Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 79 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 13 мамырда № 8457 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 5 қаулысымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.01.2016 № 5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 166 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7720 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 23 тамызда № 540-545 (27618) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларында:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы (бұдан әрі – Заң),  «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы»2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрлендi және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртiбiн белгiлейдi.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаларына, жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушыларына шектеулi ықпал ету шараларын қолдануы мынадай факторлардың біреуін немесе бірнешеуін ескере отырып жүргізіледі:
      1) тәуекел дәрежесі.
      Қағидалардың мақсаттары үшін тәуекел ретінде жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін жүзеге асыруы кезінде азаматтық, қаржылық заңнамалар және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнама (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының заңнамасы) саласында белгіленген талаптарды орындамауы және (немесе) толық орындамауы нәтижесінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуы, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіруі, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйінің нашарлауы түрінде теріс салдарлардың туындау ықтималдылығы түсіндіріледі;
      2) таңдалған ықпал ету шарасын қолдану нәтижесінде жағдайды түзету қабілеті;
      3) жинақтаушы зейнетақы қоры үшін бұзушылық сипаты мен ықтимал салдарлары;
      4) бұзушылықтың жиiлiгi мен ұзақтығы;
      5) жол берiлген бұзушылық нәтижесiнде жинақтаушы зейнетақы қоры шығындарының мөлшерi;
      6) жол берiлген бұзушылық туралы жинақтаушы зейнетақы қоры басшы қызметкерлерiнiң хабардар болуы;
      7) жинақтаушы зейнетақы қорының жалпы қаржылық жай-күйi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының жалпы қаржылық жай-күйi есептілік деректерінің, тексеру материалдарының, аудиторлық есептердің, тәуекелдерді басқару мен iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына байланысты талаптарды орындауының, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйi нашарлаған жағдайда қаржылық қолдау алу мақсатында жинақтаушы зейнетақы қоры басшылығының акционерлермен өзара іс-әрекет жасау нәтижелерінің негiзiнде айқындалады.».
      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 183 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы                                   Г. Марченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады