"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 03 шілдеде № 8561 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2014.11.14 № 494 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8398 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесінде:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 26-бабына сәйкес (бұдан әрі - Бюджет кодексі) бюджеттiк сыныптама Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнiң, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың шешімдері негiзiнде жасалады.»;
      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Орталық атқарушы және орталық мемлекеттік өзге де органдары республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері болып табылады, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың базалық құрылымына және тиісті мәслихат бекітетін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасына негiзделе отырып, айқындалады.»;
      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының негiзiнде мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес ерекшелiктердiң анықтамасы мен ерекшелiктер бойынша шығындардың тiзбесi көрсетiлетiн бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын жасайды және бекiтедi.
      23. Мемлекеттiк басқару органдарының Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзу жөнiндегi нормативтiк негiзделген тиiстi ұсыныстары бюджеттi жоспарлау процесiнде, сондай-ақ Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзудi болжайтын нормативтiк құқықтық акт қабылданған жағдайда бюджеттi атқару барысында мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға енгiзiледi.»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Алдағы қаржы жылына арналған Бюджеттiк сыныптама жобасын мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 15 мамырына дейiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру үшiн орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдарға жiбередi.»;
      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Бюджеттiк сыныптамада бюджеттiк түсiмдердiң жаңа түрлерiн енгiзудi, қолданыстағы түрлерiн алып тастауды немесе өзгертудi тиiстi нормативтiк құқықтық актi негiзiнде мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзедi.
      28. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк басқару органдарының бюджет түсiмдерiнiң жаңа түрлерiн енгiзу туралы, қолданыстағыларды алып тастау немесе өзгерту туралы тиiстi ұсыныстарының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларына, сондай-ақ осы Ережеде көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн қарайды.
      Қарау нәтижелерi негiзiнде мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы жоба бұйрығын әзiрлейдi, не ұсынысты кейiнге қалдырады.»;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың жаңа әкiмшiлерiн енгізу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту, жергілікті мемлекеттiк басқарудың үлгiлiк құрылымын өзгерткен және (немесе) жылына 1 реттен жиі емес, тиісті аумақта орналасқан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жаңа атқарушы органдардың құрылуына немесе жұмыс істеп тұрғандарының біріктірілуіне, қосылуына, бөлінуіне байланысты тиісті мәслихат бекіткен тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.»;
      33-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сәйкес келген жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жергiлiктi атқарушы органдар ұсыныстарының жиынтық тiзбесiн жасайды және өздерiнiң қорытындыларымен бiрге мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға жiбередi.»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа республикалық және (немесе) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) енгiзу туралы, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту туралы ұсыныстарының олардың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкестiгiн, нормативтiк құқықтық негiздемесiнiң болуын, сондай-ақ осы Ережеде көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн қарайды.
      Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қарау нәтижелерiнiң негiзiнде Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы бұйрық жобасын әзiрлейдi, не ұсыныстарды қабылдамайды.»;
      3637 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының жаңа ерекшелiгiн енгiзудi, қолданыстағыны алып тастау немесе өзгертудi мемлекеттiк органдардың ұсыныстарын ескере отырып мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.
      37. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдардың шығыстардың экономикалық сыныптамасының жаңа ерекшелiгiн енгiзу туралы, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту туралы тиiстi ұсыныстарының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларына, сондай-ақ осы Ережеде көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн қарайды.
      38. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы негiзiнде бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын жасайды және бекiтедi.»;
      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. Бюджеттiк өтiнiммен бiр мезгiлде стратегиялық жоспарларды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджет шығыстарын жоспарлау үшiн мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiнгi мерзiмде бюджеттiк бағдарламалар жобаларын ұсынады.».
      2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Т.М. Савельева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

       Министр                                    Е. Досаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады