен ашу, жабу;

      транспортерді қолдана отырып диффузорға шикізатты салу;

      қашықтықтан басқару механизмінің көмегімен шикізаттың берілуін реттеу, салынатын шикізатты тығыздау;

      диффузордың сүзгі торының тұтастығын, онда малманың жоқтығын, жоңқаның сапасын (ұсақталу дәрежесін) бақылау;

      ылғалдылығы мен таннидтілігін талдау үшін ұсақталған малма-экстракті шикізатының біржолғы сынамасын әрбір диффузордан алу;

      диффузорда жинақталып қалатын ауаны ауа краны арқылы тұрақты түрде бұру;

      қолданылатын жабдыққа қызмет көрсету.

      768. Білуге тиіс:

      таннидтерді экстрагирлеудің технологиялық процесі;

      жабдықтың құрылысы және жұмыс қағидаты, диффузорларға шикізатты салу ережесі мен нормасы;

      кезектілігі, диффузор люктерін ашу және жабу, тасымалдаушы құрылғыларды іске қосу және тоқтату ережесі;

      қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды пайдалану ережесі;

      жарық және дыбыс дабылдамасы.

      Параграф 2. Таннидтерді экстрагирлеу аппаратшысы, 4-разряд

      769. Жұмыс сипаттамасы:

      диффузор түбіндегі люктерді және бітеу құрылғыларын ашып-жабу арқылы диффузордан малманы алудың технологиялық процесін жүргізу;

      экстрактілік бөлімшеден алу туралы сигналды қабылдау;

      диффузордан малманы алу алдында тексеру, оның сынама шүмегін (бұрандасын) ашу арқылы оның ішінен жуындының толық шығуын тексеру;

      бағыттаушы қалқанды диффузорға жылжыту;

      түбін ашу және гидравликалық құбырлардағы тиісті шүмектерді ашып-жабу арқылы ашатын механизмді басқару жылдамдығын біркелкі реттеу;

      талдау үшін әрбір алынған диффузордан малманың сынамасын алу;

      диффузордың түбін ашып-жабу механизмдерін, малманы тасымалдағышты және басқа да құрылғыларды басқару, қысыммен жұмыс істейтін аппараттарды, ыдыстарды, құбырларды пайдалану;

      қызмет көрсетілетін жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарын орындау.

      770. Білуге тиіс:

      диффузордан малманы алу ережесі;

      қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және жұмыс қағидаты, қысыммен жұмыс істейтін аппараттар, ыдыстар мен құбырларды пайдалану ережесі;

      ажыратқыш пен диффузионды бөлімшелермен байланысты қамтамасыз ететін жарық және дыбыс дабылдамасын басқару ережесі.

      Параграф 3. Таннидтерді экстрагирлеу аппаратшысы, 5-разряд

      771. Жұмыс сипаттамасы:

      өсімдік малма-экстракті шикізатынан (қабықтан, ағаштан, тамырдан) жасалған таннидтерді тұрақты әрекет ететін диффузорлары бар диффузионды батареяда экстрагирлеудің үздіксіз көп сатылы процесін жүргізу;

      ұнтақталған малма материалының сапасын, жоңқаны салудың тығыздығын, әрбір диффузордан алынатын диффузионды сөл мөлшерінің белгіленген мөлшеріне сәйкестілігін, бас және соңғы диффузор температурасын термометр бойынша, соңғы диффузордағы малма тұнбасы бойынша арту толықтығын бақылау;

      экстрагирлеу процесін су, сөл, ауа, жуу және айдау коммуникациясының бұрандалары арқылы реттеу;

      химиялық заттарды (аммоний бисульфитін, беткі-белсенді заттарды) мөлшерлеу, оларды диффузионды батареяға құбырлар арқылы жіберу;

      экстрагирлеу процесінің аяқталуын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және химиялық талдаулар нәтижесі бойынша айқындау;

      технологиялық процестің сигнализациясын басқару;

      өндірістік журналды жүргізу;

      қолданылатын жабдыққа қызмет көрсету.

      772. Білуге тиіс:

      таннидтерді экстрагирлеудің технологиялық процесі;

      малма-экстракті шикізатын, химикаттарды, диффузионды сөлдің физикалық-химиялық қасиеттері, диффузионды сөлдің сапасына қойылатын талаптар, таннидтерді экстрагирлеудің технологиялық процесін реттеу ережесі;

      соңғы диффузорды жағып-сөндіру уақытын, шикізатты, материалдарды жұмсау және өнімнің (сөлдің) шығу нормасын есептеу, компоненттерді мөлшерлеуді есептеу, экстрагирлеу процесін бақылау әдістері;

      сынамаларды іріктеу ережесі;

      қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы, жұмыс қағидаты және пайдалану ережесі.

      Параграф 4. Таннидтерді экстрагирлеу аппаратшысы, 6-разряд

      773. Жұмыс сипаттамасы:

      өсімдік малма-экстракті шикізатынан жасалған таннидтерді диффузионды станцияның құрамына енетін, тұрақты әрекет ететін диффузорлары бар диффузионды батареяда экстрагирлеудің үздіксіз көп сатылы процесін жүргізу;

      диффузионды станцияның жұмысын бақылау.

      774. Білуге тиіс:

      таннидтерді экстрагирлеудің технологиялық процесі;

      екі және одан көп диффузионды батареядан тұратын диффузионды станцияда таннидтерді экстрагирлеудің процесін реттеу ережесі.

      137. Химиялық шикізатты аппаратқа артушы

      Параграф 1. Химиялық шикізатты аппаратқа артушы, 3-разряд

      775. Жұмыс сипаттамасы:

      химиялық шикізатты қызмет көрсетілетін аппаратқа арту, аппаратты химикаттарды артуға дайындау;

      есептеу және химиялық шикізатты өлшеу;

      химиялық шикізаты бар ыдыстарды ашу және химикаттарды құбыр арқылы аппараттар мен өлшеуіштерге жіберу;

      құбырлар арқылы химикаттарды өткізгеннен кейін оларды қатты бумен үрлеу;

      синтетикалық малманы аппараттан түсіру;

      цистерналарды дайындау және орталықтан тепкіш сорғының көмегімен сұйық синтетикалық малманы айдау;

      тұтас және оралған синтанды, химиялық заттарды есепке алу;

      аппараттарға, тасымалдауыш жүйелерге, тасымалдау құралдарына қызмет көрсету.

      776. Білуге тиіс:

      химиялық шикізатты қызмет көрсететін аппаратқа артудың, дайын өнімді алудың технологиялық процесі;

      қолданылатын химиялық шикізаттың негізгі физикалық-химиялық қасиеттері, арту және түсіру нормалары мен ережесі;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы және жұмыс қағидаты.

      138. Технологиялық процесті бақылаушы

      Параграф 1. Технологиялық процесті бақылаушы, 4-разряд

      777. Жұмыс сипаттамасы:

      өсімдік және синтетикалық малма өндірісінің технологиялық процесінің дұрыс жүргізілуін бақылау;

      операцияны жүргізудің технологиялық көрсеткіштерінің өңделетін малманың түріне байланысты әдістемемен, нұсқаулықтармен және басқа нормативтік-техникалық құжаттамамен көзделген нормативтерге сәйкестігін тексеру;

      температуралық режимнің, қысым мен технологиялық процестің басқа да өлшемдердің сақталуын тексеру;

      өсімдік және синтетикалық малма өндірісінде өсімдік және химиялық шикізатына, жартылай өнімдерге, дайын өнімге талдау жүргізу үшін сынамаларды іріктеу;

      техникалық-химиялық есеп жасау.

      778. Білуге тиіс:

      шикізаттың, химиялық заттар мен дайын өнімдердің мемлекеттік стандарттары, оларға қойылатын талаптар, өсімдік және синтетикалық малма өндірісінде жұмыстарды орындау әдістемесі;

      технологиялық режимі мен ережесі, шикізаттардың, материалдар мен химикаттардың, жартылай өнімдер мен дайын өнімдердің түрлері мен қасиеттері;

      өсімдік және синтетикалық малма өндірісінде шикізаттарға, жартылай өнімдер мен дайын өнімдерге талдау жүргізу әдістері, диффузорларды арту тығыздығын өлшеу тәсілдері;

      химикаттарды мөлшерлеуді есептеу әдістемесі, аппараттағы температуралық режимді;

      қысымды бақылау әдістемесі, шикізаттардың, химикаттардың, аралық өнімдер мен дайын өнімдердің сынамасын алу әдістері;

      өндірістік жабдықтардың, аппаратураның, бақылау-өлшеу аспаптары мен лабораториялық жабдықтардың құрылысы, жұмыс қағидаты.

      139. Бұдырлау машинасының машинисі

      Параграф 1. Бұдырлау машинасының машинисі, 4-разряд

      779. Жұмыс сипаттамасы:

      өсімдік малма-экстракті шикізатын (емен шөркелерін, қабықтарын, тамыр материалдарын, қалдықтар мен қатты экстрактілерді) шабу, тамыр кескіш және ұсақтау машиналарында ұнтақтау (ұсақтау);

      диаметрі 20 см астам стандарт емес шикізатты механикалық колунда шабу;

      шикізатты үздіксіз және біркелкі жеткізу және оны кабель конвейері жұмыс лотогының, шабу және ұсақтау машинасының тасымалдауышының арту патронының науасына салу;

      шикізатты сұрыптау;

      шикізатты қолданыстағы стандарттарда қойылатын талаптарға сәйкес ұсақтау сапасын бақылау;

      қолданылатын жабдыққа қызмет көрсету;

      қызмет көрсететін машина жұмысын бақылау;

      ұсақталған экстрактіні өлшеу және тараға салу, есеп жүргізу;

      қызмет көрсететін жабдықты баптау, пышақтарды, оттықтарды, билді реттеу, ауыстыру, жабдықты жөндеуге қатысу.

      780. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесі;

      өсімдік малма-экстракті шикізатының түрлері, кесу теориясының негіздері;

      ұсақталған шикізатқа, қалдықтарға, қатты экстрактіге қойылатын талаптар, қызмет көрсететін жабдықты баптау және реттеу ережесі.

      140. Сығу жабдығының машинисі

      Параграф 1. Сығу жабдығының машинисі, 3-разряд

      781. Жұмыс сипаттамасы:

      малтаның артық ылғалын әртүрлі құрылымды нығыздауыштарда және сығу агрегаттарында сығу процесін жүргізу;

      нығыздалған малтаның ылғалдылығын айқындау;

      қысымды, малтаның тығыздауышқа берілу жылдамдығын және малтаның ылғалдылығына байланысты оны сығу уақытын реттеу;

      нығыздауыштар мен қоректендіргіштерді баптау жұмыстарын орындау, ұсақ ақаулықтарды жою.

      782. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, жұмыс қағидаты, баптау және реттеу ережесі;

      нығыздауышты, агрегатты және тасымалдаушы механизмді іске қосу, тоқтатуға арналған сигнализация ережесі;

      нығыздалған малманың ылғалдылығының шекті нормасы.

      141. Нафталин мен фенолды балқытушы

      Параграф 1. Нафталин мен фенолды балқытушы, 4-разряд

      783. Жұмыс сипаттамасы:

      қатты химиялық шикізатты: нафталин, кристалл фенолды балқытудың технологиялық процесін жүргізу;

      синтетикалық малма өндірісіне арналған диоксидифенилсульфон суспензиясын дайындау;

      химиялық шикізатты балқытқышқа салуға дайындау, кристалл фенолы бар бөшкенің тығынын алу, кристалл фенол мен нафталинді балқытқышқа салу нормаларын сақтай отырып салу;

      балқытылған кристалл фенол, фенол фракциясын, балқытылған нафталинді, диоксидифенилсульфон суспензиясын реакторға құю;

      құбырлар арқылы балқытылған химиялық материалдарды өткізгеннен кейін оларды қатты бумен үрлеу;

      балқыту құрылғыларының технологиялық жұмыс режимін белгіленген өлшемдерге және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес реттеу;

      аппаратқа жіберілген және балқытылған химикаттардың санын есепке алу;

      химикаттарды айдау жүйесіне: монжуске, сорғыларға, компрессорлық құрылғыларға қызмет көрсету;

      жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдауға қатысу;

      химикаттарды айдау жөніндегі құбырларды, бекіту арматурасын, сорғыларды алдын ала тексеру;

      өндірістік процестің барысы туралы өндірістік журналға жазу.

      784. Білуге тиіс:

      қатты химиялық шикізатты балқытудың технологиялық процесі;

      балқыту процесін реттеу ережесі, пайдаланылатын шикізаттың, жартылай өнімдердің негізгі физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері, шикізатты балқытқыштарға салу нормасы;

      қызмет көрсетілетін жабдықтар мен аспаптардың құрылысы және жұмыс қағидаты, химиялық шикізатты тасымалдауға арналған механикаландыру және сигнализация құралдарын қолдану ережесі;

      қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеуге дайындау тәсілдері және жөндеуден қабылдау ережесі.

      Параграф 2. Нафталин мен фенолды балқытушы, 5-разряд

      785. Жұмыс сипаттамасы:

      фенолы, формалині, сульфитцеллюлоза бардасы бар цистерналарды қатты бумен қыздыра отырып балқытудың технологиялық процесін жүргізу;

      темір жол цистерналарынан фенолды, күкірт қышқылын, олеумді, формалинді, балық майын, сульфитцеллюлоза бардасын орталықтан тепкіш сорғылар арқылы химиялық шикізат қоймасының цистерналарына құю;

      балқыту құрылғылар жұмысының технологиялық режимін белгіленген өлшемдерге және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес реттеу;

      қызмет көрсетілетін жабдықтың жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарын орындау.

      786. Білуге тиіс:

      химиялық шикізатты балқытудың технологиялық процесі;

      балқыту процесін реттеу ережесі;

      пайдаланылатын шикізаттың, жартылай өнімдердің негізгі физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері;

      электротехника, жылу техникасы, жөндеу жұмыстарын орындауды ұйымдастырудың негізі.

      142. Шикізатты қабылдаушы

      Параграф 1. Шикізатты қабылдаушы, 4-разряд

      787. Жұмыс сипаттамасы:

      тасымалдау ұйымдарынан өсімдік малма-экстракті шикізатын қабылдау және оны өндіріске тапсыру;

      шикізаттың сапасын сырттай тексеру арқылы бағалау және олардың малма материалдары өндірісіне жарамдылығын айқындау;

      штабельдер мен бунттарды өлшеу, салу тығыздығын, сапасын тексеру, талдау нәтижелері бойынша шикізаттың салмағын, қоймалық және тығыз кубометрлердегі шикізаттың көлемін айқындау;

      алынған көрсеткіштерді ілеспе құжаттардағы мәліметтермен салыстыру;

      қабылдап-тапсыру актісін жасау;

      шабу бөлімшесін шикізатпен қамтамасыз ету;

      қабылданған және босатылған шикізаттың есебін жүргізу, әрбір ауысымнан кейін шабу бөлімшесінде қалған шикізат қалдықтарын алу;

      бақылау талдаулары үшін сынамаларды іріктеуге қатысу.

      788. Білуге тиіс:

      өсімдік малма-экстракті шикізатының мемлекеттік стандарттары, тасымалдау ұйымдарынан шикізатты қабылдау ережесі;

      шикізаттың салмағын, қоймалық және тығыз кубометрлердегі шикізаттың көлемін айқындау әдістері, пайдаланатын шикізаттың сапасына қойылатын талаптар және оның ылғалдылығын айқындау әдістері;

      қабылдап-тапсыру актісін жасау тәртібі, шикізатты алғашқы есепке алуды жүргізу.

      143. Буландыру аппаратын тазалаушы

      Параграф 1. Буландыру аппаратын тазалаушы, 4-разряд

      789. Жұмыс сипаттамасы:

      синтетикалық малма өндірісінде формалиннің, сульфит-спирт бардасының, нафталиннің, фенолдың, реакторлар мен бейтараптандырғыштардың ыдыстарының буландыру аппараттарын, дайын өнімге арналған жинақтағыштарды, малманы түйіршіктелген күйде алуға арналған агрегаттарды механикалық және химиялық тәсілдермен тазалау;

      өсімдік малма-экстракті өндірісінде бассейндерді, сөл жинақтағыштарды, тұндырғыштарды, цехішілік кәрізді тазалау, аппаратураны жуу;

      тазалаудан кейін буландыру аппараттарына гидравликалық сынақ жүргізу кезінде аппараттардың, реакторлардың, бассейндер мен басқа да ыдыстардың ішкі ортасының газдануын, қаспағының толық кетірілуін, қайнату түтіктері мен олардың жаныштау қосылыстарының тұтастығын бақылау;

      шлангылы пневмоцилиндр, гидро- және пневмотурбина құрылғыларын пайдалану;

      буландыру аппараттары мен ыдыстарды тазалауға арналған ағаш пен тақталардың құрылысы.

      790. Білуге тиіс:

      буландыру аппараттарының, жылу алмастырғыштардың, аппараттарды тазалауға арналған құрылғылардың құрылысы, бассейндерді, сөл жинақтағыштарды, тұндырғыштарды, кәрізді тазалау ерекшелігі мен ережесі;

      ағаш пен тақталарды орнату тәсілдері;

      противогазды, қышқыл және сілті ерітінділерін пайдалану ережесі.

  Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына (45-шығарылым)
қосымша

Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші

р/с

Кәсіптің атауы

Разрядтар диапазоны

беті

1.

Су-химиялық өңдеу аппаратшысы

4

95

2.

Су-химиялық өңдеу аппаратшысы

4

144

3.

Сұйық өнім алуға арналған буландыру аппаратының аппаратшысы

5

165

4.

Қатты өнім алуға арналған буландыру аппаратының аппаратшысы

4

166

5.

Май шыжғыру аппаратшысы

3

2

6.

Тері илеу аппаратшысы

4-6

80

7.

Тері илеу аппаратшысы

4-5

123

8.

Күлдеу аппаратшысы

4-5

82

9.

Конденсаторшы-аппаратшы

5

167

10.

Теріні бояу және майлау аппаратшысы

5

84

11.

Былғары жартылай фабрикаттар мен үлбір терілерін жұмсарту аппаратшысы

2-3

4

12.

Бейтараптандырушы-аппаратшы

3-5

167

13.

Майсыздандыру аппаратшысы

3-5

3

14.

Күлсіздендіру, жұмсарту аппаратшысы

4-5

83

15.

Тегістеу аппаратшысы

3-4

124

16.

Тері илеу экстрактілерін әзірлеу аппаратшысы

4-5

85

17.

Лак әзірлеу аппаратшысы

6

86

18.

Шел желімін әзірлеу аппаратшысы

4-5

5

19.

Былғарылық коллагенді қалдықтардан өнім өндіру аппаратшысы

6

86

20.

Шелді, жүнді, қылшық пен қылды жуып шаю аппаратшысы

3

87

21.

Сульфирлеуші-аппаратшы

5

169

22.

Сульфиттеуші-аппаратшы

4

169

23.

Кептіру құрылғысының аппаратшысы

4

170

24.

Таннидтерді экстрагирлеу аппаратшысы

3-6

170

25.

Аппретурашы

2-5

87

26.

Былғары материалдарды жаншушы

2

101

27.

Тон құрағын пісіруші

3

125

28.

Қыл мен жүнді пісіруші

3

187

29.

Бұйымдар бөлшектері мен фурнитураны қоюшы

1-3

7

30.

Бөлшектердің қалыңдығы мен жартылай фабрикаттарды тегістеуші

2-3

9

31.

Бөлшектерді кесуші

3-6

9

32.

Былғары және үлбір шикізаты мен көнді төсеуші

2-3

89

33.

Щетка бұйымдарын бояушы

3

188

34.

Бөлшектер мен материалдарды қосарлаушы

1;3

10

35.

Терілерді майлаушы

3-4

90

36.

Қайыс ер-тұрман бұйымдарын дайындаушы

1-2

154

37.

Химиялық шикізатты аппаратқа артушы

3

172

38.

Аяқ киімді керуші

1-6

101

39.

Лекалоларды әзірлеуші

3

11

40.

Матрицалардың үлгісін жасаушы

5

104

41.

Қыл-щетка бұйымдарын жасаушы

1-5

160

42.

Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды өлшеуші

2-5

12

43.

Техникалық былғары мен жонарқа терісін қыздырушы

4

90

44.

Реңші

5

13

45.

Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды жасақтаушы

1-3

14

46.

Былғары және үлбір шикізатын консервілеуші

2-4

17

47.

Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды бақылаушы

2-5

18

48.

Тері илеу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы

3-6

125

49.

Шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы

2-6

127

50.

Шикізат пен жартылай фабрикатттарды бақылаушы

4-5

91

51.

Технологиялық процесті бақылаушы

4

173

52.

Жүнді бояушы

3

162

53.

Терілерді бояушы

4

92

54.

Үлбір мен тонға арналған қой терісін бояушы

4-5

129

55.

Бөлшектерді бекітуші

1-4

154

56.

Терілерді лактаушы

5

92

57.

Екіге тілу машинасының машинисі

3-6

93

58.

Сығу жабдығының машинисі

3-5

94

59.

Сығу жабдығының машинисі

3

174

60.

Қой терісін екіге жіктеу жартылай автомат желісінің машинисі

3-4

130

61.

Қыл таспаларды тарқату жөніндегі машинист

2

162

62.

Жуу машинасының машинисі

2;4

131

63.

Ажырату машинасының машинисі

4

131

64.

Бұдырлау машинасының машинисі

4

158

65.

Бұдырлау машинасының машинисі

4

173

66.

Тарау және араластыру машинасының машинисі

3-5

162

67.

Шелдеуші

2;4-6

20

68.

Қалыптың үлгісін жасаушы

4-5

104

69.

Ортопедиялық аяқ киімнің үлгісін жасаушы

5

105

70.

Шел мен түкті жуушы

2

132

71.

Қыл мен жүнді жуушы

3

163

72.

Бұйымдарды толтырушы

3-4

22

73.

Материалдарды төсеуші

2

23

74.

Бөлшектерді, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды өңдеуші

1-5

24

75.

Былғары және үлбір шикізатын өңдеуші

2-5

27

76.

Үлбір терілерді өңдеуші

2

132

77.

Ұлтанды өңдеуші

1-2

109

78.

Қыл жинау қоспасымен терілерді өңдеуші

3-4

95

79.

Материалдарды кесуші

1-4

28

80.

Шикізат ресімдеуші

2

30

81.

Жеке аяқ киімдерді тігу жөніндегі аяқ киім шебері

4-6

105

82.

Ортопедиялық аяқ киім тігу жөніндегі аяқ киім шебері

1;3-5

106

83.

Аяқ киім жөндеу бойынша аяқ киім шебері

2-5

107

84.

Конвейер желісінің операторы

4

31

85.

Пішу жабдығының операторы

5

110

86.

Бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды әрлеуші

1-5

31

87.

Үлбір терілерді әрлеуші

2-5

132

88.

Сығушы

2-4

37

89.

Биялай былғарысын керуші

3

147

90.

Нафталин мен фенолды балқытушы

4-5

174

91.

Жібіту және күлдеу, илеу және бояу және майлау цехтарында шикізатты, жартылай фабрикаттарды, химиялық материалдар мен өндіріс қалдықтарын тасушы

3

96

92.

Шикізат, тері илеу-бояу және формалин цехтарында шикізатты, жартылай дайын өнімдерді, химиялық материалдар мен өндіріс қалдықтарын жеткізуші

3

135

93.

Бұйымдарды тігуші

1-6

38

94.

Үлбір терілер мен бұйым пішімдерін түзетуші

1-4

135

95.

Нығыздаушы

2

137

96.

Терілерді престеуші

2-4

96

97.

Материалдарды, жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдарды қабылдаушы

2-3

44

98.

Шикізатты қабылдаушы

4

175

99.

Терілерді жұқартушы

3-5

97

100.

Қалдықтарды бөлуші

2

164

101.

Терілерді езуші

3-5

98

102.

Бөлшектер мен материалдарды белгілеуші

1-3

46

103.

Галантереялық былғары бұйымдарына сурет салушы

2-4

147

104.

Былғары шикізатын пішуші

2-5

99

105.

Материалдарды пішуші

2-7

46

106.

Шикізат орамын ашушы

2

137

107.

Үлбір мен киізді арамен кесуші

3;5

51

108.

Былғары жолақтарды керуші

4

159

109.

Рамаларға былғары мен қой терісін созушы

3-5

52

110.

Үлбір теріні тараушы

2-4

137

111.

Материалдар мен бұйымдарды кесуші

1-3

53

112.

Галантереялық былғары бұйымдарын жөндеуші

3-4

149

113.

Аяқ киім қалыптарын жөндеуші

2-4

110

114.

Бөлшектер мен бұйымдарды жинаушы

1-4

54

115.

Галантереялық былғары бұйымдарын құрастырушы

1-4

149

116.

Аяқ киімді құрастырушы

1-7

111

117.

Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы

1-5

156

118.

Жоғарғы жылдамдықтағы ток құрылғыларында дәнекерлеуші

2-4

58

119.

Илеуші-жинаушы

4-6

139

120.

Илеуші-пішуші

2-7

140

121.

Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы

1-6

59

122.

Былғары мен аң терісі шикізаттарын сорттаушы

4-6

63

123.

Аппретураларды, эмульсиялар мен лактарды жасаушы

3

65

124.

Химиялық ерітінділерді жасаушы

3-4

65

125.

Былғары және үлбір шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сүргілеуші

4-6

66

126.

Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептіруші

1-3;5

67

127.

Бұйымдарды түсіруші

2-3

69

128.

Аяқ киімді қалыптан алушы

1-3

120

129.

Үлбір терілерді термоөңдеуші

2;4-5

143

130.

Қыл мен жүнді термоөңдеуші

4

164

131.

Теріні тартушы

3-4

69

132.

Былғарылық, аң терісі бөлшектері мен бұйымдарды ылғалдаушы

1-4

70

133.

Қыл мен жүн бумасын буып-түюші

3-4

164

134.

Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы

1-5

72

135.

Аяқ киімді жоңғылаушы

2-7

121

136.

Қаптама сауытшы

1-5

152

137.

Буландыру аппаратын тазалаушы

4

176

138.

Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тазалаушы

1-3

76

139.

Тұзтері бетін тазалаушы

4-5

100

140.

Үлбір терілерді бензинмен тазалаушы

1

144

141.

Шикізаттық-бояу және тері илеу цехтарындағы тігінші

1-5

145

142.

Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды ажарлаушы

2-5

77

143.

Үлбір терілерді тақырлаушы

5

147


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады