"Қорғалатын аймақ жерлерін пайдаланудың өлшемін, режимін белгілеу және жерлерді бөлінген алқаптағы темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 284-І бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 303 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 21 маусымда 8522 тіркелді

      «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қорғалатын аймақ жерлерін пайдаланудың өлшемін, режимін белгілеу және жерлерді бөлінген алқаптағы темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 284-1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2989 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылы 18 тамызда № 87 (711) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қорғалатын аймақ жерлерін пайдаланудың өлшемін, режимін белгілеу және жерлерді бөлінген алқаптағы темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін пайдалану жөніндегі ережеде:
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Инженерлік коммуникацияларды, жолөткелдерді, өтпелерді, байланыс, электр беру, мұнай-, газ құбырларын, сондай-ақ басқа темір жолдарды кесіп өтетін объектілерді немесе олардан тікелей жақын жерлерде орналасқан құрылыстарды бөлінген белдеу шектерінде орналастыру, салу және пайдалану шарттары мемлекеттік стандарттарға және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес олардың иелері мен магистралдық темір жол желісінің операторы, тармақ иеленуші арасындағы шарттармен белгіленеді.».
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
      2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және оның Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице—министрі Р.В. Склярға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                  А. Жұмағұлов

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрінің бірінші
      орынбасары - Қазақстан
      Республикасының Өңірлік
      даму министрі
      __________ Б. Сағынтаев
      2013 жылғы 28 мамыр 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады