"Автомобиль және темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 385 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 192 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 358 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 01-04-03/77 НҚ Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 маусымда № 8523 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 739 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 543 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.06.2015 № 739 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.07.2015 № 543 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағын, 15-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Автомобиль және темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 385 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 192 бірлескен бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7089 нөмiрмен тiркелген, «Заң газеті» газетінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 114 (2104), 2011 жылғы 11 тамыздағы № 115 (2105) нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Автомобиль және темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерінде:
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) автомобиль көлiгi саласында:
      жоғары дәрежелi тәуекелге:
      жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тексерiлетiн субъектiлер;
      қауiптi жүктер тасымалын жүзеге асыратын тексерiлетiн субъектiлер;
      механикалық көлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне мiндеттi техникалық байқау жүргiзуді жүзеге асыратын тексерiлетiн субъектiлер жатады;
      орташа дәрежелi тәуекелге:
      iрi габариттi және ауыр салмақты жүктер тасымалын жүзеге асыратын тексерiлетiн субъектiлер;
      автостанциялар, автовокзалдарға иелiк ететiн тексерiлетiн субъектiлер жатады;
      болмашы дәрежелi тәуекелге:
      өзге де жүктер тасымалын жүзеге асыратын тексерiлетiн субъектiлер жатады;»;
      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      2) темір жол көлігі саласында:
      өрескел бұзушылықтарға мыналар жатады:
      поездар қозғалысына байланысты қызметкерлердi кезеңдік медициналық тексеруден өткiзудiң, сондай-ақ поездар қозғалысына тiкелей байланысты локомотив бригадалары мен қызметкерлерiнiң денсаулығын рейс алдында бақылаудың болмауы;
      поездар қозғалысына байланысты қызметкерлердiң қозғалыс қауiпсiздiгi мәселелерiн регламенттейтiн қолданыстағы нұсқаулықтар мен ережелердi және лауазымдық нұсқаулықтарды бiлу мәнiне кезеңдік тексеру жүргiзілмеуі;
      дефектоскопия мен диагностика жүйелерi құралдарын жарамды жағдайда ұстамау және тиiмдi пайдаланбау;
      "Қозғалыс қауiпсiздiгi күнi" тақырыбы бойынша апта сайынғы тексерулер өткiзілмеуі;
      анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде шаралар қабылдаумен қауiпсiздiктi бақылау құрылғылары мен аспаптарының жай-күйiн тексеру мен пайдалануды бекiтiлген график бойынша орындамау;
      жүргiзiлетiн жұмыс ерекшелiгiне сәйкес техникалық жарамды аспаптармен және техникалық құралдармен қамтамасыз етпеуi;
      темір жол көлігінің техникалық құралдарын пайдалану кезінде қозғалыс қауіпсіздігін сақтамау;
      жылжымалы құрамда жарамды бастапқы өрт сөндіру құралының болмауы;
      темір жолдар, темір жол станциялары, жолаушы платформалары, сондай-ақ поездар қозғалысына және маневр жұмыстарына байланысты темір жол көлiгiнiң басқа да объектiлерiнде сигналдық қоршауларының болмауы;
      жұмыс өндірісі орындарын сигнал белгілерімен қоршамай аралықтар мен станцияларда жол жұмыстарын жүргiзу;
      жұмыскерлерді қорғаныс құралдарын қолданбай тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруы;
      жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тиеу және түсіруге байланысты, өртке қарсы қауіпсіздікті сақтау нұсқаулығын өтпеген адамдарды жұмысқа жіберу;
      бастапқы өрт сөндірудің толық жиынтығы жоқ, ақаулы немесе зарядталмаған өрт сөндіру қондырғылары, ақаулы өрт сигнализациясы, сонымен бірге ақаулы авариялы шығулар мен түтінді кетіру жүйлелері бар жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу;
      темiр жол көлiгiнде оның салдарынан қирауға әкеп соққан қауiпсiздiк шараларын сақтамау;
      темiр жол көлiгiнде оның салдарынан аварияға әкеп соққан қауiпсiздiк шараларын сақтамау;
      темiр жол көлiгiнде оның салдарынан ақаулықтың ерекше жағдайына  әкеп соққан қауiпсiздiк шараларын сақтамау;
      темiр жол көлiгiнде оның салдарынан ақаулық жағдайына әкеп соққан қауiпсiздiк шараларын сақтамау;
      темiр жол көлiгiнде оның салдарынан жұмыстағы қиындыққа әкеп соққан қауiпсiздiк шараларын сақтамау;
      локомотивте және моторвагонды жылжымалы құрамда, сонымен бірге арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда ақаусыз радиобайланыстың, қозғалыс жылдамдығын бақылау құрылғысының, қозғалыс параметрін тіркеушінің, автоматты локомотив сигнализациясының болмауы;
      жылжымалы құрамдағы жүктеме түсірілмеген доңғалақтарда доңғалақтар арасындағы ішкі жақтаулардың 1440 миллиметр (бұдан әрі- мм) кем немесе артық болуы;
      локомотивтерде және вагондарда, сонымен бірге 120 км/сағ-тан 140 км/сағ жылдамдықпен поездарда айналатын арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда жылжымалы құрамды пайдалану кезінде доңғалақтардың ішкі жақтауларының арасында ұлғаю жағына 3 мм-ден аса және азаю жағына 1 мм-ден аса 1440 мм-ден болуы;
      локомотивтерде, жолаушылар және жүк тиелмеген вагондарда рельстердің үстіңгі қалпақшасының деңгейінен автотіркегіш білігінің қашықтығы 1080 мм аса болуы;
      локомотивтерде және адамдары бар жолаушылар вагондарында рельстердің үстіңгі қалпақшасының деңгейінен автотіркегіш білігі қашықтығының биіктігі бойынша 980 мм аса болуы;
      жүк (жүк тиелген) вагондарында рельстердің үстіңгі қалпақшасының деңгейінен автотіркегіш білігі қашықтығының биіктігі бойынша 950 мм аса болуы;
      жүк тиелмеген күйдегі арнайы жылжымалы құрамда рельстердің үстіңгі қалпақшасының деңгейінен автотіркегіш білігі қашықтығының биіктігі бойынша 1080 мм аса болуы;
      жүк тиелген күйдегі арнайы жылжымалы құрамда рельстердің үстіңгі қалпақшасының деңгейінен автотіркегіш білігі қашықтығының биіктігі бойынша 980 мм аса болуы;
      жүк поезында автотіркегіштің бойлық біліктерінің арасындағы биіктік бойынша 100 мм аса қашықтықтың болуы;
      120 км/сағ жылдамдықпен жүретін жолаушылар поезындағы автотіркегіштің бойлық біліктерінің арасындағы биіктігі 70 мм аса болуы;
      жүк поезының локомотиві мен бірінші жүк тиелген вагоны арасындағы автотіркегіштің бойлық біліктерінің арасындағы биіктік бойынша қашықтықтың 110 мм болуы;
      121-160 км/сағ жылдамдықпен жүретін жолаушылар поезында автотіркегіштің бойлық біліктерінің арасындағы биіктік бойынша қашықтықтың 50 мм болуы;
      жолаушылар поезының локомотиві мен бірінші вагоны арасындағы автотіркегіштің бойлық біліктерінің арасындағы биіктік бойынша қашықтықтың 100 мм болуы;
      арнайы жылжымалы құрамның локомотиві мен жылжымалы бірлігінің арасындағы автотіркегіштің бойлық біліктерінің арасындағы биіктік бойынша қашықтықтың 100 мм болуы;
      радиусы 349 м-ден 300 м-ге дейін кезде тік қиғаштан кем емес жолтабанның ені бойынша 1530 мм қашықтықтың болуы;
      радиусы 299 м-ге дейін кезде тік қиғаштан кем емес жолтабанның ені бойынша 1535 мм қашықтықтың болуы;
      рельсшпальдік тордың кешенді ауыстырылуы жүргізілмеген радиусы 650 м-ден кем емес жолдың тік және қиғаш учаскелерінде жолтабанның ені бойынша қашықтық 1524 мм болуы;
      тік және радиусы 350 м және одан аса қиғаш жолдардың учаскелерінде рельстердің қалпақшаларының ішкі жақтаулары арасындағы жол табан енінің 1520 мм болуы;
      тарылу бойынша (-4мм), кеңеюі бойынша (+8 мм) аспауы қажет тік және қиғаш жол учаскелерінде, ал жүру жылдамдығы 50 км/сағ және одан да кем деп белгіленген және тарылу бойынша (-4 мм), кеңеюі бойынша (+10 мм) учаскелерде жолтабан енінің атаулы өлшемдерден ауытқуының бар болуы;
      жолтабан енінің 1512 мм кем және 1548 мм артық болуы;
      жүккөтергіштігінен асатын жүк тиелген вагондардың жолға шығуы;
      кузовтың қисаюына немесе вагонның рамасы мен кузовының жүру бөлшектеріне соғылуына алып келетін отырып қалған рессорлары бар вагондарды, сонымен бірге оның беттерінің үзілу қаупін төндіретін ақаулы шатыры бар вагондарды жолға шығару;
      оларды тексергенге және қозғалыс үшін жарамды деп танығанға дейін поездарды шығару және рельстен шығып кеткен немесе қирауға тап болған поездарда болған вагондарды жолға жіберу;
      поезда ақаулы электропневматикалық тежеуіші бар жолаушылар вагонының болуы;
      поезда ақаулы электржабдығы бар жолаушылар вагонының болуы;
      поезда жолаушылар поезының бастығы (механик-бригадир) мен локомотив машинистімен ақаулы радиобайланысы бар радиокупесі (штабтық) бар жолаушылар вагонының бар болуы;
      жолаушылар поезының вагондарында жолаушылардың химиялық улануына қауіп және багажды, жүк багажын (тезтұтанатын сұйықтар, газдар, жарылғыш және улы заттар) және пошта жөнелтілімдерін тасымалдаудың қауіпсіз жағдайына қауіп төндіруі мүмкін заттардың, нәрселердің немесе өзге материалдар мен бұйымдардың бар болуы;
      вагондарды жөндеу кезінде қолданылатын құрылымдық элементтер мен материалдардың, сонымен қатар жану жағдайында оттың, түтіннің пайда болуын, таралуын және әсер етуін шектеуді қамтамасыз етпейтін өртке қарсы қорғаныс жүйесінің сәйкессіздігі;
      жолаушылар поезында жолаушылар вагонының корпусына тоқтың ағуымен вагонды пайдалану;
      осы шынжыр үшін белгіленген номиналға сәйкес келмейтін сақтандырғыш қойылған жолаушылар вагонын пайдалану;
      жолаушылар вагондарында вагондарды жасаушы зауыттың схемасымен және нұсқаулығымен қарастырылмаған жылыту құрылғыларының және өзге электр аспаптардың болуы;
      жолаушылар вагондарында электр аппараты бар қуыстарда өзге заттардың, жылыту құрылғыларының, электржарықтың жанында жанғыш материалдың болуы;
      жолаушылар вагондарында желдеткіштің жұмыс жасамауы кезінде электркалориферді қосуы және олардың дистанциондық термометрдің көрсеткіші бойынша рұқсат етілген температурадан 28оС жоғары қызуына жол беру;
      жол жүру кезінде бос розеткалармен және қорғаушы коробкалармен қорғалмаған вагонаралық электр байланыстарды (штепсель, қалпақша және өзге) пайдалану;
      ашық жылжымалы құрамда жүктерді тасымалдау кезінде (орауды және беткітуді есепке алғанда) жүк тиеудің габаритті емес болуы;
      қауіпті жүктерді бүлінген ыдыста немесе ашық тығынмен (қақпақпен, люкпен) тасымалдау;
      бақылау рамасы бар жүктің тиісті біліктілігі бар жол қашықтығы жұмыскерінің алып жүруінсіз жол жүруі;
      бұдан бұрын қауіпті жүктер тасымалданған көлік құралдарында тамақ өнімдерін тасымалдау;
      тасымалдау кезінде жүктің қозғалып кетуі және бүлінуі мүмкін ашық жылжымалы құрамда жүктерді орналастыру және бекіту;
      радиациялық фактор бойынша нормаланатын жүктерді тасымалдағаннан кейін көлік құралдарын пайдалану кезінде радиациялық бақылаудың болмауы;
      жолаушылар локомотивінде электрпневматикалық тежеуішті басқарудың ақаусыз қондырғысының жоқтығы;
      жүк поездарына арналған ақаулы тежеуіш магистралінің тығыздығын бақылау қондырғысы бар локомотивті пайдалану;
      локомотивтерде ақаулы поезды тежеуді немесе қауіпсіздіктің кешенді локомотив қондырғысын автоматты басқару жүйесінің, сонымен бірге машинистің сергектігін бақылау жүйесінің, артқы көрініс айнасының және өзге де осындай құрылғылардың бар болуы;
      моторвагонды поездарда өту бағдаршамдарына, өткелдер мен станцияларға, «жолаушы-машинист» байланысына, есіктің жабылуын бақылау сигнализациясына, автоматты өрт сигнализациясына кірме жолдар кезінде ақаулы қозғалыс жылдамдығын және сөйлеу ақпаратын бақылауды қамтамасыз ететін автожүргізу жүйесінің бар болуы;
      маневрлік локомотивтерде ақаулы оларды вагондардан дистанциондық түрде ажырату құрылғысының, екінші басқару пультінің, артқы көрініс айнасының және машинисттің локомотивті жүргізу қабілеттілігі кенеттен жоғалған сәтте автоматты тоқтатуды қамтамасыз ететін құрылғысының жоқтығы;
      локомотивтерде, моторвагонды поездарда және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда ақаулы автоматты локомотив сигнализациясының бар болуы;
      жолаушылар вагондарында, мотовагонды жылжымалы құрамда және локомотивтерде техникалық құжаттамаға сәйкес жарықтандырудың жеткілікті жиілігін және оның ұзақтығын қамтамасыз ететін ақаулы авариялық жарықтандыру жүйесінің бар болуы;
      қызмет мерзімінің техникалық құжаттамасында көрсетілген жылжымалы құрамның доңғалақ жұбының доңғалақ, білік және бандаж төзімділігі қорының жоқтығы;
      темір жол жылжымалы құрамындағы дизельдің, электр машинасының, желдеткіштің, компрессордың және өзге де жабдықтың айналатын бөлшегі қоршауының жоқтығы;
      жолаушылар вагондарында және моторвагонды жылжымалы құрамда ақаулы ауаны желдету жүйесінің, поезішілік телефон байланысының, букстің қызуын бақылау жүйесінің, поезд радиобайланысының болмауы;
      габарит еместің, инфрақұрылым құрылысының жақындауы және темір жолда темір жол жабдығының жақындауы болуы;
      жолаушылар поездарында жолаушылар ережесін сақтамауы;
      жолаушылар вагондарында қол жүгін және багажды тасымалдау тәртібін және шартын сақтамау;
      жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру, қолдану мерзімін ұзарту және билет кассаларының жұмыс тәртібін сақтамау;
      тасымалдаушылардың қауіпті жүктерді тасымалдау шарттарын сақтамауы;
      оларды қайта құруға дейін қазіргі кезде бар желілерде жер төсемі енінің бір жолды желілерде 5,5 м кем емес, екі жолды желілерде 9,6 м кем емес, ал бір жолды желілерде жарлы және құрғақ жерлерде 5 м кем емес, екі жолды желілерде 9,1 м кем емес болуы;
      жолаушылар поездарында билетсіз жолаушылардың және ресімделмеген багаждың, жүк-багаждың болуы;
      темір жол вокзалдарында медициналық көмек пунктісінің болмауы;
      жолдарды, жасанды құрылыстарды, локомотивтерді, вагондарды, дабыл және байланыс, электр жабдықтау құрылғыларын, темір жол өтпелерін және басқа да көліктің техникалық құралдарын жөндеу және ұстау сапасын көтеру бойынша қажетті жұмыстың болмауы;
      қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулары бар жылжымалы құрамды, соның ішінде арнайы жылжымалы құрамды (бұдан әрі - АЖҚ) пайдалануға және поездарда жүруге жіберуі;
      жөндеудің жоспарлы-ескерту түрлерінен және техникалық қызмет көрсетуден уақтылы өтпеген жылжымалы құрамды және АҚЖ пайдалануы;
      жыл сайынғы метрологиялық тексеруден, аппаратурасы өндірушінің пайдалану құжаттарына сәйкес аппаратура жоспарлы жөндеуден, мыналардан: техникалық қызмет көрсетуден кемінде жылына 1 рет, орташа жөндеуден 2 жылда кемінде 1 рет, жаңғыртудан 4-6 жылда кемінде бір рет өтпеген жол өлшеуіш және дефектоскопты аппаратурамен жабдықталған АЖҚ пайдалануы;
      жұмыс істеп тұрған локомотивтерді, моторвагонды және АЖҚ, оларды пайдалана алатын қызметкердің қадағалауынсыз депо жолдарында және кәсіпорындар жолдарында, ал АЖҚ машиниссіз және жүргізушісіз немесе олардың көмекшісінсіз станциялық жолдарда қалдыруы;
      жолаушылар локомотивінде электрпневматикалық тежегіштерді басқару құрылғыларының, жоғары вольтті жылыту үшін қуатты іріктеудің болмауы;
      жүк поезының локомотивтерінде тежегіш магистральдың тығыздығын бақылау үшін құрылғылардың, аспаптардың болмауы;
      жүк поездарына арналған ақаулы тежеуіш магистралінің тығыздығын бақылау қондырғысы локомотивте болмауы;
      бір машинист қызмет көрсеткен кезде поезды локомотивте немесе моторвагонды поезда поездың тежелуін немесе кешенді локомотивтік қауіпсіздік құрылғысын автоматты басқару жүйесінің, сондай-ақ машинистің сергектігін бақылау жүйесінің болмауы;
      бір машинист қызмет көрсеткен кезде поезды локомотивте және моторвагонды поезда автожүргізу жүйесі құрылғысының болмауы;
      моторвагонды жылжымалы құрамда есіктің жабылуын бақылау сигнализацияларының және «жолаушы-машинист» байланысының болмауы;
      бір машинист қызмет көрсететін маневрлік локомотивте оларды вагондардан қашықтық ажырату құрылғыларының болмауы;
      бір машинист қызмет көрсететін маневрлік локомотивте басқарудың екінші пультінің болмауы;
      жылына екі рет (көктемде және күзде) комиссиялық түрде қарауынсыз тартқыш жылжымалы құрам, жолаушылар вагондары және АЖҚ рұқсат етілуі;
      бір машинист қызмет көрсететін маневрлік локомотивте машинистің локомотивті жүргізу қабілеттілігі кенеттен жоғалған жағдайда автоматты тоқтатуды қамтамасыз ететін құрылғының болмауы;
      локомотивтердің және моторвагонды жылжымалы құрамның белгіленген қызмет мерзімін өтеген жүк және жолаушы поезына жіберілуі;
      дыбыс сигналын беруге арналған аспаптың ақаулығымен локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;
      пневматикалық ақаулығымен локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;
      ең болмаса бір тартымдық электр қозғалтқышының ақаулығы немесе өшіп қалған локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;
      автоматты локомативтік сигнализациясы немесе қауіпсіздік құрылғылары ақаулы локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;
      автотоқтату немесе машинистің сергектігін тексеру құрылғылары қаулы локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;
      электрпневматикалық ақаулығымен локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;
      поездық және маневрлік радиобайланысы ақаулығы, ал моторвагонды жылжымалы құрамда – «жолаушы - машинист» байланысының ақаулығы бар локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды жіберуі;
      гидродемпферлерінің, аккумуляторлық батареясының ақаулығы бар локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;
      автотіркегіш құрылғыларының ақаулығы бар, соның ішінде ағыту тұтқышы шынжырының үзілуі немесе оның деформациясы бар локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;
      құм беру жүйесінің ақаулығы бар локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;
      прожекторының, буферлік шамының, жарықтандыруының, бақылау немесе өлшеу аспабының ақаулығы бар локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;
      қамыты, серіппелі іліністе немесе серіппесінің түпкі табанында жарығы, серіппе табағының сынуы бар локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;
      букс корпусындағы жарық локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;
      букстық немесе моторлы – осьтік мойынтірегі ақаулы локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;
      бөлшектердің жолға түсіп қалуынан сақтандыратын конструкцияда көзделген құрылғының болмауы немесе оның ақаулығы бар локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;
      тартқыш тісті берілістің ең болмағанда бір ғана тісінің жарығы немесе сызаты болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілуі;
      жаққыш майдың ағып кетуіне әкелетін тісті беріліс қаптамасының ақаулығымен локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілуі;
      жоғары вольтты камераның қорғағыш бұғаттауының ақаулығымен локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілуі;
      ток қабылдағыштың ақаулығымен локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілуі;
      өрт сөндіру құралдарының, автоматты өрт сөндіру сигнализациясының (локомотив конструкциясында көзделген) ақаулығы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілуі;
      электр жабдығының қорғану қаптамаларының болмаған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілуі;
      локомотивті басқарудың микропроцессорлық жүйесінің ақаулығы болған жағдайда локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілуі;
      қол тежегіштердің немесе сығымдағыштың ақаулығымен локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;
      поездарға электрпневматикалық тежегішінің, электр жабдықтарының, өрт сөндіру сигнализациясының, тасымалдау жағдайларын бұзатын ауаны баптау, желдету, жылыту жүйесінің ақаулықтары және жолаушыларды, жолаушылар вагондарын қосуға рұқсат етілуі;
      жүк тиеуге және адамдарды отырғызуға техникалық қызмет көрсетуге ұсынылмаған вагондарды беруге рұқсат етілуі;
      құрастыру және тарату станцияларында, жүру жолында поездар қозғалысы графигінде көзделген станцияларда техникалық қызмет көрсетуді өтпестен поезда вагонды пайдалануы;
      жолаушылар вагондарындағы электр қорғау құрылғылары, өрт сөндіру құралдары, өрт сигнализациясы және автоматика кезеңдік сынақтан өткізілуі;
      қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары жөндеудің жоспарлы-ескерту түрлерінен, техникалық қызмет көрсетуді уақытылы өткізу және пайдалану процесінде техникалық жарамды күйде пайдалануы;
      деполық немесе күрделі жөндеуден өтпеген, жедел резервтегі қар жинағыш және қар тазалағыш техниканы қар жинау бойынша жұмысқа жіберу;
      жедел резервтегі АЖҚ-ны техникалық қарап тексермей станциядан жөнелтілуі;
      автоматты тежегіштермен жабдықталмаған арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;
      автоматты тежегіштермен жабдықталмаған жылжымалы құрамды элекрпневматикалық тежегіштермен жабдықталмаған, жолаушылар поездарын жүргізуге арналған жолаушылар вагондарын, моторвагонды жылжымалы құрам мен локомотивтерді жіберу;
      тоқтату кранымен жабдықталмаған, адамдарды тасымалдау үшін шаруашылық, қала маңы поездарды қосылатын жүк вагондарын жіберу;
      жолаушылар поезды бастығының (механик-бригадирінің) локомотив машинисімен радиобайланысы жұмыс істемейтін радиокупесі (штабтық) бар жолаушылар вагондарын қосуға рұқсат етілуі;
      локомотивті, жолаушылар, жүк вагондарын, моторвагонды және АЖҚ қол тежегішінсіз пайдаланылуы;
      жылжымалы құрамның және АЖҚ іліністік құрылғысыз пайдаланылуы;
      жылжымалы құрамды, сонымен қоса АЖҚ егер оның доңғалақ жұбы осінің кез-келген бөлігінде немесе оның құрсауында, дискісінде доңғалақ күпшегінде жарығы, доңғалақ жұбының жалында сүйірленген қажағы болғанда пайдалануға берілуі және поездармен жүруге жіберу;
      қозғалыс жылдамдықтары сағатына 120 км-ден жоғары және сағатына 140 км-ге дейін: локомотивтердің, моторвагонды жылжымалы құрамның, жолаушы вагондарының домалау шеңбері бойынша 5 мм-ден артық сырғанау рұқсат етілуі;
      қозғалыс жылдамдықтары сағатына 120 км-ден жоғары және сағатына 140 км-ге дейін: жотаның биіктігі 30 мм кезінде жотаның басынан 20 мм қашықтықта өлшеген кезде локомотивтерде, ал жотаның биіктігі 28 мм жылжымалы құрамда - жотаның басынан 18 мм қашықтықта өлшегенде жалдың қалыңдығы 33 мм-ден астам немесе 25 мм-ден кем болса рұқсат етілуі;
      қозғалыс жылдамдықтары сағатына 120 км болғанда жүріп өту шеңбері бойынша локомотивтерде, сондай-ақ моторвагонды жылжымалы құрамда және алыс сапардағы қатынастағы поездардың жолаушы вагондарында - 7 мм-ден астам, моторвагондық және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда, жергілікті және қала маңы қатынасы поездарының жолаушы вагондарында - 8 мм-ден астам, рефрижераторлық парк вагондарында және жүк вагондарында - 9 мм-ден астам болғанда рұқсат етілуі;
      қозғалыс жылдамдықтары сағатына 120 км болғанда жотаның биіктігі 30 мм кезінде жотаның басынан 20 мм қашықтықта өлшеген кезде локомотивтерде, ал жотаның биіктігі 28 мм жылжымалы құрамда - жотаның басынан 18 мм қашықтықта өлшегенде жалдың қалыңдығы 33 мм-ден астам немесе 25 мм-ден кем болса рұқсат етілуі;
      қозғалыс жылдамдықтары сағатына 120 км болғанда арнайы шаблонмен өлшенетін жотаның тігінен қиылысуының биіктігі 18 мм - ден астам болғанда рұқсат етілуі;
      локомотивтерде, моторвагонды және АЖҚ, сондай-ақ роликтік букс мойынтіректері және кассеталық үлгідегі мойынтіректері бар вагондарда тереңдігі 1 мм-ден астам, ал тендерлерде 2 мм-ден астам сырғанау сырғақ (ойық) бетінде болғанда рұқсат етілуі;
      поездарда айналадағы ауытқулары ұлғаюы жағына 3 мм-ден және азаю жағына да 1 мм-ден аспаған жағдайда жылдамдығы сағатына 160 км-ге дейінгі «Patentes Talgo S.L.» компаниясы шығарған вагондардарды пайдалану;
      жотаның қалыңдығы 28 мм кем болмауы, доңғалақ құрсамасының қалыңдығы – кем дегенде 40 мм, домалау шеңбері бойынша сырғанауы 3 мм-ден артық болған жағдайда «Patentes Talgo S.L.» компаниясы шығарған вагондардарды пайдалану;
      сырғанау шеңбері бойынша доңғалақтар диаметрлерінің айырмашылығы доңғалақ жұбын шығарып қайрау кезінде – 0,5 мм артық болмайды, шығарусыз – 1 мм артық болған жағдайда «Patentes Talgo S.L.» компаниясы шығарған вагондардарды пайдалану;
      шектес вагондар арбашаларының арасындағы доңғалақ диаметрлерінің айырмашылығы – 5 мм артық болған жағдайда «Patentes Talgo S.L.» компаниясы шығарған вагондардарды пайдалану;
      құрылыстар, жабдықтар, механизм мен құралдардың «Темір жол көлігінде техникалық пайдаланымы ережесін бекіту туралы» 2013 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 87 қаулысымен қабылданған Темір жол көлігінде техникалық пайдаланымы ережесіне сәйкестігі;
      бас және станциондық жолдардағы барлық қарсы бағыттамалық бұрмалардың үшкірлері мен рельс эксплуатациясы қуаттылығы мен жағдайы сәйкес келуі;
      бас жолдардағы барлық қарсы бағыттамалық бұрмалардың үшкірлері алдынан бастап тепкіш білеулердің болмауы;
      қисық учаскелерде басты жолдарға жаңадан бағыттамалық бұрмаларды орнатуға рұқсат ету;
      бағыттамалық үшкірлердің және тартқыштары бар айқастырмалардың жылжымалы өзекшелерінің ажырауы болған жағдайда бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды пайдалануға рұқсат ету;
      қысылған үшкір мен рамалық рельс немесе жылжымалы өзекшемен жақтаудың арасындағы саңылау 4 мм және одан астам болған кезде бағыттама үшкірлерінің немесе айқастырманың жылжымалы өзекшесінің тұйықталуына жол берген жағдайда бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды пайдалануға рұқсат ету;
      үшкірдің немесе жылжымалы өзекшені үгітілуі, бұл кезде жотаның төну қаупі туындайды, және барлық жағдайда ұзындығы: басты жолда 200 м және одан көп болуған жағдайда бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды пайдалануға рұқсат ету;
      үшкірдің немесе жылжымалы өзекшені үгітілуі, бұл кезде жотаның төну қаупі туындайды, және барлық жағдайда ұзындығы: қабылдау - жөнелту жолдарында 300 мм болған жағдайда бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды пайдалануға рұқсат ету;
      үшкірдің немесе жылжымалы өзекшені үгітілуі, бұл кезде жотаның төну қаупі туындайды, және барлық жағдайда ұзындығы: өзге станциялық жолдарда 400 мм болуған жағдайда бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды пайдалануға рұқсат ету;
      үшкір басының немесе жылжымалы өзекшенің ені үстіңгі бетінде 50 мм және одан астам болып келетін қимасында өлшенетін үшкірдің рамалық рельсінің қарсысында және жылжымалы өзекшенің жақтаудың қарсысында 2 мм - ге және одан астамға төмендеген жағдайда бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды пайдалануға рұқсат ету;
      айқастырма өзекшесінің жұмыстың қыры мен жанама рельс тік қалпақшасының жұмыстық қырының арасындағы қашықтық 1472 мм-ден кем болған жағдайда бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды пайдалануға рұқсат ету;
      жанама рельс пен жақтаудың жұмыс қырлары арасындағы қашықтық 1435 мм - ден артық болған жағдайда бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды пайдалануға рұқсат ету;
      үшкірдің немесе рамалық рельстің омырылуы, айқастырманың (өзекшенің, жақтаудың немесе жанама рельстің) омырылған жағдайда бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды пайдалануға рұқсат ету;
      бір бұрандамалы ішпекте контррельстік бұрандаманың немесе қос болтты ішпекте екеуінің де ажыраған жағдайда бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды пайдалануға рұқсат ету;
      орталықтандырылмаған бағыттамаларында поездарды қабылдау және жөнелту жүргізілетін жолдарда бақылау және қорғалатын бағыттама құлыптарының болмауы;
      орталықтандырылмаған бағыттамаларында 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдары) бар вагондардың тұруына бөлінген жолдарда бақылау бағыттама құлыптарының болмауы;
      орталықтандырылмаған бағыттамаларында қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының тұруына бөлінген жолдарда бақылау бағыттама құлыптарының болмауы;
      орталықтандырылмаған бағыттамаларында сақтандырғыш және ұстағыш тұйықтарында бақылау бағыттама құлыптарының болмауы;
      орталықтандырылмаған бағыттамаларында ақаутапқыш вагондардың, жол өлшегіш вагондардың, теміржол құрылыс машиналарын тоқтатып қоюға бөлінген жолдарда бақылау бағыттама құлыптарының болмауы;
      бағыттамалар және айқастырмалардың жылжымалы өзекшелері (дөңестік және сұрыптау жолдарында орналасқандардан басқа), соның ішінде орталықтандырылған және бақылау құлыптары барлары, оларды ілінбелі құлыппен жабудың мүмкіндігі болу үшін үлгі құралдармен жабдықталмауы;
      темір жолдағы кірме және қосылу жолдарының қабылдау-жөнелту және басқа станциялық жолдарға қосылу жерлерінде жылжымалы құрамның өздігінен станцияға немесе аралыққа қарай шығып кетуіне жол бермеу үшін сақтандырғыш тұйықтар, қорғағыш бағыттамалар, лақтырғыш табандықтар, лақтырғыш үшкірлер немесе түсіргіш бағыттамалардың пайдалануы;
      сақтандырғыш тұйықтардың ұзындығы 50 м кем болғанда пайдалануы;
      бір станцияның шегінде сериясы бірдей бағыттамалық бақылау құлыптарына, ал ірі станцияларда – бір бағыттамалық аудан шегінде және онымен іргелес орналасқан басқа аудандардың бағыттамалық қосындардың қолданылуы;
      қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы автомотрисалар мен дрезиналар тұрақты тұратын жолдарға жылжымалы құрамды қойылуы;
      қозғалыс үшін қауіпті, жұмыстар жүргізілетін жерлер немесе сигналдармен қоршалғанға дейін жұмыстарға кірісуге рұқсат етілуі;
      кедергі жойылғанға, жұмыстар толық аяқталғанға, жолдың, түйіспе желісінің күйі, габариттің сақталуы тексерілгенге дейін, кедергіні немесе жұмыстар жүргізілетін жерді қоршап тұрған сигналдарды алуға рұқсат етілуі;
      елеулі бұзушылықтарға мыналар жатады:
      егер осындай вагондардың жол жүруі туралы ерекше нұсқаулар берілмесе габаритті емес жүктері бар поездарды шығару және платформаларды, транспортерлер мен жартылай вагондарды жіберу;
      жабылмаған және бекітілмеген борттары бар поездарды шығару және платформаларды, бекітілмеген бункерлерлі бар вагондарды, тиеу-түсіру жоғарғы және төменгі құрылғысының ашық қақпақтары бар цистерналарды, хопперлерді, бидай тасушыларды және осындай жылжымалы құрамды жолға жіберу;
      ашық есіктері мен люктері немесе бекіту механизімінің бір бекітпесімен жабылған люктері бар поездарды шығару және жартылай вагондарды жолға жіберу;
      ашық және есік бекітпесімен құлыпталмаған есіктері бар поездарды шығару және жабық жүк тиелмеген вагондарды, айналу дөңгелегі бойынша битумнан тазаланбаған доңғалақ жұптары бар мұнай битумын тасымалдауға арналған вагондарды жолға шығару;
      жолаушылар поезында ақаулы жылу жабдығымен вагондардың бар болуы;
      жолаушылар поезында ақаулы желдеткішімен вагондардың бар болуы;
      жылжымалы құрамның жолаушылар вагондарында, жолаушылардың және қызмет көрсететін персоналдың жүруі мүмкін жерлерде (бас, аяқ, дене деңгейінде) оларды жарақаттауы мүмкін құрылым және жабдық элементтерінің болуы;
      жолаушылар вагондарында пломбаланбаған тоқтату-крандардың болуы;
      вагонды ақаулы электржабдығымен, жарықтандыру желісімен, қыздыру аспаптарымен пайдалану;
      үйлестіру стандарттарында немесе вагондарды жасаушы зауыттың нұсқаулығында белгіленбеген әдіспен аккумулятор батареяларын зарядтау;
      жол жүру кезінде вагондарда бүркеніштерді ашу немесе стабилизаторлардың жөндеуін немесе реттеуін жүргізу;
      жолаушылар вагондарында өлшеу құралдарын тиісті бақылаусыз (вольтметрдегі, амперметрдегі көрсеткіштерді) тоқпайдаланушылардың болуы;
      жолаушылар вагонын ақаулы аккумулятор батареясымен пайдалану (қысқа тұйық элементтердің бар болуы, маңдайшаның немесе сымның иілмелі желісінің 20 пайызының үзілуі, сақтандырушылардың қақпақсыз немесе ашық қораптармен болуы кезінде, бүлінген немесе электрлитпен төгілген тыстың, электрлиттің тиісті тығыздығынсыз және деңгейінсіз);
      габаритті емес поездарды өткізуге арналған станциялардағы жол біліктерінің арасы 4800 мм кем болуы;
      авариялық жағдайларды және олардың салдарын жою үшін қажет құралдардың және мобильді бөлімшелердің (оның ішінде келісім бойынша) болмауы;
      тасымалдаушылардың жолаушылар вагонының белгіленген санаттарын, оның ішінде жайлылық деңгейі бойынша сақтамауы;
      жолаушыларға жолаушылар поездары мен вокзалдарында көрсетілетін міндетті қызмет тізбесін, оның ішінде жедел медициналық көмекті қоса алғанда сақтамау;
      жолаушылардың жол жүруі, төсек жабдықтарын және поезда өзге қызмет көрсету шартының өзгеру тәртібін сақтамауы;
      тасымалдаушыларға багажды, жүк багажын қабылдау және беру шартын және тәртібін сақтамауы;
      тасымалдау құжаттарының белгіленген нысандарын және оларды ресімдеу тәртібін сақтамауы;
      тасымалдаушылардың жүк багаждарын тасымалдау тәртібін сақтамауы;
      тасымалдаушылардың багажды және жүк багажын сақтау, ұстап қалу, беру тәртібін сақтамауы;
      жылжымалы құрамды мемлекеттік қайта/тіркеудің жоқтығы;
      кәмелетке толмаған балаларды алып жүру ережесін сақтамау;
      халықаралық қатынаста 1520 мм жолтабанда жол жүруге арналған темір жол жылжымалы құрамына сертификаттың болуы;
      жылдамдығы 60 км/сағ жолаушылар поезының жүру маршрутын өздігінен жүретін жылжымалы құрамсыз (жолөлшегіш вагон, вагон-дефектоскоп) тексеру;
      электрифициттелген жолдардың үстінде орналасқан құбырларда және жаяу жүргінші көпірлерде сақтандыру қалқандарының және жоғарғы кернеулі байланыс желісінің бөлшектерін қоршау үшін адамдар өтетін жерде бірыңғай төсеудің жоқтығы;
      жолаушылар поездарында сигналды фонарьлардың болмауы;
      жүк контейнерлерінде жағымсыз иісті, ластаушы жүктерді тасымалдағаннан кейін контейнерді, контейнердің жоғарғы жағын жуу және дизинфекциялау;
      вагонның трафареттік жүккөтергіштігін бекіту реквизиттерін есепке алғанда жүк массасын асыру;
      кадрларды техникалық оқытуды және олардың біліктілігін көтеруді ұйымдастырудың, қалыпты емес жағдайларда (жылжымалы құрамның жолдан шығуы, соқтығысуы, авариялық жағдайдың туындауы) әрекет етудің практикалық дағдысының болмауы;
      темір жол вокзалдарында жолаушылар поездарының келу және кету уақыты туралы қажетті және нақты ақпараттың болмауы;
      локомотивттер мен моторвагонды теміржол жылжымалы құрамды (өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамды) поездардың айналым бағыттары бойынша инфрақұрылымның поездық радиобайланыс жүйесімен үйлесетін (инфрақұрылымда пайдаланған жағдайда) поездық радиобайланыс құрылғыларымен, белгіленген көрсеткіштерді тіркейтін жылдамдық өлшегішпен, автоматты локомотивтік сигнализацияның локомотивтік құрылғыларының және қауіпсіздік құрылғыларының болмауы;
      поездық локомотивтерге және моторвагондық поездарға бір машинист қызмет көрсеткен кезде артқы көрініс айналарымен немесе басқа ұқсас құрылғылардың болмауы;
      поездық локомотивтерге және моторвагондық поездарға бір машинист қызмет көрсеткен кезде автоматты өрт сөндіру жүйесінің және өртсөндіргіш жүйесінің болмауы;
      локомотивттің және моторвагонды және жылжымалы құрамның қысқа тұйықталу токтарынан, асқын жүктемеден және асқын кернеуден қорғау, дизельдің авариялық тоғынын сақтандыру құрылғыларының ақаулығы, дизельден тарсылдау, бөтен шуылдарының рұқсат етілуі;
      локомотивттің және моторвагонды және жылжымалы құрамның дизельден тарсылдау, бөтен шуыл дыбыстарының пайда болуына рұқсат етілуі;
      электр жылытуды автоматты басқару жүйесінсіз электр жылытуы бар жолаушылар поездарына қосылатын пайдалануға берілетін вагондар рұқсат ету;
      тасымалданатын жүктің сақталуына кепілдік бермейтін поезға жүк вагондарының қосылуы;
      шамалы бұзушылықтарға мыналар жатады:
      жаңа құрылғыларды, қауіпсіздік аспаптарын және жүйелерін жасау және енгізу бойынша тұрақты жұмысты орындамау;
      мемлекеттік көліктік бақылау органдарына қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін апаттың немесе апаттық жағдайдың туындауы туралы ақпаратты уақытында ұсынбау;
      ерекше құжатпен жол жүретін вагондарды (өз білігіндегі жүк ретінде) қоспағанда, белгіленген жөндеу түрлерін жасау туралы трафареті жоқ поездарды шығару және вагондарды жолға жіберу;
      өз өлшемі, орамы, қасиеті бойынша тасымалдаушының мүлкіне, пошта жөнелтілімдеріне және багажға, өзге жолаушылардың жүк багажына зиян келтіру арқылы багаж вагонына тиелетін және орналасатын заттарды және нәрселерді багажбен, жүкбагажымен тасымалдауға қабылдау;
      жолаушылар вагонында қуаттылығы схемамен және зауыт-жасаушымен белгіленгеннен жоғары электр шамдары бар жолаушылар вагонын пайдалану;
      санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтаусыз адамдарды, жануарларды, қауіпті және аса қауіпті жүктерді тасымалдау;
      ашық жылжымалы құрамда қағаздан, пергаминнен және өзге тез жанатын материалдардан сыртқы орамы бар жүктерді тасымалдау;
      пайдаланудың барлық мерзіміне темір жол жылжымалы құрамында және оның құрамдас бөлшектерінде «Темір жол көлігінің және онымен байланысты инфрақұрылымның қауіпсіздігіне талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 794 қаулысымен бекітілген «Темір жол көлігінің және онымен байланысты инфрақұрылымның қауіпсіздігіне талаптар» Техникалық регламентте қарастырылған қажетті сәйкестендіру және ескерту жазбалары мен маркировкалардың, қауіпсіз пайдаланудың ерекшеліктері мен шарттары туралы белгілердің болмауы;
      тасымалдаушылардың тасымалдауға рұқсат етілген жануарларды тасымалдау тәртібін, оларды тасымалдау шарттарын сақтамауы;
      жол жүру кезінде тасымалдаушының багажды және жүк багажын беру тәртібін сақтамауы;
      темір жол вокзалдарында перронға шығу үшін шығару тәртібінің болмауы;
      багажды тасымалдау үшін ақы төлеудің болмауы;
      темір жол вокзалдарында билет және багаж кассаларының жұмыс режимі, вокзал орын-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтердің тізбесі туралы ақпараттардың болмауы;
      бір машинист қызмет көрсететін маневрлік локомотивтерінің артқы көрініс айналарының болмауы;
      локомотивтерде және моторвагонды жылжымалы құрамда орнатылған манометрлерге, сақтандырғыш клапандарға, сондай-ақ электр энергиясы мен отынның жұмсалуын тіркейтін аппараттар мен аспаптарда пломбасының болмауы;
      локомотивтерде және моторвагонды жылжымалы құрамда орнатылған манометрлерге, сақтандырғыш клапандарға, сондай-ақ электр энергиясы мен отынның жұмсалуын тіркейтін аппараттар мен аспаптарда пломбасының болмауы;»;
      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-220-жолдармен толықтырылсын:
      «

123

Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулары бар жылжымалы құрамды, соның ішінде арнайы жылжымалы құрамды пайдалануға және поездарда жүруге жібермеу

/ /


124

Жөндеудің жоспарлы-ескерту түрлерінен және техникалық қызмет көрсетуден уақытылы өтпеген жылжымалы құрамды және АҚЖ пайдалануға рұқсат бермеу

/ /


125

Жыл сайынғы метрологиялық тексеруден аппаратурасы өндірушінің пайдалану құжаттарына сәйкес аппаратура, кемінде мыналардан, техникалық қызмет көрсетуден кемінде жылына 1 рет, орташа жөндеуден 2 жылда кемінде 1 рет, жаңғыртудан 4-6 жылда кемінде бір рет өтпеген жол өлшеуіш және дефектоскопты аппаратурамен жабдықталған АЖҚ жіберуге рұқсат бермеу

/ /


126

Жұмыс істеп тұрған локомотивтерді, моторвагонды және АЖҚ, оларды пайдалана алатын қызметкердің қадағалауынсыз депо жолдарында және кәсіпорындардың жолдарында, ал АЖҚ машиниссіз және жүргізушісіз немесе олардың көмекшісінсіз станциялық жолдарда қалдыруға рұқсат етпеу

/ /


127

Жолаушылар локомотивінде электрпневматикалық тежегіштерді басқару құрылғыларының, жоғары вольтті жылыту үшін қуатты іріктеудің болуы

/ /


128

Жүк поездарының локомотивтері магистральды тежегіш тығыздығын бақылау үшін құрылғылармен, аспаптармен жабдықталуы

/ /


129

Поездық локомотивтерге және моторвагондық поездарға бір машинист қызмет көрсеткен кезде поездың тежелуін автоматты басқару жүйесімен немесе кешенді локомотивтік қауіпсіздік құрылғысымен, сондай-ақ машинистің сергектігін бақылау жүйесімен жабдықталуы

/ /


130

Поездық локомотивтерге және моторвагондық поездарға бір машинист қызмет көрсеткен кезде автожүргізу жүйесімен жарақтандырылуы

/ /


131

Моторвагонды жылжымалы құрам есіктердің жабылуын бақылау сигнализациясымен және «жолаушы-машинист» байланысымен жабдықталуы

/ /


132

Бір машинист қызмет көрсететін маневрлік локомотивтер оларды вагондардан дистанциялық ағыту құрылғыларымен жабдықталуы

/ /


133

Бір машинист қызмет көрсететін маневрлік локомотивтер екінші басқару пультімен жабдықталуы

/ /


134

Бір машинист қызмет көрсететін маневрлік локомотивтер артқы көрініс айналарымен жабдықталуы

/ /


135

Бір машинист қызмет көрсететін маневрлік локомотивтер машинист кенеттен локомотив жүргізу қабілетінен айырылған кезде автоматты тоқтату құрылғыларымен жабдықталуы

/ /


136

Белгіленген қызмет көрсету мерзімі өткен локомотивтер мен моторвагонды жылжымалы құрамды жүк және жолаушы поездарға беруге рұқсат етілмеуі

/ /


137

Дыбыс сигналын беруге арналған аспаптың ақаулығы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі

/ /


138

Пневматикалық тежегіштің ақаулығы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі

/ /


139

Ең болмаса бір тартымдық электр қозғалтқышының ақаулығы немесе өшіп қалуы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі

/ /


140

Автоматты локомотивтік сигнализациясының немесе қауіпсіздік құрылғыларының ақаулығы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі

/ /


141

Автоқтатудың немесе машинистің сергектігін тексеру құрылғыларының ақаулығы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі


/ /


142

Электрпневматикалық тежегіштің ақаулығы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі

/ /


143

Поездық және маневрлік радиобайланыс құрылғыларының ақаулылығы, ал моторвагонды жылжымалы құрамда - «жолаушы-машинист» байланысының ақаулылығы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі

/ /


144

Гидродемпферлердің, аккумуляторлық батареяның ақаулығы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі

/ /


145

Автотіркегіш құрылғылардың ақаулығы, соның ішінде ағыту тұтқышы шынжырының үзілуі немесе оның деформациясы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі

/ /


146

Құм беру жүйесінің ақаулығы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмейді

/ /


147

Прожектордың, буферлік шамның, жарықтандырудың, бақылау немесе өлшеу аспабының ақаулығы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі

/ /


148

Қамыттағы, серіппелі іліністегі немесе серіппенің түпкі табағындағы жарық, серіппе табағының сынуы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі

/ /


149

Букс корпусындағы жарық болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі

/ /


150

Букстық немесе моторлы-осьтік мойынтіректің ақаулығы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі

/ /


151

Бөлшектердің жолға түсіп қалуынан сақтандыратын конструкцияда көзделген құрылғының болмауы немесе оның ақаулығы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі

/ /


152

Тартқыш тісті берілістің ең болмағанда бір ғана тісінің жарығы немесе сызаты болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі

/ /


153

Жаққыш майдың ағып кетуіне әкелетін тісті беріліс қаптамасының ақаулығы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі

/ /


154

Жоғары вольтты камераның қорғағыш бұғаттауының ақаулығы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі



155

Ток қабылдағыштың ақаулығы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі



156

Өрт сөндіру құралдарының, автоматты өрт сөндіру сигнализациясының ақаулығы (локомотив конструкциясында көзделген) болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі

/ /


157

Электр жабдығының қорғаныш қаптамаларының болмауы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі


/ /


158

Локомотивті басқарудың микропроцессорлық жүйесінің ақаулығы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі

/ /


159

Қол тежегіштің немесе сығымдағыштың ақаулығы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмеуі

/ /


160

Поездарға электрпневматикалық тежегішінің, электр жабдықтарының, өрт сөндіру сигнализациясының, тасымалдау жағдайларын бұзатын ауаны баптау, желдету, жылыту жүйесінің ақаулықтары және жолаушыларды, жолаушылар вагондарын қосуға рұқсат етілмеуі

/ /


161

Жүк тиеуге және адамдарды отырғызуға техникалық қызмет көрсетуге ұсынылмаған вагондарды беруге рұқсат етілмеуі

/ /


162

Қалыптастыру және тарату станцияларында, жол жүріп келе жатқанда – поездардың қозғалысы кестесінде көзделген станцияларда вагондардың техникалық қызмет көрсетуден өтуі рұқсат етілмеуі

/ /


163

Жолаушылар вагондарындағы электр қорғау құрылғылары, өрт сөндіру құралдары, өрт сигнализациясы және автоматика кезеңдік сынақтан өткізілуі рұқсат етілмеуі

/ /


164

Қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары жөндеудің жоспарлы-ескерту түрлерінен, техникалық қызмет көрсетуді уақытылы өткізу және пайдалану процесінде техникалық жарамды күйде ұсталуы рұқсат етілмеуі

/ /


165

Жедел резервтегі деповтық және капиталды жөндеуден өтпеген қар жинағыш және қар тазалағыш техникасы бар поездарды жұмысқа кірісуіне рұқсат етілмеуі

/ /


166

Жедел резервтегі АЖҚ-ны техникалық қарап тексермей станциядан жөнелтуге рұқсат етілмеуі

/ /


167

Өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам автоматты тежегіштермен жабдықталуына рұқсат етілмеуі

/ /


168

Жолаушылар вагондары, моторвагонды жылжымалы құрам және жолаушылар поездарын жүргізуге арналған локомотивтер, бұдан басқа, электрпневматикалық тежегіштермен жабдықталуына рұқсат етілмеуі

/ /


169

Шаруашылық, қала маңындағы поездардың құрамына адамдарды тасымалдау үшін енгізілетін жүк вагондары тоқтату кранымен жабдықталмаған жағдайда пайдалануға жібермеуі

/ /


170

Жолаушылар поезды бастығының (механик-бригадирінің) локомотив машинисімен радиобайланысы жұмыс істемейтін радиокупесі (штабтық) бар жолаушылар вагондарын қосуға рұқсат етілуі;

/ /


171

Локомотивтер, жолаушылар, жүк вагондары, моторвагонды және АЖҚ қол тежегіштерімен жабдықталмауы


/ /


172

Жылжымалы құрам және АЖҚ тіркеу құрылғысымен жабдықталуы рұқсат етілмеуі

/ /


173

Жылжымалы құрамды, сонымен қоса АЖҚ егер оның доңғалақ жұбы осінің кез келген бөлігінде немесе оның құрсауында, дискісінде және доңғалақ күпшегінде жарығы, доңғалақ жұбының жалында сүйірленген қажағы болса, сондай-ақ жол мен жылжымалы құрамның қалыпты өзара байланысын бұзатын доңғалақ жұбының келесі тозулары мен зақымданулары кезінде, пайдалануға беруге және поездармен жүруіне рұқсат етілмейді

/ /


174

Қозғалыс жылдамдықтары сағатына 120 км-ден жоғары және сағатына 140 км-ге дейін: локомотивтердің, моторвагонды жылжымалы құрамның, жолаушы вагондарының домалау шеңбері бойынша 5 мм-ден артық сырғанау рұқсат етілмеуі

/ /


175

Жотаның биіктігі 30 мм кезінде жотаның басынан 20 мм қашықтықта өлшеген кезде локомотивтерде, ал жотаның биіктігі 28 мм жылжымалы құрамда - жотаның басынан 18 мм қашықтықта өлшегенде жалдың қалыңдығы 33 мм-ден астам немесе 25 мм-ден кем болса рұқсат етілмеуі

/ /


176

Жүріп өту шеңбері бойынша локомотивтерде, сондай-ақ моторвагонды жылжымалы құрамда және алыс сапардағы қатынастағы поездардың жолаушы вагондарында - 7 мм-ден астам, моторвагондық және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда, жергілікті және қала маңы қатынасы поездарының жолаушы вагондарында - 8 мм-ден астам, рефрижераторлық парк вагондарында және жүк вагондарында - 9 мм-ден астам болғанда рұқсат етілмеуі

/ /


177

Жотаның биіктігі 30 мм кезінде жотаның басынан 20 мм қашықтықта өлшеген кезде локомотивтерде, ал жотаның биіктігі 28 мм жылжымалы құрамда - жотаның басынан 18 мм қашықтықта өлшегенде жалдың қалыңдығы 33 мм-ден астам немесе 25 мм-ден кем болса рұқсат етілмейді




/ /


178

Арнайы шаблонмен өлшенетін жотаның тігінен қиылысуының биіктігі 18 мм-ден астам болғанда рұқсат етілмеуі

/ /


179

Локомотивтерде, моторвагонды және АЖҚ, сондай-ақ роликтік букс мойынтіректері және кассеталық үлгідегі мойынтіректері бар вагондарда тереңдігі 1 мм-ден астам, ал тендерлерде 2 мм-ден астам сырғанау сырғақ (ойық) бетінде болғанда рұқсат етілмеуі

/ /


180

Доңғалақтардың ішкі қырларының арасындағы қашықтық 1440 мм болуы тиіс, «Patentes Talgo S.L.» компаниясы шығарған, жылдамдығы сағатына 160 км-ге дейінгі поездарда айналадағы ауытқулары ұлғаюы жағына 3 мм-ден және азаю жағына да 1 мм-ден асуы рұқсат етілмейді

/ /


181

Жотаның қалыңдығы 28 мм кем болмауы, доңғалақ құрсамасының қалыңдығы – кем дегенде 40 мм, домалау шеңбері бойынша сырғанауы 3 мм-ден артық болуы рұқсат етілмейді

/ /


182

Сырғанау шеңбері бойынша доңғалақтар диаметрлерінің айырмашылығы доңғалақ жұбын шығарып қайрау кезінде – 0,5 мм артық болмайды, шығарусыз – 1 мм артық болуы рұқсат етілмейді

/ /


183

Шектес вагондар арбашаларының арасындағы доңғалақ диаметрлерінің айырмашылығы – 5 мм артық болуы рұқсат етілмейді


/ /


184

Құрылыстар, құрылғылар, механизмдер мен жабдықтар «Темір жол көлігінде техникалық пайдаланымы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы № 87 қаулысымен бекітілген Темір жолдардың техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес

/ /


185

Бас және станциондық жолдардағы барлық қарсы бағыттамалық бұрмалардың үшкірлері мен рельс эксплуатациясы қуаттылығы мен жағдайы сәйкес келмесе рұқсат етілмеуі

/ /


186

Бас жолдардағы барлық қарсы бағыттамалық бұрмалардың үшкірлері алдынан бастап тепкіш білеулер төселуі тиіс

/ /


187

Қисық учаскелерде басты жолдарға жаңадан бағыттамалық бұрмаларды орнатуға рұқсат етілмейді

/ /


188

Қысылған үшкірі бар бағыттамалық бұрмалар және жылжымалы жүрекше қиылысын эксплуатацияға жіберуге рұқсат етілмейді

/ /


189

Қысылған үшкір мен рамалық рельс немесе жылжымалы өзекшемен жақтаудың арасындағы саңылау 4 мм және одан астам болған кезде бағыттама үшкірлерінің немесе айқастырманың жылжымалы өзекшесінің тұйықталуына жол бермеу



/ /


190

Үшкірдің немесе жылжымалы өзекшені үгітілуі, бұл кезде жотаның төну қаупі туындайды, және барлық жағдайда ұзындығы: басты жолда 200 м және одан көп болса рұқсат етілмейді

/ /


191

Үшкірдің немесе жылжымалы өзекшені үгітілуі, бұл кезде жотаның төну қаупі туындайды, және барлық жағдайда ұзындығы: қабылдау-жөнелту жолдарында 300 мм рұқсат етілмейді


/ /


192

Үшкірдің немесе жылжымалы өзекшені үгітілуі, бұл кезде жотаның төну қаупі туындайды, және барлық жағдайда ұзындығы: өзге станциялық жолдарда 400 мм рұқсат етілмейді

/ /


193

Үшкір басының немесе жылжымалы өзекшенің ені үстіңгі бетінде 50 мм және одан астам болып келетін қимасында өлшенетін үшкірдің рамалық рельсінің қарсысында және жылжымалы өзекшенің жақтаудың қарсысында 2 мм-ге және одан астамға төмендеуі рұқсат етілмейді

/ /


194

Айқастырма өзекшесінің жұмыстың қыры мен жанама рельс тік қалпақшасының жұмыстық қырының арасындағы қашықтық 1472 мм-ден кем болса рұқсат етілмейді

/ /


195

Жанама рельс пен жақтаудың жұмыс қырлары арасындағы қашықтық 1435 мм-ден артық болса рұқсат етілмейді

/ /


196

Үшкірдің немесе рамалық рельстің омырылуы, айқастырманың (өзекшенің, жақтаудың немесе жанама рельстің) омырылса рұқсат етілмейді

/ /


197

Бір бұрандамалы ішпекте контррельстік бұрандаманың немесе қос болтты ішпекте екеуінің де ажыраса рұқсат етілмейді

/ /


198

Бақылау бағыттама құлыптарымен поездарды қабылдау және жөнелту жүргізілетін жолдарда орналасқан, сондай-ақ қорғалатын болса рұқсат етілмейді

/ /


199

Бақылау бағыттама құлыптарымен 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдары) бар вагондардың тұруына бөлінген жолдарға апару рұқсат етілмейді

/ /


200

Бақылау бағыттама құлыптарымен қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының тұруына бөлінген жолдарға апару рұқсат етілмейді

/ /


201

Бақылау бағыттама құлыптарымен сақтандырғыш және ұстағыш тұйықтарға апару рұқсат етілмейді

/ /


202

Бақылау бағыттама құлыптарымен ақау тапқыш вагондардың, жол өлшегіш вагондардың, теміржол құрылыс машиналарын тоқтатып қоюға бөлінген жолдарға апаратын орталықтандырылмаған бағыттамалар жабдықталмаса рұқсат етілмейді

/ /


203

Бағыттамалар және айқастырмалардың жылжымалы өзекшелері (дөңестік және сұрыптау жолдарында орналасқандардан басқа), соның ішінде орталықтандырылған және бақылау құлыптары барлары, оларды ілінбелі құлыппен жабудың мүмкіндігі болу үшін үлгі құралдармен жабдықталады

/ /


204

Құралдар үшкірдің рамалық рельске, айқастырманың жылжымалы өзекшесін жақтауға тығыз жанасуын қамтамасыз етілмесе рұқсат етілмейді

/ /


205

Вагондардың өздігінен басқа жолдарға, поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарына шығып кетуінің алдын алу үшін сақтандыру тұйықтарын, қорғағыш бағыттамаларын, лақтырғыш табаншалардың, лақтырғыш үшкірлерді, лақтырғыш бағыттамаларды орналастырылуы, сондай-ақ вагондарды бекітуге арналған стационарлық құрылғыларды қолдану рұқсат етілмеуі

/ /


206

Сақтандырғыш тұйықтардың ұзындығы 50 м кем болғанда пайдалануға жол бермеу

/ /


207

Бір станцияның шегінде сериясы бірдей бағыттамалық бақылау құлыптарына, ал ірі станцияларда – бір бағыттамалық аудан шегінде және онымен іргелес орналасқан басқа аудандардың бағыттамалық қосындардың қолданылуы

/ /


208

Қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы автомотрисалар мен дрезиналар тұрақты тұратын жолдарға жылжымалы құрамды қойылуы

/ /


209

Қозғалыс үшін қауіпті, жұмыстар жүргізілетін жерлер немесе сигналдармен қоршалғанға дейін жұмыстарға кірісуге рұқсат етілуі


/ /


210

Кедергі жойылғанға, жұмыстар толық аяқталғанға, жолдың, түйіспе желісінің күйі, габариттің сақталуы тексерілгенге дейін, кедергіні немесе жұмыстар жүргізілетін жерді қоршап тұрған сигналдарды алуға рұқсат етілуі



/ /


211

Локомотивттер мен моторвагонды теміржол жылжымалы құрамды (өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамды) поездардың айналым бағыттары бойынша инфрақұрылымның поездық радиобайланыс жүйесімен үйлесетін (инфрақұрылымда пайдаланған жағдайда) поездық радиобайланыс құрылғыларымен, белгіленген көрсеткіштерді тіркейтін жылдамдық өлшегішпен, автоматты локомотивтік сигнализацияның локомотивтік құрылғыларының және қауіпсіздік құрылғыларының болмауы




/ /


212

Поездық локомотивтерге және моторвагондық поездарға бір машинист қызмет көрсеткен кезде артқы көрініс айналарымен немесе басқа ұқсас құрылғылардың болмауы



/ /


213

Поездық локомотивтерге және моторвагондық поездарға бір машинист қызмет көрсеткен кезде автоматты өрт сөндіру жүйесінің және өртсөндіргіш жүйесінің болмауы


/ /


214

Локомотивтің және моторвагонды және жылжымалы құрамның қысқа тұйықталу токтарынан, асқын жүктемеден және асқын кернеуден қорғау, дизельдің авариялық тоғынын сақтандыру құрылғыларының ақаулығы рұқсат етілуі




/ /


215

Локомотивттің және моторвагонды және жылжымалы құрамның дизельден тарсылдау, бөтен шуыл дыбыстарының пайда болуына рұқсат етілуі



/ /


216

Электр жылытуды автоматты басқару жүйесінсіз электр жылытуы бар жолаушылар поездарына қосылатын пайдалануға берілетін вагондар рұқсат ету


/ /


217

Тасымалданатын жүктің сақталуына кепілдік беремейтін поезға жүк вагондарының қосылуы

/ /


218

Бір машинист қызмет көрсететін маневрлік локомотивтерінің артқы көрініс айналарының болмауы

/ /


219

Локомотивтерде және моторвагонды жылжымалы құрамда орнатылған манометрлерге, сақтандырғыш клапандарға, сондай-ақ электр энергиясы мен отынның жұмсалуын тіркейтін аппараттар мен аспаптарда пломбасының болмауы

/ /


220

Локомотивтерде және моторвагонды жылжымалы құрамда орнатылған манометрлерге, сақтандырғыш клапандарға, сондай-ақ электр энергиясы мен отынның жұмсалуын тіркейтін аппараттар мен аспаптарда пломбасының болмауы

/ /


                                                            »;
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.Б. Әбсаттаров):
      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми Интернет-ресурсында жариялануын және оның МОИП орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрінің орынбасары -      Көлік және коммуникация
      Қазақстан Республикасының             министрі
      Өңірлік даму министрі                 ________ А. Жұмағалиев
      __________ Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады