Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 140 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 қыркүйекте № 11985 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 234 қаулысымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2017 № 234 (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы Тізбенің 1-қосымшасының 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін реттік нөмірі 65, 67 және 95-жолдарын, Тізбенің 3-қосымшасының реттік нөмірі 45, 47 және 67-жолдарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тізбенің 1-тармағының тоқсан үшінші – тоқсан жетінші абзацтары, Тізбенің 2-тармағының елу алтыншы – алпыс бірінші абзацтары 2015 жылғы 1 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Тізбенің 4-тармағы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Тізбенің 1-қосымшасының реттік нөмірі 86 және 87-жолдары және Тізбенің 3-қосымшасының реттік нөмірі 58 және 59-жолдары 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 140 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. "Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 141 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8594 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 5 қыркүйекте № 133 (2334) жарияланған, 2013 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені № 8, 46-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – банктер) мынадай бағалы қағаздармен:

      "В-"-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе "В2"-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) рейтингісі бар шетел эмитенттерінің облигацияларымен;

      "В-"-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе "В2"-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) рейтингісі не жоғарыда көрсетілген рейтингтік агенттіктердің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигацияларымен сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асырады деп белгіленсін. Осы абзацтың мақсаттары үшін жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының 50 (елу) пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісін иеленетін Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары ретінде танылады;

      "ВВВ-"-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе "Ваа3"-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз рейтингісі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асырады деп белгіленсін.";

      2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын.

  Қазақстан Республикасының
банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесінің
2-қосымшасы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесінің
3-қосымшасы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесінің
4-қосымшасы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады