Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманың нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 572 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 тамызда № 8643 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 760 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 14.07.2015 № 760 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманың нысаны бекітілсін.
      2. Көліктік бақылау комитеті (Қ.Б. Әбсаттаров):
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және оны МОИП орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрінің   
2013 жылғы 26 шілдедегі    
№ 572 бұйрығына        
қосымша             

Нысаны

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде
мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы
№___ АНЫҚТАМА

____________________________________________________________ берілді
                   (Т.А.Ә.)
Туған күні _________________________________________________________
Білімі______________________________________________________________
Диплом (дипломдау кезінде берілген) №_______________________________
                                        (кім және қашан берген)
____________________________________________________________________
Лауазымы ___________________________________________________________
Аттестаттау хаттамасының №____ және күні ___________________________
Анықтаманың қолданылу мерзімі ______________________________________
Осы анықтаманы Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы берді
____________________________________________________________________

Көліктік бақылау комитеті __________________ __________________
аумақтық органының            басшысы         (қолы) Т.А.Ә.

      М.О.

20__ жылғы «____» _______________
           (күні)     (айы) 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады