"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 455 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 01 наурыздағы № 159 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 наурызда № 8370 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 219 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 16.04.2014 № 219 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол полициясының жол қозғалысын қадағалау, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың заңды құқығы мен мүдделерін қорғау, оның қызметінде тәртіп пен заңдылықты нығайту жөніндегі қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 455 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2011 жылғы 10 қазанда № 7243 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 5 қарашада № 353-354 (26744-26745) болып жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа:
      24-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Жол полициясының стационарлық бекеттерінде қызмет өткеру кезінде (және патрульдеу бағыттарындағы) жол полициясының қызметкерлеріне жүктеледі:»;
      40-тармақтың 11) тармақшасы және нұсқаулыққа 7-қосымша алынып тасталсын;
      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «64. Патрульдеу бағытында (бекетінде) қызмет атқару кезінде жол полициясының инспекторы қозғалыс процесіне ықпал етеді, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері болып табылатын Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың алдын алады және жолын кеседі, көлік құралдарын себепсіз тоқтату мен ұстау алынып тасталады.
      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы оны тікелей анықтаған уәкілетті адам мыналардың болуынан басқа жағдайларда толтырылады:
      - құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар;
      - жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе өтініштері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
      - сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдар мен аспаптар көрсеткіштері».
      2. Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Б.Б. Бисенқұлов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тұрғымбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                         Қ. Қасымов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады