Қатысушының жеке меншігіндегі негізгі құралдардың, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу жөніндегі технологиялық жабдықтар мен өзге де материалдық-техникалық құралдардың, сондай-ақ балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құралдардың болуы туралы анықтаманың, балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құралдардың болуы туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2013 жылғы 20 тамыздағы № 250-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 тамызда № 8640 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 18-04/1030 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.11.2015 № 18-04/1030 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысымен бекiтiлген Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекiтiп беру бойынша конкурс өткізу ережесіне және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Келесі:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтінім берушінің жеке меншігіндегі негізгі құралдар, ветеринария саласындағы уәкілетті орган беретін есепке алу нөмірін көрсете отырып, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу жөніндегі технологиялық жабдықтар мен өзге де материалдық-техникалық құралдардың, сондай-ақ балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін техникалық құралдардың болуы туралы анықтама;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құралдардың болуы туралы анықтама нысандары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 574 «Негізгі құралдардың, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу бойынша технологиялық жабдықтардың және өзге де материалдық-техникалық құралдардың, сондай-ақ ағымды мелиорацияны жүргізу және жас шабақтарды құтқару үшін техникалық құралдардың болуы туралы анықтаманың, балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құралдардың болуы туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіліміндегі актінің тіркеу № 6471 тіркелген, (Тиражға шыққан уақыты 25.03.2011 ж) 2011 жылғы № 1 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жарияланғанын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жетекшілік етуші вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр м.а.                                    Е. Нысанбаев

Қазақстан Республикасы     
Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а
2013 жылғы 20 тамыздағы     
№ 250-ө бұйрығына      
1-қосымша           

Нысан

Қатысушының жеке меншігіндегі негізгі құралдардың, балық
ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу
жөніндегі технологиялық жабдықтар мен өзге де
материалдық-техникалық құралдардың, сондай-ақ балық шаруашылығы
мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құралдардың болуы
туралы анықтама

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1.

Балық аулау өнiмiн мұздату, салқындату және сақтауға арналған ыдыстар

тонна


2.

Ветеринария саласындағы уәкілетті органмен берілетін № _____ есептік нөмірлері көрсетілген балық және басқа да су жануарларын терең (түпкілікті) қайта өңдеуге арналған цехтар

тонна/тәулiк


3.

Көліктік (балық аулайтын) флот, оның iшiнде:



1) өздiгiнен жүретiн (стационарлық қозғалтқышы бар), 40 ат күші бар және одан жоғары

бірлік


2) шағын көлемдi, оның iшiнде өздiгiнен жүрмейтiн, аспалы қозғалтқышы бар

бiрлік


4.

Аулау құралдар, оның iшiнде:



1) сүзекi

дана


2) құрма ау, қабада

дана


5.

Көлiктiк флот

бiрлік/тонна


6.

Басқа (көрсету)



      Конкурстық құжаттамамен таныстым.
      Осы анықтамадағы көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
      Толтырылған күні ____________ Өтініш беруші ___________________
                                           (Тегі, аты, әкесінің аты (болған
                                                      жағдайда) немесе ұйымның атауы)
      Мөр орны
      (Болған жағдайда)            қолы ______________

Қазақстан Республикасы     
Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а
2013 жылғы 20 тамыздағы     
№ 250-ө бұйрығына      
2-қосымша           

Нысан

Балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі
құралдардың болуы туралы анықтама

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1.

Көліктік (балық аулайтын) флот

бірлік


2.

Аулау құралдар, оның iшiнде:



1) сүзекi

дана


2) құрма ау, қабада

дана


3.

Көлiктiк флот

бiрлік/тонна


4.

Материалдық-техникалық база

бірлік/дана


5.

Басқа (көрсету)



      Конкурстық құжаттамамен таныстым.
      Осы анықтамадағы көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
      Толтырылған күні ___________ Өтініш беруші ____________________
                                           (Тегі, аты, әкесінің аты (болған
                                                      жағдайда) немесе ұйымның атауы)
      Мөр орны
      (Болған жағдайда)            қолы ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады