Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 02 шілдеде № 8545 тіркелді

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын іске асыру мақсатында, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2013/2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 500 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (А.Ә. Сыздықова):
      1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада көзделген денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада көзделген денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын жасалған шарттар негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асаинова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі                  С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 353 бұйрығына    
қосымша         

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында
техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға
2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру

р/с

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары

Бөлінген орындардың саны

Мамандықтың атауы

Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны

1

2

3

4

5

1.

Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледж

285, оның ішінде 150 қазақ тілінде білім алушылар

Емдеу ісі

73, оның ішінде 50 қазақ тілінде білім алушылар, 10 - Ауғанстаннан келген тыңдаушылар

Ортопедиялық стоматология

50, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар

Мейіргер ісі

62, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар, оның ішінде «Массаж» біліктілігі бойынша мейіргер ісі 16

Зертханалық диагностика

75, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар

Гигиена және эпидемиология

25, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар

2.

Қарағанды мемлекеттік медицина  университеті

75, оның ішінде 50 қазақ тілінде оқитындар

Мейіргер ісі

50, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар

Емдеу ісі

25, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар

3.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

100, оның ішінде 100 қазақ тілінде білім алушылар

Емдеу ісі

50, оның ішінде 50 қазақ тілінде білім алушылар

Мейіргер ісі

25, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар

Фармация

25, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар

4.

«Эмили» медициналық орталығы

50, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар

Мейіргер ісі

50, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады