Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 131 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 шілдеде 8563 тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жекелеген қаржы ұйымдары жүргізетін операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында № 12 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
      1-бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жалпы ережелер»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Шоттар жоспарының 2-тарауының 1–5-параграфтарында көзделген шоттар ұйымның бухгалтерлік балансында көрсетіледі.
      Шоттар жоспарының 2-тарауының 6 және 7-параграфтарында көзделген шоттар ұйымның пайда және залалдар туралы есебінде көрсетіледі.
      Шоттар жоспарының 2-тарауының 8-параграфында көзделген шоттар баланстан тыс шоттарға жатады және ұйымның шартты және ықтимал талаптары мен міндеттемелерін есепке алуға арналған.
      Шоттар жоспарының 2-тарауының 9-параграфында көзделген шоттар баланстан тыс шоттарға жатады және меморандум шоттары болып табылады. Шоттар жоспарының 2-тарауының 10-параграфында көзделген шоттар баланстан тыс шоттарға жатады және клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерін есепке алуға арналған.»;
      2-бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Шоттар»;
      1-тарауда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-параграф. Қысқа мерзімді активтер»;
      1270 44-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      «1270 45 Сақтанушылардан алынатын мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақысы
      1270 46 Қайта сақтанушылардан алынатын мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақысы»;
      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-параграф. Ұзақ мерзімді активтер»;
      3-тарауда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-параграф. Қысқа мерзімді міндеттемелер»;
      3390 53 «Қосымша резервтер» шотының нөмірі және аты алып тасталсын;
      3390 55 «Көзделмеген тәуекелдер резерві» шотының нөмірі және аты алып тасталсын;
      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-параграф. Ұзақ мерзімді міндеттемелер»;
      5-тарауда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-параграф. Капитал және резервтер»;
      5470 61-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      «5490 40 Көзделмеген тәуекелдер резерві
      5490 41 Тұрақтандыру резерві»;
      5480 «Резервтерді (провизияларды) түзету шоты» шотының нөмірі және аты алып тасталсын;
      6-тарауда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-параграф. Кірістер»;
      6280 44-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
     «6280 45 Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервін төмендетуден кірістер
      6280 46 Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резервін төмендетуден кірістер
      6280 47 Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резервін төмендетуден кірістер
      6280 48 Болмаған залалдар резервін төмендетуден кірістер»;
      7-тарауда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-параграф. Шығыстар»;
      7440 47-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      «7440 48 Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден шығыстар
      7440 49 Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден шығыстар
      7440 50 Болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден шығыстар
      7440 51 Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден шығыстар»;
      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-параграф. Шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер»;
      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-параграф. Меморандум шоттары»;
      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-параграф. Клиенттердің сенімгерлік немесе инвестициялық басқарудағы активтері»;
      3-бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Шоттардың сипаттамасы»;
      11-тарауда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-параграф. Баланстық шоттар»;
      1270 44-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1270 45 және 1270 46-шоттардың нөмірлерімен, аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      «1270 45 «Сақтанушылардан алынатын мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақысы».
      Мақсаты: сақтанушылардан алынатын мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақыларының сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сақтанушылардан алынатын мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақыларының сомасы жүргізіледі.
      Шоттың кредиті бойынша сақтанушылардан алынатын мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақыларының сомаларын есептен шығару жүргізіледі.
      1270 46 «Қайта сақтанушылардан алынатын мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақысы».
      Мақсаты: қайта сақтанушылардан алынатын мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақыларының сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша қайта сақтанушылардан алынатын мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақыларының сомасы жүргізіледі.
      Шоттың кредиті бойынша қайта сақтанушылардан алынатын мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақыларының сомаларын есептен шығару жүргізіледі.»;
      3390 53-шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алып тасталсын;
      3390 55-шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алып тасталсын;
      5470 61-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 5490 40 және 5490 41-шоттардың нөмірлерімен, аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      «5490 40 «Көзделмеген тәуекелдер резерві».
      Мақсаты: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының көзделмеген тәуекелдердің есептелген резервтерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша көзделмеген тәуекелдердің қалыптастырылған резервтерінің сомасы жүргізіледі.
      Шоттың дебеті бойынша көзделмеген тәуекелдердің қалыптастырылған резервтерінің сомаларын олар азайтылған кезде есептен шығару жүргізіледі.
      5490 41 «Тұрақтандыру резерві».
      Мақсаты: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептелген тұрақтандыру резервтерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша қалыптастырылған тұрақтандыру резервтерінің сомасы жүргізіледі.
      Шоттың дебеті бойынша қалыптастырылған тұрақтандыру резервтерінің сомаларын олар азайтылған кезде есептен шығару жүргізіледі.»;
      5480-шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алып тасталсын;
      6280 44-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 6280 45, 6280 46, 6280 47 және 6280 48-шоттардың нөмірлерімен, аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      «6280 45 «Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервін төмендетуден кірістер».
      Мақсаты: еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервін азайтуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервін азайтуға байланысты кірістердің сомасы жүргізіледі.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.
      6280 46 «Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резервін төмендетуден кірістер».
      Мақсаты: болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резервін азайтуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резервін азайтуға байланысты кірістердің сомасы жүргізіледі.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.
      6280 47 «Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резервін төмендетуден кірістер».
      Мақсаты: мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резервін азайтуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резервін азайтуға байланысты кірістердің сомасы жүргізіледі.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.
      6280 48 «Болмаған залалдар резервін төмендетуден кірістер».
      Мақсаты: болмаған залалдар резервін азайтуға байланысты кірістер сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша болмаған залалдар резервін азайтуға байланысты кірістердің сомасы жүргізіледі.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.»;
      7440 47-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 7440 48, 7440 49, 7440 50 және 7440 51-шоттардың нөмірлерімен, аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      «7440 48 «Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден шығыстар».
      Мақсаты: еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін азайтуға байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін азайтуға байланысты шығыстардың сомасы жүргізіледі.
      Шоттың кредиті бойынша шығыстардың сомаларын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.
      7440 49 «Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден шығыстар».
      Мақсаты: болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін азайтуға байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін азайтуға байланысты шығыстардың сомасы жүргізіледі.
      Шоттың кредиті бойынша шығыстардың сомаларын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.
      7440 50 «Болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден шығыстар».
      Мақсаты: болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін азайтуға байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін азайтуға байланысты шығыстардың сомалары жүргізіледі.
      Шоттың кредиті бойынша шығыстардың сомаларын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.
      7440 51 «Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден шығыстар».
      Мақсаты: мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін азайтуға байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін азайтуға байланысты шығыстардың сомасы жүргізіледі.
      Шоттың кредиті бойынша шығыстардың сомаларын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.»;
      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-параграф. Шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер»;
      13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-параграф. Меморандум шоттары»;
      14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-параграф. Клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтері».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Осы қаулының 1-тармағының отыз алтыншы және сексен бесінші абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады