"Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы N 40 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 02 тамыздағы № 313 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 тамызда № 8651 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.05.2020 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 22 ақпанда № 5148 тіркелген, 2008 жылы 13 наурыздағы № 38 (1264) "Заң газетінде" жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесінде:

      40-тармақ мынадай мазмұндағы 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлеріне өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін;

      16) "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының оқу бағдарламалары бойынша біліктіліктерін арттырудан өткен бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары мұғалімдерінің біліктілік деңгейі үшін".";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Қосымшаақы мен үстемеақының барлық түрлері ғылыми дәрежесі үшін, түнгі уақыттағы, мерекелік және демалыс күндеріндегі жұмысы үшін, сабақтан тыс жұмыстары үшін, радияциялық қауіпті аумақтарда және экологиялық апат аймақтарында тұрғаны, біліктілік деңгейі үшін төленетін қосымшаақыны қоспағанда, сонымен қатар лауазымдық жалақысынан (лауазымдық қызметақыдан) жүргізіледі.".

      2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрықтың 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың төртінші бөлігін, 2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың бесінші және жетінші бөліктерін қоспағанда, ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жұмағұлов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрі

      ___________ Т. Дүйсенова

      2013 жылғы 2 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады