"Ауыл шаруашылығы өсімдігі тұқымының аттестаты, оригиналды, суперэлиталық, элиталық картоп тұқымына аттестаты, ауыл шаруашылығы өсімдігі тұқымының куәлігі және репродукциялық картоп тұқымына куәлігі бланктерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 тамыздағы № 453 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 07 маусымдағы № 15-07/270 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 шілдеде 8564 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ауыл шаруашылығы өсімдігі тұқымының аттестаты, оригиналды, суперэлиталық, элиталық картоп тұқымына аттестаты, ауыл шаруашылығы өсімдігі тұқымының куәлігі және репродукциялық картоп тұқымына куәлігі бланктерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 тамыздағы № 453 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3080 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2005 жылғы 2 желтоқсанда № 160-161 (785) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұқымға арналған құжаттаманың нысандарын бекіту туралы»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса берілген тұқымға арналған құжаттаманың нысандары бекітілсін:»;
      бесінші абзацтағы «бланкілерінің нысандары бекітілсін» деген сөздер алынып тасталсын.
      Қоса беріліп отырған нысан бланкілерінде:
      Оң жақ жоғарғы бұрышындағы тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұқым құжаттамаларының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 тамыздағы № 453 бұйрығымен бекітілген».
      2. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (С.С.Хасенов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                        А. Мамытбеков 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады