БҰЙЫРАМЫН:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшаға сәйкес Ел бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы көлемін анықтау үшін шығыстар нормаларында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 37, 38-жолдармен толықтырылсын:
«
37 |
Литва Республикасы |
675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
- |
560 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
55 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
38 |
Әзірбайжан Республикасы |
500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
- |
450 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
45 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
».
2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М. Тулеков):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов