Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (45-шығарылым) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 490 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 желтоқсанда № 21757 болып тіркелді

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (45-шығарылым) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (45-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 9 қаңтардағы № 13-ө-м (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8298 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 наурызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 51 (28275) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә.Сарбасовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 9 желтоқсаны
№ 490 бұйрығына
қосымша

Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғайтарифтік-біліктілік анықтамалығы (45-шығарылым)

1-тарау. Кіріспе

      1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (45-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА (45-шығарылым):

      былғары аяқкиім өндірісі;

      былғары галантерея өндірісі;

      былғары және тері шикізаты өндірісі;

      былғарыдан техникалық бұйымдар жасау өндірісі;

      жеңіл өнеркәсіп өндірісі (жалпы кәсіптері);

      қайыс-ер бұйымдары өндірісі;

      қыл-щетка өндірісі;

      тері илеу-экстрактілі өндірісі;

      үлбір өндірісі жұмыстарын қамтиды.

      2. БТБА-ны (45-шығарылым) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген.

      3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да (45-шығарылым) көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

2-тарау. Былғары аяқкиім өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

1-параграф. Аяқкиім жөндеу бойынша аяқкиім шебері, 2-разряд

      4. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары аяқкиімді шағын жөндеу: жиектерін, шеттерін табанына немесе нәлге, ұлтанның, конькиге арналған пластиналардың қалған бөліктерін бекіту және өзге де киізден жасалған аяқкиімді (жамау, табандау);

      резинадан жасалған аяқкиімді резинаға арналған немесе өзге де арнайы желімдерді пайдалана отырып тозған бөліктерін ауыстыру арқылы шағын жөндеу;

      аяқкиімнің дайындамаларын жіктері бойынша жекелеген бөлшектерге пішу және тігістерді аяқкиімнің жоғарғы бөлігін кеспей және бүлдірмей пішу арқылы күлшінін пышақпен кесу;

      бөлшектерді жіптердің қалдықтарынан тазалау;

      аяқкиімнің жоғарғы бөлігінің алынған бөліктерін кейіннен қолдануға жарамдыларын таңдай отырып сұрыптау.

      5. Білуге тиіс:

      аяқкиімді шағын жөндеу технологиясы;

      қолданылатын материалдардың қасиеттері мен сапасы;

      аяқкиім үстін қолдану тәсілдері.

2-параграф. Аяқкиім жөндеу бойынша аяқкиім шебері, 3-разряд

      6. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары аяқкиімнің, ерлер мен әйелдердің сәнді аяқкиімдерінен өзге, барлық түрлерін орташа жөндеу;

      аяқкиімнің табанын дайындау және жаңа ұлтан, өкше, табан салу;

      ескі өкшені супинаторын (қажет болған жағдайда) ауыстыру арқылы нығайту;

      ескі табанды бекіту;

      сыздығын тігу;

      өкшесін ұзарта отырып, табанын бекіту;

      табанның крокулді бөлігін нығайту немесе ауыстыру;

      профилактикалық ұлтанды бекіту;

      жаңа аяқкиімді қалыпқа керу;

      жазғы аяқкиімнің бауларын ұзарту немесе қысқарту;

      былғары аяқкиімнің үстіңгі бөлігін жөндеу (тігу):аяқкиімнің үстіңгі бөлігіне жамау салу немесе тігу, ішкі күлшін қою, астарын жөндеу, аяқкиімнің үстіңгі бөліктерінің жыртылған жерлерін тігу, "молния" сыдырмасын тігу;

      резина аяқкиімді жөндеу;

      киізден және фетрден жасалған аяқкиімге жаңа табан тігу;

      аяқкиімнің үстіңгі және төменгі бөліктерін кеспей және бүлдірмей бөлшектеу;

      дайын аяқкиім мен дайындаманың ақаулықтарын жою;

      өкшені металл жиектерден алып тастау, тозған ұлтанды, өкшені, табанды, астарды, өкшелікті станокпен немесе қолмен бөлшектерді бүлдіріп алмай алып тастау, дайындаманың керілген жиегін ұлтарақтан ажырату және ұлтарақты кесу;

      табанның бөлшектерін текс пен шегелерден тазалау және оны кейіннен пайдалану үшін сұрыптау.

      7. Білуге тиіс:

      бөлшектерді ажыратпай және бұзбай аяқкиімді бөлшектеудің тиімді тәсілдері;

      аяқкиімді жөндеу технологиясы;

      табанды бекіту әдістері, аяқкиім бөлшектерінің құрылысы, мақсаты;

      қолданылатын материалдардың сапасы мен қасиеттері, қалыптардың түрлері, фасоны мен өлшемдері;

      қолданыстағы жабдықтың құрылысы және онымен жұмыс істеу тәртіптері.

3-параграф. Аяқкиім жөндеу бойынша аяқкиім шебері, 4-разряд

      8. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары аяқкиімді толық тартпаған жағдайда жаңа жұлық тіге отырып, мынадай: аяқкиімнің тозған үстіңгі және төменгі бөліктерін алып тастау, аяқкиімнің үстіңгі бөлігіне жаңа жұлық тігу, тұмсық және переймалық бөліктерін керу, ұлтанды, өкшені бекіту, аяқкиімнің үстін және табанын өңдеу жұмыстар кешенін орындай отырып жөндеу;

      ерлер мен әйелдердің сәнді аяқкиімдерінің барлық түрлерін жұмыс кешенін орындай отырып орташа жөндеу:аяқкиімнің табанын дайындау, жаңа ұлтан салу, өкшесін ауыстыру, өкшені аяқкиімнің фасоны мен өлшеміне сәйкес келтіру, өкшені қаптау, өкше ляписін аяқкиімнің өкше бөлігіне сәйкестендіру, өкшені нығайту, нәл салу, аяқкиімді өңдеу;

      аяқкиімді жөндеуге дайындау (аяқкиімді жөндеу кезінде еңбек бөлінісі арқылы): табанның ұлтандық бөлігін алып тастау, оны бумасының бойымен кесу, табанның қалған бөлігінің қалыңдығын жұқарту, ескі төсемді алып тастау және оны жаңасымен ауыстыру;

      өкшені немесе нәлді алып тастау, аяқкиімінің табанын тегістеу, өңдеу және жаңа жарты ұлтарақ салу, аяқкиімнің үстін ішінара керу, сыздығын, жиегін ауыстыру немесе бекіту.

      9. Білуге тиіс:

      аяқкиімді жөндеу технологиясы;

      аяқкиімнің табанын бекіту тәсілдері;

      қолданылатын материалдардың сапасы мен қасиеттері;

      қалыптардың түрлері, фасоны мен өлшемдері;

      қолданылатын жабдықтың құрылысы және онымен жұмыс істеу тәртіптері.

4-параграф. Аяқкиім жөндеу бойынша аяқкиім шебері, 5-разряд

      10. Жұмыс сипаттамасы:

      бастарын (алдын) ауыстыра отырып және жұмыстардың толық кешенін орындай отырып етікті күрделі жөндеу: аяқкиімнің тозған үстіңгі және төменгі бөліктерін алып тастау, жаңа бөліктерді пішу, басын (алдын) етіктің қонышына тігу, ішкі тұмсығын, күлшіндері мен ұлтарақтарын қою және бекіту, етікті айналдыра керу, табаны мен өкшесін бекіту, аяқкиімнің үстіңгі және төменгі бөліктерін өңдеу;

      былғары аяқкиімді жұлығын тігіп және толық кере отырып, күрделі жөндеу;

      аяқкиімді оның күлшіндері мен табанын ауыстыра отырып, толық көру;

      фетр және киіз аяқкиімді жұмыстардың толық кешенін орындай отырып күрделі жөндеу: былғары жұлығы мен күлшінін тігу, былғары, жасанды былғарыдан, резинадан (ыстық вулканизация әдісінен өзге) және өзге де жасанды материалдардан жасалған ұлтанды бекіту, өкшені бекіту, үстіңгі және төменгі бөліктерін өңдеу және аяқкиімнің осы түрін жөндеуге байланысты өзге де жұмыстарды орындау.

      11. Білуге тиіс:

      аяқкиімді жөндеу технологиясы;

      аяқкиімнің табанын бекіту тәсілдері;

      қолданылатын материалдардың сапасы мен қасиеттері;

      қалыптардың түрлері, фасоны мен өлшемдері;

      қолданылатын жабдықтың құрылысы және пайдалану тәртіптері.

5-параграф.Аяқкиім қалыптарын жөндеуші, 2-разряд

      12. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиім қалыптарында бұрғылау станогының көмегімен саңылау бұрғылау және ақаулы тығындарды ауыстыру.

      13. Білуге тиіс:

      қалыптарда саңылау бұрғылау тәртіптері;

      қалыптардағы саңылаулардың орналасуы мен өлшемдері;

      бұрғылау станогының құрылысы мен пайдалану тәртіптері.

6-параграф. Аяқкиім қалыптарын жөндеуші, 3-разряд

      14. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиім қалыптарындағы және етікке арналған түзеткіштердегі ұсақ ақаулықтар мен кінәраттарды қажетті нысандар мен өлшемдерді сақтай отырып жою;

      жарылған және қопарылған жерлерін бітеу.

      15. Білуге тиіс:

      етік қалыптарының мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары;

      қалыптарды жасау және жөндеу үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері;

      қалыптың түрлері, фасоны, өлшемдері мен толықтығы және олардың белгіленуі.

7-параграф. Аяқкиім қалыптарын жөндеуші, 4-разряд

      16. Жұмыс сипаттамасы:

      қалыптардың тұмсық бөлігін қалпына келтіру және ұзарту;

      металл пластинасын, жіктерін, жоғарғы алаңы мен тығынын ауыстыру;

      қалыптың фасоны мен өлшемін сақтай отырып, оның сыдырмасын ауыстыру және жөндеу.

      17. Білуге тиіс:

      әртүрлі қимада қалыптардың нысаны мен бейіні;

      толықтықты және қалыптағы өлшемдерді белгілеу жүйесі;

      ағашты бұрғылау станогында өңдеу тәртіптері.

8-параграф. Аяқкиімді жоңғылаушы, 2-разряд

      18. Жұмыс сипаттамасы:

      өкшелікті, өкшенің жиектерін пышақпен жону, өкшеге (ляписке) ойық жасау;

      аяқкиім табанының артық жерлерін бүлдіріп алмай машинамен немесе арнайы жоңғылардың көмегімен қолмен алып тастау;

      бөлшектерге қажетті қалып беру.

      19. Білуге тиіс:

      аяқкиімдерді жоңғылау тәртіптері және тәсілдері;

      жоңғылауға түсетін бөлшектер мен аяқкиімнің жартылай дайын өнімдеріне қойылатын талаптар.

9-параграф. Аяқкиімді жоңғылаушы, 3-разряд

      20. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет көрсететін машинада аяқкиімге бекітілмеген нәлді, ұлтарақтарды, табанды жоңғылау, табанының өкше, өкшелік бөлігін кесу.

      21. Білуге тиіс:

      аяқкиімдердің бөлшектерін жоңғылау тәсілдері;

      қолданылатын жоңғылардың нөмірлері мен түрлері;

      аяқкиімді жоңғылауға қойылатын талаптар;

      қызмет көрсететін машинаның құрылысы мен жұмыс қағидаты.

10-параграф. Аяқкиімді жоңғылаушы, 4-разряд

      22. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет көрсететін машинада орташа және аласа өкшені жону;

      нәлі бар қалыпталған табанның өкше бөлігін, унты сыздықтарын, табанды жиектерін жасай отырып кесу;

      жону-сәнді аяқкиімнің крокуль және өкшелік бөліктеріндегі табанды түзету.

      23. Білуге тиіс:

      аяқкиімнің бөлшектерін жону тәртіптері;

      қолданылатын жонғышты ауыстыру тәсілдері;

      аяқкиімді жоңғылауға қойылатын талаптар;

      қызмет көрсететін машинаны пайдалану тәртіптері.

11-параграф. Аяқкиімді жоңғылаушы, 5-разряд

      24. Жұмыс сипаттамасы:

      табанды өн бойымен жоңғылау-түзету;

      жеңіл аяқкиім мен кебістердің табанын кесуді қызмет көрсететін машинамен жоңғылау;

      қызмет көрсететін машина жұмысын реттеу.

      25. Білуге тиіс:

      аяқкиімді жону тәртіптері;

      қызмет көрсететін машинаны реттеу әдістері.

12-параграф. Аяқкиімді жоңғылаушы, 6-разряд

      26. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиімдердің, жеңіл аяқкиімдер мен кебістерден өзге барлық түрлерінің резина табандары мен жасанды былғарыдан жасалған табандар кесіктерін қызмет көрсететін машинада жону;

      нәлі бар резина табандардың өкше бөліктерінің кесіктерін жону;

      машинаны реттеу және баптау.

      27. Білуге тиіс:

      аяқкиімдерді жону тәртіптері;

      дайын аяқкиімнің сапасына қойылатын талаптар;

      қызмет көрсететін машинаны реттеу және баптау тәртіптері.

12-параграф. Аяқкиімді жоңғылаушы, 7-разряд

      28. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиімдердің барлық түрлерінің былғары табандары кесіктерін, бекітудің сыздық жапсыру әдісімен жасалған тері төсемелі табан кесіктерін, өкшелі былғары төсемелер кесіктерін қызмет көрсететін машинада жону;

      машинаны реттеу және баптау.

      29. Білуге тиіс:

      аяқкиімді жону тәртіптері;

      дайын аяқкиімнің сапасына қойылатын талаптар;

      қызмет көрсететін машинаны реттеу және баптау тәртіптері.

14-параграф. Аяқкиімді керуші, 1-разряд

      30. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиімді сандал дайындамасын қалыпқа орнату және орналасуын түзету арқылы керу;

      күлшіннің талап етілетін биіктігі мен тұмсық бөлігінің ұзындығын қамтамасыз ете отырып, өкше және тұмсық бөлігіндегі үстінің керілген жиегін төсенішке немесе ұлтанға жабыстыру.

      31. Білуге тиіс:

      аяқкиімді керу тәсілдері;

      аяқ-киім дайындамасын қалыпқа орналастыру тәртіптері.

15-параграф. Аяқкиімді керуші, 2-разряд

      32. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиімді машинамен немесе қолмен дайындаманың өкшелік бөлігін қалыпқа орнату арқылы керу: дайындаманың жиегін ұлтарағымен бірге қалыптың өкшелік бөлігіне керіп кигізу;

      дайындаманың сыртқы артқы қайысының (жігінің) қалыптың домалақтанған тұмсық бөлігінің ортасында орналасуы;

      дайындаманы ұлтараққа бекіту;

      астарды керу;

      ұлтарақты салу, ылғалдандыру, оны машинаға салу;

      лекалды салу;

      ұлтарақты лекалға бекіту, орнына орналастыру және машинадан алу;

      дайындама астарының қажетті керілуін қамтамасыз ету;

      аяқ-киім дайындамасы бөлшектерінің, керілген жиек енінің, текстердің, қапсырмалар мен шегелердің арасында белгіленген қашықтықтың қалыпта орналасуы.

      33. Білуге тиіс:

      аяқкиімді керу тәртіптері;

      дайындамалар мен қалыптың түрлері, фасоны мен өлшемдері;

      аяқ-киім дайындамалары жасалған материалдардың түрлері мен қасиеттері;

      қызмет көрсететін машинаның мақсаты мен жұмыс қағидаты.

16-параграф. Аяқкиімді керуші, 3-разряд

      34. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиімді кебістердің, гимнастикалық және үй туфлилерінің дайындамаларын, аяқкиімге арналған ұлтандарды бекітудің жиектік әдісімен қалыпқа керу арқылы қызмет көрсететін машинамен немесе қолмен керу;

      аяқкиімдердің барлық түрлерінің дайындамаларын алдын ала керу;

      дайындаманың тұмсық бөлігін үстел үстіне қоятын қысқыштармен ұзына бойлық бағытта тарту, оны машинаның қысқышымен тарту;

      дайындаманы қалыпта дұрыс орналастыру, тұмсық-бума бөлігінің керілген жиегін ұлтараққа бекіту;

      үстіңгі материал мен дайындама астарының қажетті керілуін, әрбір жарты жұпта дайындама бөлшектерінің қалыпта симметриялы және әрбір жұпта бірдей орналасуын қамтамасыз ету.

      35. Білуге тиіс:

      аяқкиімді керу тәртіптері;

      дайындамалар жасалған материалдардың түрлері мен қасиеттері;

      аяқкиімді керу кезінде технологиялық операцияларды орындаудың нормативтері;

      қызмет көрсететін машинаның құрылысы және пайдалану тәртіптері.

17-параграф. Аяқкиімді керуші, 4-разряд

      36. Жұмыс сипаттамасы:

      тұғыры (ішпегі) және өкшесінің аяқкиімнің табанына бекітудің тігу-жапсыру әдісімен тартуды, аяқкиім дайындамаларын, кебістерді, гимнастикалық және үй туфлилерін айналдыру үшін, сандалдарды қапсырма шегелермен, аяқкиімдердің сәндік және ортопедиялық түрлерінен өзге, барлық түрлерінің тұмсықтарын машинамен немесе қолмен, қатты былғарыны қолмен тұмсықты керу, аяқкиім дайындамасын айналдырып немесе тұмсық-бума бөлігін баумен тарту, баудың ұштарын бекіту және керілген жиектерді жымдастыру;

      қол қысқышпен тартпаның жиегін, материалдарды жыртпай және бөлшектерді бекітетін тігістерін бүлдірмей тарту, тартпаның жиектерін тұғырға (ішпекке) бүгу, тартпаның жиектерін текспен бекіту;

      дайындаманың тұмсық және бума бөліктерін тарту:

      қол қысқышпен тұмсық, бума және өкше бөлігінің үстін және астарын тарту;

      дайындаманың қалыпта орналасуын реттеу, оның артқы жікте (қайыстағы), бума мен бүйірде ұлтараққа бекіту.

      37. Білуге тиіс:

      аяқ-киімді керу тәртіптері;

      қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері;

      аяқ-киімді керу кезінде технологиялық операцияларды орындаудың нормативтері;

      дайындамалар мен қалыптардың түрлері, фасоны, өлшемдері;

      қызмет көрсететін машинаны пайдалану және реттеу тәртіптері.

18-параграф. Аяқкиімді керуші, 5-разряд

      38. Жұмыс сипаттамасы:

      күнделікті аяқкиімнің, кебістердің, спорттық және үй туфлилерінің тұмсық-бума бөліктерін қызмет көрсететін машинамен керу;

      қол қысқышпен өкше, бума және бүйір бөлігі дайындамасының үстін және астарын тарту, дайындаманың қалыпта орналасуын реттеу, оның артқы жікте (қайыстағы), бума мен бүйірде ұлтараққа бекіту;

      күнделікті, сәндік және ортопедиялық аяқкиімнің өкшесін, бүйірлерін термопластикалық желімді автоматты түрде жіберетін машинада керу;

      артқы сыртқы қайысты алдын ала орнатып, кебістерден, гимнастикалық және үй тифлилерінен өзге аяқкиімдердің барлық түрлерінің дайындамасын керу;

      үстіңгі материал мен дайындама астарының қажетті керілуін, әрбір жарты жұпта дайындама бөлшектерінің қалыпта симметриялы және әрбір жұпта бірдей орналасуын қамтамасыз ету;

      қолданылатын жабдықты баптау.

      39. Білуге тиіс:

      аяқкиімді керу тәртіптері;

      дайындамалар жасалған материалдардың түрлері мен қасиеттері;

      дайындамалар мен қалыптардың түрлері, фасоны, өлшемдері;

      аяқкиімді керу кезінде технологиялық операцияларды орындаудың нормативтері;

      қызмет көрсететін машинаны баптау тәртіптері.

      40. Жұмыс үлгілері:

      юфтік аяқкиімінің өкше және өкшелік бөлігін керу.

19-параграф. Аяқкиімді керуші, 6-разряд

      41. Жұмыс сипаттамасы:

      кебістерден, гимнастикалық және үй туфлилерінен өзге, аяқкиімдердің барлық түрлерінің дайындамаларын алдын, тұмсық-бума бөлігін қызмет көрсететін машинада немесе қолмен айналдыра керу;

      аяқкиімдердің барлық түрлерінің дайындамаларын алдын ала орнатпай, қалыпта керу;

      дайындаманы қалыпқа түпкілікті орнату және керілген жиегін ұлтараққа бекіту;

      қолданылатын жабдықты баптау және реттеу.

      42. Білуге тиіс:

      аяқкиімді керу тәртіптері;

      дайындамалар жасалатын материалдардың түрлері мен қасиеттері;

      дайындамалар мен төсеніштердің түрлері, стильдері мен өлшемдері;

      дайындамалар, аяқкиімді керу кезінде технологиялық операцияларды орындаудың нормативтері;

      қызмет көрсететін машинаның ұсақ ақаулықтарын жою тәсілдері.

      43. Жұмыс үлгілері:

      сәндік аяқкиімінің өкше және өкшелік бөлігін бір мезгілде керу.

20-параграф. Аяқкиімді қалыптан алушы, 1-разряд

      44. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиімді өңдеу қалыптарынан, керу пластиналарынан зақымдамай және майыстырмай алу;

      босаған қалыптарды фасоны мен өлшемдері бойынша сөрелерге, конвейерлерге немесе арбаға салу.

      45. Білуге тиіс:

      аяқкиімді өңдеу қалыптарынан алу тәртіптері;

      аяқкиімнің үсті мен табаны материалдарының қасиеттері;

      қалыптардың өлшемдері мен фасоны.

21-параграф. Аяқкиімді қалыптан алушы, 2-разряд

      46. Жұмыс сипаттамасы:

      етік, бәтеңке және қонышы қысқа бәтеңкеден өзгеаяқкиімдердің барлық түрлерін түзеткіштері мен керу қалыптарынан етікті зақымдамай және майыстырмай алу;

      босаған қалыптарды фасоны мен өлшемдері бойынша сөрелерге, конвейерлерге немесе арбаға салу.

      47. Білуге тиіс:

      етік, бәтеңке және қонышы қысқа бәтеңкеден өзге барлық етіктерді түзеткіштерден және аяқкиімді керу қалыптарынан алу тәртіптері;

      аяқкиімнің үсті мен табаны материалдарының қасиеттері;

      қалыптардың өлшемдері мен фасоны.

22-параграф. Аяқкиімді қалыптан алушы, 3-разряд

      48. Жұмыс сипаттамасы:

      етік, бәтеңке және қонышы қысқа бәтеңкені керу қалыптарынан зақымдамай және майыстырмай алу;

      босаған қалыптарды фасоны мен өлшемдері бойынша сөрелерге, конвейерлерге немесе арбаға салу.

      49. Білуге тиіс:

      етік, бәтеңке және қонышы қысқа бәтеңкені керу қалыптарынан алу тәртіптері;

      аяқкиімнің үсті мен табаны материалдарының қасиеттері;

      қалыптардың өлшемдері мен фасоны.

23-параграф. Аяқкиімді құрастырушы, 1-разряд

      50. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиімді қызмет көрсететін машинада немесе қолмен құрастыру бойынша дайындау операцияларын жүргізу;

      аяқкиімнің ішіне ішпекті арнайы құрылғымен немесе ойғыштың көмегімен қолмен орнату, енгізу және алу;

      ішпектің шетін ұлтараққа тығыздап қысу;

      пластмасса өкшелерді, ішпектен жасалған өкшелерді және вулканизацияланбаған резинадан жасалған қаптаманы құрастыру;

      ағаш өкшенің тесіктерін бұрғылау.

      51. Білуге тиіс:

      аяқкиімді құрастыру бойынша дайындау операцияларды орындау тәртіптері;

      аяқкиімнің, бөлшектер мен қалыптардың түрлері, фасондары мен өлшемдері;

      қызмет көрсететін машинада жұмыс істеу тәсілдері.

      52. Жұмыс үлгілері:

      бөлшектерді салу:

      1) табанның өкше бөлігіне, өкшеге нәл;

      2) табанға ұлтанды;

      бекіту:

      1) резина өкше (сыртынан қосымша бекіту);

      2) сыздықтың ұштарын ұлтараққа;

      3) қалыпқа көтергіш қайыстарды;

      4) тоқыма қаптаманы ұлтарақтың ерніне;

      желім қабатты қыздыру:

      1) керілген жиек;

      2) өкше;

      3) табан.

24-параграф. Аяқкиімді құрастырушы, 2-разряд

      53. Жұмыс сипаттамасы:

      дайындама бөлшектерін әртүрлі типті және әртүрлі сыныпты тігін жабдығында жіппен тігу арқылы біріктіре отырыпнемесе шегелерді, винттарды, шпилькаларды, жіпті, желімді қолданып қолмен аяқкиімнің үстін құрастыру бойынша қарапайым операцияларды орындау;

      бөлшектің шетінен тартылған жіппен технология талаптарына сәйкес тік сызықты үзілусіз және тартпасыз, бөлшектердің шетінен қаюлары мен араларының жиілігін, салынатын немесе бекітілетін бөлшектердің не олардың шеттері арасында тегіс қашықтықты, олардың симметриялық орналасуын қамтамасыз ету, технологияның талаптарына сәйкес олардың арасында және табан мен ұлтарақ шетінен белгіленген қашықтықты сақтау;

      ұлтарақты қолмен жапсыра тігу, сәндік аяқкиімнің өкшелік бөлігін тігу;

      қатардағы аяқкиімнің ағаш және капрон өкшелерін былғарымен, жасанды былғарымен, тоқымамен және өзге материалдармен қаптау;

      аяқкиім астының бөлшектерін құрастыру:

      табан етегі бар ұлтанды, табаны бар шолақ ұлтан, ұлтарағы бар өкше астылық, күлшіннің қатты және жұмсақ қабаты, ұлтарақ пен жарты ұлтарақтың былғары және картон қабаттары, фликтен жасалған былғары өкшелер, футбол тікенектері, тұғырлар (ішпектер) және аяқкиім астының өзге бөлшектері;

      бөлшек контурын немесе олардың шеттері арасындағы белгіленген қашықтықты біріктіруін қамтамасыз ету, қағу, желімдеу немесе жылжытпай және қиғаштамай нығыздау арқылы бөлшектерді жалғау;

      машинаны реттеу.

      54. Білуге тиіс:

      аяқкиімнің үстін, астын құрастыру бойынша қарапайым операцияларды орындау тәртіптері;

      аяқкиімнің астын бекіту әдістері;

      дайындамаларды жасау үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері;

      бөлшектерді жалғау үшін материалдар мен фурнитуралардың түрлері;

      аяқкиім асты бөлшектерінің өлшемдері мен фасондары;

      қолданылатын ине мен жіптердің нөмірлері, аяқкиімді құрастыру бойынша технологиялық операцияларды орындаудың нормативтері;

      қызмет көрсететін жабдықтың пайдалану және реттеу тәртіптері;

      нығыздаудың технологиялық режимі.

      55. Жұмыс үлгілері:

      ызбамен, былғары жолақтары немесе жасанды былғары жолақтарымен тігу:

      1) бөлмеде және үйде киетін аяқкиім дайындамалары;

      2) ұлтарақтың жиегі;

      3) тұғыр (ішпектер);

      4) астар;

      5) тілі;

      белгілеу:

      1) дайындама бөлшектерінің жиектері;

      2) дайындамалардағы ілмектер;

      жапсырып тігу:

      1) жиектерін жұлыққа;

      2) сандал, шөлке, спорт және үй туфлилерінің күлшіндерін дайындамаға;

      3) қатардағы аяқкиім қоныштарының артқы жіктері бойынша бекіту;

      4) етіктің үстін айналдыру үшін жоғарғы сыздығы бойынша астарға;

      5) қатты күлшіндер мен тұмсықтарға арналған қалташықтарды дайындамаларға;

      6) қалташықтарды етіктің астарына;

      7) клапандарды жұлыққа;

      8) үлбірді қонышқа;

      9) блок асты заттарын астарға;

      10) астарды (төменгі) етіктің ұлтарағы мен қонышына;

      11) айылбасты дайындамаға;

      12) резинаны қонышқа, жұлықтарға;

      13) ішкі қайыстарды астарға;

      14) ішкі қайыстарды (төменгі бөлігі) қалталарға;

      15) қайыстарды барлық түрлі дайындамаларға алған тігу, алдын ала жабыстыру, сондай-ақ екінші және кейінгі тігістер арқылы;

      16) көтеру қайыстарын дайындамаларға;

      17) ұлтарақтарды дайындаманың қалталарына;

      18) құлақтарын етіктің астарына;

      19) белдік ұстағыш пен құлақты етіктің үстіне;

      20) штаферканы астарға;

      21) тілдерін дайындамаларға;

      жеке тігу:

      1) ызба сала отырып тоқымадан жасалған үстіңгі бөлшек;

      2) белдікке арналған таспа;

      3) астардың тач тігістері;

      бірге тігу:

      1) күлшіндер;

      2) қоныштың төменгі алдыңғы жиектері;

      3) айылбастары бар ілмектер;

      4) гранитол және мофорин тұмсықтар;

      5) тоқыма астар;

      6) алмалы-салмалы ұлтарақ;

      тігіс:

      1) белгілер бойынша күрделі емес контурлы жолақ;

      2) белгілер бойынша күрделі емес контурлы күлшіндер мен өзге де бөлшектер;

      3) қонышты бекіту;

      4) етіктің, қонышы қысқа етіктің клапанды сыздығы, спорт және үй туфлиінің сыздығы;

      5) имитациялық ұйық;

      6) қуыршақтардың аяқкиімі;

      7) астары;

      8) ұлтарақ (тұғыр) өлшемінің өн бойына бір тігіспен және ортасына фигуралық тігіспен тартылған сызық;

      9) жылытылған ұлтарақ;

      10) трафареттер;

      11) аяқкиім жылытқышы;

      12) қаптамасы;

      13) үлкен жұлықтарды екінші сызықпен тігілген көлденең тігістері;

      салу және алдын ала бекіту:

      1) табанның өкше бөлігіне сыналы түрлі өкшелер;

      2) аяқкиімнің табанына тұғырлар (ішпектер);

      3) аяқкиімнің табанына немесе қалыпқа, доппель, доппель-желімді және сандалды бекіту әдістерінен өзге табан және табан етегі;

      бекіту:

      1) өкшеліктер, супинаторлар, төсемелер, металл пластиналар, өкшеге арналған таяныштар;

      2) ұлтараққа арналған жасанды ерін;

      3) рант ұлтарағы мен ұлтарақтың ерніне дайындаманың созылған жиегі;

      4) өкшенің нәлі;

      5) нығыздауыштағы нәл және нығыздау;

      6) желімдегі аяқкиім табанының тұмсық бөлігі;

      7) қалыптардың ұлтарақтары;

      қаптама:

      1) қатардағы аяқкиімнің ағаш және капрон өкшелері;

      2) ұлтарақтар.

25-параграф. Аяқкиімді құрастырушы, 3-разряд

      56. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиімнің үстін дайындама бөлшектерін әртүрлі сыныпты және типті тігін жабдығында жіппен тігу арқылы құрастыру бойынша күрделілігі орташа операцияларды және аяқкиімді қызмет көрсетілетін машинада немесе қолмен құрастыру бойынша операцияларды орындау;

      өлшеу, қиыстырып келтіру, бөлектерді бекіту;

      құю және ыстық вулканизация әдісімен аяқкиім табанының бөлектерін жасау;

      құю және вулканизация технолгиялық режимдерін бақылау, нығыздауыш-қалыптар мен қалыптар өлшемдерінің бөлектердің көлеміне сәйкес келуін қамтамасыз ету;

      байқап құю жүргізу;

      дайын өнімдерді нығыздауыш-қалыптардан түсіру;

      сәнді аяқкиімнің ағаш және капрон өкшелерін былғарымен, жасанды терімен, матамен және өзге материалдармен қаптау;

      металл тиектері мен металл пластиналары бар ұлтанды құрастыру;

      аяқкиімнің мақсаты мен өлшеміне байланысты металл тиектерді таңдау, оларды ұлтанға бекіту;

      металл пластиналарды ұлтанға бекіту;

      қалыпты баулардан жасалған аяқкиімдерге арналған ұлтарағы бар дайындамалардың бауларын құрастыру және бекіту;

      рантты табанның өн бойына, ал декоративтік рантты алдын ала өңделген табанға шегенің, түйреуіштердің, жіптің көмегімен машинада немесе қолмен бекіту;

      машина жұмысындағы шағын ақаулықтарды жою.

      57. Білуге тиіс:

      аяқкиімнің үстін құрастыру бойынша күрделілігі орташа операцияларды орындау әдістері мен жолдары;

      аяқкиімнің табанын құрастыру тәртіптері мен әдістері, құю және вулканизация технологиясы;

      нығыздауыш-қалыптар мен қалыптардың өлшемдері;

      құрастыруға келетін бөлектердің өлшемдері мен мақсаты;

      шығарылатын өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары;

      жабдықтарды пайдалану және реттеу тәртіптері;

      жабдықтардың тораптары мен тетіктерінің ұсақ ақаулықтарын жою тәсілдері.

      58. Жұмыс үлгілері:

      1) аяқкиім үстінің бөлшектерін ызбамен немесе былғары, жасанды былғары жолақтармен тігу;

      2) дайындамалардың тач тігістері мен аяқкиімнің, тоқымадан тоқылғаннан өзге барлық түрлерінің мойындысын пішу;

      3) жартылай жұлықтардың құрамдас бөліктерін көлденең тігіспен, бірінші тігіспен алдын ала жапсырмасыз тігу;

      4) жігі бар, сәндік жапсырмалары, бизиктері бар аяқкиімнің барлық түрлерінің, жігі, сәндік жапсырмалары, бизиктері жоқ етік қоныштарының дайындамалары бөлшектерінің жиектерін қайып тігу;

      жапсырып тігу:

      1) көлемді жұлықтың мокасин жапсырмасы;

      2) аяқкиімдердің барлық түрлерінің дайындамаларына алдын ала жапсырылған, сондай-ақ екінші және кейінгі тігістері бар гарнитуралар мен әшекейлер;

      3) үй туфлиінің бүйір тігістерін бір уақытта сөге отырып, дайындамаға айналдыра салынған күлшіндер;

      4) күлшіндерді аяқкиімнің барлық түрлерінің дайындамаларына алдын ала жапсыра отырып бірінші тігіспен, сондай-ақ екінші және кейінгі тігістермен;

      5) үлгі аяқкиім қонышының артқы тігісі бойынша біржақты бекіту;

      6) етіктің тобығы мен қонышына сыдырма салу;

      7) қонышы қысқа етіктерге бітеу клапандарды;

      8) тұмсықты аяқкиімдердің барлық түрлерінің дайындамаларына алдын ала жапсыра отырып бірінші тігіспен, сондай-ақ екінші және кейінгі тігістермен;

      9) аяқкиімдердің барлық түрлерінің дайындамаларына өңдеу;

      10) артқы бау етік астарының ішкі және төменгі бөлігін жасырын тігіспен қонышқа;

      11) артқы және алдыңғы сыртқы бауларды барлық түрлі дайындамаларға екінші және кейінгі тігістермен;

      12) жұлықтарды аяқкиімдердің барлық түрлерінің дайындамаларына алдын ала жапсыра отырып бірінші тігіспен, сондай-ақ екінші және кейінгі тігістермен;

      13) кебістердің жұлықтарын, спорт және үй туфлилерінің жұлықтарын қонышқа;

      тігу:

      1) күрделі контурлардың гарнитурасы;

      2) бәтеңке, қонышы қысқа бәтеңке, туфли, сандал, сандалет, жалаңаяқ киетін аяқкиім жиектерін былғарыдан жасалған астарын кеспей тігу;

      3) тұмсығын бір уақыттағы перфорациямен көп қатарлы тігіспен ігу;

      4) күрделі контурларды өңдеу;

      5) жасырын тігісі бар ішкі артқы белдік;

      6) күрделі контурлы әшекейлер;

      вулканизация:

      1) жиек, қаптал;

      2) нәл;

      құю:

      1) өкше;

      2) нәл;

      қаптау:

      сәнді аяқкиімнің ағаш және капрон өкшелері:

      мыналардыбекіту:

      1) төсемені дайындамаға;

      2) алдын ала жапсырып, өкшені шегемен;

      3) табанның крокуль бөлігін өкшенің алдына;

      4) нәлді аяқкиімнің өкше тұсына желіммен нығыздауышқа;

      5) металл пластинаны тиекті ұлтанға;

      6) ұлтанды, сына тәрізді өкшенің табанын замокқа;

      7) астарды қатты тұмсықты ұлтараққа;

      8) табанның өкше бөлігін дайындамаға;

      9) тікендерді футбол бәтеңкесінің табанына;

      10) қонышты аяқкиімнің тұмсық және өкшелік бөлігінде монолит резинадан жасалған қалыпты табан;

      бөлшектердісалу:

      1) төсемені, табанды доппель, доппельді-желімді және сандалды бекіту әдістерімен бекітілген аяқкиімнің ізіне;

      2) желім жағылған өкшені табанды өкшеге қиыстырмай-ақ аяқкиімнің өкше бөлігіне.

26-параграф. Аяқкиімді құрастырушы, 4-разряд

      59. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиімнің үстін дайындама бөлшектерін әртүрлі сыныпты және типті тігін жабдығында жіппен тігу арқылы құрастыру бойынша күрделі операцияларды және аяқкиімді қызмет көрсетілетін машинада немесе қолмен құрастыру бойынша күрделі операцияларды орындау;

      бір бөлшектердің екінші бөлшектерге қатысты материалдарын бүлдірмей, дұрыс орналасуын қамтамасыз ету;

      құю және ыстық вулканизацияға арналған жабдықтарды дайындау, қызмет көрсету және реттеу;

      нығыздауыш-қалыптар мен қалыптардың өлшемдерінің аяқкиім өлшеміне сәйкес келуін қамтамасыз ету;

      машинаны реттеу және баптау.

      60. Білуге тиіс:

      аяқкиімнің үстін құрастыру бойынша күрделі операцияларды орындау әдістері мен жолдары;

      жартылай дайын өнімдер мен қолданылатын қосалқы материалдардың сапасына қойылатын талаптар;

      вулканизациялық массаны балқыту температурасы;

      қалыптар мен нығыздауыш-қалыптардың өлшемдері;

      аяқкиімассортименті;

      қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, оны пайдалану және реттеу тәртіптері.

      61. Жұмыс үлгілері:

      қосып тігу:

      1) гарнитураны аяқкиімдердің барлық түрлерінің дайындамаларына алдын ала жапсыра отырып бірінші тігіспен тігу;

      2) күлшінді аяқкиімдердің барлық түрлерінің дайындамаларына алдын ала жапсыра отырып бірінші тігіспен тігу;

      3) тұмсығын аяқкиімдердің барлық түрлерінің дайындамаларына алдын ала жапсырусыз бірінші тігіспен тігу;

      4) тұғыр (ішпек) мен өкшені тігілген-желімделген аяқкиімнің дайындамасына қаптау;

      5) табанды айналдырылған аяқкиімнің дайындамаларына;

      6) сыздықты дайындамаға;

      7) сыздықты керілген жиекке көлемді дайындаманың өн бойына тігу;

      8) артқы және алдыңғы сыртқы бауларды аяқкиімдердің барлық түрлерінің дайындамаларына алдын ала жапсырусыз бірінші тігіспен тігу;

      9) жалаңаяқ киетін аяқкиімнің, туфлидің, сандалдың жұлығын бауын тіге отырып, бірінші және кейінгі тігістермен тігу;

      10) ұлтарақты керілген жиек өлшемінің өн бойымен дайындамаларға немесе дайындаманың тұмсық және өкше бөліктеріне тігу;

      11) әшекейлерді аяқкиімдердің барлық түрлерінің дайындамаларына алдын ала жапсырусыз бірінші тігіспен тігу;

      тігу:

      1) сәнді аяқкиімнің, туфли мен күрделі контурлы қонышы қысқа бәтеңкенің қонышын жоғарғы жиегі бойынша және айналдырылған астарын тігу;

      2) етік пен қонышы қысқа етіктердің қатты күлшіндерін екінші және кейінгі тігістермен тігу;

      3) бәтеңке, қонышы қысқа бәтеңке, туфли, сандал, сандалет, жалаңаяқ киетін аяқкиім жиектерін былғарыдан жасалған астарын кеспей тігу;

      4) күрделі емес контурлы дайындамалардың бөлшектеріндегі сәнді сызықтарын алдын ала белгілемей, күрделі контурлы дайындамалардың бөлшектеріне және шығыңқы бедерлерге белгілер бойынша тігу;

      5) бәтеңке, қонышы қысқа бәтеңке, туфли, қонышы қысқа етіктердің жұлықтарын және етіктердің алдын екінші және кейінгі тігістермен тігу;

      6) машинада және қолмен мокасин тігіс;

      7) аяқкиімнің мата дайындамаларын жиектеу таспасымен тігу;

      құю:

      1) ұлтарақ;

      2) әшекейлі өкше ретінде жасалған өкше;

      3) бір түсті бөлшектерді мәнерлеу үшін силикон матрицалар;

      4) тұтас қалыпты аяқкиім (табаны мен өкшесін бекіту);

      бекіту:

      1) өкшені аяқкиімнің өкше бөлігіне нығыздауышты желіммен;

      2) өкшені аяқкиімнің өкшелік бөлігіне алдын ала бұрандамен немесе шегемен бекітпей-ақ;

      3) табанды өкшеге қиыстырып келтіре отырып, аяқкиімнің өкше бөлігіне өкшені;

      4) дайындамаға бүйірлі резеңке соғу;

      5) табанды аяқкиімнің сыртқы дайындамасына;

      6) борттық бекіту әдісінің аяқ киіміндегі былғары баумен дайындамаға табандар;

      7) табанды қолмен өңдей отырып, қолдан жасалған сәнді аяқкиімнің ізіне (салу) (қайып тігу, жұмсарту, крокуль бөлігін бекіту, крокульді кесу);

      8) табан, өкше және артқы сыртқы қайыс - ыстық вулканизация әдісі;

      9) қонышты аяқкиімнің тұмсық бөлігіндегі былғары табан.

27-параграф. Аяқкиімді құрастырушы, 5-разряд

      62. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиімнің үстін құрастыру бойынша аса күрделі операцияларды орындау;

      дайындамаларды еңбек бөлінісінсіз, дайындамаларды әртүрлі сыныпты және типті тігін жабдықтарында жіппен тігу әдісі арқылы құрастыру;

      аяқкиімді құрастыру бойынша күрделі операцияларды қызмет көрсетілетін машинада немесе қолмен орындау;

      салынатын және бекітілетін бөлшектердің контурларының үйлесуін немесе олардың арасындағы және табанның жиегінен өкшеге дейінгі қашықтықтың тең болуын қамтамасыз ету;

      жеке тапсырыспен жасалатын аяқкиімге арналған ағаш өкшені жасау, өкшеге қажетті қалып пен көлем беру;

      машина мен жабдықтарды реттеу және баптау.

      63. Білуге тиіс:

      аяқкиім дайындамасының үстін еңбек бөлінісінсіз жасаудың технологиялық процесі;

      кейіннен өңдемей, дайындамалардың бөлшектерін құрастырудың әдістері мен тәсілдері;

      жеке тапсырыспен жасалатын аяқкиімге арналған ағаш өкшені жасау тәсілдері;

      аяқкиімнің дайындамаларын жасау үшін пайдаланатын материалдардың мемлекеттік стандарттары мен техникалық талаптар;

      өкшелердің қалыбына қойылатын техникалық талаптар;

      ағаш түрлері, олардың қасиеттері мен кемшіліктері;

      аяқкиімді құю әдісімен құрастырған кезде компоненттердің мөлшер рецептурасы;

      аяқкиімді құрастырудың аса күрделі технологиялық операцияларын орындаудың нормативтері;

      қызмет көрсетілетін машиналар мен жабдықтардың құрылысы, оларды пайдалану, реттеу және жөндеу тәртіптері.

      64. Жұмыс үлгілері:

      қосып тігу:

      1) етіктер мен қонышы қысқа етіктердің қатты күлшіндерін бірінші тігіспен тігу;

      2) алдын ала көтермесін жабыстырмай, етіктің алдын бірін және екінші тігіспен тігу;

      3) алдын ала көтермесін жабыстырып, қонышты етіктің алдын бірінші тігіспен тігу;

      4) жұлықты қонышқа және қонышты бәтеңкенің, жабық туфли мен қонышы қысқа етіктің, сәнді аяқкиімнің жұлығына, күрделі контурлы жұлық бөлшектерін алдын ала жапсырусыз бірінші тігіспен тігу;

      дайындамаларды еңбек бөлінісінсіз құрастыру:

      1) сәндік аяқкиім;

      2) ортопедиялық аяқкиім;

      тігу:

      дайындама бөлшектеріне үш және төрт инелі машинамен сәнді сызықтарды:

      құю:

      1) көп түсті бөлшектерге өрнек салуға арналған силикон матрицалар;

      2) аяқкиімнің үстіңгі бөлігінің дайындамасына табан мен өкшені құю;

      бекіту:

      1) дайындаманы табанға өріп бекіту;

      2) сыналы былғары өкше (тау шаңғысына арналған аяқкиім);

      3) табанды аяқкиімнің астына нығыздауышта желіммен бекіту;

      4) рантты ұлтараққа қапсырма шегемен бекіту (рантты-тігілген, рантты-қапсырма шегемен бекітілген аяқкиім);

      5) қонышты аяқкиімнің байламдық немесе өкшелік бөліктеріне былғары табанды бекіту;

      6) табан, өкше-жиегін қыса отырып, тігісті-нығыздауышты вулканизациялау әдісі.

28-параграф. Аяқкиімді құрастырушы, 6-разряд

      65. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиімді қызмет көрсететін машинамен немесе қолмен құрастыру бойынша күрделі операцияларды орындау;

      бекіту: табанды дайындамаларға және ұлтараққа, шолақ ұлтанды табанға бізөкше, бұранда және шегелі бекіту әдісі;

      нығыздауышта аяқкиімнің табанына рантаның бүкіл периметрі бойынша желіммен жапсырылған табан;

      табанға сәнді шегелермен жұлықтарды бекіту;

      машина мен жабдықты реттеу, жөндеу.

      66. Білуге тиіс:

      аяқкиімді құрастыру тәсілдері мен әдістері, оның технологиялық нормативтері;

      қызмет көрсететін машина мен жабдықтың құрылысы, пайдалану, реттеу және жөндеу тәртіптері.

29-параграф. Аяқкиімді құрастырушы, 7-разряд

      67. Жұмыс сипаттамасы:

      рантты, доппельді, тігісті және сандалды бекіту әдісімен тартылған аяқкиімге табанды, табан етегін және табанның бірінші қабатын қосып тігу жолымен аяқкиімді құрастыру бойынша аса күрделі операцияларды орындау;

      қызмет көрсететін машинада рант ұлтарағының ерніне рантты жапсыра тігу;

      тегіс тігісті және тігістің белгіленген жиілігін қамтамасыз ету;

      машинаны реттеу және жөндеу.

      68. Білуге тиіс:

      аяқкиімді құрастыру тәсілдері мен әдістері;

      аяқкиімді құрастыру бойынша операцияларды жасаудың технологиялық режимдері мен нормативтері;

      қызмет көрсететін машинаның құрылысы, реттеу, жөндеу және ұсақ ақаулықтарды жою тәртіптері.

30-параграф. Былғары материалдарды жаншушы, 2-разряд

      69. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары материалдары мен былғарыдан жасалған бөлшектерді тығыздау мақсатында жаншымада жаншу;

      былғары материалдың қалыңдығына байланысты қызмет көрсететін машина біліктерінің арасындағы қашықтықты реттеу.

      70. Білуге тиіс:

      жаншып қақтауға түсетін былғары материалдарының қасиеттері;

      қызмет көрсететін машинаны реттеу тәртіптері.

31-параграф. Жеке аяқкиімдерді тігу жөніндегі аяқкиім шебері,4-разряд

      71. Жұмыс сипаттамасы:

      үлгі-модельдер, жеке тапсырыстар бойынша әртүрлі материалдардан табанды бекітудің барлық түрлері мен әдістерін қолданып, етік, қысқа қонышты етік, бәтеңке, қысқа қонышты бәтеңке, туфли, сандал, спорт, үй аяқкиімі, кебіс және өзге де күнделікті аяқкиім жасау.

      72. Білуге тиіс:

      спорт, үй аяқкиімін тігудің технологиялық процесі;

      спорт, үй аяқкиімі және өзге де күнделікті аяқкиім жасаудың сапасына қойылатын талаптар;

      аяқкиімдерді жасау кезінде қолданылатын материалдардың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары.

32-параграф. Жеке аяқкиімдерді тігу жөніндегі аяқкиім шебері, 5-разряд

      73. Жұмыс сипаттамасы:

      үлгі-модельдер, жеке тапсырыстар және тапсырыс берушінің эскизі бойынша әртүрлі материалдардан табанды бекітудің барлық түрлері мен әдістерін қолданып, етік, қысқа қонышты етік, бәтеңке, қысқа қонышты бәтеңке, туфли, сандал және өзге сәнді аяқкиімді жасау.

      74. Білуге тиіс:

      сәнді аяқкиім тігудің технологиялық процесі;

      сәнді аяқкиім жасаудың сапасына қойылатын талаптар;

      сәнді аяқкиімдерді жасау кезінде қолданылатын материалдардың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары.

33-параграф. Жеке аяқкиімдерді тігу жөніндегі аяқкиім шебері, 6-разряд

      75. Жұмыс сипаттамасы:

      әртүрлі және бекіту әдістері әртүрлі дайындамалар мен аяқкиімдердің тәжірибелік үлгілерін суретшілердің эскиздері және жеке тапсырыстар бойынша жасау;

      суретші-модельер және инженер-технологтың басшылығымен дайындамалардың үлгілерін құрылымдық және технологиялық пысықтау;

      технологиялық процесте тәжірибелік үлгілерді жасау бойынша эксперимент жүргізу;

      өндірісте аяқкиімдердің жаңа үлгілерін жасауға және игеруге қатысу.

      76. Білуге тиіс:

      дайындамалар мен аяқкиімді тігу бойынша операцияларды жасау тәртіптері;

      қолданылатын материалдарға мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары.

34-параграф. Қалыптың үлгісін жасаушы, 4-разряд

      77. Жұмыс сипаттамасы:

      гипстен ортопедиялық аяқкиімге арналған қалып (көшірме бедер) жасау:гипс ерітіндісін дайындау, марля-гипс негативін дайындау, оған гипс ерітіндісін құю, гипс қалыпты (көшірме бедерді) дәрігердің тапсырыста көрсеткен табанның нысаны мен өлшемін сақтай отырып өңдеу.

      78. Білуге тиіс:

      гипс қалыпты (көшірме бедерді) дайындау және өңдеу технологиясы;

      табан анатомиясы;

      табанның деформациялануы және кесілуінің түрлері;

      қолданылатын материалдардың қасиеттері.

35-параграф. Қалыптың үлгісін жасаушы, 5-разряд

      79. Жұмыс сипаттамасы:

      ортопедиялық және жеке тапсырыспен жасалатын аяқкиімге арналған қалыпты ағаштан жасау;

      тапсырыста көрсетілген табанның конфигурациясы мен өлшемдеріне сәйкес қалыпты таңдау және сәйкестендіру, қалыптың көлемін кішірейту немесе үлкейту;

      дәрігердің тапсырыста көрсеткен тапсырыс беруші аяғының өлшемі мен көлем өлшемдерін сақтай отырып, ортопедиялық қалыпты таңдау және сәйкестендіру;

      қатты бөлшектерді тығын түрінде блоктау, тығынды сәйкестендіру және жабыстыру.

      80. Білуге тиіс:

      қалыптың құрылымы мен жасаудың технологиясы;

      ағаш түрлері, оның сапасына қойылатын талаптар.

36-параграф. Матрицалардың үлгісін жасаушы, 5-разряд

      81. Жұмыс сипаттамасы:

      силикон матрицаларын құю үшін аяқкиімнің жоғарғы бөлігінің дайындамалары үлгісін жасау:тігін машинасымен аяқкиімнің табиғи, жасанды және синтетикалық былғарыдан жасалған үстіңгі бөлігін дайындаманың ішкі бөліктерімен қосу, сәндік сызықтар, жолақтар мен перфорациялар тігу, дайындама контурын картонға салу, үлгі мен картонға түйіршіктер мен қою түйірлерсіз желім жағу;

      дайындаманы кептіру және картонға жабыстыру;

      үлгіні қалыңдығы бойынша түзету, пластилинді жиегі мен перфорацияға жабыстыру;

      машинаны реттеу, баптау және майлау.

      82. Білуге тиіс:

      аяқкиімнің үсті дайындамасы мен матрицаның үлгісін жасаудың технологиялық процесі, оларды жасау үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері;

      матрица үлгілерін дайындаған кезде технологиялық операцияларды орындаудың нормативтері;

      қолданылатын ине мен жіптердің нөмірлері;

      қолданылатын желімнің түрлері мен қасиеттері;

      тігін машинасының құрылысы, реттеу және баптау әдістері.

37-параграф. Ортопедиялық аяқкиім тігу жөніндегі аяқкиім шебері, 1-разряд

      83. Жұмыс сипаттамасы:

      ластану мен жылтырауды жою мақсатымен жартылай ұлтарақтың беткі жағын, ортопедиялық салынатын супинаторды қышқылмен өңдеу.

      84. Білуге тиіс:

      ортопедиялық аяқкиімнің беткі жағын өндеу жолдары;

      қышқылмен жұмыс істеу тәртіптері.

38-параграф. Ортопедиялық аяқкиім тігу жөніндегі аяқкиім шебері, 3-разряд

      85. Жұмыс сипаттамасы:

      ұлтарақты ылғалдандыру, кептіру, ортопедиялық қалып бойынша қалыптау, оларды өңдеу: ұлтарақтың ернін машинамен кесу және оны тік етіп көтеру, ұлтарақ пен жаймаға желім жағу, ұлтараққа кенеп жабыстыру, ұлтарақтың ернін тегістеу, кенептің артық жерлерін кесу;

      ортопедиялық супинаторларды құрастыру:

      резина жапсырмаларды супинаторлық жартылай ұлтарақтар бойынша таңдау, резина жартылай ұлтарақтарды нығыздауышта супинаторлық жартылай ұлтарақтарға жабыстыру, дайын супинаторды тоқымамен қаптау, ұлтараққа супинатор немесе пронатор бекіту.

      86. Білуге тиіс:

      табанның деформация сипатына байланысты ортопедиялық аяқкиім бөлшектерін жинау және өңдеу тәсілдері;

      супинаторлардың өлшемдері мен мақсаты;

      қолданылатын материалдар мен бөлшектердің сапасына қойылатын талаптар;

      қызмет көрсететін машинаны пайдалану тәртіптері.

39-параграф. Ортопедиялық аяқкиім тігу жөніндегі аяқкиім шебері, 4-разряд

      87. Жұмыс сипаттамасы:

      ортопедиялық аяқкиім өкшесінің орналасуы: фликтердің қажетті көлемін таңдау, оларды өзара бекіту, өкшеге медициналық тағайындауға сәйкес қажетті өлшем мен нысан беру, өкшені біржақты және екіжақты металл шинаға кесіп келтіру, сәйкестендіру.

      88. Білуге тиіс:

      өкшені орнату тәртіптері;

      өкшені құрастыру технологиясы;

      табанның деформациялануы мен кесілуінің түрлері;

      табанның деформация сипатына байланысты өкшені орнату кезінде медициналық тағайындауды орындау тәсілдері.

40-параграф. Ортопедиялық аяқкиім тігу жөніндегі аяқкиім шебері, 5-разряд

      89. Жұмыс сипаттамасы:

      орындық, тізе асты, бағана, сырғыма және өзге де осы сияқты протездік-аяқкиім бұйымдарын машинамен немесе қолмен жасау;

      ауру адамның жеке ерекшеліктері мен сезу қабілетіне сәйкес дайын ортопедиялық аяқкиімдерді сәйкестендіру: тығын ішпегін, супинаторды, пронаторды, ұзын бойына және көлденең жинақтарын ұлғайту немесе кішірейту.

      90. Білуге тиіс:

      протездік-аяқкиім бұйымдарын тігу технологиясы;

      қолданылатын материалдардың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары;

      табанның деформациялануы мен кесілуінің түрлері;

      қызмет көрсететін машинаны пайдалану тәртіптері

41-параграф. Ортопедиялық аяқкиімнің үлгісін жасаушы, 5-разряд

      91. Жұмыс сипаттамасы:

      ортопедиялық аяқкиімнің үстіне арналған үлгілерді әзірлеу , дәрігердің тапсырыста көрсеткен өлшемдеріне сәйкес жасалған ортопедиялық қалыптан эскиз алу;

      үстіңгі пішімнің және астардың бөлшектеріне қағаздан жасалған үлгілерді пішу.

      92. Білуге тиіс:

      табан анатомиясы;

      табанның деформациялануы және кесілуінің түрлері;

      ортопедиялық аяқ-киім дайындамасының үлгісін құру технологиясы;

      аяқкиімінің үстіне және астарына арналған бөлшектерін пішу кезінде жіберу нормалары.

42-параграф. Пішу жабдығының операторы, 5-разряд

      93. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиімнің бөлшектерін жасауға арналған орама материалдарды нығыздауыш автоматта төсеу және жаю жұмыстарын орындау;

      пышағы бар пластиналарды таңдау және оларды нығыздауыштың кареткасына салу;

      нығыздауыштың автомат құрылғысына бағдарламаны орнату;

      оның машинаның жады блогындағы бағдарламамен, орнатылған пышақтар мен төсемнің ұзындығына сәйкестігін тексеру, пышақтардың жарамдылығын тексеру;

      автоматты құрылғыны іске қосу арқылы материал төсемін әперу;

      өсемдердің орналасуын реттеу;

      пішу бөлшектерін алу.

      94. Білуге тиіс:

      нығыздауыш автоматты пайдалану тәртіптері;

      автоматты бағдарламалық құрылғының (нығыздауыш жадысының блогы) жұмыс істеу принципі;

      автоматты іске қосу және сөндіру жүйесі;

      шағын ақаулықтарды жою тәсілдері;

      пішудің сапасы мен жинақталуына қойылатын талаптар;

      пішілуге тиіс аяқкиімдердің түрлері мен өлшемдері;

      пышақтарды орналастырудың тиімді жүйесі;

      қолданылатын материалдарды пайдалану нормалары.

43-параграф. Ұлтанды өңдеуші, 1-разряд

      95. Жұмыс сипаттамасы:

      резина табандарды және ондағы кесіктерді өңдеу, керілген жиектерді бензинмен және өзге де өңдеу;

      термоэластопласт табанды қолмен химиялық өңдеу.

      96. Білуге тиіс:

      табанды өңдеу тәсілдері;

      оңай жанатын заттармен жұмыс істеу тәртіптері.

44-параграф. Ұлтанды өңдеуші, 2-разряд

      97. Жұмыс сипаттамасы:

      қыздырылған резина табандарды қойылтылған күкірт қышқылымен, хлорлы темірмен машинада немесе қолмен өңдеу, оларды химикаттармен өңдегеннен кейін жуу және кептіру.

      98. Білуге тиіс:

      резеңке табандарды өңдеу тәсілдері, оларды қыздыру температурасы;

      қолданылатын химиялық материалдар;

      күкірт қышқылының күштілігін ареометрдің көмегімен анықтау әдістері және өңделген табандардың дайындығын айқындау тәсілдері;

      қызмет көрсететін машинаны пайдалану тәртіптері.

3-тарау. Галантереялық былғары өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

1-параграф. Биялай былғарысын керуші, 3-разряд

      99. Жұмыс сипаттамасы:

      биялай былғарысын машинада немесе қолмен керу-созу;

      былғарыны тексеру, кінәраттарын белгілеу, былғарыны ұзын бойына ең аз созылымдылықты, ал көлденең бағытта - ең көп созылымдылықты қамтамасыз ететіндей барынша созу, былғарының шеткі аудандарын созу.

      100. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтың жұмыс істеу принципі, пайдалану және реттеу тәртіптері;

      былғары мен оның топографиялық бөліктерінің қасиеттері, былғарыны өңдеу ақаулықтары, олардың пайда болу себептері, алдын алу және жою тәсілдері;

      пішілетін бұйымдардың өлшемдері, былғары мен бөлшектердің созылымдылығының бағыты, операцияларды орындау тәсілдері мен жүйелілігі;

      былғары мен бөлшектер сапасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары.

2-параграф. Галантереялық былғары бұйымдарын жөндеуші, 3-разряд

      101. Жұмыс сипаттамасы:

      тігін машинасының бөлшектерін ауыстырмай, галантереялық былғары бұйымдарды жөндеу;

      нығыздауыштар мен құрылғылардың фурнитураларын ауыстыру;

      қайталама және қосымша тігістер салу, бұйымдарды өңдеу.

      102. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтардың құрылысы, техникалық пайдалану және реттеу тәртіптері;

      жөнделетін бұйымдардың түрлері мен мақсаты;

      дайын галантереялық былғары, бұйымның сапасына қойылатын талаптар;

      галантереялық былғары бұйымдарды өңдеу ақаулықтары, пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері;

      галантереялық былғары бұйымдарды жөндеу тәсілдері мен жүйелілігі;

      галантереялық былғары бұйымдардың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары.

3-параграф. Галантереялық былғары бұйымдарын жөндеуші, 4-разряд

      103. Жұмыс сипаттамасы:

      тігін машинасының бөлшектерін ауыстыра отырып, галантереялық былғары бұйымдарды жөндеу;

      бөлшектерді ауыстыруға (шеттерін босату, желім жағу, бүгу)дайындау;

      бұйымдарды өңдеу.

      104. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтардың техникалық пайдалану және реттеу тәртіптері;

      жөнделетін галантереялық былғары бұйымдардың құрылысы;

      галантереялық былғары бұйымдардыөңдеу ақаулықтары, пайда болу себептері және жою тәсілдері;

      галантереялық былғары бұйымдар мен ауыстырылатын бөлшектерге қойылатын талаптар;

      қолданылатын материалдардың қасиеттері.

4-параграф. Галантереялық былғары бұйымдарын құрастырушы, 1-разряд

      105. Жұмыс сипаттамасы:

      машинада немесе қолмен галантереялық былғары бұйымдарды желіммен құрастыру және фурнитураны бекіту бойынша қарапайым жұмыстарын орындау.

      106. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтардың техникалық пайдалану және реттеу тәртіптері;

      қолданылатын құралдың, желім мен фурнитураның, галантереялық былғары бұйымдардың және бөлшектердің түрлері мен мақсаты;

      қарапайым құрастыру жұмыстарына қойылатын талаптар және орындау тәсілдері;

      галантереялық былғары бұйымдарды өңдеу ақаулықтары, пайда болу себептері және олардың алдын алу және жою тәсілдері.

      107. Жұмыс үлгілері:

      1) бұйымның ішкі бөлшектері мен элементтері, чемоданның ағаш рамасы - бекіту;

      2) мақта немесе поролон - қаптау алдында төсеу;

      3) картон, қағаз және өзге де материалдардан жасалған бөлшектер - бөлшектерге жабыстыру;

      4) тойтарма шеге, штатив гайкалар, сағат бауы мен белбеуге арналған қайыс - бекіту;

      5) заттар (маникюрлеуде қолданылатын жабдықтар) - несессер сауытына салу;

      6) аралықтар, қалталар және өзге де бөлшектер - жабыстыру;

      7) тұтқа - жарты сақинаға салу;

      8) рамалар, тұтқалар, картон бөлшектер - қаптау.

5-параграф. Галантереялық былғары бұйымдарын құрастырушы, 2-разряд

      108. Жұмыс сипаттамасы:

      машинада немесе қолмен бұйымдардың бөлшектерін құрастыру бойынша күрделілігі орташа жұмыстарын орындау.

      109. Білуге тиіс:

      күрделілігі орташа технологиялық жабдықтар мен құралдардың түрі мен мақсаты;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың мақсаты мен жұмыс қағидаттары;

      күрделілігі орташа құрастыру жұмыстарына қойылатын техникалық талаптар және орындау тәсілдері;

      бақылау-өлшеу құрылғыларының мақсаты мен қолданылу шарттары.

      110. Жұмыс үлгілері:

      1) рамадан өзге барлық түрлі сыдырмалар - орнату;

      2) жолға шыққанда ұстайтын және қатты құрылымды бұйымдар - іші-сыртын желімдеу;

      3) металл пластиналар (рамалар) - салу, ию, және ұштарын бекіту;

      4) сыртқы бөлшектер - фурнитураның көмегімен немесе ыстық күйінде бекіту;

      5) сақина етіп біріктірілген кедір-бұдыры белбеулер - чемоданның түбіне тарту;

      6) чемодан, балет қобдишаларға, портфельдер мен аспалы сөмкелерге арналған тұтқалар - дайындау және құрастыру;

      7) сөмкеге тағатын сыдырмалар - баптау;

      8) чемоданның бұрыштары, ілгектері, қапсырмалары, люверстері, блоктары, тойтармалары, карабиндері, пукельдері, металл әшекейлері, рамалары мен кранцтері - бұйымдарға бекіту;

      9) сағат бауы мен белбеу - фурнитураның көмегімен құрастыру;

      10) сағат бауы - бауын тарту;

      11) галантереялық былғары бұйымдардың бөлшектеріне ішпек.

6-параграф. Галантереялық былғары бұйымдарын құрастырушы, 3-разряд

      111. Жұмыс сипаттамасы:

      машинада немесе қолмен желім, фурнитура, былғары ұстау көмегімен галантереялық былғары бұйымдарды және бөлшектерді құрастыру бойынша күрделі жұмыстарды орындау.

      112. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен техникалық пайдалану тәртіптері;

      фурнитураның конструкциясы мен қолдану тәсілдері;

      күрделі құрастыру жұмыстарына қойылатын техникалық талаптар және орындау тәсілдері.

      113. Жұмыс үлгілері:

      1) ботан немесе ботанның бөлігі - чемоданның корпусы мен қақпағына тарту, чемоданға салу;

      2) сыдырма, тұтқа ұстағыштар, тұтқа және өзге де фурнитура - кейіннен тойтармасын ала отырып оны тойтарма шегемен бекіту;

      3) дүрбі, фотоаппарат, музыкалық аспаптарға арналған сауыттардың қаңқасы - дайындау;

      4) чемодандар мен балет қобдишалардың корпустары, қақпақтар - дайындау;

      5) әмиян мен балалардың сөмкесіне арналған рамалық сыдырмалар - орнату;

      6) сөмкенің, портфельдің, аспалы сөмкенің, папканың ботанды, сыналы, түбі бар қабырғалары, корпусты чемодандардың қақпақтары мен бүйір қабырғалары - желім, фурнитура, былғары ұстау көмегімен құрастыру;

      7) аралық - әмиян мен балалардың сөмкесіне арналған металл рамаға раманы қыса отырып бекіту;

      8) сөмкелер, папкалар, портфельдер мен өзге де бұйымдар - картонға керу, үстіңгі жиегін бүгу;

      9) фанера ботандар - дайындау және құрастыру.

7-параграф. Галантереялық былғары бұйымдарын құрастырушы, 4-разряд

      114. Жұмыс сипаттамасы:

      машинада немесе қолмен галантереялық былғары бұйымдарды құрастыру бойынша аса күрделі жұмыстарды орындау.

      115. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен техникалық пайдалану тәртіптері;

      аса күрделі құрастыру жұмыстарды орындау тәсілдері;

      қолданылатын технологиялық жабдықтар мен құралдардың түрлері мен мақсаты.

      116. Жұмыс үлгілері:

      1) көп қабатты ботандар - таспа материалды шаблонға орау;

      2) рамалы сыдырмалар - әмиян мен балалардың сөмкесінен өзге барлық бұйымдарға орнату;

      3) аралық - әмиян мен балалардың сөмкесінен өзге бұйымдардың металл рамаларына орнату.

8-параграф. Галантереялық былғары бұйымдарына сурет салушы, 2-разряд

      117. Жұмыс сипаттамасы:

      желім ерітіндісін торлы шаблонмен жағу арқылы галантереялық былғары бұйымдар мен бөлшектерге сурет салу-түктендіру;

      шаблондарды таңдау, шаблонның тазалығы мен жұмысқа жарамдылығын тексеру, торлы шаблонды шаблон контуры мен бөлшектердің немесе бұйымдардың контурларымен дәлме-дәл сәйкес келтіре отырып салу;

      желімді тегіс қабатпен еш жерді қалдырмай, қоюлатпай және ағызбай жағу;

      шаблондарды жуу және кептіру;

      аппликация жасау.

      118. Білуге тиіс:

      галантереялық былғары бұйымдар мен бөлшектерге сурет салу тәсілдері;

      сурет салынатын галантереялық былғары бұйымдардың түрлері, галантереялық былғары бұйымдарда және бөлшектерде сурет салынатын жерлер;

      қолданылатын желім ерітіндісінің қасиеттері;

      галантереялық былғары бұйымдарға сурет салу ақаулықтарының пайда болу себептері, олардың алдын алу және жою тәсілдері.

9-параграф. Галантереялық былғары бұйымдарына сурет салушы, 3-разряд

      119. Жұмыс сипаттамасы:

      суретті торлы шаблон немесе клишенің көмегімен бояумен салу арқылы галантереялық былғары бұйымдарға және бөлшектерге сурет салу-түктеу;

      бөлшектер мен бұйымдарға "мақпал суреттерді" электростатикалық өрісте салу;

      шаблон, клише және бояу таңдау;

      шаблондар мен клишелердің тазалығы мен жұмысқа жарамдылығын тексеру;

      шаблонды орнату немесе клишені шаблон немесе клише контурын бөлшектердің немесе бұйымдардың контурларымен дәлме-дәл сәйкес келтіре отырып салу, түк таңдау және оны орнату бункеріне салу;

      бақылау-өлшеу аспаптарын тексеру, электростатикалық өрістің қажетті өлшемдерін орнату және оны жұмыс барысында бақылау;

      түкті жіберуді реттеу, бөлшектер мен бұйымдарды шаңсорғышпен тазалау және кептіру, шаблондар мен клишені ауыстыру.

      120. Білуге тиіс:

      галантереялық былғары бұйымдарды және бөлшектерді электростатикалық өрісте өңдеу тәртіптері мен технологиялық режимі;

      бояулардың түрлері, қасиеттері мен таңдау тәсілдері;

      қолданылатын жабдықтарды техникалық пайдалану және реттеу тәртіптері.

10-параграф. Галантереялық былғары бұйымдарына сурет салушы, 4-разряд

      121. Жұмыс сипаттамасы:

      айқын суретті, түстердің және түстердің реңктерінің дұрыс үйлесімін қамтамасыз ете отырып, галантереялық былғары бұйымдар мен бөлшектерге бедері бойынша бояу арқылы қолмен сурет салу;

      тиісті реңкті бояуларды таңдау.

      122. Білуге тиіс:

      сурет салу тәсілдері, сурет композициясының негіздері;

      түрлі-түсті суреттерді салу тәсілдері;

      бояулардың қасиеттері және оларды таңдау тәсілдері.

11-параграф. Қаптама сауытшы, 1-разряд

      123. Жұмыс сипаттамасы:

      дайындық: картон сыздықты қағазбен және коленкормен жабыстыру, бүйір қабырғалардың құндақтарын картон негізді қаптама сауыттарға құрастыру жұмыстарын орындау.

      124. Білуге тиіс:

      қағаз, коленкор мен картонның сапасы мен қасиеттері;

      қолданылатын желімнің түрлері;

      бөлшектер жасалатын қаптама сауыттардың ассортименті;

      өңдеу материалдарының бетіне желім қоспасын жағу тәсілдері.

12-параграф. Қаптама сауытшы, 2-разряд

      125. Жұмыс сипаттамасы:

      фанера немесе картон негізді қарапайым қаптама сауыттарды жасау;

      қаптама сауыттың картон негізін айналдыру немесе қақпақ дайындамасы мен қаптама сауыттың корпусын жетілдіре отырып, бүйір қабырғаның дайындамаларынан жинақтау әдісімен құрастыру;

      сыртқы және ішкі фаскаларды алу;

      қолмен тазалай отырып, тегістеп сылау;

      қаптама сауыттың сыртын бояу, суретті өңдеу, штрихтеу;

      қаптама сауыттың бүйір қабырғасына арналған картон дайындамаларды жабыстыру;

      парақ немесе дайындама картонды жабыстыру;

      қаптама сауыттың фанера, металл немесе картон ұстағыштарын құрастыру;

      сақина, сырға, түйреуіштерге арналған қаптама сауыттың сыртын және барлық сауыттардың ішін қағазбен өңдеу;

      қақпақты корпусқа жұмсақ бекіту;

      металл шарнирлер мен сыдырмаларды қолмен құрастыру.

      126. Білуге тиіс:

      сырты қағазбен немесе қағаздағы ледеринмен қапталған сауыт жасаудың технологиялық процесі;

      жабдықтар мен құрылғылардың мақсаты және қолдану тәсілдері;

      желімдердің түрлері және желім ерітінділері мен мастиканы дайындау тәртіптері.

13-параграф. Қаптама сауытшы, 3-разряд

      127. Жұмыс сипаттамасы:

      фанера немесе картон негізді күрделілігі орташа қаптама сауыттарды, өлшемдерін шаблон немесе өлшеу құралдарының көмегімен тексере отырып жасау;

      фанера негізді бүйір қабырға дайындамаларынан түбін қақпаққа және қаптама сауыттың корпусына жабыстыра отырып, құрастыру;

      негізін түзету: қаптама сауыттың фанера негізінің жазықтығын, көлденең және тік қырларын сылап түзету;

      станокта тазалай отырып, тегістеп сылау;

      қаптама сауыттың сыртын матадағы ледеринмен, жартылай барқытпен және қағазбен өңдеу;

      қақпағына салатын жастықшаны дайындау және салу;

      жібекпен және барқытпен немесе оларды алмастырғыштармен өңделген, қарапайым жеке құрастырылған тұғыр-ұстағыштары бар ішпегін дайындау және оны қаптама сауыттың корпусына орнату;

      фольганы пайдалана отырып фирма таңбасын басу;

      әртүрлі суреттерді қағазға, былғарыға, жібекке және өзге де материалдарға ыстық тәсілмен нығыздауыштарда, құрылғылармен немесе қолмен салу;

      металл шарнирлер мен сыдырманы нығыздауышта немесе қолмен бекіту.

      128. Білуге тиіс:

      қаптама сауыт жасаудың технологиялық процесі;

      жабдықтардың, құрылғылар мен құралдардыңқұрылысы және пайдалану тәртіптері;

      қолданылатын материалдардың техникалық шарттары, желімнің, сылақтың құрамы мен рецептурасы;

      күрделі емес схемаларды оқу тәртіптері.

14-параграф. Қаптама сауытшы, 4-разряд

      129. Жұмыс сипаттамасы:

      жасау: музыкалық аспаптарға, дүрбілерге, кино және фотоаппараттарға, бір, екі, үш, алты және он екі адамдық ас ішетін құралдарға, жоғары көркемдік бұйымдарға арналған көрмеге қоятын тұғырларға, блокноттарға, бюварларға арналған күрделі, іші-сырты былғарымен, күдерімен, барқытпен және жібекпен немесе оларды алмастырғыштармен қапталған қаптама сауыттарды;

      кесілген ағаш дайындамаларды немесе фанерды бүйір қабырғаның негізіне және түбіне арнап кесу;

      негіздің көлденең қырларын және оның кесіндісін қақпаққа және корпусқа арнап өңдеу;

      ағаштың әртүрлі тұқымы мен фанерадан лакталған және жылтыратылған қаптама сауыт жасау;

      жоғары көркемдік зергерлік бұйымдарға арналған қаптама сауыттарды үлгілер бойынша жасау және корпусына әртүрлі пішінді ішпектерді салу;

      астары мен үлбірін қалыпқа тарту, артық жерлерін кесу, түбін салу;

      спирт және сілті политра, бояу сияқты мастика жасау.

      130. Білуге тиіс:

      қаптама сауыт жасаудың технологиялық процесі;

      қолданылатын жабдықтардың құрылысы мен техникалық пайдалану тәртіптері;

      ағаш тұқымы мен ағаштың негізгі қасиеттері, олардың ақаулықтары және бұйымдардың сапасына тигізетін әсері;

      өңдеу материалдардың мақсаты мен қасиеттері;

      лактау, жылтырату, фанерлеудің тәсілдері.

15-параграф. Қаптама сауытшы, 5-разряд

      131. Жұмыс сипаттамасы:

      жасау: көрмеге қоятын тұғырлардың, бюварлардың аса күрделі жаңа модельдерін жасау, ас ішетін күміс, хрусталь бұйымдарға, шарап және ликер ішетін құралдарға, 4-8 ыдысы бар шай және кофе ішуге арналған жинаққа және бірегей және жоғары көркемдік зергерлік бұйымдарға арналған қаптама сауыттарды үлгі, эскиз, схемалар бойынша қолмен;

      жеке тәртіппен орындауды талап ететін, қаптама сауыттар мен қобдилардың іші-сыртын өңдеу үшін өңдеу материалдарын таңдау.

      132. Білуге тиіс:

      қаптама сауыт жасаудың технологиялық процесі;

      өңдеу материалдарының мақсаты мен қасиеттері;

      бұйымдарды қаптама сауыттарға салу тәртіптері;

      өңдеу материалдарын таңдау;

      схемаларды оқу тәртіптері.

4-тарау. Былғары және тері шикізаты өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

1-параграф. Аппретурашы, 2-разряд

      133. Жұмыс сипаттамасы:

      агрегатта терілерді аппретуралау;

      аппретураланған терілерді түсіру және жинау, тасымалдау, агрегаттың кішкентай бактеріне аппретураны құю;

      сүрту, тері бетін қолмен майсыздандыру;

      агрегатты жөндеуге қатысу.

      134. Білуге тиіс:

      терілерді аппретуралау, сүрту, майсыздандыру тәсілдері;

      аппретураланған терілерді жинап қоюдың тәртіптері;

      қызмет көрсету агрегатын пайдалану тәртіптері.

2-параграф. Аппретурашы, 3-разряд

      135. Жұмыс сипаттамасы:

      тасымалдау таспасына былғарыны салумен қызмет көрсету агрегатына немесе тампонмен, щеткамен қолмен былғарыны эмульсиямен, жалтырақпен, бекіткішпен, түссіз лакпен аппретуралау;

      агрегатта аппретуралаудың технологиялық режимін сақтау (құрамы, концентрация, тұтқырлық, аппретураның температурасы, ауа қысымы, тасымалдаушы таспа қозғалысының жылдамдығы және өзгелер);

      былғарының бетіне грунтты ылғал түрде немесе желім ерітіндісін бахтармаға бүріккішпен қолмен жағу;

      өңделген теріні кептіруге ілу және кептіруден соң оларды түсіру;

      бүріккіштердің форсункаларын реттеу;

      агрегатты жөндеуге қатысу.

      136. Білуге тиіс:

      терінің әрбір түрін қызмет көрсету агрегатында және бүріккішпен, тампонмен, щеткамен, қолмен аппретуралау тәсілдері;

      аппретура жабындарының қасиеттері;

      қызмет көрсету агрегатының, бүріккіштің әрекет ету қағидаттары;

      оларды реттеу және жөндеу тәртіптері.

3-параграф. Аппретурашы, 4-разряд

      137. Жұмыс сипаттамасы:

      терінің өң бетін аппретуралармен (эмульсиямен, грунтпен, жалтырақпен, бекіткішпен, түссіз лакпен, бояумен), қолмен бүріккішпен аппретуралау;

      аппретуралаудың технологиялық режимін сақтау (құрамы, концентрация, аппретураның тұтқырлығы мен температурасы, қабықшаның қалыңдығы және өзгелер);

      аппретуралаудың сапасын және бүріккіштегі ауаның қысымын бақылау;

      бүріккіштің форсункасын тазалау;

      аппретураланған терілерді кептіру үшін ілу және белгіленген тәртіпте жинап қоюмен бірге кептіруден соң оларды түсіру.

      138. Білуге тиіс:

      теріге аппретураны қолмен бүріккішпен жағудың ұтымды тәсілдері;

      аппретуралаудың технологиялық режимін сақтаудың тәсілдері;

      бүріккіш пен кептіргіштерді пайдалану тәртіптері;

      бүріккіштің форсункаларындағы қысымды реттеу тәсілдері.

4-параграф. Аппретурашы, 5-разряд

      139. Жұмыс сипаттамасы:

      "МАП", "МАФ" үлгісіндегі және оған ұқсас агрегаттарда былғарыны аппретуралау;

      технология талаптарына сәйкес аппретуралаудың (құрамы, концентрация, тұтқырлық, аппретураның температурасы, былғарыға оны жағудың тәсілі мен тәртібі, қабықшаның қалыңдығы және өзге) технологиялық режимінің сақталуын бақылау;

      қызмет көрсету жабдығының, бақылау және өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының жұмысын бақылау;

      аппретуралау процесін реттеу: ауа қысымын, жартылай фабрикаттардың түріне байланысты әртүрлі аппретуралардың шығысын, пигматронның жұмысын, бояу бүріккіштердің айналуын, кептіру камераларының температуралық режимін, таспалық транспортердің қозғалыс жылдамдығын және өзгелер;

      автоматика құралдарын күйге келтіру, жабдықты жөндеу;

      сынама бояуды орындау, үлгімен салыстыру, түсті түзету;

      өңделген былғарының санын есепке алу;

      жабдықты ағымдағы жөндеуге қатысу.

      140. Білуге тиіс:

      қызмет көрсету агрегаттарында былғарыны аппретуралау процесінің технологиясы;

      өңделетін терілердің түрлері;

      аппретуралардың қасиеттерін және олардың шығыс нормалары;

      аппретуралардың түсін түзету тәсілдері;

      қызмет көрсету жабдығы, бақылау және өлшеу құралдарын жөндеу және реттеу тәртіптері;

      автоматика құралдарын күйге келтіру тәртіптері.

      141. Жұмыс үлгілері:

      1) аппретуралау-ракляның көмегімен бояуды жағу үшін және автоқойғышпен бір жинақта өтетін машинада, гравирленген цилиндр бойынша бояуды тарататын кеуілжір орнату, бояуды беру үшін пневмосорғының жұмысын реттеу;

      2) оларды тазалау және жуып шаю кезінде қайта айналып жүру жүйесінің бояу құбырларын бөлшектеу және жинау;

      3) қызмет көрсету және автоқойғышты жөндеу.

5-параграф. Былғары және үлбір шикізаты мен көнді төсеуші, 2-разряд

      142. Жұмыс сипаттамасы:

      жеңіл және орташа шошқа терілерін, оларды кейіннен өңдеу кезінде, машина немесе қол операцияларын орындаудан бұрын төсеу;

      былғары шикізатының теңдерін тасымалдау;

      тең биркаларын кесу және бумаларды шешу;

      шикізаттан тұзды қағу машинасында немесе қолмен ылғалтұзды шикізатты тұздан тазарту;

      шикізат түрлері және консервілеу тәсілдері бойынша сорттау тіркемелеріне, строптар мен поддондарға терілерді төсеу;

      шешілген теңдердің, бумалардың және ондағы терілердің санын есептеу.

      143. Білуге тиіс:

      жеңіл және орташа шошқа терілерін төсеу тәртіптері;

      былғары шикізатының түрлері;

      консервілеу, буып түю, таңбалау, шешу, тұзды қағу тәсілдері;

      шикізаттан тұзды қағу машинасының құрылысы мен жұмыс істеу принципі.

6-параграф. Былғары және үлбір шикізаты мен көнді төсеуші, 3-разряд

      144. Жұмыс сипаттамасы:

      ұсақ және ірі былғары шикізатын, ауыр шошқа терілерін, оларды кейіннен өңдеу кезінде машинада немесе қолмен операцияларды орындау алдында төсеу;

      шикізаттан тұзды қағу машинасының жұмысын реттеу.

      145. Білуге тиіс:

      шикізаттың түрлері және консервілеу тәсілдері бойынша ұсақ және ірі былғары шикізаты, ауыр шошқа терілерін төсеу тәсілдері;

      шикізаттан тұзды қағу машинасының жұмысын реттеу тәртіптері.

7-параграф. Былғары шикізатын пішуші, 2-разряд

      146. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғарғы былғары шикізатын пішушінің басшылығымен мемлекеттік стандарттың талаптарына сәйкес шошқа немесе жылқы терілерін пішу (крупондау);

      үстелге терілерді, көнді, жартылай фабрикаттарды, былғарыны төсеу;

      жота сызығы бойынша шошқа терісінің жая бөлігін кесу, терілер пішімінің элементтерін таңбалау және жинап қою.

      147. Білуге тиіс:

      шошқа немесе жылқы терілерін пішу (крупондау) тәртіптері;

      былғары шикізатының түрлері, крупондауға, былғары пішімінің элементтеріне және оларды крупондау үшін қаттауға қойылатын талаптар.

8-параграф. Былғары шикізатын пішуші, 3-разряд

      148. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары былғары шикізатын пішушінің басшылығымен жартылай фабрикаттарды, көнді, ірі қара малдың терісін крупондарға (жонарқаға), жағашықтарға, етекке және пішімнің өзге элементтеріне пішу (крупондау).

      149. Білуге тиіс:

      жартылай фабрикаттарды, көнді, ірі қара малдың терілерін пішу (крупондау) тәртіптері.

9-параграф. Былғары шикізатын пішуші, 4-разряд

      150. Жұмыс сипаттамасы:

      шошқа немесе жылқы терілерін пішу (крупондау);

      мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттар мен терінің құрылысына сәйкес пішім элементтерінің шекарасын анықтау;

      терінің желатинін, белкозинін әзірлеу үшін көн тіліндісін мақсаты бойынша пішу;

      құрал-сайманды қайрау және түзулеу.

      151. Білуге тиіс:

      шошқа немесе жылқы терілерін пішу (крупондау) әдістері, тері топографиясы;

      ірі былғары шикізатын пішуге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      мақсаты бойынша көн тіліндісін пішу тәртіптері;

      қолданылатын құрал-сайманды қайрау және түзету тәртіптері.

10-параграф. Былғарылық шикізатты пішуші, 5-разряд

      152. Жұмыс сипаттамасы:

      жартылай фабрикаттарды, көнді, ірі қара малдың терілерін крупондарға (жонарқаға), жағашықтарға, етекке және пішімнің өзге элементтеріне пішу (крупондау);

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес ірі былғарылық шикізатты сұлбалау;

      артқы табандардың шабу буындары мен желпеуіш тәрізді бөліктердің күс тәрізді шығыңқыларын жою.

      153. Білуге тиіс:

      ірі қара мал терілерін пішудің ұтымды әдістері және сұлбалау тәртіптері, тері топографиясы;

      ірі былғарылық шикізатты сұлбалауға қойылатын мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттар;

      құрал-сайманды қайрау және түзету тәсілдері.

11-параграф. Былғарылық коллагенді қалдықтардан өнім өндіру аппаратшысы, 6-разряд

      154. Жұмыс сипаттамасы:

      нәруыздық гидролизат және оның негізінде хроммен илеудің былғарылық коллагенді қалдықтарынан өнімді көп фазалық технологиялық топтаманы жабық үлгідегі аппараттарда (қысымды қазандар, вакуумдық қазандар), автоматты басқарылатын жабық үлгідегі аппараттарда, үздіксіз әрекеттегі желілерде өндіру процесін жүргізу;

      қазандардың, вакуум-сорғылардың, сүзгі-сорғылардың, сепараторлардың, бұлғауыштардың жұмысының технологиялық режимін, жылу аппараттарына будың берілуін реттеу;

      шикізатты салудың кестесін, технологиялық топтама режимдерін және химреагенттермен (күйдіргіш сілтілер, қышқылдар, хромның сілтілік және қышқылдық қосылыстары) жұмыс кезінде қауіпсіздік тәртіптерін сақтау;

      шикізатты кесумен, коллагеннің гидролизімен, фазалардың бөлінуімен, гидролизатты сүзгіден өткізумен, сепараторлаумен, консервілеумен және булаумен қысым астында шикізатты гидротермиялық өңдеу процесін жүргізу;

      хром малмасын қышқылдық рекуперациялаумен қоса хром шламын түсіру;

      технологиялық желі жабдығын тазалау, жуып шаю, зарарсыздандыру;

      механизмдерді майлау;

      автосусабын үшін компоненттерді әзірлеу;

      соңғы тазарту және өнімді бөлшектеп өлшеп қою;

      технологиялық журналда жазбаларды жүргізу.

      155. Білуге тиіс:

      қызмет көрсету жабдығының конструкциясы;

      қысым астында жұмыс істейтін құрылғыларға қызмет көрсету, бу, ауа және су коммуникацияларын басқару тәртіптері мен схемасы;

      бақылау және өлшеу құралдарын пайдалану тәртіптері;

      шикізаттың түрлері мен қасиеттері;

      қолданылатын химреагенттердің қасиеттері;

      өндірілетін өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар.

12-параграф. Екіге тілу машинасының машинисі, 3-разряд

      156. Жұмыс сипаттамасы:

      екіге тілу машинасынан терінің, жарғақтың немесе жартылай фабрикаттардың өтуі кезінде кедір-бұдырлы біліктердің астынан беткі (жоғарғы) тіліндіні біркелкі созу;

      белгіленген тәртіпте беткі тіліндіні қою;

      машина механизмдерін бөлшектеуге, жөндеуге және құрастыруға қатысу.

      157. Білуге тиіс:

      екіге тілу машинасының құрылысы, оны пайдалану және оған күтім жасау тәртіптері.

13-параграф. Екіге тілу машинасының машинисі, 4-разряд

      158. Жұмыс сипаттамасы:

      анағұрлым жоғары біліктілігі бар екіге тілу машинасы машинисінің басшылығымен ылғал және құрғақ түрде екіге тілу машинасында шикі терінің барлық түрлері мен иленген жартылай фабрикаттарды арамен кесу арқылы екіге тілу;

      машинаға терілерді салу және беру, қыртыстарға, беткі тіліндінің ақауларына (жұлып алу, кесу және өзге бүлінулер) жол бермей, олардың өту дұрыстығын бақылау;

      машинаны бөлшектеуге, жөндеуге, құрастыруға қатысу.

      159. Білуге тиіс:

      тері топографиясы;

      былғары жартылай фабрикаттарын арамен кесу арқылы екіге тілу тәртіптері;

      екіге тілу машинасына былғары жартылай фабрикаттарын беру тәсілдері;

      екіге тілу машинасының құрылысы мен пайдалану тәртіптері;

      екіге тілу машинасын бөлшектеуді, жөндеуді және құрастыруды орындау тәртіптері.

14-параграф. Екіге тілу машинасының машинисі, 5-разряд

      160. Жұмыс сипаттамасы:

      ылғал және құрғақ түрде екіге тілу машинасында шикі терінің барлық түрлері мен иленген жартылай фабрикаттарды арамен кесу арқылы екіге тілу;

      техникалық талаптарға сәйкес беткі тіліндінің қажетті қалыңдығын анықтау, арамен кесу барысында оны мерзімдік тексеру;

      қыртыстардың, жұлып алуды, кесуді және беткі тіліндінің өзге бүлінулерін болдырмай машинаға жартылай фабрикаттарда беруді реттеу;

      машина жұмысының процесінде таспалық пышақтарды қайрау, түрпі қайрақтарды іріктеу және оларды қайрайтын аппараттарға орнату;

      машина желілері мен механизмдерін бөлшектеу, құрастыру;

      машинаны дұрыстау мен жөндеуге қатысу.

      161. Білуге тиіс:

      шикі теріні, былғары жартылай фабрикаттарды арамен кесу арқылы екіге тілу және шикі теріден дайын өнімге дейінгі өндірістің негізгі сатылары бойынша олардың қалыңдығын өзгерту тәртіптері;

      беткі тілінді шығымының техникалық шарттары мен нормативтері;

      екіге тілу машинасының тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, құрастыру, реттеу, жөндеу тәсілдері мен тәртіптері.

15-параграф. Екіге тілу машинасының машинисі, 6-разряд

      162. Жұмыс сипаттамасы:

      қажетті қалыңдықта былғары жартылай фабрикатын арамен кесу үшін екіге тілу машинасын күйге келтірумен қоса ылғал және құрғақ түрде шикі терінің барлық түрлері мен иленген жартылай фабрикатты арамен кесу;

      машина механизмдерін бөлшектеу, дұрыстау, құрастыру және жөндеу.

      163. Білуге тиіс:

      шикі теріні, жартылай фабрикаттарды арамен кесу арқылы екіге тілу әдістері;

      екіге тілу машинасының механизмдерін бөлшектеу, құрастыру, жөндеудің ұтымды әдістері;

      екіге тілудің қажетті қалыңдығы бойынша екіге тілу машинасын күйге келтірудің тәртіптерін.

      164. Жұмыс үлгілері:

      1) автоқойғышпен бір жинақта жұмыс істейтін электрондық екіге тілу машинасында екіге тілу;

      2) екіге тілу бағдарламасын іріктеу, жартылай фабрикаттарды ортаға дәлдеу;

      3) екіге тілу машинасының механизмдерін бөлшектеу, дұрыстау, құрастыру және жөндеу;

      4) автоқойғышқа қызмет көрсету және оны жөндеу.

16-параграф. Жібіту және күлдеу, илеу және бояу және майлау цехтарында шикізатты, жартылай фабрикаттарды, химиялық материалдар мен өндіріс қалдықтарын тасушы, 3-разряд

      165. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары өндірісінің жібіту және күлдеу, илеу, бояу және майлау цехтарында қол тіркемелерінде, қол арбаларда, вагонеткаларда былғары шикізатын, жартылай фабрикаттарды, химиялық материалдарды, өндіріс қалдықтарын тасымалдаумен байланысты көмекші жұмыстарды орындау.

      166. Білуге тиіс:

      былғары шикізатының, жартылай фабрикаттардың, илегіш және химиялық материалдардың түрлері, олардың қасиеттері;

      тасымалдау тәртіптері.

17-параграф. Күлдеу аппаратшысы, 4-разряд

      167. Жұмыс сипаттамасы:

      аппараттарда терілерді немесе көнді күлдеудің технологиялық процесін қылды толық және оңай жою үшін терінің барлық ауданы бойынша оны босаңсыту, сондай-ақ шикі терінің күлділігіне, ісінуіне және серпімділігіне жету мақсатында жүргізу;

      күлді сұйықтықтарды жасау, аппараттарға оларды айдап жіберу және олардан айдап шығару;

      өткірлеуші ерітінділерді дайындау, оларды мөлшерлеу және аппараттарға жіберу;

      күлдеу сұйықтықтарын тасымалдау үшін сорғыларды, құбырларды, бу құбырларын дайындау;

      күлдеуге терілерді немесе көнді салу;

      көнді мешкей күлдеуге салу және терілерді немесе көнді аппараттардан түсіру;

      күлдеу процесінде жұмыс ерітінділерінің технологиялық көрсеткіштерінің өзгеруін байқау және оларды талдаулар мен есептеулердің негізінде түзету;

      қылды бір жерге жинау үшін терілердің дайындық дәрежесін анықтау;

      қозғалмайтын аппаратурада сығылған ауамен, бұлғауыштармен және өзге жұмыс ерітінділерін араластыру;

      терілер мен көнді аппараттарға механикаландырылған тиеу және одан түсіру кезінде дайындық (үздіксіз таспаларға терілерді байлау, рамаларға ілу, тиейтін бункерлерге салу және өзге жұмыстар) жұмыстарын жүргізу;

      аспалы барабандар мен шнек аппараттарынан түсірген соң терілерді немесе көнді төсеу.

      168. Білуге тиіс:

      күлдеу процесін жүргізу тәртіптері;

      былғары шикізаттың түрлері;

      қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттері;

      қылдарды жоюға терілер дайындығының белгілері;

      қызмет ету жабдығының бақылау және өлшеу құралдарының, көтеру-көлік құрылғыларының құрылысы, әрекет ету принциптері, пайдалану тәртіптері.

18-параграф. Күлдеу аппаратшысы, 5-разряд

      169. Жұмыс сипаттамасы:

      басқару тетігінен барабан-автоматтарда терілерді немесе көнді жібіту, күлдеу технологиялық процестерін жүргізу;

      басқару тетігіне бағдарламалы перфокарталарды орнату және автоматты режимде жұмыс істеу үшін барабандарды іске қосу;

      технологиялық процестердің барысын, химиялық материалдарды мөлшерлеуді, барабандардың жұмысын басқару тетігінен бақылау;

      бақылау және өлшеу, реттеу, белгі беретін құралдарды орнату және технологиялық процестердің барысы жөніндегі олардың көрсетуін байқау;

      барабандар мен аппараттардың айналу жылдамдығы, күлдеу сұйықтығы ерітінділерінің және судың көлемін мөлшерлеуді, су мен күлдеу сұйықтығының температурасы, су мен күлдеу сұйықтығының температурасын, су мен күл сұйықтығын құю уақыты, күл қалдықтарын қалпына келтіру және регенерация және қайта пайдалану үшін қалдық сұйықтықтарды кәрізге немесе қабылдағыштарға төгу уақытын реттеу;

      өңдеу топтамасы аяқталған соң перфокарталарды босату;

      бақылау картасына сәйкес сынамаларды іріктеу;

      барабандардан көнді түсіру.

      170. Білуге тиіс:

      автоматты режимде жібіту және күлдеу технологиялық процестерін жүргізу тәртіптері;

      былғары шикізатының түрлері және оны консервілеу әдістері;

      жібіту және күлдеу технологиялық процестерін бақылау әдістері;

      қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттері және олармен жұмыс істеу тәртіптері;

      дайындалған және пайдаланылған жұмыс сұйықтықтарының технологиялық көрсеткіштері, сынамаларды іріктеу әдістері, қызмет ету жабдығы, басқару тетігі, автоматика жүйелері;

      бақылау және өлшеу құралдарын пайдалану және реттеу тәртіптері;

      берілген бағдарламасы бар перфокарталарды қолдану тәсілдері және олардың мақсаты.

19-параграф. Күлсіздендіру, жұмсарту аппаратшысы, 4-разряд

      171. Жұмыс сипаттамасы:

      анағұрлым жоғары біліктілігі бар күлсіздендіру, жұмсарту аппаратшысының басшылығымен көннен әкті ішінара немесе толық жою, ал жоғарғы теріні өңдеу кезінде - коллагенді босаңсыту және талшықаралық затты жою мақсатында аппараттарда күлсіздендіру, жұмсарту, күлденген көнді жуып шаю технологиялық процесін жүргізу;

      жұмыс және пайдаланылған сұйықтықтарды тасымалдау үшін сорғыларды, құбырларды дайындау, құбырлардың вентилдерін, аппараттардағы клапандарды ашу және жабу;

      аппараттарға көнді салу және оны технологиялық процесс аяқталған соң түсіру;

      көнді механикаландырылған тиеу және түсіру кезінде дайындық жұмыстарын жүргізу (рамаларға ілу, тиеу бункерлеріне салу және өзге де);

      аппараттан түсірген соң көнді төсеу.

      172. Білуге тиіс:

      күлсіздендіру, жұмсарту технологиялық процестерін жүргізу тәртіптері;

      көннің және қолданылатын материалдардың қасиеттері;

      көрсету аппараттарының, бақылау және өлшеу құралдарының құрылысы, жұмыс қағидаты;

      көтеру-көлік құрылғыларын пайдалану тәртіптері.

20-параграф. Күлсіздендіру, жұмсарту аппаратшысы, 5-разряд

      173. Жұмыс сипаттамасы:

      көннен әкті ішінара немесе толық жою, ал жоғарғы теріні өңдеу кезінде - коллагенді босаңсыту және талшықаралық затты жою мақсатында баркастарда, барабандарда және өзге аппараттарда күлсіздендіру, жұмсарту, күлденген көнді жуып шаю технологиялық процестерін жүргізу;

      аппараттарда жұмыс ерітінділерін жасау;

      есептеулер және жүргізілген талдаулардың деректері негізінде ерітінділерді түзету (концентрацияны, сұйықтық коэффициентін, температураны және өзге параметрлерді);

      технологиялық процестердің барысын бақылау және олардың аяқталуын анықтау;

      күлсіздендіру, жұмсарту процестерін жүргізу кезінде жұмыс ерітінділерінің, жартылай фабрикаттардың сынамаларын іріктеу.

      174. Білуге тиіс:

      күлденген көнді күлсіздендіру, жұмсарту, жуып шаю процестерін жүргізудің технологиясы;

      талдаулардың түрлері, оларды жүргізу және сынамаларды іріктеу әдістері (технологиялық процестер бойынша);

      көнді күлсіздендіру және жұмсарту процестерінің аяқталуын анықтау тәсілдері және оның белгілері;

      қолданылатын индикаторлардың мақсаты (метилрот, фенолфталеин және өзгелер), көнді өңдеудің болуы мүмкін ақаулары және оларды жою тәсілдері;

      қолданылатын жабдықты, бақылау және өлшеу құралдарын пайдалану және реттеу тәртіптері.

21-параграф. Қыл жинау қоспасымен терілерді өңдеуші, 3-разряд

      175. Жұмыс сипаттамасы:

      терінің өзеңімен қылдың байланысын әлсірету үшін қыл жинау қоспасымен терінің бахтармасын қолмен өңдеу;

      қыл жинау қоспасын жасау және оны кішкентай бактерге құю;

      қыл жинау қоспасын қолмен жағу үшін терілерді төсеу және оларды белгіленген биіктікте қатарлап жинау.

      176. Білуге тиіс:

      қыл жинау қоспасымен терілерді өңдеу тәсілдері;

      қыл жинау қоспасының құрамы мен қасиеттері;

      терілер төсеу және қатарлап жинау тәртіптері.

22-параграф. Қыл жинау қоспасымен терілерді өңдеуші, 4-разряд

      177. Жұмыс сипаттамасы:

      терінің өзеңімен қылдың байланысын әлсірету үшін қыл жинау қоспасымен терінің бахтармасын жағу агрегатында өңдеу;

      терілерді агрегаттың тасымалдау таспасына салу, оның жұмысын бақылау;

      қыл жинау қоспасының бүріккіштеріне ауаның қысымын реттеу және теріге жағылған қыл жинау қоспасының жеткілікті мөлшері мен біркелкілігін бақылау;

      агрегатты жөндеу;

      қыл жинау қоспасы бүріккіштерінің форсункаларын тазалау.

      178. Білуге тиіс:

      қыл жинау қоспасы мен теріні өңдеу (жағу) технологиясы;

      қыл құрылысының ерекшеліктерін және оның өзеңде жату тереңдігі;

      жағу агрегатының, қолданылатын бақылау және өлшеу құралдарының құрылысы мен әрекет ету қағидаты;

      жағу агрегатының және бүріккіштер форсункаларын тазалаудың жөндеу, реттеу тәртіптері.

23-параграф. Лак әзірлеу аппаратшысы, 6-разряд

      179. Жұмыс сипаттамасы:

      арнаулы аппараттарда былғары үшін лак әзірлеудің (пісірудің) технологиялық процесін жүргізу;

      жабық сыйымдылықтарда қажетті химиялық материалдарды сүзу, тұндыру, араластыру және ұстау жолымен дайындау;

      еріткіштердің ортасында реакцияға түсетін компоненттерді араластыру;

      технологиялық процесті реттеу және жүргізілетін талдаулардың деректері негізінде пісіру процесінде лактың физикалық және химиялық көрсеткіштерін түзету;

      лактың даярлығын анықтау;

      лакты тұндырғыштар мен жиғыштарға айдап жіберу.

      180. Білуге тиіс:

      пісірудің технологиялық режимін және лак дайындығының белгілері;

      лак әзірлеудің рецептурасы, лакты әзірлеу үшін арнаулы ақпаратқа материалдарды салу тәртібі, олардың өзара әрекеттесуі;

      улы, тез жанатын материалдарды қолдану тәртіптері;

      сынамаларды іріктеу тәртібін және лакты әзірлеу процесінің технологиялық режимін түзету әдістері;

      қызмет көрсету жабдығының, бақылау және өлшеу құралдарының, сорғылардың, коммуникациялардың құрылысы мен реттеу тәртіптері.

24-параграф. Су-химиялық өңдеу аппаратшысы, 4-разряд

      181. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету аппараттарында былғары шикізатын жібіту, суландыру және жуып шаю технологиялық процесін жүргізу;

      шикізатты, ерітінділерді, химикаттарды, материалдарды тасымалдау;

      қолданылатын жабдықтың жөнділігін және оның жұмысқа дайындығын тексеру;

      барабанда тұщы-құрғақ және құрғақ-тұзды былғары шикізатын шаю және бөлшектеу бойынша дайындық жұмыстарын орындау;

      қолмен немесе станокта терілерде тесіктерді ою және тесу;

      қайта жинау және электроворотпен түсіру кезінде терілерді төсеу және үздіксіз таспаларға байлау, рамаларға ілу немесе кеспектер мен барабандарға салу кезінде тиейтін бункерлерге жинап қою;

      өткір ерітінділерді, антисептиктерді жасау, оларды аппараттарға құю;

      қыздыру және жұмысшы сұйықтықтарын нығайту;

      механикаландырылған тәсілмен шикізатты аппараттарға салу және одан түсіру;

      температуралық режимді және аппараттардың айналу жылдамдығын реттеу;

      ерітінділерді ағызып жіберу.

      182. Білуге тиіс:

      былғары шикізатын су-химиялық өңдеу өндірісінің технлогиясы;

      қолданылатын өткірлеушілердің қасиеттері;

      жібіту процесінде терілерді суландыру дәрежесін анықтау тәсілдері;

      қызмет көрсету аппараттарының құрылысы, олардың айналу жылдамдығын және температуралық режимін реттеу тәсілдері;

      қолданылатын көтеру-көлік механизмдерін пайдалану тәртіптері.

25-параграф. Сығу жабдығының машинисі, 3-разряд

      183. Жұмыс сипаттамасы:

      бір мезгілде терілерді шешумен бірге нығыздауыштарда және білікті машиналарда терілерден ылғалды сығу;

      терілерді машинаның біліктеріне немесе нығыздауышқа төсеу;

      қысымды және өңделетін терілердің түріне және қалыңдығына байланысты біліктердің арасындағы саңылауды реттеу;

      нығыздауышты тоқтату және терілерді түсіру;

      сығылған терілерді төсеу.

      184. Білуге тиіс:

      нығыздауыштар мен білікті машиналарда терілерді сығу тәртіптері;

      тері тінінің құрылымы мен қасиеттері;

      сығуға дейін және одан кейін ылғалдылық нормалары;

      қысымды және біліктер арасындағы саңылауды реттеу тәртіптері;

      нығыздауыш пен білікті машина механизмдерінің құрылысы мен әрекет ету қағидаттары.

26-параграф. Сығу жабдығының машинисі, 4-разряд

      185. Жұмыс сипаттамасы:

      өтетін сығу машинасында терілерден ылғалды сығу, оның жұмысын байқау және бақылау;

      маншонды майсыздандыру құраммен өңдеу;

      сығудан соң терілердің ылғалдылығын органолептикалық анықтау;

      машинаны жөндеу;

      маншонды жуып шаю үшін ыстық суы бар вентильді ашу және жабу;

      маншонды жөндеу мен ауыстыруға қатысу.

      186. Білуге тиіс:

      өтетін сығу машинасында теріні сығу тәртіптері;

      теріні сығу технологиялық процесінің барысын бақылау және реттеу тәртіптері;

      сығу машинасының жұмыс істеу қағидаты;

      сығу машинасы тораптарын жөндеу, дұрыстау тәртіптері;

      маншонды ауыстыру тәсілдері.

27-параграф. Сығу жабдығының машинисі, 5-разряд

      187. Жұмыс сипаттамасы:

      теріден ылғалды жою, қыртыстарды, әжімдерді кетіру және тері ауданын ұлғайту мақсатында білікті машинада теріні сығу және езу;

      реверстік механизммен терінің шеткі учаскелерін және табандарын өңдеу, сығу және езу операцияларын өткізуге терінің дайындығын анықтау;

      машинаның жұмысын байқау және бақылау;

      сығу үшін фетр және резеңкеленген біліктердің арасындағы қысымды, өңделетін терілердің түрі және қалыңдығына байланысты езу үшін пышақты және резеңкеленген біліктердің арасындағы саңылауды реттеу;

      вакуумдық кептіргішке беру үшін өңделген терілерді таспалық транспортерлерге салу;

      фетрлі білікке су беруді реттеу;

      майсыздандырушы құраммен фетрлі жеңді өңдеу;

      фетрлік жеңді жөндеу мен ауыстыруға қатысу;

      машинаны реттеу және жөндеу.

      188. Білуге тиіс:

      терілерді сығу және езу технологиялық операцияларын жүргізудің тәртіптері мен тәсілдері, олардың құрылымы мен қасиеттері;

      сығуға дейін және одан кейін терілердің ылғалдылық нормалары;

      терілерді езу сапасына қойылатын талаптар;

      терілерді өңдеу ақауларын және оларды жою әдістері;

      білікті машинасының құрылысы, оны пайдалану, реттеу және жөндеу мен дұрыстауды жүргізудің тәртіптері.

28-параграф. Тері илеу аппаратшысы, 4-разряд

      189. Жұмыс сипаттамасы:

      анағұрлым жоғары біліктілігі бар тері илеу аппаратшысының басшылығымен аппараттарда технологиялық карталарға сәйкес шикі теріні илеу, сондай-ақ пикельдеу және хромдау технологиялық процесін жүргізу;

      алаңшаларға, вагонеткаларға, стеллаждарға терілерді тиеу, түсіру және төсеу;

      жасалған және пайдаланылған химиялық ерітінділерді айдап жіберу үшін жабдықты дайындау, оларды аппараттар мен жиғыштарға құю және айдап жіберу;

      технологиялық процесті бақылау;

      газдарды шығару және аппараттардан пайдаланылған ерітінділерді ағызып жіберу.

      190. Білуге тиіс:

      тері илеу, пикельдеу, хромдау технологиялық процестерін жүргізу тәртіптері;

      былғары шикізатының түрлерін, аппараттарға жартылай фабрикаттарды салу нормалары;

      қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттері және олардың өзара әрекеттесуі;

      аппараттар мен жиғыштарға химиялық ерітінділерді құю және айдап жіберу тәртіптері, қызмет ету аппараттарының, бақылау және өлшеу құралдарының құрылысы;

      әрекет ету қағидатын және сөлдік, су, бу мен ауа коммуникацияларының схемасы;

      қолданылатын көтеру-көлік құрылғыларын пайдалану тәртіптері.

29-параграф. Тері илеу аппаратшысы, 5-разряд

      191. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары жартылай фабрикатын алу мақсатында аппараттарда шикі теріні илеу, пикельдеу, хромдау технологиялық процестерін жүргізу;

      пикельдік және хромдық ерітінділерді жасау, химиялық материалдарды, илеу экстрактілері мен сөлдерді мөлшерлеу;

      жасалған және пайдаланылған илеу сөлдерін айдап жіберу үшін жабдықты таңдау;

      температуралық режимді бақылау, талдаулар мен есептеулердің негізінде шикі теріні өңдеу процесінде жұмыс ерітінділерінің технологиялық көрсеткіштерін түзету;

      жұмыс ерітінділерінің, жартылай фабрикаттарының, пайдаланылған сөлдердің сынамаларын іріктеу және пикельдеу, хромдау процесінде және илеу мен шаюдан соң түсіру алдында жартылай фабрикаттардың дайындық дәрежесін анықтау.

      192. Білуге тиіс:

      илеу, пикельдеу, хромдау технологиялық процестерін жүргізу тәртіптері, терінің топографиясы мен қасиеттері;

      шикі теріні өңдеу процесінде сынамаларды іріктеу мен талдауларды алу, болуы мүмкін ақауларды жою әдістері;

      қызмет ету жабдығын, бақылау және өлшеу құралдарын пайдалану және реттеу тәртіптері.

30-параграф. Тері илеу аппаратшысы, 6-разряд

      193. Жұмыс сипаттамасы:

      басқару тетігінен барабан-автоматтарда шикі теріні илеу, пикельдеу және хромдау технологиялық процестерін жүргізу;

      басқару тетігіне бағдарламалы перфокарталарды орнату және автоматты режимде жұмыс істеу үшін барабандарды іске қосу;

      тері илеу технологиялық процесінің барысын, химиялық материалдарды мөлшерлеуді, барабандардың жұмысын басқару тетігінен бақылау;

      перфокарталардың өту дұрыстығын, аппараттардың жұмысын байқау;

      бақылау және өлшеу, реттеу, белгі беруші құралдарды орнату және олардың көрсетуі бойынша технологиялық процестердің барысын бақылау;

      барабандардың айналу жылдамдығын, жұмыс сұйықтықтарының көлемі мен температурасын мөлшерлеуді, жартылай фабрикаттарды өңдеу уақытын (технологиялық процестер бойынша), ерітінділерді, химикаттарды беру (айдап жіберу) және пайдаланылған сұйықтықтарды ағызып жіберу уақытын реттеу;

      жұмыс циклі аяқталған соң перфокарталарды босату;

      бақылау картасына сәйкес сынамаларды іріктеу;

      барабандардан жартылай фабрикаттарды түсіру.

      194. Білуге тиіс:

      автоматты режимде тері илеу, хромдау, пикельдеу технологиялық процестерін жүргізу тәртіптері;

      терілердің топографиясы;

      былғары шикізатының түрлері;

      қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттері;

      жасалған және пайдаланылған жұмыс сұйықтықтарының технологиялық көрсеткіштері;

      сынамаларды іріктеу әдістері;

      былғары жартылай фабрикаттарының болуы мүмкін ақауларын және оларды жою тәсілдері;

      қызмет ету жабдығы, басқару тетігі, автоматика жүйелері, бақылау және өлшеу құралдарын пайдалану және реттеу тәртіптері;

      берілген бағдарламасы бар перфокарталарды қолдану тәсілдері және мақсаты.

31-параграф. Тері илеу экстрактілерін әзірлеу аппаратшысы, 4-разряд

      195. Жұмыс сипаттамасы:

      ашық аппараттар мен қысымдалған аппараттарда синтетикалық және өсімдік илеу материалдарынан жасалған тері илеу экстрактілерін әзірлеудің технологиялық процесін жүргізу;

      белгіленген тығыздыққа дейін тері илеу экстрактілерін еріту;

      тері илеу экстрактілерін әзірлеу процесінде аппараттарда сұйықтықтың температурасы мен деңгейін реттеу;

      дайындығын анықтау және жүргізілетін талдаулар негізінде әзірленген тері илеу экстрактілерінің химиялық және физикалық көрсеткіштерін түзету;

      әзірленген тері илеу экстрактісін тұндырғыштар мен жиғыштарға айдап жіберу.

      196. Білуге тиіс:

      қызмет ету аппараттарында тері илеу экстрактілерін әзірлеу технологиясы мен тәртіптері;

      қызмет ету жабдығының, бақылау және өлшеу құралдарының, сорғылар мен коммуникациялардың құрылысы, оларды пайдалану тәртіптері;

      қысымдалған аппараттарға қызмет көрсету тәртіптері;

      тері илеу экстрактісінің дайындығын анықтау әдістері.

32-параграф. Тері илеу экстрактілерін әзірлеу аппаратшысы, 5-разряд

      197. Жұмыс сипаттамасы:

      арнаулы аппараттарда бастапқы материалдардан тері илеу экстрактілерін әзірлеудің технологиялық процесін жүргізу;

      бастапқы материалдарды мөлшерлеу, араластыру;

      хром тұздарын қайта қалпына келтіру процесінде аппараттарда сұйықтықтың деңгейі мен температурасын бақылау және реттеу;

      сынамаларды іріктеу нәтижесінде алынған зертханалық талдаулардың негізінде хром экстрактісінің дайындығын анықтау;

      хром экстрактісінің химиялық көрсеткіштерін түзету;

      әзірленген экстрактіні пайдалану орнына беру;

      пайдаланылған хром сөлдерінен алынған хром тотығы гидратын тұндыру;

      тұнбаны бөліп алу, вакуумдық барабандар мен өзге сүзгілерде тұнбаны құрғату және сүзгілеу;

      күкірт қышқылы ерітіндісінде құрғатылған тұнбаны еріту;

      шығыс материалдарының есебін жүргізу.

      198. Білуге тиіс:

      хром тері илеу экстрактісін әзірлеудің технологиялық режимі мен рецептурасы;

      хром тұздарын қайта қалпына келтіру процесін орындаудың тәртібі;

      хром экстрактісін пісіру процесінде химиялық заттардың өзара әрекеттесуі;

      арнаулы аппараттар, қызмет көрсету бақылау және өлшеу құралдары, сорғыларды және коммуникацияларды реттеу тәртіптері;

      шығыс материалдарының есебін жүргізу тәртіптері.

33-параграф. Терілерді бояушы, 4-разряд

      199. Жұмыс сипаттамасы:

      техникалық талаптарға сәйкес қызмет көрсету аппараттарында бояу, бейтараптау, майлау және жуып шаю технологиялық процестерін жүргізу;

      химиялық заттар мен майлардың жұмыс ерітінділерін жасау;

      оларды аппараттарда мөлшерлеу, аппараттарға терілерді салу және оларды таяныштарға, алаңшаларға және өзгелерге төсеумен қоса түсіру;

      жуып шаю, бейтараптау, бояу және майлау процесінде жұмыс ерітінділері мен жартылай фабрикаттардың технологиялық көрсеткіштерінің өзгеруін бақылау және оларды түзету;

      өңдеу процесінде және аппараттардан терілерді түсірудің алдында жартылай фабрикаттардың дайындық дәрежесін анықтау.

      200. Білуге тиіс:

      бояу, майлау технологиялық процестерін және дайындық операцияларын жүргізудің тәртіптері;

      тері мен қолданылатын химиялық заттардың қасиеттері, олардың өзара әрекеттесуі;

      тері өңдеудің болуы мүмкін ақаулары, олардың алдын алу шаралары мен жою тәсілдері;

      қызмет көрсету жабдығы мен коммуникациялардың құрылысы және оларды пайдалану тәртіптері.

34-параграф. Терілерді езуші, 3-разряд

      201. Жұмыс сипаттамасы:

      көп столды машиналар мен сүргілеу үлгісіндегі машиналарда терілерді езу;

      қыртыстарды, әжімдерді жою және ауданын ұлғайту мақсатында терінің табандары мен шеткі учаскелерін өңдеу;

      езу операциясын өткізуге терінің дайындық дәрежесін анықтау.

      202. Білуге тиіс:

      көп столды машиналар мен сүргілеуші үлгісіндегі машиналарда терілерді езу әдістері;

      тері өңдеудің болуы мүмкін ақаулар (сыдыру, жыру, нашар езу, ажырау, үзілу), оларды анықтау және жою тәсілдері;

      қолданылатын машиналарды реттеу және пайдалану тәртіптері.

35-параграф. Терілерді езуші, 4-разряд

      203. Жұмыс сипаттамасы:

      білігі бар машиналарда және циклялармен қолмен юфть пен шевроны (ешкі былғарысын) қыртыстарды, әжімдерді жою және ауданын ұлғайту мақсатында езу;

      біліктер арасындағы саңылауды, қыздырылатын біліктің температурасын реттеу;

      өңделген жартылай фабрикатты төсеу;

      цикляларды түзету.

      204. Білуге тиіс:

      білігі бар машиналарда теріні, циклялармен қолмен юфть пен шевроны (ешкі былғарысын), өңделген былғарылық жартылай фабрикаттарды төсеу тәртіптері;

      білігі бар машиналардың құрылысы, оларды реттеу және жөндеу тәртіптері;

      цикляларды түзету тәсілдері.

36-параграф. Терілерді езуші, 5-разряд

      205. Жұмыс сипаттамасы:

      қыртыстарды, қатпарларды жою және ауданын ұлғайту мақсатында барабанды машиналарда терілерді езу;

      өңделетін терілердің қалыңдығы мен түріне байланысты пышақты және тірек барабандарының арасындағы саңылауды реттеу.

      206. Білуге тиіс:

      барабанды машиналарда терілерді езу тәртіптері;

      барабанды машиналардың құрылысы, оларды реттеу және пайдалану тәртіптері.

37-параграф. Терілерді жұқартушы, 3-разряд

      207. Жұмыс сипаттамасы:

      транспортер таспасынан терілерді алумен қоса өтетін катоктармен терілерді жұқарту;

      өтетін катоктар роликтерінің теріге қысымын реттеуге қатысу және оның жұмысын бақылау.

      208. Білуге тиіс:

      өтетін катоктармен теріні жұқарту тәртіптері;

      жұқартуға дейін және одан кейін былғары жартылай фабрикаттарына қойылатын талаптар;

      терілерді жұқартатын өтетін катоктардың құрылысы мен әрекет ету қағидаты.

38-параграф. Терілерді жұқартушы, 4-разряд

      209. Жұмыс сипаттамасы:

      қыртыстарды, дақтарды терінің беткі жағында болдырмай, мүлтіксіз өтетін таптауыштың транспортеріне терілердің бетін жоғары қаратып төсеумен қоса теріні нығыздау және оған қажетті қаттылықты беру мақсатында өтетін таптауыштарда терілерді жұқарту;

      таптауыш роликтерінің теріге қысымын реттеу.

      210. Білуге тиіс:

      дайын теріні тағайындауды ескере отырып, өтпелі таптауыштармен теріні жұқарту тәсілдері;

      өтпелі таптауыштарды техникалық пайдалану және таптауыш роликтердің теріге қысымын реттеу тәртіптері.

39-параграф. Терілерді жұқартушы, 5-разряд

      211. Жұмыс сипаттамасы:

      гидравликалық өтпейтін таптауыштарда теріні нығыздау және оған қажетті қаттылықты, төзімділікті, жалтырақты беру мақсатында терілерді жұқарту;

      үстел плитасына беткі жағын жоғары қаратып терілерді төсеу және оларды учаскелер бойынша жұқарту;

      жұқарту роликтерінің теріге қысымын оның мақсатына сәйкес реттеу;

      таптауыштың басқару тетігінде орналасқан бақылау және өлшеу құралдарын байқау.

      212. Білуге тиіс:

      дайын теріні тағайындауды ескере отырып, гидравликалық өтпейтін таптауыштарда жұқартудың технологиялық режимі;

      гидравликалық өтпейтін таптауыштар мен бақылау және өлшеу құралдарының құрылысы, оларды жөндеу тәртіптері.

40-параграф. Терілерді лактаушы, 5-разряд

      213. Жұмыс сипаттамасы:

      бетіне айнадай жылтырақ беру мақсатында шашатын машинада терілерді лактау;

      лактауға терілерді дайындау, оларды рамаларға керу, терінің бетін шаңнан тазарту, майсыздандыру төсеме бояу жағу;

      кептіргіштерге терілерімен бірге рамаларды орнату;

      лакты тасымалдау, сүзгіден өткізу және шашатын машинаның шығыс сыйымдылығына құю;

      лак шашатын машинаның жұмысын және лактың берілуін бақылау;

      лак шашатын машинаны реттеу және жөндеу;

      кептіру қондырғысында терілерді кептірудің технологиялық режимін реттеу;

      кептіру процесінде лакталған терілердің дайындығын анықтау, рамалардан терілерді түсіру және дестелеп жинау;

      терінің жасанды бетін жасау үшін полиуретандық қабықшалы былғары жартылай фабрикатын қосарлау;

      матрицаларды даярлау және оларды төсеме бояуға дайындау;

      қосарлауға былғары жартылай фабрикатының жарамдылығын тексеру және оны дайындау;

      бүріккіш камераларында матрицаға полиуретандық қабықшаны жағу;

      полиуретанды матрицаға былғары жартылай фабрикатын жазумен қоса төсеу;

      берілген қосылымдағы, тұтқырлықтағы, температурадағы полиуретандық қоспалардың берілуін, матрицалардың берілу жылдамдығын және өзгелерді бақылау;

      матрицалардан терілерді түсіру және оларды полимеризациялау үшін кептіргіштерге ілу;

      тозған матрицалардағы полиуретандық қабықшаны қалпына келтіру.

      214. Білуге тиіс:

      терілерді лактаудың, полиуретанды қабықшалы былғары жартылай фабрикаттарын қосарлаудың тәртіптері, тәсілдері мен әдістері;

      лактаумен қосарлауға жіберілетін жартылай фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптар;

      төсеме бояудың, лак пен полиуретандық қоспалардың қасиеттері;

      лакталған, қосарланған терілерді кептірудің технологиялық режимі және олардың дайындық белгілері;

      лакталған және қосарланған терілерге қойылатын мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттар;

      лакталған және қосарланған терілердің дайындығын анықтау әдістері;

      қызмет көрсету жабдығының құрылысы және әрекет ету қағидаты мен реттеу тәртіптері.

41-параграф. Терілерді майлаушы, 3-разряд

      215. Жұмыс сипаттамасы:

      үстелге терілерді жаюмен бірге оларды қолмен майлау технологиялық процесін жүргізу;

      қолмен терілерге толтырғыштарды енгізу;

      теріден жасалған техникалық бұйымдарды майлау;

      майлау қоспаларын жасау және оларды жұмыс орнына тасымалдау.

      216. Білуге тиіс:

      терілерді майлау және толтыру процестерін орындау тәртіптері;

      майлау қоспаларының қасиеттері және олардың терімен өзара әрекеттесуі.

42-параграф. Терілерді майлаушы, 4-разряд

      217. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет көрсету аппараттарында және машиналарда терілерді майлау және толтыру технологиялық процестерін жүргізу;

      майлау және толтыру қоспаларын құю;

      терілерді таяныштарға, алаңшаларға және өзге де жаюмен қоса оларды салу және түсіру;

      майлау қоспаларының температурасы мен қосылымын, сұйықтық коэффициентін, температураны және технологиялық процестің өзге параметрлерін түзету, оларды түсіру алдында терілердің дайындығын анықтау;

      майланған терілерді сумен шаю.

      218. Білуге тиіс:

      қызмет көрсету жабдығында теріні майлауды жүргізу технологиясы;

      терілердің түрлері мен ассортименті;

      терілерді майлау және толтыру процесінің технологиялық параметрлерін түзету тәсілдері;

      терілердің дайындығын түсіру алдында анықтау әдістері, олардың сапасына қойылатын талаптар;

      терілерді салу, түсіру және жаю тәртіптері;

      қызмет көрсету жабдығы және коммуникацияларды пайдалану тәртіптері.

43-параграф. Терілерді нығыздаушы, 2-разряд

      219. Жұмыс сипаттамасы:

      қолмен немесе аспаптардың көмегімен теріге суретті нығыздап-күйдіру;

      терілерді қолмен үтіктеу;

      жартылай фабрикаттарды тасымалдау.

      220. Білуге тиіс:

      қолмен теріге суретті нығыздап-күйдіру тәсілдері;

      терілерді үтіктеу және жартылай фабрикаттарды тасымалдау тәртіптері.

44-параграф. Терілерді нығыздаушы, 3-разряд

      221. Жұмыс сипаттамасы:

      тері бетін тегістеу және онда жабынды бекіту мақсатында теріні нығыздау немесе нығыздауыштарда қыздыру плиталарымен терінің беткі жағына бедерлерді ою;

      терінің түрі мен жаба бояуға байланысты температураны, қысымды және ұстау уақытын реттеу.

      222. Білуге тиіс:

      теріні нығыздау жолдары;

      терілер мен жабынның қасиеттері, жоғары температура мен қысымның әсерімен олардың өзгеруі;

      нығыздауға дейін және одан кейін былғары жартылай фабрикатына қойылатын талаптар;

      қызмет көрсету жабдығын реттеу тәртіптері, оның әрекет ету қағидаты.

45-параграф. Терілерді нығыздаушы, 4-разряд

      223. Жұмыс сипаттамасы:

      терілерді нығыздау немесе нығыздауыш-жартылай автоматтарда бедерді өрнектеу (тілу);

      теріні нығыздауды жүргізудің қажетті параметрлерін қамтамасыз ету үшін автоматты жүйелер мен бақылау және өлшеу құралдарын күйге келтіру және жөндеу: плиталардың температурасын, қысым астында терілерді ұстау уақытын және өзгенығыздауыштың плиталарына терілерді төсеу;

      нығыздауыштың, автоматты жүйелердің, бақылау және өлшеу құралдарының жұмысын бақылау;

      нығыздауыштан соң терілерді түсіру, оларды қадақтарға ілу;

      қағаз қабаттары мен қайта салумен қоса таяныштарға немесе тіркемелерге салу.

      224. Білуге тиіс:

      нығыздауыш-жартылай автоматтарда терілерді нығыздауыштың жолдары;

      терілерді нығыздау технологиясы, терілерді нығыздау кемістіктері және оларды жою тәсілдері;

      қызмет көрсетілетін нығыздауыштың, автоматты жүйелердің, бақылау және өлшеу құралдарының құрылысы, оларды күйге келтіру және жөндеу тәртіптері.

46-параграф. Теріні бояу және майлау аппаратшысы, 5-разряд

      225. Жұмыс сипаттамасы:

      басқару тетігінен барабан-автоматтарда теріні бояу, майлау, бейтараптау, илеу технологиялық процестерін жүргізу;

      басқару тетігіне бағдарламалы перфокарталарды орнату және автоматты режимде жұмыс істеу үшін барабандарды қосу;

      технологиялық процестердің барысын, химиялық материалдарды мөлшерлеуді, барабандардың жұмысын басқару тетігінен бақылау;

      бақылау және өлшеу, реттеу, белгі беретін құралдарды орнату және технологиялық процестердің барысы жөніндегі олардың көрсетулерін байқау;

      технологиялық процестерді жүргізу кезінде терілерді өңдеу уақытын реттеу;

      су және ерітінділерді берудің уақыты мен көлемін, пайдаланылған сұйықтықтарды ағызып жіберуді;

      өңдеу циклі аяқталған соң перфокарталарды босату;

      бақылау картасына сәйкес сынамаларды іріктеу;

      терілерді барабандардан кассеталарға түсіру.

      226. Білуге тиіс:

      автоматты режимде терілерді бояу, майлау, бейтараптау, илеу процестерін жүргізу технологиясы;

      былғары жартылай фабрикаттарының ассортименті;

      орындалатын технологиялық процестерді бақылау әдістері;

      қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттері, оларды пайдалану тәртіптері;

      материалдарды ауыстыру мүмкіндіктерін, дайындалған және пайдаланылған жұмыс сұйықтықтарының технологиялық көрсеткіштері;

      сынамаларды іріктеу әдістері, қызмет ету жабдығы, басқару тетігі, бақылау және өлшеу құралдары, автоматика құралдарын пайдалану және реттеу тәртіптері;

      берілген бағдарламасы бар перфокарталарды қолдану тәсілдері және оның мақсаты.

47-параграф. Техникалық былғары мен жонарқа терісін қыздырушы, 4-разряд

      227. Жұмыс сипаттамасы:

      жонарқаны суару процесін жүргізу;

      ерітілген қоспалары бар ваннаны әзірлеу;

      ыстық қоспасы бар ваннаға жонарқаны батыру және оны технологиялық талаптарға сәйкес суару;

      ванналардан жонарқаны көтеру және оны кептіргіштерге ілу;

      ваннада және кептіргіштерде температураны реттеу.

      228. Білуге тиіс:

      жонарқаны суарудың технологиялық режимі;

      терілердің қасиеттері, сіңдіруші қоспалардың еру температурасын реттеу тәсілдері және оларды әзірлеу тәртібі;

      ерітілген қоспалары бар ванна және кептіргіштердің құрылысы мен пайдалану тәртіптері.

48-параграф. Тұзтері бетін тазалаушы, 4-разряд

      229. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары тұзтері бетін тазалаушының басшылығымен былғары шикізатының ірі түрлері тұзтерісінің бет жағын қызмет көрсететін машинада, былғары шикізатының барлық түрлерін науада қолмен тазалау;

      өңдеу тұзтерісінің қалыңдығы мен түріне қарай біліктер арасындағы саңылауларды және су құйылысын реттеуге және баптауға қатысу;

      машинаның, аспаптың пышақ білігін қайрау.

      230. Білуге тиіс:

      қызмет көрсететін машинада және қолмен тұзтері бетін тазалау тәртіптері мен әдістері;

      былғары шикізатының түрлері;

      қызмет көрсететін машина механизмдерінің жұмыс қағидаты және құрылысы;

      қолданылатын аспапты қайрау тәртіптері.

49-параграф. Тұзтері бетін тазалаушы, 5-разряд

      231. Жұмыс сипаттамасы:

      шөгінді мен эпидермис қалдықтары толық жойылғанға дейін қызмет көрсететін машинада былғары шикізаттың барлық түрлері тұзтерісінің бет жағын тазалау;

      кірді сығып алу;

      машинаны жөндеу;

      су құйылысын және өнделетін тұзтерінің қалыңдығына және түріне қарай біліктер арасындағы саңылауларды реттеу.

      232. Білуге тиіс:

      тұзтері бетін тазалау технологиясы;

      тұзтеріні тазалау кезінде ақаулардың пайда болу себептері, олардың алдын алу және жою тәсілдері;

      қызмет көрсететін машинаны жөндеу және реттеу тәртіптері, құрылысы.

50-параграф. Шелді, жүнді, қылшық пен қылды жуып шаю аппаратшысы, 3-разряд

      233. Жұмыс сипаттамасы:

      технологияға сәйкес жуу аппараттарында шелді, жүнді, қылшықты, қылды жуып шаю технологиялық процесін жүргізу;

      жуу ерітінділерін жасау, аппараттарға жуылған қылды, шелді, жүн мен қылшықты салу және түсіру;

      жуып шаю процесін реттеу, технологиялық картаға сәйкес суды және химиялық реагенттерді қосу.

      234. Білуге тиіс:

      шелді, жүнді, қылшықты, қылды шаюдың технологиялық режимі, химиялық реагенттер, олардың қасиеттері мен өзара әрекеттесуі;

      жуу аппаратына бастапқы материалдарды салу тәртібі;

      қолданылатын жабдық пен коммуникацияның құрылысы, қызмет ету және реттеу тәртіптері.

51-параграф. Шикізат пен жартылай фабрикатттарды бақылаушы, 4-разряд

      235. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес бүтін терілерді, хромдық және қызыл емендік әдістермен иленген жартылай терілерді сүргілеу операциясынан өзге, бақыланатын өндірістік процестің әртүрлі сатыларында операцияларды жүргізу кезінде былғары шикізаты мен жартылай фабрикаттарды өңдеу сапасын бақылау;

      шикізат пен жартылай фабрикаттарды өңдеудің технологиялық режимінің сақталуын операцияаралық бақылау;

      ақаулардың пайда болу себептерін анықтаумен қоса шикізат пен жартылай фабрикаттарды жарамсыздыққа шығару және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

      бақылау және өлшеу құралдарын қолданудың дұрыстығын тексеру;

      бақылау-өткізу құжаттамасын жасау.

      236. Білуге тиіс:

      былғары шикізаты мен жартылай фабрикаттардың ассортименті, оларға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      технологиялық операцияларды орындау кезінде өндірістік ақаулардың қолданыстағы шектері және оларды есепке алу тәртібі;

      қызмет көрсету учаскесінде бақыланатын операцияларды орындаудың технологиясы мен тәртіптері;

      бақылау және өлшеу құралдарының және құрал-саймандардың құрылысы мен қолдану тәртіптері;

      бақылау-өткізу құжаттамасын ресімдеу тәртіптері.

52-параграф. Шикізат пен жартылай фабрикатттарды бақылаушы, 5-разряд

      237. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға сәйкес бүтін терілерді, хромдық және қызыл емендік әдістермен иленген жартылай терілерді сүргілеу технологиялық операциясының сапасын бақылау;

      сүргілеудің технологиялық режимін сақтаудың дұрыстығын тексеру;

      тері ақауларының пайда болу себептерін анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

      былғары шикізаты мен жартылай фабрикаттарды органолептикалық бақылау;

      бақылау қабылдауының құжаттамасын ресімдеу.

      238. Білуге тиіс:

      бақыланатын былғары шикізаты мен жартылай фабрикаттарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      бақыланатын технологиялық операцияларды орындаудың ұтымды тәсілдері мен әдістері;

      технологиялық операцияларды орындау кезінде ақаулардың пайда болу себептері мен түрлері, оларды жою тәсілдері;

      былғары шикізаты мен жартылай фабрикаттарды органолептикалық бақылаудың әдістері;

      былғары шикізаты мен жартылай фабрикаттарды бақылау бойынша құжаттарды ресімдеудің тәртіптері.

      239. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

5-тарау. Былғарыдан жасалған техникалық бұйымдардың өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

1-параграф. Бұдырлау машинасының машинисі, 4-разряд

      240. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары және резеңке кептіру жеңдеріне бұдыр және белгілі бір тереңдікте және қашықтықта муфтаны бұдырлау машинасында салу;

      бұйымның өлшемдеріне байланысты тістегершіктерді орнату;

      орнақты баптау, пышақтарын қайрау және түзету;

      бұдырлау станогының біліктеріне кептіру жеңдерін кигізу және түсіру.

      241. Білуге тиіс:

      өңделетін бұйымның сапасына қойылатын талаптар;

      бұдырлау тәсілдері;

      ақаулықтардың пайда болу себептері мен оларды жою әдістері;

      жабдықтарды техникалық пайдалану және баптау тәртіптері.

2-параграф. Былғары жолақтарды керуші, 4-разряд

      242. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары жолақтарды рамаларда, жыртпай және бүкпей, ұзындығы бойынша біркелкі керу;

      рамаларды кептіру үшін салу;

      кептіру камерасындағы температура мен ауа алмасуды реттеу;

      кептірудің аяқталуын айқындау және былғары жолақтарды рамадан алу;

      былғары жолақтарды ұзындығы бойынша сұрыптау.

      243. Білуге тиіс:

      былғары жолақтарды керудің тәртіптері мен тиімді тәсілдері;

      былғарының қасиеттері;

      былғарыны керуге қойылатын талаптар;

      кептірудің температуралық режимі;

      былғары жолақтарды керу мен кептірудің дайын бұйымдардың сапасына тигізетін әсері.

6-тарау. Жеңіл өнеркәсіп өндірісіжұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

1-параграф. Аппретураларды, эмульсиялар мен лактарды жасаушы, 3-разряд

      244. Жұмыс сипаттамасы:

      белгіленген рецептура бойынша желімді, бояуларды, лактарды, аппретураларды, эмульсияларды жасау (дайындау) және балауызды даярлау;

      мөлшерлеу, ұнтақтау, араластырғыштарға салу, бастапқы материалдарды араластыру, алынған қоспаны езіп пісіру;

      бұйымға бояуды сынама жағуды орындау және бояу түсін эталондарға дейін жеткізу;

      алынған қоспаның әзірлігін анықтау.

      245. Білуге тиіс:

      желімнің, бояулардың, лактардың, аппретуралардың, эмульсиялардың, балауыздың рецептурасы, оларды жасау үшін қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттері;

      жеке құрамдас бөліктері мен дайын ерітінділердің, желімнің, бояулардың, лактардың, аппретуралардың жарамдылығының сыртқы белгілері;

      қолданылатын жабдық пен бақылау және өлшеу құралдарының құрылысы және оларды пайдалану тәртіптері.

2-параграф. Бөлшектер мен бұйымдарды жинаушы, 1-разряд

      246. Жұмыс сипаттамасы:

      желімді, мастикті, балауызды, жылтыратып өңдеу майын жағу әдісімен бөлшектер мен бұйымдарды құрастыру бойынша дайындық жұмыстарын орындау;

      желімдеу және желімдеп жабыстыру, тартпа жиектің белгіленген енін, бүгілудің анық сызықтары мен қажетті пішінді қамтамасыз ету.

      247. Білуге тиіс:

      жағу, бөлшектерді желімдеу және бекіту тәртіптері;

      бөлшектердің, фурнитураның түрі, фасондары, өлшемі мен мақсаты;

      желімдеу материалдарының қасиеттері;

      жасалатын бөлшектердің сапасына қойылатын талаптар.

      248. Жұмыс үлгілері:

      1) ұлтарақ - дайын аяқкиімге салу (желімді жақпай);

      2) аяқкиім дайындамасы - дайындаманың үстіңгі бөлігіне қорғаныш қабықшасын жағу;

      3) қалыптар- майды, парафинді, талькті жағу;

      4) табандар мен өкшелер - жылтыратып өңдеу майын немесе балауызды жағу;

      5) ұлтан - кесікке балауызды қолмен жағу;

      желімдеу және желімдеп жабыстыру:

      өкшеастылар:

      желімді жағу:

      1) бүгу және бүру үшін дайындама бөлшектері;

      2) созу үшін аяқкиім ұшы мен бочоктардың бөлшектері;

      3) фликтер;

      4) доппель аяқкиімінің ұш бөлігі мен қаптама;

      5) простилкалар;

      6) дайындамадағы ұшасты;

      7) сыздықтар, сыздықтардың ұшы;

      8) сыздықты аяқкиімнің ізі;

      9) бөлшектерді көмкеру үшін жиектеме;

      жағу және желімдеу:

      1) қайыс-ер бұйымдарының бөлшектері;

      2) футорға сыналар;

      3) аяқкиім бөлшектеріне желімдіккішкене таспалар;

      4) астараралықтар, қапталдықтар, құрсаулар, сыздық ұшының аралық шығырастылары, ілгекастылар, бекітпелер, жиектеме, тартпа және дайындаманың өзге бөлшектері;

      5) ұлтарақтарға мата;

      6) былғары, жасанды былғары мен мата бөлшектеріне поролон, қатырма қағаз, киіз, мақта, қағаз және өзге материалдар;

      желімдеу:

      1) әртүрлі үлгідегі қуыршақ аяқкиімі - желіммен немесе шегелермен материалды бекітумен қатар, желім жағумен қағаз және тоқымамен қаптау, мақта немесе поролонды төсеумен желімдеу;

      2) қатырма қағаз бөлшектері;

      3) ұлтарақтар;

      даяр дайындаманың үстіңгі бөлігіне желімдеу:

      1) бүйір жақтар;

      2) астарлар.

3-параграф. Бөлшектер мен бұйымдарды жинаушы, 2-разряд

      249. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында немесе қолмен жазумен, бөлшектерді ысқылаумен, бетін жазып тегістеумен және берік желімдеуді қамтамасыз етумен қатар желімді жағу әдісімен бөлшектер мен бұйымдарды құрастыру бойынша қарапайым жұмыстарды орындау;

      материалдар мен желімді іріктеу;

      кептіргішке бөлшектерді салу және оларды түсіру.

      250. Білуге тиіс:

      жағу және бөлшектерді желімдеу тәртіптері;

      қолданылатын материалдар мен желімнің қасиеттері мен мақсаты;

      бөлшектер мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;

      қызмет ету машиналарының құрылысы, оларды пайдалану және реттеу тәртіптері.

      251. Жұмыс үлгілері:

      1) ұлтарақ, сірі, өкше, өкше ляписі, өкше қаптамасы, өкше платформасының (сынаның) қаптамасы - желімді жағу;

      2) ұлтан - кесікке ерітілген балауызды жағу;

      3) аяқкиімнің ізі - ыстық қарамайды жағу;

      4) ұлтарақ пен жартылай ұлтарақтар - дайын аяқкиімге желімдеу;

      желімді жағу және желімдеу:

      1) кесінді етіп ұлтаншаға берцылар;

      2) былғарылық техникалық бұйымдардың бөлшектері;

      3) сірі, аяқ ұшы, етік алдына ұлтарақтар;

      4) аяқкиім дайындамасының бүйір жақ бетіне резеңке орамы;

      5) тартпа аяқкиімнің ізіне тоқыма простилкалар;

      желімдеу, қаптау:

      1) ұлтарақ сыздығының ерні - машинада жиектеумен;

      2) қатырма қағаздық жүк бөлшектері - тоқымамен;

      3) ұлтарақтар, платформалар (сыналар) - барлық периметр бойынша жиектемемен немесе былғарымен;

      іштен және сырттан желімдеу:

      қатты конструкциялы қайыс-ер бұйымдары:

      желімдеу:

      1) бөлшектердің шетін ыстық тәсілмен;

      2) әртүрлі материалдардан қайыс-ер бөлшектері мен бұйымдары.

4-параграф. Бөлшектер мен бұйымдарды жинаушы, 3-разряд

      252. Жұмыс сипаттамасы:

      желімдеу және желімдеп жабыстыру әдісімен бөлшектерді, бұйымдарды және күрделі сұлбадағы бұйымдар элементтерін: нығыздауда немесе қолмен аяқкиімнің үстіңгі бөлігінің және былғарыдан жасалған техникалық бұйымдардың бөлшектерін құрастыру бойынша орташа күрделіліктегі жұмыстарды орындау;

      даяр бұйымдар мен бөлшектерді дестелеп жинау.

      253. Білуге тиіс:

      бөлшектер мен бұйымдарды желімдеу және желімдеп жабыстыруға қойылатын талаптар;

      желімнің рецептурасы, сапасы, қасиеттері, шоғырландыру,қолданылатын желімнің шығыс нормалары;

      қызмет ету нығыздауыштың құрылысы, оның қызмет ету және реттеу тәртіптері.

      254. Жұмыс үлгілері:

      желімді жағу:

      тартпа жиектер, ұлтандар (подложкалар), ұлтан кесіктері:

      желімді жағу және желімдеу:

      1) аяқкиімнің ізіне бекітудің барлық түрлерінің дайындамасы;

      2) шеттері бүгілген ұлтаншаға берцылар;

      3) былғары ұлтаншасына аяқкиім көлемдік дайындамасының үсті;

      4) гарнитуралар, әшекейлер және өзге фигуралы бөлшектер;

      5) машинада былғары білікшелі ұлтанға әшекейлік, ысытылған сыздықтар;

      6) оны бүрмелеумен былғарыға резеңке;

      7) берцыларға жұлықтар;

      желімдеу:

      1) шеңберлер;

      2) тілімшелер;

      3) аралық қабаттар;

      4) белдіктер;

      5) аяқкиімнің сыздықтары;

      6) агрегаттар үшін резеңке;

      7) есу жеңдері;

      8) ажарлауыш төсем;

      жинау:

      амортизаторлар, бастар, қайыстар, тойтармалы қайыстар, тартпа.

5-параграф. Бөлшектер мен бұйымдарды жинаушы, 4-разряд

      255. Жұмыс сипаттамасы:

      схемаларға және технологиялық карталарға сәйкес қолмен немесе нығыздауышта желімдеу әдісімен былғарыдан жасалған техникалық бұйымдардың аса күрделі бөлшектерін жинау бойынша күрделі жұмыстарды орындау.

      256. Білуге тиіс:

      жинау әдістері;

      былғарыдан жасалған техникалық бұйымдардың бөлшектерін желімдеуге дайындау тәсілдері;

      жасалатын техникалық бұйымдардың схемаларын оқу тәртіптері;

      қолданылатын желімнің қасиеттері мен шоғырлануы және оның шығыс нормасы;

      қызмет ету жабдығының құрылысы және оны техникалық пайдалану тәртіптері.

      257. Жұмыс үлгілері:

      1) буферлер, гонкалар, қамыттар - жинау, бекіту;

      2) муфталар - желімдеу;

      3) бөлгіш белдікшелер - өлшемін алу, желімдеу, жинау;

      4) есу жеңдері - желімдеу, қайып тігу және тазартумен жинау.

6-параграф. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 1-разряд

      258. Жұмыс сипаттамасы:

      тегістеу, жазу, бұйымның бұрыштары мен тігістерін шырғалау, өң бетін немесе терісін айналдыру жолымен қызмет ету машинасында, электрмен қыздырылатын тегістеуіштер немесе арнаулы аспаптардың көмегімен қолмен бөлшектер мен бұйымдарды қалыптау;

      бөлшектерге, бұйымдарға, қажетті пішінді беру;

      тегістеуіштерді қыздыру температурасын реттеу.

      259. Білуге тиіс:

      бөлшектер мен бұйымдарды қалыптау тәртіптері;

      қалыптанатын бөлшектер, бұйымдар жасалған материалдардың қасиеттері;

      бөлшектердің, бұйымдардың түрі, фасондары және өлшемдері, аяқкиімдайындамасында сірінің орналасуы;

      қызмет ету жабдығын пайдалану және тегістеуіштердің қызу температурасын реттеу тәртіптерін.

      260. Жұмыс үлгілері:

      1) сыздықты ұлтарақтың ерні, ұлтарақтың ерніне бекітілген сыздық - машинада шырғалау, тегістеу-түзету;

      2) аяқкиім дайындамасы өкше бөлігінің қыры - балғамен қолмен қағу, өкшені отырғызу ақауларын жою;

      3) жұмсақ материалдардан жасалған бөлшектер мен бұйымдар - бұрап шығару және қолмен қалыптау;

      4) аяқкиімнің төменгі бөлігінің тері бөлшектері (табан, ұлтарақ, сына) - балғамен қағу;

      5) ортопедиялық аяқкиімнің қатты бөлшектері -нығыздауыштарда қалыптау;

      6) аяқкиімнің үстіңгі бөлігінің дайындамасы - сіріні желімдеуге дейін және одан кейін өкше бөлігін машинада жазу;

      7) спорт доптарының камералары мен қабы - жұмсарту, олардан ауаны қысып шығару;

      8) қолғаптар - қолғаптың бармақтарын нығыздауыш астына қою;

      9) сандал аяқкиімінің сыздықтары - сыздықтардың ұшын біреуін екіншісіне (шырғалаумен қоса) және дайындаманың тартпа жиегіне (табанды қайып тіккеннен соң) қысу;

      10) қолғаптар - правилдерде қалыптау, нығыздауыш астына қою.

7-параграф. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 2-разряд

      261. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында матрицалардың көмегімен, нығыздауыштарда қыздырумен және қыздырусыз, сондай-ақ қолмен рамкаларда, қалыптарда бөлшектер мен бұйымдарды қалыптау;

      бөлшектерге парафинді немесе машина майын жағу;

      бөлшектерге қажетті пішінді беру;

      қалыптанған бөлшектердің тұрақтылығын және қалыптанған бөлшектің кескінін қалыптың кескініне дәл сәйкестігін қамтамасыз ету;

      бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимін сақтау;

      бөлшектер мен бұйымдарда әжімдер мен қыртыстардың пайда болуының алдын алу;

      бөлшектер мен бұйымдарды белгіленген ылғалдылыққа дейін кептіру.

      262. Білуге тиіс:

      бөлшектер мен бұйымдарды қалыптауды орындаудың технологиясы;

      дайын бұйымдарға қойылатын техникалық шарттар, бөлшектер мен бұйымдар жасалған материалдардың қасиеттері;

      бөлшектердің түрі, фасоны мен өлшемдері;

      оларға сәйкес келетін матрицалар, қалыптар, рамкалар;

      бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимі;

      қолданылатын жабдық пен жарақты пайдалану және реттеу тәртіптері.

      263. Жұмыс үлгілері:

      1) бөлшектер (қалталар, клапандар, сыналар, тұтқалар, жақтар, бұрыштар, әшекейлік бүрмелер) және былғары галантерея бұйымдары - электрмен қыздырылмайтын машиналарда немесе қолмен қалыптау және бұрап шығару;

      2) аяқкиімнің бөлшектері (бөлшектер мен дайындамалардағы сірі мен ұшастылар) - машинада қалыптау;

      3) қатты материалдардан жасалған бөлшектер мен бұйымдар - машинада немесе қолмен терісін немесе өң бетін айналдыру;

      4) жұмсақ материалдардан жасалған бөлшектер - машинада теріс немесе өң бетін айналдыру;

      5) аяқкиімнің төменгі бөлігінің бөлшектері - машинада матрицалардың көмегімен немесе қолмен қалыптау;

      6) аяқкиімнің үстіңгі бөлігінің дайындамасы - айналдырумен және астар жағына оны бүгумен қоса көмкермені шырғалау, дайындаманың бүйір жақ қырларын және тартпа жиегін балғамен қағу;

      7) доппель және сандал әдістерімен бекітілген аяқкиім- созу және оны табанға тығыз қысумен бірге дайындаманың тартпа жиегін пластиналармен сығу;

      8) былғары үстіңгі бөлігі бар аяқкиім- ыстық ауамен қалыптау;

      9) айналма аяқкиім- қалыптарда қалыптау;

      10) былғары қолғаптар - машинада немесе қолмен теріс немесе өң бетін айналдыру;

      11) тартылған аяқкиімнің ізі - машинада өкше және ұш бөліктерін қалыптау, тартпа тексті бір мезгілде бүгумен қатар аяқкиім ізінің қырларын түйіндерде және переймаларда қағу;

      12) сыздықты ұлтарақтар - машинада аяқкиімнің сыздығы бойынша жасанды ерін мен тігістерді қалыптау.

8-параграф. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 3-разряд

      264. Жұмыс сипаттамасы:

      ыстық матрицалардың көмегімен нығыздауыштарда, ыстық тегістеуіштерде, гидравликалық нығыздауыштарда металл шаблондардың, қысу қалыптарының көмегімен машинада немесе қолмен бөлшектер мен бұйымдарды қалыптау;

      бөлшектерге, олар жасалған материал мен тігістерді бүлдірмей, қажетті пішінді беру;

      бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимін сақтау және оны реттеу;

      материалды қисайтпай және күйдірмей, қалыптанған бөлшектердің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

      қолданылатын жабдықты дайындау:бөлшектердің фасоны мен өлшемдеріне сәйкес қалыптарды, металл шаблондарды, тегістеуіштерді іріктеу;

      нығыздауыш-қалыптарға бөлшектерді, бұйымдарды салу және қалыптау аяқталған соң түсіру;

      нығыздауыш-қалыптарды бөлшектеу.

      265. Білуге тиіс:

      бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимі мен әдістері;

      қалыптанатын бөлшектер мен бұйымдардың түрлері, конструкциясы, өлшемдері және оларға сәйкес келетін матрицалар, шаблондар, тегістеуішбөлшектер мен бұйымдар жасалған материалдардың қасиеттері;

      қолданылатын жабдықты пайдалану тәртіптері.

      266. Жұмыс үлгілері:

      1) етіктің қоныштары - тігістерді бүлдірмей және оларды шырғалаумен ыстық тегістеуіштерде тегістеп жазумен қоса машинада немесе арнаулы аспаптардың көмегімен қолмен айналдыру;

      2) былғары галантерея бұйымдарының бөлшектері (шабадандардың корпустары, жапқыштары, қатырма қағаз дайындамалары) -нығыздауыштарда немесе металл қалыптарда қолмен немесе рамкаларда қалыптау;

      3) қайыс-ер бұйымдарының бөлшектері - ыстық тәсілмен матрицалардың көмегімен нығыздауышта немесе қолмен қалыптау;

      4) үй және гимнастикалық туфлилердің дайындамасы - машинада немесе арнаулы аспаптардың көмегімен қолмен айналдыру және қалыптау;

      5) модельдік аяқкиімнің дайындамасы - машинада өкше бөлігін қалыптау;

      6) былғары және былғары қатырма қағаз сірілер - металл шаблондар мен қысу қалыптарының көмегімен қалыптау;

      7) құрастырылған былғары өкшелер - металл шаблондар мен қысу қалыптарының көмегімен қалыптау;

      8) аяқкиім - өкшені орнату және өкше бөлігіндегі тартпа жиектің қырына анықтық беру үшін өкше бөлікті алдын ала қалыптау;

      9) қолғаптар - электрмен қыздырылатын тегістеуіштерде оларға алдын ала парафин немесе машина майын жағумен қоса қалыптау;

      10) былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар (тілімшелер, белдіктер, мақта тазалау машиналарының білікшелері үшін дискілер және өзгелер) - гидравликалық нығыздауыштарда және қолмен белгілі бір температурада бұйымдар дайындамаларына әртүрлі заттарды сіңіру және іріктеумен қоса қалыптау.

9-параграф. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 4-разряд

      267. Жұмыс сипаттамасы:

      технологиялық режимге сәйкес нығыздауыштар мен қалыптарда бөлшектерді, бұйымдарды қалыптау;

      нығыздауышты әзірлеу, қалыптарды іріктеу, будың қысымы мен плиталардың температурасын бақылау, қалыптарды бөлшектеу;

      аяқкиім жұлқысының үстіңгі бөлігін, термостатта оны қыздырумен бірге, алдын ала қалыптау;

      сәйкес келетін үлгі мен өлшемдегі қалыптарға аяқкиім дайындамасын кигізу;

      қисайтпай және тігістерді бүлдірмей, қалыпта дайындаманың қажетті орналасуын, дайындама материалын қажетті созуды қамтамасыз ету;

      дайындамаға аяқкиім қалыбының үлгісін беру, тексті қағу.

      268. Білуге тиіс:

      бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимі, оны реттеу тәсілдері;

      дайындамалар мен бұйымдардың, қалыптардың түрі, фасондары, конструкциясы және өлшемдері;

      бөлшектер мен бұйымдар жасалған материалдардың қасиеттері;

      бөлшектер мен бұйымдарды қалыптауға қойылатын талаптар;

      қолданылатын жарақтың түрлері мен мақсаты;

      қолданылатын жабдықтың техникалық пайдалану тәртіптері.

      269. Жұмыс үлгілері:

      1) аяқкиімнің үстіңгі бөлігінің термоиілімді сірісімен, қойылған ұшасты және сірімен бірге дайындамасы - қалыптау;

      2) тартпа және тігу-желімдеп бекіту әдістерінсіз аяқкиім дайындамасы – қалыпта қалыптау;

      3) былғары және былғары қатырма қағаз сірілері - жартылай автоматта және автоматта қалыптау;

      4) тартпа жиек және аяқкиімнің бүйір жақ қыры - "Анклепф" машинасында қағу;

      5) юфть аяқкиімі - машинада аяқ ұшы мен өкшені қалыптау;

      6) былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар (сыналар, бастырмалар, жағалар, манжеттер, қамыттар) - гидравликалық нығыздауыштарда немесе қолмен суда белгілі бір температурада бұйымдар дайындамаларына әртүрлі заттарды сіңіру және іріктеумен қоса қалыптау;

      7) тубустар және футлярлардың өзге бөлшектері -нығыздауыштарда қалыптау.

10-параграф. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 5-разряд

      270. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиім дайындамасын және былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар бөлшектерін нығыздауыштарда немесе қалыптарда қалыптау;

      олардың пуансонға тығыз жатуын қамтамасыз етумен бірге дайындаманың тартпа әдібі мен сіріні сақтаумен қоса аяқкиімнің дайындамасын пуансонға орнату, оларды пуансонға қатысты ортаға дәлдеу;

      қалыпты нығыздауыштау және гелендік бөлікті қалыптау;

      бір мезгілде шершеваттаумен қоса аяқкиімнің ұшы мен өкше бөліктерін, "ПЛКО" желісінде жасалатын аяқкиімнің өкше бөлігін;

      ортопедиялық аяқкиім бөлшектерін қалыпта қалыптау;

      бөлшектерді тарту және оларды қалыпқа бекіту, бөлшектерге қажетті пішінді беру үшін қалыпта ұстау;

      қалыптанған бөлшектердің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

      белгілі бір температурада былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар дайындамаларына әртүрлі заттарды сіңіру және іріктеу;

      қалыптарды іріктеу, оларды нығыздауыштарға орнату;

      будың қысымын және плиталардың температурасын бақылау;

      нығыздауыш - нысанға бұйымдарды салу және қалыптау аяқталған соң оларды түсіру;

      нығыздауыш-қалыптарды бөлшектеу.

      271. Білуге тиіс:

      бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимі;

      қалыптанатын бөлшектер мен бұйымдардың түрі, өлшемі, конструкциясы, олардан жасалған материалдардың қасиеттері;

      қолданылатын жабдықтың құрылысы және оны пайдалану тәртіптері.

      272. Жұмыс үлгілері:

      1) былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар (сыналар, бастырмалар, манжеттер, жағалар, тілімшелер, қайыстар, қамыттар, мақта тазалау машиналары білікшелерінің дискілері) -нығыздауыштар-жартылай автоматтарда, ыстық және суық штамптарда, майды қолданумен қолмен қалыптау;

      2) қалыптанған түйіндер мен бөлшектерден жасалған аяқкиім- сірілер мен аяқ ұштылар қойылған дайындаманың өкше және ұш бөліктерін қалыптау.

11-параграф. Бөлшектер мен материалдарды белгілеуші, 1-разряд

      273. Жұмыс сипаттамасы:

      оларды ары қарай құрастыру кезінде әшекей сызықтарын, сондай-ақ бұйымдар бөлшектеріндегі нүктелерді (бағдарларды) лекалолар немесе шаблондар бойынша белгілеу;

      аяқкиімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектерін тақтап жинау және қызмет ету машинасында немесе қолмен қабаттарды жылжытпай, шаблондағы тесіктер арқылы оларды түйреп тесу;

      бөлшектерді белгінің ұзына бойғы сызығымен ортаға дәл келтіру және бүгу.

      274. Білуге тиіс:

      бөлшектердің түрі, фасондары, өлшемі және оларға сәйкес келетін лекалолар немесе шаблондарды қолдану тәртіптері;

      бөлшектерді белгілеудің тәсілдері мен орындары.

12-параграф. Бөлшектер мен материалдарды белгілеуші, 2-разряд

      275. Жұмыс сипаттамасы:

      тоқыма материалдары мен былғары алмастырғыштарды трафарет бойынша, дайындаманы құрастыру үшін әшекей сызықтары мен нүктелерді (бағдарларды) бедерлеу әдісімен нығыздауыштарда белгілеу;

      белгіленетін материалдың түрі мен еніне сәйкес трафареттерді іріктеу;

      төсемнің жоғарғы қабатына трафаретті жаю және жылжытпай, қисайтпай бояумен, бормен бөлшектердің схемасын төсемнің үстіңгі қабатына түсіру.

      276. Білуге тиіс:

      бөлшектер мен материалдарды белгілеу тәсілдері;

      белгіленетін материалдың түрі мен еніне сәйкес трафареттерді іріктеу;

      қолданылатын жабдықтың құрылысы және оны пайдалану тәртіптері.

13-параграф. Бөлшектер мен материалдарды белгілеуші, 3-разряд

      277. Жұмыс сипаттамасы:

      тоқыма материалдарын, былғары алмастырғыштарды, сондай-ақ техникалық бұйымдар үшін былғарыны трафаретсіз белгілеу;

      олардың тығыз орналасуын белгілеудің жапсарлас сызықтарының арасындағы қажетті қашықтықтығы, негізі және бекіту тетіктері бойынша бөлшектердің дұрыс орналасуын, белгіленген пішіннің жинақтылығы мен оның сан мен сапа бойынша тапсырмаға сәйкес келуін қамтамасыз етумен бірге материалдар төсемінің жоғарғы қабатында лекалоларды орналастыру;

      материалдарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.

      278. Білуге тиіс:

      лекалоларды ұтымды таратудың тәсілдері мен техникалық шарттары және материалдарды пайдалану нормалары;

      бөлшектердің түрі, фасондары, өлшемі және оларға сәйкес лекалолар;

      белгіленетін пішімнің жинағындағы бөлшектер саны;

      белгіленетін тоқыма материалдарының, былғары мен былғары алмастырғыштардың қасиеттері.

14-параграф. Бөлшектер мен материалдарды қосарлаушы, 1-разряд

      279. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында бөлме аяқкиімі үшін бәйкі қатырма қағазы ұлтарақтарын қосарлау.

      280. Білуге тиіс:

      бөлшектер мен материалдарды қосарлау технологиясы мен тәртіптері;

      аяқкиім ассортименті;

      қызмет ету машинасын пайдалану тәртіптері.

15-параграф. Бөлшектер мен материалдарды қосарлаушы, 3-разряд

      281. Жұмыс сипаттамасы:

      желім қабыршығын жағумен үлбір пішімі бөлшектерін немесе тілімдерін мақта-мата кездемесімен қосарлау;

      еріткішпен мехтың терілік арқауын және матаны, орама материалдарды-синтетикалық былғарыны, жасанды былғарыны желім қабыршығы жағылған матамен, термоиілімді негізден жасалған ұлтаншамен, ұлтанша аралықпен былғары пішім бөлшектерін, ұлтанша аралық пен үстіңгі бөлік бөлшектерін, тоқыма ұлтаншасы мен үстіңгі бөлігі бар аяқ ұшының астын механикалық тәсілмен өңдеу;

      мата бөлшектерін жазу және қосарланушылық процесінде оларды айыру, жағу мен жабыстыра желімдеуді бақылау, тасымалдау;

      қосарланатын бөлшектер мен тілімдерді нығыздауышқа төсеу және оларды сығымдау;

      қосарланған материалды орамға шиыршықтау, таңбалау және буып түю;

      тоқыма және синтетикалық материалдардан аппликация жасау;

      түрлі-түсті термикалық жапсырмалар-тоқыма материалдарынан жасалған аяқкиімнің үстіңгі бөлігіне шаблондар бойынша сығымдау арқылы желімдеу.

      282. Білуге тиіс:

      материалдар, бөлшектер, негізді теріні қосарлау технологиясы мен тәртіптері;

      қосарлану материалдарының, еріткіштердің және желімнің шығыс нормалары;

      еріткіштермен жұмыс істеу тәртіптері;

      қолданылатын жабдықтың құрылысы мен техникалық пайдалану тәртіптері.

16-параграф. Бөлшектерді кесуші, 3-разряд

      283. Жұмыс сипаттамасы:

      нығыздауыштарда жасанды былғары кесіндісінен фанерадан, фибрадан, қабықтан, қатырма қағаздан, арнаулы қатырма қағаздан, қағаздан, целлулоидтан, резеңке қоспасы мен өзге материалдардан түрі, фасоны, өлшемі, саны бойынша бөлшектерді кесу кезінде материалдарды ұтымды пайдалануды, бөлшектердің комплектілігін, берілген аудан мен сұлбада таза және тегіс кесікті қамтамасыз ете отырып кесу;

      әртүрлі материалдардан ойыншықтардың бөлшектерін кесу.

      284. Білуге тиіс:

      бөлшектерді кесу тәртіптері;

      бөлшектерді кесу үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері;

      кесілетін бөлшектер, бұйымдар түрлері, фасондары, өлшемдері;

      қолданылатын жабдықты пайдалану тәртіптері.

17-параграф. Бөлшектерді кесуші, 4-разряд

      285. Жұмыс сипаттамасы:

      нығыздауыштарда қайыс-ер бұйымдары және былғары галантерея бұйымдары үшін қатты былғарыдан бөлшектерді, резеңке тілімшелерден, гранитоль, эластикалық, термоиілімді және өзге материалдардан аяқкиімнің төменгі бөлігінің бөлшектерін кесу;

      машинада қайып тігілген және желімделген аяқкиімнің бортшалары үшін етікті, бәтеңкені және гранитольді көмкеру үшін тоқыма және жасанды материалдарды бөлшектеп кесу;

      белгіленген енде қиықты кесу үшін машинаны реттеу;

      кіші және орта нығыздауыштарда фасонына, көлеміне, санына қарай техникалық бұйымдардың бөлшектерін кесу.

      286. Білуге тиіс:

      бөлшектерді кесу тәртіптері;

      қолданылатын материалдардың пайдалану нормалары;

      ұтымды пішудің жүйесі мен әдістері;

      пайдаланылатын материалдар мен кесілген бөлшектерге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      қолданылатын жабдықты пайдалану және реттеу тәртіптері.

18-параграф. Бөлшектерді кесуші, 5-разряд

      287. Жұмыс сипаттамасы:

      нығыздауыштарда жағашықтан, етектен, шошқа терісінен, жылқы ұлтанынан аяқкиімнің төменгі бөлігінің бөлшектерін, тоқыма төсемінен аяқкиімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектерін, техникалық бұйымдар бөлшектерін түрі, фасоны, өлшемі, саны бойынша кесу;

      қолданылатын жабдықты жөндеу.

      288. Білуге тиіс:

      жағашықтан, етектен, шошқа терісінен, жылқы ұлтанынан, аяқкиімінің төменгі бөлігінің бөлшектерін кесу тәртіптері;

      аяқкиімнің төменгі бөлігіне қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      тоқыма төсемінен бөлшектерді кесу әдістері;

      қызмет ету жабдығын жөндеу және ұсақ ақауларды жою тәсілдері.

19-параграф. Бөлшектерді кесуші, 6-разряд

      289. Жұмыс сипаттамасы:

      нығыздауыштарда жонарқадан, былғары мен жартылай былғарыдан түрі, фасоны, өлшемі, саны бойынша аяқкиімнің төменгі бөлігінің бөлшектерін кесу.

      290. Білуге тиіс:

      терліктен, былғары мен жартылай былғарыдан бөлшектерді кесу тәртіптерін;

      топографиялық учаскелер бойынша терінің қасиеттері, ақаулары, тығыздығы мен қалыңдығы, бөлшектерді ұтымды пішу әдістері;

      былғарыға және аяқкиімнің төменгі бөлігіне қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      биіктігі, қайралғаны бойынша кескіш пышақтарды, сақтандырғыш күнқағарлардың жөнділігін тексеру тәртіптері.

20-параграф. Бөлшектерді, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды өңдеуші, 1-разряд

      291. Жұмыс сипаттамасы:

      қыртыстамай, жиырмай, қисатпай және материалды бүлдірмей бірқалыпты сызықты сақтай отырып, белгіленген енде лекалолар бойынша немесе лекалоларсыз қызмет ету машинасында немесе қолмен бүктеу жолымен бұйымдар бөлшектерінің шеттерін өңдеу;

      бақылау шаблондарына бөлшектер сұлбасының дәл сәйкестігін сақтай отырып, шеттерінің берік желімделуін қамтамасыз ету;

      май қоспаларын әзірлеу және жағу немесе май қоспасына батыру жолымен бөлшектерді майлау.

      292. Білуге тиіс:

      бұйымдарды және оның бөлшектерін өңдеу тәртіптері;

      былғарылық және өзге материалдардың қасиеттері;

      бұйымдар мен оның бөлшектерінің түрі, фасоны, өлшемдері мен пішіні;

      май қоспаларын әзірлеу тәртіптері.

      293. Жұмыс үлгілері:

      1) ішкі бұйымдардың бөлшектері - шеттерін бүктеу;

      2) жіптер - май қоспасын сіңіру;

      3) артқы белдіктер - жоғарғы шетін бүктеу;

      4) метал фурнитура - маймен жағу;

      5) сағат бауының астары - эмульсиямен жабылған.

21-параграф. Бөлшектерді, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды өңдеуші, 2-разряд

      294. Жұмыс сипаттамасы:

      кейіннен қолмен ысқылап жағумен және шеттерін бүктеумен қоса жағу немесе май қоспасына батыру жолымен бұйымдар мен олардың бөлшектерін май қоспасымен өңдеу;

      бөлшектер шетінің қалыңдығын кемейту, қызмет ету машинасында немесе қолмен жалпақ пішіндегі бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың барлық үстіңгі бетін қатпарлау;

      қатпарлау бетінің белгіленген тереңдігі мен енін қамтамасыз ету;

      техникалық шарттарға сәйкес бөлшектерге қажетті пішін мен қалыңдықты беру;

      барлық кезеңінде жұлқымай, кеспей және былғарының беткі қабатын бүлдірмей бірқалыпты түсіруді қамтамасыз ете отырып, белгіленген ені мен қалыңдығына машинаны реттеу.

      295. Білуге тиіс:

      бөлшектерді, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды өңдеуге қойылатын технологиялық талаптарды;

      май қоспасымен өңдеу, қатты былғары және үлбір бөлшектерінің шетін өңдеу тәсілдерін;

      бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың үстіңгі бетін қатпарлау әдістерін;

      қатты былғары, тері пішімі мен кесіндінің физикалық, механикалық қасиеттерін, түсірілген шетінің ені мен қалыңдығын;

      май қоспаларын дайындау рецептурасын;

      қызмет ету машинасын пайдалану және реттеу тәртіптерін;

      ыстық әдіспен бөлшектердің шетін бүктеу кезінде - тоғынның қызу температурасын реттеу тәсілдерін.

      296. Жұмыс үлгілері:

      1) былғарыдан жасалған бөлшектер - ыстық әдіспен шетін бүктеу;

      2) қатты былғарыдан жасалған бөлшектер - шетінің қалыңдығының кемеюі;

      3) тері пішімінің бөлшектері - шетінен түкті жабынды кетіру;

      4) былғарылық астар - шетін бүктеу;

      5) былғары галантерея бұйымдары - тік сызықты сұлбалар бөлшектерінің шеттерін бүктеу;

      май қоспасымен өңдеу:

      1) аяқкиім бөлшектері;

      2) былғары галантереялық, техникалық және қайыс-ер бұйымдары мен бөлшектері;

      қатпарлау:

      1) былғары галантереялық бұйымдар;

      2) сірісі;

      3) былғары табандар;

      4) сәнді сыздықсыз резеңке табандар;

      5) желімделген табандар - шетін өңдеу;

      6) резеңке тілімшелер;

      7) сыздықтар;

      8) ұлтарақтар.

22-параграф. Бөлшектерді, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды өңдеуші, 3-разряд

      297. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі сұлбадағы сыртқы бөлшектердің шеттерін бүктеу жолымен өңдеу;

      жұмсақ материалдардан жасалған бұйымдар бөлшектерінің шетінің қалыңдығының азайту;

      аяқкиімнің үстіңгі бөлігі үшін табиғи және жасанды былғары бөлшектерін және көлемдік пішіндегі бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың барлық бетін қатпарлау;

      қызмет ету машинасында немесе қолмен бөлшектердің желіммен жағылған шеттерінен желім қабықшасын түсіру;

      ыстық қалыптау тәсілімен сыртқы бөлшектердің шеттерін өңдеу.

      298. Білуге тиіс:

      күрделі сұлбадағы бөлшектердің шеттерін бүгу тәсілдері;

      көлемдік пішіндегі бөлшектер мен жартылай фабрикаттарды шершеваттау тәсілдері;

      жұмсақ материалдан жасалған бөлшектерді өңдеуге қойылатын талаптар;

      ыстық қалыптаудан технологиялық режимі мен тәсілдері;

      былғары галантереялық және қайыс-ер бұйымдарын құрастыру тәртіптері.

      299. Жұмыс үлгілері:

      1) аяқкиім бөлшектері - күрделі сұлбадағы сыртқы бөлшектердің шеттерін бүгу;

      2) бұйымдар бөлшектері - ыстық қалыптау тәсілімен шеттерін бүгу;

      3) жұмсақ материалдардан жасалған бұйымдардың бөлшектері - шеттерінің қалыңдығының кемеюі;

      4) модельдік аяқкиімнің былғары ұлтаншасы - шеттерін бүгу;

      5) былғары галантерея және қайыс-ер бұйымдары - күрделі сұлбадағы бөлшектердің шеттерін, оларды бір мезгілде құрастырумен бірге, бүгу;

      қатпарлау:

      1) былғарыдан жасалған техникалық бұйымдардың бөлшектері;

      2) пластмасса өкшелер;

      3) өкше қаптамасы;

      4) сәндік сыздықтар мен бүйірлері бар резеңке табандар;

      5) айналдырма сыздықтар.

23-параграф. Бөлшектерді, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды өңдеуші, 4-разряд

      300. Жұмыс сипаттамасы:

      желім-ерітпені автоматты берумен және бір мезгілде жиектемені немесе жіпті бүгістің астына төсеумен қызмет ету машинасында күрделі пішіндегі сыртқы бөлшектердің шеттерін бүгу жолымен өңдеу;

      кейінгі анағұрлым берік желімдеу үшін кедір-бұдырлы бетті жасау мақсатында өткізусіз және қырын бұзбастан машинада бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың шеттерінен беткі қабатын түсіру, қабаттау;

      қалыңдығын кеңейту және шеттерін теңестіру;

      жартылай автоматты линияда (ортасына дәл келтіру, фрезерлеу, шаңнан тазалау, лактау, кескіндеу, таңбалау, желім жағу) бумадағы табанды өңдеу;

      өңдеудің берілген технологиялық параметрлері:табанның өлшемі, қалыптың фасоны, сол және оң жарты жұптарды өңдеу бойынша машинаны күйге келтіру;

      бумаларға табандарды іріктеу және өңдеуге жіберу;

      машинаға лакты, желімді құю;

      қысушы және айналма копирлерді ауыстыру, ұлтандардың өлшемі бойынша кескіндеуші білікшелерді алмастыру, таңбалау кезінде сандық белгілерді ауыстыру;

      белгілі бір нүктелерде ұлтанның қалыңдығын, лак, желім жағылуының біркелкілігін тексеру;

      машинаның жеке түйін-тетіктерін жөндеуге және реттеуге қатысу.

      301. Білуге тиіс:

      қызмет ету машинасының құрылысы, оны пайдалану және берілген технологиялық параметрлерге сәйкес күйге келтіру тәртіптері;

      бөлшектер мен жартылай фабрикаттарды өңдеу тәсілдері;

      бөлшектердің өлшемі мен фасонын және оларға сәйкес келетін көшірмелер, ұлтанға қойылатын мемлекеттік стандарттар, табан қалыңдығын индикаторлармен өлшеу тәртіптері;

      қызу температурасы және желім-ерітпенің қасиеттері.

      302. Жұмыс үлгілері:

      1) полиуретандық табандар - жүрмейтін жағы мен тартпа жиегінің шеттерін машинада қатпарлау;

      2) бумадағы табандар - жартылай автоматты желіде өңдеу.

24-параграф. Бөлшектерді, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды ңдеуші, 5-разряд

      303. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиімнің үстіңгі бөлігін ұлтанмен анағұрлым берік желімдеу және желімдік біріктірудің суға төзімділігін арттыру үшін бұдырлы бетті жасау мақсатында із қырынан 0,5-1,0 сантиметр қашықтықта жиектің барлық ауданы бойынша қызмет ету машинасында бүрмеленген рояльдық сымнан жасалған щеткалармен аяқкиім дайындамасының тартпа жиегі шеттерінен беткі қабатын түсіру жолымен өңдеу.

      304. Білуге тиіс:

      қызмет ету машинасының құрылысы, оны пайдалану және күйге келтіру тәртіптері;

      әртүрліаяқкиімдердің тартпа жиегін өңдеудің тәсілдері;

      щеткаларды қайрау тәртіптері.

25-параграф. Бөлшектердің қалыңдығы мен жартылай фабрикаттарды тегістеуші, 2-разряд

      305. Жұмыс сипаттамасы:

      делюжкалардың, қатты былғары бөлшектерінің қалыңдығын арнаулы машиналарда немесе қолмен тегістеу, киіз бөлшектерін тегістеу;

      тіліндінің қажетті қалыңдығын орнату және оны екіге тілу процесінде ұдайы тексеру.

      306. Білуге тиіс:

      тегістеу тәртіптері және қатты былғары мен киіздің қасиеттері;

      бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың түрлері мен өлшемдері;

      қатты былғары мен киізге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      қызмет ету машиналарын пайдалану және реттеу тәртіптері.

26-параграф. Бөлшектердің қалыңдығы мен жартылай фабрикаттарды тегістеуші, 3-разряд

      307. Жұмыс сипаттамасы:

      арнаулы машиналарда немесе қолмен жұмсақ былғары бөлшектерінің қалыңдығын тегістеу және резеңкелік тілімшелерді, делюжкаларды және олардың бөлшектерін екіге тілу;

      тіліндінің қажетті қалыңдығын белгілеу және оны екіге тілу процесінде ұдайы тексеру;

      қызмет ету машиналарын жөндеу.

      308. Білуге тиіс:

      тегістеу тәртіптері және жұмсақ былғарының қасиеттері;

      бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың түрлері, фасондары, өлшемі;

      жұмсақ былғары мен резеңкелік тілімшелерге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      қызмет ету машиналарын пайдалану және жөндеу тәртіптері.

27-параграф. Бұйымдар бөлшектері мен фурнитураны қоюшы, 1-разряд

      309. Жұмыс сипаттамасы:

      арнаулы машиналарда немесе қолмен бұйымдарға бөлшектерді, әртүрлі сәндік әшекейлерді, фурнитураны қою;

      жұптап теріп алынған дайындама мен аяқкиімді тиісті үлгі, өлшем мен толықтықтағы тартпа және өңдеу қалыптарына кигізу;

      өкше машинасына шегелерді төгу.

      310. Білуге тиіс:

      фурнитура мен бұйымдардың бөлшектерін қою тәсілдері;

      бұйымдар бөлшектерінің, аяқкиім дайындамасының, қалыптардың түрлері;

      үлгілері және өлшемдері, фурнитура мен әшекейлердің түрлері, олардың орналасу орындары;

      қолданылатын жабдықты пайдалану тәртіптері.

      311. Жұмыс үлгілері:

      1) антабкалар - бұйымдарға қондыру;

      2) түзеткіштер - туфлилерге қондыру;

      3) тоғалы ілмектер - былғарыға қолдан өткізу;

      4) биялай мен қолғаптар үшін астарлар - түзеткішті іріктеумен, түзеткіштерге астар мен үстін кигізумен және тігістерді қиыстырумен қою;

      5) астарлар және өзге бөлшектер - бұйымның үстіне қатысты дұрыс орналасуын сақтай отырып, желімдеусіз және астарларды жазумен бұйымдарға қондыру;

      6) тоғалар - ілмектерге қолдан өткізу;

      7) түймелер - былғарыға қолмен қадау;

      8) белдіктер - төсетектердің тесіктеріне, муфтылы қапсырмаларға және өзгеайыл;

      9) сәндік әшекейлер: жолақтар, ұстағыштар және өзгелер - бөлшектер теліктеріне қою (тартқылау);

      10) фурнитура - қайыс-ер бұйымдарына қондыру;

      11) хольнитендер - бұйымдарға қолдан қондыру;

      12) металл шегелер - табанға қондыру;

      13) бастырмалар - бұйымдарға қондыру.

28-параграф. Бұйымдар бөлшектері мен фурнитураны қоюшы, 2-разряд

      312. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында немесе қолмен жазу және тегістеумен, желім жағумен, бұйымдарға желімдеп жабыстырумен бірге бөлшектерді, фурнитураны, астарларды қою.

      313. Білуге тиіс:

      қою, жазу, тегістеу, желім жағу және бұйымдарға бөлшектерді желімдеп жабыстыру тәсілдері;

      берцыларға шығыршықтар мен ілгектерқоюға техникалық шарттар;

      бөлшектерді жұмсарту, илеу, желімдеу және кептіру технологиялық режимдері;

      бөлшектерді қондырғанда қолданылатын желімдер мен материалдардың қасиеттері, гуж бен қамыттың нөмірлері;

      қызмет ету машинасын пайдалану тәртіптері.

      314. Жұмыс үлгілері:

      1) шығыршықтар және ілгектер - берцыларға қолмен қою;

      2) сәндік әшекейлер - ыстық әдіспен қою;

      3) қалыптанғандардан өзге аяқкиім сірісі мен қатты ұш бөлігі астының барлық түрлері - правилде жазумен аяқкиім дайындамасына қою және текспен бекіту;

      4) гранитоль сірілер - оларды алдын ала жұмсартып және күнге қақтағаннан соң аяқкиім дайындамасына қондыру;

      5) ұлтанша және өзге бөлшектер - желім жағумен, желімдеп жабыстырумен, жазумен және тегістеумен бұйымдарға қондыру;

      6) мофорин және гранитоль ұш бөлік астылары - алдын ала жұмсарту мен күнге қақтаудан соң аяқкиім дайындамасына қондыру;

      7) түймелер - машинада қадау;

      8) белдіктер - өту, селдір дайындаманың тесіктеріне кіргізу;

      9) хольнитендер - машинада бұйымдарға қондыру.

29-параграф. Бұйымдар бөлшектері мен фурнитураны қоюшы, 3-разряд

      315. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиім дайындамасына қалыпталған және жартылай қалыпталған бөлшектерді қолмен, дайындама берцыларына фурнитураны - арнаулы машиналарда қондыру;

      бақылау лекалолары бойынша оларды хольнитендермен бекіту арқылы аяқкиім дайындамасы бөлшектерін құрастыру;

      қаптал таяныштың тұрған қалпын, қызмет ету машиналарының бұйымдарды беру қадамын реттеу.

      316. Білуге тиіс:

      аяқкиім дайындамасына қалыпталған және жартылай қалыпталған бөлшектер, қызмет ету машиналарында дайындама берцыларына фурнитураны қондыру тәсілдері;

      аяқкиім бөлшектерін құрастыруға қойылатын технологиялық талаптар;

      бөлшектер мен дайындамалардың түрлері, конфигурациясы, өлшемдері;

      фурнитура түрлері, оның орналасу орындары;

      аяқкиімнің сірісі мен ұш бөлігі астының үлгілері мен өлшемдері;

      қызмет ету машиналарын пайдалану және реттеу тәртіптері.

      317. Жұмыс үлгілері:

      1) шығыршықтар және ілгектер - машинада аяқкиім дайындамасының берцыларына қондыру;

      2) құлақбаулар - бүктелген ұшын жапқыштың тесігіне біркелкі қоюмен қамыт қысқышына және қамыт қысқышы ойықтарына, оның бөліктерін бекіте отырып тарту;

      3) қалыптанған және қалыптанбаған сірісі мен ұш бөлігі асты -аяқкиім дайындамасына қондыру;

      4) белдік жұлық - өкшелік, айылбастық және белкөтерме белдіктермен.

30-параграф. Бұйымдарды тігуші, 1-разряд

      318. Жұмыс сипаттамасы:

      бұйымдардың элементтерін тігу бойынша жұмыстарды қолмен орындау:ілгекті торлау, түймелерді қадау, қолғаптар мен биялайларды жұптап біріктіру, жіптердің ұштарын бекіту, бастырманы үстемелеп және қыспақтап жіптермен біріктіру;

      технологиялық талаптарға сәйкес инені, аспаптарды, құрал-сайманды қолданумен немесе оларсыз қарапайым қайыс-ер бұйымдары мен адам жарағының бұйымдарын, қайыс және аршылмаған қусыру бөлшектерін тігу бойынша операцияларды орындау.

      319. Білуге тиіс:

      бұйымдардың түрлері;

      бұйымдар элементтерін қолмен тігу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдері мен тәртіптері;

      инелер мен жіптердің нөмірлері, оларды пайдалану тәртіптері;

      орындалатын операцияға және тігін сапасына қойылатын талаптар;

      бұйымдарды тігу кезінде ақаулардың пайда болу себептері, олардың алдын алу және жою тәсілдері.

      320. Жұмыс үлгілері:

      қолмен тігу:

      1) қамыт киіз жастығының белдігіне ілгектер, тоғалар;

      2) кекілдірікке астарлар;

      3) шалбар және шинель белдіктеріне, жүгендерге, өмілдірікке, жүк және біріктіруші белдіктерге, терілік жапқыштарға тоғалар;

      4) қайыс бау үшін киізді көктеу.

31-параграф. Бұйымдарды тігуші, 2-разряд

      321. Жұмыс сипаттамасы:

      тігін машинасында қарапайым бұйымдарды немесе бұйымдардың элементтерін тігу бойынша операцияларды орындау: кездемеден жасалған қолғаптарды, құжаттар мен кітаптар үшін мұқабаларды (кәдесыйдан өзге), шабадандар үшін қаптарды, жүк белдіктерін, жиектеме бөлшектерін, мамықшаны, бастырманы, гортты, жегу затын, былғары бұрыштарды, кедерді бұйымдардың барлық түрі үшін тұтқаларды, ұстағыштарды, әйелдер сөмкесі үшін портмоне мен әмиянды, айналар үшін футлярды, сылдырма ілгегіне ұштықтарды қайып тігу;

      бұйымдардың барлық түрлері үшін астарды, сөмкелер үшін қалтаны, бөлгіштерді, аралықты, түбін және өзге ішкі бөлшектер мен элементтерді тігу;

      сөмкелердің ішкі бөлшектері мен элементтерін қоса қайып тігу, үстінен қайып тігу, қайып тігу, көмкеру, торлау, жоғарғы шек бойынша сөмкелерді, әмияндарды және өзге бұйымдарды торлау;

      машинада ілгекті торлау, түймелерді қадау, қолғаптар мен биялайларды жұптап біріктіру;

      қолғаптарға, биялайларға, жұмсақ қалталарға резеңкені қайып тігу;

      қолмен ойыншы қалқаншасына киізді үстінен тігу, алдын ала бізбен түйреумен бұйымдарды бір инелеп қусыру;

      әртүрлі үлгідегі және сыныптағы тігін жабдығында немесе қолмен жіп тігістеріменбөлшектерді, бұйымдарды біріктіру әдісімен орта күрделіліктегі қайыс-ер бұйымдарын, адам жарағының бұйымдарын, жүк бөліктерін және брезент пен шатырлық матадан жасалған өзге бұйымдарды тігу бойынша операцияларды орындау;

      жалпақ тері, резеңке, кендір, жүн, мақта-мата жетек қайысы мен ені 100 миллиметрге дейінгі транспортер таспаларын, сондай-ақ желімдеуді қажет етпейтін дөңгелек, былғары белдіктерді қусыру, сырмалау, желімдеу және бекіту;

      технология талаптарына сәйкес сыруды үзбей және бос өткізбей жібі тартылған түзу тігісті, қабу жиілігі мен бөлшектердің жиектен қашықтығын қамтамасыз ету;

      машинаны реттеу;

      техникалық шарттарға сәйкес белдіктің қажетті ені, тығыздығы мен қалыңдығын алу мақсатында қайыс белдікті отырғызу және қусыру.

      322. Білуге тиіс:

      тігін машиналарының әрекет ету қағидатын, оларды пайдалану және реттеу тәртіптері;

      бұйымдарды тігу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдерін және оларға қойылатын талаптар;

      материалға, сортқа қойылатын техникалық шарттар, қусыру, желімдеу, біріктіру кезінде қолданылатын материалдардың қасиеттері;

      бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;

      пайдаланылатын бақылау және өлшеу құралдары мен құрал-саймандарды қолдану тәртіптері мен мақсаты;

      әртүрлі бұйымдарды тігуге қойылатын нормативтер;

      белдіктер мен қусыруға қойылатын техникалық шарттар.

      323. Жұмыс үлгілері:

      қолмен тігу:

      1) ердің барлық бөлшектеріне делбелер, жүк қайыстары, горттар мен жегуліктер, делбелерге горттар мен жегуліктер, қайыстарға тоғасы мен бастырмасымен бірге горттар мен жегуліктер, қамыт жастықтарына жапқыштың ұштары, отырғыштарға күнқағарлар, артиллериялық жегу әбзелдеріне бүйір жапқыштары, табан ағаштар, балдақтар және клеванттар, пасса қайыстарына карабиндер, револьвер бауына карабиндер мен ілмектер, лейцтер, қанжыға, делбе ұштықтары, ноқта, өмілдіріктер, саптамалар, металл каркастар бөлігінде;

      былғары қаптамалар, жастық қаптамалары, құлама қайыстарға жартылай шығыршықтар, шылбыр, подлавка қайыстарына тоғалар, ауыл шаруашылық жекпе қайыстары, мойын қайыстарына тоғалар мен шығыршықтар, ауыздықтар, ер жастықтары, ер қапталы қабаттарына астарлар, қысқа иық қайыстарына тоғалар, муфталарға жартылай шығыршықтар, қайыстарға клапандары мен қозғалмайтын бастырмалары бар тоғалар, жекпе қайыстар, арчакқа тебінгілер, жүгендер, чумбурлар, тапанша кобурасының корпусына бастырмалар, бөлшектер мен бұйымдарға бастырмалар, терліктерге балақ баулар, көшпелі және ауыл шаруашылық қамыттар - тігу;

      2) тері жапқыштары (алдыңғы және артқы бөліктер) - жиектеу;

      3) қамыт, ауыл шаруашылық жастықтарының алдыңғы және артқы біліктері - көктеу;

      4) жапқыштардың бұрыштары және корпустың түбі - тігу;

      машинамен тігу:

      1) жүк бөлшектеріне горттар, жүк корпустарына ілмектер, корпустарға арқа жастықтар - жапсырып тігу;

      2) каркастарға горттар, жегуліктер, жүк шабадандарына тұтқалар - қайып тігу;

      3) адам жарағы бөлшектерінің жоғарғы шеті, алдыңғы шеттің жапқыштары - әдіптеу;

      4) арқа жастықтары, май шелекке қаптар - тігу;

      5) жастық қаптары және жүк шабадандарына тұтқалар - қайып тігу.

32-параграф. Бұйымдарды тігуші, 3-разряд

      324. Жұмыс сипаттамасы:

      тігін машиналарымен орташа күрделіліктегі бұйымдар мен бұйымдар элементтерін:табиғи және жасанды былғарыдан жасалған қолғаптар (қолғапқа жапсырманы қайып тігуден өзге), сағаттың белбеулік қайыстарын, портмоне, шилан, әмиандар, көзілдірікке, кілттерге, тарақтарға қаптар, фотоаппараттар үшін жеңіл конструкциядағы қаптар, құжаттар мен кәдесый кітаптарына мұқабалар, бүрмеленген бокс қолғаптарытігу бойынша жұмыстарды орындау;

      сөмкелерді, портфельдерді, папкілерді, аспалы сөмкелерді, карта салғыштарды тігу, жоғарғы бөліктің құрамдас бөлшектерін қайып тігу және қайыптамау;

      бұйымдардың сыртқы бөлшектері мен элементтерін әдіптеу және көмкеру;

      бақылау белгілеуінсіз бұйымдардың ішкі жағынан кедер мен сылдырма ілгекті, резеңкені қолғаптар мен биялайларға қайып тігу;

      цупферлерді, клапандарды, иніштерді, қайыстарды және өзге сыртқы бөлшектерді қайып тігу, кедерді бір мезгілде төсеусіз ботанды, сынашықтарды, фальдтарды, жақтарымен қоса түпті қайып тігу (бүру);

      бұйымдарға орташық пен аралықты қайып тігу;

      сөмкелердің, папкілердің, портфельдердің, аспалы сөмкелердің, қолғаптар мен биялайлардың манжеттерінің, фибра қосымшаларының, хоккей шолақ дамбалдарының шетін әдіптеу және көмкеру;

      қымтаулы тігісті, бүрмені, әшекей сызықтарын, дөңес бедерлерді тігу, бізді түйреумен екі инелеп бұйымдарды қусыру, сигналдық жалаушалардың қаптарына түпті қайып тігу;

      машинамен тігілмейтін учаскелерді тігіп бітіру және бізді түйреумен екі инелеп бұйымдарды қусыру кезінде машина тігістерін бекіту;

      әртүрлі үлгідегі және сыныптағы тігін жабдығында немесе инелерді, аспаптарды, құрал-сайманды қолдана отырып қолмен жіп тігістерімен бөлшектерді, бұйымдарды біріктіру әдісімен қайыс-ер бұйымдарын, адамның керек-жарақ бұйымдарын, жүк бөліктерін және брезент пен шатырлық матадан жасалған өзге бұйымдарды тігу бойынша күрделі операцияларды орындау;

      жалпақ тері, резеңке, кендір, жүн, мақта-мата жетек қайысы мен ені 100 миллиметрден жоғары транспортер таспаларын, сондай-ақ желімдеуді қажет ететін дөңгелек, былғары белдіктерді қусыру, сырмалау, желімдеу және бекіту;

      технология талаптарына сәйкес сыруды үзбей және бос өткізбей жібі тартылған түзу тігісті, қабу жиілігі мен бөлшектердің жиектен қашықтығын қамтамасыз ету;

      тігін машинасында бірнеше қабаттап бойлата немесе фигуралы тігіспен техникалық бұйымдарды тігу және қусыру;

      техникалық шарттарға сәйкес қайыс белдіктерді отырғызу, қайыс пен қусырманың қажетті енін, тығыздығы мен қалыңдығын алу мақсатында машинамен қусыру;

      отырғызу шығыршықтарын реттеу;

      машинаны реттеу және жөндеу.

      325. Білуге тиіс:

      тігін машиналары мен жабдығының, оның ішінде былғары галантерея өндірісі үшін арнаулы тігін машиналарының құрылысы, оларды техникалық пайдалану, реттеу және жөндеу тәртіптері;

      арнаулы аспаптардың құрылысы, оларды қолдану тәртіптері;

      орташа күрделіліктегі бұйымдарды тігу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдері;

      тігін машинасы арқылы қайыстарды өткізу бірізділігі, қайыстар мен қусыруға қойылатын техникалық шарттар;

      технология және бекітілген үлгілерге сәйкес фигуралық тігулерді орындау тәсілдері;

      дайын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

      326. Жұмыс үлгілері:

      қолмен тігу:

      1) қанаттарға бенфуторлар, горттар, тері жапқыштарын, қамыт кранецтері, ноқталар, өмілдіріктер, жапсырмалар, жүк жегу ноқталары, айыл жүгендері, таралғы, жүк және жекпе қайыстары, көлік қайыстары, отырғыштар, алдыңғы және артқы жүктердің артпалы дорбалары, жабу айылдары, жүгендер, белкөтермелер, чумбурлар, сүйреуші және негізгі шілиялар, шілиялар - тігу;

      2) шабаданның киіз біліктері - тігу және қаптау;

      3) шығу ер жастықтарына жапқыштар, қамыттың алдыңғы біліктеріне жапқыштар, адам керек-жарағының қайыстарына клапандары бар белбеу тоғалары, шабадан түбінің аралықтары, әртүрлі белдіктерге тоғалар, корпустарға аспа қайыстар - жапсыра тігу;

      4) артиллериялық жегу әбзелдерінің біліктері - былғары және металл таяныштар мен планкалар - киізбен, ауыл шаруашылық қайыстары - орап тігу;

      5) корпус қырлары мен шабаданның жапқышын - көмкерме;

      6) шабадан корпусы жапқышының қырлары - көктеу;

      7) шабадан бұрыштары - қусыру;

      8) шабадан каркасының бұрыштары - бекіту;

      9) ердің қамыт жастықтары мен киіз бөлшектері - дайындама;

      тігін машинасымен тігу:

      1) бүйір жапқыштары мен қамыт жастықтарының жапқышы, артпалы дорба ботандары, қанаттарға бенфуторлар, делбелерге горттар мен ұштықтар, офицер және казак ерінің және шығу жегу әбзелінің әртүрлі қайыс бөлшектері, терлік жапқыштарына жегуліктер, терлік жапқыштар, офицер ерінің алдыңғы және артқы жүктерінің қабы, алдыңғы жүктің (тең), артиллериялық жегу әбзелі жастықтарына жапқыштар, қамыт бұраулары, тачанкалық жекпе қайыстарына муфталар, ноқталар, тығыздамалар, өмілдіріктер, жүген жапсырмалары, жүгендер, таралғылар, лейцтерге тоғалар мен горттар, айылдар, пристругалар, артпалы дорбалар, жорық терліктер, үлкен және кіші жастықтар (облямовкалар), мойын жастықтары, кішкене жастықтар, ауыл шаруашылық жегу әбзелінің жекпе қайыстары, подперсьялар, иық жастықтары, жүк қайыстары, тырнақтар үшін қайыстар, айылдарға біріктіру қайыстары, көлік қайыстары, адам керек-жарағының пассалық қайыстары, дала сөмкесі және полеткалар толықтай, жүгендер, қамыт жастықтары, чумбурлар, белкөтермелер, шілиялар, белбеулер, қайыстар, қамыт жапқышына булықтар - тігу;

      2) бұйымдардың жоғарғы бөлігі - әдіптеу;

      3) былғарымен қамыт айналымдары - қаптау;

      4) дала сөмкелерінің астарлары, бұйымдарға тоға және бастырмалармен ілгекті горттар мен жегуліктер, арнаулы машинада жүк корпустарына каркастар, қамыт жастықтарына сыналар мен облямовкалар, резеңкелерге ілмектер, сөмке жақтарына корпустар мен жапқыштар, қамыттың алдыңғы біліктеріне жапқыштар, тасушы ілгектер, белдіктерге тоғалар, фигуралық тігісі бар белбеу қайыстарына қайылған тігіс және клапандары бар тоғалар, ілгекті горттары бар патрон қораптары және кобур жақтарына жапқыштар, иық қайыстар - қайып тігу;

      5) ауыл шаруашылық жегу әбзелінің әртүрлі қайыстық бөлшектері, табан ағаштар, құрама жапқыштар, тізеқаптарға шығыршықтар, бүйір жапқыштарының клапандары, таға қапшықтары, қамыт қапшығына қаптамалар, ершіктер, ершіктер горттары, кішкене тоғалар мен қанжығаларға ілгектер, алдыңғы сөмкелер, артқы және орта жақтар, артқы жақтары бар жапқыштар, кобура корпустары, бөлшектер, үстеме және аралықтағы әртүрлі өлшемдегі бастырмалар, жабу айылдары - қайып тігу;

      6) адам керек-жарағының бөлшектері - жиектеу;

      7) шабаданның корпусы мен жапқыштары - қырларын жиектеу;

      8) қайыстарға тоғалар мен шығыршықтар, қайыстарға ілмектер, қайып тігілген белдіктер, қамыт жастықтарының бұрыштары, терліктерге жапқыштардың бұрыштары, жапқыштардың бұрыштары - тігу;

      9) киізге ер қаптамасы, шарнирге ер жапқыштары, аралық қабатқа қайыстар, топсаға резеңкелер - қайып тігу;

      10) қамытбаулар мен қайыстар - есу.

33-параграф. Бұйымдарды тігуші, 4-разряд

      327. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машиналарында күрделі: бір мезгілде кедерді төсеумен немесе тігістерді көмкерумен қолғаптарды (жолма жолдан өзге), сөмкелерді, портфельдерді, балет қорапшаларын, папкілерді, аспалы сөмкелерді, шабадандар мен аспалы сөмкелерді - бұрышын тігетін машиналарда, шабадандарды қол, колонкалық машиналарда және таяныш тіреулері бар машиналардабұйымдарды тігу бойыншажұмыстарды орындау;

      табиғи және жасанды былғарыдан жасалған қолғапқа жапсырманы қайып тігу;

      тігін машинасында спорт бұйымдарын: қалқаншаларды, қақпашы үшін иықбаулар мен көкірекшелерді, шынтаққапты, боксшы маскаларын, велошлем мен хоккей шлемдерін, мақта-мата мотокостюмдерін, хоккей шолақ дамбалдарын, велошабандоздар, мотошабандоздар үшін қолғаптарды, снаряд қолғаптарын, боксшы грушаларын, қорғау қалқандарын тігу;

      ойыншы қалқаншаларына чашка мен өзге бөлшектерді қайып тігу;

      спорттық бұйымдарды: қаптармен спорт доптарын, боксшы нәктерін, қорғау қалқандарын, қақпашы қолғаптарын қолмен тігу;

      денталық әдіспен қолғаптарды қолмен тігу;

      қаптар мен спорттық доптардың тігілмейтін учаскелерін қолмен тігіп бітіру;

      әртүрлі үлгідегі және кластағы тігін жабдығында немесе инені, бізді, аспаптарды, құрал-сайманды қолданумен қолмен жіптік тігістермен шикі қусырумен былғары мен киізден жасалған қайыс-ер бұйымдарын, адам керек-жарағы бұйымдарын тігу бойынша аса күрделі операцияларды орындау;

      технология талаптарына сәйкес сыруды үзбей және бос өткізбей жібі тартылған түзу тігісті, ине шаншым жиілігі мен тігіс пен бөлшектердің арасындағы қашықтықтықты қамтамасыз ету;

      қолданылатын машиналарды, жабдықты және аспаптарды реттеу және жөндеу.

      328. Білуге тиіс:

      әртүрлі мақсаттағы тігін машиналарының құрылысы, техникалық пайдалану тәртіптері;

      әртүрлі қалыңдықтағы материалдарды тігуге тігін машиналарын реттеу және жөндеу тәсілдері;

      күрделі бұйымдарды, оның ішінде спорттық және қайыс-ер бұйымдарын тігу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдері.

      329. Жұмыс үлгілері:

      тігін машинасында тігу:

      1) қаптау түбі, отырғыштарға күнқағарлар, жүк қамытының жапқышы, офицер керек-жарағының муфталары, артиллериялық жегу әбзелінің көкірек және мойын жастықтары, рота барабандары үшін қайыстар, бір мезгілде серіппені қою және қайыстарды біріктірумен қаптар, револьвер баулары мен желбей - тігу;

      2) адам керек-жарағының бөлшектері - қол машиналарында тігу;

      3) рота барабандары үшін қайыстарға төсегі бар горттар, оқаны, бетінен қорапша мен ілгекті, қаламдар және белгілеу таянышы үшін тығыздамалар, корпусқа қалта ұяшықтары бар аралық қабаттарды, целлулоид пластиналарын планшеткалардың ботанына, файларға, корпусқа сүмбілі бастырмаларын - қайып тігу;

      4) астарлар, кобуралар, қысқа қорапшалары және қылшықты аспа бау үшін шашақтары бар (ұзын және иықтық) қайыстар - қайып тігу;

      5) рюкзактарға горттар, жегуліктер, қалталар, клапандар - қайып тігу;

      6) бір мезгілде жіптерді қоюмен рюкзактардың жоғарғы бөлігі - әдіптеу;

      7) тегіс машиналарда қалталардың бедері - қайып тігу;

      қолмен тігу:

      1) жүк қамыты жастықтарына жапқыштар - тігу;

      2) түзу, ауыл шаруашылық ер жапқыштары мен киіз жастықтар - тігу.

34-параграф. Бұйымдарды тігуші, 5-разряд

      330. Жұмыс сипаттамасы:

      аса күрделі бұйымдарды: қолғаптарды - қайып тігу машиналарында, қатты конструкциядағы футлярларды - бұрыштарды тігетін машиналарда, шабадандар мен аспалы сөмкелерді - бір мезгілде тігістерді көмкеру мен бұрыштарды тігетін машиналардатігу бойынша жұмыстарды орындау;

      тігін машиналарында спорт бұйымдарын: былғары мото костюмдерін, боксшы табандарын, ойыншы, семсершілердің, қақпашының және боксшының қолғаптарын тігу;

      қылмен толтырғаннан кейін ойыншы қолғабының жұмыр бөлігі мен қаптал тігістерін қайып тігу;

      шынтаққаптарға чашканы, ағытпалы қоныш пен амортизаторларды - ойыншының қалқаншаларына қайып тігу;

      қаптаманы және спорт доптарын тігін машинасында, қаптама мен фигуралы пішіндегі доптарды - қолмен тігу.

      331. Білуге тиіс:

      тігін машиналарының құрылысы, техникалық пайдалану тәртіптері және реттеу тәсілдері;

      аса күрделі бұйымдарды тігу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдері.

35-параграф. Бұйымдарды тігуші, 6-разряд

      332. Жұмыс сипаттамасы:

      арнаулы тігін машиналарында және қолмен қаптаманы және ерекше мақсаттағы фигуралы пішіндегі спорт доптарын тігу.

      333. Білуге тиіс:

      ерекше мақсаттағы бұйымдарды тігу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдері;

      арнаулы тігін машиналарының құрылысы, техникалық пайдалану тәртіптері және реттеу тәсілдері.

36-параграф. Бұйымдарды толтырушы, 3-разряд

      334. Жұмыс сипаттамасы:

      берілген пішіні мен салмағын сақтай отырып, бұйымдардың барлық ауданы бойынша қыл мен жүнді біркелкі бөлумен бірге жай және орта күрделіліктегі былғары галантерея мен қайыс-ер бұйымдарын қыл және жүнмен толтыру;

      әрбір сырудың астына бекіткіштерді салып бұйымдарды қабу.

      335. Білуге тиіс:

      бұйымдары қыл және жүнмен толтыру тәсілдері;

      бөлшектер мен бұйымдардың түрлері мен мақсаты;

      толтырылатын бұйымдар мен олардың бөшектеріне қойылатын техникалық шарттар;

      бұйымдарды толтыру ақауларының пайда болу себептері, олардың алдын алу және жою тәсілдері;

      біз, ине және жіптің нөмірлері.

      336. Жұмыс үлгілері:

      1) жүктер;

      2) спорт ойындарының ойыншылары үшін көкірекшелер;

      3) спорт ойындарының ойыншылары үшін шынтаққаптар;

      4) тұғырықтар;

      5) ердің қапталының жастығы;

      6) ер-тұрман;

      7) велосипед және мотоцикл шлемдері.

37-параграф. Бұйымдарды толтырушы, 4-разряд

      337. Жұмыс сипаттамасы:

      қажетті пішіні мен салмағын сақтай отырып, қылды біркелкі бөліп салумен қатар күрделі былғары галантереялық бұйымдарды қылмен толтыру.

      338. Білуге тиіс:

      толтыру әдістері, бұйымдар мен олардың бөлшектерінің түрлері мен мақсаты;

      толтырылатын бұйымдар мен бөлшектерге қойылатын техникалық шарттар;

      бұйымдарды толтыру үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері.

      339. Жұмыс үлгілері:

      1) боксші табаны мен маскасы;

      2) спорт ойындарының ойыншылары үшін боксші қолғаптары;

      3) хоккей шлемдері;

      4) қақпашылар үшін хоккей қалқаншалары.

38-параграф. Бұйымдарды түсіруші, 2-разряд

      340. Жұмыс сипаттамасы:

      кептіруден соң сөмке ботанының талшығын металл қалыптардан түсіру;

      кептіруден соң ағаш қалыптардан ер отырғышын түсіру.

      341. Білуге тиіс:

      қалыптардан бұйымдарды түсіру тәртіптері;

      талшықтарды түсіру тәсілдері;

      кептіруден соң бұйымдардың дайындығын анықтау әдістері;

      ат әбзелдерін жасаудың және оны атқа қиюластыру әдістері;

      бұйым сапасына қойылатын талаптар.

39-параграф. Бұйымдарды түсіруші, 3-разряд

      342. Жұмыс сипаттамасы:

      қайрақтан иіру жеңдерін түсіру, шегелерді кетіру және бүлдірмей қайрақтан жеңнің жабысқан бөлігін бөліп тастау;

      түсірілген бұйымдарды дестелеп жинау.

      343. Білуге тиіс:

      қайрақтан иіру жеңдерін түсіру тәртіптері;

      бұйымдар сапасына қойылатын талаптар;

      бұйымдарды жинап қою тәсілдері.

40-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды ажарлаушы, 2-разряд

      344. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиімнің төменгі бөлігінің қарапайым бөлшектерін, ұсақ үлбір терілерінің былғары тінін қызмет ету машинасында, шабер станогында немесе қолмен тегістеу, тазалау.

      345. Білуге тиіс:

      аяқкиімнің төменгі бөлігінің қарапайым бөлшектері, үлбір терілерін тегістеу тәсілдері;

      тері тіні мен түкті жабынның құрылымы мен қасиеттері;

      ажарлауға келіп түсетін үлбір терілері мен аяқкиімнің бөлшектеріне қойылатын талаптар;

      ажарлау тәсілдері;

      қызмет ету машинасы мен шабер станогын пайдалану тәртіптері.

41-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды ажарлаушы, 3-разряд

      346. Жұмыс сипаттамасы:

      терілерді, орташа түрдегі мех қой терісінің және ірі үлбір терілерінің тері тінін, аяқкиімнің төменгі бөлігінің орташа күрделіліктегі бөлшектерін, былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар мен бөлшектерді техникалық шарттар мен орындау технологиясына сәйкес қызмет ету машинасында, ажарлауыш шарығында немесе қолмен тегістеу, тазарту;

      ажарлауыш шарықтар мен қағазды іріктеу, машина біліктерін қаптау.

      347. Білуге тиіс:

      бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды ажарлау және тазарту тәртіптері;

      өңделетін терілердің топографиясы;

      қызмет ету машинасы мен аспаптарды пайдалану тәртіптері;

      ажарлауыш шарықтарын іріктеу және біліктерді қаптау тәртіптері.

      348. Жұмыс үлгілері:

      1) бөлшектер және техникалық бұйымдар - машинада немесе қолмен ажарлау;

      2) өкше, сірі, ұш асты - машинада тегістеу;

      3) орта құрастырма былғары өкшелер - машинада тегістеу;

      4) унт сыналары - машинада тегістеу;

      5) былғары жартылай фабрикаттар - машинада тері асты қабаты бойынша тегістеу;

      6) табанның кесіктері - машинада тегістеу;

      7) түсіруден соң желімдік табандардың гелендік крокульдік бөліктері – машинада тегістеу;

      8) үлбір терілері - бөлшектеу машинасында немесе ажарлауыш шарығында тегістеу, тазарту.

42-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды ажарлаушы, 4-разряд

      349. Жұмыс сипаттамасы:

      былғарының өң бетін, тіліндіні, қымбат бағалы үлбір терілерінің тері тінін қызмет ету машинасында, қапсырмада, шаберде, пемзамен қолмен тегістеу;

      лак былғары өндірісінде былғарыға жағылған және кептірілген грунт қабатын немесе лакты тегістеу;

      былғары мен терілерді беру және ажарлауыш немесе пышақ біліктерінің астында оларды біртіндеп жылжыту;

      ажарлауыш-шаңсыздандыру машинасынан терілерді түсіру және тегістеу;

      былғарылардың, терілердің қалыңдығына және беткі кемістіктер мен бүлінулердің тереңдігіне байланысты біліктердің арасындағы саңылауды реттеу;

      абразивтік таспаларды іріктеу және ауыстыру, қапсырманы туралау.

      350. Білуге тиіс:

      бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тегістеу технологиясы;

      қызмет ету машинасы мен аспаптардың құрылысы, оларды реттеу тәртіптері;

      өңдеуге келіп түсетін жартылай фабрикаттар мен бұйымдарға қойылатын талаптар;

      түрпілі таспалар, пышақтарды алмастыру және пышақтарды қайрау тәртіптері;

      қапсырманы туралау тәсілдері.

      351. Жұмыс үлгілері:

      1) жасанды беті бар былғарыны немесе велюрді алуға арналған тері, тілінді - қызмет ету машинасында өң бетін тегістеу;

      2) грунт қабаты немесе лак жағылған және кептірілген былғары - пемзамен тегістеу;

      3) мехтың қымбат бағалы түрлерінің тері тіні: түлкінің, сусардың, ақ түлкінің, қаракүзеннің, бұлғынның, елтірінің, қаракөлдің, қаракөлшінің, тиіннің, су тышқанның, ондатраның, колоноктың, ақ тышқанның, құндыздың, дала құндызының, тондық қой терісінің, теңіз жануарының терілері - қызмет ету машинасында, қапсырмада, шаберде;

      4) ажарлауыш-шаңсыздандыру машинасында қой терісінің тері тіні - тегістеу.

43-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды ажарлаушы, 5-разряд

      352. Жұмыс сипаттамасы:

      өтетін ажарлауыш - шаңсыздандыру машинасында біріктіргіш транспортер мен автоқойғышпен бір жинақта терілерді, ажарлауыш–шаңсыздандыру агрегат-жартылай автоматта терінің өң беті мен тері асты қабатын жасанды беті бар былғарыны және тері шикізатының барлық түрлерінен велюрді алу үшін шикізат пен өндірістік кемістіктерді жоюмен қоса ажарлау;

      агрегат үстелінде теріні жазу мен жинау және біліктер арасындағы саңылауға теріні салу;

      ажарлау технологиялық процесін жүргізудің қажетті параметрлерін, қысу білігі мен ажарлау барабанының арасындағы саңылауды орнатуды, қысу және ажарлауыш біліктер ұштарының арасындағы саңылаудың ауыстыру шамасын немесе паралельдігін, шаңнан тазалаудағы ауаның қысымын және ажарлауыш қағазының керілісін, ажарлауыш барабанына теріні беру жылдамдығын және өзгелерді қамтамасыз ету үшін басқару тетігінен агрегатты күйге келтіру және жөндеу;

      агрегаттың жұмысын бақылау және қадағалау;

      транспортердің жылдамдығына және тері ұзындығына сәйкес өтетін машина механизмдерін күйге келтіру және реттеу.

      353. Білуге тиіс:

      ажарлауыш - шаңсыздандыру агрегатта біліктер арасындағы саңылауға терілерді салу тәртіптері;

      былғары шикізатының өндірістік кемістіктері;

      ажарлауыш - шаңсыздандыру агрегатының, басқару тетігінің және ажарлауыш - шаңсыздандыру машинасының жұмыс істеу принципін, оны күйге келтіру және жөндеу тәртіптері;

      түрпілі материалдардың түрлері мен қасиеттері.

      354. Жұмыс үлгілері:

      қой терісінен велюрді алу үшін ажарлаушы-шаңсыздандыру машинасында қой терісінің терісін - тегістеу.

44-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды бақылаушы, 2-разряд

      355. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес тоқымадан және былғары алмастырғыштан жасалған аяқкиімнің үстіңгі және төменгі бөліктері бөлшектерінің сапасын бақылау;

      жартылай фабрикаттарды өңдеу сапасын тексеру, жартылай фабрикаттарда анықталған ақауларды белгілеу, оларды көрсету және белгіленген тәртіпте жою;

      ұсақ ақаулары түзетуге жіберілген бұйымдардың қайтарылуын есепке алуды жүргізу.

      356. Білуге тиіс:

      тоқымадан және былғары алмастырғыштан жасалған аяқкиімнің үстіңгі және төменгі бөліктеріне қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар, олардың түрі, фасоны мен жартылай фабрикаттардың өлшемдері;

      аяқкиімнің үстіңгі және төменгі бөліктерінің бөлшектерін кесу және өңдеу операцияларының орындалуына қойылатын талаптар;

      жартылай фабрикаттардағы ұсақ ақаулардың пайда болу себептері мен оларды жою тәсілдері;

      бақыланатын бұйымдар, жартылай фабрикаттар мен материалдарды есепке алуды жүргізу тәртібі.

45-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды бақылаушы, 3-разряд

      357. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес сорттылығын анықтаумен қоса тоқыма материалдары мен былғары алмастырғыштардың, былғары және жартылай фабрикаттар бөлшектерінің, сондай-ақ дайын өнімнің сапасын бақылау;

      бақылау және өлшеу құралдары мен құрал-сайманды қолдану арқылы пайдаланылатын шикізат пен жартылай фабрикаттардың өңделу сапасын тексеру;

      жартылай фабрикаттардағы анықталған ақауларды белгілеу, оларды көрсету және белгіленген тәртіпте жою;

      жұмысты орындаушылар бойынша қайта жасауға жіберілген бұйымдардың қайтарылуының жеке есебін жүргізу.

      358. Білуге тиіс:

      пайдаланылатын шикізат, материалдар мен дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      бақыланатын жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдердің артикулы, түрі, фасоны мен өлшемдері;

      шикізатпен жартылай фабрикаттарды өңдеуді орындауға қойылатын талаптар;

      бақыланатын бұйымдар, жартылай фабрикаттар мен материалдар ақауларының пайда болу себептері, оларды анықтау және жою тәсілдері, сорттылықты анықтау тәртіптері;

      қолданылатын бақылау және өлшеу құралдары мен құрал-сайманның мақсаты және оларды пайдалану тәртіптері.

      359. Жұмыс үлгілері:

      1) былғарыдан жасалған аяқкиімнің үстіңгі және төменгі бөліктерінің бөлшектері - сапасын бақылау;

      2) былғары галантерея бұйымдарының бөлшектері - сапасын бақылау;

      3) жегу әбзелінің, ер-тұрманның, адам керек-жарағының (қамыт, жастықша, қамыт жапқышы жүген, шілия, делбе және өзге) бөлшектері - сапасын бақылау;

      4) аяқкиім дайындамасы - сапасын бақылау;

      5) тоқыма материалдары және былғары алмастырғыш - сапасын бақылау;

      6) жеңіл аяқкиім, шеркей, сандал - сапасын бақылау және сорттылығын анықтау;

      7) техникалық бұйымдардың жартылай фабрикаттары - сапасын бақылау;

      8) сағат, белбеу, жол қайыстары - сапасын бақылау және сорттылығын анықтау;

      9) қарапайым щеткалар - сапасын бақылау және сорттылығын анықтау.

46-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды бақылаушы, 4-разряд

      360. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес былғары материалдары мен дайын өнімдердің сапасы мен сорттылығын анықтаудың дұрыстығын бақылау;

      шикізат пен жартылай фабрикаттарды өңдеудің технологиялық режимдерін сақталуын тексеру;

      ақаулардың пайда болу себептерін анықтау және оларды жою үшін шаралар қолдану;

      себептері мен жарамсыздық түрлерін анықтаумен қоса жартылай фабрикаттарды жарамсыздыққа шығару және оларды қайта жасауға жіберу;

      материалдардың, дайын өнімдердің анықталған ақауларын белгілеу және сорттылығын анықтау;

      орындаушылар бойынша бақыланатын бұйымдардың ақауларын есепке алу, жарамсыздыққа шығару актісін жасау.

      361. Білуге тиіс:

      бақыланатын шикізат пен дайын өнімдерге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      материалдар, дайын өнімдерді қабылдау, жарамсыздыққа шығару және олардың сорттылығын анықтау тәртіптері мен тәсілдері;

      дайын өнімдердің ассортименті мен өндіру технологиясы;

      бақыланатын өндіріс учаскесінің операцияларын орындауға қойылатын талаптар;

      шикізатты өңдеу барысында ақаулардың пайда болу себептері және оларды анықтау мен жою тәсілдері;

      операциялар бойынша өндірістік ақаулардың қолданыстағы шектері және оларды есепке алу тәртібі;

      дайын өнімдердің сапасына жеке ақаулардың әсері;

      пайдаланылатын бақылау және өлшеу құралдары мен құрал-сайманның құрылысы;

      бақылау қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеудің тәртіптері.

      362. Жұмыс үлгілері:

      1) былғары материалдары - сапасын бақылау және сорттылықты анықтаудың дұрыстығы;

      2) үстіңгі бөлігі тоқыма және былғары алмастырғыштан жасалған, жеңіл аяқкиім, шәркей, сандалдан өзге, аяқкиім- сапасын бақылау және сорттылықты анықтау;

      3) былғары галантерея өндірісінің (сағат, белбеу және жол қайыстарынан өзге), қайыс-ер бұйымдары өндірісінің (жегу әбзелі, қамыт, ер, адамның керек-жарақ бұйымдары) өнімі - сапасын бақылау және сорттылығын анықтау;

      4) былғарыдан техникалық бұйымдар өндірісінің өнімі - сапасын бақылау және сорттылығын анықтау;

      5) қыл-щетка өндірісінің өнімі (қарапайым щеткалардан өзге) - сапасын бақылау және сорттылығын анықтау.

47-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды бақылаушы, 5-разряд

      363. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес былғары үстіңгі бөлігі бар дайын аяқкиімнің (жеңіл аяқкиім, шеркей, сандалдан өзге) сапасы мен сорттылығын анықтауды бақылау;

      бақыланатын дайын өнімнің сортын анықтау және бұйымдарға бақылаушының нөмірлерін қойып шығу;

      бақыланатын бұйымдарға қабылдау-тапсыру құжаттамасын толтыру.

      364. Білуге тиіс:

      былғары аяқкиімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      шығарылатын өнімнің ассортименті;

      бақыланатын учаскеде өнім өндіру технологиясы;

      бақыланатын операцияларды орындаудың ұтымды тәсілдері мен тәртіптері;

      ақауларды бағалау және дайын бұйымдардың сорттылығын анықтау тәртіптері;

      пайдаланылатын бақылау және өлшеу құралдары мен құрал-сайманның құрылысы мен оларды қолдану тәртіптері;

      бақылау қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеудің тәртіптері.

48-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды жасақтаушы, 1-разряд

      365. Жұмыс сипаттамасы:

      қалыптарды, үстіңгі бөліктің, ұлтаншаның және аяқкиімнің төменгі бөлігінің бөлшектерін жұптарға қалыңдығы, түсі, өлшемі, фасоны, биіктігі, жүріс бетіндегі суреті (резеңке табандардың) бойынша жасақтау, іріктеу;

      тасымалдау құрылғыларында қайтадан салу кезінде бөлшектер мен бұйымдарды жіберу және алу;

      биркаларды іріктеу және оларды дайындамаларға бекіту;

      дайындаманың, аяқкиімнің үстіңгі және төменгі бөлік бөлшектерін байлау, есептеу.

      366. Білуге тиіс:

      аяқкиім және дайындама бөліктерін жұптаудың іріктеу және жасақтау тәртіптері;

      тігу бұйымдарының ассортименті, бөлшектердің, дайындаманың және қалыптардың түрі, фасоны, өлшемдері;

      қалыптардың сапасына қойылатын талаптар.

      367. Жұмыс үлгілері:

      1) үстіңгі бөліктің бөлшектері мен аяқкиім үшін ұлтаншалар-қайып тігу алдында жұптарға жасақтау;

      2) дайындамалар - аяқкиімнің үстіңгі бөлігінің нөмірлері бойынша жұптау;

      3) өкшелер - аяқкиімнің фасоны, өлшемі, түсі және биіктігі бойынша іріктеу;

      4) қалыптар - қосу кестесіне сәйкес фасоны, өлшемі және толықтығы бойынша іріктеу, бөліп салу, ақауы бар қалыптарды іріктеу;

      5) табандар - жасақтау және жұптарға іріктеу.

49-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды жасақтаушы, 2-разряд

      368. Жұмыс сипаттамасы:

      жартылай фабрикаттарды, пішімді және дайын өнім бұйымдарының бөлшектерін өндірістік партияларға жасақтау, оларды есептеу және бумаларға байлау, жазба белгілерді ресімдеу, оларды желімдеп жапсыру және бумаларға салу;

      дайын өнімге ілеспе құжаттаманы жасау мен ресімдеу және оны белгіленген орынға тасымалдау;

      былғарының қиып пішілетін партияларының жасақталуы, пішуге былғарының жіберілуі, ағындардан пішімдердің қабылдануы, құрастыру цехтарына беру үшін беріліс серияларының жасақталуы сәйкес келетін өндірістік құжаттарды даярлау және іріктеу;

      есеп жүргізу және фабрика зертханасы мен диспетчерлігіне ақпарат беру үшін былғарының барлық түрлерінің, сорттары мен санаттарының түгел болуын бақылау (пішу карталары, пішу ведомостері, тауарлық билеттер, партиондық билеттер);

      өндірістік құжаттарға пішілетін материалдар атаулары мен олардың сорттарын, түрі, саны, өлшемі бойынша аяқкиім бөлшектерін пішу тапсырмаларын, сондай-ақ пішу түрі бойынша материалдардың шығыс нормаларын енгізу;

      5 модельге дейін жартылай фабрикаттарды, бөлшектер мен тігу бұйымдарын түрі, фасоны, түсі, толықтығы, өлшемі және өзге белгілері бойынша іріктеу және өндіріске жіберу, сондай-ақ аяқкиімнің қалыптарын ауысымдық тапсырма кестесіне сай фасоны, өлшемі, толықтығы бойынша конвейер ағынына жіберу;

      конвейерден дайын өнімді, жартылай фабрикаттар мен үлбір терілерін алу;

      өндіріске жіберілген бөлшектердің, жартылай фабрикаттардың және конвейерден алынған дайын өнімнің санына есеп жүргізу;

      дайын өнімнің жеке есебін жүргізу.

      369. Білуге тиіс:

      бөлшектерді, жартылай фабрикаттарды және бұйымдарды жасақтау тәртіптері;

      жасақтау топтарына қойылатын техникалық шарттар;

      пішілетін материалдардың түрлері мен сорттары;

      бұйым бірлігіне жұмсалатын материалдардың шығыс нормалары;

      түрі және сорты бойынша материалдарды пайдалану нормалары;

      өндіріске сериялық жіберуді қамтамасыз ету үшін пішілетін материалдардың партияларын іріктеу тәртіптері;

      тігілетін бұйымдардың ассортименті, фасоны, өлшемі, толықтығы, жинақтағы бөлшектер немесе бұйымдар мен жартылай фабрикаттардың партиядағы саны;

      бұйымдардағы бөлшектердің орналасу схемасы мен олардың бекітілу тәртібі;

      сорттылықты анықтау тәртіптері, өнімнің және орындаушылардың сапа көрсеткішінің қабылданған белгілері;

      бөлшектер мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;

      құрастыру цехтарына беріліс серияларын жіберудің тәуліктік кестелері;

      белгіленген құжаттаманы және жіберілген және алынып тасталған бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың есебін жүргізу тәртіптері;

      шартты жасақтау белгілері.

      370. Жұмыс үлгілері:

      1) көркемдік бояу жаққыштар үшін пластмассадан, құрсаудан және түйіннен бояу жаққыш саптарына сына - жасақтау;

      2) щеткалы бұйымдардың гарнитуралары - арнаулы фурнитураны қолдану арқылы құрастырумен жасақтау;

      3) дайын өнім - қыл-щетка өндірісінде өлшемі және сорты бойынша партияларды жасақтау;

      4) пішім бөлшектері мен былғары галантерея өндірісінің жартылай фабрикаттары - түрі, моделі, түсі және өлшемі бойынша жасақтау;

      5) аяқкиімнің үстіңгі бөлігінің және ұлтаншаның пішімі, аяқкиімнің төменгі бөлігінің бөлшектері, дайындамалар - түрі, материалы, түсі, фасоны, өлшемі және толықтығы бойынша жасақтау;

      6) пішім және қайыс-ер бұйымдарының бөлшектері - түрі, материалы, түсі бойынша жасақтау;

      7) щетка бұйымдарының қалыптарына қаптама, еден сүрткіш щеткаларына баулар - жасақтау;

      8) қақпақтар - желімдеу және щеткаға бекіту;

      9) былғары жартылай фабрикаттар - технологиялық карталарға сәйкес мақсатына және өзге белгілеріне қарай өндірістік партияларға жасақтау;

      10) бояу жаққыштарға арналған сап пен қақпақтар, щетка қалыптарына қақпақтар - іріктеп алу;

      11) үлбір терілері мен үлбір кесіндісі - өндірістік сорттау белгілері, сорты, ақаулары, өлшемі бойынша сұрыптау.

50-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды жасақтаушы, 3-разряд

      371. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттарға,техникалық шарттарға және технологиялық карталарға сәйкес дайын өнімді есептей және буа отырып, былғарыны, аяқкиімді, былғары галантереясы және ер-тұрман бұйымдарын, сондай-ақ тон шикізаттары мен жартылай фабрикаттарын белгіленген көлемдегі тапсыру партияларына жиынтықтау;

      ерлердің полиэтилен колодкаларын фасоны, өлшемі, толықтығы бойынша таңдау;

      бір мезгілде 5 үлгіден (фасоннан) астам тігу бұйымдарын дайындау кезінде бөлшектерді, пішімді және жартылай фабрикаттарды іріктеу және жіберу;

      ілеспе құжаттар бойынша бөлшектердің, бұйымдардың, пішімдердің, жартылай фабрикаттардың, көмекші материалдардың санын тексеру;

      жасақталған партияларға құжаттарды ресімдеу;

      белгіленген деректемелер мен техникалық карталарды, төлқұжаттарды, калькуляциялық және прейскуранттық талондарды дайындау және толтыру;

      жасақталған партиялардың есебін жүргізу, қоймаға дайын өнімді тасымалдау.

      372. Білуге тиіс:

      жартылай фабрикаттарды, үлбір шикізатын және дайын өнімді жасақтау тәртіптері;

      жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдердің ассортименті;

      дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар, өткізу партиясының белгіленген шамасы;

      тері өлшемдерін өлшеу тәсілдері;

      жасақталатын шикізат пен терілердің сипаттамасы, олардың мақсаты, өндіріске және нарядтар бойынша пішу цехтарына жіберу үшін жасақтау тәртібі;

      терінің шығыс нормалары;

      белгіленген құжаттаманы толтыру бойынша нұсқаулықты және оны толтыру барысында арнаулы аспаптарды пайдалану тәртіптері;

      жасақтаудың шартты белгілері;

      өндіріске бөлшектерді, пішімді және жартылай фабрикаттарды жіберуге қойылатын техникалық талаптар;

      даярланатын бұйымдарды өңдеудің технологиялық бірізділігі;

      транспортер құрылысы және оның қозғалыс жылдамдығын реттеу тәсілдері.

      373. Жұмыс үлгілері:

      1) дайын былғары мен сыздықтар - түрі, сорты, салмағы, ауданы және өзге көрсеткіштер бойынша бумаларға жасақтау;

      2) былғары галантереялық бұйымдар - түрі, артикулы, өлшемі, түсі және сорты бойынша жасақтау;

      3) аяқкиім - артикулы, сорты, фасоны, өлшемі, толықтығы бойынша жасақтау;

      4) тері тілімшелер - өлшемі, фасоны бойынша жасақтау;

      5) қайыс-ер өндірісі өнімі - түрі, артикулы және сорты бойынша жасақтау;

      6) сортталған үлбір шикізаты, жартылай фабрикаттар мен терілер - терілердің алынған топтарынан бұйымдардың шығымын айқындаумен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес жасақтау;

      7) полиэтиленнен жасалған ерлер қалыптары - фасоны, өлшемі, толықтығы бойынша іріктеу.

51-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы, 1-разряд

      374. Жұмыс сипаттамасы:

      ары қарай өндірісте пайдалану үшін және өткізу үшін жеке топтарға түрі, өлшемі, түсі, ұзындығы, жарамдылық дәрежесі бойынша материалдарды, жартылай фабрикаттар мен өндіріс қалдықтарын сорттау.

      375. Білуге тиіс:

      бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттау тәртіптері, оларға қойылатын мемлекеттік стандарттар.

      376. Жұмыс үлгілері:

      1) жасанды былғарының кесіндісі - түсі, түрі, жарамдылығы бойынша өндірісте ары қарай пайдалану үшін, былғары галантерея өндірісінде өткізу үшін топтар бойынша сорттау;

      2) былғары кесіндісі - түсі, түрі, жарамдылығы бойынша өндірісте ары қарай қолдану үшін, былғары галантереялық және аяқкиім өндірістерінде өткізу үшін топтар бойынша сорттау;

      3) былғары алмастырғыштардан кесінді және қысқа - қайыс-ер өндірісінде сорттау;

      4) қылшықтың, қылдың және мамық жүнді қыл-қыбырдың қалдықтары - қыл-щетка өндірісінде ашық реңдегі қылшық түйіндерінен қара қылды пинцетпен немесе қолмен пышақпен іріктеу, сорттау;

      5) белдіктер - техникалық бұйымдар өндірісінде ұзындығы бойынша сорттау;

      6) тор -аяқкиім және былғары галантерея өндірісінде ұсақ кесіндіні ірісінен кесу және бөлу;

      7) жіп - қыл-щетка өндірісінде іріктеу және домалақтарға орау.

52-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы, 2-разряд

      377. Жұмыс сипаттамасы:

      мақсаты, түрі, түсі, ені, сорты, өлшемі бойынша тоқыма материалдарын, жасанды былғарыны, былғары кесіндісін, қайыс-ер бұйымдарын, жүнді, қылды сорттау;

      стеллаждар немесе түптеріне бұйымдарды, материалдарды жинап қою;

      тапсырмаға сәйкес өндірістік партияларды іріктеу;

      белгіленген құжаттаманы толтыру.

      378. Білуге тиіс:

      былғарыны, тоқыма материалдарының, жасанды былғарының, қылдың қасиеттері және олардың бұйымдардың түрі мен модельдері бойынша мақсаты;

      өндірістік партияларды іріктеудің тәртіптерін;

      белгіленген құжаттаманы толтырудың тәртібін.

      379. Жұмыс үлгілері:

      1) жылқының және сиырдың қылы - түрі, түсі, ұзындығы бойынша сорттау;

      2) былғары кесіндісі - былғарыдан техникалық бұйымдар жасау өндірісінде өлшемі мен мақсаты бойынша сорттау;

      3) тоқыма материалдары, жасанды былғары - мақсаты, түрі, түсі, ені, сорты бойынша сорттау;

      4) қыл тұтамы - түбірді түбірге қою, қоспалардан тазарту, түйіндерге байлау;

      5) былғары, шылбыр (тауарлық), жүріс қайыстары - түрі, өлшемі, қусырып тігу бойынша сорттау;

      6) қамытбаулар, құлақбаулар - нөмірлері бойынша сорттау;

      7) жүн - үлбір өндірісінде түрлері бойынша сорттау.

53-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы, 3-разряд

      380. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға сәйкес түрі, түсі, өлшемі, мақсаты, тығыздығы және өзге көрсеткіштері бойынша жүнді, қылшықты, қылды, үлбір кесіндісін, өсімдік тері илеу - экстрактылы шикізатты, қайыстарды, щеткаларды, бояу жаққыштарды сорттау;

      сорттылықты, ақауларды, жарамсыздықты есепке алу;

      қылшықтардың қатар орналасуын сақтай отырып, буманың флажок бөлігінде түбірімен орналасқан, бумаларға жинап қойылған қылшықтарды, тамырларды, қылшық-айналымдарды қолмен немесе қызмет ету машинасында металл тарақпен тегістеуге дейінгі және одан кейінгі сорттау;

      түбірлік және флажоктық бөліктерді қылшықтың ұсақ қылдарының бытысуынан қылшық бумасын түбір мен флажокқа көп реттік түйістірумен бірге тазарту;

      қылшықтарды шоқтармен тоқу және қораптарға жинақтау;

      қылшықты алдын ала, бірінші және екінші сорттау;

      қызмет ету машинасында немесе қолмен жылқы қылын ұзындығы бойынша сорттау, қылшық пен қылды ұзындығы бойынша сұрыптау;

      машина дискісіне салынатын қылшық бумаларының санын есептеу және кейінгі қажетті өлшемге машинаны реттеумен бірге созу кезіндегі бастапқы максималды өлшемді анықтау;

      іріктеу, түйістіру, тегістеу және өлшемдері бойынша созылған қылшықты бумаларға байлау, оларды қораптарға жинап қою.

      381. Білуге тиіс:

      материалдар мен жартылай фабрикаттарды сорттау тәртіптері;

      жүнге, қылшыққа, қылға, үлбір кесіндісіне, қайыстарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      жүннің, қылшықтың, қылдың, үлбір кесіндісінің, өсімдік негізіндегі тері илеу-экстрактылы шикізатының түрлері, қасиеттері, сапасы және іріктеу мен жинап қою тәртіптері;

      дайын бумадағы аударылған қылшықтарды анықтау әдістері;

      бумадағы белгіленген өлшемнен қысқа қылшық пен қылдың рұқсат етілетін мөлшері;

      қызмет ету машинасының әрекет ету қағидаты және оны реттеу тәртіптері.

      382. Жұмыс үлгілері:

      1) тиіннің, ешкінің қылы және мамық жүн қылының өзге түрлері - бөгде қоспаларды жоюмен, қыл тұтамын түбірімен түбірге жинап қоюмен қоса түрі, түсі, ұзындығы бойынша сорттау, бумаларға байлау;

      2) үлбір кесіндісі - түрлері бойынша сорттау;

      3) қайыстар - мақсаты, тығыздығы, қалыңдығы, түсі бойынша сорттау;

      4) емен, үйеңкі, шырша және өзге шикізат - стандартты емес шикізатты жарамсыздыққа шығарумен және шикізатты қатарлар мен вагонеткаларға тасымалдау үшін тақтап жинаумен қоса сорттау;

      5) жүн, қылшық - бөгде қоспаларды жоюмен, қылшықты бүгілген жерімен жалаушаны жалаушаға жинап қоюмен қоса түрі, түсі, өлшемі бойынша сорттау, тамырға түйістіру;

      6) щеткалар мен бояу жаққыштар - жеке бекітілмеген және шығыңқы талшықтарды жоюмен қоса мақсаты бойынша сорттау.

54-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы, 4-разряд

      383. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес өндірістік мақсат, түрі, сорты, қалыңдығы, тығыздығы, өлшемі және өзге көрсеткіштері бойынша былғары галантерея, қайыс-ер және үлбір өндірістерінде былғарылық материалдарды, былғары жартылай фабрикаттарды, ұсақ және орта түрдегі (мамық жүнді аң терісінен өзге) үлбір терілерін сорттау;

      былғары галантерея және қайыс-ер өндірістерінде келіп түсетін былғары материалдарының сортталу сапасын тексеру;

      қызмет ету машинасында немесе қолмен ешкі, борсық және жұмсақ қылдың өзге түрлерін ұзындығы бойынша сорттау, қылшықты ұзындығы бойынша сорттау;

      бұйымдар, материалдар партияларын өндірістік мақсат және өзге көрсеткіштер бойынша жинақтау;

      белгіленген есепке алу құжаттамасын жүргізу.

      384. Білуге тиіс:

      сортталатын шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, материалдардың қасиеттері, оларғақойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      бұйымдар, материалдар партияларын өндірістік мақсат және өзге көрсеткіштер бойынша комплектілеу тәртіптері;

      сынамаларды іріктеу әдістері;

      белгіленген құжаттаманы жүргізу және ресімдеу тәртібі;

      қызмет ету машинасының құрылысы және оны жөндеу тәртіптері.

      385. Жұмыс үлгілері:

      1) былғары материалдар - мақсаты, сорты, қалыңдығы, тығыздығы, түсі және өзге көрсеткіштер бойынша сорттау, былғары галантерея, қайыс-ер және үлбір өндірісінде - сапасын бақылау;

      2) мехты қой терісі және ұсақ және орта түрдегі терілер тоны (көртышқанның, су және қамба егеуқұйрықтарының, сарышұнақтың, сони-полчктің, бұзаубастың, қосаяқтың, көртышқанның, шақылдақтың, ақсары тышқанның, үй қоянының, үй мысығының, жылбысынның, лямканың, серкештің, қаратамақ торғайдың, сак-сактың, суырдың, иттің терілері) - түкті жабынның сипаты, тері тінінің қалыңдығы, сорты, өлшемі, сорттылығын анықтаумен қоса ақаулығы бойынша сорттау;

      3) белдіктер үшін былғары кесінділер - сорттау, қалыңдығы және сапасы бойынша іріктеу;

      4) былғары жартылай фабрикаттар - сапасы, мақсаты және өзге көрсеткіштер бойынша сорттау;

      5) қылшық шикізаты, қыл жартылай фабрикаты - сапасы, саны бойынша сорттау, сынамаларды іріктеу.

55-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы, 5-разряд

      386. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес сапасы, қалыңдығы ауданы, түсі, өндірістік мақсаты және өзге көрсеткіштер бойынша дайын былғарыны, былғары материалдарын, былғары және үлбір жартылай фабрикатын сорттау;

      аяқкиім өндірісінде келіп түсетін былғары материалдарын сорттау дұрыстығын, сапасын және олардың таңбалануын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру.

      387. Білуге тиіс:

      сортталатын бұйымдарға, жартылай фабрикаттар мен материалдарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      былғары сорттылығын анықтаудың тәсілдері мен әдістері;

      дайын өнімнің кемістіктері, олардың пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері.

      388. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

      389. Жұмыс үлгілері:

      1) дайын былғары - сапасы, қалыңдығы, ауданы бойынша сорттау (сорттылығын белгілеу);

      2) былғарылық материалдар мен былғарылық жартылай фабрикаттар - мақсаты, тығыздығы, қалыңдығы, түсі және өзге көрсеткіштер бойынша сорттау және іріктеу;

      3) жонарқалар, жағалықтар, етектер, бүтін техникалық былғарылар - сорты және мақсатты тағайындалымы бойынша сорттау;

      4) мамық жүнді аң терісінің, қаракөл елтірісі түрлерінің және теңіз жануарының терілері (құндыздың, барыстың, борсықтың, тиіннің, қасқырдың, кәмшаттың, су тышқанның, ақ тышқанның, сусардың, кидустың, қарсақтың, жабайы мысықтың, аққұлақтың, қабыланның, түлкінің, қаракүзеннің, су тышқанының, ондатраның, ақ түлкінің, россомаханың, сілеусіннің, сарғыш күзеннің, бұлғынның, жолбарыстың, харзаның, голяктың, клямның, қаракөлшінің, қаракөлдің, муврдың, елтірінің, тиіннің, теңіз камшатының, теңіз мысығының, нерпаның және өзгелердің) - сорттылығын анықтаумен қоса түкті жабынның сипаты, тері тканінің қалыңдығы, өлшемі, ақаулары және өндірістік мақсаты бойынша сорттау;

      5) ұсақ және орта түрдегі терілер, үлбір және тондық қой терісі - прейскуранттар бойынша сорттау және бағалау.

56-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы, 6-разряд

      390. Жұмыс сипаттамасы:

      иленген және боялған мамық жүнді аң терісін, қаракөл елтірісі түрлерін, теңіз жануарының терісін және терілердің санамаланған түрлерінен мех бұйымдарын және дайын былғарыны сорттау және бағалау;

      экспорт үшін мамық жүнді және үлбір терілерін даярлау және жинақтау;

      мамық жүнді және үлбір жартылай фабрикаты және дайын үлбір мен былғары өнімі бағалануының, сортталуының дұрыстығын тексеру;

      былғарыны сорттаудың және жинақтаудың дұрыстығын тексеру;

      сорты бойынша дайын бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды есепке алуды жүргізу.

      391. Білуге тиіс:

      дайын былғарыға, теріге және олардан жасалған бұйымдарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      мамық жүнді аң терісі мен қаракөл елтірісі түрлерін, теңіз жануары терісін және олардан жасалған үлбір бұйымдарын бағалау әдістерін, дайын үлбір және былғары өнімінің ақауларын, оларды анықтау және жою тәсілдері;

      дайын былғарыны, мамық жүнді аң мен қаракөл елтірісі түрлерін, теңіз жануарының терілерін және үлбір бұйымдарын сорттау мен комплектілеудің дұрыстығын тексеру тәсілдері.

      392. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

57-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тазалаушы, 1-разряд

      393. Жұмыс сипаттамасы:

      былғарыны шаңнан щеткамен, тампонмен немесе матамен қолмен тазалау;

      аяқкиімнің төменгі бөлігінің бөлшектерін, дайындама мен дайын аяқкиімді, қалыптарды шаңнан, ластан, желім қалдықтарынан жуу құралдарын қолданумен не оларсыз қызмет ету машинасында немесе щеткамен не болмаса шұғамен қолмен тазалау;

      дайын үлбір терілері мен бұйымдарын тарамай және қырықпай щеткалы немесе пневматикалық машинадаоның бүтіндігін сақтаумен қосатүкті жабынға тазалықты, шашыраңқылықты беру үшін шаң мен ағаш үгінділерін қағу жолымен үлбір терілері мен бұйымдарын қолмен тазалау;

      қызмет ету машинасында немесе құрал-сайманның көмегімен қолмен ұлтарақтан және тартылған аяқкиімнің тартпа жиегінен шегені, қапсырма шегені, тарақшаларды, тексті жою, етік пен жартылай етіктің сірісінен тексті, саптама шегелердің қырларын түзулеу.

      394. Білуге тиіс:

      былғарыны тазалау бойынша жұмыстарды орындау тәртіптері;

      шегелерді, қапсырма шегелерді, тарақшаларды, тексті жою тәсілдері;

      қолмен үлбір терілерін шаңнан қағу тәсілдері;

      қолданылатын жабдықты пайдалану тәртіптері.

58-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тазалаушы, 2-разряд

      395. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында немесе қолмен терілерді күдерінің түктерін көтерумен және шаң мен ағаш үгінділерін жоюмен, дайын үлбір терілерін ұрғылау, пневматикалық немесе щеткалық машиналарда терілерді машинаға жайылған түрінде берумен қоса тазалау және әртүрлі бағытта көпреттік жылжыту мен оларды өңдеу;

      шегелердің, винттердің, қапсырма шегелердің, шпилькалардың қайырылмаған ұштарын бүгу, кесу немесе жою жолымен ұлтарақтардың, табандардың, шолақ ұлтаншалардың, өкшелердің беттерін өңдеу;

      етіктер мен юфттің ішін шегелермен қағу;

      машинада тері тіні жағынан мехтық қағу, тегіс емес қылды қырқумен, түтумен және бұйымдардың түкті жабынын қолмен щеткамен тегістеп жазумен қоса мех және тондық қой терісі бұйымдарының түкті жабынын тазалау және тарау.

      396. Білуге тиіс:

      бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тазалау бойынша жұмыстарды орындау тәртіптері;

      өңдеуге дейін және одан кейін жартылай фабрикаттар мен бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар;

      мех және тондық қой терісі бұйымдарының тері тіні мен түкті жабынның құрылымы;

      мех және тондық қой терісі бұйымдарының түкті жабынын тарау тәсілдері;

      қызмет ету машиналарының құрылысы, оларды пайдалану тәртіптері.

59-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тазалаушы, 3-разряд

      397. Жұмыс сипаттамасы:

      мотовариатормен жарақтандырылған щеткалы шаңсыздандыратын машинада түкті көтерумен немесе онсыз былғары жартылай фабрикатты тазалау және шаңсыздандыру;

      таспалы транспортерге терілерді жайып беру;

      транспортер қозғалысының жылдамдығын, щетка біліктерінің айналуын, щеткалы машинаның таспалы транспортері мен щетка біліктері арасындағы саңылауды жартылай фабрикаттың қалыңдығына байланысты реттеу;

      машина жұмысының оңтайлы режимін, сору вентиляциясының қуаттылығын, шаңсыздандыру бастарына берілетін ауа қысымынтаңдау;

      созып кигізетін транспортер таспаларын реттеу;

      ауаның өтуі үшін үстіңгі және төменгі тесіктерді, ауа сүзгісін, щеткаларды тазалау;

      сору қысымын және ауа беруді реттеу.

      398. Білуге тиіс:

      былғары жартылай фабрикатты тазалау бойынша жұмыстарды орындау тәртіптері;

      өңдеуге дейін және одан кейін жартылай фабрикатқа қойылатын талаптар;

      щеткалы шаңсыздандыру машиналарының құрылысы, оларды пайдалану, күйге келтіру, жөндеу тәртіптері.

60-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды әрлеуші, 1-разряд

      399. Жұмыс сипаттамасы:

      каландрлар мен нығыздауыштарда бөлшектердің бетінде әшекей мен қырларды бедерлеу жолымен бұйымдардың бөлшектерін әрлеу;

      жалтырақты алумен суретті түсіру;

      өрнектеудің технологиялық режимін сақтау;

      қызмет ету машинасында немесе қолмен бөлшектер мен бұйымдарды бұдырлау, сызықпен түрлеу;

      фурнитура мен бұйымдарды сүртіп тазарту, қолмен немесе нығыздауышта материалдарды, бөлшектер мен бұйымдарды жазу;

      алдын ала жасалған белгілеуге немесе шектеу сызғыштары мен тіреуіштердің көмегімен машинада немесе қолмен бөлшектерде тесіктерді тесу;

      қайыс қусырумен тігілген бұйымдар мен бөлшектерді тігістерді жару (қағу) жолымен әрлеу;

      құлақбаудың шеттерін қыспақтап бүгу және балғамен қағу;

      бұрыштар бойынша бүгумен сөмке ботанын ұзындық бойы жинау;

      бүгілген жерді балғамен қағып тастау;

      ершіктің горттарының жиектеріне, белкөтермеге, делбеге, шылбырға және өзге бұйымдарға белдіктердің ұшындағы ойындының көмегімен "жұлқуға" түйіндеп байлау, қамытбаудың ұшындағы түйінді байлау;

      бұйымдардың тұтқалары мен шеттерін қолмен орап тоқу;

      орап тоқуды дайындау және тесікке салу, ұштарын бекіту;

      бөлшектердің шеттерін (бүйір жағын) бояумен бояу, оларды кептіру;

      тігіске ерітілген балауызды қолмен жағу, ыстық бұрумен тігістерді үтіктеу;

      бауларды түйіндеп бекітумен шығырдың белгіленген санына дайындама мен дайын аяқкиімді қолмен байлау;

      тоғаны ілгектеу, дайындаманы түймелеу, тоғаны, сылдырма ілгекті, түймелерді ағыту немесе берцыларды қысып буатын жіптерді кесумен аяқкиімнің бауын шешу;

      әрлеудің технологиялық режимдерін сақтау.

      400. Білуге тиіс:

      бұйымдардың тұтқалары мен шеттерін өру тәсілдері;

      тігістерді қағу тәртіптері;

      қайыс қусырудың қасиеттері;

      құлақбау мен сөмкелерге қойылатын мемлекеттік стандарттар;

      тоқыма қайыс бұйымдарына қойылатын техникалық шарттар, бөлшектер мен бұйымдардың түрі, фасондарымен өлшемдері;

      қолданылатын материалдардың қасиеттері;

      балауыз бен бұрып жылыту температурасы, бөлшектер мен бұйымдарды бұдырлау, сызықпен түрлеу тәсілдері;

      дайын аяқкиім мен дайындаманы қолмен байлау;

      бұйымдарды өңдеу сапасына қойылатын талаптар;

      қолданылатын жабдықты пайдалану тәртіптері.

      401. Жұмыс үлгілері:

      өру:

      1) бұйымдар шеттерін (әмиян, шилан, кішкене әмиян және өзгелер) - бір таспаға;

      2) тұтқалар - үш, төрт таспаға;

      тесіктерді тесу:

      1) фурнитураны бекіту, бүркеншікті шегені, топсаны, тоғаны, хольнитен құлақтарын, ілгекті салу ұшін бұйымдар бөлшектері;

      2) жартылай ұлтарақтар;

      3) төсемдер;

      4) белбеу, сағат белдіктері және өзге лер;

      5) ұлтарақтар;

      кішкене тістер мен бұрыштарды таяқтау:

      1) сірісі;

      2) ұлтарақ;

      3) штаферка;

      4) тілше;

      өрнектеу:

      1) өкше;

      2) табан.

61-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материлдарды әрлеуші, 2-разряд

      402. Жұмыс сипаттамасы:

      бұйымдардың бөлшектерін тігін машинасында немесе престерде сызбалардың бөлшектерде дұрыс орналасуын сақтай отырып, белгіленген сызықтар бойынша суретті тесу жолымен және ұстағыштар мен қылтамырсыз таза кесу арқылы өңдеу;

      каландрлар мен нығыздауыштарда материалда және бұйымдар бөлшектерінде суретті бедерлеу;

      нығыздауыштарда жалтырақты алумен суретті түсіру;

      температураны, ұстау уақытын және өзге параметрлерді реттеу;

      бөлшектердің шетін (бүйір жағын) бояумен бояу;

      бояудан соң бөлшектерді кептіру;

      жасанды былғарыдан, белбеу, сағат және жол белдіктерінен жасалған дайын бұйымдарды өңдеу;

      бөлшектер мен бұйымдарды әртүрлі бояулармен, аппретуралармен және лактармен бояу, аппретуралау, лактау;

      тоқылған шикі бұйымдарды өңдеу;

      қызмет ету машинасында немесе қолмен тоқылған қайыс бұйымдарында түйіндеп байлау;

      түйін ұшын түзеу, шырғалау және кесу, түйінге қажетті пішін беру;

      ер-тоқымның лентасын шығыңқы ұштарын және тойтармалардың шеттерін, шайбаларды және тораптарды тегістеу дөңгелегінде тегіс, тегіс бетті қамтамасыз ете отырып, тетіктердің ұсталуынсыз және бүлінуінсіз ажарлау (тазарту) жолымен өңдеу;

      қашауыш станокта жонғыш түрпімен және жонғышпен таралғы тесіктерін ойғаннан соң оларды тазалау;

      кебені, ердің қапталының қатпарларындағы бұдырларды тазалау;

      қолмен түту, тегістеу, ажарлау жолымен өсімдік талшығынан, қылшықтан, жөкеден және мамық жүннің барлық түрлерінен, қылшық пен қылдан жасалған бояу жаққыштар мен щеткаларды өңдеу;

      қызмет ету машинасында немесе қолмен техникалық шарттарға сәйкес щеткалардың қыл бөлігін кесу;

      түйіннен қырқылған уыс қылды бөлу, оны түбірге жіберу, қолмен кептіргеннен соң қылшық түйіні мен қалдықтарды тегістеу;

      қызмет ету машинасында немесе қолмен аяқкиімнің үстіңгі және төменгі бөліктерін жылтырату;

      бөлшектердегі кесіктерді, ұсақ кемістіктерді бітеу;

      тесіксіз және саңылаусыз бұйымдар бөлшектеріндегі тіліктерді табанды бекітетін жіптерді бүлдірмей ашу және жабу;

      ілгектер мен тоғаны бүлдірмей және аяқкиімді өзгертпей қызмет ету машинасында дайын аяқкиім мен дайындаманы байлау;

      қызмет ету машинасында немесе арнаулы аспаптардың көмегімен қолмен аяқкиімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектері мен ұлтаншаны біріктіретін қайып тігілген тігістерді, аяқкиімнің үстіңгі бөлігінің былғары бөлшектеріндегі, ұлтаншадағы, өкше қаптамасындағы, платформадағы (сынадағы) қыртыстар мен әжімдерді - тупикпен немесе үтікпен, тартылған аяқкиімнің тартпа жиегін - машинаның дірілдеткіш білікшесімен табанның тартпа жиегінің бүкіл периметрін нақтылай отырып, қызмет ету машинасында тыртысу мен қыртыстарды жоюмен қоса жазу.

      403. Білуге тиіс:

      бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды әрлеудің технологиялық режимдері;

      тоқылған қайыс бұйымдарды әрлеу тәртіптері;

      бұйымдардың тұтқалары мен шеттерін өру тәсілдері;

      қызмет ету машинасында дайын аяқкиім мен дайындаманы байлау тәртіптері;

      бөлшектер жасалған материалдардың қасиеттері;

      өңделетін бөлшектер мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;

      ердің қапталы өрелерінің өлшемі, температуралық әсерлерге жаба қабықшаның, жалтырақтың және аппретураның төзімділік дәрежесі;

      қолданылатын бояулардың, аппретуралардың, лактардың, желімдердің қасиеттері;

      жуып шаю материалдарының химиялық құрамы;

      боялатын бұйымдармен түстес бояуларды іріктеу тәсілдері;

      қолданылатын жабдықтың әрекет ету принципі, оны пайдалану мен реттеу тәртіптері.

      404. Жұмыс үлгілері:

      1) бұйымдар бөлшектері - белгіленген сызықтар бойынша нығыздауышта, тігін машинасында суреттерді тесу;

      2) техникалық бұйымдар бөлшектері - схемаға сәйкес тесіктерді тесу;

      3) былғары галантерея бұйымдары (белдіктер және өзге) - бедерлеумен және жалтырақты алумен суретті түсіру;

      4) аяқкиім, былғары галантерея, қайыс-ер, қыл-щетка бұйымдары - бояу, аппретуралау, лактау;

      5) былғары галантерея бұйымдары - орап тоқу;

      6) бұйымдардың шеттері (әмиян, шилан, кішкентай әмиян және өзге) - екі және одан көп таспаларға тоқу;

      7) сырмалы, сыздықты және өзге аяқкиімдердің ұлтаны - жүріс жағында тіліктерді ашу және жабу;

      8) ұлтандар - жіппен бекіту үшін тілінген барлық беттің жиектерін нығыздау;

      9) полиуретандық ұлтандар - бекіткен соң қолмен саңылауларды бітеу;

      10) сыздықтар - ыстық құрал-сайманмен оларды жапсырумен ұштарын бітеу;

      11) тұтқалар мен белдіктер - бес және одан көп таспаларға өру;

      12) сыздықты ұлтарақтар - тік жағдайға ерінді көтеру;

      13) жаққыштың түп жағы, қыл бумасы - түбіт пен жеке қылшықтарды үйту;

      14) сым - муфель пештерінде күйдіру.

62-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды әрлеуші, 3-разряд

      405. Жұмыс сипаттамасы:

      тесіктердің арасындағы бірдей қашықтықты, бөлшектердің шетінен белгіленген қашықтықты, тесіктердің симметриялық орналасуын сақтай отырып, алдын ала белгілеусіз қызмет ету машинасында тесіктерді тесу жолымен бұйымдарды өңдеу;

      дайын қайыс-ер бұйымдарын, адам жабдықтары бұйымдарын бояу, лак, желім жағу жолымен өңдеу;

      қызмет ету машинасында немесе қолмен тігістерді түзеу, жазу, көмкеру, желім ерітіндісін жағу, тегістеп жазу, бұдырлау;

      көркемдік қылқаламдардан басқа, щетка бұйымдары мен қылқалам шоғырларының барлық түрлерін олардың бетін тарақтау, кесу және кесу жолымен өңдеу;

      қызмет ету машинасында щетка мен жаққыштан бекітілмеген талшықты кетіру;

      қылдың немесе қылшықтың ұшын кеспей ұстараның көмегімен щетканың шығыңқы бекітілмеген түктерін кесу;

      сорудан соң қылшықты, қылды тегістеу;

      бөлшектер мен суреттердің сұлбасы бойынша машинада трафареттерді тесу;

      жылтырату - дөңгелек пен әшекейді домалатып және домалатпай ұлтан кесігіне анық кескін мен жылтырақ беру, былғарының бетіне иілімділік және былғарының үстіңгі бетіне азғантай тегіс жылтырақ беру үшін, барқыт пен немесе фетрмен қапталған барқыт дөңгелектерінде жұмсақ былғарыны жылтырату;

      былғары тінін нығыздау, былғарының бетіне жылтырақ беру және аппретура қабықшасының суға төзімділігін арттыру мақсатында машинада былғарыны жылтырату;

      өңделетін былғары жартылай фабрикаттың түріне байланысты машинаны реттеу және жөндеу;

      белбеу, сағат және жол белдіктерінен өзге, табиғи былғарыдан жасалған бұйымдарда дақтарды, жырылғанды, кесікті және өзге беттің өзге де ақауларын бояу;

      бөлшектер мен бұйымдарды бояу, лактау, тонировкалау, аппретуралау;

      белгілі бір концентрациядағы бояуларды, аппретураларды, лактарды жасау және іріктеу;

      бұйымдарды кептіру, силиконды матрицаларда бөлшектер мен бұйымдарда суретті бедерлеу.

      406. Білуге тиіс:

      бөлшектерді, бұйымдарды әрлеу жолдары мен тәсілдері;

      терінің топографиясы;

      былғарыны жаба бояудың қасиеттері;

      қажетті негіздегі, түстегі және реңдегі бояуларды іріктеу түрлері, тәсілдері және олардың қасиеттері;

      фумельдер мен олардың қызу температурасын іріктеп алу тәртіптері;

      қылшық пен қылға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      қолданылатын жабдықтың құрылысы, оны пайдалану және реттеу тәртіптері;

      әртүрлі материалдан (агат, яшма, әйнек және өзге) жасалған жылтыратқыш білікшелердің қасиеттері.

      407. Жұмыс үлгілері:

      1) берцы - жасырын ілгектерді қою үшін тесіктерді тесу;

      2) бұйымдар бөлшектері - суреттерді тесу;

      3) бұйымдар - суреттерді өңдеу;

      4) бөлшектер мен суреттердің сұлбасы бойынша қызмет ету машинасында трафареттерді тесу;

      бояу:

      1) бөлшектер мен бұйымдар - шприц-аппараттың көмегімен;

      2) бұйымдардың бөлшектері - қолмен көркем бояу;

      3) аяқкиім (киілген) - ескі жабынды алдын ала жуып шаюмен, беткі ақауларын бітеу және грунтты жағумен, аяқкиімнің үстіңгі бөлігін біркелкі бояумен, ұлтан кесігін, нәлді және өкшені әрлеумен;

      ағарту:

      тіс щеткалары, ұстара жаққышы және өзге бұйымдар үшін қылшық;

      жылтырату:

      1) барлық түрдегі өкшелер - ыстық фумельмен;

      2) модельдік аяқкиім ұлтанының кесігі - ыстық әдіспен;

      суреттерді бедерлеу:

      1) аяқкиім бөлшектері;

      2) бұйымдардың былғары бөлшектері;

      тонировкалау:

      1) қатардағы аяқкиім- атаулас аяқкиімнің бөлшектерінде және жартылай жұптардың екеуінде суреттің симметриялы орналасуын қамтамасыз етумен;

      2) бүрмелеу;

      3) үстіңгі бөліктің бөлшектері.

63-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды әрлеуші, 4-разряд

      408. Жұмыс сипаттамасы:

      мамық жүнді теріден, көркемдік бояу жаққыштардан өзге, дайын жаққыштарды әлсіз бекітілген қылдардан тазалау жолымен аяқкиімді, табиғи мехтың барлық түрлерінен жасалған үлбір бұйымдарын әрлеу;

      тазарту, қалыптарда тегіс емес, кедір-бұдырды тегістеу;

      ажарлау станогында немесе қолмен егеумен кебелерді алу;

      бұйымдарды жасау процесінде жоғалған материал бетінің алғашқы түрін өңдеу, аппретуралау, үтіктеу, тоннировкалау және механикалық пен химиялық тәсілдермен ластануды жою жолымен қалпына келтіру;

      түсі және қалыңдығы бойынша беттің біркелкілігін, тері илеу жұмыстарының сапасын тексеру, түкті жабынды тесу, тарау және тегістеу, тегіс емес қылдар мен жіптерді қырқу, әрлемені іріктеу, даярлау және бекіту;

      жаба бояуға, бұйымдардың үстіңгі бөлігінің түсі мен реңіне байланысты бояу мен аппретураларды жасау және іріктеу.

      409. Білуге тиіс:

      бұйымдарды әрлеу бойынша операцияларды орындаудың жолдары мен әдістері;

      әрленетін бұйымдарға қойылатын техникалық шарттар;

      былғарыны жаба бояудың қасиеттері;

      жуып шаю құралдарының қасиеттері мен химиялық құрамы;

      бояғыш заттар мен аппретураларды кептірудің технологиялық режимі;

      әрлеудің әртүрлі түрі үшін аспаптар мен құрал-сайманды пайдаланудың тәсілдері;

      ажарлау станогының құрылысы және оны реттеу тәртіптері.

      410. Жұмыс үлгілері:

      1) үстіңгі бөлігі тоқымадан және былғары алмастырғыштан жасалған модельдік аяқкиім- өңдеу;

      2) былғары үстіңгі бөлігі бар модельдік аяқкиім- тонировкалау.

64-параграф. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды әрлеуші, 5-разряд

      411. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары үстіңгі бөлігі бар модельдік аяқкиімді, мамық жүнді аң терісінен жасалған үлбір бұйымдарды өңдеу;

      түсі мен қалыңдығы бойынша бұйымдар бетінің біркелкілігін, тері илеу жұмыстарының сапасын тексеру;

      түк жамылғысын тесу, тарақтау және тегістеу, тегіс емес түк пен жіптерді кесу;

      әрлеуді таңдау, дайындау және бекіту;

      табан мен өкшенің жүріс және аяқ беттеріне, рантқа өрнек сызықтарын бедерлеу.

      412. Білуге тиіс:

      жасалатын бұйымдарды әрлеу бойынша орындалатын операцияларының жолдары мен әдістері;

      аяқкиім материалдарының қасиеттері;

      бұйымдардың бүлінуінің пайда болу себептері және жою тәсілдері;

      жасалатын бұйымдарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар.

65-параграф. Былғары жартылай фабрикаттар мен үлбір терілерін жұмсарту аппаратшысы, 2-разряд

      413. Жұмыс сипаттамасы:

      барабанда немесе езгіште үлбір терілерін, қайыс, күдері, былғары терілерін, қиынды мен кесікті жұмсарту мен бөлудің технологиялық процестерін жүргізу;

      жұмыс орнына жартылай фабрикаттарды тасымалдау;

      барабанға немесе езгішке тері, былғары мен материалдарды салу, оларды түсіру және төсеу;

      қызмет ету жабдығын іске қосу және тоқтату.

      414. Білуге тиіс:

      былғары жартылай фабрикаттар мен терілерді барабан немесе езгіште жұмсарту, бөлу тәртіптері, жолдары мен тәсілдері;

      тері, былғары түрлері мен олардың қолданылу мақсаттары;

      барабан мен езгіштің құрылысы мен пайдалану тәртіптері, қолданылатын материалдардың қасиеттері.

66-параграф. Былғары жартылай фабрикаттар мен үлбір терілерін жұмсарту аппаратшысы, 3-разряд

      415. Жұмыс сипаттамасы:

      барабан-жартылай автоматтарда қайыс, күдері, былғары терілерін, қиынды, кесіндіні жұмсарту, бөлу технологиялық процестерін жүргізу;

      салу кезінде терінің ылғалдығын, қаттылығын, салмағы мен мөлшерін анықтау;

      ылғал, температура, берілетін ауа көлемі, барабандардың айналу уақыты мен былғарыны өңдеудің технологиялық процесін жүргізудің қажетті параметрлерін қамтамасыз ету үшін барабандардың автоматты жүйелерін баптау және реттеу;

      барабан-жартылай автоматтардың жұмысын, автоматтық режимде химиялық материалдарды мөлшерлеуді бақылау;

      келесі операцияда өңдеуге бөлудің сапасы мен терінің әзірлігін анықтау;

      велюрді сұрыптау және екінші бояуға өндірістік партияларды жинақтау.

      416. Білуге тиіс:

      теріні жұмсарту, оны барабан-жартылай автоматтарда бөлу технологиясы;

      жұмсартуға дейінгі және одан кейінгі былғарының сапасына қойылатын талаптар;

      былғары жартылай фабрикаттар мен терілерді жұмсарту, бөлу технологиялық режимінің параметрлері;

      бөлу, жұмсартудан соң былғарының даярлығын анықтау тәсілдері, былғарының болуы мүмкін кемістіктері;

      автоматикалық режимде жұмыс істейтін барабандардың әрекет ету қағидаты;

      барабандардың автоматикалық жүйесін жөндеу, реттеу тәртіптері;

      велюрді сұрыптау және екінші бояуға партияларды жинақтау тәртіптері.

67-параграф. Былғары және үлбір шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сүргілеуші, 4-разряд

      417. Жұмыс сипаттамасы:

      дайын өнімге қойылған мемлекеттік стандарттар немесе техникалық шарттармен бекітілген белгілі бір қалыңдыққа дейін барлық аудан бойынша оларды тегістеу және тері асты қабатына кертпей және жұлып алмай түзу, тегіс бетті беру мақсатында шошқа терісінен майды сүргілеу машиналарында, дискілі пышақтарда немесе қолмен былғарыдан жасалған аяқкиім, былғары галантереялық, қайыс-ер және техникалық бұйымдардың бөлшектерін сүргілеу бойынша қарапайым және орташа күрделіліктегі жұмыстарды орындау;

      сүргілеудің қажетті қалыңдығына сүргілеу машиналарын реттеу, сүргілеуден соң қалыңдық өлшегіштің көмегімен былғарының қалыңдығын өлшеу;

      пышақтарды мерзімдік қайрау.

      418. Білуге тиіс:

      былғары және мех шикізат пен жартылай фабрикаттарды сүргілеу тәртіптері;

      шошқа терісі топографиясының ерекшеліктері;

      дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      тері тінінің қасиеттері;

      сүргілеу машиналарының құрылысы, оларды реттеу және пышақтарды қайрау тәртіптері.

68-параграф. Былғары және үлбір шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сүргілеуші, 5-разряд

      419. Жұмыс сипаттамасы:

      дайын өнімге қойылған мемлекеттік стандарттар немесе техникалық шарттармен бекітілген белгілі бір қалыңдыққа дейін барлық аудан бойынша оларды тегістеу және тері асты қабатына кертпей және жұлып алмай түзу, тегіс бетті беру мақсатында дискілі пышақтарда, сүргілеу машиналарында аң терілерінің тері тінін (қымбат бағалылардан өзге), жонарқаны, шикізатқа жағалықты, етектің жағалықтырын, иленген түрдегі кесіндіні, дайын өнімді сүргілеу бойынша күрделі жұмыстарды орындау;

      қайрау пышақтарын орнату;

      сүргілеу машиналарын жөндеуге қатысу.

      420. Білуге тиіс:

      сүргілеудің ұтымды жолдары және былғары және мех шикізаты мен жартылай фабрикаттардың әртүрлі топографиясының ерекшеліктері;

      дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      былғары және үлбір шикізаты түкті жабынының қасиеттері;

      сүргілеу машиналарының әрекет ету принципі, оны пайдалану және жөндеу, қайрақ тастарын орнату тәртіптері.

69-праграф. Былғары және үлбір шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сүргілеуші, 6-разряд

      421. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілерінің (бұлғынның, сусардың, қаракүзеннің, құндыздың, түлкінің, қаракөлдің, ақ түлкінің, теңіз мысығының, кәмшаттың) қымбат бағалы түрлерінің былғары шикізаты мен жартылай фабрикаттарды, иленген түрдегі бүтін терінің, жонарқаның, жағалықтың барлық түрлерін сүргілеу машиналарында сүргілеу бойынша аса күрделі жұмыстарды орындау;

      сүргілеудің қажетті қалыңдығына машиналарды теңшеу, оларды жөндеу.

      422. Білуге тиіс:

      былғары шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сүргілеудің ұтымды жолдары;

      дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      былғары және үлбір шикізатының, жартылай фабрикаттардың қалыңдығының белгіленген шамалары;

      сүргілеу машиналарын күйге келтіру және жөндеу тәртіптері.

70-параграф. Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды өлшеуші, 2-разряд

      423. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары және үлбір шикізатының, жасанды былғары тілімшелерінің, техникалық негіздердің ауданы мен қалыңдығын, техникалық қайыстың ұзындығын планшетпен, қалыңдық өлшеуішпен және өзге құралдармен өлшеуді бір мезгілде таңбалаумен, орын ауыстырумен және стеллаждарға қаттап жинаумен жүргізу;

      эталондар бойынша планшеттің, қалыңдық өлшегіштің көрсетулерінің дұрыстығын тексеру;

      былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды өлшеу нәтижелерін жазу;

      штамптарды тазалау.

      424. Білуге тиіс:

      былғары мен үлбір шикізатының, жасанды былғары тілімдерінің, техникалық негіздердің ауданы мен қалыңдығын өлшеу тәртіптері;

      өлшеу кестелері мен аспаптарын қолдану тәртіптері;

      былғары және үлбір шикізаты мен материалдардың түрлері;

      былғары және үлбір шикізатының ұзындығы, ені мен қалыңдығын өлшеудің стандартты нүктелері;

      өлшеу нәтижелерін жазу үшін құжаттаманы жүргізу тәртіптері;

      қалыңдық өлшегіштің, планшеттің және өзге қолданылатын аспаптардың құрылысы.

71-параграф. Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды өлшеуші, 3-разряд

      425. Жұмыс сипаттамасы:

      планиметрмен және өлшеу машинасында даяр былғарының, иленген және боялған үлбір терілерінің, тілімшелерінің ауданы мен қалыңдығын өлшеу;

      эталондар бойынша өлшеу машинасының, планиметрдің көрсетулерін мерзімдік бақылау;

      өлшеу машинасының жұмысын бақылау.

      426. Білуге тиіс:

      планиметрмен және өлшеу машинасында дайын былғарының, иленген және боялған үлбір терілерінің, тілімшелерінің ауданы мен қалыңдығын өлшеу тәртіптері;

      дайын былғарының, үлбір терілерінің, тілімшелерінің түрлері;

      дайын былғарының ұзындығы, ені мен қалыңдығын өлшеудің стандартты нүктелері;

      өлшеу машинасы және планиметрдің құрылысы мен пайдалану тәртіптері;

      өлшеу машинасының, планиметрдің көрсетілімдерінің болуы мүмкін ауытқуларының себептері және оларды жою тәсілдері.

72-параграф. Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды өлшеуші, 4-разряд

      427. Жұмыс сипаттамасы:

      транспортерге төсеумен электрондық машинада дайын былғарының ауданы мен қалыңдығын өлшеу;

      эталондар бойынша машина көрсетулерінің дұрыстығын тексеру.

      428. Білуге тиіс:

      электрондық машинада дайын былғарының ауданы мен қалыңдығын өлшеу тәртіптері;

      электрондық машинаның құрылысы мен пайдалану тәртіптері;

      электрондық машина көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру тәсілдері.

73-параграф. Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды өлшеуші, 5-разряд

      429. Жұмыс сипаттамасы:

      компьютер жадына енгізу және дисплей арқылы шығару құрылғысына өлшенетін былғары партиясы жөнінде ағымдағы ақпаратты беру үшін қажетті экранмен, басып шығару құрылғысымен, клавиатурамен жабдықталған электрондық машинада дайын былғарының ауданы мен қалыңдығын өлшеу;

      баспа таспасын ауыстыру, машинаны жөндеу, күйге келтіру және реттеу;

      былғары түріне сәйкес автосалғышты күйге келтіру және реттеу;

      эталондар бойынша машина көрсетулерінің дұрыстығын тексеру;

      кейіннен партияларға буып түю үшін тасымалдаумен пакеттерге автосалғышпен былғарыны жинақтау;

      пакеттерді орап байлау, жасақталған партиялардың есебін алу.

      430. Білуге тиіс:

      дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      электрондық машинада дайын былғарының ауданы мен көлемін өлшеу тәртіптері;

      арнаулы эталонмен электрондық машина көрсетілімдерінің дұрыстығын тексеру тәсілдері;

      жасақталған партиялардың есебін алу үшін компьютерді пайдалану тәртіптері.

74-параграф. Былғары және үлбір шикізатын консервілеуші, 2-разряд

      431. Жұмыс сипаттамасы:

      шелді консервілеу және қайта консервілеу;

      антисептиктерді қолданумен консервілеуші қоспаны жасау.

      432. Білуге тиіс:

      шелді консервілеу тәсілдері және былғары мен үлбір шикізатын салу тәртіптері;

      консервілеуші материалдар мен антисептиктердің қасиеттері;

      антисептиктерді қолдана отырып консервілеуші қоспаны жасаудың тәсілдері;

      былғары және үлбір шикізатының түрлері.

75-параграф. Былғары және үлбір шикізатын консервілеуші, 3-разряд

      433. Жұмыс сипаттамасы:

      технологиялық картаға сәйкес құрғақ консервировкалардың (құрғақтұзды, тұщы-құрғақ) былғары және үлбір шикізатын консервілеу және қайта консервілеу;

      уақытша және ұзақ сақтау үшін әрбір терінің штабельдерге қалап қоюға жарамдылығын анықтау;

      сақтауға жіберілетін шикізаттың: ылғалдығын, күйе көбелектің тірі түрлерінің, тері тесердің, қысыр сабақтың, зеңнің жоқтығын сапасын тексеру;

      термометрлері бар астаушаларды қатарлап қою;

      кептіргіштерде ылғалданған шикізатты құрғату;

      партиондық және жүк трафареттерін ресімдеу.

      434. Білуге тиіс:

      құрғақ консервілеудің былғары және үлбір шикізатын консервілеу тәсілдері;

      құрғақ консервілеу терілерін сақтауға қою тәсілдері;

      әрбір терінің массасы, бүтіндей пакеттің массасы мен көлемін есепке ала отырып, шикізаттың түріне байланысты буып түю тәсілдері;

      консервіленген шикізаттың күйін органолептикалық айқындау;

      консервілейтін материалдардың химиялық қасиеттері;

      құрғақ консервілеудің ақаулары, оның дайын былғарының сапасына әсері;

      партиондық және жүк трафареттерін ресімдеу тәртіптері.

76-параграф. Былғары және үлбір шикізатын консервілеуші, 4-разряд

      435. Жұмыс сипаттамасы:

      қолданыстағы әдістемеге сәйкес ылғалды тұзды консервілеудің былғары және үлбір шикізатын консервілеу және қайта консервілеу;

      сақтауға қойылатын шикізаттың сапасын, консервілеу ақауларының, бұзылу белгілерінің (шіріп көгеру, қызарушылық, жылпылдақ болу, аммиак иісі) болмауын, кеуіп кеткен, ластанған, үйілген терілердің болмауын бақылау;

      сақтауға жинақталған және жөнелтуге буып түйілген былғары және тондық-терілік шикізатты есепке алу.

      436. Білуге тиіс:

      ылғалды тұзды консервілеудің былғары және үлбір шикізатын консервілеу тәсілдері;

      ылғалды тұзды консервілеудің былғары шикізатын сақтауға (алжапқыштық, кардондық жартылай кардондық, қайырылған шетімен, тұзсыз және өзге де) салу тәсілдері;

      ылғалды тұзды консервілеудің ақаулары, олардың дайын былғарының сапасына әсері;

      сақтауға жинақталған және жөнелтуге буып түйілген былғары және тондық-терілік шикізаттың есебін жүргізу тәртіптері.

77-параграф. Былғары және үлбір шикізатын өңдеуші, 2-разряд

      437. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында өңдегеннен кейін қылшықты қолмен жинау жолымен шошқа терілерін өңдеу;

      жиналған қылшықтарды рамаларға тамырларымен бір жаққа қарай қою.

      438. Білуге тиіс:

      қылшықты қолдан жинау жолымен шошқа терісін өңдеу және жиналған қылшықтарды рамаларға қою тәртіптері.

78-параграф. Былғары және үлбір шикізатын өңдеуші, 3-разряд

      439. Жұмыс сипаттамасы:

      қой терісі мен ешкі терісін (жоталы) жүнді қолмен жинау жолымен, қызмет ету машинасында қылшықты жинау жолымен шошқа терісін, қой-үлбір шикізатынан қылды (жүнді) - қолмен электрмен қырқатын аппаратпен өңдеу;

      теріні тасымалдау және стеллаждарға қою;

      жүннен бөтен қоспаларды жою;

      түрі және түсі бойынша жүнді сұрыптау.

      440. Білуге тиіс:

      жүнді, қылшықты өңдеу (жинау) жолдары, жүнді және қылшықты өңдеуге (жинауға) терілердің дайындық дәрежесі;

      жүн мен қылшық шығымының техникалық шарттары мен нормативтері;

      қызмет ету машинасының және электрмен қырқатын аппарат механизмдерінің әрекет ету принципі.

79-параграф. Былғары және үлбір шикізатын өңдеуші, 4-разряд

      441. Жұмыс сипаттамасы:

      анағұрлым жоғары біліктілігі бар былғары және үлбір шикізатын өңдеушінің басшылығымен қызмет ету машинасында былғарылық шикізат пен қой терісінің барлық түрлерін қылды жинау жолымен өңдеу;

      өңделетін терілердің түрі мен қалыңдығына байланысты біліктер арасындағы саңылауды реттеу;

      қылдың (жүннің) толық алынуы мен машина жұмысын бақылау, оның жөндеуіне қатысу.

      442. Білуге тиіс:

      қызмет ету машинасында қылды (жүнді) өңдеу (жинау) технологиясын, былғарылық шикізаттың түрлері;

      қылды (жүнді) өңдеу (жинау) операцияларын жүргізуге терілердің дайындығын анықтау әдістері;

      қызмет ету машинасының құрылысы, оны пайдалану және реттеу тәртіптері.

80-параграф. Былғары және үлбір шикізатын өңдеуші, 5-разряд

      443. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында қылды бір жерге жинау жолымен былғары және үлбір шикізатының барлық түрлерін өңдеу, өңделетін шикізаттың түрі мен қалыңдығына байланысты машинаны жөндеу;

      пышақтарды қайрау.

      444. Білуге тиіс:

      қызмет ету машинасында былғары және үлбір шикізатының барлық түрлерінен қыл мен жүнді өңдеудің (жинаудың) технологиялық процесін жүргізудің тәртіптері;

      түкті жабын мен тері қабатының құрылымы мен қасиеттері;

      өңделетін шикізаттың ақауларының пайда болу себептері мен оларды жою тәртіптері;

      қызмет ету машинасын жөндеу тәртіптері;

      пышақтарды қайрау тәсілдері.

81-параграф. Былғары мен аң терісі шикізаттарын сорттаушы, 4-разряд

      445. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары және мех шикізатын анағұрлым жоғары біліктілігі бар былғары және аң терісі шикізатын сорттаушының басшылығымен сорттау;

      терілердің қалыңдығын өлшеу және анықтау, терілердің дайын бөліктерін анықтау, жартылай пакеттерге терілерді салу және таразыға қою, терілерді таңбалау және оларды транспортерге беру;

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес түрі, сорты, салмағы, ауданы, мақсаты және өзге көрсеткіштері бойынша былғары шикізатын өндірістік партияларға жинақтау және сорттау;

      партиондық биркаларды жасау және ресімдеу;

      былғары шикізатының жинақталған партияларын есепке алуды жүргізу.

      446. Білуге тиіс:

      былғары және үлбір шикізатын сорттау әдістерін;

      былғары зауыттарына тапсыру үшін өндірістік партияларды жинақтауға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      былғары және мех шикізатына қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      бақылау әдістері, былғары және тондық шикізаттың түрлері;

      консервілеу тәсілдері, былғары және тондық шикізаттың кемістіктері, олардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдері;

      былғары және аң терісі шикізатына қабылдап-өткізу құжаттамасын ресімдеу және жүргізу тәртіптері.

82-параграф. Былғары мен аң терісі шикізаттарын сорттаушы, 5-разряд

      447. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары, ұсақ және орта түрдегі аң терісі шикізатын (көртышқанның, су және қамба егеуқұйрықтарының, сарышұнақтың, сони-полчіктің, бұзаубастың, қосаяқтың, көртышқанның, шақылдақтың, ақсары тышқанның, үй қоянының, үй мысығының, жылбысынның, лямканың, серкештің, қатамақтың, сак-сактың, суырдың, иттің терілері), мамық жүнді аң терісінен өзге, сапасы (сорты), салмағы, ауданы, жынысы, жотасы, сыныбы, ақауы, жүнділігі және консервілеу тәсілдері бойынша сорттау;

      белгіленген мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарда көрсетілген белгілер бойынша сапасын (сорттылығын), мақсатты тағайындалымы бойынша оны жинақтаудың дұрыстығын бағалау арқылы былғары және үлбір шикізатын қабылдау;

      былғары және мамық жүнді аң терісі шикізатын өндірістік партияларға жинақтау мен оны өндіріске тапсыру;

      былғары және үлбір шикізатын қабылдап-өткізуге қажетті құжаттарды ресімдеу.

      448. Білуге тиіс:

      былғары, ұсақ және орта түрдегі мех шикізатын (мамық жүндіден өзге) бағалау және сорттау тәртіптері;

      мақсатты тағайындалым бойынша өндірістік партиялардың сапасын (сорттылығын) бағалауға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      былғары және үлбір шикізатының сапасына қойылатын талаптар, оның кемістіктері және өңдеу ақауларын анықтау тәсілдері;

      былғары және мехтық шикізатты сақтау және тасымалдау бойынша ветеринариялық және санитариялық қадағалаудың негізгі ережелері.

83-параграф. Былғары мен аң терісі шикізаттарын сорттаушы, 6-разряд

      449. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес сапасы (сорттылығы), салмағы, ауданы, жынысы, жотасы, сыныбы, ақауы, жүнділігі мен консервілеу тәсілі бойынша аң терісі және тондық қой терісін, мамық жүнді және аң терісінің шикізатты, қаракөл елтірісі түрлерін, теңіз жануарының түрлерін бағалау және сорттау;

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес былғары шикізатын, тондық аң терісі және қой терісін сорттау мен жинақтау дұрыстығын тексеру;

      консервілеу күйі мен жорашылдыққа байланысты былғары және аң терісінің шикізаттың салмағына қойылатын салмақтық шегерім мен үстемені анықтау, оның кемістіктерінің және жарамсыздығының пайда болу себептерін айқындау;

      жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды қайта жасау мүмкіндігін анықтау;

      былғары және аң терісі шикізатының сортталған партиясына тауарлық сипаттаманы жасау;

      былғары және аң терісі шикізатын өңдеудің технологиялық режимін сақтауды бақылау.

      450. Білуге тиіс:

      былғары мен мамық жүнді - аң терісі шикізатына, мамық жүнді тері мен қаракөл елтірісі түрлерінің шикізатына, теңіз жануарының терісіне, аң терісі және тондық қой терісіне қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      қолданылатын бақылау және өлшеу құралдары мен жабдықтың құрылысы және пайдалану тәртіптері;

      былғары мен мамық жүнді - аң терісі шикізаттың, теңіз жануары терісінің түрлерін және оларды алғашқы өңдеу технологиясы;

      былғары және аң терісі шикізатының сапасын бағалау бойынша нормативтік техникалық құжаттама;

      сапаны бақылау әдістері;

      былғары мен мамық жүнді-аң терісі шикізатының өндірістік партияларын сақтау тәртіптері;

      шикізаттың және былғары-аң терісі шикізатының өндірістік кемістіктері және оларды айқындау мен жою тәсілдері.

      451. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

84-параграф. Былғары, аң терісі бөлшектері мен бұйымдарды ылғалдаушы, 1-разряд

      452. Жұмыс сипаттамасы:

      сумен ылғалдау қондырғыларында немесе тампонның, губканың, щетканың, жаққыштың көмегімен қолмен аң терісі бөлшектерін, түсімін, кесіндіні, аяқкиімнің бөлшектерін, былғары галантерея, қайыс-ер және теріден жасалған техникалық бұйымдарды, аяқкиімнің дайындамасы мен тігістерін ылғалдау және күнге қақтау;

      ылғалдаудан соң терілерді есептеу.

      453. Білуге тиіс:

      тері бөлшектері, түсімі, кесіндіні, аяқкиімнің бөлшектері, былғары галантерея, қайыс-ер және теріден жасалған техникалық бұйымдарды ылғалдау және күнге қақтау тәсілдері;

      ылғалдау операциясын орындау кезінде былғары, үлбір бөлшектері мен бұйымдарының ақауларын жою тәсілдері.

85-параграф. Былғарылық, аң терісі бөлшектері мен бұйымдарды ылғалдаушы, 2-разряд

      454. Жұмыс сипаттамасы:

      күнге қақтаумен қоса гидропульттің, бүріккіштің, тампонның, губканың, щетканың көмегімен сумен терілерді ылғалдау;

      тері тініне бояу, эмульсия ерітінділерін бүріккішпен және щеткамен жағу жолымен үлбір терілері мен бұйымдарын ылғалдау;

      ерітінділер мен эмульсияларды дайындау;

      ылғалдың біркелкі бөлініп таралуы үшін былғары мен үлбір терілерін дестелеп жинау.

      455. Білуге тиіс:

      ылғалдау, күнге қақтау және ерітінділер мен эмульсияларды жасау тәртіптерін;

      ылғалдың біркелкі бөлініп таралуы үшін былғары мен үлбір терілерін дестелеп жинау тәсілдерін.

86-параграф. Былғары, аң терісі бөлшектері мен бұйымдарды ылғалдаушы, 3-разряд

      456. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары мен үлбір жартылай фабрикаттарын ылғалдау камераларында, ванналарда, дымқыл ағаш үгінділерінде, оларды салумен және жинап қоюмен қоса ылғалдау;

      ылғалданған былғары және үлбір шикізаттарын алу мен түсіру;

      арнаулы ылғандандыру камерасында бу және ауа қоспасымен аяқкиімнің дайындамасы мен бөлшектерін ылғалдау;

      ылғалдау камераларына бу, су мен ауаның келуін бақылау және өлшеу құралдары бойынша реттеу;

      ванналарда ылғалдайтын ерітінділерді дайындау.

      457. Білуге тиіс:

      былғары және үлбір жартылай фабрикаттарын ылғалдаудың технологиялық режимі;

      ылғалдаудан соң жартылай фабрикаттарға қойылатын талаптар;

      ылғалдайтын ерітінділерді әзірлеу рецептурасы;

      бақылау және өлшеу құралдары бойынша ылғалдау камераларын реттеу мен қызмет көрсету тәртіптері.

87-параграф. Былғары, аң терісі бөлшектері мен бұйымдарды ылғалдаушы, 4-разряд

      458. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары және үлбір жартылай фабрикаттарын өтетін үлгідегі ылғалдау машиналарында және басқару тетігімен жарақтандырылған ылғалдау камераларында ылғалдау;

      ылғалдаудың технологиялық режимін транспортердің қозғалыс жылдамдығын, берілетін судың мөлшері мен температурасын, желімді жуу үшін былғары жартылай фабрикаттарына алдыңғы және артқы щеткаларын қысу мен саңылау шамасын, бу, су, ауаның келіп түсуін реттеу жолымен белгілеу;

      ылғалдау камерасының басқару тетігі бойынша қызмет көрсету;

      ылғалданған жартылай фабрикаттарды органолептикалық бақылау;

      былғарыны су өткізбейтін материалдармен жабу.

      459. Білуге тиіс:

      өтетін үлгідегі ылғалдау машиналары мен ылғалдау камераларында былғары және үлбір жартылай фабрикаттарын ылғалдау технологиясы;

      ылғалдауға дейін және одан кейін былғары және үлбір жартылай фабрикаттарының сапасына қойылатын талаптар;

      өтетін үлгідегі ылғалдау машиналарының және ылғалдау камераларының құрылысын және оларды пайдалану тәртіптері;

      ылғалдау камераларын басқару пультіне қызмет көрсету тәртіптері;

      ылғалданған былғары және үлбір жартылай фабрикаттарын органолептикалық бақылау әдістері.

88-параграф. Жоғарғы жылдамдықтағы ток құрылғыларында дәнекерлеуші, 2-разряд

      460. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғарғы жылдамдықтағы ток құрылғыларында полиамидтік былғары алмастырғыштар мен қабықшадан жасалған бөлшектер мен бұйымдарды дәнекерлеу және бедерлеу;

      белгіленген штамп - электродтарды орнату, құрылғы жұмысын бақылау, түсіру, түрі және түсі бойынша бөлшектерді іріктеу;

      дайын бұйымдарды жинап қою.

      461. Білуге тиіс:

      жоғарғы жылдамдықтағы ток құрылғыларында дәнекерлеу тәсілдері;

      былғары алмастырғыштар мен пластиктердің түрі және қасиеттері;

      бөлшектер мен бұйымдарды дәнекерлеу және бедерлеудің технологиялық режимдері;

      жоғарғы жылдамдықтағы ток құрылғысын пайдалану тәртіптері.

89-параграф. Жоғарғы жылдамдықтағы ток құрылғыларында дәнекерлеуші, 3-разряд

      462. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғарғы жылдамдықтағы ток құрылғыларында бір мезгілде пішумен қоса бөлшектер мен бұйымдарды жазықтық дәнекерлеу;

      бұйымдар мен әшекей элементтерін ерітіп жабыстыру;

      бөлшектердегі әрлеу сызықтары мен суреттерін тексеру;

      құрылғыларда дәнекерлеу үшін электродтар мен аспаптарды дайындау және орнату.

      463. Білуге тиіс:

      жоғарғы жылдамдықтағы ток құрылғыларында дәнекерлеудің технологиялық режимдері;

      материал мен жұмыс түріне байланысты дәнекерлеудің технологиялық режимдерін реттеу әдістері;

      дәнекерленетін материалдардың қасиеттері;

      жоғарғы жылдамдықтағы ток құрылғыларында дәнекерлеуді орындауға қойылатын техникалық талаптар;

      жоғарғы жылдамдықтағы ток қондырғыларын пайдалану тәртіптері.

90-параграф. Жоғарғы жылдамдықтағы ток құрылғыларында дәнекерлеуші, 4-разряд

      464. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғарғы жылдамдықтағы ток құрылғыларында көлемді пішіндегі бұйымдарды дәнекерлеу;

      бұйымдарды көлемді дәнекерлеу үшін арнаулы аспаптарды дайындау және орнату, аспаптарға бұйымдарды салу;

      дәнекерлеудің технологиялық режимдерін бақылау және реттеу.

      465. Білуге тиіс:

      материал мен жұмыс түріне байланысты дәнекерлеудің технологиялық режимі;

      дәнекерленетін материалдардың қасиеттері;

      жоғарғы жылдамдықтағы ток құрылғыларындағы дәнекерлеуге және дәнекерленген бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар;

      қолданылатын жабдықтың пайдалану тәртіптері.

91-параграф. Конвейер желісінің операторы, 4-разряд

      466. Жұмыс сипаттамасы:

      ағындық желіде пішу үшін былғары мен үлбір терілерін, бөлшектер мен бұйымдарды өңдеу мен құрастыру үшін - жартылай фабрикаттар мен көмекші материалдарды беру процесін басқару тетігінен жүргізу;

      өңдеудің технологиялық режиміне сәйкес бұйымдар бөлшектерінің комплектіленген партиясын жұмыс орындарына жіберу;

      орындаушылардан бөлшектердің өңделген партияларын қабылдау;

      технологиялық операциялардың орындалу сапасын тексеру және оларды технологиялық бірізділік бойынша бөлу;

      іске қосу картасын толтыру;

      әрбір орындаушы бойынша өңделген жартылай фабрикаттардың, материалдардың және бұйымдардың санын есептеуді жүргізу.

      467. Білуге тиіс:

      конвейер желісінің тетігін басқару және реттеу тәртіптері;

      басқару тетігінде белгі беру лампочкалары мен басу түймелерінің орналасуын;

      былғары мен үлбір терілерінің ассортименті;

      бұйымдардың түрі, фасоны, моделі, өлшемі, әрбір модельдің комплектілігі;

      өңделетін бөлшектер мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;

      еңбектің ұйымдастырылуы мен бөлінісіне, орындаушылардың біліктілігіне, ағындық желідегі жұмыс кезінде операцияларды қоса атқару мүмкіншіліктеріне, орындаушылар бойынша жоспарланатын және нақты өнімін;

      есепке алу құжаттамасын жүргізу тәртіптері.

92-параграф. Лекалоларды әзірлеуші, 3-разряд

      468. Жұмыс сипаттамасы:

      шаблон бойынша қатырма қағаздан, фибрадан, фанерадан, қаңылтыр және өзге материалдардан қызмет ету машинасында немесе қолмен лекалоларды дайындау;

      лекалоларды метал лентамен жиектеу немесе қаңылтырмен қаптау;

      бөлшектерді құрастыру кезінде бағдар ретінде лекалоларға нүкте, сызық, кертпе түсіру;

      лекалоларға фасонды, өлшемді, толықтықты, көлемді және өзге деректемелерді қойып шығу;

      градир-машинада лекалоларды сериялы түрде жасау:

      бастапқы лекалоны машинада бекіту, масштабтық механизмнің ені мен ұзындығын ретке келтіру, бастапқы лекалоны құрсау штифтімен айналдыра орау;

      жасалған лекалоларды тексеру.

      469. Білуге тиіс:

      лекалоларды дайындау және таңбалау тәртіптері;

      бөлшектердің түрлері, фасоны, моделі, өлшемі, пішіні;

      қолданылатын материалдардың қасиеттері;

      жинақтағы лекалолар саны;

      қызмет ету машинасын пайдалану және реттеу тәртіптері.

93-параграф. Май шыжғыру аппаратшысы, 3-разряд

      470. Жұмыс сипаттамасы:

      шелқабаттан тон және тері кесінділерінен, қиықтан және өзге өндіріс қалдықтарынан шикі майды шыжғыру және пісіру арқылы алу технологиялық процесін жүргізу;

      пісіру аппараттарына шикі майды немесе өндіріс қалдықтарын тасымалдау, салу;

      пісіру қазандары мен аппараттарына қажетті қойыртпада күкірт қышқылы мен суды құю;

      технологиялық тәртіпке сәйкес қиынды мен өзге қалдықтарды пісіру;

      пісіру қазандары мен аппараттардың қызуын реттеу, қажетті материалдарды мөлшерлеу;

      шикі майды алу, жуып шаю және күбілер мен бөшкелерге түсіру;

      техникалық майды тұздау;

      пісіру аппараттарынан шыжықтарды кетіру;

      шикі майды өткізу алаңшасына тасымалдау;

      бөшкелерді таңбалау;

      техникалық май шығымының есебін жүргізу;

      жүнді жуып шаю және оны пісіру қазандары мен аппараттарынан түсіру, сығу, кептіру және буып түю;

      пісіру қазандары мен аппараттарын тазалау.

      471. Білуге тиіс:

      пісіру қазандары мен аппараттарының құрылысы, оларды пайдалану тәртіптері;

      пісіру қазандары мен аппараттарын тазалау тәсілдері;

      шикі майды пісіру мен шыжғырудың технологиялық режимінің параметрлері;

      тері және тон қиындылары мен өзге қалдықтардың түрлері;

      техникалық май шығымының нормалары және шикі майдың сапасын сипаттайтын көрсеткіштер.

94-параграф. Майсыздандыру аппаратшысы, 3-разряд

      472. Жұмыс сипаттамасы:

      техникалық талаптарға сәйкес ванналарда қылшық пен қыл түйіндерін жуғыш құралдармен, бензинмен, күкірт қышқылы және өзге химиялық материалдармен майсыздандыру мен бейтараптандырудың технологиялық процесін жүргізу;

      қылшық пен қылды салу және түсіру, белгіленген концентрация мен температурадағы майсыздандыру ерітінділерін әзірлеу және құю.

      473. Білуге тиіс:

      қылшықты, қылды майсыздандырудың технологиялық процесін жүргізу тәртіптері;

      қылшық пен қылдың қасиеттері:

      майсыздандырудың технологиялық режимі;

      майсыздандыру материалдарының шығыс нормалары;

      майсыздандырудан соң жартылай фабрикаттарға қойылатын талаптар;

      қызмет ету жабдығының әрекет ету принципі мен техникалық пайдалану тәртіптері.

95-параграф. Майсыздандыру аппаратшысы, 4-разряд

      474. Жұмыс сипаттамасы:

      техникалық талаптарға сәйкес әртүрлі заттарды: соданы, бензинді, керосинді, скипидарды, органикалық еріткіштерді және өзге де материалдарды қолдана отырып, майсыздандыру ерітінділерімен арнайы аппараттарда тері шикізатын, гольді, жартылай фабрикаттарды, тері тінін және үлбір терілерінің түк қабатын майсыздандырудың технологиялық процесін жүргізу;

      операцияларды орындауға шикізатты, жартылай фабрикаттарды және аппараттарды дайындау;

      майсыздандыру мен жуу ерітінділерін мөлшерлеу;

      кейіннен қолдану үшін пайдаланылған ерітінділерді айдау;

      қолданылатын жабдықтың жұмысын бақылау;

      технологиялық тәртіпке сәйкес майсыздандыру процесін реттеу;

      жартылай фабрикаттардың түсіруге дайындығын анықтау;

      жартылай фабрикаттарды стеллаждарға тасымалдау және салу.

      475. Білуге тиіс:

      арнаулы аппараттарда былғары шикізатын, шикі теріні, жартылай фабрикаттарды, былғары матасын, аң терілерінің жамылғы түгін майсыздандыру процесінің технологиясы;

      былғары матасының, жамылғы түктің, майсыздандыру материалдарының құрылымы мен қасиеттері, майсыздандыру ерітінділерін әзірлеу рецептурасы;

      майсыздандырудан соң жартылай фабрикаттардың даярлығын анықтау тәсілдері;

      қолданылатын жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының, коммуникацияның құрылысы мен техникалық пайдалану тәртіптерін және арнаулы аппараттардың жұмысшы сыйымдылықтарының жөнділігі мен пайдаланылуын бақылау әдістері;

      арнаулы аппараттарда шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және ерітінділердің айналу жылдамдығын реттеу тәртіптері;

      материалдарды майсыздандыру үшін қолданылатын және өңделетін жартылай фабрикаттарды тасымалдау тәртіптері мен тәсілдері.

96-параграф. Майсыздандыру аппаратшысы, 5-разряд

      476. Жұмыс сипаттамасы:

      өндіріс технологиясына сәйкес бензинмен, уайт-спиритпен және өзге белсенді еріткіштермен арнаулы аппараттарда былғары мен теріден істелген жартылай фабрикаттарды майсыздандырудың технологиялық процесін жүргізу;

      технологиялық режимге сәйкес майсыздандыру процесін реттеу, экстракцияны (майды сілтісіздендіру) органикалық еріткіштер рекуперациясын және бу-ауа үрлеуін көрсетілген жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің майлылық дәрежесіне байланысты алмастыру.

      477. Білуге тиіс:

      арнаулы аппараттарда былғары және теріден жасалған жартылай фабрикаттарды майсыздандыру процесінің технологиясы;

      майсыздандыру материалдарының қасиеттері мен олардың шығыс нормалары;

      майсыздандыру аппараттарының, қолданылатын көмекші жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының, арматура мен коммуникацияның құрылысы мен оларды пайдалану және реттеу тәртіптері.

97-параграф. Материалдар мен бұйымдарды кесуші, 1-разряд

      478. Жұмыс сипаттамасы:

      дискілі пышақпен немесе қолмен қайшы көмегімен материалдарды кесу.

      479. Білуге тиіс:

      материалдар мен бұйымдарды кесу жолдары мен тәсілдері;

      кесуге түсетін материалдарға қойылатын талаптар;

      қағаз бен қатырма қағаздың сорттары мен сапасы;

      теңгерімдік және гильотиндік қайшылардың құрылысы.

      480. Жұмыс үлгілері:

      1) қағаз - қағаз сапасын бақылау мен ақау парақтарды жарамсыздыққа шығарумен бірге үлбір және тілдік музыкалық аспаптардың тысқабы үшін дайындамаларға кесу;

      2) мақта - аралық қабатқа кесу;

      3) мамық жүнді аң терісі құйрығының қылы - кесу;

      4) табиғи және жасанды былғарының делюжкалары мен кесіндісі - белдіктер мен шырмауларға және өзге бөлшектерге кесу;

      5) қатырма қағаз, қағаз - сапасын бақылау мен ақаулы парақтарды жарамсыздыққа шығарумен бірге белдіктерге, аралық қабатқа, қораптарға кесу;

      6) жабағыланып қалған қыл - кесу;

      7) жиектеме, жіп, арқан - белгіленген ұзындықтағы кесінділерге кесу.

98-параграф. Материалдар мен бұйымдарды кесуші, 2-разряд

      481. Жұмыс сипаттамасы:

      кейіннен оларды түту және түйіндерге қолмен байлаумен бірге белгіленген өлшеммен ұзына бойы қылды, синтетикалық және өзге түрдегі талшықтарды кесу;

      механикалық қайшыларда тегіс және бүрмеленген сымды кесу;

      мамық жүнді аң терісі құйрықтарынан қылды электр машинкасымен кесу;

      кейіннен жинақтаумен дискілі машинада табиғи және жасанды былғарының делюжкаларын, қабықшаны кесу.

      482. Білуге тиіс:

      материалдар мен бұйымдарды кесудің тәртіптері мен жолдары және олардың ассортименті;

      материалдарды кесу кезіндегі ұзындыққа қойылатын шектер;

      делюжкалардың берілген еніне дискілі машинаны реттеу тәртіптері.

99-параграф. Материалдар мен бұйымдарды кесуші, 3-разряд

      483. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету станогында қайыс теріні белдіктерге, тері түтікшелерін ұшсыз белдікшелерге немесе муфташаларға белгіленген дәлдіктегі берілген өлшем бойынша кесу;

      былғары белдіктерді, оларға ұзына бойы дөңгелек кесікті берумен қатар кесу;

      пышақтарды орнату және алмастыру.

      484. Білуге тиіс:

      материалдар мен бұйымдарды кесу тәртіптері мен жолдары;

      қызмет ету станогының құрылысын және оны реттеу тәртіптері;

      жасалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

100-параграф. Материалдарды кесуші, 1-разряд

      485. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында немесе қолмен кебелер мен бұдырларды, материалдың артығын, желімдеуден кейін екіқабатты бөлшектердің шеттерін, аяқкиім, қайыс-ер бұйымдарында оларды бекіте отырып, жіптің ұштарын кесу;

      техникалық шарттарға сәйкес машинада немесе қолмен бөлшектерді тілу;

      пышақтарды қайрау.

      486. Білуге тиіс:

      кесу, материалдың жіп ұштарын бекіту жолдары;

      бөлшектердің, бұйымдардың, жартылай фабрикаттардың түрлері, фасоны, өлшемдері;

      пышақтарды қайрау тәсілдері.

      487. Жұмыс үлгілері:

      1) геленкалар - өкше бөлігінде кесу;

      2) аяқкиімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектері мен ұлтаншалар - шетін кесу;

      3) сандал дайындамасы - өкше бөлігінде тартпа жиекті кесу;

      4) сірісі - кесу;

      5) аяқкиімге бекітілмеген өкшелер - алдыңғы беті мен жүзінің артығын кесу;

      6) табандар мен фликтерде құрсаудың (кранецтердің) ұштары - кесу;

      7) жіп ұштары - бекітумен кесу;

      8) табандар - кебені, өкше бөлігіндегі бұдырларды кесу;

      9) қырдан шығып тұрған әдіп - кесу;

      10) былғары ұлтанша - жоғарғы жиек бойынша кесу;

      11) сандалет ұш бөлігінің асты - қалтамен бірге кесу;

      12) төсемшелер - өкше бөлігіндегі кесу;

      13) сыздықтар - ұшын, жоғарғы жиекті, қолмен бекітумен жіп ұштарын кесу, аяқ ұшы бөлігін кесу;

      14) айдау қайыстары - жіптер мен талшықтарды қырқумен ұштарын кесу;

      15) ұлтарақтар - өкше бөлігінде кесу;

      16) сыздықты ұлтарақтар - мата артығын қолдан кесу, аяқ ұшы мен өкше бөліктерін тілу;

      17) жиектеме - жоғарғы жиек бойынша кесу.

101-параграф. Материалдарды кесуші, 2-разряд

      488. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында немесе қолмен тіліндінің шеттерін, аяқкиім, былғары галантереялық және қайыс-ер бұйымдарының бөлшектеріндегі материалдың артығын, желімделген бөлшектер мен кебелердің тегіс емес шеттерін қолмен кесу;

      оларға белгілі бір пішін беру үшін арнаулы аспаптардың немесе машинаның көмегімен бұйымдардың бөлшектерін кесу, ою және қию;

      лекалоларды іріктеу, оларды бөлшектер сұлбасына жайып қою;

      пышақтарды қайрау.

      489. Білуге тиіс:

      жарғақ пен тіліндіні, құрастырудан кейінгі бөлшектердегі материалдың артығын кесу жолдары;

      ұлтанды кесу жолдары, лекалолардың түрлері, өлшемі мен мақсаты;

      белдіктер мен бөлшектердің жиектерін кесу тәртіптері;

      қызмет ету машинасының әрекет ету принципі;

      пышақтарды қайрау тәртіптері;

      жиектерді кесу үшін арнаулы аспаптарды қолдану тәртіптері.

      490. Жұмыс үлгілері:

      1) аяқкиімнің үстіңгі бөлігі мен ұлтаншасы - сыртқы және ішкі тігістері және алдының мойын тігістері бойынша кесу;

      2) қатты былғары сірілер - артығын кесу;

      3) өкшелер және аяқкиімге бекітілген нәлдер - фронтты кесу;

      4) өкшелер, сына тәрізді өкшелер және бөлшектер - шұңқыр, арықшалар ою;

      5) табандар - шетін кесу, жүріс бетінде науаны ою;

      6) периметр бойынша бүйір жағынан аяқкиім табаны - кесу;

      7) былғары табан - кесу;

      8) ернемектік ұлтаншалар, жағалар, манжеттер - қолмен кесу;

      9) сыздықтар - науаны ою;

      10) белдіктер - ұштарын, ұштары мен жиектерінің бұрыштарын кесу;

      11) тілінді - былғары өндірісі үшін жарамсызын сорттап шығарумен қолмен кесу;

      12) сыздықты ұлтарақтар - машинада мата артығын кесу, науаны кесу;

      13) қусыру және өзге бөлшектер - ұштарын кесу;

      14) унтылар - терінің артығын тартпа жиегі және үлбір шұлығының, тартпа жиегінің шеттері бойынша кесу;

      15) аяқкиімдер үшін тоқыма қаптар - артығын кесу;

      16) сыздықты тігістер - кесу.

102-параграф. Материалдарды кесуші, 3-разряд

      491. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында, қолмен пышақпен немесе пневматикалық қайшылармен бөлшектер пішімінің артығын кесу;

      бұйымдар бөлшектерінің шеттерін кесу, ою, қию;

      машинаны реттеу және жөндеу;

      пышақтар мен пневматикалық қайшыларды алмастыру және қайрау.

      492. Білуге тиіс:

      бөлшектердің шеттерін кесуге, оюға, қиюға, тілуге қойылатын техникалық шарттар;

      қолданылатын жабдықты реттеу және жөндеу тәсілдері;

      пышақтар мен пневматикалық қайшыларды қайрау тәртіптері.

      493. Жұмыс үлгілері:

      1) киіз - кесу;

      2) техникалық бұйымдар бөлшектері (жағалар, манжеттер, ернемектік ұлтаншалар және өзгелер) - белгілеумен кесу;

      3) дайын бұйымдар, бөлшектер - қайып тігілген жиектің артығын кесу;

      4) аяқкиімге бекітілген табандар - артығын кесу;

      5) аяқкиімге арналған деректемелер үшін кеуек табанды алаңшалар, өкше бөлігі, дайындаманың ұш бөлігіндегі қыртыстар - табанның шеттері мен крокуль бөлігін кесу, резина қоспасын тығыздау;

      6) сыздықты ұлтарақтар - бүйір жағынан кесу;

      7) аяқкиімнің тартпа жиегінің артығы - кесу.

103-параграф. Материалдарды кесуші, 4-разряд

      494. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету машинасында, қолмен пышақпен немесе пневматикалық қайшылармен былғарылық жартылай фабрикаттар мен дайын былғарының шеттерін кесу;

      бекітудің сандалдық әдісі кезінде машинада былғары табанның (төсетек) шеттерін бір мезгілде былғары табандағы кесіктерді бітеумен бірге кесу;

      былғарылық жартылай фабрикатты, дайын былғарыны арбашаларға, түбіне салу немесе кептіргіштердің бақандарына ілу;

      машинаны реттеу және жөндеу;

      пышақтар мен пневматикалық қайшыларды ауыстыру және қайрау.

      495. Білуге тиіс:

      былғарылық жартылай фабрикаттың, дайын былғарының былғары табанның (подложка) шеттерін кесуге және былғары табандағы (подложка) тесіктерді бітеуге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      қолданылатын жабдықты реттеу және жөндеу тәсілдері;

      пышақтар мен пневматикалық қайшыларды қайрау тәртіптері.

104-параграф. Материалдарды пішуші, 2-разряд

      496. Жұмыс сипаттамасы:

      арнаулы аспаптардың көмегімен пішу және кесу машиналарында немесе қолмен алдын ала белгілеу арқылы қарапайым бөлшектер мен бұйымдарға материалдарды қиып пішу;

      сапасы, түсі, қалыңдығы, сорты және текстурасы бойынша пішілетін материалдарды іріктеу;

      пішілетін материалдарды неғұрлым үнемді пайдалануды, пішім сапасын, таза, тегіс қиықты қамтамасыз ету;

      пішу және кесу машиналарында кескіш құрал-сайман мен шектегіштерді алмастыру және қайрау;

      арнаулы аспаптарды реттеу және жөндеу;

      өлшемі және түрлері бойынша кесіп пішілген бөлшектерді бумаларға немесе арнаулы қораптарға салу.

      497. Білуге тиіс:

      материалдарды пішудің ұтымды әдістері мен жолдары;

      материалдар мен пішілген бөлшектер және бұйымдарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      материалдарды пайдалану нормалары;

      қиып пішілетін бөлшектердің атаулары мен мақсаты;

      қызмет ету жабдығының әрекет ету принципі.

      498. Жұмыс үлгілері:

      1) қағаз - былғары галантерея бұйымдарының бөлшектеріне қиып пішу;

      2) қатырма қағаз - тілдік музыкалық аспаптарының үлбір камераларының дайындамасына қиып пішу;

      3) жасанды былғарылар - тілдік музыкалық аспаптардың камераларының дайындамасына қиып пішу;

      4) жасанды былғарылар-музыкалық аспаптарфутлярының дайындамасына қиып пішу;

      5) табиғи былғарылар-тілдік музыкалық аспаптардың бау дайындамасына қиып пішу;

      6) былғарылар - бауларға қиып пішу;

      7) қайыс былғары, былғары алмастырғыш және тоқыма материалдары - алдын ала белгілеусіз делюжкаларға қиып пішу;

      8) қайыс былғары - қусыруға қиып пішу;

      9) коленкор - шаблондар бойынша футлярдың бөлшектеріне өңдеу, тесу және қиып пішу;

      10) былғары немесе былғары алмастырғыштардың кесіндісі - астардың, әрлеудің, бекітпенің, простилканың бөлшектеріне, техникалық және былғары галантерея бұйымдарының ұсақ бөлшектеріне қиып пішу;

      11) былғары материалдар - белгіленген ұзындық пен ендегі тігіске, бауларға, құрсауға, белдікшелерге қиып пішу;

      12) пенополиуретандық паропласттар, тін негізіндегі көбіктенген ақсөлдер, көбік кеуекті резеңке - тілдік музыкалық аспаптардың аралық қабатына қиып пішу;

      13) белдіктер - аралыққа қиып пішу;

      14) маталар - борин дайындамасына, тор және механизмдердің аралық қабатына, тілдік музыкалық аспаптардың қайыстарына қиып пішу;

      15) маталар және былғары алмастырғыштар - делюжкаларға алдын ала белгіленген сызықтар бойынша, диагональ бойынша қиып пішу;

      16) маталар - жиектемеге қиып пішу.

105-параграф. Материалдарды пішуші, 3-разряд

      499. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет ету нығыздауыштарында, станоктарында, машиналарында немесе қолмен алдын ала белгілеу бойынша аяқкиімдік, былғары галантереялық, қайыс-ер бұйымдарын, музыкалық аспаптардың бөлшектерін, схемалар және берілген өлшемдер бойынша станоктарда музыкалық аспаптардың күрделі бөлшектері үшін ағаштың бағалы түрінің шпонына орташа күрделіліктегі бөлшектерге материалдарды қиып пішу;

      қалыңдығы, сапасы, топографиялық учаскелер бойынша пішім элементтерін сұрыптау;

      музыкалық аспаптардың саңылаулы клапандарына қажетті серпімділік беру үшін лайка жолақтарын домалату, үтіктеу, альбомдарға салу.

      500. Білуге тиіс:

      материалдарды пішу тәртіптері;

      қызмет ету жабдығының және қолданылатын бақылау және өлшеу құрал-сайманның құрылысы мен оларды пайдалану тәртіптерін;

      пішілетін материалдардың қасиеттері мен мақсаты;

      пішілетін материалдар мен кесіп пішілген бөлшектерге қойылатын мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттар;

      пішілетін бөлшектердің түрлері, мақсаты, фасондары және өлшемдері;

      комплектіде пішілетін материалдардың саны.

      501. Жұмыс үлгілері:

      1) киіз - ер, қамыт, жегу, адам керек-жарағының бөлшектеріне, польстерге, клавишті музыкалық аспаптардың фенгер және фигуралы фильцтарына пішу;

      2) былғарыдан делюжкалар - былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар үшін белдіктер мен жолақтарға пішу;

      3) қатырма қағаз, коленкор, ледерин, қағаз - жөнделген станоктарда, қатырма қағаз бен қағазды қиятын машиналарды немесе шаблондар, лекалолар мен аспаптар бойынша қолмен футляр бөлшектеріне қиып пішу;

      4) табиғи былғары - пианино контрфенгерлеріне қиып пішу;

      5) былғары - жұмысшы қолғаптары мен биялайлардың үстіңгі бөлігінің бөлшектеріне, әртүрлі белдіктерге, балалар сөмкесіне тұтқалардың қаптамасына, қолғап орамалына, белдіктер мен орап тоқудың делюжкаларына қиып пішу;

      6) былғары және былғары алмастырғыштардың кесіндісі - нығыздауыштарда аяқкиімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектеріне қиып пішу;

      7) поролон - қиып пішу;

      8) қайыс отырғызылған белдіктер - оларды жинақтаумен бірге бұйымдардың бөлшектеріне қолмен пішу;

      9) былғары - сыздықтар мен былғары цилиндрлер үшін цилиндр мен шеңберге қиып пішу;

      10) тоқыма материалдары мен былғары алмастырғыштар -аяқкиімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектері мен ұлтаншасына, былғары галантереялық және қайыс-ер бұйымдарының бөлшектеріне қиып пішу;

      11) капсюльдік шұға - капсюльдер мен музыкалық аспаптардың клавиштерінің дайындамасына қиып пішу;

      12) фанера - шертпелі музыкалық аспаптардың талшықтарына, былғары галантереялық бұйымдардың бөлшектеріне қиып пішу.

106-параграф. Материалдарды пішуші, 4-разряд

      502. Жұмыс сипаттамасы:

      нығыздауыштармен, электрлік пішу пышағымен, арамен немесе қолмен алдын ала белгілеусіз орташа күрделіліктегі бөлшектерге материалдарды пішу;

      тоқыма материалдарының негізі және бекіту тетігі бойынша модельдердің дұрыс бөлінуін сақтау;

      пішу схемасын таңдау;

      бөлшектердің шығуын есептеу;

      артикулды, фасонды, өлшемді, өзге деректемелерді қойып шығу;

      кескіштердің ауданы мен сұлбасы, пішімнің жинақтылығы мен жұптылығы бойынша бөлшектердің дәл сәйкес келуін қамтамасыз ету;

      футлярдың сыртқы және ішкі әрлемесімен үйлескен түрде асхана күмісінің, хрусталь мен зергерлік бұйымдардың пішіні мен әрлемесіне сәйкес әрлеме материалын түсі және реңкі бойынша іріктеу;

      қолданылатын жабдықты жөндеу.

      503. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтың құрылысы, оны пайдалану және жөндеу тәртіптері;

      материалда кескіштер мен лекалоларды ұтымды орналастыру жүйелері;

      жоғары күрделіліктегі футлярларды жасау технологиясы.

      504. Жұмыс үлгілері:

      1) киіз - ер, қамыт, жегу әбзелі бөлшектеріне, адам керек-жарағының бөлшектерін лекалолар бойынша пішу;

      2) былғары - балет қорапшаларының, несессерлердің, папкілердің, портфельдердің, қолғаптардың, барлық түрдегі сөмкелердің (балалардікінен өзге), әмиянның, портмоненің, шиланның, құжаттар мен кітап мұқабаларының, шылым сауыттарының, әртүрлі футлярлардың (дүрбі, кино және фотоаппараттар мен музыкалық аспаптардың футлярларынан өзге) бөлшектеріне қиып пішу;

      3) былғарылар - астарлар, тілімшелер, ұшсыз белдікшелер бөлшектері мен хром муфталарының дайындамасына, бөлгіш және айдау қайыстарына, гантиндерге қайып пішу;

      4) тоқыма материалдары мен былғары алмастырғыштар - үстіңгі бөліктің бөлшектеріне, астарына, аяқкиімнің аралық бөлшектеріне (простилкалар, түйіндер, бүйір жақтар, аяқ ұш асты, өкше асты және өзгелер) және былғары галантерея мен қайыс-ер бұйымдарының бөлшектеріне қиып пішу;

      5) үлбір - астарлар мен әрлеменің бөлшектеріне қиып пішу;

      6) жібек, жартылай барқыт, барқыт, түптеу, күдері маталар- футлярлардың сыртқы және ішкі әрлемесінің, бөлшектеріне, көрме зат асты мен кез келген күрделіліктегі футлярлардың тіреуіштеріне қиып пішу.

107-параграф. Материалдарды пішуші, 5-разряд

      505. Жұмыс сипаттамасы:

      былғарыны анағұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз етумен бірге күрделі аяқкиім, былғары галантереялық, қайыс-ер және өзге бұйымдардың бөлшектеріне нығыздауыштарда немесе қолмен топографиялық учаскелер бойынша былғарыны қиып пішу;

      қалыңдығы, сапасы және топографиялық учаскелер бойынша былғары пішімінің элементтерін сұрыптау, олардың мақсатын анықтау;

      былғарының созылымдылық бағытына қатысты модельдердің дұрыс орналасуын сақтау;

      пішімнің жинақтылығы мен жұптылығын, таза және тегіс қиықты, кескіштердің ауданы мен сұлбасы бойынша бөлшектердің дәл сәйкес келуін қамтамасыз ету;

      футлярды пішу және әрлеу үшін шаблондар мен аспаптарды жасау;

      қолданылатын жабдықты жөндеу.

      506. Білуге тиіс:

      пішілетін материалдардың қасиеті, мақсаты және сыныптамасы;

      пішілетін материалдар мен пішілген бөлшектерге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      бөлшектер мен бұйымдардың түрлері, мақсаты, фасондары, өлшемі, жинақтағы бөлшектер саны;

      пішілетін материалда кескіштер мен лекалоны ұтымды орналастырудың тәсілдері;

      материалдарды пайдалану нормалары;

      футлярдағы бөлшектерді құрастыру, футлярдың әрлеме материалдарын іріктеу тәртіптері;

      қолданылатын жабдықтың құрылысы, оны пайдалану және жөндеу тәртіптері.

      507. Жұмыс үлгілері:

      1) былғары -аяқкиім ұлтаншасының бөліктеріне, супинаторлық жартылай ұлтарақтарға, былғары галантереялық бұйымдарға қиып пішу;

      2) былғары - орамалға, қолғаптарға, дүрбі, музыкалық аспаптар, кино және фотоаппараттар футлярына және спорт бұйымдарының бөлшектеріне қиып пішу;

      3) хром, юфть, жартылай қақталған былғары - қайыс-ер бұйымдары мен адам керек-жарағы бұйымдарының бөлшектеріне қиып пішу;

      4) қайыс былғары - қайыстар мен құлақбауларға қолмен пішу;

      5) былғары - былғары пішімін дәл шақтау және әрлеумен бірге күрделі пішіндегі және әртүрлі конфигурациядағы футлярлардың бөлшектеріне қиып пішу;

      6) жонарқалар, жағалар, етектер - есу жеңдерінің дайындамасына, техникалық бұйымдар үшін шеңбер мен секторларына қиып пішу;

      7) иленген материалдар мен былғары алмастырғыштар -аяқкиімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектеріне, ұлтаншасына, аралық бөлшектеріне қиып пішу;

      8) тоқыма қосарланған материалдар -аяқкиімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектері мен ұлтаншасына, былғары галантерея және қайыс-ер бұйымдарының бөлшектеріне қиып пішу.

108-параграф. Материалдарды пішуші, 6-разряд

      508. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиімнің жұбы үшін жинақтап қызмет ету нығыздауыштарында немесе қолмен аяқкиімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектеріне былғарыны қиып пішу;

      тері созылымдылығының бағытына қатысты модельдердің дұрыс орналасуын сақтау;

      былғары материалдарын ұтымды пайдалануды, таза және тегіс қиюды, кескіштердің ауданы мен сұлбасы бойынша бөлшектердің дәл сәйкестігін, жұптағы бөлшектердің бірдей қалыңдығы мен тығыздығын, бөлшектердегі былғарының біркелкі бояуы мен бедерін қамтамасыз ету.

      509. Білуге тиіс:

      қызмет ету нығыздауыштарының құрылысы, оларды пайдалану және жөндеу тәртіптері;

      пішілетін былғары материалдарының қасиеттері мен мақсаты;

      аяқкиімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектері мен материалдарына қойылатын мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттар;

      пішілген бөлшектерге арналған аяқкиімнің түрлері, мақсаты, фасондары және өлшемі;

      берілген үлгіде және түрде аяқкиім жинағындағы бөлшектер саны;

      пішілетін былғарыда кескіштерді ұтымды орналастыру тәсілдері;

      былғары материалдарын пайдалану нормалары.

109-параграф. Материалдарды пішуші, 7-разряд

      510. Жұмыс сипаттамасы:

      аяқкиімнің жұбы үшін жинақтап нығыздауыштарда немесе қолмен модельдік аяқкиімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектеріне былғарыны қиып пішу;

      терінің созылымдылық бағытына қатысты бөлшектерді дұрыс орналастыруды сақтау;

      әртүрлі түрлермен әрленген былғары материалдарын ұтымды пайдалануды, таза және тегіс қиюды, кескіштердің ауданы мен сұлбасы бойынша бөлшектердің дәл сәйкестігін, жұптағы бөлшектердің бірдей қалыңдығы мен тығыздығын, бөлшектердегі былғарының біркелкі бояуы мен бедерін қамтамасыз ету.

      511. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтың құрылысы, оны пайдалану және жөндеу тәртіптері;

      пішілетін былғары материалдардың қасиеттері мен мақсаты;

      пішілетін материалдарға және модельдік аяқкиімнің бөлшектеріне қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

      берілген фасон мен түрдегі аяқкиім жинағындағы бөлшектер саны;

      пішілетін былғарыда кескіштерді ұтымды орналастыру тәсілдері;

      былғары материалдарын пайдалану нормалары.

110-параграф. Материалдарды төсеуші, 2-разряд

      512. Жұмыс сипаттамасы:

      берілген ұзындық бойынша қолданылатын машина көмегімен немесе қолмен бірнеше қабаттап үстелде матаны, былғары алмастырғышты, төсегіш қатырма қағазын, гранитольді, мофоринді және өзге материалдарды төсеу;

      қабаттарды тыртыстырмай, жылжытпай және қиғаштамай бекіту;

      мақсаты, түрі, түсі, реңкі, әрлеуі және ені бойынша іріктеу;

      төселген материалдардың жалпы ұзындығын есептеу және есептеу нәтижелерін төсеніштің үстіңгі қабатына жазу.

      513. Білуге тиіс:

      төсеу тәсілдері, төселінетін материалдардың түрлері;

      пішудің белгілі бір түрлері үшін іріктеу тәртіптері;

      материалдар ақаулары, пішілетін материалдарға байланысты төсеніштегі қабаттар саны;

      қолданылатын машинаның құрылысы мен пайдалану тәртіптері.

111-параграф. Материалдарды, жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдарды қабылдаушы, 2-разряд

      514. Жұмыс сипаттамасы:

      ілеспе құжаттарға сәйкес тасымалдаумен және белгіленген құжаттама бойынша материалдарды қабылдап тапсыру бойынша қажетті есепке алуды жүргізумен қатар саны, салмағы, сапасы (сорттылығы) фасондары, өлшемі бойынша негізгі және көмекші материалдарды, жартылай фабрикаттардың, аяқкиімнің үстіңгі бөлігі мен ұлтаншаның бөлшектерін қабылдау және тапсыру;

      жартылай фабрикаттарды, материалдар мен дайын бұйымдарды оларды есепке ала отырып өңдеуге және қабылдауға тарату;

      саны мен сапасы бойынша былғары зауыттарында цехтан цехқа жартылай фабрикаттарды, жүн мен қылшықты қабылдап-тапсыру;

      қабылданатын жартылай фабрикаттарды, материалдар мен бұйымдарды тақтап қою.

      515. Білуге тиіс:

      негізгі және көмекші материалдардың, жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдардың, жүннің, қылшықтың түрлерін және оларды қабылдау мен тапсыру тәртіптері;

      дайын бұйымдардың ассортименті, фасондары, моделі және есепке алу құжаттамасын жүргізудің тәртіптері.

112-параграф. Материалдарды, жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдарды қабылдаушы, 3-разряд

      516. Жұмыс сипаттамасы:

      дайын бұйымдар мен былғарыны, былғары шикізатын, былғары жартылай фабрикаттарды, үлбір шикізаты мен үлбір терілерін түрі, түржиыны, сорты, саны, ауданы (метражы), салмағы бойынша оларды тасымалдау, салу және қайта салу арқылы қабылдау және тапсыру;

      қабылданатын бұйымдар мен материалдарға ілеспе құжаттардың сәйкестігін тексеру, оларды қабылдау мен тапсыруды қажетті құжаттармен ресімдеу;

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес таңбалау мен буып түюдің дұрыстығын тексеру;

      консервілеу мен салттың жай-күйіне байланысты салмақтық жеңілдіктер мен үстемелерді ескере отырып, былғары шикізаты зауыттары мен базаларында қабылдау-сұрыптау кезінде әрбір терінің "таза салмағы" салмағын анықтау;

      әрбір терінің салмақ тобын анықтау;

      былғары мен тондық және мехтық шикізаттың түрі, сорты, салмағы, ауданы, жүнділігі бойынша қабылдау өлшемдерін жазуды жүргізу;

      таңбалау үшін әрбір терінің индексін анықтау;

      әрбір топ бойынша өлшемдерді есептеу, негізгі ақауларды (тірі кезінде, түсіру, сақтау кезінде) есепке алу;

      таразы жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.

      517. Білуге тиіс:

      материалдарды, жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдарды қабылдау және тапсыру тәртіптері;

      үлбір терілері, былғарының, былғары жартылай фабрикаттарыныңдайын бұйымдардың ассортименті;

      былғары және үлбір шикізатының түрлері;

      шикізаттың әрбір түрі мен тобын сипаттайтын салмағы мен өлшемдері;

      өлшеудің тәртіптері мен дәлдігі;

      ақаулардың атаулары мен олардың сипаттамасы;

      терілерді консервілеу тәсілдері, олардың сапасын (сорттылығын) бағалау үшін техникалық шарттар;

      консервілеу тәсілдерінің әр түріндегі терілердің салмағын қайта есептеу коэффициенттері;

      былғары шикізатын таңбалау тәртіптері;

      былғары және үлбір шикізатын төлқұжаттаудың индекстік жүйесі;

      былғары мен үлбір шикізатының құжаттарын ресімдеу және оларды буып түю тәртіптері;

      ветеринариялық және санитариялық қадағалаудың негізгі ережелері;

      тиеу және түсіру аспаптарының және әртүрлі жүйедегі таразылардың құрылысымен оларды қолдану тәртіптері;

      таразылар жұмысындағы ұсақ ақауларды жою тәсілдері.

113-параграф. Рамаларға былғары мен қой терісін созушы, 3-разряд

      518. Жұмыс сипаттамасы:

      тілінді мен кесіндіні рамаларда біркелкі созу және оларды қысқыштардың, дөңесшелердің, шегелердің көмегімен немесе жапсырмамен әйнекке, фанераға бекіту;

      жұмыс орнына тіліндіні, кесіндіні және желімді беру;

      тілімшелерден желімді жуып шаю, былғарыға желімді жағу;

      тілінді мен кесіндінің барлық ауданын жазу;

      рамаларды бекіту, оларды кептіргіштерге салу және одан шығару;

      рамалардан тілінді мен кесіндіні түсіру және оларды жинап қою;

      кептіргіштерде температура мен ауа алмасуын реттеу.

      519. Білуге тиіс:

      рамаларда тілінді мен кесіндіні созу жолдары;

      былғарының қасиеттері;

      өңдеуге дейін және одан соң былғары мен тіліндінің физикалық -механикалық көрсеткіштері;

      кептірудің технологиялық режимін реттеу тәртіптері;

      кептіру құрылғыларын пайдалану тәртіптері.

114-параграф. Рамаларға былғары мен қой терісін созушы, 4-разряд

      520. Жұмыс сипаттамасы:

      жиырылуға, табандар мен былғарының шеткі учаскелерінің нашар керілуіне жол бермей қажетті керілісті сақтай отырып, жыртпай және үзбей ең үлкен пайдалы ауданды алу үшін рамаларда былғары және қой терісінің ортасынан периметрге қарай бағытта былғары және қой терісін біркелкі созу және оларды қысқыштардың, дөңесшелердің, шегелердің немесе әйнекке, фанераға және өзгеге желімдеу көмегімен оларды бекіту;

      механикалық жылжымалы құрылғымен раманы терілерімен жылжыту;

      жұмыс орнына былғары мен қой терілерін беру;

      кептіргішке рамаларды былғарымен немесе қой терісімен салу;

      кептірудің технологиялық режимін бақылау және реттеу;

      былғарының дайындық дәрежесін анықтау;

      рамаларға былғары мен қой терісін салу және одан қолмен түсіру.

      521. Білуге тиіс:

      рамаларда былғары мен қой терісін созудың тәртіптері мен ұтымды жолдары;

      созуға былғары мен қой терісінің даярлығына қойылатын талаптар;

      жақсы сапаны және былғарының пайдалы ауданының қажетті шығымын қамтамасыз ету үшін былғарының, қой терісінің созу мүмкіндігінің дәрежесі;

      кептірудің технологиялық режимін реттеу және тері мен қой терісінің дайындық деңгейін анықтау тәсілдері;

      рамалар мен кептіргіштердің құрылысы.

115-параграф. Рамаларға былғары мен қой терісін созушы, 5-разряд

      522. Жұмыс сипаттамасы:

      контактілі-вакуумдық және рамалық жартылай автоматты кептіргіштерде оларды қысқыштармен бекітумен және рамаға жинап қоюмен бірге былғарыны біркелкі созу және кептіру;

      басқару тетігінен кептіргішке раманы терілерімен жылжыту және ауыстыру;

      желімдеуге былғарыны дайындау, қосымша ылғалдау, ортасы бойынша жая бөлігін кесу;

      кептіргіштерге буды, сығымдалған ауаны, суды жіберу үшін вентильдерді ашу;

      қыздыру плиталарының ауданын максимал пайдалану үшін металл тілімшелерге желімделетін былғарыны ұтымды орналастыру;

      теріні, оларды бүкіл аудан бойынша ең үлкен тартымдылық бағытында ілмектермен ажыратумен жылытылатын плитаның бетіне жапсыру;

      қақпақтарды ашуды, жабуды және қыздыру камераларының орын ауыстыруын басқару тетігінен басқару;

      теріні өңдеу технологиясына сәйкес Кептірудің қажетті режимін (қысымды, температураны, ұстау уақытын) бақылау-өлшеу аспаптары бойынша баптау және бақылау.

      523. Білуге тиіс:

      былғарыны созу мен кептірудің технологиялық режимі;

      тері топографиясы, қолданылатын жабдықтың және бақылау-өлшегіш құралдарының құрылысы;

      температураны, қысымды, теріні созуды және кептіру ұзақтығын орнату және бақылау тәртіптері.

116-параграф. Реңші, 5-разряд

      524. Жұмыс сипаттамасы:

      колерлерді жасау;

      рецептура мен технологиялық карталарға сәйкес грунтты, аппретураны, жалтырақты, органикалық сұйылтқыш пен еріткіштерді, нитроэмаль ерітінділерін, казеиндік, акрильдік және өзге жаба бояуларды дербес дайындау;

      жұмыс орнына қолданылатын материалдарды тасымалдау;

      пигмент пасталары мен еріткіштерді араластырғышқа салу;

      сынаманы іріктеп алу және эталондарға сәйкестендіріп колерлердің түсі мен реңкін жеткізу;

      сынама бояуды орындау;

      дайындалған аппретураны, жалтырақты және өзге жаба бояуларды, сондай-ақ еріткіштерді өндіріске жіберу;

      шығыс болатын бояғыштар мен қолданылатын материалдардың есебін жүргізу.

      525. Білуге тиіс:

      реңкті және колерді жасау тәсілдерін, құрамдардың рецептурасы;

      бояғыштардың, сұйылтқыштар мен еріткіштердің қасиеттері мен шығыс нормалары, олардың өзара әрекеттесуі;

      былғарының қасиеттері мен құылымы;

      былғарыны жаба бояуға, аппретуралауға және жалтыратуға қойылатын техникалық талаптар;

      қолданылатын материалдардың шығысын есепке алу тәртібі;

      араластырғышқа пасталар мен еріткіштерді салу тәртіптері;

      сынаманы іріктеп алу әдістері;

      есепке алу құжаттамасын жүргізу тәртіптері.

117-параграф. Сығушы, 2-разряд

      526. Жұмыс сипаттамасы:

      центрифугада қой терісінен, үлбір терілерінен, жуылған зауыт жүнінен, щетка және жаққыш бұйымдарынан ылғалды сығу;

      салудың салмақ нормаларына сәйкес қолмен центрифуга барабанына салу және барабанның шеткі тұстарына сығылатын шикізатты біркелкі бөлу;

      сығылған үлбір терілерін түсіру және таяныштарға немесе штабельдеп төсеу;

      жұмыс аяқталған соң центрифуганы сумен жуып шаю.

      527. Білуге тиіс:

      центрифуганың жұмыс істеу принципі және оны пайдалану тәртіптері;

      жартылай фабрикаттардың түрлері;

      цетрифугаға салудың салмақ нормалары;

      үлбір терілерін түсіру және төсеу тәртіптері.

118-параграф. Сығушы, 3-разряд

      528. Жұмыс сипаттамасы:

      үзілбей және ажыратпай бір мезгілде олардың ауданын жазумен, созумен және сәйкесінше ылғалдаумен гидронығыздауыштарда немесе сығу машиналарында қой терісінен, үлбір терілерінен ылғалды сығу;

      сығу машинасының қысымын, біліктердің қызуын және терілердің қалыңдығына сәйкес пышақты және беру біліктерінің арасындағы саңылауды реттеу;

      жайылған күйде түкті жабынын жоғары қаратып, теріні беруші білігіне беру және механизмнің көмегімен біліктердің арасындағы саңылауға бағыттау;

      үлбір терілерінің дайындығын анықтау және оларды түсіру.

      529. Білуге тиіс:

      гидронығыздауыш пен сығу машинасының құрылысы мен жұмыс істеу принципі;

      тері тінінің және түкті жабынның құрылымы мен қасиеттері;

      жартылай фабрикаттардың ассортименті;

      сығуға дейін және одан кейін мехтық және тондық қой терісінің, үлбір терілерінің ылғалдылық нормалары;

      гидронығыздауыштарда сығу кезінде - техникалық талаптарға сәйкес қысымды реттеу тәртіптері.

119-параграф. Сығушы, 4-разряд

      530. Жұмыс сипаттамасы:

      реверсивтік жүйемен жарақталған сығу-жуып шаю машинасында бір мезгілде жуып және навалдан, ластан, репь пен консервілеуші заттардан тазалаумен үлбір терілерінің түкті жабынын сығу;

      түкті жабынды жуып шаю үшін ластану дәрежесіне байланысты ерітіндіні беруді реттеу;

      сығуды жүргізу үшін терілердің дайындық дәрежесін анықтау, машинаның жұмысын бақылау;

      транспортерге терілерді жайып төсеу;

      өңделетін терілердің түрі мен қалыңдығына, сондай-ақ түкті жабынның биіктігі мен оның тері тінімен байланыс беріктігіне байланысты тасымалдаушы, қысушы және пышақты біліктердің арасындағы қысымды реттеу;

      тасымалдаушы, қысушы және пышақты біліктердің қозғалыс жылдамдығын реттеу;

      сығуды, жуып шаюды және үлбір терілерінің түкті жабынын тазарту сапасын бақылау.

      531. Білуге тиіс:

      үлбір терілерінің түкті жабынын сығуды, жуып шаюды және тазартуды орындау тәртіптері мен тәсілдері;

      түкті жабын мен тері тінінің құрылымы мен қасиеттері;

      сығудан кейінгі үлбір терілерінің ылғалдылық нормалары;

      сығу және жуып шаю машинасының құрылысы, оны пайдалану, реттеу, жөндеу және түзетуді өткізудің тәртіптері.

120-параграф. Теріні тартушы, 3-разряд

      532. Жұмыс сипаттамасы:

      талшықтарды механикалық бөлу және теріге қажетті жұмсақтықты, иілімділікті беру үшін созу және кергіш-жұмсартқыш машинасында немесе қолмен күдеріні, лайканы, қолғап былғарысын, кесіндіні, қайыс теріні созу және жұмсарту;

      терінің түрі және дайындығына байланысты білікшелер мен топтамаларды орнату және реттеу, оларды тасымалдау.

      533. Білуге тиіс:

      күдеріні, лайканы, қолғап терілерін, кесіндіні, қайыс терілерін созу және жұмсарту тәсілдері;

      тері топографиясы, терінің жеке бөліктерінің физикалық-химиялық қасиеттері және оларды қажетті өңдеу дәрежесі;

      кергіш және жұмсарту машинасының тарту табандары бастарын реттеу тәсілдері.

121-параграф. Теріні тартушы, 4-разряд

      534. Жұмыс сипаттамасы:

      талшықтарды механикалық бөлу, теріге қажетті жұмсақтық беру және оның ауданын ұлғайту мақсатында жұмсарту және өтетін және өтпейтін үлгідегі керу - жұмсарту машинасында терілерді (күдері, лайка, қолғап терісі, кесінді, қайыс теріден өзге) созу;

      өтілмейтін машинада тарту табандарының бастары мен топтамалардың арасындағы саңылауды реттеу;

      алдыңғы және артқы плиталардың кіру тереңдігін, тасымалдаушы төсемдердің параллельдігі мен керіліс дәрежесін, өтетін машиналарда транспортерлер қозғалысының жылдамдығын реттеу;

      теріні созу дұрыстығын және қызмет ету машинасы механизмдерінің жұмысын бақылау;

      таяныштарға, тіркемелерге немесе түптеріне жартылай фабрикаттарды төсеу;

      транспортерді ұсақ жөндеу.

      535. Білуге тиіс:

      теріні созу жолдары, созуға дейін және одан кейін оған қойылатын талаптар;

      терінің өндірістік кемістіктері және оларды жою тәсілдері;

      жұмсарту мен өтетін және өтпейтін үлгідегі кергіш және жұмсартқыш машиналардың құрылысы;

      қызмет ету машиналары мен транспортерді реттеу және пайдалану тәртіптері.

122-параграф. Үлбір мен киізді арамен кесуші, 3-разряд

      536. Жұмыс сипаттамасы:

      екіге тілу машинасында қажетті қалыңдықта киізді кесіп екіге бөлу;

      киіздің сызықтық өлшемдері мен оның қалыңдығын мерзімдік тексеру;

      машинадан шығатын тіліндіні қабылдау, оны белгіленген тәртіпте жинап қою;

      машина жұмысын реттеу;

      таспалық пышақтарды қайрау және алмастыру.

      537. Білуге тиіс:

      қызмет ету машиналарын пайдалану және реттеу тәртіптері;

      киіз түрлері, дайын киіздің сапасына қойылатын талаптар;

      киізді арамен кесудің технологиялық режимі.

123-параграф. Үлбір мен киізді арамен кесуші, 5-разряд

      538. Жұмыс сипаттамасы:

      екіге тілу машинасында терілердің былғары тінін арамен екі қабатқа тілу;

      былғары тінінің қалыңдығына байланысты арамен кесудің қажетті қалыңдығына машинаны реттеу және жөндеу;

      машинаның таспа пышақтарының астына терілерді жайып беру және арамен кесудің дәлдігін бақылау.

      539. Білуге тиіс:

      терілердің былғары тінінің құрылысы;

      былғары тінін кесу нормалары, былғарыны өңдеудің болуы мүмкін ақаулары және олардың алдын алу және жою тәсілдері;

      терілердің қалыңдығын анықтау тәртіптері;

      екіге тілу машинасының құрылысы, оны жөндеу және реттеу тәртіптері;

      таспалық пышақты қайрау және ауыстыру жолдары.

124-параграф. Үлбір терілерді әрлеуші, 2-разряд

      540. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілерді ұсақ түр терілерінің былғары мата талшықтарын (теріден басқа) өру, қапсырма, қызмет көрсететін машинада қопсыту-бөлу, жұмсақтық пен икемділік беру мақсатында қыздыру және тазарту, үзілістерге, үзілістерге, серифтерге, ұстап алуға жол бермей алаңды тегістеу арқылы өңдеу;

      терілердің қопсытуға, машиналардың технологиялық операцияларды орындауға дайындығын, аспирациялық қондырғының жарамдылығын тексеру;

      үлбір терілерді үстелге төсемеге қою немесе машинаның тасымалдаушы механизміне салу, теріні жұмыс білігінің астына балқытылған күйінде салу.

      541. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтың мақсаты мен жұмыс істеу принципі;

      үлбір терілердің ассортименті;

      былғары талшығы мен жүн қабатының қасиеттері мен құрылысы;

      ерітінділердің құрамы, қасиеттері, мөлшерлемесі, мақсаты мен олармен жұмыс жүргізу тәртіптері;

      үлбір теріні өңдеуге дайындауға қойылатын талаптар.

125-параграф. Үлбір терілерді әрлеуші, 3-разряд

      542. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілерді терінің жүн қабатына бедерлі суреттерді арнайы электр құрылғыларында күйдіру арқылы, люстрлеу, формалин және өзге де химиялық ерітінділерді терінің жүн қабатына қолмен немесе жағу машинасында жағу арқылы өңдеу;

      қойдың терісі мен қойдың жүнін машинада ажырату және керу;

      орташа терілер (бағалы аң терісі, қаракөл-елтіріден өзге) мен теңіз аңы терісінің былғары талшықтарын ажырату-қопсыту, былғары талшыққа икемділік пен жұмсақтық беру үшін кеспеу, тілмей және кертпей, шымшымай жазу және тазалау;

      жуып, сыққаннан кейін кесу немесе жүн қырқу машиналарында үлбір және тонға арналған қой терісінің жүн қабатын белгіленген биіктік бойынша, тілмей, түк қалдырмай және теріні жыртпай шикізат етіп қырқу-шабу;

      машинаның кесуші және тасымалдаушы механизмдерінің арасындағы саңылаудың тиісті көлемін белгілеу;

      қой терісін әперу жылдамдығы және қой терісін өн бойын түзете отырып, тасымалдауыштың төсемесіне әперу;

      қой терісінің жүнін жасанды түрде бұйралай отырып және сол сәтте бұйра жүнді нығыздауышпен бекіте отырып, түкті күйдірмей және былғары талшығын пісірмей (шалыстырмай) қаракөл ретінде жасау;

      терінің жүн қабатына арнайы ерітіндіні щетканың көмегімен қолмен белгіленген тереңдікте өн бойына біркелкі етіп жағу;

      ерітінділердің жағылу сапасын және үлбір терілердің түк жамылғысына белгіленген тереңдікке енуін, химиялық ерітінділердің түк жамылғысына жағылу қарқындылығы мен біркелкілігін және тері тінінің ерітінділерімен ластануына жол бермеуді бақылау.

      543. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және пайдалану тәртіптері;

      былғары талшығы мен жүн қабатын өңдеу технологиясы мен жолдары;

      үлбір теріні өңдеу сапасына қойылатын талаптар.

126-параграф. Үлбір терілерді әрлеуші, 4-разряд

      544. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терінің өңделетін жерлерінде қатты ұйысқан және киізденген жүні бар үлбір және тонға арналған қой терісінің, бағалы аң терісі мен қаракөл-елтіріні, теңіз аңы терісінің жүн қабатын қопсыту мақсатында ажырату машинасында ажырату арқылы үлбір терілерді өңдеу;

      үлбір және тонға арналған қой терісіне, бағалы аң терісі мен қаракөл-елтіріге, теңіз аңы терісіне икемділік пен жұмсақтық беру үшін оның былғары талшықтарын шалғыда, қапсырма шегеде, машинада кеспей, тілмей және кертпей, шымшымай жазу және тазалау;

      үлбір терілерді бөлу машинасының пышақ білігіне әперу және салу, өңдеу технологиясына сәйкес оларды бөлу кезінде әртүрлі бағытта бірнеше рет ауыстыру;

      түтікті шымшымай, кертпей және тері шеттерін тілмей жүн қабатының үсті тегіс болуы үшін үлбір терілердің құрғақ жүн қабатын белгіленген биіктік бойынша қырқу машинасында қырқу;

      өңделетін үлбір жартылай дайын өнімнің түріне және қалыңдығына қарай пышақ және беруші механизм арасында қажетті саңылауды реттеу;

      үлбір терілерді жүн жағымен қырқу машинасы тасымалдағышының төсемесіне әперу, өн бойын түзете отырып пышақ білігіне жіберу;

      үлпілдек шашты зақымдамай тегіс, жұмсақ бет алу мақсатында қалың шашты тері мадатан немесе үзілген бөлігінен негізінен жұлу жолымен қалың шаштың үлбір терісінен шашты қабатты қолмен немесе қырқу машинасында алу;

      өңделетін терінің қалыңдығы мен өзге де қасиеттеріне байланысты машинаның металл, бедерлі, резина біліктерінің арасындағы саңылауды реттеу;

      операцияны өткізуге және өн бойындағы жүн қабатын өңдеу сапасына бақылау жасау;

      автоматты қайрақпен және лента-кескішті тарту мен созуды автоматты реттегішпен жабдықталған жүн қырыққыш машинада шикі қой терісін қырқу;

      жүн қырыққыш машина жұмысының тиісті параметрлерін таңдау: соратын желдетпенің қуаттылығы, кескіш-лентаны қайрау бұрышын, тасымалдағыш лентасы қозғалысының жылдамдығын, жүн қабатын қырқу биіктігін, пышақ және әперу механизмі арасындағы саңылауды реттеу;

      үлбір терілердің жүн қабатын қырқу сапасын бақылау.

      545. Білуге тиіс:

      өңдеу машиналардың әртүрлі түрлерінің құрылысы және оларды пайдалану және реттеу тәртіптері;

      өңдеу операциясына үлбір теріні дайындау үшін оған қойылатын талаптар;

      үлбір терілерді өңдеу операциясының кейінгі технологиялық операцияларды орындау сапасына тигізетін әсері.

127-параграф. Үлбір терілерді әрлеуші, 5-разряд

      546. Жұмыс сипаттамасы:

      үлпілдек шашты зақымдамай тегіс, жұмсақ бет алу мақсатында жұлынған қалың шаштың болуына жол бермей отырып, қалың шаштарды тері матадан жұлу немесе негізінен жұлу жолымен қырқу машинкасында немесе қолмен қалың шаш қабатынан алып жастау арқылы үлбір терілерді өңдеу;

      өңделетін терінің қалыңдығы мен өзге де қасиеттеріне байланысты машинаның металл, бедерлі, резина біліктерінің арасындағы саңылауды реттеу;

      үстінде щетка мен әртүрлі бұрыштарда кескіштер орналастырылған пышақ біліктердің көмегімен қой терісін созу, созу-жұмсату;

      реверстеу механизмімен үлбір терілерді бірнеше рет алмастыру;

      созу-жұмсарту машинасының пышақ және тасымалдаушы механизмі мен қой терісін әперу жылдамдығы арасында тиісті саңылау жасау;

      қой терісін қырқу (тегістеу) машинасында тегістеу, қырқу;

      пышақ білігінің айналу жылдамдығын және тасымалдағыштың қозғалыс жылдамдығын басқару пультында реттеу;

      жылжымайтын пышақтың көлденең және тік жазықтықта алмасуын реттеу, әперетін және жіберетін тасымалдағыштардың ленталарын керу;

      технологиялық процестерді өткізу сапасына бақылау;

      қызмет көрсетілетін жабдықты баптау.

      547. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және баптау тәртіптері;

      пышақты және өзге де құралдарды пайдалану тәртіптері;

      жүн қабатының құрылысы және қылшық пен түбіт түтіктің айырмашылық белгілері;

      жартылай дайын өнімдер мен өңдеу сапасына қойылатын талаптар;

      жүн қабатын өңдеудің әдістері мен жолдары.

128-параграф. Химиялық ерітінділерді жасаушы, 3-разряд

      548. Жұмыс сипаттамасы:

      рецептураға сәйкес ас тұзының, әк сүтінің, қоспалардың, эмульсиялардың күрделі емес химиялық ерітінділерін жасау;

      қоймадан химикаттарды алу;

      бастапқы материалдарды мөлшерлеу, еріту және араластыру;

      өткізілетін талдаулардың және ерітінділердің, қоспалар мен эмульсиялардың физикалық және химиялық параметрлерін есептеу негізінде түзету және оларды тұндырғыштарға, жиғыштар мен аппараттарға айдап жіберу.

      549. Білуге тиіс:

      ерітінділерді жасаудың рецептурасы, қолданылатын бастапқы материалдардың қасиеттері;

      қызмет ету аппараттарына бастапқы материалдарды салу тәртібі;

      қолданылатын жабдық пен бақылау және өлшеу құралдарының әрекет ету принципі және оларды пайдалану тәртіптері.

129-параграф. Химиялық ерітінділерді жасаушы, 4-разряд

      550. Жұмыс сипаттамасы:

      рецептураға сәйкес күлді, күлсіздендіру және жұмсарту сұйықтықтарының, лаксыздандыратын қоспалардың, пикельдік, бейтараптық және бояу ерітінділерінің, тері илейтін сөлдердің, май қоспалары мен эмульсияларының, полиуретандық қоспалардың, люстралық, формалиндік, импрегнирдік, майсыздандыру және өзге ұқсас ерітінділердің, қоспалардың, эмульсиялардың күрделі химиялық ерітінділерін жасау;

      қызмет ету аппараттарының механизмдері мен химиялық ерітінділерді жасаудың, араластырғыштар реакторларының технологиялық режимін реттеу;

      өндірістік құжаттаманы жүргізу.

      551. Білуге тиіс:

      күрделі химиялық ерітінділерді әзірлеудің рецептурасы, тәртібі және технологиялық режимі;

      ерітінділердің, қоспалардың, эмульсиялардың физикалық және химиялық параметрлерін түзету әдістері;

      химиялық станцияларда ерітінділерді әзірлеу және оларды тұтыну орындарына механикаландырылған түрдегі беру тәртібі;

      қолданылатын жабдықты пайдалану және реттеу тәртіптері.

130-параграф. Шел желімін әзірлеу аппаратшысы, 4-разряд

      552. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес пісіру аппараттарында кесінді мен шелден желімді пісіру (дайындау) технологиялық процесін жүргізу;

      шел мен кесіндіні дайындау, сұрыптау, кесу жұмыстарын орындау, оларды күлдеуге күбілерге, баркастарға немесе аппараттарға салу;

      шел мен кесіндіні күлдеу, жуып шаю және күлсіздендіру процестерін жүргізу;

      аппараттарға желімді пісіру үшін дайындалған шел мен кесіндіні салу;

      аппараттарда белгіленген концентрация мен тұтқырлыққа дейін желім сорпасын пісіру және булау;

      пісіру және булау процестерінің әртүрлі сатыларында температураны реттеу;

      сорпаны пісіру процесінде майды (тоң майды) алу;

      арнаулы қалыптарға дайын желім сорпасын бөліп құю;

      жанышқыш және өзге кептіргіштерде сорпадан плитка, ұсақталған, қабыршақты және ұнтақ түрінде құрғақ желім алу;

      даяр шел желімін сорттау, таңбалау, салмағын өлшеу;

      әрбір өндірістік партияның шығуына қарай зертханалық талдауға сынама тапсыру;

      қоймаға даяр желімді тапсыру;

      қолданылатын жабдықты реттеу, жөндеу және оған қызмет көрсету;

      мұқалған пышақтарды алу және қайралғандарын шелкескішке орнату;

      колибрлі пышақ барабанына пышақтар қыспасын реттеу;

      аппараттарды, қалыптарды және торларды желімнен тазалау;

      торларды жөндеу.

      553. Білуге тиіс:

      шел желімін пісіру технологиялық процесі;

      шел желіміне қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар;

      қолданылатын жабдықтың құрылысы, оны техникалық пайдалану мен реттеу тәртіптері;

      шел желімін сорттау, буып түю, таңбалау тәртіптері;

      пісіру аппараттары, қалыптарды, торларды желімнен тазарту тәсілдері.

131-параграф. Шел желімін әзірлеу аппаратшысы, 5-разряд

      554. Жұмыс сипаттамасы:

      техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарға сәйкес айналымы бар вакуумдық булау қондырғысында әртүрлі шикізаттан шел желімін әзірлеу технологиялық процесін жүргізу;

      желімді пісіру үшін шикізатты дайындау, шел желімін әзірлеу үшін компоненттерді рецептуралық есептеу;

      күлдеу үшін күбілерге, барабандарға немесе аппараттарға салу;

      күлдеу, шаю, күлсіздендіру процесін жүргізу;

      пісіру аппараттарына желімді пісіру үшін дайындалған шикізатты салу;

      вакуумдық аппараттарда сорпалардың концентрациялану процесін жүргізу, олардың герметикалдығын және оларда вакуум жасалуын тексеру;

      сорпалардың келіп түсу процесі мен олардың концентрациялануын бақылау және өлшеу құралдарының көрсеткіштеріне қарай бақылау және реттеу;

      температураны, бу, су берілуін, вакуум күйін бақылау және реттеу;

      шел желімінің әзірлігін анықтау;

      сорпаларды пісіру процесінде майды алу;

      кептіргіштерде сорпадан құрғақ желім алу;

      кептірудің температуралық режимін, құрғақ желімнің концентрациясын, қалыңдығын, кептіргіштің ауа тазартқыш құрылғыларының жұмысын бақылау және өлшеу құралдары бойынша бақылау және реттеу;

      дайын шел желімін сорттау, буып түю, салмағын өлшеу;

      шел желімінің әрбір өндірістік тобының шығуына қарай зертханалық талдауға сынама тапсыру;

      даяр желімді қоймаға тапсыру;

      қолданылатын жабдықты реттеу, жөндеу және оған қызмет көрсету;

      пісіру аппараттарын, қалыптар мен торларды желімнен тазарту;

      торларды жөндеу.

      555. Білуге тиіс:

      қызмет ету жабдығы мен қолданылатын бақылау және өлшеу құралдарының құрылысы мен әрекет ету қағидаты;

      шел желімін пісіру технологиялық процесі және оның параметрлерін бақылау тәсілдері;

      шел желіміне қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар, шел желімін сұрыптау, буып түю және таңбалау тәртіптері;

      пісіру аппараттары, қалыптар, торларды тазалау тәсілдері;

      вакуумдық қондырғыларды техникалық пайдалану тәртіптері.

132-параграф. Шелдеуші, 2-разряд

      556. Жұмыс сипаттамасы:

      шелдеу, басқыны жою мақсатында терілерді қылы бойынша шелдеу машиналарында бөлу;

      өңделетін терілердің қалыңдығы мен түріне байланысты тасымалдаушы, қысушы және пышақты біліктерінің арасындағы саңылауларды реттеу;

      машина мен қолданылатын құрал-сайманның пышақтарын қайрау.

      557. Білуге тиіс:

      шелдеу машинасында терілерді шелдеу, оның біліктерін реттеу тәсілдері;

      шелдеу машинасы мен қолданылатын құрал-сайманның пышақтарын қайрау тәртіптері;

      былғары шикізатының түрлері.

133-параграф. Шелдеуші, 4-разряд

      558. Жұмыс сипаттамасы:

      шелдеу, тұщы-құрғақ және құрғақ-тұзды консервіленетін терілерді, оларды жақсы суландыру мақсатында бөлу;

      шелдеу машиналарында тері асты жасушасы қабатын, майды, ет кесіктерін және өзгелерді кетіру мақсатында анағұрлым жоғары біліктілігі бар шелдеушінің басшылығымен шикізатты және ірі қара малдың көнін шелдеу;

      машинада шелдеу кезінде шикізатқа немесе көнге өткізілген терінің шеткі учаскелерінен (етегінен, жағасынан, кекілден және табандардан) шелді кетіру мақсатында қиылуға, жұлынуға, тілікке жол бермей көнді қолдан шелдеу;

      тері бүтіндігін аяқ-қолдың үзілуінсіз, тесіксіз, кертпесіз, үзбей сақтай отырып, тері асты май қабатын кетіру және қыл тамырларын жалаңаштамай қолмен қапсырмада, шаберде, дискілі пышақта немесе шелдеу машинасында үлбір терілерінің ұсақ түрлерін шелдеу;

      шелдеуге былғары шикізатының, көннің және үлбір терілерінің ұсақ түрлерінің дайындық дәрежесін және жоюға жататын тері асты май қабатының қалыңдығын анықтау;

      өңделген терілер немесе жарғақты штабельге қалау;

      машинаны жөндеуге қатысу, өңделетін терілердің түрі және қалыңдығына байланысты біліктер арасындағы саңылауды реттеу, пышақты білік пен құрал-сайманды қайрау.

      559. Білуге тиіс:

      шелдеу машинасында және қолмен қапсырмада, шаберде, дискілі пышақта шелдеу жолдары;

      былғары шикізатының түрлері мен оның мақсаты;

      ұсақ түрдегі терілердің ассортименті;

      шикізат пен жарғақтың шелдеуге даярлық дәрежесін және жоюға жататын тері асты май қабатының қалыңдығы;

      пайдалы аудан шығымын және терілердің тұтынушылық бағалығы;

      терілер ақауларының пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері;

      шелдеу машинасын техникалық пайдалану және реттеу тәртіптері;

      шелдеу машинасы мен қолданылатын құрал-сайманның пышақты біліктерін қайрау қайрау үшін абразивтік қайрақтарды іріктеп алу тәсілдері.

      560. Ескертпе:

      терілердің ұсақ түрлеріне, мамық жүнді аң терісінен өзге, келесі ұсақ кеміргіштердің терілері: ақсары тышқанның, су және қамба егеуқұйрығының, сониполчтың, алақоржынның, цокор (бұзаубастың), құмтышқанның, көртышқан және шақылдақ тышқан, сарышұнақтың барлық түрлерінің (дала саршұнағынан өзге), көр тышқанның терілері жатады;

      терінің қалған түрлеріне қоянның, үй мысықтарының, мерлушканың, баулардың, ешкінің, сілеусіндердің, сақ-сақаның, суырлардың, иттердің, терілердің, қаракөл-елтірінің орташа түрлері, теңіз аңының терілері, аң терісі жатады.

134-параграф. Шелдеуші, 5-разряд

      561. Жұмыс сипаттамасы:

      шелдеу машинасында тері асты клетчаткасын, майды, ет кесіктерін және өзге, жою мақсатында былғары, мех, тон шикізаты мен жарғақтың барлық түрлерін шелдеу;

      тері асты май қабатын кетірумен және тері бүтіндігін аяқ-қолдың үзілуінсіз, тесіксіз, кертпесіз, тері тканінің кесілуінсіз және қыл тамырларын жалаңаштамай сақтаумен қоса пышақты білік астында терінің орта және ірі түрлерінің, сондай-ақ тиіннің, ақ тышқанның, мехтық және тондық қой терісінің біртіндеп қозғалуымен топографиялық учаскелер бойынша шелдеу;

      машина механизмдері мен өлшеу құралдарының жұмысын бақылау;

      машинаны жөндеу;

      қайрақ шарығын алмастыру.

      562. Білуге тиіс:

      шелдеу машинасында былғарылық, мехтың, тондық, шикізат пен жарғақты шелдеудің ұтымды жолдары;

      шикізаттың, жарғақтың, пішім элементтерінің, үлбір терісі тканінің түкті жабынының құрылымдық ерекшеліктері мен қасиеттері;

      үлбір терілерінің тұтынушылық бағалығы;

      үлбір терілері ақауларының пайда болу себептері мен оны жою тәсілдері;

      шелдеу машинасын жөндеу және қайрау шарығын ауыстыру тәртіптері.

135-параграф. Шелдеуші, 6-разряд

      563. Жұмыс сипаттамасы:

      терінің бүтіндігін аяқ-қолдың үзілуінсіз, тесіксіз, кертпесіз, тері қабатының қиылуынсыз және қыл тамырларын жалаңаштамай сақтай отырып, мамық жүнді аң терісінен (тиін мен ақ тышқаннан өзге), қаракөл елтірісі түрлерінен және теңіз жануарының терісінен тері асты май қабатын шелдеу машинасында немесе қолмен жою жолымен шелдеу;

      сужетекпен және пышақты білікті автоматты қайраумен жарақтандырылған шелдеу машинасында қой терісін, былғары шикізатын шелдеу;

      басқару тетігінен қайрау құрылғысының жұмысын басқару;

      машина механизмдерін бөлшектеу, түзету, құрастыру және жөндеу;

      пышақты біліктің өз уақытында және сапалы қайралуын бақылау.

      564. Білуге тиіс:

      шелдеу машинасында аң терісін, қаракөл елтірісі түрлерінің және теңіз жануарының терілерін шелдеу жолдары;

      мамық жүнді аң терісінің, қаракөл елтерісі түрлерінің және теңіз жануары терілерінің ассортименті;

      шелдеу үшін тері дайындауға қойылатын талаптар;

      шелдеу машинасының құрылысы.

136-параграф. Шикізатты ресімдеуші, 2-разряд

      565. Жұмыс сипаттамасы:

      былғары, үлбір және тондық қой терісі шикізатын тері илейтін дискілі пышақпен немесе белгіленген орындардағы шалғымен және кесу сызықтары бойынша кесу - ресімдеу;

      шелденгеннен кейін тері контуры бойынша шашақтарды, қаракөлді - дұрыс симметриялы пішін бере отырып, контур бойынша кесу;

      терілерді (кесу) сөгу;

      мүйіздерді, тұяқтарды, навалды, ет және май кесіктерін жою.

      566. Білуге тиіс:

      өңделетін шикізатты жағалатып қоюдың ұтымды әдістері мен жолдары;

      былғары, үлбір және тондық қой терісі шикізатының ассортименті мен топографиясы;

      шикізат пен терілерді кесу сызықтары;

      дискілік пышақтың құрылысы;

      пышақ пен шалғыны ауыстыру және қайрау тәртіптері.

137-параграф. Шикізатты, жартылай фабрикаттарды, химиялық материалдар мен өндіріс қалдықтарын шикі, илеу-бояу және формалин цехтарында жеткізуші, 3 разряд

      567. Жұмыс сипаттамасы:

      тері өндірісінің шикі, илеу-бояу және формалин цехтарында қол арбалармен, арбалармен және вагонеткалармен тері шикізатын, жартылай фабрикаттарды, химиялық материалдар мен өндіріс қалдықтарын тасымалдаумен байланысты қосалқы жұмыстарды орындау.

      568. Білуге тиіс:

      шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, илеу және химиялық материалдардың түрлері, олардың қасиеттері және тасымалдау тәртіптері.

138-параграф. Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептіруші, 1-разряд

      569. Жұмыс сипаттамасы:

      механикалық кептіру құрылғыларында қылшықты, қылды, олардың қалдықтарын, ширатылуды, жуылған жүнді, дайын аяқкиімді, былғары галантереялық, қайыс-ер, техникалық және қыл-щетка бұйымдарын, бұйымдар бөлшектерін, жартылай фабрикаттар мен мех бас киімдерін кептіру процесін жүргізу;

      кептіру камераларына тиеу және одан түсіру.

      570. Білуге тиіс:

      механикалық кептіру құрылғыларында шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептіру тәртіптері;

      кептіруден соң жартылай фабрикаттар мен бұйымдардың әзірлігін анықтау әдістері.

139-параграф. Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептіруші, 2-разряд

      571. Жұмыс сипаттамасы:

      камералық кептіргіштерде қылшықты, қылды, олардың қалдықтарын, ширатылуды, жуылған жүнді, дайын аяқкиімді, былғары галантереялық, қайыс-ер, техникалық және қыл-щетка бұйымдарын, бұйымдар бөлшектерін, жартылай фабрикаттар мен мех бас киімдерін кептіру процесін жүргізу;

      технологиялық талаптарға сәйкес бақылау және өлшеу құралдарының көрсетуі бойынша бу мен ауаны жіберуді, температура мен ауаның салыстырмалы ылғалдығын реттеу;

      моторлардың, вентиляторлардың, калориферлердің, бу құбырының жұмысын және жартылай фабрикаттар мен бұйымдардың механикалық берілуін бақылау.

      572. Білуге тиіс:

      камералық кептіргіштерде шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептірудің технологиялық режимі;

      қылшықтың, қылдың, жүннің, былғары материалдарының, дайын бұйымдардың қасиеттері;

      камералық кептіргіштердің құрылысын және олардың жұмысын реттеу тәртіптері;

      қолданылатын бақылау және өлшеу құралдарының мақсаты және оларды пайдалану тәртіптері.

140-параграф. Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептіруші, 3-разряд

      573. Жұмыс сипаттамасы:

      радиациялық кептіргіштерде қылшықты, қылды, олардың қалдықтарын, ширатылуды, жуылған жүнді, дайын аяқкиімді, былғары галантереялық, қайыс-ер, техникалық және қыл-щетка бұйымдарын, бұйымдар бөлшектері мен мех бас киімдерін, былғары және үлбір терілерін кептіру процесін жүргізу;

      кептіруден соң былғары және үлбір терілерін, қылшықты, қылды, жүнді және жартылай фабрикаттарды тіркемелерге жинап қою.

      574. Білуге тиіс:

      шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептіру тәсілдері;

      радиациялық кептіргіштердің, коммуникациялардың, қолданылатын бақылау және өлшеу құралдарының құрылысы;

      былғарының, үлбір терілерінің, қылшықтың, қылдың, жүннің қасиеттері;

      кептірудің технологиялық режимі және радиациялық кептіргіштердің жұмысын реттеу тәртіптері.

141-параграф. Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептіруші, 5-разряд

      575. Жұмыс сипаттамасы:

      былғарыны кептіруші ағындық жартылай автоматтық қондырғыда кептіру процесін жүргізу;

      сығу жабдығының, ажыратқыш машинаның, кептіру қондырғысының, пневматикалық қайшылардың, бақылау және өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының жұмысын бақылау;

      дистанциялық жүйенің көмегімен кептіру рамаларының қозғалыс жылдамдығын, кептіргіштегі ауаны, теріні кептіру уақытын, кептіру бөліктері бойынша температуралық және ылғалдылық режимін реттеу;

      рамаларға желімді беруді, желімді сүзуді, кептіру рамаларын жууды күйге келтіру;

      қызмет ету жабдығын жөндеу және оның жұмысындағы бұзылуларды жою;

      өңделген тері санын есепке алу.

      576. Білуге тиіс:

      кептіру жартылай автоматты қондырғының жабдығын, басқару тетігінің, қолданылатын бақылау және өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының құрылысы, әрекет ету принципі, оларды күйге келтіру, жөндеу және реттеу тәртіптері;

      тері тінінің түрлері мен құрылымы;

      жартылай фабрикаттарды сығу, ажырату, кептіру, кесу процестерінің технологиялық схемасы;

      желімнің шығыс нормалары және оның сапасы;

      тері ылғалдығын анықтау әдістері;

      қолданылатын жабдықтың бұзылуларының пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері.

7-тарау. Қайыс ер-тұрман өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

1-параграф. Бөлшектерді бекітуші, 1-разряд

      577. Жұмыс сипаттамасы:

      металл фурнитура, былғары және өзге де бөлшектерді тойтарма шегемен, хольнитендермен, кнопкалармен, планкамен, басұштармен машинада немесе қолмен бекіту, жіптің ұштарын ілмектерін түю арқылы бекіту.

      578. Білуге тиіс:

      металл фурнитураны, былғары және өзге бөлшектерді бекіту, жіптердің ұштарын түю және ілмек байлау жерлері мен тәртіптері;

      бөлшектерді бекітуге қойылатын талаптар;

      фурнитураға қойылатын техникалық талаптар, олардың түрлері мен мақсаты;

      бөлшектерді бекітуге арналған құралдарды пайдалану тәртіптері.

2-параграф. Бөлшектерді бекітуші, 2-разряд

      579. Жұмыс сипаттамасы:

      таспалы және доғалы қаптаманы ер тоқымның қабына, қанжығасын қос аттық қамытқа, далалық офицер сөмкесінің фурнитурасын, бөлшектерін ер тоқым қаңқасына тойтарма шегемен бекіту;

      тұтқаларды, металл рамаларды, бұрыштары мен өзге де бөлшектерін жүкке, бөлшектерді ер тоқым қаңқасына, бұрыштары мен фурнитурасын чемоданға тойтарма шегемен бекіту;

      бекіту жерлеріндегі, ат жегу әбзелдеріндегі, ер тоқымдағы машинамен тігілген тігістерді жіппен, иленбеген құлақбаумен бұйымның бастарын бірнеше бұрамға бұрап машинамен немесе қолмен тігу.

      580. Білуге тиіс:

      бекітудің технологиялық операцияларын орындауға, тігу сапасына қойылатын талаптар;

      машинамен тігілген тігістерді бекіту тәртіптері;

      біз, ине, жіптердің нөмірлері;

      қолданылатын жабдықтың мақсаты.

3-параграф. Бөлшектерді бекітуші, 3-разряд

      581. Жұмыс сипаттамасы:

      қанжығаны арба қамытының қысқышына қанжығадағы гайканы машинамен немесе қолмен бұрай отырып, бекіту;

      каркастарды жүк чемодандарына қою және оларды тойтарма шегемен бекіту;

      қанжыға болттарын қамыт қаптың бүйір бөлігіндегі және қысқыштағы саңылау арқылы өткізу;

      гайканы бұрау, қамытты қысқышқа шегемен, чемодан мен бөлшектердің бұрыштарын, жоғары өрмелеушілердің белдіктерінің бөлшектерін тойтарма шегемен бекіту.

      582. Білуге тиіс:

      шегені қағу тәртіптері мен орны;

      шегелердің сапасы және олардың мемлекеттік стандартқа сәйкестігі;

      қолданылатын жабдықтың құрылысы және оны пайдалану тәртіптері.

4-параграф. Бөлшектерді бекітуші, 4-разряд

      583. Жұмыс сипаттамасы:

      қамыт төсемені қысқышқа машинамен немесе қолмен сала отырып, қамыт төсемесін қысқышқа шегемен бекіту;

      ердің қастарын қаптал қатарларына, ұяшыққа үш бұрышты планка орната отырып, бекіту.

      584. Білуге тиіс:

      қаптал өлшемдері, қаптал ерінің қасы мен үш бұрышты планканы орнататын жерлері, олардың орналасуының симметриялылығы, белгілеу орындары;

      қолданылатын жабдықты реттеу тәртіптері.

5-параграф. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын дайындаушы, 1-разряд

      585. Жұмыс сипаттамасы:

      белгілі бір ұзындықты, қалыңдықты, тығыз ширатпаны (қамыт пен қамыттың төсемесіне арналған сабан білік) қолмен жасау;

      ширатпаны капрон жіппен тарту.

      586. Білуге тиіс:

      ширатпа жасау тәсілдері, ширатпаның нысаны мен өлшемдері;

      қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар;

      қайыс ер-тұрман бұйымдардың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары.

6-параграф. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын дайындаушы, 2-разряд

      587. Жұмыс сипаттамасы:

      сабан айналғыш пен киіз төсемені қолмен дайындау;

      поливинилхлорид немесе жөке таспасымен тарту, айналғыштың жоғарғы жиектерін бекіту;

      айналғышты соққылау.

      588. Білуге тиіс:

      қайыс ер-тұрман бұйымдарды және бөлшектерді тарту және бекіту тәсілдері, айналғыштың нысаны мен өлшемдері;

      ортасында және шеттерінен тартудың диаметрін сақтай отырып қайыс ер-тұрман бұйымдардың арту тығыздығы.

7-параграф. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы, 1-разряд

      589. Жұмыс сипаттамасы:

      қайыс ілмектерді, далалық сөмкелерді құрастыру, қайыс құрақты алдыңғы теңнің кобурасына және ат қоржынға кигізу, терлік қақпағының розеткасын құрақпен орау, жүгенді, тоқымның подперсьесін құрастыру, жұптап таңдау;

      қамыттың тамақ бауын кептіру алдында оны рамаға керу және бекіту;

      құраққа розетка өткізу арқылы қайыс құрақты ер тоқым терлігі арқылы өткізу;

      құрақты қамыттың қаптамасының алдыңғы жиегіндегі саңылаудан өткізу;

      қондырылған белдіктер мен күрделі құлақбауларды тік сызықты қалып беру үшін ұзын бойы бойынша түзету;

      баулар мен құлақбауларды бума етіп байлау.

      590. Білуге тиіс:

      қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастыру тәсілдері;

      қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырудың технологиялық операцияларын орындау тәртіптері;

      қайыс ер-тұрман бұйымдардың құрамына кіретін бөлшектердің жиынтығы, бұйымдардың өлшемдері.

8-параграф. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы, 2-разряд

      591. Жұмыс сипаттамасы:

      жегін және ауыл шаруашылық тоқымды құрастыру, дайын қайыс ер-тұрман бұйымдардың бауларын, күнделікті далалық офицерлік жабдықтарды өру және горттың, айылдың көмегімен оларды дайын өнім етіп біріктіру, белдіктерді техникалық шарттарға сәйкес тігу;

      қажетті қалып бере отырып, ызбаны тоқымның қапталына тарту;

      бұрғылау станогында тірек үшін қысқыштан саңылау бұрғылау;

      шпеньді қысқышқа салу, бауларды бұрау және ұштарын шегемен бекіту;

      қамыттың тамақ бауы мен белдіктерді арнайы құрылғымен тегіс орналасуын және бұрандалардың тығыз жымдасуын қамтамасыз ете отырып, қамыттың тамақ бауы мен белдіктерді бұрау арқылы бұйралау;

      қысқыш мүйіздерінің саңылауларын төсемемен бекіту;

      қайыс бауды қысқышта тесу;

      қамыттың тамақ бауын қамыттың қысқышына бекіту;

      қысқыштың төменгі мүйіздерін орау және тамақ баудың бос ұшын тарту;

      былғары клапанды қамыттың (жағалық) төсемесіне тігу;

      киіз күнқағарды бекіту;

      қайыстан қамшы, қамыттың қанжығасын өру;

      қапсырмалар мен ердің қасының басын қолмен өру;

      сабан айналманы, қайыс бауды, сөмкенің ботанын былғарыны алдын ала дымқылдатып, былғарымен қаптау;

      қатпарларды, бүрмелерді тегістеу, қапталатын материалдарды қалыптағы бөлшектерге жіппен, арқанмен байлау.

      592. Білуге тиіс:

      қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастыру тәсілдері;

      бөлшектерді бекіту орындары;

      қамыттың, саңылаулар мен бұрғылардың өлшемдері, саңылауларды бітеу, тартып қаптау тәртіптері;

      дәнекер бауын бұрау тәртіптері;

      былғарыны жұмсартудың технологиялық режимі;

      құрастырудың технологиялық операцияларын орындауға және қайыс ер-тұрман бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;

      қолданылатын жабдықты пайдалану тәртіптері.

9-параграф. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы, 3-разряд

      593. Жұмыс сипаттамасы:

      ердің қасының көмегімен жегін және артиллериялық қамыттар мен тоқымдарды, қаптал етегін құрастыру;

      қапталдың қасын құрсаулау, құрсаулаудың шығып тұрған жиектерін және тойтарма шегелерді қолмен немесе тегістеу дөңгелегімен тазалау;

      бірнеше қайыс бауды бір бұйым етіп бір баудың ұшын екінші баудың тілінген басы арқылы өткізе отырып және оны қажетті қалыпқа салып түйіп байлап, өру;

      қамытты қаптамамен тартып қаптау, қатпарлары мен бұдырларын ағаш құралмен тегістеп жазу;

      қысқыштағы қаптаманың ұштарын шегемен тесу, бұйымдардың талап етілетін қалыбын, қаптамасының тығыз жабысуын және берік жабысуын қамтамасыз ету;

      тегіс тартпаның тығыздығын қамтамасыз ете отырып, қапталды қайыс құрақпен құрылғыда талшықтау, сүргі мен тебінгіні қапталдың етегіне қайыс баумен, тігісін тығыздап тарта отырып байлау;

      фигуралық қалаумен орналастыра отырып, бау арқылы қанатшаларын тесу, тамақ бауды машинамен өру.

      594. Білуге тиіс:

      қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастыру және қайыс бауларды өру тәсілдері;

      қайыс баудың беріктігіне, бұйымның сапасы мен сыртқы түріне қойылатын талаптар, бұйымдардың техникалық талаптары, былғарының қасиеттері;

      талшықтау және жабдықты пайдалану тәртіптері.

10-параграф. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы, 4-разряд

      595. Жұмыс сипаттамасы:

      бірнеше қайыс бауды бұйым етіп бір баудың ұштарын екінші баудың қос тілігі арқылы өткізе отырып, оған жегу және ер тоқым бұйымдарында өрме түйіннің қалыбын бере отырып, түйін етіп түйіп өру арқылы құрастыру;

      қапталды құрастыру және оны тор (лекала) бойына - қапталдың сөресі мен ердің қасын таяқтарға келтіру (түзету), қаптал қастарын бекіту орындарын шаблон бойынша белгілеу;

      қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастыру сапасын бақылау;

      қамыт төсемесін, ердің тоқымын алдын ала ылғалдандыра отырып былғарымен, жасанды былғарымен, киізбен қаптау;

      қатпарларды, бүрмелерді тегістеу.

      596. Білуге тиіс:

      қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастыру тәсілдері;

      қамыт төсемесін, ердің тоқымын қаптау тәртіптері;

      қайыс ер-тұрман бұйымдарға кіретін бөлшектерді құрастыру.

11-параграф. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы, 5-разряд

      597. Жұмыс сипаттамасы:

      ер тұрманды құрастыру;

      ер тоқымның қапталы мен ер тоқымның отырғышын алдын ала ылғалдандыра отырып, былғарымен қаптау;

      қатпарлар мен бүктемелерді түзету (тегістеу), былғары қаптамалардың жиектерін қалыптау және бітеу.

      598. Білуге тиіс:

      қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастыру тәсілдері;

      қапталды, ер тоқым мен тоқымның отырғышын қаптау тәртіптері;

      қайыс ер-тұрман бұйымдардың техникалық шарттары;

      қайыс ер-тұрман бұйымдардың түрлері;

      қапталатын бөлшектердің қалыптары мен өлшемдері;

      қолданылатын қосалқы материалдардың түрлері.

8-тарау. Қыл-щетка өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

1-параграф. Жүнді бояушы, 3-разряд

      599. Жұмыс сипаттамасы:

      жүнді және оны алмастырғыштарды әртүрлі бояғыштармен чанда, астауда, бактарда бояу;

      бояудың технологиялық режимін бақылау;

      бояу ерітіндісін дайындау;

      жартылай дайын өнімдерді салу және түсіру.

      600. Білуге тиіс:

      жүнді және алмастырғыштарды бояу процесінің технологиялық режимі;

      бояу ерітінділерін дайындау рецептурасы;

      бояудың қасиеттері.

2-параграф. Қалдықтарды бөлуші, 2-разряд

      601. Жұмыс сипаттамасы:

      механикалық қоспаларын алып тастау үшін қыл шикізатын, қыл мен жүннің қалдықтарын бөлу;

      қыл мен жүннің қалдықтарын біртекті қоспа болғанға дейін бөлу және өзге де машиналарда немесе қолмен араластыру.

      602. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысы және оларды реттеу тәртіптері;

      қалдықтарды бөлу сапасына қойылатын талаптар;

      қыл мен жүннің қалдықтарын араластыру кезінде компоненттерінің арасалмағы.

3-параграф. Қыл мен жүн бумасын буып-түюші, 3-разряд

      603. Жұмыс сипаттамасы:

      қылды, жүнді және синтетикалық талшықты белгіленген өлшемді бумаларға буып-түю;

      бума жасау үшін қажетті талшықты мөлшерлеу;

      қылды картон сақиналарға нығыздау;

      іріктелген қылды тарау, шпагатпен байлау;

      қызмет көрсететін машинада кесу;

      талшықты бекіту қағазымен орау.

      604. Білуге тиіс:

      қыл мен жүннің бумаларын буып-түю және орау тәсілдері;

      қыл мен жүнге қойылатын талаптар;

      қызмет көрсететін машинаның құрылысы мен пайдалану тәртіптері.

4-параграф. Қыл мен жүн бумасын буып-түюші, 4-разряд

      605. Жұмыс сипаттамасы:

      дайын қыл мен жүнді экспорттау үшін мемлекеттік стандартқа сәйкес түрлері, өлшемдері (ұзындығы) және түсі бойынша жеке-жеке буып-түю;

      бума жасау үшін қажетті талшықты мөлшерлеу;

      қылды картон сақиналарға нығыздау;

      іріктелген қылды тарау;

      шпагатпен байлау;

      қызмет көрсететін машинамен қырқу.

      606. Білуге тиіс:

      қыл мен жүн бумаларын буып-түю және орау тәсілдері;

      қыл мен жүнге қойылатын талаптар;

      дайын қыл мен жүннің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары;

      машинаның құрылысы мен пайдалану тәртіптері.

5-параграф. Қыл мен жүнді жуушы, 3-разряд

      607. Жұмыс сипаттамасы:

      қыл мен жүнді ыстық суда жуғыш ерітінділердің көмегімен арнайы машинада, чанда, астаулар мен аппаратта технологияға сәйкес жуу;

      температуралық режимді бақылау;

      қалдық майлылықтың нормаланған пайызын қамтамасыз ете отырып, жуу сапасын тексеру;

      қыл мен шашты бейтараптандыру үшін қышқыл ерітіндісі бар ыдысқа салу, кейіннен таза суда жуу.

      608. Білуге тиіс:

      қыл мен жүнді жуу және бейтараптандырудың технологиялық режимдері;

      қыл мен жүннің қасиеттері;

      жуу сапасының кейінгі технологиялық операцияларға тигізетін әсері;

      аппараттардың құрылысы және олардың жұмысын реттеу.

6-параграф. Қыл мен жүнді пісіруші, 3-разряд

      609. Жұмыс сипаттамасы:

      қыл мен жүнді қызмет көрсететін қазан мен аппаратта пісірудің технологиялық процесін жүргізу;

      бума етіп байланған қыл мен жүнді, сондай-ақ бұралған жүнді суы бар қазанға салу;

      пісіру барысында майсыздандыру үшін белгілі бір концентрациялы ерітіндіні дайындау және қазанға құю;

      қыл мен жүнді түсіру және вагонетка мен арбаға салу.

      610. Білуге тиіс:

      қыл мен жүнді пісірудің технологиялық режимі;

      қыл мен жүннің дайындығын анықтау тәсілдері;

      жартылай дайын өнімдердің қасиеттері;

      қолданылатын жабдықтар мен коммуникацияның құрылысы.

7-параграф. Қыл мен жүнді термоөңдеуші, 4-разряд

      611. Жұмыс сипаттамасы:

      қыл мен жүннің әртүрлі түрлерін термоөңдеу;

      қыл мен жүннің бумасын қаңылтыр табаға салу және термиялық пешке кіргізу;

      бумаларды араластыру, термиялық өңдеудің технологиялық режимін реттеу;

      қыл мен жүнді термиялық пештен шығару.

      612. Білуге тиіс:

      өңделетін талшықтарға және қылға қойылатын талаптар;

      қыл мен жүннің әртүрлі түрлерін термоөңдеудің технологиялық режимдері;

      термикалық пештердің құрылысы және оларды реттеу тәртіптері.

8-параграф. Қыл таспаларды тарқату жөніндегі машинист, 2-разряд

      613. Жұмыс сипаттамасы:

      кептірілген және түзуленген қылды машинада тарқату;

      кептірілген және түзуленген қыл оралған өзекті машинадан алу;

      жуылған қыл оралған өзекті машинаға орнату;

      шпагатты шөлмекке байлау, тарқатылған қылды тасымалдауыштан алу және жәшікке салу;

      машинаның жұмысын бақылау;

      машинаны реттеу.

      614. Білуге тиіс:

      қылды өңдеу сапасына қойылатын талаптар;

      қызмет көрсететін машинаның құрылысы мен реттеу тәртіптері.

9-параграф. Қыл-щетка бұйымдарын жасаушы, 1-разряд

      615. Жұмыс сипаттамасы:

      мектеп желім жаққыштарына арналған жаққыштың басын жасау;

      жаққыш бумаларын жасау үшін өлшемдері бойынша қыл, жүн, жасанды және өсімдік талшықтарын дайындау;

      бауды жоғарғы қақпақтың щеткаларына қалыптарға қолмен бекіту;

      қыл-щетка бұйымдардың ағаш бөліктеріне біркелкі етіп желім жағу және жабыстыру;

      бұйымдағы саңылауларды желімдеу;

      сымды тоттан тегістеу терісімен тазалау;

      сымды немесе шпагат жіпті орамаға машинамен немесе қолмен орау.

      616. Білуге тиіс:

      мектеп және желім жаққыштарына арналған қыл, жүн және талшықты дайындау тәсілдері;

      мектеп және желім жаққыштарына, желім сапасына қойылатын талаптар;

      қыл-щетка бұйымдарын дайындау технологиясы;

      дайын қыл-щетка бұйымдарына қойылатын техникалық шарттар.

10-параграф. Қыл-щетка бұйымдарын жасаушы, 2-разряд

      617. Жұмыс сипаттамасы:

      қатты түктен (борсықтың қылы мен түгінен) және тиін жүнінен № 1-7 сурет салатын жаққыштарды жасау;

      дөңгелек, тегіс және дөңес жаққыштарға арналған жаққыш бумаларын жасау үшін талшықтарды дайындау;

      қылды немесе синтетикалық талшықты төсеу, қыл мен жүннің қалдығы қоспасынан ширату машинасында жіп есу;

      механикалық тәсілмен немесе қолмен әртүрлі жаққыштардың құрсауындағы тұтқаны, ерштің сабын, тегістеу тұтқасының тығынын, әртүрлі щеткалардың жапсырмасын бекіту;

      қарапайым құрылымды тұрмыстық мақсаттағы щетканы қолмен (бума диаметрі 2,5 миллиметрден астам)қондыру.

      618. Білуге тиіс:

      сурет салатын жаққышты жасау үшін қыл мен талшықты дайындау тәсілдері;

      әртүрлі жаққыштарға арналған қыл мен жүннің қасиеттері, мақсаты мен өлшемдері;

      шикізатты жұмсау нормалары;

      жаққыш пен щетка сапасына қойылатын талаптар;

      қолданылатын жабдықтың мақсаты.

11-параграф. Қыл-щетка бұйымдарын жасаушы, 3-разряд

      619. Жұмыс сипаттамасы:

      № 8-16 сурет салатын жаққыштардың бастарын қатты талшықтардан және тиін жүнінен, № 1-6 жұмсақ жүннен (тиін жүнінен өзге) жасау;

      сақал алу, сырлау, сақина, филен жаққыштарға және тұтқаларға арналған жаққыш буманы таңдау және жасау;

      қарапайым құрылымды өндірістік мақсаттағы әртүрлі щеткаларды (тұтас планка, сегментті және диаметрі 40 миллиметрден астам сақиналар типті) және бума диаметрі 2,5 миллиметрді қоса алғандағы тұрмыстық щеткаларды қолмен орнату;

      жаққыштардың тығындарына тұтқаларды орнату, № 14-30 жаққыштың металл тығындарын құрылғының көмегімен басу;

      сақал алуға арналған алған, ватерлік жаққыштардың сырлау білікшелерін өру;

      ерш жасау;

      сымның дайындамасын станок пен ілгектің басына тірелгенге дейін орнату;

      қылды немесе синтетикалық жүнді төсеу, ершты ширату.

      620. Білуге тиіс:

      жаққыштарды, ерштерді және сырлау білікшелерін жасауға қойылатын талаптар;

      бума жасау үшін жұмсалатын қыл мен жүнді, талшықты жұмсау нормалары;

      қолданылатын жабдықты реттеу тәртіптері.

12-параграф. Қыл-щетка бұйымдарын жасаушы, 4-разряд

      621. Жұмыс сипаттамасы:

      № 18-24 сурет салатын жаққыштардың бастарын қатты талшықтардан және тиін жүнінен, № 7-16 жаққыштарды жұмсақ жүннен (тиін жүнінен өзге) жасау;

      флейц жаққыштарын жасау үшін талшық дайындау;

      әртүрлі талшықтардан жасалған әртүрлі щеткалар мен жаққыштарды және сымдарды өндірістік мақсаттағы щетка бұйымдарының қалыбына бума орнату және бұрғылау-бума орнату станоктарында орналастыру;

      қолданылатын жабдықты реттеу, ударниктерді ауыстыру.

      622. Білуге тиіс:

      қыл-щетка бұйымдарын жасау тәсілдері;

      жаққыштар мен щетка бұйымдарын жасауға қойылатын талаптар;

      қолданылатын жабдықты реттеу тәртіптері.

13-параграф. Қыл-щетка бұйымдарын жасаушы, 5-разряд

      623. Жұмыс сипаттамасы:

      № 14-24 сурет салатын жаққыштардың бастарын жұмсақ жүннен (тиін жүнінен өзге), сурет салатын флейц жаққыштарын (фарфор-фаянс өндірісіне арналған) қолмен немесе автоматта жасау;

      жаққыштардың аталған түрлеріне жаққыш бума жасау үшін талшық дайындау;

      күрделі құрылымды, өндірістік мақсаттағы щетка бұйымдарының (буманың жұмыс бөлігінің диаметрі 50 миллиметрден астам, ұзындығы 500 миллиметрден астам щеткалардың барлық түрлерінің) қалыптарына бума орнату станогында бумаларды орнату;

      күрделі құрылымы бар (щетка роликтері, диаметрі 2,0 миллиметрге дейін қоса алғанда бұталардың барлық түріндегі щеткалар) өндірістік мақсаттағы әртүрлі щетка бұйымдарын (бұталарды қалыпқа бекіту) қолмен отырғызу;

      қолданылатын жабдықты баптау.

      624. Білуге тиіс:

      қыл-щетка бұйымдарын жасау тәсілдері;

      жаққыштар мен щетка бұйымдарын жасауға қойылатын талаптар;

      қолданылатын жабдықты баптау тәртіптері.

14-параграф. Тарау және араластыру машинасының машинисі, 3-разряд

      625. Жұмыс сипаттамасы:

      құрғақ қылшықтарды шаштың барлық түріндегі жалауша мен түбір бөліктеріне, қылшықтар мен шаштарға тарау, тарату, тегістеу және итеру процесін жүргізу;

      шикізатты конвейерге немесе машинаның жүктеу воронкасына біркелкі қабаттармен төсеу, параллель орналасуын қадағалау, конвейерден шығару, омыртқаға итере отырып бумаларға байлау;

      кейіннен талшықтарды өзектерге орай отырып, дымқыл қылшықты, шашты және алмастырғыштарды тарақтау, бағдарлау процесін жүргізу;

      дымқыл қылшықтары бар өзектерді алу және поддонға орнату;

      қызмет көрсетілетін машинаның резервуарындағы суды ауыстыру;

      машинаның жұмысын бақылау, оның механизмдерін реттеу.

      626. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін машинаның мақсаты мен құрылысы;

      қызмет көрсетілетін механизмдерді қосу реттілігі және оларды реттеу тәртіптері;

      шикізатты өңдеудің технологиялық режимі;

      өңделетін шикізатқа қойылатын талаптар;

      жүргізілетін технологиялық операцияларды орындау тәсілдері.

15-параграф. Тарау және араластыру машинасының машинисі, 4-разряд

      627. Жұмыс сипаттамасы:

      түктердің, қылшықтардың және олардың қалдықтарының барлық түрлерін түсінде, жалауша бөлігінің тығыздығында және қаттылығында жұқа шашты алып, қылшық-щетка бұйымдарын жасау үшін түбірлік бөлігін өңдегенде біртекті қоспаны алғанға дейін араластыру процесін жүргізу;

      шаштар мен қылшықтарды қызмет көрсетілетін машинаның конвейеріне дайындау мен тарату және араластыру;

      аралас шашты, қылшықтарды конвейерден алу және шашты қораптарға салу, қылшықтарды бумаларға тоқу, ұрып-соғу, жалауша мен тамыр бөліктерінің шығыңқы қылшықтарынан тазарту;

      араластыру процесінің барысын бақылау;

      кептірілген және түзетілген қылшықтарды тарату, тарау, құрғақ қылшықтардың талшықтарын тарату, қылшықтарды қылшық-таяқшаға дейін созу, "ABE-TDA" типтес автоматты тураланған сызық бойынша қыл-шыбықты омыртқаға итеру, тоқу және әрлеу қылшыққаптамалары.

      628. Білуге тиіс:

      қызмет көрсететін машинаның құрылысы, мақсаты, жабдықтың жұмысын реттеу тәртіптері, оның механизмдерінің қосу реттелігі;

      өндірілетін жартылай фабрикатқа қойылатын талаптар;

      жүнді, қылды және олардың қалдықтарын араластыру процесінің технологиялық режимі.

16-параграф. Тарау және араластыру машинасының машинисі, 5-разряд

      629. Жұмыс сипаттамасы:

      сурет салатын жаққыш жасау үшін біртекті қоспа алғанға дейін қылды, аң терісінің жүні мен ешкі қылшығын араластыру процесін жүргізу;

      қызмет көрсететін жабдықты реттеу.

      630. Білуге тиіс:

      қызмет көрсететін жабдықты баптау тәртіптері;

      дайындалатын жартылай дайын өнімге қойылатын талаптар;

      араластыру технологиялық режимдері.

17-параграф. Щетка бұйымдарын бояушы, 3-разряд

      631. Жұмыс сипаттамасы:

      щетка бұйымдарының қалыптарын желім ерітіндісімен бояу;

      желім дайындау, бұйымды кейіннен кептіру камераларына немесе тасымалдауышқа енгізе отырып, жаққыш бумасының кесілген жеріне желім немесе шайыр құю;

      технологияға сәйкес кептіру процесін жүргізу.

      632. Білуге тиіс:

      қыл-щетка бұйымдарын бояу тәсілдері;

      желім дайындаудың және мөлшерлеудің технологиялық режимі;

      щетка бұйымдарын кептірудің технологиялық режимі;

      кептіру камераларының құрылысы, олардың жұмысын реттеу тәртіптері;

      қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты және пайдалану тәртіптері.

9-тарау. Тері илеу-экстрактілі өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

1-параграф. Бейтараптандырушы-аппаратшы, 3-разряд

      633. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары бейтараптандырушы-аппаратшының басшылығымен малтаны ащы сілтімен синтездеу әдістемесіне сәйкес конденсаттау өнімін бейтараптандырудың технологиялық процесін жүргізу;

      шикізатты, материалдарды дайындау және аппаратқа салу;

      температуралық режимді, қысымды, қоспаның ұсталуын, химиялық заттардың дозасын, олардың аппаратқа берілу жылдамдығын сақтау;

      бейтараптандырылатын қоспаны араластыру және жылыту;

      бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесті реттеу;

      ортаның реакциясын бақылау;

      бейтараптандырудан кейін қышқылдығын тексеру үшін сынамаларды іріктеу, қажетті реагенттерді есеп бойынша қосу;

      реакцияның аяқталу сәтін белгілеу;

      қолданылатын жабдыққа қызмет көрсету;

      технологиялық процесс барысы туралы өндірістік журналға жазу.

      634. Білуге тиіс:

      конденсация өнімін бейтараптандырудың технологиялық процесі;

      шикізаттың, материалдардың, дайын өнімдердің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері;

      сынамаларды талдауға іріктеу тәртіптері;

      негізгі және қосымша жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының және автоматика құралдарының құрылысы, жұмыс істеу принципі мен пайдалану тәртіптері;

      жабдық жұмысының ықтимал ақаулығының себептері және оларды жою тәсілдері.

2-параграф. Бейтараптандырушы-аппаратшы, 4-разряд

      635. Жұмыс сипаттамасы:

      конденсацияланған сульфомассаны бейтараптандырудың технологиялық процесін жүргізу;

      бейтараптандырушы ерітіндіні дайындау;

      қызмет көрсетілетін аппараттарға: аммиак, мочевина, уротропин, күкірт қышқылы компоненттерін жүйелі тиеу;

      бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесті реттеу.

      636. Білуге тиіс:

      сульфомассаны бейтараптандырудың технологиялық процесі;

      аппараттарға салынатын компоненттер мен алынатын дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттері;

      негізгі және көмекші жабдықтарды пайдалану тәртіптері.

3-параграф. Бейтараптандырушы-аппаратшы, 5-разряд

      637. Жұмыс сипаттамасы:

      нафталенсульфон қышқылының, диопидифенилсульфон шайырының дисперсиялық өнімін бейтараптандырудың технологиялық процесін жүргізу;

      синтандардың белгілі бір маркаларын алу кезінде дисперсия мен конденсацияның технологиялық процесін жүргізу;

      жүктелген компоненттердің мөлшерін есептеу: кальцийленген сода, мочевина, уротропин және өзгелері, олардан бейтараптандыратын ерітінділерді дайындау, оларды реакциялық аппаратқа дәйекті жүктеу;

      бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесті реттеу;

      орта реакциясын бақылау;

      бейтараптандырудан кейін қышқылдығын талдау үшін сынамаларды іріктеу;

      реакцияның аяқталу сәтін анықтау;

      технологиялық процестің барысы туралы өндірістік журналға жазу.

      638. Білуге тиіс:

      өнімді бейтараптандырудың технологиялық процесі;

      бейтараптандырушы ерітінділерді дайындау тәсілдері;

      салынатын компоненттердің мөлшерін есептеу әдістері;

      сынамаларды іріктеу тәртіптері;

      негізгі және қосымша жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының және автоматика құралдарының, арматура мен коммуникациялардың құрылысы, жұмыс істеу принципі мен пайдалану тәртіптері;

      жабдық жұмысының ықтимал ақаулығының себептері және оларды жою тәсілдері.

4-параграф. Буландыру аппаратын тазалаушы, 4-разряд

      639. Жұмыс сипаттамасы:

      булау аппараттарын, формалиннен, сульфитті-спиртті бардадан, нафталиннен, фенолдан, реакторлар мен бейтараптандырғыштардан, дайын өнімге арналған жинақтағыштардан, синтетикалық илегіштер өндірісінде түйіршіктелген түрде илегіштер алуға арналған агрегаттардан механикалық және химиялық тәсілдермен тазарту;

      бассейндерді, шырын жинағыштарды, шөгінділерді, шкаф ішіндегі кәрізді, көкөністерді илеу сығындыларын өндіруде жуу жабдықтарын тазарту;

      газдардың ластануы үшін аппараттардың, реакторлардың, бассейндердің және өзге контейнерлердің ішкі ортасын, қақтан тазартудың толықтығын, қайнап жатқан құбырлар мен олардың домалайтын түйіспелерінің тұтастығын тазалаудан кейін буландырғыштарды гидравликалық сынау кезінде бақылау;

      пневматикалық цилиндр қондырғыларын, гидравликалық және пневматикалық турбиналарды шлангпен пайдалану;

      буландырғыштар мен цистерналарды тазалауға арналған ағаш пен тақталардың құрылғысы.

      640. Білуге тиіс:

      буландыру аппараттарының, жылу алмастырғыштардың, аппараттарды тазалауға арналған құрылғылардың құрылысы;

      бассейндерді, сөл жинақтағыштарды, тұндырғыштарды, кәрізді тазалау ерекшелігі мен тәртіптері;

      ағаш пен тақталарды орнату тәсілдері;

      противогазды, қышқыл және сілті ерітінділерін пайдалану тәртіптері.

5-параграф. Бұдырлау машинасының машинисі, 4-разряд

      641. Жұмыс сипаттамасы:

      өсімдік малма-экстракті шикізатын (емен шөркелерін, қабықтарын, тамыр материалдарын, қалдықтар мен қатты экстрактілерді) шабу, тамыр кескіш және ұсақтау машиналарында ұнтақтау (ұсақтау);

      диаметрі 20 сантиметрден асатын стандартты емес шикізатты механикалық колунда шабу;

      шикізатты үздіксіз және біркелкі жеткізу және оны кабель конвейері жұмыс лотогының, шабу және ұсақтау машинасының тасымалдауышының арту патронының науасына салу;

      шикізатты сұрыптау;

      шикізатты қолданыстағы стандарттарда қойылатын талаптарға сәйкес ұсақтау сапасын бақылау;

      қолданылатын жабдыққа қызмет көрсету;

      қызмет көрсететін машина жұмысын бақылау;

      ұсақталған экстрактіні өлшеу және тараға салу;

      есеп жүргізу;

      қызмет көрсетілетін жабдықты баптау, пышақтарды, жел тартқыштарды, бил реттеу мен ауыстыру;

      жабдықты жөндеуге қатысу.

      642. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтың құрылысы мен пайдалану тәртіптері;

      өсімдік малма-экстракті шикізатының түрлері;

      кесу теориясының негіздері;

      ұсақталған шикізатқа, қалдықтарға, қатты экстрактіге қойылатын талаптар;

      қызмет көрсететін жабдықты баптау және реттеу тәртіптері.

6-параграф. Кептіру құрылғысының аппаратшысы, 4-разряд

      643. Жұмыс сипаттамасы:

      кептіріп-тозаңдандыру құрылғыларында кептіру әдісімен ұнтақ тәрізді өсімдік және синтетикалық малманы алу процесін жүргізу;

      сұйық экстракті мен синтанның тозаңдандырғыш құрылғыға түсуін, бақылау-өлшеу аспабының көрсеткіштері бойынша кептіру мен қысымның температуралық режимін реттеу;

      сұйық малманы жұмсау нормасын сақтау;

      құрғақ ұнтақ тәрізді экстрактінің діріл елегіне берілуін бақылау;

      тараны құрғақ экстрактіні салу үшін дайындау, тараға салу және қоймаға тапсыру;

      құрғақ экстрактінің шығуының есебін технологиялық журналға жазу;

      жабдықты үнемі тазалау және жуу, оны жөндеуге қатысу.

      644. Білуге тиіс:

      кептірудің технологиялық процесі;

      сұйық және құрғақ малма өндірісінің технологиясы;

      өсімдік және синтетикалық малманың физикалық-химиялық қасиеттері;

      сұйық және құрғақ малманың сапасына қойылатын талаптар;

      сұйық малманы, буды, электр энергиясын жұмсау нормасы;

      тараға салу және орау тәртіптері;

      тозаңдандыру құрылғысының құрылысы және жұмыс істеу принципі;

      бақылау-өлшеу аспаптарын, діріл елегі мен сорғыны пайдалану тәртіптері;

      қызмет көрсететін жабдықты тазалау және жуу тәртіптері;

      жылу техникасының негіздері.

7-параграф. Конденсаторшы-аппаратшы, 5-разряд

      645. Жұмыс сипаттамасы:

      коллоидтық қасиеттері және белгілі бір молекулалық массасы бар танин алу үшін химиялық қосылыстарды конденсациялаудың технологиялық процесін жүргізу;

      омегасульфирлеу;

      мөлшерлі компоненттерді есептеу, оларды салуға дайындау, конденсаторға компоненттерді біртіндеп салу;

      бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесті реттеу;

      есептеулерге сәйкес қажетті реактивтерді қосып, сынама алу, қоршаған ортаның реакциясын бақылау;

      реакцияның аяқталуын анықтау, қоспаны бейтараптандыру, дисперсия, қышқылдандыру;

      технологиялық процестің барысы туралы өндірістік журналға жазу;

      қолданылатын жабдыққа техникалық қызмет көрсету және ұсақ жөндеу.

      646. Білуге тиіс:

      химиялық қоспаларды конденсаттаудың технологиялық процесі;

      қолданылатын реагенттердің және реакция өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттері;

      салынатын компоненттердің санын есептеу әдістері;

      шикізат пен жартылай дайын өнімдерге қойылатын талаптар;

      ортаның реакциясын бақылау және реакцияның аяқталуын анықтау әдістері;

      сынамаларды іріктеу тәртіптері;

      талдау жасау әдістері, қоспаны бейтараптандыру, диспергілеу, тотықтандыру технологиясы;

      конденсаттау сапасына қойылатын талаптар;

      қызмет көрсетілетін жабдықтың, арматура мен коммуникациялардың құрылысы, жұмыс істеу принципі, оларды пайдалану тәртіптері;

      қызмет көрсетілетін жабдықтың ықтимал ақауларының себептері және оларды жою тәсілдері;

      бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және пайдалану тәртіптері.

8-параграф. Қатты өнім алуға арналған буландыру аппаратының аппаратшысы, 4-разряд

      647. Жұмыс сипаттамасы:

      әртүрлі жүйедегі булау аппараттарында өсімдік және синтетикалық илегіштердің қатты өнімін алудың технологиялық процесін жүргізу;

      буландырудың технологиялық процесін, сепаратордағы немесе вакуумдық камерадағы сұйық өнімнің деңгейін, қыздыру буының қысымы мен сепаратордағы қысымды немесе вакуумды, өнімді салқындатудың технологиялық режимін, аппараттың жұмыс режимінің температурасын, су өлшегіш ыдыстардағы конденсаттың деңгейін, газды соруды бақылау;

      поршенді сорғының көмегімен сұйық өнім беруді, буландырғыш колоннаның қыздыру буының қысымын, бос клапанды қолданатын конденсат деңгейін, газ саңылауын пайдаланып конденсатты емес газдарды шығаруды реттеу;

      дайын өнімнің ылғалдылығын көру және жанасу арқылы, сондай-ақ сығынды ағынының бетінде пайда болған пленка түсі бойынша анықтау;

      қатты өнімді тараға салу үшін қаптарды нығайту;

      малта өлшеуді және тараны таңбалауды бақылау;

      қолданылатын жабдыққа қызмет көрсету;

      технологиялық процестің барысы туралы өндірістік журналға жазу;

      жабдықты ұзақ уақыт бойы тоқтатуға, жөндеуге және тазалауға дайындау.

      648. Білуге тиіс:

      буландыру аппараттарда қатты экстракті алудың технологиялық процесі;

      процесті реттеу тәртіптері;

      негізгі және қосалқы жабдықтардың, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс істеу принципі мен пайдалану тәртіптері;

      қысыммен жұмыс істейтін буландыру аппараттары мен құбырларды пайдалану тәртіптері;

      буландыру аппараттары жұмысының ықтимал ақауларының себептері және олардың алдын алу және жою тәсілдері;

      буландыру аппараттарын ұзақ уақыт бойы тоқтатуға және тазалауға дайындау тәртіптері;

      дайын қатты өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

9-параграф. Нафталин мен фенолды балқытушы, 4-разряд

      649. Жұмыс сипаттамасы:

      қатты химиялық шикізатты нафталинді, кристалды фенолды балқытудың технологиялық процесін жүргізу;

      синтетикалық малма өндірісіне арналған диоксидифенилсульфон суспензиясын дайындау;

      химиялық шикізатты балқытқыштарға салуға дайындау, кристалдық фенол бар бөшкелерді ашу, кристалдық фенол мен нафталинді құю нормаларын сақтай отырып, балқытқыштарға салу;

      реакторларға балқытылған кристалды фенолды, фенолды фракцияны, балқытылған нафталинді, диоксидифенилсульфон суспензиясын айдау;

      құбырлар арқылы балқытылған химиялық материалдарды өткізгеннен кейін оларды қатты бумен үрлеу;

      балқыту құрылғыларының технологиялық жұмыс режимін белгіленген өлшемдерге және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес реттеу;

      аппаратқа жіберілген және балқытылған химикаттардың санын есепке алу;

      монжус химикаттарын, сорғыларды, компрессорлық қондырғыны айдау жүйесіне қызмет көрсету;

      жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдауға қатысу;

      химикаттарды айдау жөніндегі құбырларды, бекіту арматурасын, сорғыларды алдын ала тексеру;

      өндірістік процестің барысы туралы өндірістік журналға жазу.

      650. Білуге тиіс:

      қатты химиялық шикізатты балқытудың технологиялық процесі;

      балқыту процесін реттеу тәртіптері;

      пайдаланылатын шикізаттың, жартылай өнімдердің негізгі физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері;

      шикізатты балқытқыштарға салу нормалары;

      қызмет көрсетілетін жабдықтар мен аспаптардың құрылысы және жұмыс істеу принципі;

      химиялық шикізатты тасымалдауға арналған механикаландыру және сигнализация құралдарын қолдану тәртіптері;

      қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге дайындау тәсілдері және оны жөндеуден қабылдау тәртіптері.

10-параграф. Нафталин мен фенолды балқытушы, 5-разряд

      651. Жұмыс сипаттамасы:

      фенолы, формалині, сульфитцеллюлоза бардасы бар цистерналарды қатты бумен қыздыра отырып балқытудың технологиялық процесін жүргізу;

      темір жол цистерналарынан фенолдарды, күкірт қышқылын, олеумды, формалинді, балық майын, сульфитцеллюлоза бардасын химиялық шикізат қоймасының цистерналарына ортадан тепкіш сорғылармен айдау;

      балқыту құрылғылар жұмысының технологиялық режимін белгіленген өлшемдерге және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес реттеу;

      қызмет көрсетілетін жабдықтың жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарын орындау.

      652. Білуге тиіс:

      химиялық шикізатты балқытудың технологиялық процесі;

      балқыту процесін реттеу тәртіптері;

      пайдаланылатын шикізаттың, жартылай өнімдердің негізгі физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері;

      электротехника, жылу техникасы, жөндеу жұмыстарын орындауды ұйымдастырудың негіздері.

11-параграф. Сульфирлеуші-аппаратшы, 5-разряд

      653. Жұмыс сипаттамасы:

      синтетикалық малта өндірісінде сульфирлеудің технологиялық процесін жүргізу;

      реакторды (сульфураторды) балқытылатын химиялық материалдарды қабылдауға дайындау, сульфомассаны араластыру, температураны реттеу;

      сынамаларды іріктеу және талдау жүргізу, талдау нәтижелері мен өнімнің сыртқы түрі бойынша реакцияның аяқталу сәтін анықтау;

      сульфомассаны сульфуратордан конденсаторға ауа қысымымен итеру;

      шикізат пен қышқылды есептеу;

      қолданылатын жабдыққа қызмет көрсету, оның ақаулықтарын жою, жабдықты жөндеуге және жөндеуден қабылдауға дайындау;

      технологиялық процестің барысы туралы өндірістік журналға жазу.

      654. Білуге тиіс:

      сульфирлеудің технологиялық процесі;

      қолданылатын шикізаттың, қосалқы материалдардың, дайын өнімдердің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері;

      шикізат пен дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар;

      салынатын шикізаттың, қышқылдың мөлшерін есептеу әдістер;

      сынамаларды іріктеу тәртіптері;

      талдау жүргізу әдістері;

      қызмет көрсетілетін жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, жұмыс істеу принципі, пайдалану тәртіптері;

      жабдық жұмысының ықтимал ақаулығының себептері және оларды жою тәсілдері;

      жабдықты жөндеуге дайындау тәсілдері және оны жөндеуден қабылдау тәртіптері.

12-параграф. Сульфиттеуші-аппаратшы, 4-разряд

      655. Жұмыс сипаттамасы:

      сульфиттеудің технологиялық процесін жүргізу;

      аммоний бисульфитін цистернадан резервуарларға, резервуарлардан диффузионды станцияның аралық багына сақтау үшін айдау;

      аммоний бисульфитін аралық бактан өсімдік малта өндірісіндегі белгіленген нормалар бойынша дозатор арқылы диффузорларға жіберу;

      технологиялық процесті аммоний бисульфиті мен қысылған ауаны айдау жөніндегі құбырдың бұрандалары, монтежю бұрандалары, сондай-ақ қысылған ауаны жіберу клапаны, атмосферамен араластыру клапанын және монтежю қалтқысы арқылы реттеу;

      аммоний бисульфитінің аралық бактан дозатор (монтежю) арқылы диффузорға түсуін реттеу;

      монтежюде орналасқан шәкілі бар су өлшеуіш шынысы бойынша диффузорға берілетін бисульфит мөлшерін айқындау;

      қысыммен жұмыс істейтін цистерналарға, резервуарларға, аралық бакқа, монтежюге, құбырлар мен коммуникацияларға қызмет көрсету;

      ағызу коммуникациясын, бекіту арматурасын, сорғыларды жөндеу.

      656. Білуге тиіс:

      сульфиттеудің технологиялық процесі;

      химиялық шикізаттың қосымша материалдар мен дайын физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері;

      экстрактілеу процесінің мәні;

      қолданылатын химиялық материалдарды жұмсау нормалары;

      қысыммен жұмыс істейтін реакторлардың, ыдыстардың, құбырлардың, коммуникациялардың, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы және жұмыс істеу принципі.

13-параграф. Сұйық өнім алуға арналған буландыру аппаратының аппаратшысы, 5-разряд

      657. Жұмыс сипаттамасы:

      атмосфералық қысымнан жоғары қысыммен немесе вакуум астында жұмыс істейтін көп корпусты буландыру аппараттарында қыздырып, сұйық ерітіндіні ішінара бу күйіне аудару арқылы концентраттау мақсатында диффузиялық сөлді көп рет буландыру технологиялық процесін жүргізу;

      буландыру процесін бақылау-өлшеу аспаптары мен құрылғыларының көрсеткіштері бойынша бақылау, экстрактіні корпустың бу кеңістігіне аударуды, конденсаттың түсі пен барометриялық суды бақылау;

      бу, сөл және су коммуникацияларында ауа шүмектері мен бұрандалары арқылы буландыру процесін жүргізу;

      қолданыстағы әдістемелер мен стандарттарға сәйкес диффузиондық сөл мен сұйық экстрактінің тығыздығы үшін үнемі сынамаларды іріктеу;

      технологиялық процесс барысы туралы өндірістік журналға жазу;

      қолданылатын жабдыққа қызмет көрсету, оны жөндеуге және жөндеуден қабылдауға дайындау;

      жөндеу жұмыстарын орындауға қатысу.

      658. Білуге тиіс:

      булау аппараттарында сұйық өнімді алудың технологиялық процесі;

      қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық схемасы;

      буландыру процесінің технологиясы, оны реттеу тәртіптері мен тәсілдері;

      диффузиялық шырын мен сұйық сығындыға талдау жүргізу үшін сынамаларды іріктеу тәртіптері мен әдістері;

      негізгі және қосалқы жабдықтың құрылысы, жұмыс істеу принципі;

      қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және оларды пайдалану тәртіптері;

      дайын сұйық өнімдердің сапасына қойылатын талаптар;

      қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды пайдалану тәртіптері;

      дыбыс және жарық сигнализациясын басқару тәртіптері.

14-параграф. Сығу жабдығының машинисі, 3-разряд

      659. Жұмыс сипаттамасы:

      малтаның артық ылғалын әртүрлі құрылымды нығыздауыштарда және сығу агрегаттарында сығу процесін жүргізу;

      нығыздалған малтаның ылғалдылығын айқындау;

      қысымды, малтаның тығыздауышқа берілу жылдамдығын және малтаның ылғалдылығына байланысты оны сығу уақытын реттеу;

      нығыздауыштар мен қоректендіргіштерді баптау жұмыстарын орындау;

      ұсақ ақаулықтарды жою.

      660. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, жұмыс істеу принципі, баптау және реттеу тәртіптері;

      қызмет көрсетілетін престі, агрегатты және тасымалдау механизмдерін іске қосуға, тоқтатуға арналған сигнал беру тәртіптері;

      нығыздалған малманың ылғалдылығының шекті нормалары.

15-параграф. Таннидтерді экстрагирлеу аппаратшысы, 3-разряд

      661. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары таннидтерді экстрагирлеу аппаратшысының басшылығымен диффузорға ұсақталған малма материалын салудың технологиялық процесін жүргізу;

      диффузордың жоғарғы люктерін қолмен немесе пневмоцилиндрдің көмегімен ашу, жабу;

      транспортерді қолдана отырып диффузорға шикізатты салу;

      қашықтықтан басқару механизмінің көмегімен шикізаттың берілуін реттеу, салынатын шикізатты тығыздау;

      диффузорлардың сүзгі торларының тұтастығын, оларда одубинаның болмауын бақылау;

      жоңқа сапасын (ұсақтау дәрежесі) бақылау;

      ылғалдылық пен таннидтілікке талдау жасау үшін әр диффузордан ұсақталған илеу-сығынды шикізатының бір реттік сынамаларын алу;

      диффузорда жинақталып қалатын ауаны ауа краны арқылы тұрақты түрде бұру;

      қолданылатын жабдыққа қызмет көрсету.

      662. Білуге тиіс:

      таннидтерді экстрагирлеудің технологиялық процесі;

      қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу принципі, кезектілігі;

      диффузорларға шикізатты салу тәртіптері мен нормалары;

      диффузор люктерін ашу және жабу, тасымалдаушы құрылғыларды іске қосу және тоқтату тәртіптері;

      жарық және дыбыс сигнализациясы, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды пайдалану тәртіптері.

16-параграф. Таннидтерді экстрагирлеу аппаратшысы, 4-разряд

      663. Жұмыс сипаттамасы:

      диффузор түбіндегі люктерді және бітеу құрылғыларын ашып-жабу арқылы диффузордан малманы алудың технологиялық процесін жүргізу;

      экстрактілік бөлімшеден алу туралы сигналды қабылдау;

      диффузордан малманы алу алдында тексеру, оның сынама шүмегін (бұрандасын) ашу арқылы оның ішінен жуындының толық шығуын тексеру;

      бағыттаушы қалқанды диффузорға жылжыту;

      түбін ашу және гидравликалық құбырлардағы тиісті шүмектерді ашып-жабу арқылы ашатын механизмді басқару жылдамдығын біркелкі реттеу;

      талдау үшін әрбір алынған диффузордан малманың сынамасын алу;

      диффузорлардың түбін ашу және жабу, одубинаны тасымалдау механизмдерін және өзге де құрылғыларды басқару;

      қысыммен жұмыс істейтін аппараттарды, ыдыстарды, құбырларды пайдалану;

      қызмет көрсетілетін жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарын орындау.

      664. Білуге тиіс:

      диффузордан малманы алу тәртіптері;

      қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу принципі;

      қысыммен жұмыс істейтін аппараттар, ыдыстар мен құбырларды пайдалану тәртіптері;

      ажыратқыш пен диффузионды бөлімшелермен байланысты қамтамасыз ететін жарық және дыбыс дабылдамасын басқару тәртіптері.

17-параграф. Таннидтерді экстрагирлеу аппаратшысы, 5-разряд

      665. Жұмыс сипаттамасы:

      өсімдік малма-экстракті шикізатынан (қабықтан, ағаштан, тамырдан) жасалған таннидтерді тұрақты әрекет ететін диффузорлары бар диффузионды батареяда экстрагирлеудің үздіксіз көп сатылы процесін жүргізу;

      ұсақталған илеу материалының сапасын, жоңқаларды салу тығыздығын, әр диффузордан алынатын диффузиялық шырындар санының белгіленген мөлшерге сәйкестігін, термометр бойынша бас және артқы диффузорлардың температурасын, артқы диффузордағы одубина тұнбасы бойынша жүктеудің толықтығын бақылау;

      су, шырын, ауа, жуу және айдау коммуникациялары вентильдерінің көмегімен таннидтерді экстрагирлеу процесін реттеу;

      химиялық заттарды (аммоний бисульфитін, беткі-белсенді заттарды) мөлшерлеу, оларды диффузионды батареяға құбырлар арқылы жіберу;

      экстрагирлеу процесінің аяқталуын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және химиялық талдаулар нәтижесі бойынша айқындау;

      технологиялық процестің сигнализациясын басқару;

      өндірістік журналды жүргізу;

      қолданылатын жабдыққа қызмет көрсету.

      666. Білуге тиіс:

      таннидтерді экстрагирлеудің технологиялық процесі;

      малма-экстракті шикізатын, химикаттарды, диффузионды сөлдің физикалық-химиялық қасиеттері;

      диффузиялық шырынның сапасына қойылатын талаптар;

      таннидтерді экстрагирлеудің технологиялық процесін реттеу тәртіптері;

      соңғы диффузорды жағып-сөндіру уақытын есептеу;

      шикізатты, материалдарды жұмсау және өнімнің (шырының) шығу нормалары;

      компоненттерді мөлшерлеуді есептеу, экстрагирлеу процесін бақылау әдістері;

      сынамаларды іріктеу тәртіптері;

      қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы, жұмыс істеу принципі және пайдалану тәртіптері.

18-параграф. Таннидтерді экстрагирлеу аппаратшысы, 6-разряд

      667. Жұмыс сипаттамасы:

      өсімдік малма-экстракті шикізатынан жасалған таннидтерді диффузионды станцияның құрамына енетін, тұрақты әрекет ететін диффузорлары бар диффузионды батареяда экстрагирлеудің үздіксіз көп сатылы процесін жүргізу;

      диффузионды станцияның жұмысын бақылау.

      668. Білуге тиіс:

      таннидтерді экстрагирлеудің технологиялық процесі;

      екі және одан көп диффузионды батареядан тұратын диффузионды станцияда таннидтерді экстрагирлеудің процесін реттеу тәртіптері.

19-параграф. Технологиялық процесті бақылаушы, 4-разряд

      669. Жұмыс сипаттамасы:

      өсімдік және синтетикалық малма өндірісінің технологиялық процесінің дұрыс жүргізілуін бақылау;

      операцияны жүргізудің технологиялық көрсеткіштерінің өңделетін малманың түріне байланысты әдістемемен, нұсқаулықтармен және өзге нормативтік-техникалық құжаттамамен көзделген нормативтерге сәйкестігін тексеру;

      температуралық режимнің, қысым мен технологиялық процестің өзге де өлшемдердің сақталуын тексеру;

      өсімдік және синтетикалық малма өндірісінде өсімдік және химиялық шикізатына, жартылай өнімдерге, дайын өнімге талдау жүргізу үшін сынамаларды іріктеу;

      техникалық-химиялық есеп жасау.

      670. Білуге тиіс:

      шикізаттың, химиялық заттар мен дайын өнімдердің мемлекеттік стандарттары, оларға қойылатын талаптар;

      өсімдік және синтетикалық малма өндірісінде жұмыстарды орындау әдістемесі, технологиялық режимі мен тәртіптері;

      қолданылатын шикізаттың, материалдар мен химиялық заттардың, аралық өнімдер мен дайын өнімнің түрлері мен қасиеттері;

      өсімдік және синтетикалық малма өндірісінде шикізаттарға, жартылай өнімдер мен дайын өнімдерге талдау жүргізу әдістері;

      диффузорларды арту тығыздығын өлшеу тәсілдері;

      химикаттарды мөлшерлеуді есептеу әдістемесі, аппараттағы температуралық режимді, қысымды бақылау әдістемесі;

      шикізаттардың, химикаттардың, аралық өнімдер мен дайын өнімдердің сынамасын алу әдістері;

      қызмет көрсетілетін өндірістік жабдықтардың, аппаратураның, бақылау-өлшеу аспаптары мен лабораториялық жабдықтардың құрылысы, жұмыс істеу принципі.

20-параграф. Химиялық шикізатты аппаратқа артушы, 3-разряд

      671. Жұмыс сипаттамасы:

      химиялық шикізатты қызмет көрсетілетін аппаратқа салу, аппаратты химикаттарды артуға дайындау;

      химиялық шикізатты есептеу мен өлшеу жүргізу;

      химиялық шикізаты бар ыдыстарды ашу және химикаттарды құбыр арқылы аппараттар мен өлшеуіштерге жіберу;

      құбырлар арқылы химикаттарды өткізгеннен кейін оларды қатты бумен үрлеу;

      синтетикалық малманы аппараттан түсіру;

      цистерналарды дайындау және орталықтан тепкіш сорғының көмегімен сұйық синтетикалық малманы айдау;

      тұтас және оралған синтанды, химиялық заттарды есепке алу;

      аппараттарға, тасымалдауыш жүйелерге, тасымалдау құралдарына қызмет көрсету.

      672. Білуге тиіс:

      химиялық шикізатты қызмет көрсететін аппаратқа артудың, дайын өнімді алудың технологиялық процесі;

      қолданылатын химиялық шикізаттың негізгі физикалық-химиялық қасиеттері, арту және түсіру нормалары мен тәртіптері;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы және жұмыс істеу принципі.

21-параграф. Шикізатты қабылдаушы, 4-разряд

      673. Жұмыс сипаттамасы:

      тасымалдау ұйымдарынан өсімдік малма-экстракті шикізатын қабылдау және оны өндіріске тапсыру;

      шикізаттың сапасын сырттай тексеру арқылы бағалау және олардың малма материалдары өндірісіне жарамдылығын айқындау;

      штабельдер мен бунттарды өлшеу, салу тығыздығын, сапасын тексеру, талдау нәтижелері бойынша шикізаттың салмағын, қоймалық және тығыз кубометрлердегі шикізаттың көлемін айқындау;

      алынған көрсеткіштерді ілеспе құжаттардағы мәліметтермен салыстыру;

      қабылдап-тапсыру актісін жасау;

      шабу бөлімшесін шикізатпен қамтамасыз ету;

      қабылданған және босатылған шикізаттың есебін жүргізу, әрбір ауысымнан кейін шабу бөлімшесінде қалған шикізат қалдықтарын алу;

      бақылау талдаулары үшін сынамаларды іріктеуге қатысу.

      674. Білуге тиіс:

      өсімдік малма-экстракті шикізатының мемлекеттік стандарттары;

      тасымалдау ұйымдарынан шикізатты қабылдау тәртіптері;

      шикізаттың салмағын, қоймалық және тығыз кубометрлердегі шикізаттың көлемін айқындау әдістері;

      пайдаланатын шикізаттың сапасына қойылатын талаптар және оның ылғалдылығын айқындау әдістері;

      қабылдап-тапсыру актісін жасау тәртібі;

      шикізатты алғашқы есепке алуды жүргізу.

10-тарау. Үлбір өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

1-параграф. Ажырату машинасының машинисі, 4-разряд

      675. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір және тонға арналған қой терісінің былғары талшығын және теңіз аңы терісін тілмей, кеспей машинада ажырату (жабу);

      машина мен жартылай дайын өнімнің операцияны орындауға даярлығын тексеру;

      теріні машинаға әперу және салу және оны өңдеу әдістемесінің технологиялық талаптарына сәйкес түзету;

      машинаның жұмысын, ажырату (жабу) сапасын бақылау.

      676. Білуге тиіс:

      ажыратушы машинаның жұмыс механизмдерінің құрылысы мен өзара әрекеттесуі және оны пайдалану тәртіптері;

      ажыратушы машинаны реттеу тәртіптері;

      тері терілерінің түрлері, тері тіндері мен түк жамылғысының қасиеттері, құрылымы, терілердің топографиясы мен пішіні;

      теріні ажырату (жабу) алдында оның сапасына және өңдеу сапасына қойылатын талаптар.

2-параграф. Жуу машинасының машинисі, 2-разряд

      677. Жұмыс сипаттамасы:

      шикізат пен жартылай дайын өнімдерді аппаратта жуу;

      бағалы аң-мал шикізатын аппаратқа салу және одан алу;

      шикізатты жуу және сығу үшін машинаға әперу.

      678. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін аппараттардың мақсаты және жұмыс істеу принципі;

      тері-жүн шикізатының түрлері.

3-параграф. Жуу машинасының машинисі, 4-разряд

      679. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терінің жүн қабатын доғал пышақты шелдеу машинасында және аппараттарда үйілме, репье, кір мен консервілеуші заттарды алып тастау мақсатында жуу;

      технологияға сәйкес жуу ерітінділерін дайындау;

      тасымалдаушы, қысқыш және пышақ біліктері арасындағы саңылауды өңделетін терінің түрлері мен қалыңдығына, сондай-ақ жүн қабатының биіктігі мен оның былғары талшығымен байланысының беріктігіне байланысты реттеу.

      680. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін аппараттардың, жабдықтар мен шелдеу машинасының құрылысы және пайдалану тәртіптері;

      бағалы аң-мал терісі шикізатының түрлері, олардың мақсаты, былғары талшығы мен жүн қабатының қасиеттері мен құрылысы;

      үлбір терілерді жуу және сығу сапасына қойылатын ерекшеліктер мен талаптар.

4-параграф. Илеуші-жинаушы, 4-разряд

      681. Жұмыс сипаттамасы:

      жүн қабатының ұзындығы, түсі, реңі, қалыңдығы мен суреті, былғары талшығының сипатына қарай біртектес ұсақ және орташа терілерден (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен өзге), тонға арналған қой терісінен талаптар мен үлбірді жұмсау нормаларына сәйкес жағаларды жинақтап-реттеу;

      тері құрақтардан жүн қабатының және былғары талшығының түсі, реңкі, қалыңдығы, сипатына қарай лекала мен схемалар бойынша сұрыптау, жинақтап-реттеу, пішімдегі терінің орнын білдіретін белгі салу.

      682. Білуге тиіс:

      үлбір бұйымдарының, ұсақ және орташа терілердің (терісі мен қаракөл елтірісі түрлерінен басқа) және тондық қой терісінің ассортименті;

      терілердің жүн қабатының сипаты мен топографиясы;

      тонға арналған қой терісінен жасалған бұйымдарды, ұсақ және орташа терілерді және тері құрақтарын жинақтап-реттеуге қойылатын техникалық талаптар;

      теріні жұмсау нормалары;

      тері пішімінің сапасына қойылатын талаптар.

5-параграф. Илеуші-жинаушы, 5-разряд

      683. Жұмыс сипаттамасы:

      түсі, реңі, жүн қабатының ұзындығы, қалыңдығы мен суреті, былғары талшығының сипатына, қатар санына қарай біртектес ұсақ және орташа терілерден (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен өзге), үлбір және тонға арналған қой терісінен, құйрық, аяқ, тиін терісі бөліктерінен (жон арқасынан өзге) техникалық талаптар мен үлбірді жұмсау нормаларына сәйкес бұйымдарды, үлбір, жолақтарды жинақтап-реттеу;

      үлбірде, жолақтар мен бұйымдарда терінің схемаларға сәйкес орналасуы;

      пішімдегі терінің орнын білдіретін белгі салу.

      684. Білуге тиіс:

      үлбір және тонға арналған қой терісінің әртүрлі терілерін, құйрығы, аяғы, тиін терісінің бөліктерінен (жон арқасынан өзге) жасалған үлбір бұйымдардың ассортименті;

      бұйымдардың жиын-ретіне, үлбір мен жолақтарға қойылатын техникалық талаптар;

      терілерді тиімді орналастыру әдістері.

6-параграф. Илеуші-жинаушы, 6-разряд

      685. Жұмыс сипаттамасы:

      түсі, реңі, жүн қабатының ұзындығы мен қалыңдығы мен суреті, былғары талшығының сипатына, қатар санына қарай біртектес бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен, теңіз аңы терілерінен техникалық талаптар мен үлбірді жұмсау нормаларына сәйкес бұйымдарды, үлбір, пластиналарды жинақтап-реттеу;

      үлбірде, жолақтар мен бұйымдарда терінің схемаларға сәйкес орналасуы;

      терілерді лекала мен схемалардың қалыбы бойынша кесу, пішімдегі терінің орнын білдіретін белгі салу.

      686. Білуге тиіс:

      аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен, теңіз аңы терілерінен жасалған үлбір бұйымдардың ассортименті;

      бұйымдардың жиын-ретіне, аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен, теңіз аңы терілерінен жасалған үлбір мен жолақтарға қойылатын техникалық талаптар;

      пайдалы ауданын барынша көп пайдаланған кезде терілерді тиімді орналастыру әдістері.

7-параграф. Илеуші-пішуші, 2-разряд

      687. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілердің шап терісі бөліктері мен жиектерін алып тастау;

      құйрық, бас, құлақ шеміршектерін кесу және тазалау.

      688. Білуге тиіс:

      теріні пішу тәртіптері;

      үлбір түрлері, әртүрлі үлбірлердің терісінің топографиясы;

      шаблон бойынша пішу, үлбір терілерді кесу және тазалау тәсілдері.

8-параграф. Илеуші-пішуші, 3-разряд

      689. Жұмыс сипаттамасы:

      шаблон бойынша пішу, кінәраттарын жою және шағын топты (бағалы аң терісінен өзге) терілердің жетіспейтін бөліктері бар терілерге арналған жапсырмалар мен қосымшаларды таңдау;

      жиналған терілердің саны мен сапасын тексеру;

      кінәраттарды жою, орташа, бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінің аяқ тұсын кесу;

      лекала, техникалық талаптарға, үлбір жартылай дайын өнімін пайдаланудың белгіленген нормаларына сәйкес үлбірді ойыншықтардың бөлшектеріне пішу.

      690. Білуге тиіс:

      әртүрлі үлбірді ойыншықтардың бөлшектеріне пішу әдістері;

      үлбір ойыншықтардың ассортименті;

      жүн қабаты мен былғары талшықтарының сипаты мен топографиясы;

      ұсақ терілердің кінәраттарын жою тәсілдері.

9-параграф. Илеуші-пішуші, 4-разряд

      691. Жұмыс сипаттамасы:

      жиналған терілердің саны мен сапасын тексеруден кейін, лекала, техникалық талаптарға, үлбір жартылай дайын өнімін пайдаланудың белгіленген нормаларына сәйкес ұсақ және орташа терілерді (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен өзге) бұйымдардың етегіне, тонға арналған қой терісін - жағаға, үлбір құрағын - бұйымдар мен жиектерге, тиіннің терісін - жекелеген бөліктерге: арқаға, басына, жамбасына, шабына, бүйіріне пішу;

      жетіспейтін бөлшектері бар терілерге арналған жапсырмалар мен қосымшаларды таңдау және орташа терілерде және теңіз аңы терісіндегі кінәраттарды жою, тонға арналған қой терісінің шап терісін, қырқылған жерлерін жапсырмалармен өңдеу;

      көлемін барынша толық пайдалану үшін теріні ені мен ұзындығына түзету;

      құрақтардан жасалған үлбір бұйымдарын және үлбір мен қой терісінен жасалған бұйымдардың етегін, ұсақ және орташа терілерді (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен өзге) қолмен өңдеу, бұйымдардың борттарын, етегін, астарын, ойындысын қырқу және тізіп орау;

      жүн қабатының және былғары талшығының жағынан бұйымдарды қарау;

      илеу жұмыстарының сапасын тексеру, қию, қосу және қолмен тіреу арқылы кінәраттарды анықтау және жою;

      қырқу, қию, тарау және жүн қабатына қажетті пішін беру;

      былғары мата жағынан тігістерді тегістеу.

      692. Білуге тиіс:

      ұсақ және орташа терілерді пішу әдістері және кінәраттарды жою тәсілдері;

      үлбір бұйымдарының ассортименті;

      дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар;

      үлбірді жұмсау және пайдалану нормасы;

      жүн қабаты мен былғары талшықтарының сипаты мен топографиясы;

      тері мен қосымшаларды былғары талшығының биіктігі, реңі, түсі, суреті және қалыңдығы бойынша қосу;

      үлбір бұйымдардың борттарын, етегін, астарын, ойындысын қырқу-тізіп орау тәсілдері;

      үлбір пішімдеріне қойылатын техникалық талаптар.

10-параграф. Илеуші-пішуші, 5-разряд

      693. Жұмыс сипаттамасы:

      жиналған терілердің саны мен сапасын тексеруден кейін, ұсақ және орташа терілерді (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен өзге) бұйымдарға, үлбірге, пластиналарға, сондай-ақ үлбір мен пластинадан жасалған бұйымдарға пішу;

      схемаларға, лекалаға, техникалық талаптарға, үлбір жартылай дайын өнімін пайдаланудың белгіленген нормаларына сәйкес үлбір және тонға арналған қой терісін бұйымдарға пішу, тиін мен қаракөл терілерінің жетіспейтін бөліктері бар терілерге арналған жапсырмалар мен қосымшаларды таңдау, сондай-ақ құйрық пен аяқтан жасалатын бұйымдарды пішу;

      тіліктер, ендірмелер, тұғырлар және сынаны түсіру арқылы ақауларды анықтау және жою;

      ұсақ және орташа терілерден горжет, жамылғы киім, палантин және жартылай жамылғы киім жасау;

      басын өңдеу (көз қою, құлақ тігу, мұрын жасау) және ресімдеу;

      илеу-тігу өндірісінің барлық операцияларын орындау кезінде қалқанда түзету, теріні лекала контуры бойынша кесу және жұмыс үшін қажетті машиналарды, құрылғылар мен құралдарды пайдалана отырып, жүн қабатын тазалау;

      дайын пішімдердің сапасын тексеру, кінәраттарды анықтау мен жою;

      үлбір бұйымдарын және үлбір мен қой терісінен жасалған пішімдерін, ұсақ және орташа терілерді (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен өзге) өңдеу;

      шашты кесу, тарақтау, тарақтау және шашқа қажетті бағыт беру;

      былғары талшық жағынан тігістерді түзету.

      694. Білуге тиіс:

      ұсақ және орташа терілерді пішу әдістері;

      кінәраттарды жою және түзету тәсілдері;

      бұйымдардың белгіленген өлшемдері мен фасондарына сәйкес лекала бойынша қырқу-тізіп орау тәсілдері;

      пішім сапасы мен дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар;

      үлбірді жұмсау және пайдалану нормалары;

      пайдалы ауданын толық пайдаланған кезде тиімді жаю және пішу;

      қызмет көрсетілетін машиналардың, айлабұйымдар мен құралдардың құрылысы және жұмыс істеу принципі.

11-параграф. Илеуші-пішуші, 6-разряд

      695. Жұмыс сипаттамасы:

      жиналған терілердің саны мен сапасын тексеруден кейін бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерін бұйымдарға, үлбірге, пластиналарға, сондай-ақ үлбір мен пластинадан жасалған бұйымдарға пішу;

      аудару және жүн қабатының бір теріден екіншісіне баяу ауысуын қамтамасыз ететін өзге де әдістермен пішу және жазу, теріні бұйымдрда әртүрлі тәсілдермен орналастыру;

      қалыптау әдісі арқылы түзетуді пайдалана отырып, бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен жаға жасауға арналған теріні пішу;

      өндіріске шығару үшін үлбір бұйымдарының жаңа модельдері мен үлгілерін, сондай-ақ қаракөл-елтірі терілерінен және теңіз аңы терісінен горжет, жамылғы киім, палантин және жартылай жамылғы киім әзірлеу және жасау;

      үлбір бұйымдарының және бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі және теңіз аңы терілерінен жасалған пішімдерді өңдеу, қырқу-тізіп орау;

      қию, қосу және тіреу арқылы кінәраттарды анықтау және жою, жүн қабатына қажетті пішін беру мақсатымен тарау;

      былғары талшық жағынан тігістерді түзету.

      696. Білуге тиіс:

      күрделі пішу, босату, аудару және әдістері;

      шығарылатын үлбір өнімдерінің ассортименті;

      пішім сапасы мен дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар;

      кінәраттарды жою тәсілдері;

      үлбірді жұмсау және пайдалану нормалары, тиімді жаю;

      бөлшектерді ағында өңдеудің техникалық шарттары мен жүйелілігі;

      бұйымдардың белгіленген өлшемдері мен фасондарына сәйкес лекала бойынша қырқу-тізіп орау тәсілдері.

12-параграф. Илеуші-пішуші, 7-разряд

      697. Жұмыс сипаттамасы:

      тәжірибелік үлгілер мен үлгі-эталондарды дайындау үшін әртүрлі теріден, қаракөлден, қой терісінен, теріден, жасанды теріден жасалған үлбір жиектерін пішу;

      әртүрлі өлшемді топтардан жаймалардың әртүрлі түрлерін зерттеу;

      терінің жиектерінің түсі, жүнінің ұзындығы мен қалыңдығы бойынша таңдау, жиектерін өңдеу, түзету.

      698. Білуге тиіс:

      босату, аудару және өзге де күрделі пішу әдістері;

      шығарылатын үлбір өнімдерінің ассортименті;

      пішім сапасы мен дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар;

      кінәраттарды жою тәсілдері;

      үлбірді жұмсау және пайдалану нормалары, ұтымды орналасулар;

      бөлшектерді ағында өңдеудің техникалық шарттары мен жүйелілігі.

13-параграф. Қой терісін екіге жіктеу жартылай автомат желісінің машинисі, 3-разряд

      699. Жұмыс сипаттамасы:

      желімдеу ерітіндісін жағу процесін жүргізу және жасанды негізде былғары жасаған кезде жүн қабатын қой терісін екіге жіктеу жартылай автомат желісінде жағу процесін жүргізу;

      жүн қабатын жабыстыру сапасын бақылау;

      ақаулықтардың алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдау;

      екіге жіктеу аппаратын орнату және баптау жұмыстарына қатысу.

      700. Білуге тиіс:

      жартылай автомат желілердің механизмдерін пайдалану тәртіптері және өзара әрекеттесуі;

      желімдеу ерітіндісінің қасиеттері;

      былғары талшығының, қой терісінің жүн қабатының құрылысы мен қасиеттері;

      жүн қабатын жабыстыру сапасына қойылатын талаптар.

14-параграф. Қой терісін екіге жіктеу жартылай автомат желісінің машинисі, 4-разряд

      701. Жұмыс сипаттамасы:

      қой терісін екіге жіктеу жартылай автомат желісінде жасанды негізде үлбір жасаған кезде жүн қабатын екіге жіктеу (кесу);

      жартылай автомат желісі механизмдерінің жұмысын тексеру, желіні баптау және оны пайдалану кезінде ақаулықтарды жою жұмыстарына қатысу.

      702. Білуге тиіс:

      жартылай автомат желілердің құрылысы және оны пайдалану тәртіптері;

      былғары талшығының және қой терісінің жүн қабатының құрылысы мен қасиеттері.

15-параграф. Нығыздаушы, 2-разряд

      703. Жұмыс сипаттамасы:

      жүн мен тоқыма және өзге де материалдардың қалдықтарын баулар мен теңдерге қол немесе механикалық нығыздауыштармен нығыздау.

      704. Білуге тиіс:

      нығыздауыштың құрылысы мен пайдалану тәртіптері;

      үлбір тері мен жүнді баулар мен теңдерге нығыздауға қойылатын талаптар.

16-параграф. Су-химиялық өңдеу аппаратшысы, 4-разряд

      705. Жұмыс сипаттамасы:

      теріні күбіде, баркаста, барабанда технологияға сәйкес жібіту-ылғалдандыру;

      теріні, ерітіндіні, химикаттар мен материалды тасымалдау;

      жабдықтың сумен және химиялық өңдеу жүргізуге даярлығын және жарамдылығын тексеру;

      жұмыс ерітінділерін жасау, мөлшерлеу, аппараттарға құю, қыздыру, күшейту;

      температуралық режимді және терінің ерітіндіде қозғалу жылдамдығын реттеу;

      техникалық талаптарға сәйкес сумен және химиялық өңдеудің технологиялық режимін сақтау;

      жібіту процесінің аяқталу уақытын айқындау, ерітіндіні ағызу және теріні аппараттан алу.

      706. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және техникалық пайдалану, майлау және тазалау тәртіптері;

      аң-мал терісі шикізатының түрлері;

      сумен және химиялық өңдеу технологиясы;

      былғары талшығы мен терінің жүн қабатының қасиеттері мен құрылымы;

      аң-мал шикізатын консервілеу тәсілдері;

      теріні суландыру сапасына қойылатын талаптар;

      химикаттар мен жұмыс ерітіндісінің құрамы, концентрациясы;

      мамық-үлбір шикізатын тиеу және қызмет көрсетілетін аппараттарға жұмыс ерітіндісін құю нормалары;

      аң-мал шикізатын сумен және химиялық өңдеу циклінің ұзақтығы;

      температуралық режим және оны реттеу тәсілдері.

17-параграф. Тегістеу аппаратшысы, 3-разряд

      707. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір және тонға арналған қой терісінің ұсақ және орташа түрлерін (бағалы аң терісі және қаракөл-елтіріден өзге) тегістеу барабанында ылғалдандырылған ағаш үгінділердің көмегімен технология талаптарына сәйкес тегістеу-жазу және теріні кейіннен торлы барабанда қағу;

      икемді, жұмсақ былғары және шаң-тозаңнан, май қалдықтары мен бояудың бөлшектерінен тазартылған, таза, құрғақ және сусылдақ түк қабатын алу мақсатында теріні құрамды барабанда бірлесіп өңдеу-кептіру, ылғал үгінділермен тегістеу-жазу, жүктеме түсірмей қағу немесе тиісті аппараттарда гидротермиялық өңдеу;

      тері мен үгіндіні тасымалдау;

      жартылай дайын өнімдердің, барабандар мен аппараттардың операция орындау үшін даярлығын тексеру;

      барабандар мен тиісті аппараттарға салу және одан алу.

      708. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және техникалық пайдалану тәртіптері;

      үлбір жартылай дайын өнімдерінің ассортименті;

      теріні қарапайым және бірге өңдеу технологиялық режимі;

      ағаш үгінділердің сапасына қойылатын талаптар.

18-параграф. Тегістеу аппаратшысы, 4-разряд

      709. Жұмыс сипаттамасы:

      бағалы аң терісі және қаракөл-елтіріні, теңіз аңы терісін вакуум-барабанда, құрамды барабанда, тегістеу барабанында ылғалдандырылу дәрежесі әртүрлі ағаш үгінділердің көмегімен технологиялық процесс талаптарына сәйкес тегістеу-жазу және икемді, жұмсақ былғары және шаң-тозаңнан, май қалдықтары мен бояудың бөлшектерінен тазартылған, таза, құрғақ және сусылдақ түк қабатын алу мақсатында теріні кейіннен торлы барабанда қағу;

      вакуум-барабандардың, желдеткіш құрылғылардың, бу жіберу құрылғылары жұмысының ылғалдық-температуралық режимін реттеу;

      өңдеудің аяқталуын, терінің кесілуін, түкті қабатының ұйысуы мен оралуын, терінің шөгуін айқындау;

      тегістеу-жазу процесін жүргізу сапасын бақылау.

      710. Білуге тиіс:

      вакуум-барабанның, құрамды тегістеу және сілкілеу барабандарының құрылысы;

      механизмдер жұмысы мен ылғал-температуралық режимді реттеу;

      аң-мал терісі жартылай дайын өнімнің ассортименті мен қасиеттері;

      ағаш үгінділері мен бу-ауа қоспасын мөлшерлеу тәсілдері.

19-параграф. Тері илеу аппаратшысы, 4-разряд

      711. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары илеу аппаратшысының басшылығымен қызмет көрсетілетін аппараттарда үлбір терілерін технологияға сәйкес пикельдеу, илеу, бейтараптандыру, жуу технологиялық процестерін жүргізу;

      теріні аппараттарға қолмен немесе механикаландырылған тәсілмен салу және алу;

      ерітіндіні құю үшін жабдықты дайындау;

      өңделген ерітіндіні аппараттан ағызу;

      тері илеудің технологиялық процесін бақылау.

      712. Білуге тиіс:

      аң-мал терілерін пикельдеу, илеу, бейтараптандыру, жуу технологиялық процестерін жүргізу тәртіптері;

      тері шикізатының түрлері;

      қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттері және олардың өзара әрекеті;

      қызмет көрсететін аппараттардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, көтеру-тасымалдау құрылғыларының жұмыс істеу принципі және оларды пайдалану тәртіптері.

20-параграф. Тері илеу аппаратшысы, 5-разряд

      713. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет көрсетілетін аппараттарда технологияға сәйкес тері терілерін пикелдеу, илеу, бейтараптандыру, жуу, илеу, пикелирлеу технологиялық процестерін жүргізу;

      илеу операциясын өткізу үшін аппараттардың, химиялық ерітінділердің дайындығын тексеру;

      химиялық ерітінділерді жасау;

      химиялық материалдарды мөлшерлеу, жылыту, ерітінділерді күшейту;

      теріні аппараттарға қолмен немесе механикаландырылған тәсілмен салу;

      температуралық режимді бақылау, талдау мен есептер негізінде жұмыс ерітіндісін түзету;

      жұмыс ерітіндісінің, жартылай дайын өнімнің сынамаларын алу және тері дайындығының дәрежесін анықтау;

      терілерді аппараттардан алу.

      714. Білуге тиіс:

      пикельдеу, илеу, бейтараптандыру, жуу, илеу-майлау, пикельдеу-майлау технологиялық процестерін жүргізу тәртіптері;

      тері шикізатының түрлері, талдау әдістері;

      талдау өткізу үшін сынамалар алу әдістері;

      химиялық материалдар шығының нормалары;

      аң-мал терілерін өңдеудің ықтимал ақаулықтары;

      қызмет көрсететін аппараттардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құбырлардың пайдалану және реттеу тәртіптері.

21-параграф. Тері илеу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 3-разряд

      715. Жұмыс сипаттамасы:

      тері илеу өндірісінде шаблон бойынша кескеннен кейін, ұсақ терілердің (теріден басқа) ақауларын жою және қолдан жасау жұмыстарын орындау сапасын бақылау;

      бақыланатын үлбір шикізаты мен терілердің кінәраттарын бағалау және есеп жүргізу.

      716. Білуге тиіс:

      орындалатын технологиялық операцияларды бақылау әдістері мен тәсілдері;

      ұсақ терілердің мемлекеттік стандарты мен техникалық шарттары;

      өңдеу кезінде кінәраттардың пайда болу себептері және олардың алдын алу және жою бойынша шаралар;

      үлбір шикізаты мен терілердің ақаулықтарын есепке алу тәртібі.

22-параграф. Тері илеу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 4-разряд

      717. Жұмыс сипаттамасы:

      тері илеу өндірісінде бұйымдардың төменгі жағына ұсақ және орта терілерді (теріден және қаракөл-елтірі түрлерінен басқа), жағаға тондық қой терісін, бұйымға және өңдеуге арналған үлбір құрақ терісін, ақуыз терілерін жекелеген бөліктерге кескеннен кейін, ақуыз терілері мен қаракөл терілерінен басқа, орта түрлердің терілері мен теңіз аңының терілеріндегі ақауларды қолдан жасау және жою, қой терілерінің пашиналары мен плешиндерін жапсырмалармен өңдеужұмыстардың орындалу сапасын бақылау;

      бақыланатын үлбір шикізаты мен терілердің кінәраттарды анықтап, оларды жою бойынша шараларды қабылдау және есепке алу.

      718. Білуге тиіс:

      орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдістері мен жолдары;

      орташа терілер мен теңіз аңы терісінің мемлекеттік стандарты мен техникалық шарттары;

      бақыланатын операциялардың сапасын тексеру тәртіптері;

      өңдеу кезінде кінәраттардың пайда болу себептері және олардың алдын алу және жою бойынша шаралар, ақаулықтарды есепке алу тәртібі.

23-параграф. Тері илеу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 5-разряд

      719. Жұмыс сипаттамасы:

      тері илеу өндірісінде үлбір терілерін бұйымдарға, үлбір мен пластиналарға, үлбір мен пластиналарды ұсақ және орташа түрдегі үлбір терілерінен жасалған бұйымдарға (үлбір мен қаракөл елтірісі түрлерінен басқа), үлбір және тондық қой терісінен жасалған бұйымдарға, ақуыз және қаракөл терілерін қолдан жасаудан кейін жұмыстардың орындалу сапасын бақылау;

      ұсақ және орта түрлерінің (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтіріден өзге) терілерінің жинап-бүктеудің бұйымдарға сапасын бақылау;

      үлбір шикізаты мен терілердің кінәраттарын анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

      есеп жүргізу құжаттамасын жүргізу.

      720. Білуге тиіс:

      орындалатын операциялардың бақылау әдістері мен жолдары;

      бақыланатын бұйымдар ассортиментінің мемлекеттік стандарты мен техникалық шарттары;

      бақыланатын операциялардың сапасын тексеру тәртіптері;

      өңдеу кезінде кінәраттардың пайда болу себептері және олардың алдын алу және жою бойынша шаралар, есепке алу тәртібі.

24-параграф. Тері илеу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 6-разряд

      721. Жұмыс сипаттамасы:

      тері илеу өндірісінде аң терісі мен қаракөл елтірісі түрлері мен теңіз аңының терілерін бұйымдарға, үлбір мен тілімдерге, үлбір мен тілімшелерге, пішкеннен кейін ерітуге, лақтыруға және өзге де күрделі әдістермен, бұйымдарды, үлбір мен тілімшелерді жинағаннан кейін жұмыстардың орындалу сапасын бақылау;

      кінәраттарды анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

      есеп құжаттамасын жүргізу.

      722. Білуге тиіс:

      орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдістері мен жолдары;

      бақыланатын бұйымдар ассортиментінің мемлекеттік стандарты мен техникалық шарттары;

      бақыланатын операциялардың сапасын тексеру тәртіптері;

      өңдеу кезінде кінәраттардың пайда болу себептері және олардың алдын алу және жою бойынша шаралар, есепке алу тәртібі.

      723. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

25-параграф. Тон құрағын пісіруші, 3-разряд

      724. Жұмыс сипаттамасы:

      тон және үлбір құрағын және өзге де қалдықтарды технологиялық режимге сәйкес пісіру;

      тон және үлбір құрағын, қиындылар мен өндірістің өзге де қалдықтарын жұмыс орнына тасымалдау, оларды пісіру қазандықтары мен аппараттарға салу, су және күкірт қышқылын құю, қажетті концентрациялы ерітінді жасау;

      жүнді жуу және аппарат пен қазандықтардан алу, сығу, кептіру, оны бумаларға орау немесе қаптарға салу;

      пісіру қазандықтары мен аппараттарын тазалау.

      725. Білуге тиіс:

      пісіру қазандықтары мен аппараттардың құрылысы мен техникалық пайдалану тәртіптері;

      тон және үлбір құрағының түрлері;

      тон және үлбір құрағын және өзге өндіріс қалдықтарын пісірудің технологиялық режимінің өлшемдері;

      қызмет көрсететін жабдықты тазалау тәсілдері мен мерзімділігі.

26-параграф. Үлбір мен тонға арналған қой терісін бояушы, 4-разряд

      726. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір мен тонға арналған қой терісін өңдеу технологиясына сәйкес әртүрлі аппараттардағы астауларға батырып салу арқылы бояу;

      бояу ерітіндісін үлбір түрі мен имитацияға сәйкес терінің жүн қабатына машинамен немесе щетканың көмегімен қолмен біркелкі жағу;

      жүн қабатын кірлетпей, терінің былғары қабатының өн бойынша пигменттелген пленкалы қабатты біркелкі жағу;

      ерітіндіні жасау, мөлшерлеу, қыздыру, құю, теріні аппараттарға салу;

      өңделген ерітіндіні ыдыстарға құю және оны сұйықтықты өңдеуге арналған жабдықтарға жіберу;

      теріні, бұйымдарды, материалдар мен химикатты тасымалдау;

      боялған тері мен бұйымдарды қатарлап үю;

      жұмыс кезінде бояудың машинаға берілуін реттеу;

      температуралық режим мен технологиялық процестердің ұзақтығын бақылау;

      терінің даярлық дәрежесін айқындау, оларды аппараттан алу.

      727. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін машиналардың, айлабұйымдардың, аппараттардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы және оларды техникалық пайдалану тәртіптері;

      теріні анилинмен және басқа бояғыштармен бояудың технологиялық процесі;

      бояғыштардың жүн мен теріге тигізетін әсері;

      бояғыштарды пайдалану тәртіптері;

      теріні бояуға дайындау мен бояу сапасына қойылатын талаптар;

      бояғыштардың, химикаттар мен өзге де материалдардың жұмсалу нормалары;

      суретке, терінің жүнінің имитациясы мен сипатына байланысты аналин мен өзге де бояғыштарды жағудың әдістері мен жолдары;

      қызмет көрсетілетін аппараттарға теріні салу нормалары;

      теріні бояуға дейін және одан кейін салу тәсілдері.

27-параграф. Үлбір мен тонға арналған қой терісін бояушы, 5-разряд

      728. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір түріне, қажетті сурет түріне, имитация, түсі мен реңкіне сәйкес бояу ерітіндісін терінің, пластина мен үлбір жиектердің жүн қабатының белгілі бір тереңдігіне қалам, жаққыш, шприц-аппараттың щеткасы мен аэрографтық және трафареттік бояуға арналған машинаның көмегімен жағу арқылы бояу;

      бояу ерітінділерін әдістеме мен нұсқаулыққа сәйкес дайындау және жасау;

      бояу сапасын бақылау.

      729. Білуге тиіс:

      үлбір терілер мен терілердің түрлері;

      технологиялық процесс және үлбір тері мен имитацияға сәйкес бояу сапасына қойылатын талаптар;

      тері мен бұйымдардың жүн қабатына қажетті суреттерді салу тәсілі;

      бояу ерітіндісін жасау рецептурасы және оларды дайындау тәсілдері;

      бояғыштар мен өзге де материалдарды жұмсау нормалары.

28-параграф. Үлбір терілер мен бұйым пішімдерін түзетуші, 1-разряд

      730. Жұмыс сипаттамасы:

      теріні ешбір құралсыз қолмен түзету;

      терінің былғары талшықтарын ені мен ұзындығына қолмен керу (жазу және керу).

      731. Білуге тиіс:

      терінің қалыбы мен топографиясы;

      былғары матаны қыздыру және созу әдістері.

29-параграф. Үлбір терілер мен бұйым пішімдерін түзетуші, 2-разряд

      732. Жұмыс сипаттамасы:

      оралып алынған терілерді, пішімдерді бумен жібіту;

      трубкамен алынған терілерді арнайы түзеткіштерде түзету;

      теріні былғары жағына немесе жүн жақ бетіне айналдыру;

      үлбір тері мен бұйымдарды рамадан алу;

      илеу жіктерін түзету;

      рамаларды кептіргіштерге салу;

      кептіру камераларындағы кептірудің технологиялық режимі мен температурасын бақылау;

      рамаларды кептіргіштерден шығару.

      733. Білуге тиіс:

      түзеткіштер мен рамалардың құрылысы және оларды пайдалану тәртіптері;

      терінің қалыбы мен топографиясы;

      түзету және керу тәсілдері;

      теріні рамада түзету жұмыстарын орындау тәртібі мен тәсілдері;

      әртүрлі үлбір терілерді рамада керу дәрежесі;

      үлбір терілерді кептіру режимі және олардың даярлық дәрежесі;

      әртүрлі үлбір терілерге түзеткеннен кейін қойылатын талаптар.

30-параграф. Үлбір терілер мен бұйым пішімдерін түзетуші, 3-разряд

      734. Жұмыс сипаттамасы:

      терінің былғары талшықтарын ені мен ұзындығына қолмен немесе арнайы құрылғылардың, механикалық түзеткіштердің көмегімен түзету (керу), үлбір терілерді жағылған контур бойынша қысқышпен, шеге немесе түйреуіштермен бекіту арқылы рамада кере отырып, түзету, көлемін ұлғайту мақсатында теріні машинада түзету;

      ашытылған қаракөлді кептіру үшін және симметриялы қалып беру үшін оны контуры мен көлемі бойынша түзете отырып жаю.

      735. Білуге тиіс:

      машиналардың, механикалық түзеткіштер мен кептіру камераларының құрылысы және оларды пайдалану тәртіптері;

      түзету және керу тәртіптері, терілерді рамада түзету бойынша жұмыстарды орындау тәртібі мен тәсілдері;

      әртүрлі үлбір терілерін рамада керу дәрежесі;

      үлбір терілердікептірудің технологиялық режимі және олардың даярлық дәрежесі;

      ашытылған шикі қаракөлді жазу және түзету сапасына қойылатын талаптар.

31-параграф. Үлбір терілер мен бұйым пішімдерін түзетуші, 4-разряд

      736. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір пішімдері мен үлбір терілерді пішу алдында рамаларда технологиялық талаптарға сәйкес, тері мен бұйымдарды қажетті қалыпқа сәйкес және қатарды дұрыс орналастыра отырып, қысқыштар, шегелер мен түйреуіштермен бекіту арқылы белгіленген контур бойынша түзету;

      арнайы түзеткіштерде қалыптау әдісімен жасалған жағаларды түзету;

      бұйымдарды лекалалар бойынша контур рамаларына салу.

      737. Білуге тиіс:

      рамалардың, механикалық түзеткіштер мен кептіру камераларының құрылысы, оларды пайдалану тәртіптері;

      үлбір түріне, лекаланың фасоны мен өлшеміне байланысты бұйымның пішімдерін түзету үшін жағасы мен бұйымдардың (қалыптау әдісімен жасалған) пішімдерін түзету жұмыстарын орындау тәртібі мен тәсілдері;

      әртүрлі үлбір терілері мен бұйымдардың пішімдерін кептіру технологиялық режимі және олардың даярлық дәрежесі.

32-параграф. Үлбір терілерді бензинмен тазалаушы, 1-разряд

      738. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілердің жүн қабаты мен тері талшықтарын бензинмен тазалау және майсыздандыру.

      739. Білуге тиіс:

      үлбір терілерді тазалау тәртіптері;

      үлбір терілерді бензинмен тазалау сапасына қойылатын талаптар.

33-параграф. Үлбір терілерді өңдеуші, 2-разряд

      740. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілерді пикельдеу, илеу, майлау және өзге де ерітінділерді былғары талшығының өн бойынша жүнін кірлетпей, қолмен немесе жағу машинасымен біркелкі жағу арқылы өңдеу;

      машинаның операцияларды орындауға даярлығын және аспирациялық құралдың жұмысқа жарамдылығын тексеру;

      теріні үстелге төсемеге немесе машинаның тасымалдаушы механизміне беру және теріні жұмыс білігінің астына балқытылған күйінде салу;

      өңдеу сапасын бақылау және ақаулықтардың алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдау;

      терінің даярлығын анықтау және оларды жаққаннан кейін үлбір және тонға арналған терінің жиектеріне белгіленген тәртіппен қаттап үю.

      741. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтың мақсаты мен жұмыс істеу принципі;

      үлбір терілердің ассортименті;

      былғары талшығы мен жүн қабатының қасиеттері мен құрылысы;

      ерітінділердің құрамы, қасиеттері, мөлшерлемесі, мақсаты мен олармен жұмыс жүргізу тәртіптері;

      теріні өңдеуге дайындауға қойылатын талаптар.

34-параграф. Үлбір терілерді тақырлаушы, 5-разряд

      742. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілердің қылқанды жүндерін қырқу арқылы үлбір терілерді қажетті биіктік бойынша машинада жұлу немесе терінің тұтастығын сақтай отырып, түбітін бүлдірмей түбіне дейін жұлу;

      теріні машинаның тасымалдауышына жайып салу және терінің барлық өлшемдері бойынша оны түйреуішпен тасымалдауыштың төсеміне бекіту;

      тасымалдаушы таспаның иілген жері мен стационар пышақтың орналасу параллельдігін тексеру;

      қылқан жүнді жұмыс білігімен кесу тазалығын алдын ала тексеру;

      машинаның аспирациялық құрылғысындағы ауаны сору қуатын реттеу;

      өңдеу сапасын тексеру, қылқанды жүнді қырқу тереңдігі, сапасы мен тазалығын бақылау.

      743. Білуге тиіс:

      машинаның жұмыс механизмдерінің құрылысы және өзара әрекеттесуі;

      техникалық пайдалану, реттеу, майлау және тазалау, үлбір терілерді тақырлаушы тәртіптері;

      үлбір терілердің түрлері;

      жүн қабатының құрылысы;

      терілерді дайындауға және тақырлау сапасына қойылатын талаптар.

35-параграф. Үлбір терілерді термоөңдеуші, 2-разряд

      744. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір пішімдердің жүн қабатының жылтырлығын қалпына келтіру және оны сол күйінде сақтау мақсатында оны ашық типті тегістеу машинасында тегістеу;

      тегістеу білігін қыздыру температурасын реттеу, машина жұмысын және тегістеу сапасын бақылау;

      тегістеу алдында пішімнің жүн қабатына люстрлеу ерітіндісін жағу.

      745. Білуге тиіс:

      үтіктеу машиналарының жұмыс механизмдерінің құрылысы және өзара іс-қимылы;

      жүн қабатын өңдеу сапасына қойылатын талаптар;

      пішімнің жүн қабатына люстрлеу ерітіндісін жағу тәсілдері және жүн қабатын күйдірмей тегістеу жолдары.

36-параграф. Үлбір терілерді термоөңдеуші, 4-разряд

      746. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілерді люстрлеуден кейін, жүн қабатын жылтыр ету және түктерін түзету мақсатында - былғары талшықтарын күйдірмей (қыздырмай), пісірмей және тартпай, тегістеу білігінің астында әртүрлі бағытта үнемі қозғай отырып, ашық типті тегістеу машинасында тегістеу;

      үлбір терілерді люстрлеу ерітіндісін жаққаннан кейін тегістеуге дайындау;

      машинаны қыздыру және температураны реттеу;

      үлбір терілерді машинаның әперу механизміне жүн жақ бетін жоғары қаратып төсемеге салу, түзету, тегістеу білігінің астына жіберу, пластификация және түктерін тарту арқылы тегістеу;

      үлбір терілердің барлық жүн қабатына люстрлеу ерітіндісін жағу сапасын және тегістеу сапасын бақылау;

      үлбір терілерін сөреге немесе конвейерлерге салу;

      тегістеу машинасының жұмыс механизмдерін баптау, реттеу, майлау және тазалау.

      747. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін машинаның құрылысы және баптау тәсілдері;

      тегістеу білігінің температуралық режимін реттеу тәртіптері;

      люстрлеу ерітіндісінің қасиеттері;

      технологиялық операцияларды орындау тәсілдері;

      үлбір терілердің жүн қабаты мен тері талшықтарының құрылысы;

      тегістеу сапасына қойылатын техникалық талаптар.

37-параграф. Үлбір терілерді термоөңдеуші, 5-разряд

      748. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілерді формалинмен, хром тұзымен және өзге де химиялық заттармен өңдегеннен кейін, жүн қабатын жылтыр ету және түктерін түзету мақсатында - былғары талшықтарын күйдірмей (қыздырмай), пісірмей және жұлмай, тегістеу білігінің астында әртүрлі бағытта біртіндеп қозғай отырып, тегістеу машинасында тегістеу;

      үлбір терілерді формалинмен, хром тұзымен және өзге де химиялық заттармен өңдегеннен кейін тегістеуге дайындау, қыздыру және температураны реттеу;

      үлбір терілерді машинаның әперу механизміне жүн жақ бетін жоғары қаратып төсемеге салу, түзету, тегістеу білігінің астына жіберу және түкті тартылған күйі сақтау мақсатында тегістеу;

      үлбір терілердің барлық жүн қабатын формалинмен, хром тұзымен және өзге де химиялық заттармен өңдеу сапасын және тегістеу сапасын бақылау;

      үлбір терілерін сөреге немесе конвейерлерге салу;

      машина механизмдерін реттеу, майлау және тазалау.

      749. Білуге тиіс:

      әртүрлі типті тегістеу машиналарының құрылысы;

      температуралық режимін реттеу тәртіптері;

      үлбір терілердің жүн қабаты (түгінің ұзындығы әркелкі) мен тері талшықтарының құрылысы;

      формалин, хром тұзы және өзге де химиялық заттардың қасиеттері;

      формалинмен, хром тұзымен және өзге де химиялық заттармен өңдеуден кейін тегістеу сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      үтіктеу машинасының механизмдерін реттеу тәртіптері, оларды тазалау және майлау тәсілдері мен кезеңділігі.

38-параграф. Үлбір теріні тараушы, 2-разряд

      750. Жұмыс сипаттамасы:

      жүн қабатындағы үгінділерді, шаңды, тік оралған, ұйысқан және жабысып қалған түктерді алып тастау және жүн қабатының тұтастығын (жұлынып қалған жерлерсіз) сақтай отырып, жүн қабатына талшықтардың табиғи орналасуын қамтамасыз ету мақсатында үлбір және тонға арналған терілердің, ұсақ және орташа (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтіріден өзге) терілердің жүн қабатын машинамен немесе арнайы тарақтардың, кардоленттердің көмегімен тарау;

      терілерді машинаға беру және салу, түк жамылғысын тарау сапасын бақылау;

      машинаны тазалау.

      751. Білуге тиіс:

      қызмет көрсететін машина механизмдерінің жұмыс істеу принципі;

      майлау және тазалау тәртіптері және мерзімділігі, терінің жүн қабаты мен былғары талшықтарының құрылысы;

      үлбір терілердің өндірістік мақсаты;

      тарауға дайындау және оның сапасына қойылатын талаптар;

      тарау ақаулықтарының кейінгі технологиялық операцияларды орындау сапасына тигізетін әсері.

39-параграф. Үлбір теріні тараушы, 3-разряд

      752. Жұмыс сипаттамасы:

      жүн қабатындағы үгінділерді, шаңды, тік оралған, ұйысқан және жабысып қалған түктерді алып тастау және жүн қабатының тұтастығын сақтай отырып, жүн қабатына талшықтардың табиғи орналасуын қамтамасыз ету мақсатында бағалы аң терісі мен теңіз аңы терісінің жүн қабатын машинамен немесе арнайы тарақтардың, кардоленттердің көмегімен тарау;

      үлбір терілердің жүн қабатын тарау сапасын бақылау;

      машинаны тазалау.

      753. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін машинаның құрылысы мен техникалық пайдалану тәртіптері;

      аң-мал терісі жартылай дайын өнімдерінің жүн қабаты мен былғары талшықтарының құрылысы;

      үлбір терілердің өндірістің мақсаты;

      тарауға дайындау және оның сапасына қойылатын талаптар;

      тарау ақаулықтарының кейінгі операцияларды орындау сапасына тигізетін әсері.

40-параграф. Үлбір теріні тараушы, 4-разряд

      754. Жұмыс сипаттамасы:

      жүн қабатындағы үгінділерді, шаңды, тік оралған, ұйысқан және жабысып қалған түктерді алып тастау және жүн қабатының тұтастығын сақтай отырып, жүн қабатына талшықтардың табиғи орналасуын қамтамасыз ету мақсатында, кард білігінің автоматты тазалағыш құрылғысымен және тараудың тереңдігін автоматты өзгерісі бар қызметімен жабдықталған кардтық тарау машинасында терілердің жүн қабатын тарау процесін жүргізу;

      жартылай дайын өнімді конвейерге салу;

      белдіктердің, беруші және бұрушы конвейерлер торының тартылуын, жартылай фабрикаттың түк жабынын тарқату тереңдігін, кардолент тартылуын реттеу;

      кард білігін қалдықтардан мезгіл-мезгіл тазалау;

      жартылай дайын өнімнің қалыңдығына, оның сапалық сипаттамасына қарай конвейер қозғалысының, кард білігінің айналу жылдамдығын, тасымалдаушы біліктердің жылдамдығын реттеу;

      үлбір терілердің жүн қабатын тарау сапасын бақылау.

      755. Білуге тиіс:

      үлбір жартылай дайын өнімді тарау процесін орындау тәртіптері мен тәсілдері;

      жартылай дайын өнімді тарауға дейін және кейін қойылатын техникалық шарттар;

      кардтық тарау машинасының құрылысы, пайдалану және баптау тәртіптері.

41-параграф. Шел мен түкті жуушы, 2-разряд

      756. Жұмыс сипаттамасы:

      шел мен түкті барктарда, күбіде және өзге де аппараттарда жуу, оларды салу және алу;

      жуу ерітінділерін жасау және оларды аппараттарға әперуді реттеу.

      757. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және оны техникалық пайдалану тәртіптері;

      шелді және шашты жуу технологиясы;

      шел мен түкті өңдеу сапасына қойылатын талаптар.

42-параграф. Шикізат орамын ашушы, 2-разряд

      758. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір шикізатының теңдері мен байламдарын қолмен ашу, терінің тұзын кетіру, биркаларды кесу, теріні үлбір шикізатының түрі бойынша және өңдеу әдістемесіне сәйкес қатарлап және сөрелерге төсеу және үю;

      жүн қабаты мен былғары талшықтарында зиянкестердің болуын анықтау;

      шикізат пен жартылай дайын өнімдердің айрықшалыққа сәйкестігін тексеру;

      орау материалдарын белгіленген тәртіппен жинау және салу.

      759. Білуге тиіс:

      үлбір және тонға арналған қой терісі шикізатын және жартылай дайын өнімнің орамын жазу, теріні үлбір шикізатының түрі бойынша қатарлап және сөрелерге төсеу және үю тәртібі.

43-параграф. Шикізаттық-бояу және тері илеу цехтарындағы тігінші, 1-разряд

      760. Жұмыс сипаттамасы:

      алдыңғы технологиялық операцияларда жыртылған шикі терілерді илеу тігінімен белгіленген техникалық талаптарға сәйкес қолмен тігу;

      операцияны орындау сапасын бақылау.

      761. Білуге тиіс:

      үлбір түрлері, шикі терілерді тігу тәсілдері;

      үлбірлердің жекелеген түрлеріне арналған жіп пен инелердің нөмірлері;

      тігіс жиілігі мен жіптің тартылуы;

      шикі теріні тігуге қойылатын техникалық талаптар.

44-параграф. Шикізаттық-бояу және тері илеу цехтарындағы тігінші, 2-разряд

      762. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілерді шикізаттық-бояу цехтарында машинамен кесілген жерлерін тігу, түктерді қысқышпен немесе түк салғышпен мұқият сала отырып, терінің жиектерін тікпеу, кермеу, түктерді тігіске қоспай, үлбірдің әртүрлі түрлеріне белгіленген биіктік пен тігіс жиілігін сақтай отырып, қосымшаны тігу;

      технологиялық операцияларды орындау сапасын бақылау.

      763. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін машинаның құрылысы;

      жіпті пайдалану, тігу жиілігін реттеу және тарту тәртіптері;

      құралдар мен құрылғылар, оларды пайдалану тәртіптері;

      үлбір терілердің түрлері, үлбір терілерді шикізаттық-бояу өндірісінде тігу тәсілдері;

      үлбірлердің әртүрлі түрлеріне арналған жіп пен инелердің нөмірлері;

      қызмет көрсететін машинада терілерді тігуге қойылатын техникалық талаптар.

45-параграф. Шикізаттық-бояу және тері илеу цехтарындағы тігінші, 3-разряд

      764. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір терілердің бөліктерін пішім бұйымдарына машинамен түктерді қысқышпен немесе түк салғышпен мұқият сала отырып, терінің жиектерін тікпеу, кермеу, түктерді тігіске қоспай, үлбірдің әртүрлі түрлеріне белгіленген биіктік пен тігіс жиілігін сақтай отырып, қосу;

      технологиялық операцияларды орындау сапасын тексеру.

      765. Білуге тиіс:

      қызмет көрсететін машиналардың, айлабұйымдар мен құралдардың құрылысы, оларды пайдалану және қолдану тәртіптері;

      үлбір түрлері және тігілетін бұйымдардың ассортименті;

      бұйымды үлбір құрақтарынан жасау тәсілдері;

      бұйымдарды үлбір құрақтан қызмет көрсетілетін машинамен тігуге қойылатын техникалық талаптар;

      ине-жіптердің нөмірлері;

      тігіс жиілігі мен жіптің тартылуын реттеу тәсілдері.

46-параграф. Шикізаттық-бояу және тері илеу цехтарындағы тігінші, 4-разряд

      766. Жұмыс сипаттамасы:

      үлбір қаракөл мен клямнан өзге барлық терілерінен жасалған үлбір пішім бөлшектерін белгіленген технологиялық талаптарға сәйкес қолмен илеу тігісімен қосу;

      үлбір пішім бөліктерін машинада қосу, үлбір терілерді түктерді қысқышпен немесе түк салғышпен мұқият сала отырып, терінің жиектерін тікпеу, кермеу, түктерді тігіске қоспай, үлбірдің әртүрлі түрлеріне белгіленген биіктік пен тігіс жиілігін сақтай отырып, тігу, жамылғы киімге, жартылай жамылғы киімге, жағаға технология мен техникалық талаптарға сәйкес машинамен астар тігу.

      767. Білуге тиіс:

      қызмет көрсететін машиналардың, айлабұйымдар мен құралдардың құрылысы, оларды пайдалану және қолдану тәртіптері;

      тері бұйымдарының ассортименті;

      пішудің әртүрлі әдістері қолданылған кезде үлбір пішімдерді қосу тәсілдері;

      тері мен бөлшектердің бұйымдарда орналасу тәртібі;

      үлбір пішімдерді қосу технологиясы және оған қойылатын техникалық талаптар;

      тері жамылғыларының ақауларының түрлері, олардың алдын алу және жою тәсілдері.

47-параграф. Шикізаттық-бояу және тері илеу цехтарындағы тігінші, 5-разряд

      768. Жұмыс сипаттамасы:

      қаракөл мен клямнан жасалған үлбір пішім бөлшектерін белгіленген технологиялық талаптарға сәйкес қолмен илеу тігісімен қосу;

      күрделі әдістермен кесілген мех бұйымдарының бөлшектерін қызмет көрсетілетін машинада: тісіне (егеуіне), сынаны босата, жібере отырып пішілген үлбір пішім бөліктерін технология мен техникалық талаптарға сәйкес кабинада, белгіленген илеу-пішу тәртібімен, үлбір терілерді түктерді қысқышпен немесе түк салғышпен мұқият сала отырып, үлбірдің әртүрлі түрлеріне белгіленген биіктік пен тігіс жиілігін сақтай отырып, қосу.

      769. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін машиналардың, айлабұйымдар мен құралдардың құрылысы, оларды пайдалану тәртіптері;

      күрделі әдістермен пішілетін үлбір бұйымдардың ассортименті;

      үлбір түрлері, пішудің әртүрлі әдістері қолданылған кезде үлбір пішімдерді қосу тәсілдері.

48-параграф. Шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 2-разряд

      770. Жұмыс сипаттамасы:

      шикізаттық-бояу өндірісінде ұсақ терілерді (бағалы аң терілерінен өзге) технологиялық картаға, нұсқаулықтар мен техникалық шарттарға сәйкес бөліп, тегістегеннен кейін өңдеу сапасын бақылау;

      кінәраттардың пайда болу себептерін айқындау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

      кінәраттарды баллдық бағалау және оларды орындаушылар бойынша есепке алу.

      771. Білуге тиіс:

      орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдістері мен жолдары;

      терілерді өңдеу сапасына қойылатын талаптар;

      ұсақ түрлердің терілерінің ассортименті;

      тері шикізатын өңдеу ақауларын балдық бағалау тәртіптері;

      кінәраттардың пайда болу себептерін айқындау және оларды жою бойынша шаралар.

49-параграф. Шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 3-разряд

      772. Жұмыс сипаттамасы:

      шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір және тонға арналған қой терісінің жүнін технологиялық картаға, нұсқаулықтар мен техникалық шарттарға сәйкес, орташа терілердің (бағалы аң терілері мен қаракөл-елтіріден өзге), теңіз аңы терісін, үлбір және тонға арналған қой терісінің жүнін қырқу, ажырату, үлбір және тонға арналған қой терісінің жиегін кергеннен, теңіз аңы терісін ажыратып, тегістегеннен кейін шикізат етіп өңдеу сапасын бақылау;

      кінәраттардың пайда болу себептерін айқындау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау, өңдеу кінәраттарын баллдық бағалау және оларды есепке алу.

      773. Білуге тиіс:

      орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдістері мен жолдары;

      аң-мал терілерінің ассортименті, олардың сапасына қойылатын талаптар;

      үлбір шикізатын өңдеу кінәраттарын баллдық бағалау тәртіптері;

      кінәраттардың пайда болу себептері және оларды жою бойынша шаралар.

50-параграф. Шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 4-разряд

      774. Жұмыс сипаттамасы:

      шикізаттық-бояу өндірісінде ұсақ терілерді (бағалы аң терілерінен өзге) технологиялық картаға, нұсқаулықтар мен техникалық шарттарға сәйкес құрғақ терілердің жүн қабатын шелдеуден кейін, құрғақ терілердің жүнін қырыққаннан кейін, бағалы аң терілері мен қаракөл-елтіріні, теңіз аңы терісін машинамен немесе қолмен ажыратқаннан кейін өңдеу сапасын, сондай-ақ температураның әсерімен формалин ерітіндісінде немесе өзге де химиялық заттармен өңделген терінің сапасын бақылау, бағалы аң терілері мен қаракөл-елтіріні, теңіз аңы терісін, үлбір және тонға арналған қой терісін тегістеу сапасын бақылау;

      кінәраттардың пайда болу себептерін айқындау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

      кінәраттарды баллдық бағалау және оларды есепке алу.

      775. Білуге тиіс:

      орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдістері мен жолдары;

      аң-мал терілерінің ассортименті, олардың сапасына қойылатын талаптар;

      үлбір шикізатын өңдеу кінәраттарын баллдық бағалау тәртіптері, олардың алдын алу шаралары және жою тәсілдері;

      шикізаттық-бояу өндірісінің технологиялық схемасы.

51-параграф. Шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 5-разряд

      776. Жұмыс сипаттамасы:

      шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір және тонға арналған қой терісін, орташа терілерді (бағалы аң терілері мен қаракөл-елтіріден өзге), сондай-ақ тиін, ақкіс терілерін шелдеуден кейін өңдеу сапасын бақылау;

      шикізат пен жартылай дайын өнімдерді өңдеудің технологиялық режимін сақтау дұрыстығын тексеру;

      кінәраттардың пайда болу себептерін айқындау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

      есепке алу құжаттамасын жүргізу және бақылау нәтижесін жазу.

      777. Білуге тиіс:

      орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдістері мен жолдары;

      аң-мал терілерінің ассортименті;

      үлбір шикізатын өңдеу кінәраттарын баллдық бағалау тәртіптері, олардың алдын алу шаралар және жою тәсілдері;

      шикізаттық-бояу өндірісінде сапасын бақылау нәтижесін жазуға арналған құжаттаманы толтыру тәртіптері.

52-параграф. Шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 6-разряд

      778. Жұмыс сипаттамасы:

      шикізаттық-бояу өндірісінде бағалы аң терілері мен қаракөл-елтіріні, теңіз аңы терісін шелдеуден кейін өңдеу сапасын бақылау;

      шикізат пен жартылай дайын өнімдерді өңдеудің технологиялық режимін сақтау дұрыстығын тексеру;

      кінәраттардың пайда болу себептерін айқындау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

      есепке алу құжаттамасын жүргізу және бақылау нәтижесін жазу.

      779. Білуге тиіс:

      орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдістері мен жолдары;

      бағалы аң-мал терілерінің ассортименті;

      өңдеу кінәраттарын баллдық бағалау тәртіптері, олардың алдын алу шаралар және жою тәсілдері;

      сапасын бақылау нәтижесін жазуға арналған құжаттаманы толтыру тәртіптері;

      шикізаттық-бояу өндірісінің технологиялық схемасы.

      780. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

11-тарау. Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші

      781. Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші БТБА-ға (45-шығарылым) қосымшада көрсетілген.

  Жұмыстар мен жұмысшы
кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік
анықтамалығына
(45-шығарылым)
қосымша

Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші

№р/с

Кәсіптің атауы

Разряд диапазоны

Беті


Былғары аяқкиім өндірісі

1.

Аяқкиім жөндеу бойынша аяқкиім шебері

2-5

3

2.

Аяқкиім қалыптарын жөндеуші

2-4

6

3.

Аяқкиімді жоңғылаушы

2-7

7

4.

Аяқкиімді керуші

1-6

9

5.

Аяқкиімді қалыптан алушы

1-3

12

6.

Аяқкиімді құрастырушы

1-7

13

7.

Былғары материалдарды жаншушы

2

22

8.

Жеке аяқкиімдерді тігу жөніндегі аяқкиім шебері

4-6

23

9.

Қалыптың үлгісін жасаушы

4-5

24

10.

Матрицалардың үлгісін жасаушы

5

24

11.

Ортопедиялық аяқкиім тігу жөніндегі аяқкиім шебері

1; 3-5

25

12.

Ортопедиялық аяқкиімнің үлгісін жасаушы

5

26

13.

Пішу жабдығының операторы

5

27

14.

Ұлтанды өңдеуші

1-2

27


Галантереялық былғары өндірісі

15.

Биялай былғарысын керуші

3

28

16.

Галантереялық былғары бұйымдарын жөндеуші

3-4

28

17.

Галантереялық былғары бұйымдарын құрастырушы

1-4

29

18.

Галантереялық былғары бұйымдарына сурет салушы

2-4

32

19.

Қаптама сауытшы

1-5

33


Былғары және тері шикізаты өндірісі

20.

Аппретурашы

2-5

36

21.

Былғары және үлбір шикізаты мен көнді төсеуші

2-3

38

22.

Былғары шикізатын пішуші

2-5

39

23.

Былғарылық коллагенді қалдықтардан өнім өндіру аппаратшысы

6

40

24.

Екіге тілу машинасының машинисі

3-6

41

25.

Жібіту және күлдеу, илеу және бояу және майлау цехтарында шикізатты, жартылай фабрикаттарды, химиялық материалдар мен өндіріс қалдықтарын тасушы

3

42

26.

Күлдеу аппаратшысы

4-5

43

27.

Күлсіздендіру, жұмсарту аппаратшысы

4-5

44

28.

Қыл жинау қоспасымен терілерді өңдеуші

3-4

45

29.

Лак әзірлеу аппаратшысы

6

46

30.

Су-химиялық өңдеу аппаратшысы

4

47

31.

Сығу жабдығының машинисі

3-5

47

32.

Тері илеу аппаратшысы

4-6

49

33.

Тері илеу экстрактілерін әзірлеу аппаратшысы

4-5

51

34.

Терілерді бояушы

4

52

35.

Терілерді езуші

3-5

52

36.

Терілерді жұқартушы

3-5

53

37.

Терілерді лактаушы

5

54

38.

Терілерді майлаушы

3-4

55

39.

Терілерді нығыздаушы

2-4

56

40.

Теріні бояу және майлау аппаратшысы

5

57

41.

Техникалық былғары мен жонарқа терісін қыздырушы

4

58

42.

Тұзтері бетін тазалаушы

4-5

58

43.

Шелді, жүнді, қылшық пен қылды жуып шаю аппаратшысы

3

59

44.

Шикізат пен жартылай фабрикатттарды бақылаушы

4-5

59


Былғарыдан жасалған техникалық бұйымдардың өндірісі

45.

Бұдырлау машинасының машинисі

4

61

46.

Былғары жолақтарды керуші

4

61


Жеңіл өнеркәсіп өндірісі (жалпы кәсіптері)

47.

Аппретураларды, эмульсиялар мен лактарды жасаушы

3

61

48.

Бөлшектер мен бұйымдарды жинаушы

1-4

62

49.

Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы

1-5

65

50

Бөлшектер мен материалдарды белгілеуші

1-3

71

51.

Бөлшектер мен материалдарды қосарлаушы

1; 3

72

52.

Бөлшектерді кесуші

3-6

73

53.

Бөлшектерді, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды өңдеуші

1-5

74

54.

Бөлшектердің қалыңдығы мен жартылай фабрикаттарды тегістеуші

2-3

78

55.

Бұйымдар бөлшектері мен фурнитураны қоюшы

1-3

79

56.

Бұйымдарды тігуші

1-6

82

57.

Бұйымдарды толтырушы

3-4

89

58.

Бұйымдарды түсіруші

2-3

90

59.

Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды ажарлаушы

2-5

91

60.

Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды бақылаушы

2-5

94

61.

Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды жасақтаушы

1-3

97

62.

Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы

1-6

101

63.

Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тазалаушы

1-3

106

64.

Бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды әрлеуші

1-5

108

65.

Былғары жартылай фабрикаттар мен үлбір терілерін жұмсарту аппаратшысы

2-3

114

66.

Былғары және үлбір шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сүргілеуші

4-6

115

67.

Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды өлшеуші

2-5

117

68.

Былғары және үлбір шикізатын консервілеуші

2-4

119

69.

Былғары және үлбір шикізатын өңдеуші

2-5

121

70.

Былғары мен аң терісі шикізаттарын сорттаушы

4-6

122

71.

Былғары, аң терісі бөлшектері мен бұйымдарды ылғалдаушы

1-4

124

72.

Жоғарғы жылдамдықтағы ток құрылғыларында дәнекерлеуші

2-4

126

73.

Конвейер желісінің операторы

4

128

74.

Лекалоларды әзірлеуші

3

128

75.

Май шыжғыру аппаратшысы

3

129

76.

Майсыздандыру аппаратшысы

3-5

130

77.

Материалдар мен бұйымдарды кесуші

1-3

131

78.

Материалдарды кесуші

1-4

133

79.

Материалдарды пішуші

2-7

136

80.

Материалдарды төсеуші

2

142

81.

Материалдарды, жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдарды қабылдаушы

2-3

142

82.

Рамаларға былғары мен қой терісін созушы

3-5

144

83.

Реңші

5

145

84.

Сығушы

2-4

146

85.

Теріні тартушы

3-4

148

86.

Үлбір мен киізді арамен кесуші

3; 5

149

87.

Үлбір терілерді әрлеуші

2-5

150

88.

Химиялық ерітінділерді жасаушы

3-4

152

89.

Шел желімін әзірлеу аппаратшысы

4-5

153

90.

Шелдеуші

2; 4-6

155

91.

Шикізатты ресімдеуші

2

158

92.

Шикізатты, жартылай фабрикаттарды, химиялық материалдар мен өндіріс қалдықтарын шикі, илеу-бояу және формалин цехтарында жеткізуші

3

158

93.

Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептіруші

1-3; 5

159


Қайыс ер-тұрман өндірісі

94.

Бөлшектерді бекітуші

1-4

161

95.

Қайыс ер-тұрман бұйымдарын дайындаушы

1-2

162

96.

Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы

1-5

163


Қыл-щетка өндірісі

97.

Жүнді бояушы

3

166

98.

Қалдықтарды бөлуші

2

166

99.

Қыл мен жүн бумасын буып-түюші

3-4

167

100.

Қыл мен жүнді жуушы

3

167

101.

Қыл мен жүнді пісіруші

3

168

102.

Қыл мен жүнді термоөңдеуші

4

168

103.

Қыл таспаларды тарқату жөніндегі машинист

2

169

104.

Қыл-щетка бұйымдарын жасаушы

1-5

169

105.

Тарау және араластыру машинасының машинисі

3-5

172

106.

Щетка бұйымдарын бояушы

3

173


Тері илеу-экстрактілі өндірісі

107.

Бейтараптандырушы-аппаратшы

3-5

173

108.

Буландыру аппаратын тазалаушы

4

175

109.

Бұдырлау машинасының машинисі

4

176

110.

Кептіру құрылғысының аппаратшысы

4

177

111.

Конденсаторшы-аппаратшы

5

177

112.

Қатты өнім алуға арналған буландыру аппаратының аппаратшысы

4

178

113.

Нафталин мен фенолды балқытушы

4-5

179

114.

Сульфирлеуші-аппаратшы

5

181

115.

Сульфиттеуші-аппаратшы

4

181

116.

Сұйық өнім алуға арналған буландыру аппаратының аппаратшысы

5

182

117.

Сығу жабдығының машинисі

3

183

118.

Таннидтерді экстрагирлеу аппаратшысы

3-6

183

119.

Технологиялық процесті бақылаушы

4

186

120.

Химиялық шикізатты аппаратқа артушы

3

186

121.

Шикізатты қабылдаушы

4

187


Үлбір өндірісі

122.

Ажырату машинасының машинисі

4

188

123.

Жуу машинасының машинисі

2; 4

488

124.

Илеуші-жинаушы

4-6

189

125.

Илеуші-пішуші

2-7

190

126.

Қой терісін екіге жіктеу жартылай автомат желісінің машинисі

3-4

194

127.

Нығыздаушы

2

195

128.

Су-химиялық өңдеу аппаратшысы

4

195

129.

Тегістеу аппаратшысы

3-4

196

130.

Тері илеу аппаратшысы

4-6

197

131.

Тері илеу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы

3-6

198

132.

Тон құрағын пісіруші

3

200

133.

Үлбір мен тонға арналған қой терісін бояушы

4-5

200

134.

Үлбір терілер мен бұйым пішімдерін түзетуші

1-4

202

135.

Үлбір терілерді бензинмен тазалаушы

1

203

136.

Үлбір терілерді өңдеуші

2

204

137.

Үлбір терілерді тақырлаушы

5

204

138.

Үлбір терілерді термоөңдеуші

2; 4-5

205

139.

Үлбір теріні тараушы

2-4

206

140.

Шел мен түкті жуушы

2

208

141.

Шикізат орамын ашушы

2

208

142.

Шикізаттық-бояу және тері илеу цехтарындағы тігінші

1-5

209

143.

Шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы

2-6

211


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады