"Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 227 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 тамызда № 8598 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 187 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 30.06.2014 жылғы № 187 бұйрығымен.

      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды тиімді пайдалану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 6395 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелері, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу ережесінде (бұдан әрі – Ережелер):
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Осы Ереженің 34 және 35-тармақтарында айтылған ҚЭН, сондай-ақ қосымша материалдарды Әкімшілер титулдық бланкіде бірінші басшының немесе оны ауыстыратын тұлғаның немесе бірінші басшының орынбасарының немесе жауапты хатшының қолы қойылған жеке ілеспе хатпен, сондай-ақ электрондық көшірмесін қоса тіркей отырып ұсынады.
      Ілеспе хатта ҚЭН-нің атауы, мәлімделетін сома және Инвестициялардың жүзеге асырылу жылы, қоса берілген құжаттар тізбесі көрсетіледі.
      ҚЭН-нің, сондай-ақ қосымша материалдар, оның ішінде теріске шығарулар, қосымша дәлелдемелердің немесе ҚЭН-ге өзгерістер енгізу туралы ақпараттың әрбір парағына ҚЭН-ді әзірлеуге жауапты Әкімшінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды.
      «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының (бұдан әрі – Қор) еншілес және тәуелді ұйымдары әзірлеген ҚЭН мен техникалық-экономикалық негіздемені мақұлдауды бюджеттік кредит беру бағдарламаларын, бюджеттік инвестициялар бағдарламаларын жоспарлау мен іске асыру, сондай-ақ оларды түзету кезінде Қор Басқармасы жанындағы тиісті Комитет жүзеге асырады. Уәкілетті мемлекеттік органға жолданатын қаржы-экономикалық және техникалық-экономикалық негіздемелердің әрбір парағына осы бағытқа жауапты Қордың басқарма мүшесі, ал оларға қосымша өзге материалдарға – осы бағытқа жауапты Қордың құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды.»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Бюджеттiк комиссияның қарауына ҚЭН түзету мәселелерін шығару тәртібі былайша жүзеге асырылады:
      1) түзетiлген ҚЭН-ді қарауды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган осы Ережеде және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгiленген тәртiпте жүзеге асырады;
      2) iс-шараларды, техникалық-технологиялық шешiмдерді толықтыру және (немесе) өзгерту себебі бойынша ҚЭН түзетiлген жағдайда, Әкiмшi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
      мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары қол қойған салыстырмалы кестелерi қоса берiлген, ҚЭН бойынша iс-шараларға, техникалық-технологиялық шешiмдерге болжанған толықтырулар және (немесе) өзгертулер көрсетiлген, мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның, немесе бірінші басшының орынбасарының - Әкiмшiнің қолы қойылған өтiнiм-хатты;
      ҚЭН-нің бастапқы параметрлері қоса берілген, оң экономикалық қорытынды алған ҚЭН-ді бекiту туралы Әкiмшi бұйрығының көшірмесін (бар болса);
      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 156-бабында белгіленген рәсімдер сақталмай, тиісті бюджетте бекітілген жобаларды қоспағанда, бұрын ұсынылған ҚЭН-ге берілген мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысының көшірмесін;
      бұрын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң қорытындысы алынған сараптамалар қорытындылары және ҚЭН-ді;
      түзетiлген ҚЭН-ің электронды нұсқасын ұсына отырып, түзетiлген ҚЭН түпнұсқасы мен осы Ереженің 19-тармағына сәйкес құжаттарды;
      қажет болған кезде осы Ереженің 20-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      3) бекiтiлген iс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайту немесе қысқарту себебі бойынша ҚЭН түзетiлген жағдайда, Әкiмшi тиісті мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
      мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары қол қойған, салыстырмалы кестелерi қоса берiлген, ҚЭН бойынша iс-шараларға, техникалық-технологиялық шешiмдерге болжанған толықтырулар және (немесе) өзгертулер көрсетiлген, мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның, немесе бірінші басшының орынбасарының - Әкiмшiнің қолы қойылған өтiнiм-хатты ұсынады.
      Бекiтiлген iс-шараларға көзделген шығыстар ұлғайтылған жағдайда:
      қымбаттауға әкелетiн мән-жай және себептердi егжей-тегжейлi көрсетуді;
      бастапқы ҚЭН параметрлерін қоса, оң экономикалық қорытынды алынған ҚЭН-ді бекiту туралы Әкiмшi бұйрығының көшірмесін (бар болса);
      кейiнге қалдыру шартымен бюджетке енгiзiлген жобаларды қоспағанда, бұрын ұсынылған ҚЭН-ге берілген тиісті мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысының көшірмесін;
      мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысын алған кезде бұрын қаралған сараптамалар қорытындылары мен құжаттарды;
      түзетiлген ҚЭН-ің электронды нұсқасын ұсына отырып, түзетiлген ҚЭН түпнұсқасы және осы Ереженің 19-тармағына сәйкес құжаттарды;
      қажет болған кезде осы Ереженің 20-тармағында көрсетілген құжаттарды;
      бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы, сондай-ақ бұзушылықтардың болмауы туралы Үкiмет уәкiлеттiк берген iшкi қаржылық бақылау органының актiсiн қоса алғанда, түсiндiрме жазба қоса беріледі.
      Үкiмет уәкiлеттiк берген iшкi қаржылық бақылау органының актiсi Инвестицияларды iске асыру шеңберiнде бөлiнген барлық бюджет қаражатын қамтуы тиiс.
      Үкiмет уәкiлеттiк берген iшкi қаржылық бақылау органының актiсiне қол қою мерзімінің ескіруі құжаттарды тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілеттік органға ұсынылған күннен бастап 6 айдан кеш болмауы тиiс.»;
      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «51. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негіздемелерін стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, заңды тұлғаның қаржы шығындары мен кірістерін бағалауды жүзеге асырады және кейіннен тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындайды.».
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті (Қ.М. Тұмабаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты ол мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оны алғаш жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Е. Досаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады